Өнеркәсіп және өнеркәсіп саясатының теориялық негіздері (Ақтөбе облысы Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы ММ мысалында)


Кіріспе
Жоспар:
1. Өнеркәсіп және өнеркәсіп саясатының теориялық негіздері
1. 1. Өнеркәсіп және оның салалары
1. 2. Өнеркәсіптің халық шаруашылығы дамуындағы рөлі
1. 3. Өнеркәсіп саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру құралдары
2. Ақтөбе облысы бойынша өнеркәсіп саясатын қолдау және жүзеге асыру ерекшелігі
2. 1. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ ұйымдық басқарушылық құрылымы
2. 2. Ақтөбе облысы бойынша өнеркәсіптің қазіргі жағдайы
2. 3. Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері
3. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ 2011-2015 жылдарға арналған даму стратегиясы
Қорытынды
1 бөлім. Өнеркәсіп және өнеркәсіп саясатының теориялық негіздері
1. 1. Өнеркәсіп және оның салалары
Өнеркәсіп - халық шаруашылығының шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш дайындаумен, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал жабдығына, тұтыну заттарына одан әрі өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр станцияларын, т. б. ) біріктіретін аса маңызды саласы. Үлкен екі топтан тұрады, олар: өндіруші өнеркәсібі - мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара және түсті металдардың рудаларын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т. б. ; өңдеуші өнеркәсібі - қара және түсті металдар, прокат, машиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент, басқа да құрылыс материалдарын өндіру, жеңіл және тамақ өнеркәсібі., өнеркәсіптік бұымдарды жөндеу, т. б. Сондай-ақ өндіріс құрал жабдығын өндіретін өнеркәсіп («А» тобы) және тұтыну заттарын өндіретін өнеркәсіп («Б» тобы) салаларына бөлінеді. «А» тобының өнімі еңбек құралдары мен заттарына ажыратылады. Өнеркәсіп - қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың басым бөлігі жасалатын материалдық өндіріс.
Өнеркәсіп құрылымы - оның жеке салалары мен өндірістерінің құрамын, сандық қатынасы және жеке салалары мен өндірістерінің өзара байланыс нысандарын көрсететінін білеміз.
Өнеркәсіптің құрылымы мынадай көптеген маңызды факторлардың әсер етуі арқылы қалыптасады. Оларға:
- инновациялық өнім түрлерін өндіретін жаңа салалардың пайда болуы;
- жалпы өнеркәсіптің және оның салаларының даму қарқынының алдын-ала жоспарлануы;
- өндірісті шоғырландыру, мамандандыру, үйлестіру (қаржы-өнеркәсіптік топтар, арнаулы экономикалық аймақтар жасау, тік интегрленген индустриялық кешендер мен ірі корпорациялар құру, кластерлер, технопарктер, технополистер ұйымдастыру және т. б. ) ;
- өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ететін аймақтық-шарттардың болуы;
- сарқылмайтын шикізаттық ресурстардың болуы;
- Қазақстан өенркәсібінің әлемдік нарықта өз орнын таба білуі;
- өнеркәсіптің жеке сектормен ынтымақтастығы;
- инновациялық және инвестициялық ресурстарды өнеркәсіпте ұтымды пайдалану;
- халықаралық еңбек бөлінісіне қатынасу.
Өнеркәсіптің салалық құрылымында елдің индустриялық даму деңгейі мен оның экономикалық дербестілігі, өнеркәсіптің техникамен жарақтану дәрежесі және экономикадағы жетекші рөлі көрініс табады. Өнеркәсіптің едәуір жетілген түрі белгілі бір дәрежеде өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін сипаттайды. Өнеркәсіптің салалық құрылымының прогрессивтілігі инновациялық жаңалықтардың көптігі және өндірісті ұйымдастыру әдістері және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін жеке салалар мен өндірістердің сандық ара салмағымен сипатталады.
Кен өндіру өнеркәсібі
1 сурет. ҚР Өнеркісібінің құрылымы
1. 2. Өнеркәсіптің халық шаруашылығы дамуындағы рөлі
Мемлекеттердегі қайта құрудың жылдамдығын тежейтін осы фактордың рөлі өте жоғары көтерілді. Барлық социалистік елдердің құрылымы біршама бірдей болды, мұның өзінде қызмет көрсету саласы шамалы болып, өнеркәсіптің үлесі көп болды. Экономикалық өзара көмек кеңесі елдері КСРО-нан шикізат экспортына бейімделіп, әскери-өнеркәсіптік өнімнің өзіндік салмағы қомақты болды. Сөйте тұра КСРО-ның басқа мемлекеттерден айтарлықтай ерекшелігінің бары да байқалды. Басқа социалистік елдер КСРО-ның шикізатын тұтынып, елдің өзі шикізат пен отын өндірсе де отын-шикізат саласының үлесі көп болғандықтан құрылымын өзгерте алмады. ЖІӨ-нің жалпы көлемінің 40%-ға жуығын құрайтын әскери-өнеркәсіп кешені де КСРО-ның халық шаруашылығының құрылымына өте жағымсыз ықпал етті. Отын-энергетика саласының қыруар капиталды қажет етуі, сондай-ақ көлікке жұмсалатын орасан зор шығын да Ресей мен Қазақстанның экономикасы үшін көп жағдайда қайта құрудың мерзімі мен кезектілігін шектейтін құрылымдық факторға айналды. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда аталған екі ел осы фактормен ерекшеленеді.
