Төтенше жағдайлар мен тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері: ҚР заңдары мен нормативтік актілері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Төтенше жағдай аймағындағы заңдар актілер мен ҚР ережелері. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері.

Оқу тобы:101-17

Орындаған: Айтмұрза. Ж

Қабылдаған:Сералиева. Ұ

Шымкент 2019

Төтенше жағдай аймағындағы заңдар актілер мен ҚР ережелері. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері.

Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т. б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясында анықталады. Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

1. Табиғи сипаттағы Төтенше жағдай - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын Төтенше жағдай-лар. Рихтер шкаласымен есептелінеді.

2. Техногендік сипаттағы Төтенше жағдай - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдай.

Төтенше жағдай аймағы бұл Төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы Төтенше жағдай таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.

ҚР Үкіметінің құрамына кіретін Төтенше жағдайлар жөніндегі Министірлік сала аралық үйлестіруді, сондай-ақ табиғи және техногендік сипатты ТЖ-ын ескерту мен жою, ҚР Азаматтық қорғанысы, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіп жұмысының қауіпсіз жүргізілуі және тау-кендік бақылау саласында арнайы атқарушы және рұқсат ету міндеттерін жүргізетін орталық атқарушы орган болып табылады.

Министірліктің алдына қойылған басты талаптар:

1. Мемлекет саясатына байланысты табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алуға және салдарын жоюға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізуде реформалар мен құрылымын қайтақұру жұмыстарын жүргізу;

2. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы іс-шараларға кешенді бақылау жүргізу;

3. Өте қауіпті өндіріс салаларындағы қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруға бақылау жасау.

Министірліктің басты міндеттері:

1. Министірлік құзыретінің саласын реттейтін заңнаманың сақталуына бақылау жасау;

2. Мемлекеттік төтенше жағдайларды алдын алу және болжау жұмыстарын атқару және кешенді дамыту;

3. Өз құзыретінің шегінде Азаматтық қорғанысты даярлау және жүргізу мәселесі бойынша шешім қабылдауға;

4. Орталық атқарушы органдарға, жергілікті атқарушы органдарға табиғи және техногендік сипатта ТЖ салдарын ескерту мен жою жөнінде нұсқаулар беруге;

5. Объектілердің жұмысын доғаруға немесе тоқтатуға, адамдардың өміріне қауіп төнгенде немесе төтенше жағдай туындаған кезде көшіру шараларын жүргізуге.

Тіршілік қауіпсіздік негіздері пәнінің мақсаттары мен міндеттері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері: қауіп-қатерлер, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс
Өмір-тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздері мен төтенше жағдайлардағы халықты қорғау
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері: төтенше жағдайлар мен қауіптіліктерді есептеу (Есептік-графикалық жұмыс №1)
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері: заңнамалық-нормативтік негіздер мен азаматтық қорғаныс жүйесі
Өмір-тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздері
Өмір қауіпсіздігінің негіздері: бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс
Тіршіліктің қауіпсіздігі: ҚР нормативтік базасы, табиғи және техногендік төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері: қауіп-қатерлер, экология және төтенше жағдайларды басқару
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері: құқықтық-нормативтік негіздер, азаматтық қорғаныс және алғашқы медициналық көмек
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау: негізгі түсініктер мен нормативтік-құқықтық негіздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz