Қазақ халқының этникалық тарихының қалыптасу эволюциясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халқының этникалық тарихының қалыптасу эволюциясы

Автор: Баймағамбетов Ерлан Русланұлы

Этникалық қазақтардың түп тамырларын табу өте күрделі. Сан ғасырлар бойы көптеген тайпалар мен халықтардың тағдыры тоғысып жатқан. Қазақ халқын қалыптастыру үшін келесідей шарттар қажет: Біріншіден - мәдени дамуының белгілі бір деңгейі. Екіншіден - белгілен шекарасы бар аумағы. Үшіншіден - әлеуметтік - этникалық сана қалыптасуы. Төртіншіден - қалыптасқан тілі. Бесіншіден - этникалық өкілдердің көпшілігіне тән белгілі тән көрініс. Алтыншыдан - этникалық топтың негізгі этносаяси немесе тарихи - географиялық ерекшеліктерін көрсететін мемлекеттің атауы. Қазақ халқының пайда болуында екі аспект бар, атап айтсам лингвистикалық және антропологиялық. Екі процес те қарастырылып отырған аумақта қатар дамыды, көбінесе тарихи желі бойымен. Мұндай тәсіл сабақтастық пен сақталып қалған бабалық сипаттарды бақылауға мүмкіндік береді. Алайда, жекелеген тарихи кезеңдерде көлденең бойы даму да белгілі бір рөл атқарды. Ежелгі заманда аумақтың жергілікті тұрғындары ортақ лингвистикалық және антропологиялық негізе ие болғандығы таң қалдырады және қазіргі ұрпақтың генетикалық кластерленуі негізінен лингвистикалыққа сәйкес келеді. Қазақстандағы ежелгі дәуірдегі тайпалардың өмірін зерттеу дәстүрлі түрде қола дәуірінен басталды. Қазақстан аумағында және шекаралас өңірлерде б.з.д. II - I мың жылдық аралағында өмір сүрген тайпалар, тиісінше олардың мәдениеті Андроновтар деп аталады. Андроновтар туралы нақты ақпарат көздері жоқ. Алайда, ғалымдар қазақ этносының нәсілдік - генетикалық дамуының қола дәуірінен бастау алады деп санайды. Бұл қазақтың ұлттық және ежелгі Андронов мәдениеттерінің кейбір ұқсастықтары Қазақстан аумағындағы әртүрлі ғимараттар мен мазарлар түріндегі Андронов мәдениетінің көптеген ескерткіштері сақталған. Ата - бабаларымыздың рухына және отқа сиыну, төрт түлік малды өсіруді және оларды азық - түлікке пайдалануды Андроновтар пен қазақтардың өмір салтының салыстырмалы жақындығын көрсетеді. Қазақтардың кейінгі тайпалармен этногенетикалық байланысы бар: сақтар, ғұндар, үйсін, қаңлы, сармат және т.б. [1]
Ғалымдар қазақ халқының тікелей құрамы түркі этногенезінің бастамасына жатады деп санайды. Кейінгі түркілік кезеңнің экономикалық және мәдени іс - әрекеттерінің үлгілері түркі халықтарына (қазақтар, қырғыз, қарақалпақ, ноғай, алтай, тува, түркмендер) ортақ болды.
Қазақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңі XI ғасырдың екінші жартысы басында Шығыс Дешті - Қыпшақ тұрғындары сияқты, әртүрлі даму сатыларында болатын тайпалардың белгілі бір тобын оқшаулау процесі болып табылады. Бұл оқшаулау процесі тұтастай факторлардың әсіресе, саяси ықпалы болды. Қазақ халқының пайда болу мәселесін қарастырған кезде Қазақстан аумағында мекен еткен ежелгі тайпалардың өмір сүру тарихына үңілген жөн. Алайда, қазақ халқының тікелей ата-бабалары қазіргі Қазақстан аумағында III - II мыңжылдық бұрын мекен еткен тайпалар деп кесіп айтуға болмайды. Дегенмен, халықтың пайда болуы шаруашылық қызметтің дамуына, төл мәдениеттің пайда болуына, тілдің қалыптасуына тікелей байланысты болса, бұл тайпалар қазақ халқының пайда болуына тікелей ықпал еткен болып шығады. Қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта және Кіші жүз. Әдетте, кез келген адамдардың этногенезі монотондылықтың, тайпалық, әлеуметтік бірігудің пайда болуымен аяқталады. Демек, тайпалық және әлеуметтік топтардың бірігуі, аумақтық әлеуметтік немесе этникалық бірлістіктер қауымдастықтарымен аяқталады. Бірақ, қазақ халқы үш жүзге бөлінгенімен бірегей антропологиялық түрі, бірыңғай тілі, мәдениеті, менталитеті оған дүниетанымы бар бірегей этнос - монопация ретінде қалыптасты. Қазақстанда ежелгі, қазіргі халықтың антропологиялық зерттелуі жүйелі өткен жарты ғасыр бойы жүзеге асырылды. Өзіндік бөлімдерден тұрды - антропоскопия, тіс морфологиясы, қан топтар, РТС ( дәм сезіну ), саусақ - алақан терілерінің бедерлері, бас сүйек морфологиясымен ерекшеленетін болды. Зерттеу нәтижесінде, Азия, Америка және Еуропа елдерінің бес халықаралық конгресстерінде, конференцияларында, симпозиумдарынды баяндалынды.
Бүгінгі күнде Орта Азия аумағынды қазақтар олардың ата - бабалары антропологиялық қатынастардың ең зерттелген халықтың қатарына жатады. Қазақ хандығы - күрделі, саяси және идеологиялық күрестің нәтижесінде пайда болды және жүздердің шығуы тегі осы құбылыстарға байланысты. Қазақ халқының этникалық құрылымын қалыптастырудың соңғы кезеңі Қазақстан аумағында моңғолдардың жаулап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелігі Қазақстан тарихы туралы зерттеу
Шежіренің деректік маңызы, орның ерекшелігі
Сирский каганат
Уақыт және тарих
ХАЛЫҚ РУХЫНЫҢ ҚАЙНАРЫ
Антропология ғылымының қалыптасу тарихы
Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер
Алдымен қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары туралы
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы тақырыбы бойынша рефлексия формасындағы эссе
Н. Ә. Назарбаевтың еңбектерінің Қазақстан тарихнамасындағы орны
Пәндер