Жалпы алғанда түбегейлі реформалар басталар алдында Венгрия мен Польша әжептәуір жақсы, ал Ресей, Қазақстан және бұрынғы КСРО-ның аумағында пайда болған басқа елдердің, сондай-ақ Болгария мен Румынияның халі мүшкіл болды. Бұдан кейінгі реформалаудың барысы көрсеткендей соңғы елдер мен Қазақстан кіретін елдер тобында қайта құруға қарама-қайшы және күрделі процестер белең алды.
Қазіргі таңда әлемдік экономикалық дағдарыстың үшінші даму кезеңі туындап, белең алуда. Дағдарыс 2007 жылғы тамызда АҚШ-та басталып, алдымен әлемнің дамыған елдерін, кейін - дамушы елдерді және содан кейін - дамушы елдер мен кедей елдерді де шарпыды. Қазақстан АҚШ-тың ипотекалық дағдарыстың салдарын 2007 жылдың қыркүйегінде сезінді. Осы дағдарысқа американдық ипотекалық кредиттеу жүйесінің күйреуі себеп болды.
Әлемнің көптеген елдерінің үкіметтері дағдарысты еңсеру үшін Д. М. Кейнстің рецептерін пайдаланады. Экономикалық белсенділік инфрақұрылымды дамыту, салықтарды төмендету, салықсыз қаржыландыру сияқты үш бағыт бойынша ынталандырылады. Қазақстанда да осындай жағдай қалыптасты. Барлық осы шаралар 2007 жылғы қарашада қабылданған алғашқы тұрақтандыру жоспарын (оны іске асыруға 550 млрд. теңге, яғни 4, 6 млрд. доллар - еліміздің ЖІӨ-нің 3, 5 пайызы бөлінді) . Жалпы еліміздің экономикасына дағдарысқа қарсы мақсатта 2 трлн 700 млрд. теңге қосымша бағытталды. Дағдарысқа қарсы шаралардың бірінші пакетінде құрылыс индустриясын қолдауға, шағын және орта бизнесті дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға, әкімшілік, салық және мемлекеттік басқарудың бюджеттік саласын қолдауға басымдық берілген. Дағдарысқа қарсы іс-шаралар 2007 жылы қараша мен 2008 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде толықтай іске асырылды. Осының нәтижесінде 2007 жылы экономикалық өсу - 8, 9 пайызды, ал 2008 жылдың қорытындысы бойынша - 3, 2 пайызды құрады, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері орындалды.
Еліміздің келешегі экономиканы жаңғырту мен базалық инфрақұрылымның дамуына байланысты, сол себептен жуық арадағы жылдары мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жоспарланып отыр, Атырау қаласындағы мұнай-химия кешенінің құрылысы жалғастырылды, 2009 жылы Мойнақ ГЭС-тің құрылысы аяқталды, Екібастұз 1-ГРЭС және Екібастұз 2-ГРЭС кеңейту мен қайта жаңарту жалғастырылады, Балқаш ЖЭС құрылысы басталады. Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ магистральдық газ құбырын салу жөніндегі дайындық жұмыстары басталады, Батыс Еуропа - Батыс Қытай транзиттік автокөлік артериясы қайта жаңартылады, электровоз, жолаушы және жүк вагондарын жасау, жол битумының, химия өнеркәсібінің өндірісі ұйымдастырылады.
1. 3. Өнеркәсіп саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру құралдары
Әлемдік кірістің үлкен бөлігі өнеркәсібі жоғары дамыған біраз елдерде - Батыс Еуропа, Солтүстік Америка мемлекеттерінде және Жапонияда өндіріледі. Әлемдік өнеркәсіп өнімінің 40 пайызы осылардың аса ірі индустриялдық елдердің үлесіне тиеді.
