БОШТАЕВ (ПОШТАЕВ) МҰҚЫШ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ МИНИСТРЛІГІ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Орындаған: ПжП-21 ТОБЫНЫҢ СТУДЕНТІ САДЫКОВА А. С

БОШТАЕВ (ПОШТАЕВ) МҰҚЫШ

Қазақ халқының аса күрделі әлеуметтік және қоғамдық-саяси қайшылықтарымен ерекшеленетін кезеңі - XX ғасырдың басы. Рухани азаттық пен демократиялық-ағартушылық идеяларға толы бұл кезеңде, ұлт зиялыларын ойландырған мәселелер елдің елдігін, ұлттың бірлігін, жердің тұтастығын сақтау, қазақ халқын өркениетті елдердің қатарына қосу, ол үшін қазақ елін қалың ұйқыдан оятып, оқу, өнер-білім, іскерлік жолына салу, ең бастысы дербес мемлекет құру еді. Бұл кезеңде халқымыз саяси аренаға ел болашағы, ұлт азаттығы үшін күресе білетін, ұлтық идеяның жаршысы бола білген нағыз жанашырларын шығарды. Ел арасынан өздерінің білімділгімен, табиғи дарынымен, рухани парасатымен суырылып шығып, ұлттық идея үшін күрескендер Алаш азаматтары болды.

Алашым, елім, жерім деп кеткен үлкен жүректі арыстарымыз бен алыптарымыз, елдің тарихы мен мәдениетіне ықпал еткен қайраткерлеріміз, ел қорғаған батырларымыз, ғылым мен еңбек салаларында қозғаушы күш болған дара тұлғаларымыз қаншама. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ұлтымыздың басынан өткен үлкен өзгерістер мен әлеуметтік қозғалыстар ұлт үшін қызмет ететін көптеген тұлғалардың қалыптасуына әсер етті. Міне, осындай кесек тұлғалы азаматтарымыздың бірі - Боштаев Мұқыш.

Мұқыш есімін бүкіл қазақ жұрты біледі деген бекершілік. Қазақ руханиятына сүбелі үлес қосқан алаш арысының өмірін тарихшы, алаштанушы ғалымдар білетіні болмаса, кейінгілердің, жас ұрпақтың хабары жоқтың қасы. Ендеше ұлтына қамқор болған, алаш арысы Мұқыш Боштаевтың өмірін оқырман қауымға таныстыруды да жүзеге асырсақ.

Боштаев (Поштаев) Мұқыш - Алаш қозғалысының қайраткері, белгілі заңгер, журналист, заңгер, журналист. 1897 жылы бұрынғы Семей облысы, Павлодар уезінде дүниеге келген.

Баянауылдан шыққан М. Боштаев Қазан университетінің (енді бір деректе Петербург) заң факультетін бітірген. Уақытша үкімет тұсында Павлодар уезінде сот төрағасы қызметін атқарды. Семей облысы қазақ комитетінің жұмыстарына белсенді түрде ат салысты.

Боштаев Мұқыш - Жалпықазақтық съездердің белсенді мүшесі. Ол 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен тұңғыш Жалпықазақтық съезде М. Боштаев Семей облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына Жүсіпбек Аймауытовпен бірге депутаттыққа кандидат болып ұсынылады. 1917 жылдың 27 сәуірі мен 7 мамыр аралығында өткен Семей облыстық қазақ съезінде облыстық комитеттің мүшесі болып Жүсіпбек Аймауытовпен бірге сайланды.

Мұқыш Боштаев студент кезінен қоғам өміріне белсенді араласты. Ресейде оқыған басқа студенттермен бірге ұлттық «Қазақ» газетінің ашылуына орай редакцияға хат жазады. «Қазақ» газетіне білім беру мәселесі туралы (1915; № 111) мақалалар жариялайды. М. Боштаев студенттерді материалдық тұрғыда қолдайтын «Игілік» атты мәдени-ағарту қоғамын құру жөнінде бастама көтереді. Мақала «Игілік қауымы» деп аталып, газет оқырмандарының ерекше қызығуын туындатты. Біраз уақыттан кейін редакцияға Баянауыл мешітінің имамы Хабиболла Лекеровтан пікір келді, онда «Игілік» қоғамының оригиналды үлгісі ұсынылған.

Ә. Бөкейханов жас заңгердің көрегендігін, оның халыққа білім беруге көмек, талантты жастарды әлеуметтік жағдайына қарамай ағарту ісіне тарту, ерекше мұқтаж адамдарға ақшалай-материалдық жәрдем беруге ұмтылысын атап өтеді.

Жас зиялы азамат М. Боштаев 1916 жыл оқиғаларынан қалыс қалмады. Ол басқа студенттермен бірге тыл жұмысына аттанған қазақ жігіттеріне жәрдем беру қажеттігі туралы «Қазақ» газетіне жариялайды. Тылдағы адамдарға материалдық, заңнамалық және рухани қолдау берген «Земство одағын» ұйымдастыруға ат салысады. Ол туралы Ә. Бөкейхановтың «Мәскеу хаты» мақаласында ерекше айтылған. «Сарыарқа» газетіне де мақалалар жариялаған. М. Боштаев жалпықазақ съездеріне белсене қатысты.

1917 жылы қазан айында «Алаш» партиясы мүшелігіне қабылданады. «Қазақ» газеті 1917 ж. Құрылтай жиналысы депутаттығына кандидаттар тізімін жариялап, М. Боштаевқа келесідей мінездеме береді: «Қазан университетінің түлегі, жас заңгер, уезд комиссары». Бұл мінездемеде М. Боштаев «Алашорданың» Павлодар уездік комитетінің мүшесі болды. Бұл кезеңде М. Боштаев туған жері Баянауылда, Павлодар уезіндегі білім беру ісі туралы мақалалар жариялайды. М. Боштаев жергілікті Алаш комитеттерін, милиция отрядтарын құру, үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруда белсенді жұмыстар жүргізді.

Семей облыстық және қалалық кеңесінің атқару комитетіне 1918 жылы 22 - 23 наурызда болған жиылыста сот ісі бөліміне мүшелікке енгізілген. 1921 жылы дүниеден озды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш қозғалысына қатысқан Кереку өңірінің қайраткерлерінің ұлтшылдығы
Алаш Орда құрылтайы
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы жайлы
Алаш партиясының бағдарламасындағы ерекше мәселелер жайында
Шәкәрім және оның заманы
Алаш арыстарының әдеби және ғылыми мұрасының қазіргі рухани жаңғырудағы маңызы
Алаш орда туралы ақпарат
Съезді облыстық Қазақ комитетінің төрағасы
‘‘Алаш’’ партиясы, оның бағдарламасы.
Алғашқы жалпықазақ съездері және олардың саяси мазмұны.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz