Азаматтық қоғамның құрылымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

Мазмұны

Кіріспе 3
І. Азаматтық қоғамның теориялық негіздері 5
1.1 Азаматтық қоғам тарихы, мазмұны, құрылымы және қағидалары 5
1.2 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы 9
1.3 Қазақстанда азаматтық қоғам институттарын қалыптастырудың құқықтық негіздері 11
ІІ. Құқықтық мемлекеттің теориялық негіздері 15
2.1 Құқықтық мемлекеттің шығу тегі, мазмұны және маңызы 15
2.2 Құқықтық мемлекет: түсінігі, түрлері және белгілері 18
2.3 Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру жолдары 22
ІІІ. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің арақатынасы 26
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 29

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңда азаматтардың іскерлігін қабілеттерін дамыту, әрі қарай жандандыру, азаматтық қоғамды жаңа тұрғыдан қалыптастыру тұрғысында ғана біз Қазақстанды өмір сүру сапасын көтеріп, жоғары, замануи, бәсекеге қабілетті, серпінді мемлекет ретінде дамыта аламыз.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес әзірленді. Аталмыш Жолдауда қазіргі кезеңде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың негізгі процестері талданып, тұжырымдалады. Сонымен бірге азаматтық қоғам мен әлеуметті дамытудың келешекке арналған жолдары мен нақты тетіктері және мақсаттары баяндалған. Бұл тұжырымдаманың айқындайтыны азаматтық бастамаларды іске асыру мүмкіндіктері мен азаматтық қоғам институттарын дамытудың негізгі бағыттары, қағидалары болып табылады. Ондай азаматтық институттардың жұмыс істеуі үшін ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған мақсатты бағдарламалар, заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілер әзірлеу үшін негіз болып келеді [1].
Жалпы,азаматтық қоғамдеп отырғанымыз мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік және экономикалық, сонымен қатар мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Оған қатысушылардың азаматтық және табиғи құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді және айқындайды. Азаматтық қоғамда ешуақытта үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге-аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді. Азаматтық қоғам - мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын тәуелсіз - дербестікте дамыту. Еліміз тәуелсіздікке ие болған күннен бастап, әлемде дамыған елдермен иықтас тұру үшін құқықтық мемлекет идеясын қабылдады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң оны толықтай "құқықтық мемлекет" деп жариялады, ол мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын
құқықты және оның негіздерін қайта құру қажеттігі туды және адамның құқығын қорғау мемлекеттің басты міндетіне айналды.
Құқықтық мемлекет тек әділеттіліктің белгісі ғана емес, сондай-ақ адамның бүкіл өмір сүру барысындағы бостандығы мен теңдігін қорғап, демократияны қалыптастыратын күш болып келеді. Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет болып қалыптасуына байланысты құқықты пән ретінде оқу процесіне енгізу мәселесі де туды. Жалпыға бірдей құқықтық білім беру ісіне көшу, өскелең ұрпақты құқықтық рухта тәрбиелеуде оқу ұжымының
рөлін күшейтуге объективтік мүмкіндік тудырады. Сол себептен құқыққа ерекше мән беру әрбір педагогикалық ұжымның өзекті мәселесіне айналды. Құқықтың қоғамға құқықтық мемлекет қаншалықты қажет екенін ұлы Абайдың: "Егер менің қолымда закон билігі бар адам болсам, адам мінезін құқықпен реттеу мүмкін емес деген кісінің тілін кесер едім" - деген сөзінен де байқауға болады.
Курстық жұмыстың міндеттері:жұмыс мақсатына сай, мынадай міндеттер қарастырылды:
азаматтық қоғам және мемлекет мәнін, түсінігін анықтау;
азаматтық қоғам тарихын, мазмұнын, құрылымын анықтау;
азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуын, азаматтық қоғам институттарын қалыптастырудың құқықтық негіздерін қарастыру;
азаматтық қоғам және мемлекет қағидаларын қарастыру;
құқықтық мемлекеттің шығу тегі, мазмұны мен маңызын айқындау;
құқықтық мемлекет түсінігін, түрлері және белгілерін қарастыру;
елімізде құқықтық мемлекет құру жолдарын анықтау және т.б.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың мақсаты:мемлекет, азаматтық қоғам, сондай-ақ құқықтық мемлекет туралы және оның қалыптасуы, дамуы, жаңа деңгейге көтерілуі бойынша мәліметтер жинақтап, тақырыптың мәні мен мазмұнын ашу.

І. Азаматтық қоғамның теориялық негіздері

1.1 Азаматтық қоғам тарихы, мазмұны, құрылымы және қағидалары

Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, түрлі теориялар мен тұжырымдамалар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері қоғамдағы барлық таптардың, ұлттардың топтардың мүдде мен мақсаттарына қатысты болуы. Бұл мәселе әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болу керек. Кеңес дәуірінде елімізде марксистік мемлекетгік теория тұрғысынан зерттеп, түсініп келдік. Ол кезде қоғам мен мемлекетті таптық тұрғыдан зерттеуге тырыстық, басқа теорияны, басқа бағытты сырып тастап отырдық. Қазір ол теорияларға көзқарас түзелді, дұрысталды. Тарих теориялардың бәрінде аздап болса да шындық және тарихи нақты дәлелдер болады. Сондықтан ол теорияларды білу, дұрыс жағын алу, пайдалану өте қажет. Сол деректерді ескере отырып жүргізілген зерттеудің ғылымға, қоғамға пайдасы мол. Тағы бір ескертетін мәселе азаматтық қоғам деген алғашқы қауымдық қоғамда да, құлиелену формациясында да, феодалдық формацияда да болған жоқ. Себебі ол қоғамдарда азаматтық деген ұғым болған емес. Бұл ұғым тек буржуазиялық қоғамда өмірге келді. Сондықтан біз теорияны тек құқықтық мемлекет туралы қарастырамыз.
Жалпы, адам қоғамы қалай қалыптасты, оның пайда болу себептері қандай болды - бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізгендер ғалымдар қатарына Адам Смит, Давид Рикардо жатқызуға болады, оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылдардың айтуынша - қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес. Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде-мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, әлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. К. Маркс қысқаша: "Қоғам - адамдардың өзара еңбек жасауының одағы", - дейді.
Қоғамдық мүдде-мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті, нақты, объективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы дамуға, нығаюға мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам саналы адамдардың ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бұл бірлік еріксіз, озбырлық түрде ұйымдастырылса, ондай қоғам нәтижесіз тез тарқап кетер еді. Адам қоғамның бірінші - клеткасы. Қоғам адамдардың күрделі әлеуметтік бірлестігі. Бұл бірлестік, бұл қоғам дұрыс, жақсы даму үшін оның ішіндегі қарым-қатынастарды реттеп, басқару керек болды. Оны қоғамның объективтік даму процесінің заңдарына сүйене отырып, адамдар өздері әлеуметтік нормалар арқылы реттеп, басқарып отырады. Сондықтан мемлекет пен құқықпайда болды. "Адамдар өз тарихын өздері жасайды, - деп жазды Маркс, - бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барды, бұрынғыдан қалған мұраны қолдануға мәжбүр болады"
Азаматтық қоғамның тарихи объективтік қалыптасқан негізгі белгілері:
- саналы адамдардың ерікті түрде бірлесіп одақ құруы;
- қоғамдық түпкілікті, нақты, объективтік мүдде мақсаттың
- адамдардың өзара ынтымақтастығының, бірлігінің қалыптасуы;
- қоғамдық мүдде - мақсат, тілек арқылы қарым - қатынастарды реттеп - басқару;
- қоғамды басқаратын, қоғамдық тәртіпті қорғайтын аппараттың, мемлекеттік биліктің өмірге келуі.
Қоғам - саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде өзара бірігуі. Мұнда міндетті түрде екі шартты элемент бар: мүдде-мақсаттың қалыптасуы және саналы адамдардың саналы түрде бірігуі.Адамның объективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым-қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам. Қоғамның басқа түрлері тез құрылып, тез тарап жатады. Олардың өмірі, іс-әрекетінің шеңбері, кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке созылмайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтық қоғамның барлық даму сатылары келтірілген: мемлекетке бағындырмастанәлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайды. Оған: тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті (6-бап-тың 1-тармағы); адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенің (П-бөлім); отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын (27-бап); идеологиялық және саяси әр алуандылықты (5-бап) және тағы басқа жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық-азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде-мақсаты [2].
Азаматтық қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік - экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтык құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге-аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді. Азаматтық қоғам - мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын тәуелсіз - дербестікте дамыту.
Азаматтық қоғамның құрылымы. Қоғамды өзінің табиғи мүдде мен мақсаттарына сәйкес құрушы, реттеп, басқарушы - адам. Адам қоғам құрылымының негізгі элементі - оның діңгегі болып табылады. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет, олардың арақатынастары - азаматтық қоғамның элементтері.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарынан, Парламенттiң қаулыларынан, Парламенттiң Сенаты мен Мәжiлiсiнiң қаулыларынан (заң актiлерiнен), сондай-ақ осы Кодекстiң 1-бабының 1,2-тармақтарында аталған қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларынан тұрады [3].
Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамын бес жүйеге бөлуге болады: әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани-мәдени және ақпараттық жүйелер:
Әлеуметтік жүйе - объективтік тұрғыдан қалыптасқан адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары т.б., олардың өзара байланысы. Бұл жүйе азаматтық қоғамның ең негізгі ұйымдастырушы жүйесі, өзі үш топқа бөлінеді: бірінші тобы - қоғамның үзіліссіз өмір сүру негізін жасаушы, дамытушы топ: отбасы, бала тәрбиелеу, табиғи өмірді жалғастыру; екінші тобы - адамдардың өзара, бір-бірімен байланысы, қатынасы; үшінші тобы-қоғамдық ұйымдардың, таптардың, топтардың, ұлттардың арақатынастары.
Экономикалық жүйе- қоғамдағы меншіктің түрлері, өндіруші күш пен өндірістік қатынастар, материалдық кірісті әділ бөлуді қалыптастыру. Бұл жүйенің құрылым элементтері: жеке, мунициналдық, акционерлік, кооперативтік, мемлекеттік, фермерлік меншіктер мен шаруашылықтар және қоғамдық кірісті, байлықты әділ бөлу.
Саяси жүйе - мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер және жеке адамдар, депутаттар, т.б., олардың ара қатынастары. Оның ішінде ең күрделісі мемлекеттік билікті іскеасырудағы қатынастар. Қатынастардың даму процесінде субъектілерге бостандық берілуге тиіс. Күштеу тек заңдылықты, тәртіпті бұзса ғана қолданылу қажет.Рухани - мәдени жүйесі - осы бағыттағы мемлекеттік, қоғамдық, органдар мен ұйымдар, олардың арақатынастары. Бұл жүйенің негізгі бағыттары: білім, ғылым, мәдениет, рухани сана-сезім, дін, адамдардың денсаулығы.
Ақпараттық жүйе - осы ақпараттық бағыттағы барлық ұйымдар, бірлестіктер, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, олардың жұмыстары мен арақатынастары. Бұл бағытта іс әрекеттерге толық бостандық берілуі қажет.Осы көрсетілген азаматтық қоғам жүйелерінің жақсы, сапалы дамуына зор маңызды үлес қосатын мемлекет пен құқық, қоғамдық ұйымдар мен партиялар және қоғамдағы демократияның жоғары дәрежеде болуы [4].
Азаматтық қоғамның белгі - нысандары:
адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси бостандығы мен құқықтарының қамтамасыз етілуі;
қоғамда бостандықтың, жариялылықтың болуы, ақпараттың жұмысына азаматтардың қатысуы, ішкі-сыртқы байланыстарға қатысуға, жүріп-тұруға толық құқықтарының болуы;
азаматтардың қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер құрып, өз мүдде-мақсаттарын орындауға, іске асыруға және шет елдердің сондай ұйымдарымен байланыс жасауға құқықтарының болуы;
жергілікті өзін-өзі басқаруға толық бостандық болуы, оның жұмысына мемлекеттің араласпауы, қажет болса тиісті көмегін көрсетуі; жергілікті өзін-өзі басқаратын мекеме жергілікті мемлекеттік органмен тығыз байланыста жұмыс жасауы;
азаматтық қоғам - толық бостандық, демократия қалыптасқан қоғам болуы қажет, ол болашақ құқықтық мемлекеттің талаптарын іске асырып, сол мемлекеттің объективтік тұрғыдан негізі болуға тиісті.
Сонымен, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет екеуі қатар дамып, өрескел қайшылықтарды бірлесіп реттеп, қоғамның бейбітшілік, прогрестік жолмен дамуына толық мүмкіншілік жасаулары қажет. Қазақстан Республикасының Конституциясында бұл мәселенің негізгі бағыттары көрсетілген. Оның бірінші бабында азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің ең негізгі қағидалары былай деп жарияланған: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы -- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары". (ҚР Конституциясы. А. 1995. 4 б.) [2].
Азаматтық қоғамның негізгі қағидалары.Азаматтық қоғамды одан әрі дамыту мынадай қағиддаларға негізделеді:
адам мен азаматтың іргелі құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
эволюциялылық және кезеңділік;
қоғамдық өмір салаларында, ең алдымен экономикалық салада, әлемдік дамудың жаһандық үрдістерін ескере отырып қайта құрулармен бірге бағдарланушылық;
заңның үстемділігі, барлығының бөле жармастан заң алдында теңдігі;
мемлекеттің істерін басқаруға және басқа да қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге Қазақстан Республикасының азаматтары мен олардың өкілетті өкілдерінің қатысуы;
елдегі демократиялық процестерге азаматтардың қатысуы үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
азаматтарды демократиялық мәдениет мінез-құлқына тарту;
билік пен қоғамның үндесу мен ынтымақтастық мәдениетіне бейіндігі.
Азаматтардың бірлестіктері мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің ешқайсы да көпшілік билікпен өзара қатынастарда азаматтық бастаманың бүкіл секторының мүддесін қорғай алмайды.

1.2 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы

Қазақстанда алғашқылардың бірі болып экономиканың мемлекеттік емес секторы қызметкерлерінің мүдделерін білдірген тәуелсіз кәсіподақтар пайда бола бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, саяси партиялар белсенді түрде институцияланды. Невада - Семей қоғамдық қозғалысы азаматтық сана-сезімнің анағұрлым жарқын көрінісі болды, ол өз алдына ядролық полигондарды жабу міндетін қойды.
Елдегі азаматтық қоғам мен оның институттарын белгілі бір дәрежеде дамытуға мемлекеттің осы процесс үшін тиісті саяси, құқықтық және өзге де жағдайлар жасау жөніндегі қызметі жәрдем етеді.
1991 жылғы 27 маусымда Қазақ ССР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы Қазақ ССР-інің Заңы қабылданды. Нәтижесінде елде Қазақстанның халық конгресі, Алаш партиялары, Қазақстанның социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның социалистік партиясы, Қазақстанның республикалық партиясы, Лад республикалық славян қозғалысы және Азат Қазақстанның азаматтық қозғалысы, Мемориал қоғамдық-ағарту қоғамының филиалы, Алматы-Хельсин тобы, Бірлік қозғалысы, Әділет тарихи-ағарту қоғамы, Поколение зейнеткерлер қозғалысы және басқалары пайда болды [5].
1990 жылдардың басында Әлеуметтік қорғау коалициясы құрылды, оның аясына қоғамдық өткір проблемаларды талқылау, оларды шоғырланған негізде шешудің тетіктерін іздестіру жолымен еңсеру жөнінде бірлескен жұмыс үшін 28 түрлі ұйымдар, партиялар, қозғалыстар бірікті. 1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік серіктестік жөнінде республикалық үшжақты комиссия құру туралы қаулыға қол қойды, бұл сындарлы үшжақты қатынастарды дамытуға және әлеуметтік серіктестік жүйесін құрудың бастауы болды.Партиялар мен қозғалыстардың құрылуы мен жұмыс істеуі және тиісінше, елдің партиялық жүйесінің одан әрі дамуы үшін құқықтық өріс құруға 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1996 жылы Қазақстан Республикасының Қоғамдық бірлестіктер туралы және Саяси партиялар туралы заңдарының қабылдануы ықпал етті. Бұдан басқа, Қазақстан халықтары Ассамблеясына біріккен ұлттық мәдени орталықтар белсенді дами бастады. Этносаралық келісім елде реформалар жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін іргетасқа айналды.
1990 жылдың аяғы азаматтық институттар қызметінің кәсібиленуімен ерекшеленді, мұның өзі олардың қоғамдық проблемалардың, қажеттіліктер мен мұқтаждықтардың түрлі ауқымын шешу жөніндегі жұмысының тиімділігін көтеруге мүмкіндік берді. Бұқаралық ақпарат құралдарының, баспа кәсіпорындарының мемлекет иелігінен шығу, сондай ақ БАҚ-тың мемлекеттік қаржыландыру мен дотациялау жүйесінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырысқа көшу процесіне байланысты масс-медиа нарығында сапалық өзгерістер болды.
1998 жылғы 7 қазанда ел Парламентінің Қазақстан Республикасының Конституциясына елдің сайлау жүйесіне партиялық тізімдер бойынша сайлау енгізуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуі партиялық құрылыс процестерін жеделдетті. Сөйтіп, 1998 жылғы желтоқсаннан бастап 1999 жылғы тамызды қоса алғанда, Қазақстанның азаматтық партиясы, Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП), Азамат демократиялық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы (ҚАП), Отан республикалық саяси партиясы, Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясы, Руханият партиясы, Алаш Қазақстанның ұлттық партиясы құрылды. Парламентте партиялық фракциялар пайда болды.
1999 жылы іс жүзінде барлық өңірлерде ҮЕҰ ақпарат орталықтары ашылды, олардың басты міндеті өңірлік үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, оларға консультативтік көмек, ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету болды.
2000 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың түрлі топтарының мүдделерін іске асырудағы рөлі күннен-күнге артып келе жатқан үкіметтік емес ұйымдарды дамыту үшін жағдайлар жасау жөнінде Үкіметке алғашқы тапсырмалар берілді.
2000 жылы мемлекеттік билік органдарымен (бұдан әрі - билік) өзара іс-қимыл тетіктерін жасау үшін ҮЕҰ күш-жігерін шоғырландыратын Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының конфедерациясы құрылды.
2000 жылғы желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы Қазақстан Республикасының Заңы атқарушы билік органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің бірлестіктері арасындағы мүдделердің келісілуін қамтамасыз етуді мемлекеттік саясат дәрежесіне көтерді.
2002 жылғы шілдеде қабылданған және күшіне енген Саяси партиялар туралы Қазақстан Республикасының Заңы елдің партиялық жүйесіндегі одан арғы сапалық құрылымдық өзгерістерге алып келді.
2001 жылы Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 жылы - Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау тұжырымдамасы қабылданды.
2003 жылы ел Үкіметі үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003 - 2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті, соған сәйкес облыстық бағдарламалар әзірленді. Сол жылдың өзінде ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші съезіөткізіліп, оған көптеген көрнекті дін қайраткерлері, әртүрлі конфессиялардың өкілдері қатысты, Бейбітшілік пен келісімге декларациясы қабылданып, Бейбітшілік пен тұрақтылық форумы құрылды.
2003 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен бірінші Азаматтық форум өткізілді. Ол үкіметтік емес сектордың саяси танылуын белгіледі және азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының жүйелі тетіктері қалыптасуының бастауы болды. 2005 жылы екінші Азаматтық форум өткізілді, ол елдің қоғамдық өміріне қатысуға бизнес-қауымдастықтардың тартылуына ықпал етті [6].
Орталық және жергілікті деңгейлерде билік - қоғам серіктестігінің ұзақ мерзімді тұрақты тетіктерін және түрлі үндесу алаңқайларын құру жөніндегі жұмыс белсенді жүргізіле бастады. Қорытындысында, 2005 жылғы сәуірде Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, ол билік органдары мен ҮЕҰ-ның өзара қатынастарының принциптік жаңа жүйесінің құрылуына мүмкіндік берді.
2003 - 2005 жылдары бірін бірі алмастыра отырып, азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру және дамыту жөнінде ұсыныстар тұжырымдау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін кеңес пен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Демократия мен азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істеді.
2006 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, оның жұмысына саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысады. Сонымен бірге, қоғамда азаматтық қоғамның одан әрі өсуіне ғана емес, елді әлемдік жаһандану процесіне барған сайын тартып бара жатқан қыр көрсетулерге де байланысты бірқатар проблемалық мәселелер көрініс бере бастады. Олар тұтастай алғанда елдегі азаматтық қоғамды одан әрі үйлесімді дамытуды тежейді, оның әр бөлігі үшін сипаттамалық ерbекшеліктері бар және өз шешімін талап етеді.

1.3 Қазақстанда азаматтық қоғам институттарын қалыптастырудың құқықтық негіздері

Адамдардың объективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым-қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық коғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам және т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам. Қоғамның баска түрлері тез құрылып, тез арада тарап жатады. Олардың өмірі, іс-әрекетінің шеңбері кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке созылмайды.
Адамдар тарихтың объективті заңдарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу адамдардың ол заңдардын күшін қоғамды қайта құру үшін пайдалануына мүмкіншілік береді. Белгілі бір заң әсер ететін жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп, керінісін үдетеді немесе баяулата алады [7].
Азаматтық қоғам - адамзат дамуының нәтижесі, өркениет өнімі. Қоғамтанушы ғалымдар "азаматтық коғам" терминінің шығуын Көне Рим дәуіріне апарып тірейді. Өйткені, римдіктер әлемнің тең жартысын жаулап алып, өз азаматтарына жақсы өмір, қолайлы жағдай жасады. Алайда, Рим империясының құрамында халықтардың бәрі бірдей рим азаматтары болмады, қоғам патрицийлерге, плебейлерге және құлдарға бөлінді. Бірінші топтағылар азаматтық қоғамның жалпыға бірдей құқықтарын, еркіндігін, тәуелсіздігін, жеке меншік игіліктерін пайдаланса, плебейліктер мен құлдарға мұндай мүмкіндіктер берілмеген болатын.
Мұнда, азаматтық қоғамның кейбір элементтері көне дәуірдің бірнеше елдерінде кездесетіні, бұл мемлекеттерде колөнердің, сауданың дамуы, римнің жекеше құқығы сиякты институттары қолданылатыны, азаматтық қоғамның өзінің қалыптасу жолында ақшалай-заттай өндірісті дүниеге әкелгендігі, Еуропа мен Америка құрлығының бірқатар елдеріндегі азаматтық қоғамның қалыптасу үрдісі баяндалады. Алайда, кейбір ойшыл-ғалымдардың пікірлері бойынша, ерте дүние ойшылдарының философиялық көзқарасы ретінде "азаматтық қоғам" Аристотель атымен байланыстырылатыны, атақты ойшыл мемлекетті айқындау алдында ең алдымен азамат туралы түсінікті ашатыны, өйткені мемлекет -азаматтардың, азаматтық ұйымның жиынтығы болып табылатыны аталады. Осыған орай Аристотельдің пайымдауынша "мемлекет" және "азаматтық қоғам" - синонимді ұқсас мағынага ие болатыны айтылады.
И. Канттың Мәңгілік өмірге жол "Путь к вечному миру" или "К вечному миру атты еңбегін оқу барысында азаматтық қоғам және демократиялық құқықтық мемлекет ұғымдарымен кездесесің және сол кездегі әлемдегі болып жаткан тарихи кезендерге көз жүгіртесің. И. Канттың тұжырымдамаларына сүйенетін болсақ сол кезде аңсаған құқықтық мемлекетті қалыптастыруға болатын жолдарын көз алдыңа елестете аласың. И. Кант "мәңгілік өмірге" жету үшін кажетті жолдар жобасы бойынша, алыс-жақын болашақта тек кана құқықтық негізде дербес, тәуелсіз федеративті нысанда қалыптасқан республикалық типте дамыған мемлекеттер жете алады деп жазған.И. Кант құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамдағы үстемдігін қалыптастыру деп түсіндірді.
Ұлы Георг Вильгельм Фридрих Гегельде жаңа кезеңде қоғам ұғымына көп көңіл бөлген. Соның бірінде "Азаматтық қоғам" ұғымы Гегельдің "Құқық философиясы" атты еңбегінде мынадай анықтама берілген: "Азаматтық қоғам тек қазіргі кезде қалыптасқан, және оның бастапкы идеясы болып олардың құқықтары болып табылады". Гегельдің ойынша азаматтық қоғам жеке мемлекеттің, діннің, отбасының, моральдық т.б. талаптырын іске асырудың жүйесі. Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін көздейді, басқаларды көрмейді. Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра алмайды, - деген Гегель. К. Маркстің пікірі - бір саяси жүйені алып мазмұнына карасаң, ол азаматтық қоғамның сан қырлы көрінісінің бір нысаны болып шығады.Шынында да азаматтық қоғамның бастапқы қаруы болып адамның құқықтары мен бостандықтарының қорғалынуы болып табылады. Екінші орында ғана мемлекет тарапына жасалынатын әрекеттер жатқызылады. Бірақта мемлекет те, қоғам да бір-бірінен алшақ болмауы тиіс деп айтамыз. Әйтпесе анархиялық құлдыраушылық сипаттағы мемлекетке жетіп қалуымыз ықтимал. Сол себепті мемелекеттің механизмін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар азаматтық қоғамды коғам ретінде көркемдеуі үшін нормативтік-құқықтық актілер базасымен толыққанды түрде қамтамасыз ету керек, ал ол үшін халықтың әлеуметтік, экономикалық, саяси және т.б. қажеттіліктерін ескеру міндетті.
Азаматтық қоғамды жеке тұлғалардың экономикалық, құқықтық және басқа да қарым қатынастар арқылы байланысу жүйесі ретінде түсіну бірталай ойшылдардың, солардың ішінде Маркс пен Энгельстің еңбектерінде жарық көрді. Олардың шығармаларында меншік түрлерінің өзгеруі мен еңбектің бөлінуіне негізделген мемлекет пен қоғамның ара қатынасының динамикасы көрсетілген [8].
Азаматтық қоғам институттарын дамытудың кұқықтық негіздері.Азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы бірнеше ғасырларды қамтиды. Бұл процесс әлі күнге дейін аяқталған жоқ.Осы жоғарыда айтылып кеткен ойшыл-ғалымдардың азаматтық қоғам туралы ой-пікірлері сан-алуан болғандығын ашып көрсетіп шығу, көптеген мүмкіндіктерге әкеліп соқтырады.Біз өткен ғасырдағы ірі ғылымдардың пікірін келтіріп отырған себебіміз азаматтық қоғам мәселесі сол кездегі өмірдің объективтік даму процессінің алдына қойған талабы болғандығын ашып көрсету. Сол себепті Кант, Гегель мен Маркс тағы басқа ғалымдар азаматтық қоғамды біраз зерттеп, құнды теориялық ғылыми мұра қалдырып кетті.Азаматтық қоғам институттарын дамытудың кұқықтық негіздерін айкындау бүгінгі заман талабы болып есептеледі. Себебі, азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін ең алдымен жоғарғы деңгейде қабылданған заңдар жүйесі толыққанды болуы тиіс, сонымен қатар мемлекеттің азаматтары өздерін құқықтық саналы мәдениетті тұлға ретінде қалыптастыруы керек, тек сонда ғана алдымызға қойған мақсатқа жетуге болады.
Азаматтық қоғамның бір атрибутының бірі -дамыған қоғамның үшінші секторы болып табылады. Үшінші сектордың әр түрлі мүдделерін білдіретін құрылымдарға үкіметтік емес ұйымдар жатады.
Азаматтық қоғамның басты институттарының бірі болып табылатын қоғамдық-саяси партиялар мен бірлестіктердің, мемлекеттік емес ұйымдардың қызметі мемлекет тарапынан құқықтық нормалардың жүйесін құрайтын нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасында дербес мемлекеттілікті қалыптастыру барысында аталған азаматтық қоғам институттарының қызметтерін құқықтық негізде реттейтін бірнеше заңдар қабылданды. Мәселен, 1996 жылғы 31 мамырда қабылданған "Қоғамдык бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының заңы, 2001 жылғы 16 қаңтарда қабылданған "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазакстан Республикасының заңы, 2002 жылғы 15 шілдеде қабылданған "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының заңы және т.б.
Қазіргі кезеңде елімізде үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттің қолдауынсыз өмір сүруі өте қиын. Мысалы: Үкіметтік емес ұйымдардың көш басшыларының арасында сұрау салу барысында олардың 24 пайызы грант берушілерсіз ұйымдардың өмір сүре алмайтындығын айткан болса, ал 40 пайызы грантсыз өмір сүру олардың ұйымдары үшін қиынға соғатындығын мойындаған болатын. Бүгінде елімізде азаматтық коғамды жетілдіру ісі дамыған елдердің бұл саладагы оң тәжірибесіне арқа сүйей отыра, азаматтық қоғамды қалыптастырудың өзіндік бағытын айқындауы қажет [9].
Азаматтық қоғамды қалыптастыру ісінде үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін көтеруде және олардың қоғамдағы ықпалын арттыруда өкілетті органдардың мемлекеттік билік ісінде шешуші рөл айқындауға баса көңіл бөлу қажет.
ІІ. Құқықтық мемлекеттің теориялық негіздері
2.1 Құқықтық мемлекеттің шығу тегі, мазмұны және маңызы

Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алдыға тартады.
Сонымен, мемлекет - қоғамның ұйымдық құрылымды объективті қажет ететін ұйым ретінде жұмыс жүргізеді.
Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқыктық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ - деді. Феодалдық дәуірде Н. Макиавелли, Ж. Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті.
Құқықтық мемлекет орнату концепциясына пікір айтып өте зор үлес қосқан атақты ғалымдар: Г. Гроцкий, Б. Спиноза, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д.Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон, Кант және т.б [10].
Мемлекет қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді. Құқықтық мемлекет билік органдарын ұйымдастырудың негізгі бір қағидаты - тежемелік және тепе-теңдік жүйесінің болуы. Оның мәні биліктің барлық үш тармағын, олардың ешқайсысы да бүкіл мемлекеттік билікті тұтас иемденіп кете алматындай етіп, өзара өкілеттіктермен бөлуден тұрады. Мұнымен қоса, мемлекеттік билік ұйымдастырудың қағидаттарының бірі біртұтастық болып табылады. Біртұтастық қағидаты мемлекеттік биліктің жоғары органдарының бір жүйесінің болуын көрсетеді. Мемлекеттік биліктің жергілікті органдары мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүесіне енеді, мемлекеттік биліктің жоғары органдарына бағынады.
Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет қызметіне тоқталу, мемлекеттік функцияларын жіктеу.Бірыңғай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және соттық тармақтарға бөлу қағидаты Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің конституциялық негізі болып табылады (3,4-бап). Биліктерді бөлу қағидаты биліктің осы үш тармағына жататын органдар арасындағы құзыреттерді шектеуден көрініс табады. Мәселен, заң шығарушылық қызмет, заңдар қабылдау заң шығару функциясын жүзеге асырушы өкілді орган - Қазақстан Республикасы Парламентінің жұмысы болып табылады. Заңдарды орындау, жалпы алғанда атқарушы-өкімдік қызмет атқарушы қызмет атқарушы органдарға жүктеледі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық жүйесінің дамуы
Азаматтық қоғам және құқықтық тәрбие (Ақтау қаласы мен облысы материалдары бойынша)
Азаматтық қоғамдағы мемлекеттік саясат
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару
Қазіргі кезеңдегі құқық жүйесінің негізгі салалары
Азаматтық қоғам
Мемлекеттік билік түсінігі, құрылымы, түрлері, белгілері
Саяси партиялардың алуан түрлілігі
Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатынасы
Мемлекет, теориялық негіздері
Пәндер