Өнеркәсіп саясаты дегеніміз - экономикалық өсуге қарасты болашағы бар деп көрген қандай да бір салаларға ресурстар жұмсауға мемлекеттің ұмтылуы. Бұл дегеніміз басқа салалардан ресурстарды қозғалту болғандықтан өнеркәсіп саясаты әрқашан өнеркәсіптің әлдеқандай салаларын, оның басқа салаларын есебінен дамытуды көздейді. Бұл саясат үшін басты проблема-басымдық салаларды сұрыптау тетігін анықтау, яғни былайғыларының есебінен демеу алатын салаларды іріктеу болып табылады.
Үкіметтен қандай салаларды дамытуды ынталандыру керек және қандай салаларда экономикалық өсу өсу болуы керектігін айыра білу маңызды. Нарықтық экономикада кейбір салалар дами береді, басқалалары нарық заңдарының әсерінен қыспаққа түседі. Озат өнеркәсіп саясатын жасау үшін Үкімет болашақта перспективті деп есептейтін саланы анықтап қана қоюы жеткіліксіз. Шаруашылықтың қандай салалары нарық күштерінің итермелеуі әсерінен жылдамырақ дамуы немесе қысқартылуы қажет екендігі жөніндегі маңызды сұраққа жауап беруге Үкімет әрқашан дайын болуы керек.
АҚШ-та өнекркәсіп саясатын жақтаушылар мына салалардың дамуына Үкімет демеу көрсетуі керек деп есептейді.
- бір жұмысшыға келетін қосымша құны жоғары салалар;
- «байланыстырушы бөлек» рөлін атқаратын салалар;
- болашақта өсу потенциалы бар салалар;
- басқа елдерде басымдық ретінде іріктелген салалар;
Осы бағыттарды қысқаша алып қарайық.
1. Қандай бір салаға қосылған құн дегеніміз осы салада өндірген өнімнің құндық мөлшері мен басқа салалардан алынып пайдаланылатын ресурстар құнының айырмасы болып табылады. Барлық салаларда қосылған құн елдің ұлттық кірісін құрайды. Әртүрлі салаларда бір жұмысшыға келетін қосылған құнның мөлшері әртүрлі. Сондықтан бір жұмысшыға келетін қосылған құны жоғары салаларға қарай ұлттық экономиканың салалық бейінін өзгерту арқылы ел өзінің ұлттық кірісін көбейтуге болады. Жоғары қосылған құнды салалар, қалыпты жағдайда, мысалы, мұнай-химия саласы сияқты көп мөлшерде капитал қажет етеді, ондай салаларда бір жұмысшыға келетін жоғары қосылған құн, тек қана жоғары мөлшердегі капиталдық шығындармен өтеледі.
2. Үкімет экономиканың материалдық-техникалық жабдықтауды қанағаттандыратын салаларға арнайы қолдау жасау керек. Осы көзқарасқа сәйкес аралық өнім өндіретін өнеркәсіпті дамыту, осы өнімдерді пайдаланатын салалардың өсуін ынталандырып, мультипликатор эффектісін жасайды. Мысалы, болат құятын өнеркәсіп үшін жапондықтар беретін инвестициялық жәрдем ақша болатты арзандатты, сөйтіп автомобильдер және кемелер жасайтын өндірістер типтегі болат тұтынатын салалардың дамуына серпіліс береді.
3. Басқа елдер қандай да бір тауарды мысалы, тоқыма өнімі өндірісінде жоғары тиімділікке жетеді, нәтижесінде әлемдік нарықтағы тоқыма өнімінің бағасы түседі деп көрейік. АҚШ салыстырмалы артықшылық өзгеретін болғандық, ресурстарды тоқыма индустриясынан басқа салаларға ауыстыру арқылы Америка бұған бейімделу керек. Оның сыртында, нарық бұл өзгерістерді автоматты түрде жүргізуге ұмтылады, өйткені баға түсуі осыны ынталандырады. Егер американдық экономикадағы нарықтық реттеудің ешқандай ақауы болмаса, онда процессті тоқтату немесе тездету мақсатында мемлекетпен араласудың қажеті болмайды.
Біз өнеркәсіп саясаты мәселелері бойынша қоғамдық пікірталастар барысында әсер ететін критерияларды алып қарадық. Бұл критериялар біршма тартымды екені байқалды, бірақ олар дәлдікпен жасалған экономикалық талдауды көтермейді.
Технология және сыртқы пайда. Нарықтық реттеудің білімге меншік тоқтатудағы қиындықтарға байланысты ақаулар болады. Белгілі саланың фирмасы білім жасап шығарады, оны басқа фирмалар бағасыз пайдалануға болады. Сонда, осы сала шын мәнінде белгідлі қосымша өнім-білімінің соңғы әлеуметтік пайдасын өндіреді, сөйте тұра бұл саланың фирмаларына ешқандай сыйлық әкелмейді. Білімді жасап шығарған фирмаға қарағанда сыртқы болып есептелінетін білімдік өнімді пайдалануын сыртқы пайда дейді.
Жоғары технологиялық салалар қатарына аэроғарышьық өнеркәсіп, компьютерлер мен электроника өнімдерінің өндірістері жатады. Жоғары технологиялық салаларда фирмалар өз ресурстарының біршама бөлігін технологияны жетілдіруге пайдаланады. Бұны зерттеулер мен жасалымдарды тура қаржылау жолымен немесе алғашқы болып жаңа өнімдер өндіру, жаңа технологиялық процесстерді игеру, оларға қажетті шығындарды өтеу арқылы жүзеге асырады.
Сыртқы пайданың қандай пайдасы бар? Жоғары технологияны дамыту үшін берілетін жәрдем ақшаның көлемін өте маңызды эмперикалық сұрауға берілетін жауапқа байланысты. Жоғары технологиялық салаларды басымдық ретінде анықтау үшін техникалық жетістіктер аргументінің қаншалықты сандық мәні бар. Қандай жәрдем ақша жарасымды: 10, 20 ма немесе 100 % ба? Шындығында бұны кез-келген адам біле бермейді. Сыртқы пайданың ерекшелік мәніне байланысты оларды өлшеу қиын, олар нарықтық бағасыз болып табылады.
Егер жоғары технологиялық салалардан туындаған сыртқы пайдалар үлкен болса, бір елдің шеңберінде оларды демеу үшін ынталандыру соншалықты ауыр болмас еді. Бір елдегі біліммен алған пайданың біршама бөлігі басқа елдердің фирмаларына да жетеді. Бір елдің деңгейінде меншіктік құқын мойындау мәселесі жеке фирманың деңгейіндегідей соншалықты өткір қойылмайды, бірақ бұл қандай да ел үшін маңызды болмақ.
2. Ақтөбе облысы бойынша өнеркәсіп саясатын қолдау және жүзеге асыру ерекшелігі
2. 1. «Ақтөбе облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ ұйымдық басқарушылық құрылымы
Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) индустриялдық оның ішінде облыстың өнеркәсіп, ғылыми-техникалық, инновациялық даму сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, сауда қызмет саласында және экономиканың шикізатсыз секторында жеке инвестицияны ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар туғызу саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу жөніндегі функцияларды жүзеге асырушы уәкілетті атқарушы орган болып табылады.
Басқарма өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімі мен әкімдігінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық формасында заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары бар, белгіленген үлгіде бланкілері бар, сондай-ақ заңнамаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Қазынашылық комитеті органдарында шоттары болады.
Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Басқарма туралы ереже және штаттық санының лимиті облыс әкімдігімен белгіленеді.
Басқарманың заңды мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 үй.
Басқарманың толық атауы - «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Басқарманың құрылтайшысы облыс әкімдігі атынан жергілікті атқарушы орган болып табылады. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Мыналар басқарманың негізгі міндеттері болып табылады:
Облыстың кәсіпкерлік, сауда қызметі, индустриалды-инновациялық даму, сыртқы экономикалық және инвестициялық қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру;
облыстағы кәсіпкерлікті дамытудың, сауда қызметінің, индустриалды-инновациялық дамудың, сыртқы экономикалық және инвестициялық қызметтің жағдайына талдау жасау;
облыстың кәсіпкерлік, сауда қызметі, индустриалды-инновациялық даму, сыртқы экономикалық және инвестициялық қызмет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатынасу;
кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламаларын дайындау және жүзеге асыру;
облыстың өнеркәсіп саласындағы технологиялық және ғылыми - техникалық негізгі бағыттарды дайындауға және жүзеге асыруды қамтамасыз етуге қатынасу;
несие, инвестиция және сауда саясатын, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қатынасты жекешелендіру саясатын қалыптасыруға қатынасу;
кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық инфрақұрылымдарын дамытуға және қалыптастыруға қатынасу;
облыс аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін аймаққа тікелей инвестицияларды, отандық және шетелдік ықтимал инвесторларды белсенді тарту, аймаққа инвестицияның тікелей құйылуын кеңейту үшін қолайлы инвестициялық ахуал туғызу, инвесторларға ықпал ету;
инвесторлар іздеуде, облыстың барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарға ықпал ету, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда тікелей сыртқы сауда байланысын белгілеу;
Республиканың облыстарымен, ТМД елдерімен және алыс шетелдермен аймақтың аймақаралық, интеграциялық өзара тиімді байланыстарын дамыту және нығайту, шекаралық ынтымақтастықты жандандыру;
облыстың экспорттық-импорттық әлуетін тиімді пайдалануға, аймақтық тауарөндірушілердің өнімдерін шетке шығару географиясын және өткізу нарығын кеңейтуге ықпал ету;
облыстағы сауда қызметін дамытудағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Басқарма оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz