Химиялық байланыстар және қасиеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік институты

СӨЖ

Тақырыбы: Химиялық байланыстар және қасиеттері.
Орындаған: Рахимжанова Асыл
Тексерген: Хамитова Айтолқын

Арқалық 2018
Химиялық байланыстар және қасиеттері
* Химиялық байланыс туралы жалпы мағлұматтар
* Коваленттік байланыс. Ковалентті байланыстың негізгі қасиеттері
* Иондық байланыс
* Металдық байланыс
* Сутектік байланыс.
Химияның негізгі мәселерінің бірі - химиялық байланыстың табиғаты жөніндегі мәселе. Химиялық қосылыстардың көптүрлілігін, түзілу мәнісін, құрамы мен құрылысын және қасиеттерін білу үшін түрлі элементтердің атомдарының бір-бірімен қосылып, молекула түзілуінің, молекула мен молекуланың қосылуының себебін, яғни химиялық байланыстың табиғатын білу қажет. Химиялық байланыс түзуге валенттілік электрондар қатысады:
s-, p- элементтерінде сыртқы, d- элементтерде сыртқы s- пен қоса ішкі d- қабатшасындағы электрондар.
Химиялық қосылыстарда валенттілік электрондардың орналасу тәртібіне байланысты ковалентті, ионды, металдық байланыстар болады.
Коваленттік байланыс. Молекулалардың атомдардан электрондар жұбы арқылы (бір, екі, үш) түзілуін ковалентті байланыс деп атайды. Бұл байланыс екі түрлі механизм бойынша түзіледі: алмасу механизмі - әр элемент байланысқа өзінің электронын береді, мысалы, сутегі молекуласы түзілуі.
Нx + xН -- Н : Н;
Донорлы-акцепторлық механизм - бір атомның электрон жұбы (донор) ортақ болады, ал екінші атомнан бос (□)орбитал (акцептор) болады:
Н+ + :NH3 -- NH+4
Кез келген химиялық байланыс түзілгенде жүйенің энергиясы төмендейді. Химиялық байланыс түзілгенде атомдардың алғашқы және соңғы күйлерінің энергияларының айырымы байланыс энергиясы деп аталады, оның мәні 125-1050кДжмоль арасында болады. Екі атом ядроларының арасы байланыс ұзындығы деп аталады және d деп белгіленеді. Ортақ электрондар жұбын сызықпен де белгілейді. Байланыстың еселігі артқан сайын байланыс ұзындығы азайып, байланыс энергиясы артады: С - С, С=С, СºС сәйкесінше (нм және кДж) 0,154 және 348; 0,135 және 598; 0,120 және 838. Ковалентті байланыстың қасиеттері: қанығу, бағытталу және поляризациялану. Ковалентті байланыстың қанығуын элемент атомындағы жұптаспаған электрондардың болуымен түсіндіреді. Атомдағы жұптаспаған электрондар санымен не қозған кезде пайда болған жұптаспаған электрондар санымен анықталған валенттілікті спинваленттілік деп атайды. Сонымен, валенттілік - элементтің химиялық байланыс түзе алу қабілеті. Паули принципі бойынша АО-да тек екі электрон ғана бола алады, ал химиялық байланыс түзілгенде электрондар жұптасады, яғни бір ұяшықта тек 2 электрон болады (қанығады).
Молекула ішіндегі атомдардың химиялық байланыстарының бағытталуы - қосылушы атомдардың валенттілік электрондар бұлттарының (орбитальдары) тұйықтасып бірін-бірі қаптау бағыттары. Электрон бұлттарының пішіні әр түрлі болатындықтан, олардың өзара қауышуы әр түрлі әдістермен іске асады. Қауышу әдістеріне байланысты s-, p-, d- байланыстар болады.
Сигма байланыста (σ-) атомдар қосылатын сызық бойымен электрон бұлттары қауышады. Пи байланыс (PI-) атомдар қосылатын сызықтың екі жағынан электрон бұлттары қауышса, түзіледі. Дельта байланыс (δ-) параллель жазықтықта орналасқан d- электрон бұлттарының барлық төрт қалқаншаларының қауышуымен түзіледі. Сонымен, s- орбитальдар тек σ- байланыс, р- электрондар σ- және PI- байланыстар, ал d- орбитальдар σ-, PI-, δ - байланыстар түзеді.
Гибридті байланыстар. Элементтердің көпшілігі химиялық байланыс түзу үшін, энергетикалық күйі әр түрлі электрондарды пайдаланады. Мысалы, Ве, В, С атомдарының негізгі күйі мен қозған күйге көшкендегі сыртқы электрондық қабатының формулалары: Ве ... 2s22p -- Ве* ... 2s12p1 ; В ... 2s22p1 -- В* ...2s12p2; С... 2s22p2 --С* ...2s12p3. Бұл электрондар әр күйде болғандықтан, олардың электрон бұлттары (орбитальдары) да әр түрлі, бірақ бұл жалқы электрондар басқа реакцияласатын атомдардың электрондарымен қосақтасып жаңа орбиталь түзгенде бір-біріне әсерінен алғашқы орбитальдардың пішіні өзгеріп, жаңа, бірақ барлығы бір түрлі орбитальдар түзеді. Осы өзгерісті гибридтелу деп атайды. Гибридтелу нәтижесінде түзілген химиялық байланыс берігірек болады, әр молекуладағы электрон тығыздығы симметриялы орналасқандықтан жалпы энергия ұтымы болады, сондықтан энергетикалық жағынан тиімді. sp- гибридтелу бериллий, мырыш, кадмий, сынап сияқты элементтер галогенидтер түзгенде байқалады, арасындағы бұрыш 180° болады. sp2- гибридтелу бор қосылыстарында болады, байланыстар бір жазықтың бетінде үш жаққа бағытталған, арасындағы бұрышы 120° болады, ал sp3- гибридтелуді СН4молекуласында, түзілетін төрт гибридті бұлт кеңістікте симметриялы түрде орналасып, тетраэдрдың төрт ұшына қарай бағытталады, арасындағы бұрыш 109°-қа тең.
Түзілген молекуланың ішінде ортақ электрон жұбының орналасу симметриясына байланысты ковалентті байланыстың екі түрі: полярлы (полюсті) және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алициклді көмірсутектер
Жоғары молекулалы қосылыстар
Жоғары молекулалық қосылыстар немесе полимерлер
Полимерлер жайлы мәлімет
Биологияны оқытудағы пәнаралық байланыстар
Пептидтік байланыстар
Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстардың қызметтері
Полимерлік гель
Химияның теориялық негіздері. Химияның негізгі түсініктері
Циклопарафиндер (циклоалкандар)
Пәндер