Жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру


Жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру
Мазмұны
- Жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың теориялық негіздері . . . Жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру педагогикалық-психологиялық мәселе ретіндеЖетім балалардың психологиялық даму ерекшеліктері . . .
1. 3 Жетім балалардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың мүмкіндіктері . . .
- Жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың әдістемесі . . . Жетім балалардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың жолдары . . .
2. 2 Жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың тәжірибелік жұмыстың нәтижелері . . .
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазіргі таңда елімізде орын алып жатқан түрлі әлеуметтік және экономикалық себептерге байланысты жетім балалардың саны күннен-күнге өсіп келеді. Осы мәселеге байланысты жетім балаларға қатысты сұрақтар, оларға тәрбие беру, білім беру, сонымен қатар олардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру тек аранйы педагогика ғылымында емес, сондай-ақ жалпы педагогика, психология ғылымдарында да көрініс тауып отыр.
Статистикаға сүйенетін болсақ, бүгінгі күнде елімізде 29 666 жетiм мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала өмір сүреді екен. Оның iшiнде қазақстандық азаматтардың отбасыларында 19 761 аса бала қамқоршылықтың аясында өмір сүруде, ал 1839 бала - патронаттық үйлерде тәрбиеленіп жатыр. Сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 8066 астам бала жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мекемелерде мемлекеттің қарамағында және толық мемлекетпен қаматасыез етіліп отыр.
Бүгінгі таңда «жетімдік» айтарлықтай мәселе болып отырғандықтан, оның шешу жолдарын қарастыру мен табу мемлекеттің арнайы өкілдерінің мойнына жүктелген. Соның бір айғағы ретінде 2007 жылы қабылданып, бекітілген және қазіргі таңда жүзеге асып келе жатқан «Қазақстан балалары» бағдарламасын айтуға болады. Аталмыш бағдарламананың мақсаты - балаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің тиімді әрі маңызжы жүйесін қалыптастыру және оларға толық қамтамасыз етіліп өмір сүруіне жағдай жасау болып табылады [1] .
Жалпы, жоғарыда көрсетілген мәселе айтарлықтай күрделі сұрақтардың қатарына жататындықтан, бұл мәселе еліміздің құқықтық-нормативтік құжаттарында психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік және әлеуметтік-педагогикалық тұрғысынан да қарастырылып, айтарлықтай нәтижелер шығарылуда. Бұл мәселе әр түрлі жағдайлар мен кезеңдерге байланысты бүгінгі күнде өзекті де, көкейкесті мәселелердің біріне айналды. Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стратегиясында жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың дұрыс тәрбие алып, жеке тұлға ретінде қалыптасуының бірден бір факторы ретінде ұлттық құндылық пен тәрбие көрсетілген. Мәне, осыған сәйкес қазіргі таңда жетім балалардың тәрбиесіне аталып өткен ұлттық құндылықтар мен ұлттық тәрбие тұрғысынан назар аударылып, олардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру бойынша сұрақтардың шешу жолдары қарастырылып, қажетті іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Жалпы, жоғарыдағы мәселеге түрткі болған құндылық ұғымына қысқаша тоқталып өтсек. Негізінде құндылық ұғымына ең алғаш философия тұрғысынан анықтама берген неміс философтары Р. Лотце мен Г. Коген болатын. Олардың пікірінне сүйенсек, құндылық әркез адам баласы үшін маңызды болғанын және осы күнге дейін маңызды екендігін аңғартады. Сонымен бірге құндылық ұғымымен қатар оның түрлі көріністеріне жататын және адамның белгілі бір іс-әрекетін, сұлулығын, қайырымдылығы мен мейірімділігін сипаттайтын эстетикалық және этикалық ұғымдар қолданылды.
Оның ішінде ең маңызды деп ұлттық құндылықтарды айтуға болар еді. Кезінде өз ұлтын қадірлеп, өастерлеп өткен қазақтың бір туар ақыны, білді азаматтардың бірі Ж. Аймауытов былай деген екен: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын. Үзу қолымнан келмейді». Ал белгілі қолбасшы Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін: бірі-өзім, екіншісі-халқым» - дейді. Ұлы ойшыл, философ М. Х. Дулатидің пікірі бойынша жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар негізінде дамыту, оларды мәдени дағдыларды игеруге үйрету, сондай-ақ әр уақытта әділдік жолымен жүруге шақыру, әділдік жоқ жерде адамшылық жоқ екендігін баса айтқан.
Жалпы, жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуы бұл өте қиын және күрделі, сонымен бірге үлкен қарама-қайшылықпен қатар жүретін процестердің бірі деп айтсақ та болады. Себебі, жеке тұлғаның дамуы мен әрі қарай қалыптасуы қарама-қайшылықтар күресінен туындайды. Осының негізінде швейцар педагогы, педагогикалық теория мен практиканың дамуына айтарлықтай үлес қосқан XVIII соңы мен XIX ғасырдың басында өмір сүрген атақтты педагог-гуманист И. Г. Песталоции «Адамның ақыл ойының қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқулықтың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты» -деп ерекше атап көрсеткен. Ол бұл пікірімен әрбір халық өзінің ұлттық тәрбиесі мен құндылықтарын пайдалану арқылы баланың ішкі жан дүниесін рухтандыруды басты идея қылып алады.
Сондай-ақ ұлттық құндылықтар жөнінде, олардың тәрбиелік маңызы жөнінде ұлы ғұламалар, атақыт философтар мен ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен ұлы педагогтардың ойлары, пікірлері мен көзқарастары, атап айтар болсақ, Қожа Ахмет Иассауи, Ж. Баласағұн, Әл-Фараби, Ш. Құдайбердиев, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, Ш. Уәлиханов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедов, Ж. Аймауытов, Ш. Уәлиханов және т. б. бүгінгі күнге дейін өзінің мән-мағынасын жоғалтпай, ұрпаққа дейін жетіп отыр. Ал бүгінгі күні Елбасы Н. Ә. Назарбаев былай деп тұжырымдайды: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне үлес қоса алатын азамат өсіре аламыз». Сол себепті өсіп келе жатқан ел болашағы болатын ұрпағымызды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің, бойынша адамгершілік қасиетттер мен Отанына, еләне деген сүйіспеншілігін сіңірудің маңызы өте зор болмақ.
Жоғарыда айтап көрсетілген ұлы тұлғалардың ой-пікірлері мен қатар, қазіргі таңдағы ғалымдар да аталмыш мәселені күні бүгінге дейін зерттеп келеді. Мысалы, жетім балалардың жан-жақты ерекшеліктерін мен олардың психологиялық және педагогикалық тұрғысынан даму өзгешеліктері жөнінде Дж. Боулби, И. М. Багажнова, А. Г. Рузская, С. А. Беличева, Е. М. Рыбиновский және т. б. қарастырған болатын. Ал Н. Н. Толстых, О. Ажнина және А. М. Прихожан жетім балалрдың психикалық дамуындағы басты ерекшеліктерін сөз еткен болса, М. В. Осорина жетім баланың жеке дамуы мен қалыптасуын, сондай-ақ және даму барысындағы орын алған өзгерістердің өзара байланысын анықтады. В. С. Мухин балалар үйіндегі жетім балалардың мінез-құлқындағы өзгерістер мен ауытқушылықтардың негізгі себептерін зерттеп, өз ойын тұжырымдаған. Ал, Г. М. Сысоева мен Л. С. Славина жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмірлік мүмкіндіктерін жоғалтпауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырумен айналысқан.
Ал еліміздің ғалымдары мен педагогтары арасында мінез-құлықтың ауытқуын Л. К. Керимов, Г. А. Уманов, В. В. Трифонов және т. б. педагогикалық және психологиялық тұрғысынан қарастырып, нәтижелерін шығарған. Ал әлеуметтік ғылымдардың доценті, профессор Ш. Е. Жаманбалаеваның аталмыш мәселеге қатысты еңбектерінде девиантты мінез-құлықтың әлеуметтік негіздері зерттелген, дегенмен аталмыш жұмыс, біздің қарастырып отырған мәселеге де қатысы бар, себебі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды девиантты және қиын балалар қатарына жатқызуымызға болады.
Жалпы, жоғарыда аталып өткен зерттеу жұмыстарын қарастырып, талдау барысында жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары мен балалар үйінде тәлім-тәрбие алып жатқан оқушылардың бойында әлі де болса қалыптаса қоймаған ұлттық құндылықтардың жалпы ерекшелігі олардың өмір сүру ортасына, яғни біреулерінің өздерінің туған отбасыларында, ал екіншілерінің арнайы мемкемелерде тәрбиеленп жатқандығы ғана емес, сонымен қатар қоғам арасында өмір сүруың, сол қоғамда белгілі бір орынды иеленуіне де байланысты екендігін аңғартады. Қарастырып өтырылған мәселе бойынша талданып, зерттелген мәліметтердің аздығына байланысты арнайы мекемелерде тәрбиеленіп жатқан жетім балалар тұлғасының даму ерекшеліктеріне психологиялық және педагогикалық тұрғыдан тоқталып, оларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу және бойына ұлттық қүндылықтарды қалыптастыру сұрақтарына аталмыш зерттеу жұмыста тиек етіп, аталмыш сұрақты зерттеу қажеттілігі туындады. Сонымен жоғарыда көрсетілген атақыт ғалымдар, педагогтар мен ұлы ойшылдардың еңбектерін саралай отыра, аталмыш мәселенің өз деңгейінде зерттелмегені айқындалды. Сондықтан қарама-қайшылық туындауына байланысты жіне оны шешу жолы ретінде зерттеу жұмысының тақырыбын «Жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру» деп таңдадық.
Зерттеудің м ақсаты : жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және және оны эксперимент барысында тексеру.
Зерттеудің нысаны : балалар үйіндегі тәрбие үдерісі.
Зерттеудің пәні : жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру процесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы : егер:
- жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру ұғымының мәні ашылса;
- жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделіп;
- жетім балалардың психологиялық даму ерекшеліктері айқындалса;
- жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың мүмкіндіктері мен жолдары айқындалса;
- жүргізілген тәжірибелік-эксперименттің нәтижелері жүйелі түрде жетім балаларды оқыту, тәрбиелеу үдерісіне ендіріліп, қолданылсаондақоғамға, ортаға тез бейімделетін, өзін-өзі құрметтей алатын, жоғары қажеттіліктерін сезіне алатын, яғни өзін-өзі белсендендіретін «Мен» ұғымы қалыптасқан тұлға дамиды, өйткені бұл қазіргі күнгі қоғам талабы.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мәселесін педагогикалық-психологиялық мәселе ретінде қарасытру;
- және жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру ұғымының мәнін ашу;
- жетім балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін айқындау;
- жетім балалардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың мүмкіндіктері мен жолдарын қарастыру;
- жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың эксперимент жүзінде тексеруден өткізіп, нәтижелерін шығару.
Зерттеу жұмысының көздері: Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңы, БҰҰ «Балалар құқығы» туралы конвенциясы, Қазақстан Республикасының «Бала құқығы» туралы Заңы, 2007 жылы желтоқсан айында қабылданған «Қазақстан балалары» бағдарламасы, конституциясы және басқа құжаттар, оқу-әдістемелік құралдар, атақты педагог пен психология саласының ғалымдарының еңбектері.
Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі: жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру тиімділігі тәжірибе-эксперимент негізінде сынақтан өтті, сонымен қатар:
- «Ұлттық құндылықтарды дәріптеу» тесті алынды;
- «Мақал-мәтел» тесті өткізілді;
Зерттеу мазмұнын, жүргізілген эксперименттің нәтижелерін жалпы білім беретін мектептерде, арнайы колледждерде, жетім балаларды тәрбиелейтін мекемелердің оқу-тәрбие процесінде, жетім балалар үйiнің iс-тәжірибесiнде және орта және жоғары оқу орындарында пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының әдістері: педагогикалық тест, сауалнама, сұрақ-жауап, сұхбат жүргізу, әңгімелесу, ранжирлеу, баға беру, математикалық өңдеу әдістері, педагогика эксперимент нәтижелерін сұрыптау, зерттеу жұмысы мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасап, жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мәселесін талдап, қорытындылау, эксперимент нәтижелерін саралау, тиімділігін тексеру.
Зерттеудің негізгі кезеңдері.
Бірінші кезең: зерттеу мәселесі бойынша қажет материалдар жиналып, бір жүйеге келтірілді, ұлттық құндылықтарға байланысты педагогикалық, психологиялық тәжірибелер сараланып, жинақталды.
Екінші кезең: оқу пәндері, бағдарламалар, оқу жоспарлары және әдістемелік әдебиеттер талданып, ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға арналған оқу іс-әрекеті мен тәрбиені ұйымдастырудың тиімді жолдары айқындалды.
Үшінші кезең: ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға байланысты эксперимент жұмыстары бойынша нәтижелер дипломдық жұмыстың мазмұнына енгізілді және тұжырымдар жасалынып, қорытындыланды.
Зерттеудің базасы: Астана қаласындағы «SOS» балалар ауылы жәнеАстана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі».
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ- Жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру педагогикалық-психологиялық мәселе ретінде
Ұлттық құндылықтар ата-бабамыздан дарып келе жатқан ұлағатты мұра.
Кез келген ұлт өкілінің өзіндік құндылығы болады. Белгілі бір ұлтты екінші ұлттан айрықшалап тұратын сол ұлттың діні, тілі, сал-дәстүрлері мен әдіт-ғұрыптары, мақал-мәтелдері мен жаңылтпаштары, ертегілері, ұлттық өнері мен қолөнері, ұлттық бұйымдар мен халықтың менталитеті және т. б. ұлтқа тән қасиеттері. Осы атлғандардың барлығы ұлттық құндылықтар қатарына жатқызылады.
Бүгінгі таңда біз өзімізідің ұлттық құндылықтарымызды қандай деңгейде ұстап, қандай деңгейде сақтап жүргеніміз де аса айтарлықтай емес. Кеңес дәуірінде өмір сүрген уақытта біөзідң ұлттық құндылығымызды жоюға ұмтылды. Алайда, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап, еліміздің патриотты азаматтар өз ұлттық құндылығымызды қайтадан қалпына келтіруге, қайтадан аяққа тұрғызуға ниеттеніп, бет бұрды. Сол уақыттағы биліктің іс-әрекеті, нарықтық қатынас пен әлемдік қауымдастыққа кіру деген сылтаулар көбейіп, соның салдарынан ұлттық құндылықтарға аса назар аударылмады.
Бүгінгі заманда ұлтымыздың ұлттық мүддесіне назар аударудың, әркім өзінің жағдайын ғана ойлайды. Қазіргі заман - материалдық құндылықтарды алдыңғы орынға жайғасатын заманы, осы тұрғыда ұлттық құндылықтарға аса мән берілмей, ескерілмей жатады. Әр халық өзінің ұлттық құндылығын келешек ұрпағына мирас етіп қалдырып отырған, әсіресе ата-бабаларымыз салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, бүгінде ол - келешек ұрпақтың баға жетпес мұрасы. Сол себепті ұлттық құндылық халқымыздың ұлттық меншігі болып табылады. Аталмыш құндылықығымызды халқымыз жоғалтпай, дәріптеп, сақтап қалуға тырысып, әрі қарай дамытып отыруы тиіс.
Негізінде құндылыққа байланысты сұрақтар бұрыңғы Сократ заманынан бері бастау алып келе жатыр. С. Нұрмұратовтың пікірінше, атақты философ Сократтың «игілік» атты ұғымды басқаларынан жеке дара бөліп, оған аса мән бергені - құндылықты бейне-болмысқа жақындатқаны деп есептейміз. Сонау заманнан басталған аталмыш мәселе кейінде жеке дара ғылым ретінде ерекшеленіп, қаарастырылып келеді.
Жалпы, құндылықтың негізін құрап, сонымен қатар оны зерттейтін салан аксиология деп талады. Аталмыш ұғым герк тілінен аударғанда «құндылық» деген мағынаны береді. Жалпы, құндылық ұғымына тұңғыш рет анықтама берген атақты философтар Лотце мен Коген болса, ал саланың ғылыми жағынан дамып, әрі қарай зерделенуіне үлес қосқан неміс ғалымдары Ницше, Кант, Гегель, Кассирер және т. б. болған. Мысалға алатын болсақ, Кассирер «құндылық» ұғымына келесідей анықтама береді. «Құндылық - бұл адамның ішкі дүниесінен тыс, мәңгі идеалды әлем» - деген. Қазақ совет энциклопедиясында: «Құндылық - обьектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-әлеуметтік ұғым», -деп берілген. Жалпы, құндылық екі үлкен компоненттен құралады: саналық және пәндік.
Тәрбие беру мен білім берудің басты тірегі - педагогика ғылымында «құндылық» ұғымы білім беру мен тәрбие беру үрдісі арқылы іске асады, ал ұлттық құндылық деп отырғанымыз белгілі бір ұлтқа сай, соның менталитетіне тән адам болмысындағы ұлылықтың өсіп-жетілген жемісі болып табылады. Құндылық белгілі этникалық және әлеуметтік қауымдастыққа дамып, сол негізде қалыптасатындықтан, оның мәдени, діндік, мұраттық маңызы өте зор болып келеді.
Жалпы, ұлттық құндылық түсінігіне анықтама бере кетейік.
Ұлттық құндылық дегеніміз - әр ұлттың өзіндік ұлтқа тән ерекшеліктері мен өмір салтына тән сонау ғасырдар бойы жинақталған рухаи және тұрмыстық мұрасы. Әр елді екіншісінен айырып, ерекшелейтін белгіліердің бірі - ол оның ұлттық құндылықтары болып табылады. Ұлттық құндылық ұлттық идеяның басшысымен құралатындықтан, ол әрбір халықтың әлеуметтік және мәдени негізі рөлін атқарады.
Осыған сәйкес, жалпы біз жетім балалардың ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда келесі аса маңызды ұғымдардың орны ерекше болмақ.
Ол ең алдымен, ұлтаралық мен Қазіргі таңда біздің қоғамда ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылық дамып, өркендеп келеді. Сондай-ақ өзінің мағынасын жоғалтпай, күні бүгінге дейін сақтап келеді. Ал ұлттық құндылықтар еліміздегі толеранттылықтың басты қалаушысы болып саналады.
Ұлтаралық келесім мен саяси тұрақтылықтың өзекті мәселелерін шешу мақсатында - Қазақстан халықтарының ассамблеясы құрылды. Аталған ассамблеяның басты мақсаты - елімізде өмір сүретін басқа ұлт өкілдері мен этностардың мүдделерін көрсету. Яғни, мұндағы басты айтарымыз еліміздегі басқа ұлт өкілдерінің кқптігі, олардың тату-тәтті өмір сүруі жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың, дамытудың бірден-бір жолы десек те артық айтқандық емес, себебі әр ұлт өкілімен аралс-құралас болу, тіл табысу, пікір алмасу - бұл баға жетпес байлық және рухани тұрғысынан қажет нәрсе болып табылады.
Сонымен бірге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2004 жылы «Мәдени мұра» атты бағдарламаның іс бастағаны белгілі. Аталмыш бағдарлама шеңберінде соңғы жылдары Қазақстанда
Осы бағдарлама аясында соңғы жылдары елімізде 35 тарихи-мәдени маңызы бар және ұлттық мәдениет үшін маңызы зор сәулет өнері ескерткіштерін қайта қалпына келтіру, 30 археологиялық зерттеулер, 17 қолданбалы ғылыми зерттеу жобаларын іске асыру, шетелдік қолжазбалар мен сирек кітаптар қорларына астам күрделі археографиялық экспедициялар өткізу, Қолжазба деректер қорына бай Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония, Түркия, Египет, Қытай, Ресей, Армения мемлекеттерінде 30-дай іздену жұмыстары жүргізіліп, 5, 0 мыңға жуық құнды деректер табылып, қажетті ксерокөшірмелері мен микрокөшірмелері сатылып алынды, қазақ халқының тарихы, материалдық және рухани мәдениетімен байланысты түйінді ғылыми мәселелерді зерттеу және көпшілікке тарату, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын шетел тілдеріне аудару және баспадан шығару, ғылымның әр түрлі саласындағы 200-ден аса фундаменталды ғылыми басылымдарын шығару, тарихи-мәдени мұраның бір бөлігі ретінде деректі мұраны тиімді пайдалануды және сақтауды қамтамасыз етудің біртұтас жүйесі құру жұмыстары жүргізілді.
Президентіміз айтып толеранттылық халқының құндылығы әрі болып Ол халқының ғасырлық мен нормалары қалыптасты. «Жеті «Қонақ «Асар», «Сабырлылық» түсініктер дүниетанымдары мен салт-дәстүрі қалыптасқан. құндылықтардың біздің үйімізде пен сақталған. да, қалыптастыратын әлеуметтік-мәдени қазақтардың жалпы маңыздағы емес мұраның ретінде қажет
Жалпы, жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда олардың тұлғалық-психологиялық даму ерекшеліктерін де ескеру қажет.
Жалпы отандық ғалымдар арасында педагогика ғылымдарының кандидаты Асылбекова М. П. өзінің «Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру» атты еңбегінде келесідей анықтама берілген:«Балалар үйінің тәрбиеленушісі - ана тілін еркін меңгерген, өз ұлтының салт-дәстүрін, халық ауыз әдебиетінің озық үлгілерін түсінетін, жеке дара психикалық процестері, жағымды мінез-құлық пен қарапайым еңбек дағдылары қалыптаса бастаған тұлға».
Қоғамнан ауқымды орын алып отырған ең өзекті мәселелердің бірі -жетім балалар мәселесі. Олардың өмірге даярлық процесі тар шеңберде өтетіндіктен, бұл балалардың әлеуметтенуі де өзіндік ерекшелікке ие. “Жетім”ұғымының анықтамасына келетін болсақ, бұл да бір тарихи сипатқа ие термин (сурет 1) .
Сурет 1. X -XXI ғасыр аралығындағы «жетім» ұғымының анықтамасы.
Қазақстан және қамқорлығынсыз балаларды толғанша тікелей алады, кәмелетке кейін де жоғары оқу қабылдануына, орналасуына, қамтамасыз заңдарда негіздерде жеңілдіктер .
Бұл жөнінде тарапынан жатқан жүздеген, үйі мен шектеулі арналған және т. б. жұмысынан аламыз. балалар байланысты бірқатар құжаттарда қамқорлығынсыз балалардың, отбасында, , тұрғысынан дамуы, алуы және жағынан етілуі [8] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz