Кәсіпкерлік түсінігі және кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Кәсіпкерлік қызметті басқарудың мәні . . . 5

1. 1 Кәсіпкерлік түсінігі және кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару . . . 5

1. 2 Кәсіпкерлік қызметті басқарудың нысандары (Ақтөбе қалалық әкімшілігінің «Кәсіпкерлік бөлімнің» мысалында) . . . 9

2 Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің даму жағдайын талдау . . . 14

2. 1 Кәсіпкерлік қызметтің даму тенденциясы . . . 14

2. 2 Ақтөбе қаласы бойынша кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері (Ақтөбе қалалық әкімшілігінің «Кәсіпкерлік бөлімнің» мысалында) . . . 19

3 Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау және мемлекеттік реттеу . . . 28

3. 1. Кәсіпкерлікті қолдау және жетілдірудің нормативтік және құқықтық негізі мен мемлекетт мен мемлекеттік бағдарламалар . . . 28

Қорытынды . . . 33

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 34

Қосымшалар . . . ………35

Кіріспе

Бүгінгі Қазақстан өмірінде, кәсіпкерлік күнделікті қиыншылықтар-дың сынағынан өтіп жатса да, орын алған ақиқат. Ол заңмен қорғалады, әрі қарай дами береді. Қаланып алынған тақырыптың өзектілігі анық, өйткені нарықтық экономика кәсіпкерліксіз болмайды. Ол бізде жаңа басталған жағдайда болса да, қоғамдық өндірісте бизнестің жетекші сала болатынына күдік жоқ.

Бизнеске қызығушылық табиғи және ақталған. Біздің алдымызда қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылуда, өзінің жеке ісін құруға ұмтылатын, жаңа жағдайларға бейімделуге ынтасыз, яғни онда өмір сүргісі келетін, ынтасы бар және өзін еркін еңбек қызметінде көрсете алатын адамдар пайда болуда. Бұған қоғамның демократияландырылуы және шаруашылық қызметтері мүмкіндік туғызуда.

Нарықтық экономикаға көшу монополизм мен бәсекелестіктің дамуын меңгеруге бағытталған өндіріс құрылымдарын түпкілікті өзгертуді талап етеді. Әлемдік тәжірибе растағандай, бұл міндетті шешу - әртүрлі меншік түрлеріне негізделген кәсіпкерлікті дамытусыз мүмкін емес.

Бүгінгі күні, атап айтқанда кәсіпкерліктің өндірісті, нарықты, яғни қоғамның тұтас дамуын қозғалысқа келтіретінін көпшілік адамдар түсініп отыр. Ел - кәсіпкерлердің, ал кәсіпкерлер-өздерінің мемлекетінің демеуі арқасында гүлденіп отыр.

Рим заңында «кәсіпкерлік» кәсіп, іс, қызмет әсіресе сауда түрінде қаралды. Кәсіпкер ұғымын қоғамдық құрылысты жүргізетін жалға алушы-адам деп түсінуге болады. Орта ғасырда «кәсіпкер» ұғымы бірнеше мағынада қолданды. Ең алдымен оған сыртқы саудамен айналысатын адамдардың қатысы болды. Еуропа мен Қытай арасындағы сауда дамуын бастап берген жиһанкез Марко Поло осындай кәсіпкерліктің алғашқы қарлығашын ұшырды. Саудагер (кәсіпкер) саяхатқа шығарда көпеспен (банкпен) тауарларды сату шартына қол қойып отырған. Осындай саяхат кезінде кәспкердің дене және адамгершілік сынақтарды басынан өткізуіне қарамастан, саяхат аяқталғаннан кейін саудагер өз табысының 75 пайызын көпеске (банкке) беруге мәжбүр болған. Сол сияқты кәсіпкерлер шерулердің, жәрмеңкелердің және көріністердің ұйымдастырылуына қатысқан. Одан басқа бұл ұғым ірі өндірістік және құрылыс жобаларының басшыларына қолданғанда пайдаланылған. Осы сияқты жобаның басшысы ешбір қауіп қатерсіз жұмыс істеген, ол тек оның пайдалануына берілген қаржы, материалдық және сауда қорларын қолдана отырып барлық жұмыстың ұйымдастырылуына басшылық жасаған. «Кәсіпкерлік тәуекел» ұғымы өз бастауын XVII ғасырда, мемлекетпен жұмыс істеуге немесе нақты өнімді жеткізуге шарт жасасқан адамды - кәсіпкер деп атағаннан басталады. Шарттың бағасы туралы ерте сөз болғандықтан, табыс пен шығындардың көлемі кәсіпкерлердің өздерінің сәттілігіне байланысты болды.

Экономикалық әдебиетте «кәсіпкер» ұғымы бірінші рет 1723 ж. Парижде басылып шыққан коммерцияның жалпы сөздігінде пайда болды, онда «кәсіпкер» деп өзіне «объектіні іске қосуға немесе салуға міндеттеме» алатын адам есептелінген.

«Кәсіпкер» ұғымы ғылыми термин ретінде XVIII ғасырдың басында атақты ағылшын экономисі Ричард Кантильоннің жұмысында жарық көрді. Ол кәсіпкерліктің бірінші тұжырымдамасын әзірледі, ал кәсіпкер деп қауіп қатер жағдайында іс жүргізетін адамды атаған, осыған байланысты саудагерлер, фермерлер, кәсіпшілер және басқа шағын жеке меншік иелері тауарды нақты бағамен сатып алып, белгісіз бағамен сатып отырған.

1 Кәсіпкерлік қызметті басқарудың мәні

1. 1 Кәсіпкерлік түсінігі және кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару

Кәсіпкерлік (бизнес) адамдардың арасындағы іскерлік қатынасты, нақтырақ айтатын болсақ, іске қатысушылардың арасындағы қатынасты сипаттайды. Қандай-да бір іспен шұғылданатын адам, іскер адам бизнесмен болып табылады. Адам айналыса алатын кез келген іс - іс ұғымына жатпайды, ол оның экономикалық қызметі деп түсіну керек.

Бизнес өзін материалдық игілікті өндіретін және қызмет көрсететін шаруашылық қызметі ретінде ұсынады. Бизнесмен істі жүзеге асыру кезінде пайда табу сияқты өзімшілдік мүддені көздейді.

Кәсіпкерлер-іскерлік әлеміндегі коммерциялық мүмкіншіліктерді көре білетін, қажетті капиталды алуға қабілеті бар, сәйкес операцияны жүргізе білетін, жетістікке және олқылыққа жауапкершілікті өзіне ала отырып, тәуекелге даяр бола алатын адамдар.

Бұл батыл және жақсы жаңа идеяларды жүзеге асыру, толық немесе жартылай қандай да бір материалдық құндылықтарға ие бола отырып, бизнесті ұйымдастыру үшін пайдалана алатын, жігерлі және ынталы адамның парасатты және іскерлі белсенділігі.

Кәсіпкерлік - кіріс әкелетін, кез келген дербес іс.

Кәсіпкерліктің мәні оның қағидаларында жақсы білінеді: адамға бейімделу, сатып алушыға ықыласпен қызмет істеу, фирмада мәдениетті ортаны, жолдастық көңілді, өзара сыйластықты тудыру және демеу, үнемі алға шығуға ұмтылыс.

Кәсіпкерлік нақтылы әлеуметтік-экономикалық ортада, макродеңгейде жүзеге асырылады, және ол осы ортадан шыққаннан кейін оны есепке алады әрі оған икемделеді.

Кәсіпкерлік - жаңа тауардың өндірісі болса да, қызмет түрін немесе жаңа кәсіпорынның негізін ауыстырса да, міндетті түрде инновациялық кездің барлығымен сипатталады. Өндірістің, сапаның, өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін ұйымдастырудың немесе жаңа технологиялардың жаңа басқару жүйесі-бұл да инновациялық сәтке жатады.

Кәсіпкерлік белсенділігінің негізгі субьектісі кәсіпкер болады. Бірақ та кәсіпкер жалғыз субьект емес, кез келген жағдайда оның негізгі контрагенті - тұтынушымен, сол сияқты әртүрлі жағдайларда көмекші немесе қарсылас ретінде араласатын мемлекетпен өзара әрекеттесуге мәжбүр болады. Сол сияқты тұтынушы да, мемлекет те, жалдамалы жұмысшы (егер, әлбетте, кәсіпкер жалғыз жұмыс істемесе) және бизнес бойынша серіктес (егер өндіріс қоғамдық байланыстан оқшауланған сипаттамада болса) сияқты кәсіпкерлік белсенділігі субъектісінің категориясына жатады.

Кәсіпкер мен тұтынушының өзара қарым-қатынасында кәсіпкер белсенді субъект категориясына жатады да, ал тұтынушыға алдымен енжарлық рөл бейімдеу. Осы өзара қарым-қатынастың екі жағын талдағанда тұтынушы кәсіпкерлік үдерістің индикаторы рөлін атқарады. Ол түсінікті, сондықтан кәсіпкер қызметі заттарының барлығы тұтынушының позитивті сараптама бағасының жағдайында ғана сатылуға құқығы болады. Мұндай бағалауды тұтынушы жүзеге асырады және оның қандай да болсын тауарды сатып алуына даярлығын білдіреді. Кәсіпкер өз жұмысын жоспарлағанда және ұйымдастырғанда қалай да болсын тұтынушының бағалауына, көңіліне, тілегіне, қызығушылығына, үмітіне елемеушілік жасай алмайды.

Сонымен, тұтынушыны «жеңіп алу», өз тұтынушыларыңның тобын жасап алу- кәсіпкердің мақсаты.

Кәсіпкердің тұтынушыға әсер етуінің негізгі амалдары болып мына факторлар саналады:

1. тауардың жаңалығы және оның тұтынушының қызығушылығына сәйкестігі;

2. сапасы;

3. бағасы, тауардың алуға жеңілдігі;

4. тауардың жан-жақтылық дәрежесі;

5. сыртқы түрі мен оралуы;

6. тауардың басқа өндірушілердің тауарларынан позитивтік ерекше сипаттамасы және тұтынушының осы ерекшеліктермен таныса алатын мүмкіншілігі;

7. сатып алғаннан кейін сервис қызметін пайдалану мүмкіншілігі;

8. жалпы қабылданған және мемлекеттік стандарттарға сәйкестігі;

9. тауар жарнамасының мәртебесі мен көз тартуы және т. б. ;

Қаралған мәселеден істеуге болатын тұжырым мынаған келіп саяды: егер қоғамдық өндіріс тұрғысынан атап айтқанда - кәсіпкер субьект рөлінде шығатын болса, кәсіпкерлік үдерістің, оның мазмұны мен тиімділігі тұрғысынан атап айтқанда белсенді рөлді тұтынушы атқарады, және кәсіпкер бұл фактіге елемеушілік көрсете алмайды.

Нарықтық жағдайда кәсіпкерден шеберлікті, тіпті икемділікті, басқа кәсіпкерлермен одақтасып іс-қимыл жасауды және кәсіпкер өз қызметінің бағытын өзгерте алатындай, үнемі өте тиімді серіктестік байланысты іздеуді керек етеді.

Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше нысаны ретінде экономиканың мемлекеттік және жеке секторында да жүзеге аса алады. Осыған сәйкес мынадай түрлерін айырады:

а) мемлекеттік кәсіпкерлік;

б) жеке кәсіпкерлік;

Кәсіпкерлік қызметтің мазмұнына байланысты және қайта өндіру үдерісінің негізгі кезеңдеріне сәйкес кәсіпкерліктің өндірістік, коммерциялық, қаржылық, делдалдық, сақтандырушылық түрлері бар.

Егер, кәсіпкер өзі еңбек құралы мен мазмұны факторының ретінде пайдаланып, өнімді, тауарларды, қызметті, жұмысты, ақпаратты, рухани құндылықтарды кейін тұтынушыларға сату үшін өнім өндірсе кәсіпкерлік өндірістік деп аталады. Сонымен, кәсіпкерліктің осы түріндегі өндірістің функциясы - негізгі, анықтаушы болып саналады.

Тауарды тікелей өндірумен байланысты кәсіпкерлік қызмет:

1. дәстүрлі сипатта (дәстүрлі кәсіпкерлік) ;

2. инновациялық сипатта (инновациялық кәсіпкерлік қызмет, инновациялық кәсіпкерлік) .

Сонымен, тауарлардың тікелей өндіріс орталығында, кәсіпкерлік дәстүрлі және инновациялық тауарларды өндіру мен әкелуге бейімделе алады. Іс жүзінде, кәсіпкерлік қызмет өзінің кез келген түрінде өзіне инновациялық үдерісті енгізеді. Жоғарыда аталған кәсіпкерлік қызметтің тұрпаттарға бөлінуі, дәстүрлі тауарларды өндіру мен рынокқа әкелу, өндірісті ұйымдастырумен, өндірістің техникалық элементтерімен немесе өндірілетін тауардың сапалық сипаттамаларының өзгеруімен байланысты әлде - бір жаңа әдістемелер мен әдістерді пайдаланып жүргізіледі деген нанымға негізделеді.

Коммерциялық кәсіпкерлікте кәсіпкер басқа тұлғалардан сатып алған даяр тауарларды тұтынушыларға, сатып алушыларға сатып, коммерсант, саудагер рөлінде болады. Мұндай кәсіпкерлікте кіріс, тауарды сатып алған бағадан жоғары бағамен сату жолымен құрылады.

Егер тауар заңды негізде сатып алынса, онда сауда-коммерциялық кәсіпкерлікті алыпсатарлық деп айтудың жөн еместігін және осы негізде айыптауға болмайтындығын ескеру керек. Алыпсатуға, тек қана, сауда ережесін бұзып, заңға қарсылық байқалса ғана қылмыстық алыпсатарлық деп тиым салу туралы айтуға болады.

Сатып алу-сату жұмысы ретінде ақшаны немесе құнды қағаздарды және несиені қолданатын коммерциялық кәсіпкерліктің ерекше түрі - қаржы кәсіпкерлігі.

Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономистісі, Гарворд профессоры Иозиф Шумпетер (1883-1950жж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі эпиграф болып саналады «Кәсіпкер болу - басқаның істегенін істемеу».

Екінші жағынан алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сей (1767-1832жж) былай деген «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».

Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшын экономисі - Ричард Контильон (1650-1758жж) енгізді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам .

Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғым болғанмен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер - ол өнертапқыш. Сондықтанда бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады. Оларды мына түрге бөлуге болады:

1. Масштабы бойынша: шағын, орта, ірі кәсіпкерлік.

2. Кәсіпкерліктің субъектілері бойынша: кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары - жеке тұлғалар, келісімшарт міндеттемелерімен, ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы, яғни ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғам, холдингтер және осыған тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлер бола алады.

Кәсіпкерлік - бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі. Кәсіпкерлікті дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік отанын құру үшін ғана емес, сонымен қатар еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады. Әр бір заттың немесе құбылыстың өзіне тән даму және қалыптасу тарихы бар. Сол тәрізді кәсіпкерліктің даму тарихы талай ғасырларды қамтиды. Дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді. Буржуазиялық саяси экономияда кәсіпкерлік түсінігі XVIII ғасырда пайда болды, сонымен қатар «меншік иесі» деген түсінік алды.
Кәсіпкерліктің даму тарихы 4 бағытта дамыды:

1 - бағыт. Кәсіпкерлікті тәуекелдікпен байланыстырды. Бұл бағыттың негізін салушысы болып француз экономисі - Ричард Контильон болып саналады. Ол мынадай шешімге келеді: «Кәсіпкер болашақтағы мүмкіндіктерді болжап, өзіне табыс табу мақсатында мүмкіндіктерді жүзеге асырады. Сұраныс пен ұсыныс қатынасын ескере отырып, кәсіпкер тауарды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағаға сатады».

2 - бағыт. Ж. Сей мен А. Маршалдың көзқарастарымен байланысты. Олардың ойынша өндірістік факторлардың бірі рационалдық комбинацияны жүзеге асыру және қалыпты кәсіпкерлік табыс табу.

3 - бағыт. Кәсіпкерлік теориясын құрудағы негізгісі мен перспективалық бағыт. Бұл бағыттың негізін салушы Шумпеттер. Егер шаруашылық субъектілері жаңа комбинацияны жүзеге асырмаса, ол кәсіпкер болып саналмайды. Кәсіпкерлік функцияларын мынадай адам ғана жүзеге асыра алады. Егер ол сезімтал, иновациялық өзгерістерге икемді адам болса, жаңалықты таба білетін, оның нәтижесін тиімді қолдана білетін тұлға.

4 - бағыт. Бұл бағыттың негізін салған адамдар П. Дюркер, В. Санто олар кәсіпкерлікті менеджментпен тығыз байланыстырады. Кәсіпкерлік пен менеджмент бірін-бірі толықтырып тұрады және құрамдас бөлігі болып табылады. Менеджмент көбінесе кәсіпорынның қызмет көрсету саласына көп көңіл бөледі және кәсіпкерліктің басқару стилін нығайтады.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін олардың экономикалық ортасын жақсартуға арналған көптеген нақты іс-шараларды қарастыратын, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту тұжырымдамасы жасалды. Өйткені кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін тұжырымдамалы түрде шешу шағын және орта бизнес саласына бағытталған индустриялдық-инновациялық саясатты өңдеп жүзеге асыруда жіберілетін кейбір қателіктердің алдын алуға және жұмыс қарқынын үдетуге көмектеседі. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі іс-шаралар да орта мерзімге арналған нақты даму бағыттарын айқындай түседі.

Аталмыш тұжырымдаманы жасау барысында құқықтық базаның өзара қатынасын және қаржылық-несиелік қолдау шараларын, сонымен қатар кәсіпкерлердің де, мемлекеттің де мүдделері ескерілген аймақтық аспектілермен нақты жобаларды қарастыратын қалыптастырушы, қамтамасыз етуші және қорытындылаушы бөліктерден тұрады (Қосымша 1) .

1. 2 Кәсіпкерлік қызметті басқарудың нысандары (Ақтөбе қалалық әкімшілігінің «Кәсіпкерлік бөлімнің» мысалында)

Қазақстан Республикасының заңнамасы кәсіпорындарды меншік түрлері бойынша топтастыруды ұсынады. Кәсіпорындардың бірнеше ұйым Қазіргі таңда Қазақстанда кәсіпкерлік қарқынды даму үстінде. Бірақ сондада кәсіпкерлік талай-талай қиыншылықтарды бастан кешіруде. Кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтықтык экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күманы жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Біздің көзімізше қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демокртиялануы болып табылады. Нарықтықтық экономикаға өту үшін өндіріс құрылымын түбегейлі түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп, конкуренцияның пайда болуына жол ашады. Біз әлемдік тәжірибені негізге ала отырып бұл мәселені түрлі меншіктің түрлі формалары негізінде құрылған кәсіпкерліксіз шешу мүмкін еместігін айта аламыз. Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында дамып, гүлденеді. Рим құқығында «кәсіпкерлік» ұғымы коммерциялық іс-әрекет, іс ретінде қарастырылды. Кәсіпкер ретінде қоғамдық құрылысты дамытатын арендатор деп есептелінді. Орта ғасырларда «кәсіпкер» ұғымы бірнеше мағынаны берді. Біреулер, сыртқы саудамен айналысатын адамдарды сөйтіп атайды. Бірақ ортағасырлық ұғыммен қазіргі таңның ұғымын салыстыруға келмейтіні хақ. Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлік жаңа даму сатысында. Осы секторларға елеулі үлкен қаражаттар инвестициялануда. Бірақ бұл инвестициялау ассиметриялы болып отыр. Капитал салымдары көбінесе осы сектор бойынша, яғни кіші және орта кәсіпкерлік сферасында сауда саласына және сервиспен шағын және қызмет көрсету бағыттары бойынша жүзеге асырылуда. Оның себебі, шағын және орта бизнестің осы сфераларында инвестициялы ақталу мерзімі қысқалау және бұл сфераларда өтемпаздықты көтеретін айналым қажаттары көп болғандықтан.

Осы кәсіпкерліктің, шағын және орта бизнестің дамуына үлкен үлес қосып отқан аймақтың бірі болып Ақтөбе өңірі болып табылады. Осыған орай Қазақстан Президентінің халыққа жолдауында айрықша айтылып кеткен. Елбасы нарықтық экономиканың арқауы болып табылатын шағын және орта бизнесті дамытуға әркезде де айрықша маңыз беріп келеді. Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында, Елордада өткен одан кейінгі үлкен басқосуларда бұл саланың жаһандық дағдарыс зардаптарына қарсы тұруда шешуші маңызы барын әлденеше мәрте атап көрсетті. Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бағдарламасын сараптады. Осының дұрыстығын Ақтөбе өңірінде атқарылған жұмыстар көрсетіп отыр. Бұған айғақ мысал - индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы шеңберінде атқарылған жұмыстар дер едік. Тек қана кешегі Конституция мерекесі қарсаңында Ақтөбеде жалпы құны 3 млрд. теңге болатын 7 нысан пайдалануға берілді. Осының нәтижесінде 692 жұмыс орны пайда болды.

дастырушылық-құқықты нысандары бөлініп шығады.

Кәсіпкерлік бөлімін Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қала әкімімен лауазымға бекітілетін және лауазымнан босатылатын басшы басқарады (Қосымша 2) .

Бөлім басшысы бөлім жұмысын ұйымдастырады және басшылыққа алады және бөлімге тапсырылған мәселенің орындалуын және олармен өз қызметтерінің жүзеге асырылуын жеке жауапкершілігіне алады .

Кәсіпкерлік бөлім басшысы:

1) бөлім қызметіне басшылық етеді, оны барлық мекемелерде, кәсіп- орындарда және ұйымдарда көрсетеді;

2) өзінің орынбасары мен мамандарының міндеттері мен басқару өкілеттілігін анықтайды;

3) Заңмен бекітілген тәртіпте бөлім қызметкерлерін мадақтайды және оларға сөгіс жариялайды;

4) өкілеттілігі шегінде бұйрықтар шығарады, сілтемелер береді, жұмыс бабының құжаттарына қол қояды;

5) берілген ассигнация шеңберінде штаттық кестелер мен бөлім жұмысы шығындарының сметасын жасақтайды және қала әкімдігіне бекітуге ұсынады;

6) жемқорлыққа қарсы шаралар өткізеді;

7) Заңға сәйкес басқа да басшылықты жүзеге асырады.

Осы бөлімнің лауазымдық бөлінуінен басқа да біліктілікті талап ету шарттары бар. Әкімшілік мемлекеттік лауазымға біліктілік талаптарын жергілікті әкімшілік бекітеді. Осы талаптарға көз жүгіртсек:

Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі бастығының орынбасары.

Негізгі міндеті: Бөлім секторларына басшылық жасау және жұмысты ұйымдастыру.

Білімі: Жоғары мамандырылған

Мамандығы: Экономика мамандығы бойынша

Практикалық тәжірибесі: Кемінде екі жыл мемлекеттік қызметте өтілі немесе шет елдерде кадрларды әзірлеу (бакалавриат) бойынша Республикалық комиссиямен бекітілген, басым мамандықтар бойынша шет елдердің жоғарғы оқу орындарында немесе мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлкеттік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау мелкеттік бағдарламасы бойынша оқуды толығымен аяқтаған жағдайда кемінде бір жыл мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі болуы тиіс, немесе мемлекеттік органдарда басшылық және соған сәйкес лауазымда кемінде бір жыл жұмыс өтілі болуы тиіс, немесе аталмыш категория дәрежесі бойынша нақты функционалдық бағытқа сәйкес, облыстарда кемінде үш жыл жұмыс өтілі болуы тиіс, немесе шет елдерде кадрларды әзірлеу (бакалавриат) бойынша Республикалық комиссиямен бекітілген, басым мамандықтар бойынша шет елдердің жоғарғы оқу орындарында немесе мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлкеттік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау мелкеттік бағдарламасы бойынша (магистратура) оқуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлер одағы қызметiнiң негiзгi бағыттары және проблемалары
Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері
Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
Кәсіпкерлікті қалыптастыру және кәсіпкерді тәрбиелеу нарықтық экономикалық даму негізі
Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы
Қазақстан Республикасында шағын жəне орта бизнестің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz