Оқыту принциптерінің сипаттамасы


Кәсіби лицей сабақтарында оқыту принципін енгізу
Кіріспе
1 Оқу процесінің ғылыми теориялық негіздері
1. 1 Оқыту принциптерінің сипаттамасы 1. 2 Отандық және шетелдік ғалымдар ұсынған оқыту принциптеріне талдау 2. Кәсіби лицей сабақтарындағы оқыту принциптері 2. 1 Кәсіби лицей сабақтарындағы оқыту принциптерінің мазмұны мен ерекшеліктері 2. 3 Кәсіби колледждің сабақтарындағы оқыту принциптерін салыстыру тәжірибесі Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізіміКіріспе
XXI ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ, қазіргі заманда егеменді еліміз, тәуелсіз жеріміздің болашағы өсіп келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануда. Мұғалімдер алдында білім жүйесін заман талабына сай үйлестіре жүргізу және жаңа талаптар қойылуда. Яғни, бұл дегеніміз - мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын құру болып табылады. Өзінің көшбасшылығын көрсете отырып, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп тапсырмаларды түрлендірудің, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қандай тәсілдер арқылы қалыптастыру жолдарын, оқушының өзін-өзі реттей отырып өз жұмысына баға беруін, сабақта сұрақ-жауап әдістерін қолдануды, оқушылардың түсіну дәрежесін тиімді бағалау, сабақ барысында оқушылардың сыни ойлауын дамыту мақсатында тапсырмаларды топтық және жұптық жұмыстар арқылы өрбітудің жолдарын, талантты және дарынды балалардың ойлауын жоғарырақ деңгейде дамыту мақсатында өзінің кәсіби шеберлігін шыңдай отырып тәжірибесіне енгізеді. Оқушының жүрегіне жол табу, әр оқушыға көңіл бөлу, әр оқушыға тапсырманы түрлендіріп берудің жолдарын жаңаша тұрғыдан ойлаудың өзі біздің жаңалыққа бет бұрғандығымыздың айғағы деп айтуға тұрарлық.
Қазақсан Республикасының тәуелсіздігіне орай елімізде жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай, сонымен бірге әлеуметтік - гуманитарлық салада да зор өзгерістер жасалуда. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау - соның айқын айғағы. Соған орай жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру педагогикалық оқу орындарында білім алып жатқан болашақ жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты болатындығы бәрімізге мәлім. Мектепте аса маңызды міндетті шешуде «Дидактиканың» атқаратын қызметі айрықша.
Білімді игерудегі негізгі міндет - оқушылардың машықтануын, сонымен қатар олардың шығармашылық қақабілеттерін, ізденістерін дамыту. Осы мақсатпен білімнің қандай да бір саласында бар қорытындыға және олардың негізінде жаңа ерекше бұйымдарды, жобаларды, т. б. жасауға байланысты шығармашылық сипаттағы жұмыстардың сан алуан түрлері қолданылады.
Әр пәннің сипатына қарай шығармашылық жұмыстар сан алуан бола алады: баяндап жазу, есеп құрастыру және шығару, конструкциялау, тәжірибиелік жұмыстар, т. б. Оқытудың алғашқы жылдары оқу материалдарын игеруге көп көңіл бөлінеді, бірақ бұл үрдісте де оқушылардың шығармашылықпен келуі едәуір орын алады. Балалардың есепті басқа амалдармен шығаруға, мақалаларды өзінше атауға, материалды өзінше баяндауға, суретке жапсыруда, қайсыбір қолдан жасалған бұйымдарды даярлауда өзіндік элементтерді негізуге тырысуларын мақтаудың өзі - мұның бәрі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда оқытудың ықпалын едәуір күшейте түседі.
Оқушылардың абстракциясын, өзіндік ойлау мүмкіндіктерін арттыру жолдарын іздестіру, қарастыру қажет.
Әр тарауға, әр тақырыпқа әр қырымен келуге болады. Бұл дипломдық жұмыста ол мәселелердің бәрін қамту қиын, мүмкін емес. Сондықтан да мұғалімнің сабақ өту барысында дидактикалық принциптерді, ережелерді, әр түрлі дидактикалық ойындарды тиімді қолдануда оқушылардың өзіндік ойлауға қалыптастырудың мүмкіндіктерін қарастырамыз.
Оқушыларды ойлай білуге дағдыландыру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, еліміздің керекті мүшесі болуды саналарына сіңіру, дарынды болуға тәрбиелеу мақсатымен осы зерттеу жұмысымдытаңдадым.
Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын оқыту принциптерін оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.
Зерттеудің нысаны: колледждің оқу процесі.
Зерттеу пәні: кәсіби лицей сабақтарында оқыту принципін енгізу процесі.
Зерттеудің мақсаты: оқыту принциптерін, ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:
- оқу процесінің ғылыми теориялық тұрғыдан негіздеу;
- оқыту принциптеріне сипаттама беру;
- отандық және шетелдік ғалымдар ұсынған оқыту принциптерін талдау;
- кәсіби лицей сабақтарындағы оқыту принциптеріне сипаттама беру
- кәсіби лицей сабақтарындағы оқыту принциптерінің мазмұны мен ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Оқу процесінің ғылыми теориялық негіздері 1. 1 Оқыту принциптерінің сипаттамасы
Оқу үрдісі дегеніміз- білімдік мақсатқа жетудегі мұғалім мен оқушы бірлескен іс- әрекетіндегі ықпалдастық және оның нәтижеге жетуін ұйымдастыру жолдары. Педагогика ғылымын зерттеушілер оқу үрдісіне түрлі- түрлі анықтама бергеніменде, бәрінің тоғысар негізі- оқушының көзқарасын қалыптастырып, қабілетін дамытып, белсенділігін жетілдіріп, оқуға деген ынта ықыласын көтерудегі ыждаһаттылыққа келіп саяды.
Білім берудің жалпы мақсаты тұрғысынан келгенде оқу үрдісінің атқаратын негізгі қызметі- білім беру, дамыту, тәрбиелеу, сонымен қатар оқуға деген ынта- ықыласты жебеп, оны ұйымдастыру. Әрине, мұның бәрі бірлікте қаралатын тұтас құбылыс, алайда білімдендірудің практикалық жолдарын, оқытуды жоспарлаудағы іс- әрекет жүйесін өз алдына қарастырған жөн деп саналады.
Оқыту үрдісіндегі білім берудің атқаратын қызметі оқушының білім, білік, дағдыларын қалыптастырып, ғылым саласындағы заңдар мен теориялардың негіздерін меңгеру болып табылады. Сонда білім- оқушының ғылыми деректі, теорияны, ұғым- түсініктерді қабылдап, есіне сақтап ұғына білуі болса, білік алған білімін, меңгерген, танып- түсінген ұғымын өмір практикасында қолдана алу тәсілі, жолы болып шығады. Ал дағды- алған білім, білігін іс-әрекетке келтіру, ешбір бөгелместен автоматты түрде жүзеге асыру.
Оқыту үрдісіндегі тәрбие болса, оқушының меңгерген білім, білігі барысында оның сезімдік, танымдық көзқарас құндылықтары, тұлғалық болмыс бітімі, мінез- құлқының қалыптасуына ықпалды әсер ете білу. Оқушының оқу үрдісіндегі дамуы- шәкірттің болмыс бітімінің барлық жағынан жетілуі. Саралай айтқанда, тұлғаның психологиялық жағынан өркендеуіндегі ерік қасиеттері, сезімі, қабылдауы, түсінуі, эмоциялық әсерлену шеңбері, сонымен қатар танымдық түйсінуі, іскерлігінің өркендеуі тұрғысынан қаралады. Дамудың жүзеге асуындағы тиімділік- оқыту прнициптеріне және оның әдістері мен тәсілдеріне тікелей байланысты екендігінде [1] .
Оқыту принципі дегеніміз дидактикалық үрдісті жүзеге асыруда басшылыққа алынатын жетекші идея мен оны ұйымдастырудағы қағидалық ұстаным және тиісті деңгейлік мөлшерге қойылатын негізгі заңдылық талаптар. Бұл оқыту үрдісін реттеп, ереже белгілеп, деңгейін айқындауға ортақ жалпылама нұсқау арқылы сипатталады. Оқыту принципі қабылданған дидактикалық тұжырымдамаларға байланысты. Оқыту принциптері ілкі тарауда көрсетілген және осы саладағы оқулықтар мен оқу құралдарында жан- жақты сипатталған. Сондай-ақ орталыққа бағынған кеңестік кезеңдегі оқытып білім берудің бірыңғай жүйесі бойынша жазылған педагогикалық еңбектер мен ғылыми зерттеулерде оқыту принциптерінің қағидалары мен заңдары және оның бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтары әрбір саладан ашылған.
Оқытудағы ғылымилық принципі оқушыға берілетін білімнің мазмұны ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сәйкес деректерді, теорияны, заңдарды қамтырлықтай болуын талап етеді. Бұл принцип оқу бағдарламасында, оқулықтарда және оқылатын басқа материалдарда да көрініс табатын болса, оқыту барысында оларға ғылыми әдістеме мен ғылыми зерттеудің қарапайым жолдарын да білгізу керек.
Оқытудағы жүйелілік пен бірізділік принципі- берілетін білімнің белгілі жүйеге құрылып, оқу үрдісінде меңгерілетін білімнің логикалық жағынан бірізділік тәртібін сақтау талап етіледі.
Көрнекілік принципі - дидактика саласындағы әріден келе жатқан байырғы принциптердің бірі. Көрнекілік адамның тиісті түсінікті қабылдауына, терең сезінуіне әсер етуімен бірге сол мәселені пайымдау жасай білудің арнасын кеңейтеді. Педагогикада дидактиканың “алтын ережесі” деп аталған бұл принцип оқыту үрдісінде оқушының көрнекілікті бақылап, байқап, көріп, қолымен ұстап, танып- білуі олардың ойлануына деген мүмкіндікті арттырады.
Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos - үйретуші, didaskalos- мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұныны, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.
Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.
Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге, педагогикалық озат тәжірибені зерттеп жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты. Дидактика көптеген проблемаларды зерттейді. Солардың ішінде жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі. Бұл жерде оқыту тұжырымдамасына сәйкес кейбір көкейкесті мәселелер қарастырылады [2] .
1. Жалпы және кәсіптік білім беру мазмұнын, оқу жоспарын, бағдарламаларды, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту.
2. Әрбір пән бойынша сабақ берудің сапасын арттыру.
3. Политехникалық білім, еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіптік бағдар беру.
4. Жалпы білім беру мазмұнын ізгілендіру және гуманитарландыру.
Жалпы және кәсіптік білім берудің мақсаты- жастарды жан- жақты дамытып, өмірге, еңбек іс- әрекетіне және кәсіптік орта, жоғары оқу орындарына түсуге даярлау. Білім берудің мазмұны қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оқу бағдарламалары мен оқулықтарға байланысты. Жалпы білім беру мазмұнына оқылатын пәндердің үш негізгі циклдері кіреді: ғылыми жаратылыс, гуманитарлық циклдер, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.
“Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі- оқу пәндері бойынша сабақ беру деңгейін арттыру, оқу пәндерінің негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары барынша айқын баяндалатын болсын, оларда ғылым мен практиканың жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамасыз етілсін, ”- деп мектеп реформасында жазылған.
1. 2 Отандық және шетелдік ғалымдар ұсынған оқыту принциптеріне талдау Жалпы, оқыту заңдылықтары арқылы оқыту процесі іске асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы байланысты дамытудан заңдылық туындайды. Оқыту процесінің заңдылықтары: 1. Қоғам талабы оқытудық мақсат-міндеттерін айқындайды, оның мазмұны, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру нысандарының өзгеруі, жаңаруы заңды процесс. 2. Білім беру, тәрбие, дамыту қызметінің бірлігі. 3. Кез келген ақпарат бірлігі, іс-әрекет тәсілі білім, іскерлікке айналу үшін мұғалім оқушының санасындағы білім, іс-керлік, дағды деңгейіне сүйену керек. 4. Дидактика заңдылықтарының ерекшелігі - оқыту процесінің бөліктері - оқытушы іс-әрекеті (оқыту), оқушы іс-әрекеті (оқу), білім мазмұны арасындағы тұрақты тәуелділіктер. Оқыту оқушының белсенді іс-әрекеті арқылы жүреді. Кез кел-ген оқыту оқытушы мен оқушы және білім мазмұнының мақсатты түрде бір-біріне ықпал етуі арқылы жүзеге асады. 5. Жеке адамды үйрету тек іс-әрекет жасату арқылы мүмкін болады [3] .Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады.
Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.
Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я. А. Коменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі. Дидактиканың ғылыми негізін салды. Оның “Великая дидактика” кітабында (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған.
ΧVII ғ. Швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоций (1746-1827) дамытып оқу принциптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістерінің негізін жасады.
ΧIXғ. Неміс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервек (1790-1966) дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесінде әр түрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті: көрнектілік, еліктіргіштік, жігерлілік, оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру, жақыннан қашыққа, оңайдан күрделілікке көшу.
К. Д. Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамытуына игі әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н. К. Крупская, П. П. Блонский, С. Т. Шацкий т. б. үлкен үлес қосты.
Белгілі педагог ғалымдардың Б. П. Есипов, М. А. Данилов, Л. В. Занков, М. Н. Скаткин т. б. оқыту мәселелері жөніндегі еңбектері жарияланды. Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын дәлелдеді.
Педагогика ғылымының «Дидактика» саласында белгілі қазақ педагог-ғалымдары, ағарту ісінің қайраткерлері ЫбырайАлтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шәрапи Әлжанов т. б. өз уақыттарында шығармашылықпен еңбектеніп, бірсыпыра үлестерін қосты.
И. Г. Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К. Д. Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Дамытып оқу принциптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістерінің негізін жасады.
ΧIXғ. Неміс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервек (1790-1966) дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесінде әр түрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті: көрнектілік, еліктіргіштік, жігерлілік, оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру, жақыннан қашыққа, оңайдан күрделілікке көшу.
Белгілі педагог ғалымдардың Б. П. Есипов, М. А. Данилов, Л. В. Занков, М. Н. Скаткин т. б. оқыту мәселелері жөніндегі еңбектері жарияланды. Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын дәлелдеді.
Ы. Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан. Ол қазақ балаларын оқыту, оларға білім беру жайлы оқыту әдістері мен тәсілдерін зерттеді. Оның ғылыми әдістемелік анықтамасы бойынша оқыту әдістері - бұл балалардың сабаққа, ғылымға өздігімен білім алуға ынталарын арттыратын, сезімін оятатын жол.
Ы. Алтынсарин бірнеше оқу құралдарының солардың ішінде орыс тілін қазақтарға үйрету туралы бастауыш құрал кітабының, мектептер үшін оқу жоспарларының, оқу пәндер бағдарламаларының авторы. Осы оқулықтармен оқу құжаттарын мектептерде ұтымды қолдануда ұйымдастырған алғашқы қазақ педагогы.
1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика ғылымы мен мектептің жетістіктері жинақталып, "принцип" сөзіне анықтама берілді: мақсаты, құралды таңдауға негіз болатын ой.
А. П. Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудық өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудық белгілі бір жас кезеңіндегі оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (оқушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық - қызығушылықтың басты негізі) ; пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін аньщтау. Ол "Оқыту принципін дидактиканың түғырлы ережелері, оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар" - деп тұжырымдалады.
Н. Медынский ұсынған принциптер: ғылым негіздерін жүйелі меңгеру; білімді саналы меңгеру; теорияның тәжірибемен байланысы; тәрбие беретін оқыту; оқыту әдістерінің алуан түрі; жалпы және политехникалық білімі.
В. Е. Гмурман ұсынған принциптер: оқытудық саналылығы және белсенділігі; оқытудық көрнекілігі; оқытудық жүйелілігі; ғылым негіздерін берік меңгеру. Талданған оқытудық принциптері оқушыларға берік, жүйелі білім беруге бағытталды.
Оқыту принциптерін аталған педагогтардан басқа М. А. Данилов, М. Н. Скаткин зерттеді.
Зерттеу қорытындылары бойынша И. П. Подласый, Т. Сабыров, т. б. оқыту принциптерінің шарттарын анықтады [4] .
Ынталандыру принципі бойынша оқушыларға жеке-дара қарауды керек етеді.
Осыған орай В. С. Сухомлинскийдің берген кеңестері мыналар:
1. Балалардың ақыл-ой күштері мен мүмкіндіктері бірдей емес.
2. Оқыту мен тәрбиелеудің барлық заңдарын қолдануға болатын абстрактылы оқушы жоқ: оқушы әрқашан дара, өзінше ерекше.
3. Оқуда барлық мектеп балалары үшін табысқа жетудің бірыңғай алғы шарттары жоқ.
4. Оқу қызметінің берілген сәтінде әр оқушының неге қабілетті екенін анықтаудың маңызы зор.
5. Оның ақыл-ой қабілетін одан әрі қалай дамытуға болатындығын анықтау маңызды.
6. Оқушыдан мүмкін еместі талап етуге болмайды.
7. Бағдарламада қаралған деңгейге әр оқушы қандай жолмен, қандай кідірістермен және қиыншылықтармен келетінін дұрыс анықтап алу керек.
8. Әрбір оқушының ақыл-ой еңбегінде бағдарламаны қалай нақтылы жүзеге асыру керек.
9. Әрбір баланың күші мен мүмкіндігін ашып, оны ақыл-ой еңбегінде қуанышқа кенелту.
10. Қиын балаларға шамасына қарай ақыл-ой жұмыстарын беру.
11. Әрбір оқушының оқудағы және ақыл-ой еңбегіндегі дара сүрлеуін анықтау керек. Осы сүрлеуді және жақсылық жалынының қызуын сақтау.
Жоғарыда айтылған ғалым-педагогтардың дидактикаға байланысты ой - пікірлері, олардың еңбектерінде қарастырылған.
Шетел, Ресей, Қазақстан педагог-ғалымдарының еңбектері дидактикалық проблемаларды шешудің, сонымен бірге кейбір нақты сұрақтардың жауабын анықтаудың негізі. Мәселен, нені оқыту керек, қалай оқыту керек, не үшін оқыту керек деген дидактика сұрақтарына қазіргі заман талаптарына сәйкес жауап берілуі тиіс. Мысалы: Нені оқыту керек? Оқушыларды кең білім шеңберімен қаруландыру, олардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру керек. Сондықтан білім беру мазмұнын мектеп реформасына, жалпы білім беру бағдарламасы талаптарына және жаңашыл мұғалімдердің идеяларына сәйкес ғылым негізінде дәлелдеп, іске асыру қажет.
Қазіргі замангы педагогикада оқыту принциптері оқытудың белгілі өрнектейді және бастапқы ереже есебінде тұсіндіріледі, ол өз кезегінде оқытушы, мұгалімнің қызметін аныктайды, оқушылардың танымдыққызметін көрсетеді. Окыту принципі оқыту стратегиясы мен тактикасын камтамасыз етеді, оқу процесінің кұрылуына, жұмыс істеуіне қажетті құрамдас бөлігі болып табылады.
Оқу-тәрбие процесін интенсификациялау - оқуды күшейту және арттыру, еңбек өнімділігін арттыру оқу процесіне қатысушылардың белсенділігін, даярлығын, салалығын талаптарга лайықтау, оқу процесіне керек кұрал-жабдықтармен камтамасыз ету, арнайы жабдықталған оқу кабинеттерін оқытуға қажет компьютерлермен, окытудың жаңа техникалық құралдарымен қамтамасыз ету. Педагогикалық процесс- оқыту мең тәрбие жұмыстарынық бірлігі. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық жаңаруы білім берудің концептуалдық базасын негіздеуге және айқыңдауға ерекше мәнділік сипат берді. Педагогикалық білім беру тұжырымдамасы(авторлары Т. С. Садықов, Н. Д. Хмель, Қ. Қ. Жанпейісова, С. Қ. Қалиев, А. А. Бейсенбаева, Н. Н. Хан, С. А. Ұзақбаева, А. Н. Ильясова) Қазақстан Республикасында терең қызығушылық тудырды.
Конец формы
Начало формы
Конец формы
Кәсіби оқыту білім берудің негізгі жолы. Кәсіби оқытудың басты мақсаты - білім алушының кәсіби білімділігін арттыру.
Оқу процесі - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін басқа адамдардың меңгеруіне және оны өмірде тиімді етіп қолдануын айтады. Оқу процесін басқару әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Білім беру нәтижесі екі тұрғыдан қарастырылады:
1. Нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын және білім беру стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі. Қазіргі замандағы білім беру стандарттары оқытудың белгілі бір курсын өту үстіндегі адамның тұлғалық сапасына оның білімі мен икемділігіне қойылатын талаптарды қамтиды. Стандарттың мазмұны әлеуметтік мәдени тәжірибенің идеалды формада сақталатынына әлбетте қол жететін көрінісі екені мәлім.
2. Білім беру нәтижесі бұл белгілі бір білім беруші жүйеде оқытудан өткен адамның өзі. Қазіргі жағдайда еңбек нарығында экономиканы қайта құруда жастардың кәсіптік дайындығының кәсіптік шеберлігінң деңгейі, сәттіліктің кепілі бола алады. кәсіптік оқу орнында оқу процесін іске асыру педагогтың саналы іс-әрекет жасау қабілетіне байланысты. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзіреттілігінен шешіледі.
Кәсіптік білім беру жүйесі - бұл кәсіби және жоғары білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары және олардың басқару жүйесі мен қоса жиынтығы. Басқару құрылымы:
• бастауыш кәсіптік білім;
• орта кәсіптік білім;
• жоғары кәсіптік білім;
• қосымша кәсіптік білім.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz