Аға сержант


Ішкі істер органдарының қызметшілерінің атақтары мен әлеуметтік қамсыздандыру шаралары
МазмұныКіріспе3
1. Ішкі істер органдарының қызметшілерінің атақтары4
2. Ішкі істер органдарының негізгі қызметі6
3. Ішкі істер органдарының қызметшілерінің әлеуметтік қамсыздандыру шаралары7
Қорытынды9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі10
Еліміз жаңа XXI ғасырға, жаңа мыңжылдыққа адамзат үшін ең қымбат қазына - ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді - қастерлеп сақтай отырып, қадам басты.
Елбасының, мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарында ұлтаралық татулықтың, халықтардың өзара түсіністігі мен келісімін нығайта беру, оларды алдағы уақытта топтастырып, жарастыра беру айрықша орын алды. Бүгінгі күні қоғамымыздағы ауызбірлік, тұрақтылық пен туысқандық қарым-қатынас соның нәтижесі деп айта аламыз.
Бүгінде тәуелсіз мемлекет атанып, ел-халық болып қалыптасудың күрделі үдерістерін бастан кешіріп жатқан кезеңде ұлттық келісімді, дінаралық татулықты қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті міндеті болуы да сондықтан.
Жалпы еліміздің Ішкі істер министрлігі, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағынатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ішкі істер басқармалары және қалалык, аудандық, ауылдық, көліктегі жол бойының ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары мен өзге де ұйымдары ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.
Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.
Ішкі істер органдарының бүкіл жүйесінің қызметіне лауазым бойынша ішкі әскерлердің қолбасшысы болып табылатын Ішкі істер министрлігі басшылық жасайды. Оны Республика Премьер-министрінің ұсынуы бойынша Президенттік қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. ІІМ ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Ішкі істердің аумақтық органдары - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Ішкі істер департаменті және көліктегі, қалалық, қалалардағы аудандық, ауылдық, жол бойының ішкі істер бөлімдері ішкі істер органдары жүйесінің негізгі буыны, аталған органдар ішкі істердің өздерінен жоғары тұрған органдарына және жергілікті атқарушы органдарға тікелей бағынады.
Сонымен қатар қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, жол бойының ішкі істер бөлімдері өздері қызмет көрсететін аумақта қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды тікелей қамтамасыз етеді.
1. Ішкі істер органдарының қызметшілерінің атақтары
Құқық қорғау органдарының кәсіби қызметі - мемлекеттік қызмет болып табылады. Еліміз бұл органдардың алдына белгілі мақсаттар мен міндеттер жүйесін қояды. Мемлекеттік құқық қорғау органдарын қайта дайындайтын және әрі қарай жетілдіретін арнайы жүйелерді жасайды. Бұл талаптар құқық қорғаудың бүкіл жүйесіне және оның қызметкерлеріне қойылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі қызметтік іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және заңнамаларын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа ала отырып, саяси мақсаттарды бағытқа алатын қоғамдық ұйымдар мен ұйымдасқан бірлестіктердің қызметіне қатысы болмағаны жөн. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясын, оның заңдары мен заңнамаларын қатаң түрде сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға, әскери антқа және өз халқына адал болуға, өз еліне қызмет етуге, ерлікпен, Қазақстан Республикасын қорғауға, әскери борышын адал түрде орындауға, әскери қызметтің қиындықтарына төтеп беруге, өз Отанының патриоты болуға және т. б. міндетті [1] .
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери
қызметшілерінің әскери атақтарының тізімі
Қатардағы жауынгер
Ефрейтор
Матрос
Аға матрос
Кіші сержант
Сержант
Аға сержант
Үшінші дәрежелі сержант
Екінші дәрежелі сержант
Бірінші дәрежелі сержант
Штаб-сержант
Шебер-сержант
Екінші дәрежелі старшина
Бірінші дәрежелі старшина
Бас старшина
Үшінші дәрежелі старшина
Екінші дәрежелі старшина
Бірінші дәрежелі старшина
Штаб-старшина
Шебер-старшина
Лейтенант
Аға лейтенант
Капитан
Лейтенант
Аға лейтенант
Капитан-лейтенант
Майор
Подполковник
Полковник
3-дәрежелі капитан
2- дәрежелі капитан
1- дәрежелі капитан
Генерал-майор
Генерал-лейтенант
Генерал-полковник
Армия генералы
Контр-адмирал
Вице-адмирал
Адмирал
Медициналық немесе әділет, әскери-есептік мамандықтары бар офицерлердің әскери атақтарына сәйкесінше «медицина қызметінің», «әділет», т. б. ұғымдары біріктіріліп айтылады. Ал авиацияның жоғарғы құрамдағы офицерлерінің әскери атақтарына «авиациялық» деген ұғым қосылып айтылады. Қосалқы құрамға шыққан әскери шенділерге «қосалқы құрамдағы», ал демалыстарға «демалыстағы» деген сөздер қосылып айтылады. Әскери қызметшілер әрқашан жоғары мәдениеттің, қарапайымдылықтың үлгісі болуға, өзінің қадір-қасиетін қорғап, басқалардың қадір-қасиетін құрметтеуге тиіс.
Әскери оқу орындарының әскери атақтары жоқ сержанттық құрамын, сондай-ақ оқу-әскери бөлімдерінің курсанттарын, оларға сөз айтқан кезде тегін қосып «курсант» деп немесе «Курсант мырза» деп атаулары қажет. Өздеріне бастық немесе аға шенді тіл қатқан кезде әскери қызметшілер саптағыдай тіктеліп, өздерін таныстырады, яғни лауазымын, әскери атағы мен тегін атайды. Қол алысқан кезде аға шендегісі қолын бірінші болып береді. Егер аға шенді қолғабы жоқ болатын болса кіші шенді қол алысу алдында оң қолынан қолғабын шешеді. Бас киімсіз әскери қызметшілер қол алысумен қоса басын жеңіл иеді. Ал бағыныштылар болса кіші шендегілер қызмет бабымен бастықтар мен аға шендіге сөз айтқан шақта оларды атағының соңына «мырза» деген сөзді қосып, әскери атағы бойынша атайды. Әскери қызметшілер саптан тыс бір-біріне тек қана әскери атағы бойынша ғана емес, аты мен әкесінің аты бойыеша да тіл қатыса алады. Күнделікті өмірде офицерлерге «офицер» ұғымы деген сендіруші тіркесті қолдануға рұқсат беріледі. Әскери атақтарды өз бетінше бұрмалау, әдепке лайықсыз сөздерді, мазақ және лақап аттарды қолдану, дөрекі сөйлесу бұл дегеніміз әскери ар-намыс пен әскери қызметшілердің қадір-қасиеті ұғымына кір келтіреді. Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша әскери қызметші бір-біріне бастық немесе бағынышты болуы мүмкін.
Бастықтың бағыныштыға бұйрық беруге құқығы бар және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті болып табылады. Бастық бағынышты үшін әдептілік пен ұстамдылықтың үлгісі болуға тиіс. Сонымен қатар бағыныштының адамдық қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеті үшін бастық жауапкершілікте болады.
Бағынышты бастықтың бұйрықтарын сөзсіз орындауға міндетті. Атқаратын штаттық лауазымы бойынша қызметтік міндеттеріне сәйкес бағыныштыларға басшылықты жүзеге асырушы әскери қызметшілер өзінің қызмет жағдайы бойынша бастықтар болып табылады [2] .
Командир қызметі жөнінен өзіне бағынышты әскери қызметшілер үшін бастық болып табылады. Қызметі жөнінен уақытша болса да әскери қызметшілер бағынатын бастықтар тікелей бастықтар болып табылады. Бағыныштыға ең жақын төте бастық тікелей бастық деп аталады. Қызмет жөнінен бағыныштылық тәртібіне байланыссыз мынадай әскери қызметшілер әскери атағы бойынша бастықтар болып табылады:
- армия генералдары, адмиралдар - аға және кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
- генералдар, адмиралдар, полковниктер мен 1-дәрежелі капитандар - кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
- подполковник шеніндегі аға офицерлер, 2-дәрежелі капитандар, майорлар, 3-дәрежелі капитандар - старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
- кіші офицерлер - старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
- старшиналар мен сержанттар - олармен бір әскери бөлімдегі жауынгерлер мен матростар үшін.
Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша басқа әскери қызметшілерге қатысты олардың бастықтары немесе бағыныштылары болып табылмайтын әскери қызметшілер аға немесе кіші шенділер болып табылады. Аға шенділік әскери қызметшілердің әскери атақтылармен айқындалады. Әскери атағы бойынша аға шенділердің кіші шенділерден әскери тәртіпті, қоғамдық реттілікті, мінез-құлық қағидаларын, әскери киім нысанын киіп жүруді және әскери сәлемдесу рәсімін орындауды бұзғаны үшін олардан осы жолсыздықтарды жоюға талап етуі жөн. Атағы бойынша кіші шенділер аға шенділердің осы талаптарын сөзсіз орындаға міндетті. Бір-біріне бағынышсыз әскери қызметшілер міндеттерін бірлесе орындаған ретте, олардың қызметтік өзара қарым-қатынасын командир айқындамаған болса, олардың лауазымы бойынша жоғары тұрғаны, ал лауазымдары бірдей болған ретте әскери атағы бойынша аға шендісі бастық болып табылады.
2. Ішкі істер органдарының негізгі қызметіҚазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі - ішкі істер органдары) қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әкімшілік құқық бұзушылықтарға, қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі функцияларды, сондай-ақ анықтауды, алдын ала тергеуді, криминалистикалық және жедел-іздестіру қызметін, қылмыстық жазалардың және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының орындалуын жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады.
Ішкі істер органдарындағы қызмет - Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметінің Қазақстан мемлекеті мен халқы алдында қызметтік міндеттері мен қызметтік борышын орындауға байланысты ерекше түрі. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде ішкі істер органдарының қызметіне араласуға, сондай-ақ оларға заңнамамен жүктелмеген міндеттер мен функцияларды орындауға оларды тартуға тыйым салынады [3] .
Жалпы ішкі істер органдарының негізгі қызметі келесідей топталады:
- облыс аумағындағы қылмыстың, қоғамдық тәртіптік қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы ақпараттар жинау, есепке алу және оларды жүйелеу;
- мемлекеттік санақ жүргізу, өзге мемлекеттермен ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
- Ішкі істер органдарының бөлімшелері қызметінің ішкі қызметкерлерінің оңды тәжірибелерін жинақтау және тарату;
- Ішкі істер қызметкерлерге тәжірибелік, әдістемелік және консультативтік көмектер көрсету;
- Ішкі Істер Министрлігінің облыстың әкімі мен мәслихатын, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың өзге де органдарындың қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы және құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы хабардар етіп отыру және т. б.
Қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, жол бойының ішкі істер бөлімдері өздері қызмет көрсететін аумақта қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды тікелей қамтамасыз етеді.
Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, осы Заң, өзге де нормативтік құқықтық актілер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.
3. Ішкі істер органдарының қызметшілерінің әлеуметтік қамсыздандыру шараларыӘлеуметтік қорғау деп қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес азаматтарға қалыпты тіршілік әрекетінің кепілдікті деңгейін қамтамасыз етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесін айтады.
Бұл деңгей қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының ахуалына, жалпы ішкі өнімнің мөлшерлеріне, қордаланған ұлттық байлыққа және оларды бөлудің сипатына, жүйені іске асыру механизмдерінің жұмыс тиімділігіне байланысты болады. Әлеуметтік қамсыздандыру қоғамның еңбекке жарамсыз және жұмыс істемейтін мүшелерін материалдық қолдау жөніндегі қатынастардың кең спектрін қамтиды. Әлеуметтік қамсыздандырудың нысаны ретінде әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік жәрдемақылар төлеу және халықтың тұрмысы төмен жіктеріне «әлеуметтік көмек» деп аталатындар бола алады.
Әлеуметтік сақтандыру өзінің экономикалық табиғаты жағынан адамның еңбек қызметімен және бүл қызметтің нөтижесіне байланысты болып келетін тиісті телемақыларға арналған қорларды қалыптастырумен байланыстырылады. Яғни әлеуметтік сақтандыру жөніндегі қаражаттар айтарлықтай дәрежеде, өзін-өзі қаржыландыру қағидасы бойынша, пайдаланушының оларды алуына қарай көп немесе аз уақыт аралығымен жасалынады. Әлеуметтік сақтандыру көбінесе зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі, еңбекке уақытша жарамсыздық жөнінде жәрдемақылар төлеу, жұмысынан айырылган кезде әлеуметтік қолдауарқылы іске асырылады.
Зейнетақы - бұл зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтар заңнамада көрсетілген тәртіппен зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ал әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
1998 жылға дейін зейнетақы кәсіпорындардың өз қызметкерлері үшін аударған жарнасы есебінен төленіп келді. Бірақ жарнадан жиналатын қаражат күндердің күнінде мемлекеттік зейнетақы телеу үшін қажет болатын қаражат мөлшеріне жетпей қалуы мүмкін еді. Оның үстіне экономика дағдарысқа ұрынып, жұмыссыздық етек алған тұста бұл мәселе өткір сипат ала түскен. Осы жағдай жаңа зейнетақы жүйесін енгізуге итермелеген ең негізгі себептердің бірі болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz