Атқарушы билік органдары ұғымы және құқықтық мәртебесі


Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету органдарының әкімшілік құқықтық мәртебелері мен жүйесі
Кіріспе3
1. Ұлттық қауіпсіздік түсінігі, мазмұны4
2. Атқарушы билік органдары ұғымы және құқықтық мәртебесі5
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің әкімшілік-құқықтық мәртебесі7
Қорытынды9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі11
Жалпы қоғамдық қауіпсіздік деп әлеуметтік қауіпсіздіктің әртүрлілігі ретінде, мемлекеттік органдардың, тұлғаның қауіпсіздігін, қоғамдық тыныштықты, азаматтардың еңбек етуге және демалуға қолайлы жағдайларын, қоғамдық ұйымдардың, мекемелер мен ұйымдардың қалыпты қызметін қылмыстық және құқыққа қарсы басқа әрекеттерден, жоғарғы қауіптілік көздерін пайдалану тәртібін, азаматтық айналымнан тәркіленіп алынған заттарды пайдалану тәртібін бұзудан, техногендік және табиғи сипаттағы қолайсыз құбылыстардан, сондай-ақ басқа да ерекше жағдайлардан шығатын қауіптерден қамтамасыз ету мақсатындағы құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастардың жүйесін түсінеміз.
Мемлекеттегі қоғамдық қауіпсіздік өз алдына құқықтық нормалардың сақталуы мен орындалуының нәтижесінде қалыптасқан әлеуметтік-құқықтық санатты, қол сұғылмаушылыққа мемлекетпен, қоғаммен кепілдік берілетін қоғамдық қатынастар жүйесін қояды. Осы мән мәтінде қоғамдық қауіпсіздіктің мәні мен оның элементтері жөнінде айтқанда, келесіні атап өту қажет. Қоғамдық қауіпсіздіктің мәні қауіпсіздікке тән біршама нық ішкі байланыс элементтерін құрайды. Қоғамдық қауіпсіздіктің мәні материалдық, зейіндік және құқықтық мазмұнымен сипатталатын элементтер жүйесі ретінде түсіндірілетін оның шынайы құрамы болып табылады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету қауіпсіздік субъектісінің, оның қызметінің объектісіне мақсатты ықпал етуі арқылы жүзеге асырылады. Бұл ықпал әдістермен аталуы тиіс түрлі тәсілдердің, құралдардың көмегімен өндіріледі.
Сонымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты мен міндеттерін тәжірибелік іске асыруға мүмкіндік береді. Әдістер қоғамдық қауіпсіздіктің мақсатына қандай тәсілмен жетуге болады деген сұраққа жауап береді. Демек, әдістер дегеніміз - бұл қауіпсіздіктің субъектілеріне жүктелген мақсаттарды, міндеттер мен қызметті іске асыру құралы. Басқа жағынан, мақсаттар, міндеттер мен атқаратын қызметтер әдістерді қолданудың ерекшелігіне себепші болады. Олардың таңдауы көбіне қойылған мақсаттарға жетудің шынайылығын анықтайды.
Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы - жеке адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын, Қазақстан қоғамының құндылықтарын түпқазық мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ресми қабылданған көзқарастар мен шаралар жүйесі. Жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің адамзат өрекениетінің даму жолындай ұзақ тарихы бар.
Қауіпсіздік ұғымының өзі әр түрлі елде әрқилы ұғынылып тарихи кезеңдердің ауысуы барысында өзгеріп отырған. Кезеңде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі ету ісінде қауымдық құрылымдар зор роль атқарды. Сол себепті қоғам мүшесінің қауіпсіздігі көбінесе адамдардың өзіне емес, керісінше оның өзін-өзі ұстаудың және бағынудың тігінен жетік ұйымдастырылған құрылымына қаншалықты кіріге алуына байланысты еді. Қауіпсіздіктің ортағасырлық ұғымын қауымдық және цехтық тәртіптер мен міндеттемелердің орнына ақша - нарық қатынастарын негізген капиталистік экономиканың, дамуын бұзды [1] .
Жалпы қабылданған тұжырым бойынша қауіпсіздік-белгілі бір нысанның сыртқы және ішкі қатер әсерінен қорғана білу ахуалы. бұл орайда көптеген зерттеушілер қауіпсіздік ұғымын неғұрлым кең мағынада “қолмен ұстауға келмейтін бейматериалдық және нақты дүниеaдегі әртүрлі нысандардың өмір сүру қабілетінің, өмірге бейімделе білуінің интегралдық пішіні түріндегі «философиялық категория» деп қарауға бейім. Осы айқындаманы тірек ете отырып ресейлік ғалымдар қорғана білу ахуалы, әлеуметтік ағзаның қоршаған ортадағы өзгерістерге икемді түрде үн қата білу қасиеті болып табылады, ал өмір сүру қабілетінің дәрежесі мынандай параметрлермен:өзіне-өзі жеткіліктілігімен, әлеуетімен өзінің өмірлік маңызды мүдделерін белгілеп, соларды жүзеге асыру мақсатында әрекет ету қабілетімен айқындалады деп есептейді. Қауіпсіздік саласындағы дәлдеу қажет болып отырған негізгі ұғым «қауіп» ұғымы себебі қауіпсіздік проблемаларын зерттеу зерттеу процесінде бұл термин бастапқы термин деп есептеледі.
«Қауіп» ұғымы қауіпсіздіктің жалпы теориясында «әлеуметтік ағзаға теріс әсер етудің обьективті мүмкіндігі оның салдары ретінде әлі ағзаға жағдайын нашарлатып, дамуына жағымсыз серпін немесе параметрлер дарытатын әлдебір залал немесе зиян келтіретін ахуал ретінде қарастырылады.
Ұлттық мүдденің жан-жүрегі жалпы адамзаттың құндылық басымдығынан туындауы ұлттық идея болып табылады. Олай болмаған жағдайда ұлттық қауіпсіздік концепциясын да бір ғана ұлттық мүддесі басым түсіп отырады.
Ұлттық мүдде дегеніміз мемлекеттің тұтастығы өмір сүру қабілеті және орнықты дамуы тәуелді болып келетін азаматтар мен қоғамның обьективті қажеттіліктерінің жиынтығы. Ұлттық мүдде саяси іс-қимылдың сипаты мен мазмұнын мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілеуі тиіс. Алайда кез-келген қоғам әр түрлі деңгейдегі мүдделер иерархиясы болғандақтан аталған тарихи қауымдастықтың ұлттық мүддесінің оның дамуындағы обьективті қажеттіктерден туындаған ынталандырушы күш ықпалымен қалыптасуы өте күрделі процесс болмақ, онда әр-түрлі қоғамдық топтардың жеке ерекше мүдделері қоян-қолтық араласып, ықпалдасып теке тіресіп жатады.
Жеке адамның қаіпсіздігі ұлттық қауіпсіздіктің кез-келген концепциясының негізгі критериі, себебі қауіпсіздіктің негізгі нысандарына ең алдымен, жеке адам қауіпсіздігі азаматтарға өмірлік маңызды қажеттіліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік берелік құқықтық және имандылық нормаларын, қоғамдық институттарды қалыптастыру түрінде жүз беріп отырмақ.
Сонымен ұлттық қауіпсіздік ұғымын ең алдымен қоғам мүшелерінің қалыпты толыққанды өмір сүруіне, еркін дамып, өз мүмкіндіктерін аша білулеріне қолайлы жағдай жасау деп түсіну керек. Мемлекеттің қоғамдағы адам баласының негізгі құқын, ең алдымен оның өмір сүруге жеке бостандығына және меншікке деген құқын қаншалықты қорғап, кепілдік бере алатындығына тікелей байланысты.
Жоғарыда айтылғандай жеке адам қауіпсіздік нысаны болса мемлекет субьектісі. Бұл жерде аумақтық тұтастық пен мемлекеттік тәуелсіздікті сақтау тәрізді өмірлік маңызы бар ұлттық мүдделер жеке адамдардың ерік-жігері мен ынтасына байланысты емес екендігін атап айту жөн, себебі жоғарыда айтылғандар обьективті жағдайлар және олар ұлттық сана сезімнің бір бөлігін құрады.
2. Атқарушы билік органдары ұғымы және құқықтық мәртебесіАтқарушы билік органдары билікті жүзеге асыруға қатысуға бағытталған саяси мекеме ретінде түсінуге болады. Кез келген мемлекеттік басқару органы атқарушы билік органы болып табылады, ал атқарушы билік органы үнемі мемлекеттік басқару органы болады.
Қазіргі кездегі атқарушы билік органының құқықтық мәртебесінің негізі толығымен жалпы көзқараспен мінезделуі мүмкін. Атқарушы билік органдары өздеріне жүктеген қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік биліктік өкілділігімен бөлінген. Атқарушы билік органның атқарушылық билікті жүзеге асыруға арналған мұндай өкілеттілігі басқа да мұндай өкілеттілік берілген органдардан ерекшеленеді.
Атқарушы билік органдарын мемлекет бюджеттен қаржыландырады. Атқарушы билік органдарының құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясымен, субъектілерінің жарғыларымен және мәртебесін бекітетін басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалған [2] .
Атқарушы билік органы - мемлекеттік биліктің атқарушы билік тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік - басқарушылық қызметті жүзеге асыру, әкімшілік - құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік - құқықтық мәртебесі көбінесе атқарушы билік органдарының қызметінің аясында шындыққа айналады. Сондықтан олардың әкімшілік - құқықтық мәртебесін жан - жақты қарауды қажет етеді.
Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір шамада «ұйым» деген ұғымнан туындайды, ол тар мағынада қандай да бір бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін аз дәрежеде болса да ресімделген адамдар ұжымының жекелеген бөлігін білдіреді. Мысалы, өндірістік ұжым - тар мағынадағы ұйым, ал өндірістің саласы - кең мағынадағы ұйым. Мемлекеттік мекеме - әлеуметтік - мәдениет немесе өзге өндірістік емес сипаты бар қызметті жүзеге асыру мақсатында бірлестірілген адамдар ұжымы. Бұл, мысалы, мемлекеттік жоғары оқу орны. Мұндай кәсіпорындар мен мекемелерді біріктіретін ортақ белгі мынадай. Олар өзінің қызметін өздерін құратын мемлекеттің атынан жүзеге асырады, бірақ олардың қандай да бір биліктік өкілеттіктері болмайды және өздерінен тысқары қандай да болмасын басқарушылық функцияларды жүзеге асырумен айналыспайды. Кәсіпорын мен мекеменің ішіндегі басқарушылық сипаты бар функцияларды тиісті ұжым емес оның басшылары, яғни әкімшілік жүзеге асырады [3] .
Мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелерді де шамамен осылай сипаттауға болады, тек мына бір міндетті жағдайды ескере отырып, оларды мемлекет құрмайды және олар мемлекеттің атынан бола алмайды.
Бұл келтірілген жағдайлар атқарушы билік органдарының ерекшелігін түсіну үшін қажет. Олар мемлекеттік органдар жүйесінде ерекше орын алады, ол мына төмендегілерден көрініс табады:
- Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот билігі органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың жеке буыны болып табылады. Яғни ол мемлекеттік орган ретінде мемлекеттік басқару мен бақылауды атқаруға уәкілдік берілген, заңнамалармен белгіленген тәртіппен құрылатын мемлекеттік мекеме.
Бұл, біріншіден, мемлекеттік сектордың кәсіпорындары мен мекемелерінен айырмашылығы сол, олар тікелей мемлекекеттің атынан қызмет атқарады, шаруашылық, әлеуметтік - мәдениет және әкімшілік - саяси өмірдің әр түрлі салаларында оның саясатын іске асырады және, екіншіден, мемлекет бұл үшін қажетті мемлекеттік биліктік өкілеттіктер ауқымын береді, кәсіпорындар мен мекемелерде ондайлар болмайды.
2. Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік - биліктік сипаты бар өкілеттіктердің мәні олардың мынадай құқығынан көрініс табады: мемлекеттің атынан заңды түрде міндетті болатын құқықтық актілер шығаратын құқығынан. Олар не тікелей ведомстволық қарасты кәсіпорындар мен мекемелер үшін, не төменгі тұрған атқарушы органдар үшін, не ведомствалық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен мекемелер үшін, тұлғалардың үлкен тобы, оның ішінде азаматтар үшін де міндетті құқықтық актілермен белгіленетін талаптар мен ережелердің сақталуына мемлекет атынан байқау жасауды жүзеге асыру құқығынан; заңды түрде міндетті болатын актілердің талаптарын орындауды қамтамасыз ету және өзінің сипаты бойынша мемлекеттік мәні бар иландыру, түсіндіру, көтермелеу шараларды, ал қажет болған жағдайда - мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен оларды бұзушылықтан қорғау құқығынан көрініс табады.
3. Атқарушы билік органдары өздерінің қызметін заңға тәуелді негізде атқарады. Мұның мәні мынада, заң - мемлекеттік - басқарушылық қызметтің негізгі базасы, оның субъектілері осы аталған мемлекеттік органдар [4] .
Сондай - ақ аймақтық та деңгейлерде болатын атқарушы билік органдары мемлекеттік әкімшіліктің бірыңғай жүйесін құрайды. Бұл жүйенің шегінде оның әрбір буынының, яғни атқарушы биліктің нақты органының қажетті жеделдік дербестігі болады. Ол өзінің көрінісін, сол сияқты осы органға тиісті өкілеттіктердің көлемі және тапсырылған іс үшін оның жауапкершілігінің шарасы, оның құзыретінен табады міндеттері, функциялары, өкілеттіктері, жауапкершілігі. Бұл органдардың құзыретінің негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарда және басқа заңнамалық актілерде бекітіледі. Атқарушы билік органдарының біріне - бірі бағынышты құрылымдық бөлімшелерін құруды болжайтын ұйымдық құрылымы, яғни ішкі құрылысы болады. Олардың қызметі нақты атқарушы билік органының өзінің қызметін өзінен тысқары, яғни тікелей мемлекеттік басқару аясында тиімділікпен орындауға қабілетті болу үшін қажет ішкі ұйымдастырудың болып табылады.
Атқарушы биліктің әрбір органының белгілі бір аумақтық немесе мемлекеттік - басқарушылық қызмет мәселесінің көлемі болады. Біріншісі осы органның жүзеге асыратын өкілеттіктерінің не республиканың бүкіл аумағында, не белгілі бір әкімшілік аумақта күші болатынын білдіреді. Екіншісі жалпы басқарушылық функцияларды не арнайы сипаты бар белгілі бір басқарушылық функцияларды белгіленген қызметтің аясында жүзеге асыруды болжайды.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің әкімшілік-құқықтық мәртебесіҚызыловтың пікірі бойынша: «Қазақстан Республикасының Үкіметін Республика Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясында» көзделген тәртіппен құрады.
Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Республика Премьер - Министрі Республика Президентіне енгізеді. Үкіметтің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.
Үкіметтің құрамына Үкімет мүшелері - Республиканың Премьер - Министрі, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің мүшесі Қазақстан халқына және Президентіне мынадай мазмұнда ант береді: «Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным - ҚР экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш - жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс - әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық және ұлтаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін. Ант етемін. » [5] .
Үкіметті Республика Премьер - Министрі басқарады. Ол:
-үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және Үкімет мүшелерінің арасындағы қызметтік міндеттерді бөледі;
- Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің біріңғай жүйесін Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;
- халықаралық қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады және мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге қол қояды;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz