Құқық бұзушылық
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 бөлім. Құқық бұзушылықтың қоғамда алатын орны
1.1. Құқық бұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері, түсінігі ... ... ... ...5
1.2 Құқық бұзушылық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
ІІ. Құқық бұзушылық себептері және оны алдын алу шаралары
2.1. Құқықбұзушылықтың себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2. Құқықбұзушылықтың алдын алу және құқықбұзушылық жауапкершілігінің ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Құқық бұзушылық – қоғамға, мемлекетке, тұлғаға қауіпті зиян келтіретін, қоғамға жат іс-әрекет. Құқық бұзушылық түрлері: азаматтық Құқық бұзушылық (жеке адамға, азаматтың не ұйымның мүлкіне зиян келтіру), әкімшілік Құқық бұзушылық (мысалы, жол қозғалысының ережелерін бұзу), тәртіптік теріс қылық (жұмысқа келмеу), т.б. Құқық бұзушылықтың ең қауіпті түрі – қылмыс. Құқық бұзушылық заң бойынша тиісінше азаматтық, әкімш., тәртіптік, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Құқық бұзушылық пен заңдық жауапкершілік туралы көптеген мақала, басылымдар, монографияларда жарияланған. Бірақ та бұл мәселе төнірегінде бірнеше жылдар қатарынан әртүрлі пікір талас болып пән бойынша бір тоқтамға келе алмауда.
Бұрыңғы ерте заманда, яғни ерте таптық қоғамда құқық пайда болып және оның ажырамас серігі құқықбұзушылық пайда болғаннан бері, теориялық құқықтық ілімде құқықбұзушылықтың себебі неде, соның ішінде қоғамға ерекше қауіпті түрі қылмыстың себебі неде деген сұраққа жауап іздеуде. Не себепті құқық, құқықтық принциптер, ережелерді бұзатын мінез құлық (әрекет немесе әрекетсіздік) пайда болды? Қоғам өмірне қауіпті құқық бұзушылықтың болмауын тоқтау үшін не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап бірнеше жүз жылдықтармен жүргізілуде, бірақ қазіргі таңда бұл сұрақ өз жауабын тапты деуге болады.
Мемлекет және құқық теориясы методологиялық ғылым бола тұра кейбір зерттеу жұмыстарыменде айналысады, соның ішінде заңдық жауапкершілік пен құқық бұзушылықты мәселелерінде зерттейді.
Сондықтанда дипломдық жұмыста мемлекет және құқық теориясы қарастыратын ұғымдар, принциптер қарастырылады. Заңдық жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері тақырыбы бойынша мақала, монография және басылымдарды сонымен қатар әртүрлі оқу әдебиеттеріндег

1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына «Қазақстан-2030» Жолдауы.
3. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі. 2000 жылдың 1 сәуіріне дейінгі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Алматы // Жеті Жарғы.
4. ҚР азаматтық құқығы. Ғ.Төлеуғалиев, І том. Алматы 2001 ж.
5. ҚР Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім 1995 ж. 1 наурыз).
6. ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 6 қаулысы «Азамматтардың және ұйымдардың ар-намысын және абыройын қорғау» 18 желтоқсан 1992 ж.
7. ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңы 1997 ж., 17 сәуір.
8. Зайцев И.М. Гражданская процессуальная ответственность // Государство и право. 1999 г. 7.
9. Колосов Ю.М. Ответственность в международном праве. М., 1975 г.
10. Колосова Н.М. Конституционная ответственность самостоятельный вид юридической ответственности // Государство и право. 1997 г. 2.
11. Козлов Административное право. Учебник для вузов. Юрист, 1999 г.
12. Лейст О.Э. Санкции в советском праве. М., 1962 г.
13. Кудрявцев В.Н. Закон, проступок, ответственность. М., 1986 г.
14. Липинский Д.А. Формы реализации юридической ответственности.
15. Лазарев В.В. Общая теория государства и права. М., 1996 г.
16. Маркс К. Энгельс Ф. Сочинение т.1
17. Матузов Н.И., Малько А.В. Теория государства и права М., 1997 г.
18. Мамени Н.С. Правонарушение: понятие причины,
ответственность. М., 1985 г.
19. Малаш Т.А. Принцип неотвратимости юридической ответственности. Учебное пособие. М., 1999 г.
20. Мальков В.П. Субъективные основания уголовной ответственности //Государство и право. 1995 г. 1.
21. Студиникина М.С. Что такое административная ответственность?
М., 1990 г.
22. Сомощенко И.С. Сущность юридической ответственности в советском обществе. М., 1974 г.
23. Тархов В. А. Гражданские права и ответственность. Уфа, 1996 г.
24. Шон Д.Т. Конституционная ответственность // Государство
и право. 1995 г.
25. Яковлев А.Н. Понятие правонарушения по советскому
законодательству. М., 1963 г.
26. Всеобщая декларация прав человека 1948 г; Международный пакт об экономических, социальных и культурных правах и Международный пакт о гражданских и политических правах 1966 г.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 бөлім. Құқық бұзушылықтың қоғамда алатын орны
1.1. Құқық бұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері,
түсінігі ... ... ... ...5
1.2 Құқық бұзушылық
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..7
ІІ. Құқық бұзушылық себептері және оны алдын алу шаралары
2.1. Құқықбұзушылықтың
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
18
2.2. Құқықбұзушылықтың алдын алу және құқықбұзушылық жауапкершілігінің
ұғымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...28
Кіріспе
Құқық бұзушылық – қоғамға, мемлекетке, тұлғаға қауіпті зиян
келтіретін, қоғамға жат іс-әрекет. Құқық бұзушылық түрлері: азаматтық Құқық
бұзушылық (жеке адамға, азаматтың не ұйымның мүлкіне зиян келтіру),
әкімшілік Құқық бұзушылық (мысалы, жол қозғалысының ережелерін бұзу),
тәртіптік теріс қылық (жұмысқа келмеу), т.б. Құқық бұзушылықтың ең қауіпті
түрі – қылмыс. Құқық бұзушылық заң бойынша тиісінше азаматтық, әкімш.,
тәртіптік, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Құқық бұзушылық пен заңдық жауапкершілік туралы көптеген мақала,
басылымдар, монографияларда жарияланған. Бірақ та бұл мәселе төнірегінде
бірнеше жылдар қатарынан әртүрлі пікір талас болып пән бойынша бір тоқтамға
келе алмауда.
Бұрыңғы ерте заманда, яғни ерте таптық қоғамда құқық пайда болып және
оның ажырамас серігі құқықбұзушылық пайда болғаннан бері, теориялық
құқықтық ілімде құқықбұзушылықтың себебі неде, соның ішінде қоғамға ерекше
қауіпті түрі қылмыстың себебі неде деген сұраққа жауап іздеуде. Не себепті
құқық, құқықтық принциптер, ережелерді бұзатын мінез құлық (әрекет немесе
әрекетсіздік) пайда болды? Қоғам өмірне қауіпті құқық бұзушылықтың болмауын
тоқтау үшін не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап бірнеше жүз жылдықтармен
жүргізілуде, бірақ қазіргі таңда бұл сұрақ өз жауабын тапты деуге болады.
Мемлекет және құқық теориясы методологиялық ғылым бола тұра кейбір
зерттеу жұмыстарыменде айналысады, соның ішінде заңдық жауапкершілік пен
құқық бұзушылықты мәселелерінде зерттейді.
Сондықтанда дипломдық жұмыста мемлекет және құқық теориясы
қарастыратын ұғымдар, принциптер қарастырылады. Заңдық жауапкершілік ұғымы,
белгілері және олардың түрлері тақырыбы бойынша мақала, монография және
басылымдарды сонымен қатар әртүрлі оқу әдебиеттеріндегі қайнар көздерді
оқу, тақырыптың мазмұнын ашып зерттеуде анағұрлым толықтай зерттеуге үлкен
мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Заңдық жауапкершілік және олардың түрлері, ұғымы және түсінігі
тақырыбы бойынша жеке зерттеу. Құқық бұзушылық профилактика мәселесі
бойынша жаңа бағыттар жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Құқық бұзушылықтың қоғамда алатын орны, құқық бұзушылықтың құрылымы
мен негізгі белгілері, түсінігі және құқық бұзушылық түрлері туралы түсінік
беру.

1.1. Құқық бұзушылықтың құрылымы мен негізгі
белгілері, түсінігі
Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық сипат
ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді.
Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары
себептерінің әртүрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік
құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие.
Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы
қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға
зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі
еткен құқық бұзушылыққа ұласады.
Құқық бұзушылық аса маңызды белгілер қатарына ие, олардың ішіндегі ең
негізгілеріне мыналар жатады:
1.Кез-келген құқық бұзушылық - бұл адамның саналы және еркінмен үнемі
бақылау астындағы әрқашан анықталған әрекет немесе әрекетсіздігінде
көрінетін еркіті, кінәлі әрекеті. Құқық бұзушылық белгілері саласында
қарастырыла алмайды, мысалы, мінез-құлқы, адамның жеке саласы немесе ой
образы. Дегенмен, егер олар нақты құқыққа қарсы әрекеттерде-әрекет немесе
әрекетсіздікте пайда болса, онда бұл жағдайда заңдық іздестіру басталады.
Сот пікір шеңбері - ой, саяси, діни немесе басқа да көзқарасы үшін
жазалай алмайды. Карл Маркс осымен байланысты осы сияқты басты белгілерде
әрекет етпейтін заңдар, әрекет етуші ойының образын, - бұл заңсыздықтың
позитивті санкциясы сияқты басқа ештеңе емес деген [?]. Бірақ та сот нақты
іс бойынша шешім шығара отырып құқыққа қарсы әрекетін жазалауы мүмкін және
жазалайды.
2.Құқыққа қарсылық - құқық бұзушылықтың аса басты белгісі. Барлық
әрекеттерде немесе әрекетсіздікте құқық бұзушылық болмайды. Ол тек құқық
бұйрығына іске асады.
Құқық бұзушылықтың субьективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық
белгілері: кінә, ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы құқық
бұзушылық істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-
дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара
байланысын бейнелеп береді.
Кінә - бұл адамның қасақаналық пен немесе абайсызда істеген қоғамға
қауіпті іс - әрекетіне және қоғамға зиянды зардабына деген көзқарстарының
жиынтығының көрсеткіші.
Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті
және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана жауапқа тартылуы
тиіс.
Заңды жауапкершілікке негіз болып құқықбұзушылық танылады.
Бұл сұрақта міндетті түрде мазмұны мен категорияларын қарастыру қажет,
бұнда яғни заңды жауапкершілік, функциясы мен және заңды жауапкершіліктің
негізгі принциптері арасындағы байланысы қарастырылады.
1.2 Құқық бұзушылық түрлері
Кейбір сипатына қарай құқық бұзушылықтар жалпы бірдей болғанмен , олар
өте әртүрлі болып келеді. Бұл әлеуметтік қатынастардың әртүрлі мазмұнымен,
субьектілердің көп жақтылығымен, жасау мақсатымен, өмірдегі жағдайлармен
және т.б.анықталады.
Осындай кең ауқымды құқық бұзу актілері оларды әртүрлі бөлімдерге
жіктеуіне әкеледі.
Қоғамдық өмірге байланысты оларды:
➢ Экономикалық құқық бұзу;
➢ Басқару қызметінде құқық бұзу
➢ Отбасында тұрмыстық жағдайда құқық бұзу деп бөледі.
➢ Ал құқық бұзулық мақсаттарын:
➢ Белглі бір мақсатқа жету мақсатында құқық бұзу
➢ Бірнеше мақсатқа немесе мақсат қоймай құқық бұзу.
Ең көп тараған және әлеуметтік маңызды құқық бұзушылықтың әлеуметтік
қауіпсіздігіне (зардабына ) байланысты жіктелуі болып табылады. Бұл
жағдайда барлық құқық бұзушылықтар қылмыс және терісқылықтар болып
бөлінеді.
Қылмыстар қоғамға аса қауіптілігімен ерекшеленеді. Олар ең маңызды
қылмыстық заңмен жанасушылықтан қорғалатын құндылықтарына жанасады. Қылмыс
жасаудың обьектілері болып қоғамдық және мемлекеттік құрылыс, шаруашылық
жүйесі, әртүрлі жеке меншік және басқада азаматтар құқықтары (саяси, еңбек,
меншік) саналады.
Қоғамға қауіптілігіне байланысты қылмыс істегені үшін заң қатаң
жазалар қолданады. Қылмыстық заңмен қаралған қылмыстық істер басқа құқық
бұзуларға қарағанда талқыланып толық түсіндірілмейді. Процесс құрылымында
құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс өте маңызды элемент болып
табылады. Оны өкілетті субъектілердің әкімшілік жазаны қолдану бойынша
қызметі және осы кезд туындап әкімшілік құқық нормаларымен реттелген
қатынастардың жиынтығы ретінде де қарастыруға да болады.
Құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің міндеттері:
1) әрбір істің мән – жайларын өз уақытында, жан - жақты, толық және
әділетті түрде (объективті) айқындау;
2) оны заңнамамен нақты сәйкестендіре шешу;
3) шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету;
4) құқық бұзушылықты жасауға итермелеген, ықпал еткен себептер мен
жағдайларды анықтау;құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтарды заңдарды
сақтау рухында тәрбиелеу, заңдылық нығайту.
Жалпы құқық қолданушылық қызмет – ұсақ бөлімдердің жиынтығынан, іс
жүргізулерден, яғни іс жүргізулердің жиынтығынан тұрады.
Іс жүргізушілік дегеніміз – нақты жеке әікмшілік істерді қарайтын және
шешетін өкілетті субъектілердің нормативті реттелген әрекеттерінің тәртібі.
Әкімшілік процеске қатысушы азаматтар процесте оның тарабы болып
қатысуы мүмкін, сондай-ақ оның басқа да қатысушылары ретінде - сарапшы,
куә, процестің тараптарының құқықтарын қорғаушы болып қатысуы, яғни басқа
да азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың немесе мемлекеттің (заңды өкілдер,
қорғаушы, қоғам өкілдері, ұйымның әкімшілігінің өкілдері) мүдде-
макқсаттарын білдіруі мүмкін.
Процесте толық қанды субъектісі болып қатысу үшін азаматтың әкімшілік
құқық қабілеттілігімен тығыз байланысты әкімшілік процессуалдық құқық
қабілеттілігі болуы қажет. Сондықтан азамат, егер оның құқығын, міндетін,
заңмен қорғалатын мүддесіне қатысты жағдайдың бәрінде олар әкімшілік
процестің тарабы бола алады.
Процеске оның бір тарабы ретінде қатысатын азаматтардың әкімшілік-
процессуалдық статусы екі негізгі заңды белгілермен анықталады:
1) істің негізінде заңды мүдделі болуы;
2) азаматқа нақты әкімшілік іс бойынша қабылданған шешімнің барлық
құқықтың салдарлары таралады.
Әкімшілік процесте азаматтың жағдайы басқару аппатары мен жеке
азаматтың арасындағы өзара қатынастарының ерекшелігімен анықталады.
Атқарушы органдар, лауазымды тұлғалардың және ааматтардың арасындағы
қатынастар құқықтарын жүзеге асыру бойынша азаматтардың ынтасы бойынша
туындайды.
Азаматтардың міндеттерін орындауы бойынша қатынастар азаматтардың
өзінің ынтасы бойынша, сондай-ақ сәйкес атқарушы билік органдарының ынтасы
бойынша да қалыптасуы мүмкін.
Азаматтардың қатысуымен болатын іс жүргізудің ерекшелігі төменгі
басқару органдарын және лауазымды тұлғалардың шешімдері мен әрекеттерін
жоғары органдарға немесе сотқа шағым жасау кезінде кіргізу, сонымен қатар
қоғамның процестің барлық кезеңдеріне (стадияларына) белсенді қатысуы болып
табылады.
Істердің сипаты іс жүргізудің алдында тұрған нақты міндеттердің
ерекшелігін анықтайды, мысалы, әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтату, арыз
бойынша шешім қабылдау.
Құқық беруші әкімшілік процеске мынадай іс жүргізулердің түрлері
жатады:
- жеке құрамды жинақтау (әскери қызметке шақыру, ЖОО қабылдау);
- жекешелендіру;
- азаматтардың арыз, өтініштерін қарау;
- өнертапқыштық туралы істерді, патент туралы істерді;
- мемлекеттік және қоғамдық мұқтаждық үшін жерлерді алу;
- жер бөліктеріне иелік етуге, пайдалануға және азаматтар мен заңды
тұлғаларға жалға беру;
- тарату.
Іс жүргізуді сәйкес процестің құрамды бөлігі ретінде ғана қарастыруға
болмайды, сондай-ақ әкімшілік-процессуалдық құқықтың институты ретінде де
қарастыруға болады. Өзінің тұрғысынан алып қарағанда іс жүргізу дегеніміз –
нақты категориядағы істер бойынша құқық қолдануды реттейтін процессуалдық
нормалардың жиынтығы.
Құқық шығармашылық басқару процесіне қатысты мына кезеңдерді
(стадияларда) бөлуге болады:
1) актіні шығарудың қажеттілігін анықтау;
2) актінің жобасын дайындау;
3) басқару органының қарауына актінің жобасын шығару;
4) жобаны талқылау;
5) жоба бойынша шешім қабылдау;
6) қабылданған актіні жариялау.
Көптеген кезеңдерді (стадияларды) этаптарға бөлуге болады. Этап
дегеніміз – бұл қандай да кезең ішіндегі аралық мақсатты көздейтін
әрекеттердің жиынтығы. Мысалы,
а) азаматтардың шағым, арыздары бойынша іс жүргізуде істі қарау
кезеңінде (стадиясында):
- факт жүзіндегі жағдайды анықтау және зерттеу (тексеру);
- сәйкес материалдық-құқықтық нормаларды таңдау;
б) құқық шығармашылық басқару актісінің жобасын талқылау кезеңі
(стадиясы):
- барлық қатысушыларға онымен танысу үшін тапсыру;
- жобаға түзетулер енгізу;
- қажетті жағдайда, - сараптама.
Сонымен, процесс, оның іс жүргізулерінің 4 деңгейлік құрылымы болады:
әрекеттер-(этаптар)-кезеңдер (стадиялар)-іс жүргізу (процесс).
Құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу.Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу – бұл әкімшілік-юрисдикциялық
процестің құрамына кіреді және әкімшілік құқықтың материалды және
процессуалды нормаларымен толық көлемде реттелген. Қазақстан
Республикасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу
ҚР Құқық бұзушылық туралы Кодексімен реттеледі.
Заң құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде мынадай
міндеттерді жүктейді:
1) әрбір істің жағдайларын өз уақытында, жан-жақты, толық және әділ
анықтау;
2) істі заңға нақты сәйкестілікте шешу;
3) шығарған қаулылардың орындалуын қамтамасыз ету;
4) құқық бұзушылық жасауға себеп болған себептер мен жағдайларды
анықтау;
5) құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтарды заңдарды сақтау және
заңдылықты нығайту рухында тәрбиелеу.
6) құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде кейбір жалпы
юрисдикциялық қағидалар (жариялылық, тартыс, теңдік) толық көлемде жүзеге
асырылмайды, мысалы, іс бойынша ешкімді жабық отырыста және кең аудитоияда
емес жерде қабылдайды.
Кейбір жағдайларда, құқық бұзушылық туралы хаттама жазылмайды, ал
жаза құқық бұзушылық жасалған жерде салынады. Кейде істі қарауда тек бұзушы
мен іс бойынша қаулы қабылдаушы лауазымды тұлға және сол жерде орындаушы
ғана қатысады.
Тартыс қағидасына байланысты әкімшілік іс жүргізуде прокурордың,
адвокаттың қатысуы міндетті емес, құқық бұзушы әрқашанда қатыса бермейді,
ал айыппұл орынында салынатын кездерде тартыс мүлде жоқ.
Құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің 2 түрі бар:
- кәдімгі ( әдеттегі, қарапайым);
- жеңілдетілген (қысқартылған).
Кәдімгі іс жүргізушілік негізгі істерге тән заңмен егжей-тегжейлі
реттелген.
Жеңілдетілген іс жүргізушілік тәртіпте Кодексте тура қарастырылған
істер қарастырылады. Ол аз мөлшердегі процессуалдық әрекеттер мен олардың
шапшаңдығымен сипатталады.
Құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің кезеңдері (стадиялары)
:
І - құқық бұзушылық туралы істерді қозғау;
ІІ – істі қарау;
ІІІ - құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулы шығару;
ІУ – қабылданған шешімдерді орындау;
У – шешімге шағым беру.
1 стадия: әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау – іс
жүргізушіліктің бастапқы кезеңі болып табылады, өзінің нақты мақсаты және
процессуалдық ресімделуі бар. Осы кезеңнің мән-маңызы процессуалдық құжат
тудыру - әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы тудыру. Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы істі қозғаудың негізі – тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық
жасауы. Әрбір құқық бұзушылыққа заңға сәйкес айыппұл салынады және
төлеттіреді, ал ескерту құқық бұзушылық істеген жерде тіркеледі және осыған
өкілетті лауазымды тұлға жазуы қажет.
Істі қозғау нақты әкімшілік-процессуалдық қатынас тудыруға әкеп
соғады, ол жасалған құқық бұзушылықты ашудың және оны процессуалдық
рәсімдеудің салдары болып табылады.
Сөйтіп, іс бойынша іс жүргізуді бастаудың материалдық негізі болып
тұлғаның әрекетінде әкімшілік заңмен қарастырылған құқық бұзушылық
құрамының болуы.
Құқық бұзушылық туралы істі қозғау туралы хаттаманы жазуға Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы Кодексте белгіленген өкілетті тұлғалар құқылы (ІІО
лауазымды тұлғалары, атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары, жол
полициясының органдарының лауазымды тұлғалары, мемлекеттік қалалық техника
қадағалау органдарының лауазымды тұлғалары).
Құқық бұзушылық туралы хаттаманың мазмұнына заң нақты талаптар
белгілеген. Онда міндетті түрде көрсетілуі қажет: жазылған күні және орны,
хаттама жазған тұлғаның аты-жөні, әкімшілік құқық бұзушылық орны, уақыты
және мәнісі; соны жасағаны үшін жауапкершілік қарастыратын нормативтік акт;
куәлар, істі шешу үшін қажетті өзге де мағлұматтар.
Хаттамаға оны толтырған немесе жазған тұлға, құқық бұзушы, егер куә
мен жәбірленуші болса, солар қол қояды. Құқық бұзушылық істеген адам өзінің
түсінігін беруге құқылы және ол хаттамаға қосымша болуы қажет.
Іс жүргізуді одан кейін өте тиімді, әділ және заңды түрде жүргізу үшін
хаттамада айғақтар тіркеледі (айғақ дегеніміз – кез келген факт жүзіндегі
мәліметтер, соның негізінде заңмен белгіленген тәртіпте өкілетті органдар
істі қарайды, берілген тұлғаның істеген ісінде құқық бұзушылық, кінәлілік
бар ма, жоқ па соны анықтайды және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де
жеғдайлар бар ма, жоқ па соны анықтайды.)
Хаттама бірден құқық бұзушылық туралы істі жүргізетін өкілетті органға
жіберіледі.
Кейбір жағдайда заңмен тура қарастырылған жағдайда хаттама толтыру,
жазу міндетті емес, мысалы, егер тұлға теміржол көлігінде жол жүру тәртібі
мен қауіпсіздігін сақтау және қорғау бойынша ережені бұзғанда, әуе
кемесінің тәртіп ережесін бұзғанда тұлғаға осыны істегені үшін әкімшілік
жазаға тартқанда дауласпаса хаттама жазылмайды, сонымен қатар өзге де
жағдайларда айыппұл салынып және төлеттіріп алынса, ал ескерту құқық
бұзушылық істелген жерде тіркеледі.
Құқық бұзушылық туралы істерді қозғау кезңінде құқық бұзушыға қажетті
жағдайда мына әкімшілік бұлтартпау шаралары қолданылуы мүмкін: тұлғаны
әкімшілік ұстау, жеке басын тексеру, қарау, заттарды қарау, тексеру,
заттарды және құжаттарын алу.
Аталған шараларды істеудің мақсаты: әкімшілік құқық бұзушылықты
тоқтату, хаттама толтыру, жазу, істі уақтылы және дұрыс қарау.
Жеке басын тексеру, қарау және заттарды тексеру тек осыған өкілетті
лауазымды тұлғалар жүргізуі қажет. Жеке басын тінтіп, қарау қаралушы,
тексерушілермен бірдей жыныстағы өкілетті тұлға және сол жыныстағы 2 куә
болған жағдайда жүргізуге құқылы.
Заттарды, багажды, аңшылық құралдарын және басқа да қралдарды тексеру,
қарау, тінту қандай адамның меншігінде немесе иелігінде болса, сол тұлғаның
қатысуымен жүргізілуі қажет, ал оның орынды жағдайда бола алмайтын кезде
заттары 2 куәнің қатысуымен ол жоқта тексеріледі, тінті жүргізіледі.
Заттар мен құжаттарды алу тек мына жағдайда ғана қолданылады, егер,
біріншіден, құқық бұзушылықтың құралы немесе объектісі болып табылса;
екіншіден, ұстаған кезде, жеке басын тінткенде немесе заттарын тінтуде
алынса.
Алуды өкілетті органдардың лауазымды тұлғалары жүргізеді. Осы органдар
алынған аттар мен құжаттарды істі қарағанға дейін сақталуын қамтамасыз
етеді. Істі қарағаннан кейін алынғандар белгілеген тәртіпте тәркіленеді
немесе иесіне қайтарылады, немесе жойылады.
Барлық жағдайда жоғарыда аталған бұлтартпау шараларын қолданғанда
лауазымды тұлға хаттама жазуы қажет немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы
хаттамаға сәйкес жазулар жасалынуы тиіс.
Айта кететін жай, бұлтартпау шараларын қолдану міндетті емес, бұл тек
сәйкес құзырлы органның міндеті емес, құқығы болып табылады.
2 стадия - құқық бұзушылық туралы істерді қарау - әкімшілік іс
жүргізушіліктің негізгі кезеңі, бұнда процессуалдық қызметтің осы түріне
барлық ерекшеліктері, негізгі белгілері білінеді.
Құқық бұзушылық туралы істерді қарауға мына органдар мен лауазымды
тұлғалар құқылы:
1) әкімшілік комиссия (заңға сйкес өзге органдардың құзырлығына
берілген істерден басқа, барлық істерді шешеді);
2) поселок, село, ауыл әкімшілігінің басшысы;
3) кәмелетке жасы толмағандардың істері бойынша комиссия (кәмелетке
жасы толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді);
4) аудандық (қалалық) соттар, судьлар;
5) ІІО;
6) әкімшілік қадағалау функцияларын жүзеге асыратын органдар мен
лауазымды тұлғалар (өрт қауіпсіздігін қадағалайтын мемлекеттік органдар,
жол полициясы, жер қойнауын қорғау және геология Министрлігінің органдары,
Ұлттық патенттік ведомства органдары, орман шаруашылығы органдары,
мемлекеттік статистика органдары, мемлекеттік сәулет-қала салу органдары)
Құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысатын
тұлғалардың құқықтық мәртебесі заңмен белгіленген. Оларға мына тұлғалар
жатады: әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға, жәбірленуші, заңды
өкілдер, адвокат, куә, сарапшы, тілмаш. Прокурордың қатысуы міндетті емес.
Құзырлы орган іс бойынша айғақтарды құқық бұзушылық жасаған фактіні,
бұнда нақты тұлғаның кіәсін анықтау үшін, басқа да істі дұрыс қарау үшін
маңызды жағдайды белгілеу үшін толық, жан-жақты , әділ бағалауы қажет.
Айғақтар:
- құқық бұзушылық туралы хаттама;
- құқық бұзушылық істегені үщін жауапқа тартылған тұлғаның түсінігі;
- куәлардың мәліметтері;
- жәбірленушінің мәліметі;
- сарапшының қорытындысы;
- заттық айғақтар;
- әкімшілік бұлтартпау шараларын қолдану туралы хаттама.
Құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істің өзге де материалдарын
өкілетті орган алған күннен бастап істі қарау үшін жалпы мерзім – 15 күн
беріледі. Істердің кейбір категориялары бойынша қараудың қысқартылған
мерзімдері де қарастырылған:
А) ұсақ бұзақылық, спирт ішімдіктерін ішкені немесе қоғамдық орындарда
мас күйінде болғаны туралы істерді – 1 тәулік ішінде қарау мерзімі;
Б) радиоқабылдағыш құралдарды рұқсатсыз жасау және пайдалану туралы
істерді – 3 тәулік ішінде;
В) ұсақ ұрлықтар – 5 күн ішінде.
Құзырлы орган бірқатар сұрақтарды шешу кезінде істі дайындаудың
маңызды мәні бар: берілген істі қарау осы органның құзырлығына жата ма?
құқық бұзушылық туралы істердің хаттамасы және өзге де материалдар дұрыс
жазылған ба; барлық қажетті материалдар жинақталған ба; іске қатысушы
тұлғалардың өтініштерінқанағаттандыруға жата ма; барлық қптысушы тұлғаларды
істі қараудың уақыты мен орны туралы хабардар етеді.
Құқық бұзушылық туралы істерді қараудың мынадай тәртібі белгіленген:
1) берілген істі қарайтын органның құрамын немесе лауазымды тұлғаны
ұсынуды хабарлау (жариялау);
2) төрағалық етуші, қандай іс тыңдалады, жауапкершілікке кім тартылады
– соны жариялайды, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz