Жүздердің зерттелуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жүздердің зерттелуі...

Қазақ халқы мен оның этникалық аумағының қалыптасу дәуіріндегі қалыптасқан ірі этноаумақтық тайпалар бірлестіктері - жүздер болды және дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта және Кіші жүз.
Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ,мүмкіндігінше соны зерттеу барысындамыз. Біз көптеген түсініксіз пайымдарға жолықтық. Әрине, бұл жағдай ізденістеріміздің ауырлығын және жауапкершілігінде байқатты.Орта Азия халықтарының арасында жүзге бөлінушілік біздің халқымыздың сипатына тән болғандықтан бұл тақырыпты толыққанды зерттеп қана қоймай, оның нәтижелерін шығарудың рөлі өте жоғары.
Жалпы Еуропа мен Ресейдің тарихи жазба әдебиеттерінде қазақ халқының жүздерге бөлініп орналасқаны туралы мәліметтер сиректеу. Тек, орыс ғалымдарының, саяхатшыларының жазып қалдырған деректерінде көрсетілген. Мысалы орыс дипломаты М.Тевкелев қазақтардың үш жүзге бөлініп жайласқанын жазған. (1) И.Кириллов, П.И.Рычков, В.П.Татищев, И.Г.Георги, А.Левшин және т.б. Ресей ғалымдары көбінде қазақтардың үш жүзге бөлінетінін атап өтумен ғана шектелген. (2) В.В.Вельяминов - Зернов, қазақтың жүздері ХVI ғасырдың екінші жартысында Ақназар ханның тұсында бөлінген десе, (3) В.В.Бартольд үш жүздің пайда болуы - қазақтардың көшпелі шаруашылығының негізінде пайда болғандығын жалпылама айтқан, қазақтың ұлы ғалымы Ш.Ш.Уәлиханов қазақтың жүзге бөлінуі ХV - ХVI ғғ. Моңғол ұлыстарының негізінде шыққанын, бұл жүздердің этностары - қазақ халқы екенін жазған.(4)
Жүз атауы. Жүз араб тілінде біртұтас нәрсенің бөлігі, саласы деген ұғымды береді. Бірақ, жүз энтонимі түрік тілінде кең және тар мәнде қолданыла береді. Адамның беті, келбеті деген сөзге қатысты келбеті келген адамнан кеңес сұра-деген сөз бар, яғни бет жүзі келісті адамның жаман болмайтынын меңзейді. Соған қоса қылыштың, пышақтың жүзі деген сияқты сөздер тұрмыста жиі кездеседі. Осы сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады. Олай болса, жүз сөзінің бір нәрсенің бөлігі деген кең мәнде алып, айқындауымыз қажет. Біздіңше, бұл жерде жүз атауы географиялық ұғым. Түріктер, оның ішінде қазақтар өз жерлерінің табиғи - географиялық ерекшелігіне қарай, бөлек қоныстанған. Оның әр бөлігіне жүз деген атама берген.
Б.з.б. ІІІ ғасырлардағы деректерде Қытайдың батысындағы Гансу мен Шығыс Түркістанның Оңтүстігінде өмір сүрген Кіші жүз атты тайпалардың өмір сүргендігіайтылған, Кейін осы Кіші жүздің күшейіп, осы аталған өлкенің тарихына үлкен үлес қосқаны да тілге тиек етілген.
Кіші жүздің жайлаған жері Гансу (Қытай) мен Шығыс Түркістанның оңтүстігі екенін айта келіп, ғұндар Ұлы жүздерді Шығыс Түркістаннан батысқа қарай қуғанда, олардың қалып қойғандары - Кіші жүз деген мәлімет береді. Бұл айтылған пікір шындыққа сай емес. Негізінде Кіші жүз түріктерінің батыс шекарасы Қара теңіздың солтүстік жағалауынан Батыс Қытайға дейін созылып жатқан. Шығыс Түркістанда Ұлы және Кіші жүздер бірге қоныстанған. Сондықтан Шығыс Түркістан түріктердің ежелгі жерінің бір бөлігі. Сол кездің өзінде Кіші жүзге кірген хундардың (ғұндардың) жері Қаратеңіз солтүстігіне дейінгі ұлан - байтақ кеңістікке орналасқан. Солардың бір бөлігі батыс қытай шекарасына дейін келген. Оларды үйсіндердің қалып қойған бөлігі деудің қисыны жоқ. Өйткені, Қытайлықтар батыс көршілері - түріктердің мекенін жетік біле алмаған. Тек, өздеріне жақын саяси, экономикалық және мәдени байланыста болған түріктер туралы мәліметтер жинаған. Түріктер өз жерлеріне Қытайлықтарды жібермеген.
Қытаймен шекаралас Кіші йузілер Тибет халықтарымен араласып, өзара бауырлас болғаны туралы да деректер кездеседі.Кіші жүз құрамындағы рулар мекендеген тайпалардың ертеден келе жатырғаны даусыз, бұл жөнінде азда болса, деректер бар яғни, Қытай деректеріндегі мәліметтерге қарағанда, антикалық заманда Орталық Азияда мекендеген түріктердің арасында Кіші жүздердің болғанына күмән келтіруге болмайды. Олар сан жағынан да аз болмаған. Кіші жүздердің атты әскерінің саны 10000-нан - 12 000-ға дейін болғанына қарағанда, олардың халқының саны да әжептеуір болғанға ұқсайды. Олар бірде тибеттіктерге, бірде қытайлықтарға көмек беріп тұрғаны айтылған. Соған қарағанда, Кіші жүздер өздерінің жауынгерлігімен ерекшеленгендіктен, көршілері олармен санасып отырғаны байқалады.
Орта жүз туралы антикалық және ертедегі орта ғасырлардағы тарихи деректерде кездеспейтіндіктен, жоғарыда тек Ұлы және Кіші жүздерге тоқталдық. Орта жүз бойынша ертедегі мәліметтерді тек қазақ ауыз әдебиетінде, ру, тайпа шежірелерінде кездеседі. Барлық қазақ халқының генеологиясын үш арыстан таратады: Ақ арыс (Ұлы жүз), Жанарыс (Орта жүз) және Бекарыс (Кіші жүз). Жүздердің жайласған мекендері географиялық тұрғыдан ғана айтылып, Орта жүздің осы күнгі Орталық Қазақстанды мекендегені баяндалады.
Бұл жүз туралы жазба деректер Ресей империясының Қазақстанды отарластыруымен байланысты айтылады. Әсіресе, ХVІІІ ғ. бірінші жартысынан бастап, біздің елімізге келген Ресей дипломаттарының, мен саяхатшыларының жазып қалдырған деректерінде Орта жүздің тарихына қатысты мәліметтерді кездестіреміз. Олардың арасында А.И.Тевкелев өзінің қағазға түсірген деректерінде Орта жүздің ру, тайпаларға бөлініп жайласқан мекендеріне тоқталған. Орта жүз қазақтары алты тайпалардан құрылған: Арғын, Найман, Керей, Уақ, Қоңырат, Қыпшақ (5). Бұл саясаткерден басқа да Ресейден Қазақстанға келген зерттеушілердің еңбектерінде қазақ халқының жүздерге бөлінуі туралы азды - көпті мәліметтерді кездестіреміз. Бірақ олардың қалдырған деректеріне сын көзбен қарап, ой елегінен өткізіп пайдаланған абзал. Өйткені, қазақ халқының жүздерге бөлінулеріне қуатты көршілеріміз - Жоңғар хандығы бастаған Хиуа, Қоқандықтар және Орыс және Қытай патшалықтарының алысты болжаған билеушілерінің ықпалдары аз болмаған. Бұл мәселелер біздің болашақтағы зерттеулерімізге негізгі обьекті болады деген ойдамыз. Ол үшін мұрағат және басқа да зерттеу еңбектеріне нақты сүйенеміз - деп, ойлаймыз. Олар жергілікті халықтың тілін, ділін білмеген, тек көрген - естігендерімен шектеліп, оны қағазға түсіріп қалдырған. Бұндай кемшіліктер олардың басым көпшілігене тән. Солай болса да, осы деректердің құнды тұстарын дұрыс пайдалануымыз қажет.
Енді Орта жүздің шығу тарихы туралы өз пікірімізді ортаға салайық.Орта жүз тарихы Монғол империясының ыдырауынан кейін, жалпы түріктердің өзара енші алысып, жеке -жеке халық болып бөлініп шығуымен байланысты қараған жөн. Қазақтар да өзінің ежелден мекендеген жеріне ие болып, Орталық Азияның қақ ортасындағы ежелгі мекенінде шаңырақ көтерді.
ХІVғ. аяғында қазақтар қара шаңырақтың, кең байтақ үлкен жердің иесі болды. Оны өзінің Отанына айналдырған Қазақстан (Қазақ елі) деген қасиетті атпен келе жатыр. Осындай ұлан -ғайыр жер тек қазақ халқының еншісіне тиген. Басқа бөлініп шыққан қандастарымыздың біреуінде де осындай кең жер жоқ. Түрік әлемінің ең құнды, асыл қасиеттерін, ділін сақтап қалған қазақ халқы. Сондықтан, ертедегі Алты алаш кезінде жүзге бөліну дәстүрін сақтап, Қазақстан жерін табиғи - геогпафиялық ерекшеліктеріне икемделіп, үшке бөлініп тіршілік еткен. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Қазақ халқының этникалық тарихының қалыптасу эволюциясы
Қазақ диалектологиясының зерттелу тарихы
Жүздік құрылым туралы
Қазақ сөзінің этнонимі
Қазақ хандығын үш жүзгебөлу
Қазақтардың этникалық тарихының деректері
Қазақ жүздері
Әл-Фараби
Пәндер