Орыстандыру саясаты


1. 1 Орыстандыру саясаты.
Білім-ғылым қай заманда болмасын қоғамның ілгері жүруіне немесе кейін қалуына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Бұл тарихи шындық, аксиома. Ал қазақ халқы Ресей империясының боданы болғанынан бастап өзінің ғасырлар бойы қалыптасқан, елдігінің тұғыры болған тілінен, дінінен, ділінен, салт-дәстүр мен мәдениетінен айрыла бастады. Империялық амбиция импульстері қазақ халқына ауыр тиді, содан кейін билікті қолған алған Кеңестік басшылық та осы жолды ары қарай жалғастыра түсті. Ресейге бағынышты болған барлық түркі халықтары үшін бұл ортақ тарихи сипат болды. Сондықтан да барлық түркі халықтары біріксе ғана егемендікке қол жеткізіп, тәуелсіздігін алуы мүмкін еді. Осы орайда татар ғалымы И. Гаспринский тарихи сахнаға шықты. Түркітанушы Л. Н. Гумилевтің пассионарлық теориясы шеңберінде айтар болсақ, Гаспринский әлемдік энергияны өз бойына жинақтаған пассионар тұлға болды. Ол өзінің өмірлік күш-жігерімен қасындағы единомышлениктерді рухтандырды, өзінің бойындағы энергиямен қуаттандырды. Нәтижесінде әр жерде бас көтерулер орын алып, ислам дініне негізделген жаңаланған білім-ғылымды ту еткен зиялылар пайда бола бастады. Мысалы, ХХ ғасырдың 10-шы жылдары Қазақстанда - алаш, Әзірбайжанда - мусават, Қырымда - миллифирк, Татарстанда - иттифак әл-муслимин, Өзбекстанда «жадидизм» атауымен ағартушылық, демократиялық, саяси бағыттар шықты.
Жалпы бұл тақырыптың тарихнамасы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінен қалыптаса бастаған және бүгінгі таңда біраз зерттеулерде кездеседі. Бұл зерттеулерде жәдидшілдік және оның Қазақ даласына ықпалы мұсылмандық білім беру жүйесі мен қазақ халықының әлеуметтік, мәдени және саяси салаларындағы қозғалысы ретінде тікелей, кейде жанама түрде қарастырылған. Жарыққа шыққан еңбектерді үш кезеңге бөліп қарастыруға болады:
1. Революцияға дейін
2. Кеңестік кезең
3. Тәуелсіздік жылдары жарыққа шыққан еңбектер
Патша өкіметінің орыстандыру және шоқындыру саясаты аясында мұсылман халықтарына зайырлы білімді беру жөнінде біршама зерттеу жүргізгендер қатарына өлкетанушы А. В. Васильев (1861-1943) пен шығыстанушы А. Е. Алекторовты (1861-1918) жатқызуға болады.
А. В. Васильев өзінің Торғай облысындағы орысша білім беру жағдайы туралы еңбегінде Қазан, Санкт-Петербор университеттерінде оқитын қазақ балалары, оларға тағайындалған шәкіртақы, мектептегі орыс және қазақ тілінің оқытылуы жайын кезең-кезеңге бөліп қарастырады. Ол қазақ жастарына білім беру ісін айта келіп, қазақтар мен орыстардың арасын біраз уақыттан бері жалғастырушы болып келген діни сауатты татар және башқұрттардың қазақ балаларының діни біліммен саналарын улап жатқандығы жөнінде: «Қазақ даласында халықтық мектептерге
сауатты мұғалімдерді даярлау қажет. Өйткені қазақ жастары шала сауатты мұғалімдер мен болыс тілмаштары, қала берді башқұрт және татарлардан шыққан фанат молдалардан білім алып, кейін оларда Ресей жөнінде қате түсінік қалыптасады», - деп жазады . А. В. Васильев еңбегінің соңында Қазақ даласындағы мектеп, медреселер, оқушылар мен оқытушыларды мектептерге бөліп орналастыру, сабақ барысы, оқытушылар туралы мәліметтерді диаграмма мен кестелер түрінде көрсеткен.
1. 2 Оқу - ағарту жүйесі
ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақ даласындағы ағартушылықтың, соның ішінде Ақмола, Семей, Торғай облыстарындағы және Бөкей Ордасындағы қазақтардың білім алуы бойынша мәліметті А. Е. Алекторов қалдырған. Ол қазақ тілін, қазақ халқының тұрмысын, тарихын, әдет-ғұрпын жақсы білген, қазақ жерінде халық ағарту ісін қалыптастырушылардың бірі болған. А. Е. Алекторов Бөкей Ордасында училище инспекторы қызметінде жүргенде біршама мәліметтер жинап, Батыс аймақтардағы білім беру бойынша нақты материалдарды еңбектерінде жазған қалдырған.
Патшалық Ресейдің түркі-мұсылман халықтарын, соның ішінде қазақтарды орыстандыру саясатының белді өкілдері, миссионер-ғалымдар Н. И. Ильминский (1822-1891), Н. П. Остроумовтың (1846-1930) революцияға дейінгі жылдарда Қазақ даласын діни және рухани отарлауға арналған бірнеше еңбектері жарық көрген. Бұл еңбектерде Қазақ даласындағы оқу-ағарту ісінің жүзеге асырылуы, халықтың орысша сауаттылық деңгейі туралы мәліметтер бар. Дегенмен, бұл еңбектер патша үкіметінің саяси мүддесі тұрғысында жазылғандықтан да, мұнда қазақ халқына рухани салада жасалған қиянаттары көрсетілмеген, ол тек уақыт өте келе, қазіргі таңда мұрағат деректері бойынша ғана тарихи шындық тұрғысында қайта қарастырылуға мүмкіндік алуда. Осындай бағытта жазылған келесі еңбектің авторы С. М. Граменицкий (1859-1919) . Ол Қазақ даласындағы халықты ағарту ісін Сырдария облысы бойынша «Очерк развития народного образования в Туркестанском крае» атты еңбегінде баяндап, онда орыс халқының «Ұлылығы» мен «өркениеттілік миссиясын» баса көрсетіп, орыс емес халықтардың білім алуы мен оның жүзеге асырылуы жағдайынан хабар береді. Сонымен қатар, 1917 жылға дейінгі Қазақ даласындағы оқу-ағарту ісі мен білім беру жүйесі туралы мәліметтерді орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының еңбектерінен аламыз. Біз қарастырып отырған кезеңдегі саяхатшылар мен этнографтардың еңбектері деректік мәліметтердің болуымен құнды. Көбіне бұлар этнографиялық тұрғыда жазылған: саяхат күнделіктері, жол жазбалары, очерктік зерттеулер.
Орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының еңбектерімен қатар Қазақ даласындағы оқу-ағарту жүйесі жөніндегі мәліметтерді қазақ ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбаевтардың (1845-1904) еңбектерінен де кездестіре аламыз. Қазақ халқының мәдениеті мен ағартушылығын дамытуға көп үлес қосқан ағартушы-демократ Ш. Уәлиханов болатын, ол Қазақстан мен Орта Азия халықтарының артта қалуының басты себебі монархиялық тәртіп пен ислам діні деп түсінді, бұқара халықтың аяусыз қаналып отырғанын көре білді, халықтың тілегімен санасып, мүддесін қорғады, сонымен қатар Қазақ даласындағы басқарушылық тәртіптің өзгеруін қалаған еді. Ол «Қырдағы мұсылмандық туралы» атты очеркінде ислам дінін қатал сынға алып, жалпы дін атаулының білім мен ғылымға, мәдениеттің дамуына кедергі келтіретінін айтып, тоқырау мен құлдыраудың себебі болған, халықтың басын айналдырып, санасын улаған дінді орта ғасырлық идеология деп санады.
1. 3 Ағартушылардың пікірі мен көзқарасы
Шоқан Уәлихановтың ағартушылық көзқарастарын одан әрі дамытқан педагог Ы. Алтынсарин болды. Жаппай қазақтардың білім алуының ауадай қажеттігін түсінген ол, Қазақ даласында зайырлы білім беру үшін күресті. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақ даласындағы мұсылмандық мектептердің артта қалушылығын сынап, діни догмамен шектелген қарапайым білім берудің орнына жаңа үлгідегі ағартушылықтың негізін қалады. Дегенмен жаңа әдісті мектептерде барлық пәндерге қосымша діни білім де оқытылды, өйткені бұл кезеңде жәдидшілдіктің Қазақ даласына ықпалы болып, ол Ы. Алтынсаринге де өз әсерін тигізді. Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің негізін салушы, алғашқы қазақ әліпбиінің авторы және қазақ тіліндегі алғашқы оқу құралы «Қырғыз хрестоматиясын» жазды. Сонымен қатар, революцияға дейін осы тақырып турасында зерттеулер жүргізіп еңбек қалдырған бірнеше авторлар бар. Бірақ, Орта Азия зерттеушілерінің еңбектері бізден гөрі біршама жарыққа көптеп шыққан болатын. Ал Кеңестік кезеңде жәдидтік қозғалысқа арналған іргелі еңбектер аз, жоқтың қасы. Себебі, тоталитарлық жүйе ислам дінінің негізі бір Құдайға сену догмасына түбегейлі қарсы болды, оның орнына бір партиялық жүйе, көсемдік басшылық насихатталды. Алайда, ХХ ғ. бас кезінде жәдидтік қозғалысқа ерген қазақ зиялылары анық басып айтпаса да, ғылым мен діннің жаңа формада үйлесуін қолдап, қазақ жастарын озық ғылым-білім жетістіктерімен сусындауына үгіттеді.
ХХ ғасырдың 1920-30-шы жылдары жәдидшілдік тарихын негізінен жәдидшілдердің өздері жазған. Солардың қатарында Орта Азиялық жәдидтік өкілдері Садриддин Айни (1878-1954) мен Файзулла Ходжаевтардың 1896-1938ж еңбектерін атауға болады. Олар, өз еңбектерінде негізінен Бұқара әмірлігіндегі жәдидшілдікті қарастырып, оны бастапқыда мәдени-ағартушылық демократиялық қозғалыс десе, кейіннен таптық тұрғыда ұлттық буржуазиялық қозғалыс деп көрсеткен. Еңбектерінде Орта Азиялық жәдидтердің Түркістан өлкесі құрамындағы туыстас қазақ жәдидтерімен патшалық биліктің отаршылдық саясатына қарсы күресте бірігіп әрекет жасағаны баяндалады. Қазақ ұлтынан ағартушылық туралы ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында зерттеу жүргізген еңбек авторлары белгілі ұлт зиялылары С. Асфендияров (1889-1938) пен М. Тынышбаевтар (1879-1937) болды. Олар білім беру саласындағы патша өкіметінің отарлық саясатын әшкерелеп жазды, нәтижесінде репрессияға ұшырап, еңбектері ғылыми айналымнан алынып тасталды.
Бұдан кейін тақырыпқа қатысты зерттеулер біраз уақытқа тоқтап қалды. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін бұрын жабық күйде қалған көптеген ұлттық мәселелерімізді көтеріп, құлдық сананың орнына азаттық көзқараспен қайта қарап, талдауға мүмкіндік алдық. Соның нәтижесінде қалыс қалған Қазақстандағы жәдидтік қозғалысы тарихы да қолға алына бастады. Көптеген мақалалар шығып, диссертациялар қорғалды. Мысалы, тарихшы Н. Д. Нұртазина Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. бас кезеңіндегі рухани дамуын қарастырған кандидаттық диссертациясында, Ресейдің түркі-мұсылман қауымын түгелдей дерлік қамтыған жəдидшілдіктің əр аймақтағы ерекшелігіне тоқталған. Қазақстандағы жəдидтік қозғалыс буржуазиялық-реформаторлық сипатта көрініс тауып, негізгі мақсаты қоғамды жаңғырту мен патшалық отарлық езгіден құтқару болды және ұлт зиялылары отарлық езгіден құтылудың жалғыз жолы заң аясынан шықпай халықтың діни-рухани өміріне ықпал етіп, мұсылман бірлігі идеясы аясында қарсы тұру еді деп түсінеді.
1. 4 Жәдидтік қозғалыс
Ресей империясының ислам дініне қарсы саясаты, орыс мектептерін ашып орыстандыру мәселесі, қазақ балаларына арналған мектеп-медреселер туралы, қазақ-татар зиялыларының өзара байланыстары жөнінде қорғалған диссертациялар көптеп кездеседі.
Жәдидшілдік - ұлттық рухани серпілу негізі деп есептейтін белгілі филолог Дихан Қамзабекұлы: «Біздің ұғымымызша, жәдидшілдік - Ресей империясының мұсылман аймақтарына ортақ дәстүр мен жаңашылдықтың синтезді құбылысы. Оны қарапайым тілге аударсақ «жаңару», «елдікті сақтау үшін жаңа бағыт ұстау» дегенге саяр еді», - деп пайымдайды. Ғалымның пікірінше, жәдидшілдік - бірыңғай саяси сипатты қозғалыс емес, ол - ағарту ісі мен руханиятты тұтастай қамтыған идеялық негізі бар концепция, әрі ағым болған және қозғалыстың дамуы біртекті болмаған. ХХ ғасырдың 10-шы жылдары ол Қазақстанда - Алаш, Әзірбайжанда - мусават, Қырымда - милли-фирк, Татарстанда - иттифак әл-муслимин, Өзбекстанда «жадидизм» атауымен дамыған. Қазақ даласындағы жәдидшілдік екі асудан, біріншісі, 1890-1911 жылдар - үйрену, тәжірибе жинау шағы. Ал, екіншісі, 1911-1920 жылдар - жәдидшілдік кең өріс алып, Алаш қозғалысына ұласу шағы деп көрсетеді.
Жәдидшілдер мен «Иттифак әл-муслимин» бағдарламалық құжаттарындағы ұлттық идея мәселесін қарастырған А. А. Кульшанова өзінің «Парадигмы советской национальной политики в Казахстане в период становления тоталитарного государства (1917-1936 гг. ) » деген монографиясында жәдидшілдердің қызметіне тоқталған. Ғалымның пікірінше, жәдидтердің қызметі қоғамдық-саяси ойдың дамуына әсер етіп, ұлттық, либералдық идеологияның қалыптасуында маңызды орын алған. Сонымен қатар, ұлттық интеллигенцияның идеологиялық және әлеуметтік-тәжірибелік қызметінде саяси бағдардың күшеюінен жәдидтер мәдени-ағартушылықты жақтаушылар, қоғамдық-саяси институттарды реформалаушылар және отаршылдық бұғауына қарсылар деп жіктелгенін атап өтеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1) Васильев В. В. Торғай облысындағы орыс біліміндегі тарихи очерктер, 1896ж
2) Асфендияров С. Қазақстан тарихы. Алма-Ата, 1993ж
3) Тынышпаев М. Қазақ халқының тарихы. Алматы, 1998ж
4) Қамзабекұлы Д. Жәдитшілдік - ұлттық рухани серпілу негізі, 2008
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
I тарау.
1. 1 Орыстандыру саясаты.
1. 2 Оқу - ағарту жүйесі
1. 3 Ағартушылардың пікірі мен көзқарасы
1. 4 Жәдидтік қозғалыс
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz