Ақпараттық мәдениет және цифрлы қазақстан жобасы


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: Әлеуметтану. Саясаттану. Мәдениеттану
Кафедра: Қоғамдық гуманитарлық пәндер
Курс: 1
Тақырыбы: «Ақпараттық мәдениет және "цифрлы қазақстан" жобасы»
Орындау түрі: Кесте әзірлеу
Орындаған: Нұрғали Меруерт
Тобы: 111 «Б»
Тексерген: Айтжанова Жанат Ергалиевна
Ақтөбе 2018 жыл
ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ - ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
Бұл жайында не білеміз?
Елімізде жаңа технологияларды жетік меңгеру үшін қабылданған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бірінші бағыт - ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру. Екінші бағыт - көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда экономиканың салаларына цифрлы технологияны ендіру. Үшіншісі - мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру және төртінші бағыт - IT мамандарды даярлау. Қазақстанда мобильді банкинг, онлайн сауда және цифрлы қызмет түрлерін дамыту қарқын алуда. Алдағы уақытта коммуникацияның дамуына, IT технологияларды жетілдіруге де күш жұмсалмақ. Бұл істе өзге мемлекеттердің табысты тәжірибелерін назарда ұстаған жөн. Елімізде автоматтандыру жүйесі бұрыннан бар екені белгілі. Ал цифрлы технология енді-енді тұрмысқа ене бастады. Қазіргі кезде адамдар жұмысын жеңілдету үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Қызмет көрсету құрылғылары жетілдіріліп, жаңартылу үстінде. Ірі компанияларда, шаруашылықтарда ақылды роботтар жұмыс істей бастады. Бір ғана мысал, қазіргі кезде әртүрлі шаруашылықтарға жаңа технологиялар орнатылуда. Олар уақыт өткен сайын жаңарып, соңғы үлгідегі құрылғылар жұмыс барысында тез әрі сапалы қызмет көрсетіп, сұранысы да артуда. Бір жағынан уақыт та үнемделіп, жұмыс орнындағы адам саны да азайды. Мысалы, ОҚО, «Бөрте-milk» ЖШС-де 360 сауын сиыры бар. Шаруашылықта алты сүт сауушы робот жұмыс атқаруда. Ал дәл осындай сауын сиыры бар Алматы облысындағы «Каримов» ЖШС-де төрт, 540 сауын сиыры бар ШҚО «Лавровка» ЖШС-де 9 робот бар. Бұрын шаруашылықтарда 200 бас сауын сиырын сауып, күту үшін 30 сауыншы, 2 малшы қажет болатын болса, қазіргі кезде бұл жұмыстарды санаулы роботтар жасай алады. Осыдан-ақ жағдайдың қаншалықты өзгергенін аңғаруға болады. Алдағы уақытта төрт-түлік малдың мойынына «чип» енгізілетіні де айтылуда. Оның ерекшелігі, біріншіден, малдың реттік саны, түрі, түсі, жылы, қандай аурумен ауырғаны - барлығы чипте тіркеліп тұрады екен. Ал JPS-ті асыл тұқымды малдарға орнату қолайлы. Себебі, ұрықтанған уақытын білу арқылы төлдейтін мезгілін алдын ала топшылауға мүмкіндік туады. Қандай түрмен будандасқанын біліп, төлінің сапасын анықтай алады. Міне, байқағандарыңыздай, цифрлы технологияның өзін-өзі тез ақтайтын және экономиканы қарқынды дамытудың ең сенімді құралына айналар күн де жақын. Қуантарлығы, жаңа технология арқылы жаңа мүмкіншіліктерге де жол ашылады.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асу жоспарын назарларыңызға ұсынамыз:
- Электронды сауда;
- Шағын және орта бизнес бағытын цифрландыру;
- Мемлекеттік мекемелерді цифрландыру;
- Киберқауіпсіздікті күшейту;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту үшін ақпараттық коммуникациялық технологияларға қолдау білдіру;
- «Ақылды қала» жобасын толыққанды жүзеге асыру;
- Бастауыш және орта білімді цифрландыру;
- IT-startup халықаралық технопаркін құру;
- Медициналық әлеуметттік сақтандыру қорының жүйесін қалыптастыру.
Қазіргі кезде Инновация және даму министрлігі жол метеорологиялық стансасынан мәліметтерді бірыңғай диспетчерлік орталыққа ауыстыруды көздеп отыр. Бұл температураның өзгеруіне, жол жағдайына байланысты жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді. Ауа райы стансасы бейнебақылау камерасымен, сондай-ақ түрлі ескертулерді көрсетіп, ақпарат беретін хабарлама тақталармен жабдықталады. Ол жол бойында ауа-райының қолайсыздығына байланысты «Ескерту!», «Мұз!», «Назар аударыңыз!», «Жауын-шашын!», «Жылдамдық шектеуі!» және өзге де бірнеше хабарламаларды көрсететін болады. Бұл жаңа техниканың арқасында жолшылар мұздақтан және бораған ұйытқыма қардан тазалау үшін қанша арнайы техниканың қажет екенін алдын ала жобалай алады. Ақылы жолдарда бейнекамера тәулік бойы жұмыс істейді. Бұдан бөлек, барлық өңірлерде көліктердің жылдамдығын көрсететін және жылдамдық режимін бұзғандарды анықтайтын қондырғы орнатылған болатын. Иә, шынында да бұл жұмыстардың барлығы жүйелі түрде іске асып жатыр. Интернет желісі қолжетімді болу үшін облыс, аудан орталықтарынан бөлек, шалғайдағы ауылдарға да қолайлы жағдай жасалуда. Мұның барлығы цифрлы технологияны ендіру үшін жасалған қадамдар екені анық. Айналасы бірнеше жылдың ішінде қазақстандықтар неше түрлі ұялы телефонды ұстады. Жыл өткен сайын олардың функциялары өзгеріп, мүмкіндіктері де арта түсті. Алғашқыда тек байланыс құралдары үшін қолданылған телефондар бірте-бірте айфон, айпад, смартфондарға ауысты. Бүгінде ұялы телефоныңыз тек байланыс құралы ғана емес, сонымен қатар интернет желісіне еркін қосылатын компьютер іспетті. Адамдар ұялы телефондарына сан алуан әлеуметтік желілерді жүктеп, қоғамда орын алған оқиғаларға байланысты ой-пікірлерін білдіретін болды. Сондай-ақ ұлттық жерсеріктік OTAU TV теле-радиохабар тарату желісі іске қосылып, отандық арналардың аудиториясы кеңейіп, мүмкіндігі арта түсті. Нәтижесінде, республикамыздың әрбір аймағынан хабар тарататын облыстық телеарналарды еліміздің кез келген өңірінен көруге болады. Бұрын тек Астана мен Алматы сияқты үлкен қалаларда ғана көрсететін арналарды тамашалайтын мүмкіндік туды. Алдағы уақытта қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберіндегі жұмыстар жалғаспақ. Елімізде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлы xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде. Қазіргі таңда жаңа технологиялардың дамып бара жатқаны соншалық, Facebook әлеуметтік желісі арқылы 4 миллионнан аса пост жазылса, Skype арқылы сағатына 100 мың адам сөйлеседі екен. Бұдан басқа, күнделікті өмірде тұтынатын теледидар, тоңазытқыш, кір жуу машинасы мен көлігімізге дейін автоматтандырылды. Компаниялар мен фирмалар көліктерін түгелдей GPS навигаторларымен қамтыды. Бір орында отырып олардың қайда жүргенін, қай бағытпен қозғалғанын, барлығын біліп отырады. Полиция қызметкерлері «радар» детекторлары арқылы автомашиналардың жылдамдықтарын бақылай алады. Ұшақтар мен тепловоздардың технологиясы да айтарлықтай дамытылды. Мұның бәрі жаңа технологияның жетістігі. Жаңа технологиялардың артықшылығы мен тиімділігі өте көп. Мәселен, ғаламтордан тамашалап жүрген ақылды үйлерде бәрі оңай басқарылатынын анық көруге болады. Енді сіз ақылды үйдің ішінде екі алақанды бір-біріне соғу арқылы жарық қосып, теледидарды ауызбен басқару арқылы өшіріп-сөндіре аласыз. Сол сияқты, ас бөлмесі мен жуынатын бөлмеде де осы секілді кереметтерді жасауға мүмкіндік туды.«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІМІЗ КЕРЕК?
«Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл - маңызды кешенді міндет. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дəстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев өзінің биылғы Жолдауында. Осыған орай Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігі «Цифрлы Қазақстан» жобасын қолға алды. Ал бұл жоба туралы біз не білуіміз керек? Жалпы бұл бағдарлама бізге не береді? Бүгін осы тақырыпты ой қорытып көрдік. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының 4 негізгі бағыты бар. Бірінші - ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру. Екінші бағыт - экономиканың салаларына (көлік жəне логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы жəне электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу. Үшіншісі - мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру. Төртінші - IT мамандарды даярлау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz