Бала тәрбиесіндегі ойын рөлі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Балаларды тәрбиелеу процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері
1.1. Ойын түсінігі және түрлері мен мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Бала тәрбиелеудегі ойынның атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
ІІ тарау. Баланы жан.жақты тәрбиелеуде халық ойындарының рөлі
2.1. Халық ойындарының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2. Ойын технологиялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, балалардың білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Қазіргі кезде “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т.б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы балалар тәрбие алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын» ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде әс-әрекеттің бір түрі.
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.
Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады. Н.К.Крупская «Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді» - дейді.
. Муртазина Э. Педагогические основы конструирования учебных деловых игр: Дис. ... канд.пед.наук. – Л., 1990.
2. Беспалько В.П. Элементы теории управления процессом обучения. – М.: Просвещение, 1971.
3. Маркова А.П. Формирование мотивации учения. – М.: Просвещение, 1975.
4. Пидкасистый И.П. Технология игры в обучении. – М.: Просвещение, 1992.
5. Габрусевич С., Зорин Г. От деловой игры – к профессиональному творчеству. – Минск, 1989.
6. Габай Т. Учебная деятельность и ее средства. – М., 1988.
7. Соловьева А. Деловая игра «Суд над традиционной лекцией». Новые технологии обучения: деловые игры. – 1991.
8. Селевко Г.К. Опыт системного анализа современных педагогических систем // Школьные технологии. – 1996. - № 6. – С. 3-43.
9. Гоноболин Ф.Н. Книга об учителе. – М.: Просвещение, 1965. – 260 с.
10. Кулюткин Ю.Н. Психологические проблемы образования взрослых // Вопросы психологии. – 1989. - № 2.
11. Инновационное обучение: Стратегия и практика / Под ред. В.Я.Ляудис. – М.: МГУ, 1994. – 203 с.
12. Внутришкольное управление: теория и опыт педагогических управленческих инноваций / Под. Ред. Н.В.Горбуновой. – М.: Новая школа, 1995. – 107 с.
13. Дъяченко В.К. Сотрудничество в обучении. – Просвещение, 1991.
14. Коллективная учебно-познавательная деятельность школьников // Под.ред. И.Б. Первина. – М.: Педагогика, 1985.
15. Лиймитес Х.И. Групповая работа на уроке. – М.: Просвещение, 1975.
16. Миртов А.В. Сочинение в школе. Уроки коллективного творчества // Литература в школе. - № 6.
17. Поливанов Н.И., Ривина И.В. Принципы и формы организации совместной учебной деятельности // Психологическая наука и образование. – 1996. - № 2.
18. Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы. 1973.
19. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. Москва, 1986.
20. Щукина Г.И. Проблемы познавательного интереса в педагогике.Москва. 1971.
21. Выготский А.С. Игра и ее роль в психическом развитие ревенка. //Вопросы психологии. 1966.
22. Качество знаний учащихся и пути его совершенствования // Под ред. Скатника М.Н.,Краевского В.В.Москва. 1978.
23. Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения. Москва. 1969.
24. Качество знаний учащихся и пути его совершенствования // Под ред. Скатника М.Н.,Краевского В.В.Москва. 1978.
25. Педагогикалық ізденіс. Алматы.1976.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   


Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І тарау. Балаларды тәрбиелеу процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері
1.1. Ойын түсінігі және түрлері мен мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Бала тәрбиелеудегі ойынның атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
ІІ тарау. Баланы жан–жақты тәрбиелеуде халық ойындарының рөлі
2.1. Халық ойындарының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2. Ойын технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Кіріспе

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, балалардың білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Қазіргі кезде “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т.б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы балалар тәрбие алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. Ойын ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде әс-әрекеттің бір түрі.
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.
Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады. Н.К.Крупская Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді - дейді.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді айтуда ғалымдар.
Н.Ф.Талызина Алты жасарлар ойнай отырып, логикалық қабылдау арқылы оқуды және математиканы таным қызығушылығын меңгереді. Бұдан бірте-бірте ойыннан кейін оқу әрекеті орын алады - деген пікір айтты.
В.В.Давыдов оқушыларда танымдақ проблемалық міндеттерді шештірудің жолдарын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады, яғни соның нәтижесінде білім-білік, дағды дүниеге көзқарасын қалыптастыруды көздейді.
Курстық жұмысытың мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ойындардың маңызы туралы түсінік алу. Алынған білімдерді тереңдету.
Курстық жұмыстың міндеттері Балаларды тәрбиелеу процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері туралы түсінік беру және баланы жан–жақты тәрбиелеуде халық ойындарының рөлін көрсету.
І тарау. Балаларды тәрбиелеу процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері
1.1. Ойын түсінігі және түрлері мен мақсаты

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б. Мұндай ойындар баланы жан-жақты дамытып, толық тәрбиеленуге көмектеседі.
Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары балалардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Ұлттық ойындар халқымыздың өз ұрпағын ойын-сауықтарда бәсекеге түсіп, жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып, өзінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп, меңгеруге, шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшан ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.
Н.К.Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор екенін көрсеткен.
Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана көрінетін дәлелдер.
Психолог А.С.Выготский: бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді - дейді.
Я.А.Каменский ойынды рухани және дененің даму қозғалысы - деді. Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты.
Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс дәстүрін сақтаған қазақ балалар фольклорының айрықша бір саласы-балалар ойындары. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Қазақ ойындарының өміршең қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында.
Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жатқызуға болады. Олар әр тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Оқушы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға, қысылып-қымтырылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.
Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндету-сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:
ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер ету сипаты;
жеке оқыту маңызының артуы;
оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық ізденіске ұмтылуы, т.б.
Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғаннан әрбір бала мақтаныш ете алса ғана-біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана біз, ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абыроймен атқарып, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сеніммен айта аламыз. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ, ел іргесі сөгілмек емес.
Оқушыларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:
а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;
ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы оқушылардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп, олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек.
1.2. Бала тәрбиелеудегі ойынның атқаратын қызметі
Ойын ұғымына түсінік берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мыныдай қызметтерді атқарады:
-ойын-сауық;
-коммуникативтік немесе қарым-қатынастық:
-диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
-коррекциялық (өзін-өзі түзету);
-әлеуметтендіру
Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда.
Ойын-адам өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін артырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті-оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу-білім алу мен білік дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас-бұл балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ал ойын-баланың дамуын арттырады.
Ойынның нақты мақсаттарына қарай пайдалану әдістемесінің мынадай компоненттері қарастырылады: ойын мазмұны, ойынды ұйымдастыру формалары, ойын түрлері, ойындық құралдар, сондай-ақ аталған бөліктер арасындағы барлық өзара байланыстар.
Ойынның қолданбалы жағын зерттеген әдіскерлердің дидактикалық ойындарға деген қызығушылық барынша өсе түсуде. Г.А.Кулагина зерттеу үдерісінде ойындағы таным дәстүрлі оқытуға ұқсамайтын айрықша түрдегі өзіндік формаға ие болатындығын анықтады: бұл жерде қиялдау мен жауапты өз бетінше іздестіру, бұрыннан белгілі дәйектер мен құбылыстарға жаңаша көзқараспен қарау, білімді толықтыру мен кеңейту, байланыстарды орнату, жекелеген құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу сияқтылардың барлығын кездестіретін болады. Ойын қарқыны мектеп оқушыларын жылдам және шапшаң түрде ойлана білуге үйретеді. Олардың тілдік жадыларының даярлықтарын жаттықтырады, сөйлеу қарқынын дамытуға мүмкіндік береді. Сабақта ойнай отырып оқушылар өздерінің ойларын жеткізуге машықтанады, осының арқасында олардың сөйлеу тілдері бірте-бірте автоматтандырылады. (К.А.Родкин). Демек, ойын сөйлеу шеберліктерін дамытудың нәтижелі құралдарының бірі болып табылады. Осылайша дидактикалық ойындар мен оны оқу үдерісінде пайдалануға қатысты соңғы зерттеулердің барлығын талдап, қорытындылай отырып төмендегілерді айтуға болады:
а) Дидактикалық ойындар ойлау, ерік, жады, назар, сөйлеу, моторика сияқты психикалық үрдістерді жандандырады. (Г.А.Ляпина, М.В.Стронин және т.б.);
б) Сабақтағы ойын жағдайларында мектеп оқушысы іс-әрекеттің үрдістік жағынан терең қанағаттану сезімінде болады және бұл оқудың тұлғалық мәнінің ұлғаюына мүмкіндік береді. (Е.Енгабаева, А.А.Баранов, Г.А.Ляпина);
в) Дидактикалық ойындардың жемісті сәтілігі мектеп оқушыларының ойын үдерісіне қызығушылығымен, ойынға қатысушылардың өз білімдерін шығармашылық пен пайдалануға ұмтылысымен байланысты. (Ю.П.Азаров, О.С.Кель, В.Н.Терский);
г) Дидактикалық ойындар таным іс-әрекетін жандандыру құралы ғана болып табылмайды, ол эстетикалық және мінез-құлықтықты тәрбиелеуге мүмкіндік береді. (А.А.Баранов, В.И.Иванова).
Әдебиеттерді шолу мен тәжірибелік сараптамалық жұмыстар дидактикалық ойындардың барынша әралуандығын айқындады.
Жекелеген дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшелігі оқу тапсырмаларына барынша назар аудару, және мектеп оқушыларын зерттеу элементтеріне ие іс-әрекетке тарту болып табылады. Мұндай тапсырмаларды орындау үрдісінде оқушылар бірқатар логикалық операцияларды жүргізеді, танымдық іс-әрекеттің аралық кезеңдерін шешу жүйелілігін белгілейді. Мұндай дидактикалық ойындар ізденгіштік деп аталады.
Жекелеген дидактикалық ойындар мектеп оқушысын дербестікке баули отырып оны шығармашылық жұмысқа итермелейді. Себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктерді айқындау кезінде мектеп оқушысы өзінің танымдық іс-әрекетінің мазмұнына тереңдей отырып, зерттелуші құбылыстың бірқатар қырларын дербес ашу мүмкіндігіне ие болады. Мұндай дидактикалық ойындарды біз шығармашылық ойындар деп атадық. Бірқатар шығармашылық-дидактикалық ойындар мектеп оқушысының суырып салмалылығын іске қосады. Мұндай ойындарды біз рольдік элементтері бар шығармашылық ойындар деп атадық. Тәжірибе нәтижелері шығармашылық ойындарды сабақ-мерекелерде сабақ-жарыс, сабақ-суырып салушылық, сабақ-саяхат тәрізді белгілі пәннің оқу материалдарынан тұратын үш түрінде пайдаланудың барынша мақсатқа сәйкес екендігін көрсетеді. Түрткі ретіндегі қызметті дидактикалық ойындар орындайды. Ойын ситуацияларының эмоциональдылығы барлық мектеп оқушыларының белсенді қатысуына түрткі болады.
ІІ тарау. Баланы жан–жақты тәрбиелеуде халық ойындарының рөлі
2.1. Халық ойындарының ерекшеліктері
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:
1. Білім беретін ойындар.
2. Тәрбиелейтін ойындар.
3. Дамытатын ойындар.
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
5. Диагностикалық ойындар.
Халық ойынының келелі бір мақсаты – баланы жан-жақты тәрбиелеу болғандықтан, бір ойын түрліше ойналуы мүмкін, сондай-ақ, ойлануға берілген сұрақтың түрліше жауабы болуы мүмкін.
Ойын ережелерінде тәрбиенің үлкен маңызы жатыр. Олар ойынның барысын белгілейді, балалардың тәртібі мен әрекеттерін, олардың қарым-қатынасын бақылайды, жігерінің қалыптасуына ықпал етеді.
Ойынға қызығуы үшін ойын өмірмен ұштастырыла алынып, оның қажеттілігін бала сезінуі тиіс. Сондай-ақ, ойын тұжырымы әдеттегіден бөлектеу, түсінуге жеңіл, мақсаты айқын болуымен бірге, есептеуі аз, ойлану арқылы тез табылатын болуы қажет. Әрбір ойын ойналып болғаннан кейін, қорытындыланып отырылса пайдалы болады.
Ұлттық-дидактикалық ойындарды оқыту мен тәрбие құралына айналдыру үшін бір қатар әдістемелік талаптардың қатаң сақталуы тиіс:
1. Тәрбиеші ұлттық дидактикалық ойындардың неғұрлым көп түрін білуі тиіс.
2. Ұлттық дидактикалық ойындарын балалардың жас ерекшеліктеріне және қызығушылығына байланысты іріктей білу.
3. Ойын ережесін өзі жете біліп, балаларға да түсінікті етіп жеткізе білу.
4. Барлық ойындардың тәрбиелік мақсатын анықтап алу.
5. Ойын барысында ережені сақтауды қатаң түрде қадағалау.
6. Ойынға арналған құрал-саймандарды даярлау. Қажет болған жағдайда өз қолымен даярлау немесе басқа құралдармен алмастыру.
Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, дидактикалық ұлттық ойындарды бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жандандыра түседі.
Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының мазмұны өте қызық және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы мақсаты мен мазмұнынына сәйкестендірілген. Бұл ойынның түрлерін бастауыш сыныптың оқу үрдісінде кеңінен пайдалануға болады.
Ойындарды қолдауда мыналарды ескерген жөн.
-балалардың тұлғалық шығармашылық белсенділігін дамыту үрдісі циклды, оны құрастырушы циклдер ахуал мен үрдіс ретінде ситуативті шығармашылық белсенділіктің туындауымен және бар болуымен байланысты. Шығармашылық белсенділікті дамыту циклы ойындық іс-әрекет құрылымына енгізіліп жекелеген ойын немесе ойындар кешені шеңберінде жүргізіле алады.
-құрылымында оқушылардың ситуативті шығармашылық белсенділігі циклы айналымға түсетін жүйе ретіндегі ойынның жетекші функциялары: ситуативті шығармашылық белсенділікті іске қосу, шығармашылық белсенділіктің берілген циклын аяқтауда тиімді нұсқа және келесі циклдарды іске қосудың алғышарты ретіндегі ойындық шығармашылық табыс жағдаятын құру.
Оқу мен ойынды ұштастыратын дидактикалық ойындарды жүйелі қолдану әдістемесін эксперимент барысында тексеру 20072008 және 20082009 оқу жылдарында Шымкент қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарның мектептерінде жүргізілді. Оқыту эксперименттінің барысында, дидактикалық ойындарды бастауыш сыныптарда математиканы оқыту барысында қолдану әдістемесінің теориялық және әдістемелік негіздері тексерілді.
2.2. Ойын технологиялары
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.
Кеңес өкіметі кезінде халық мәдениетінің ойын салт-дәстүрлерінің дамуы мен сақталуы қала сыртындағы жаздық лагерьлерді ұйымдастыру тәжірибесінен басталды.
Әлем педагогикасында ойын - белгіленген ережелері бар, бір мақсатқа жету үшін ойыншылар арасындағы сайыс пен жарыс ретінде қарастырылады. Ойын ең алдымен қарым-қатынас жасау, үйрету, өмірлік тәжірибені жинақтау жолындағы әлеуметтік мәдени феномен болып табылады.
Ойынның қиыншылығы оның түрлерінің көптігінен, қатысушылар санынан, ойын өткізу алгоритмінен туындап отыр. Ойын әрекеті сәби кездегі қарапайым сылдырмақтардан басталып, бірте-бірте күрделену арқасында фантастикалық шындық деңгейіндегі видео-компьютерлік ойындарға айналады. Ойынның табиғилығы сонша, ол оқу элементінің таптырмас бөлігі. Ойын үрдісі кезінде сыныптағы топтардың әлеуметтік рөлі және ойын тәртібі игеріледі. Ойын мақсаттарына жету жолында ұжымның бірлескен іс-әрекетінің дағдысы, оқушылардың жеке мінез-құлқы қалыптасады. Ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап бизнеске, мәдениетке, қоғамтануға және басқарудың барлық салаларына сәйкес мамандар даярлауға қатысты бағдарламаларды меңгеруге көмектеседі.

Ойыншылар, мұғалімдер қосымша материалдар, оқулықтар, көрнекі құралдар, компьютерлік технологияларды енгізе отырып, мәдени салт-дәстүрді жинақтайды.
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде.
Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.
Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез әрі қызығып орындайтын болады.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы артады.
Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекі ғалымдар Р.М. Жуковская, Д.В. Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михайленколардың айтуынша балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білу керек. Ал мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады. Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу – тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы қалыптасады. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез -келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі - дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындар – көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Оны - балаларды оқытудың бір әдісі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі деп айтуға болады.
Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын элементтерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударға жөн. Баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің басты қолданатын тәсілі - ойын.
Н.К. Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы - баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдастарымен ынтымақта болуға үйренеді.
Демек, бастауыш сынып оқушыларының оқуға, білімге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, Оларды оқу процессінде үздіксіз дамытып отыру жєне сабақ барысында алған білімдерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық педагогикасы білім беру саласындағы халықты педагогикалық тәрбиелеудің тәжірибесі
Жас ерекшелік топтарға бөлу, тәрбиешінің балалармен ұйымдастырылған режимдік сәттерін қарастыру
Балабақша мен отбасы арасындағы байланыс
Балабақша мен отбасы қарым-қатынас ынтымақтастығы
Отбасындағы тәрбие дәстүрлері
Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ана үлгісі
Ата ананың тұлғасын сипаттау
Бала тәрбиесіндегі ата - ана үлгі өнегесінің рөлі
Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы
Пәндер