Заманауи оқыту технологияларының түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

Заманауи оқыту технологияларын кәсіптік-техникалық колледждің оқу процесіне ендіру жолдары

Кіріспе
8
Кіріспе:

1 Колледждің білім беру процесінде оқытудың заманауи технологияларын теориялық негіздеу

1. 1Заманауи оқыту технологиясы түсінігі және негізгі мәні

8:

10

10

Кіріспе: 1. 2 Заманауи оқыту технологияларының түрлері
8: 16
Кіріспе: 1. 3 Кәсіби білім беруде дуалды оқыту жүйесін енгізу мәселелері
8: 31
Кіріспе: 1. 4 Дамыған елдердегі кәсіптік білім берудің дамуы
8: 41
Кіріспе: 2 Колледждің оқу процесінде «Жол қозғалысының ережелері мен қауіпсіздігі» пәнінің әдістемесі
8: 46
Кіріспе:

2. 1 «Жол қозғалысының ережелері мен қауіпсіздігі» пәнінің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

2. 2 «Жалпы ережелер. Негізгі түсініктер мен терминдер» тақырыбының дайындамасы

2. 3 «Жүргізушілердің жалпы міндетерімен жаяу жүргіншілердің міндеттері» тақырыбының дайындамасы

2. 4 «Бағдаршамның және реттеушінің сигналдары» тақырыбының дайындамасы

8:

46

48

53

58

Кіріспе: 3«Техникалық және кәсіптік білім берудегі заманауи технологиялар» электрондық оқулығының тиімділігі
8: 64
Кіріспе: 3. 1 Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар
8: 64
Кіріспе: 3. 2«Техникалық және кәсіптік білім берудегі заманауи технологиялар» электрондық оқулығын пайдалану
8: 66
Кіріспе: 4 Еңбек қорғау
8: 68
Кіріспе: 4. 1 Зияндыжәне қауіпті өндірістік факторларды саралау
8: 68
Кіріспе: 4. 2Шаң тозаңның пайда болу жолдары және оның азайтуынақолданылатын шаралар
8: 72
Кіріспе: 4. 3 Шаң тозаңды есептеу
8: 74
Кіріспе: 4. 4Өрт қауіпсіздігі
8: 77
Кіріспе:
8: Қорытынды
80
Кіріспе:
8: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
81

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері ауқымының жедел қарқынмен өсуіне байланысты техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда сапалы ұмтылыстың қажеттілігі туындап отыр.

Осыған байланысты елімізде заман талабына сай білімді, озық технологияларды жетік меңгерген, кәсіби білікті жұмысшы мамандар даярлауда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында үлкен міндеттер мен талаптар жүктеліп отырғаны белгілі.

Соңғы кезде индустриялы - инновациялық даму бағдарламасымен кәсіптік - техникалық білім беру жүйесі бірте - бірте жетілдіріліп келетінін айтып кеткен жөн.

Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту бағдарламасындағы басты міндет - еліміздің экономикасына құзіреттілігі жоғары, бәсекеге қабілетті және оқуын жалғастыруға білімі жеткілікті мамандар даярлау [1] .

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Стратегиясы - 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсы» атты Қазақстан Халқына Жолдауында «Кәсіптік-техникалық білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет» деп анық көрсетті[2] .

Сондай-ақ, Елбасы өзінің«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында еліміз дамыған 30 мемлекеттің құрамына ену үшін жеті бағыт бойынша жұмыс жасау керек екендігін тапсырған болатын. Оның ішінде алтыншы бағыт бойынша техникалық және кәсіптік білім беру саласында дуалды оқыту жүйесін енгізу керектігін қадап айтты [3] .

Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз процесі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру болып табылады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кезкелген пәнді ұғындырудың тиімді жолы - жаңа технология негіздері болып табылады.

Қазіргі заман педагогтары Б. Әбдікәрімов, М. С. Молдабекова, Т. С. Садықов, А. А. Саипов, Л. Х. Мажитова, Г. Ж. Меңлібекова, Е. Ө. Медеуов, Ж. Ж. Жаңабаев, А. А. Жолдасбеков, Ж. К. Оңалбек, С. С. Маусымбаев, А. М. Абдыров, Б. А. Оспанова, К. М. Беркімбаев және т. б. маманды даярлау үрдісінің психологиялық-педагогикалық негіздеріне, мамандықтың мәніне, өзіндік ерекшеліктері мен функцияларына тоқталады. Оның құрылымын негіздей отырып, маманның іс-әрекетінің кәсіби бағдарын, студенттердің шығармашылық және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсынған [4] .

Кәсіптік-техникалық білім жүйесіндегі оқу процесін басқару Б. К. Момынбаев, К. Ө. Өстеміров, оқу-өндірістік комбинатты, жастарға еңбек және экономикалық білім беруді басқару Қ. Ж. Аганина, А. М. Мүсілімов, Г. Т. Хайруллин және т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан [5] .

Қазіргі уақытта оқытудың инновациялық технологиялары В. В. Егоров, С. М. Ударцева, В. В. Готтинг, А. Ш. Манабаева және т. б. педагог ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш. Т. Таубаева, Н. Н. Нұрахметов, С. Н. Лактионова, Е. З. Батталханов, Қ. Қ. Қадашева, Т. О. Балықбаев, Ж. А. Қараев, Г. К. Нұрғалиева, К. Бұзаубақова, С. Д. Мұқанова, Н. И. Хван, Л. Е. Румянцева, З. У. Имжарова, М. М. Мұқаметқалиқызы және т. б. педагог ғалымдар зерттеген [5] .

Атап айтар болсақ, С. А. Көшімбетова оқу-тәрбие процесінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдалану, Қ. М. Нағымжанова бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру, Д. Р. Принбекова мектеп басқарушыларының инновациялық дайындығын негіздеп, кәсіптік ерекшеліктерін қалыптастыру мәселелерін қарастырған.

Сонымен қатар, Г. Д. Такенова колледжді менеджмент негізінде инновациялық басқарудың принциптері мен функцияларын қарастырған. Инновациялық басқарудың структуралық-функционалдық үлгісін айқындап, колледждің ішкі инновациялық басқару жүйесін қолдануы және көрсеткіштер бойынша колледж қызметінің тиімділігін арттыру арасында өзара байланысын дәлелдеген.

Педагогика ғылымының докторы, Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейліктапсырмалар дайындауға болады. Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен студенттердің өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді [5] .

Оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізудің негізгі өзекті мәселесі - ғылым негіздерін саналы түрде оқытушымен қатар түрлі педагогикалық-психологиялық әдістерді қолдана отырып мақсатты және жүйелі түрде жас жеткіншектердің интеллектілік, шығармашылық ойлауын дамыту, қазіргі өмір талабына сай экономикалық көзқарастары мен белсенділігін қалыптастыру. Оларды кәсіпке баулу, өзбетінше білім алу және еңбек ету дағдыларына негіз салу болып табылады.

Техникалық және кәсіптік колледждегі білім беру процесінде оқытудың заманауи технологияларды қолданудың түбегейлі түрде қарастырылмағаны және көтеріліп отырған мәселенің көкейтестілігі біздің зерттеу тақырыбымызды «Заманауи оқыту технологияларын кәсіптік-техникалық колледждің оқу процесіне ендіру жолдары» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің нысаны: техникалық және кәсіптік колледждердегі оқу процесіндегі заманауи технологиялар

Зерттеудің пәні: колледждің оқу процесінде заманауи технологияларды қолдану

Зерттеудің мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беретін колледждерде оқу процесіндезаманауи технологияларды қолдануды теориялық негіздеу және әдістемелік қамтамасыз ету.

Зерттеудің міндеттері:

- техникалық және кәсіптік білім беретін колледждердегі білім беру процесінде заманауи оқыту технологиясын қолданудың теориялық негіздерін анықтау;

- заманауи оқыту технологияларының түрлерін анықтау;

- кәсіби білім беруде дуалды оқыту жүйесін енгізу мәселелерін айқындау;

- «Техникалық және кәсіптік білім берудегі заманауи технологиялар» электрондық оқулығын әзірлеу;

- дуалды оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігін сауалнама жүргізу арқылы тексеруден өткізу.

Зерттеудің болжамы: егер техникалық және кәсіптік колледждегі білім беру процесінде оқу процесіне сәйкес заманауи оқыту технологиясын пайдаланудың ғылыми-педагогикалық негіздемесі жасалып, педагогикалық шарттары анықталса, онда колледжде арнайы пәндерді оқыту кәсіби білім берудің қазіргі талаптарына сай келіп, студенттердің кәсіпті меңгеруінің сапасы артады, жаңа педагогикалық технологияны пайдаланудың ғылыми әдістемелік жүйесі ұсынылады, білім мазмұнының күшті адамилық (гуманитаризация) сипат алады өйткені, техникалық және кәсіптік колледждегі студенттердің білім алуға деген қызығушылығы артып, бағдарлық, жүйелік инновациялық және іс-әрекеттік аспектілері жүзеге асады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізін: теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалар, философиялық ілімдер, әдістемелік қамтамасыз ету, жүйелілік теориясы туралы ілімдер құрайды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

1 Колледждерде студенттің болашақ кәсібіне әдістемелік дайындау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау арқылы, оны жетілдірудің мазмұнды сипаттамасы ұсынылды.

2 Колледждерде студентті кәсіпке даярлаудағы заманауи оқыту технологияларының мәні анықталды, оның өзіндік ерекшеліктері айқындалды.

3 Оқушыларға мамандықты игерудезаманауи оқыту технологияларының мүмкіндіктері анықталды және электрондық оқулығы әзірленді.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Колледждің білім беру процесінде оқытудың заманауи технологияларын теориялық негіздеу

1. 1 Заманауи оқыту технологиясы түсінігі және негізгі мәні

Қазіргі кезде Қазақстанда өзінің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға жақындататын білім берудің ұлттық моделі қалыптасуда.

Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты - ел экономикасының орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бұл бағдарламада ұлттық білім беру жүйесін түбегейлі жаңғырту мәселесі тұр [6] .

Алдағы уақытта білім беру мекемелерін оңтайландыру, іс жүзінде ескірген әдістемелерге негізделген оқу-тәрбие процесін жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, қазақстандық білім беру жүйесінде оқу процесінің тәжірибелік жағына және оқушылардың жеке ерекшеліктеріне көңіл бөліп, теория мен практиканы ұштастыра отырып дуалды кәсіби білім беру жүзеге асырылуда. Сондықтан білім ошақтарын заман талабына сай жетілдіріп, заманауи басқару жүйесін енгізудің мәні зор.

ҚР-ның «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; . . . оқытудың инновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді [7] .

Бұл міндеттерді шешу үшін білім беру ұжымдарының, әр оқытушының күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынастарға өту қажеттігі туындайды.

Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негізін меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі.

Инновация - ол тамыры тереңде жатқан термин, латын тілінің «жаңару», «өзгеру» сөдерімен баламаланып, «бұрын болмаған жаңалық», «қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі» деген түсініктерді білдіреді. Ал ағылшын тілінен аударғанда, «жаңалық енгізу», «жаңашылдық» деген ұғымды білдіреді. Инновация - құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен білім мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесінен пайда болады [8] .

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту процесін ұйымдастыру инновациялық педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал инновациялық педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.

Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай таңдап, тәжірибеде сынап байқаудың маңызы зор.

Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамуына мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты. "Білім беру технологиялары", "педагогикалық технология" терминімен қатар ''оқыту технологиялары" термині қолданылады. Оның біріншісі көлемді болып келеді. Өйткені, білім беру технологиясында оқушының, үйренушінің тұлғалық сапасын дамыту және құрумен байланысты болатын тәрбиелік аспекті бар [9] .

"Оқыту технологиясы - белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады", - деп С. Әбенбаев айта келіп, оның құрылымын төмендегідей етіп көрсетеді:

- оқытудың мақсаты;

- білім берудің мазмұны;

- педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту процесін ұйымдастыру;

- оқушы, оқытушы;

- әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі) .

Сонымен қатар, С. Әбенбаев нақтылы педагогикалық процесті талдап жүзеге асыруды " . . . оқыту технологиясын жобалау процесі деп атауға болады" деп айта келіп, оның құрылымын төмендегідей анықтайды:

- оқу жоспары және бағдарламасына сай оқытудың мазмұнын таңдау;

- оқытушы бағдарлай алатын оқытудың басымды мақсатын таңдау, яғни жобалау барысында білім алушыларда қандай кәсіптік және тұлғалық сапа қалыптасады, міне соны анықтау;

- мақсаттарға немесе басымды бір мақсатқа негізделіп оқыту технологиясын таңдау;

- оқыту технологиясын талдап жасау[10] .

Педагогикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес білім берудің қазіргі заманғы технологиясының нұсқауы, төмендегі принциптердің қатысуымен жасалуы тиістігі анықталуда:

- дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі;

- қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық ортада технологияларды қайта өндіру принципі;

- сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне әсер ететін факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының сызықтық емес принципі;

- оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оның танымдық қабілеттілігіне оқыту процесінің бейімделу принципі;

- біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу ақпараттарының потенциалды көп болу (артық болу) принципі [8] .

Педагогикалық технологияның міндеттері:

- әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылардың шыңдау, білімнің тереңдігін, беріктігін арттыру;

- мінез - құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттер мен формаларды нығайту және арттыру;

- технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуге үйрету;

- технологиялық ойлау дағдыларын дамыту;

- оқу міндеттері мен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық тәртіпке сай нақты әдеттерді тәрбиелеу [11] .

Педагогикалық технология әр түрлі жағдайлардағы нақты өзара іс-қимылдарды, жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер негізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы да ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің құрылымдарында оқытудың айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі. Болашақ маманға тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы - әлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір оқытушыға және оқушыға "оқыту" мен "үйрену" процестерін игеру үшін 3 тілді меңгеруі қажет: ана тілін, ғылым тілін және технология тілін. Сонымен технология көмегімен білімдерді, іскерлікті, дағдыларды игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. "Педагогикалық технология" оның ішінде "оқыту технологиясы" ұғымын анықтауда, басым көпшілік мамандар оларды үш маңызды жағдайлармен біріктіреді:

- іс-әрекетінің жиынтығы түріндегі қажет ететін үлгіні дәл анықтау негізінде оқытуды жоспарлау;

- оқытуды талап ететін әрекетті қалыптастыруды іріктеген қатаң тізбекті әрекеті түріндегі оқытудың барлық процесін "бағдарламалау".

- алғашқы белгіленген эталонмен оқытудың нәтижесін салыстыру. М. Чошанов оқыту технологиясы негізінен педагогикалық процестегі «Қалай нәтижелі етіп оқыту керек?» мәселесін шешуге бағытталатынын айтады. Оқыту технологиясы жөніндегі ой-пікірлерді саралай келе, біздер оны: біріншіден, оқытудың мақсатқа сәйкес нәтижесіне қол жеткізудегі нақты қадамдарды және олардың үйлесімділігін зерделейтін ғылым саласы; екіншіден, оқытудың нақты жағдайда нәтижелі жүзеге асырылуын белгілейтін жобалау немесе модельдеу; нақты оқыту процесін нәтижелі етіп оқытудағы процес деп білеміз.

Б. Қуанбаева өзінің зерттеуінде әдістемелік жүйені технологиялық негізде жетілдіруді төмендегідей дидактикалық талаптарының орындалу негізін белгілейді:

а) оқытудың мақсаты диагностикалық операционалды анықтаулы тиіс, яғни иерархиялық тізбек түрінде берілген мақсаттар таксономиясы құрылуы қажет;

ә) білім мазмұны мақсаттар таксономиясына сәйкес анықталып, оны анықтау принциптері ізгілендіру тұрғысында қайта қаралуы қажет;

б) оқытудың белсенді әдістерін басым түрде түрде пайдаланып, оқыту әдістерінің басты аспектілерін ескерілген үш деңгейлі моделі құрылып, кеңінен пайдалануы қажет;

в) оқытудың формасы оқушының жеке даму траекториясын, сондай-ақ педагогикалық жағдаяттарға сәйкес жеке, жұптық және топтық формалардың тиімді үйлесуін қамтамасыз ететіндей түрде жетілдіруі тиіс;

г) оқыту құралдарын жетілдіру компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды олардың дидактикалық мүмкіндіктері нақты анықталып, дәстүрлі құралдармен үйлесімді бірге пайдалануға бағытталуы қажет [12] .

Жалпы "Педагогикалық технология" түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, ол жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым стандартты емес ғылыми көріністерде ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыстарының өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді. В. П. Беспалько технологияны түсіну үшін ең алдымен педагогикалық іс-әрекеттің өндірушілік белгісіне көңіл аудару қажеттігіне зейін аударады, әлеуметтік тұрғыдан бұл белгі, технологияның басқа белгілерінен оның жалпылық сипатымен байланыстылығын сипаттайды.

Қазіргі білім беру технологияларын Г. К. Селевко технологияның классификациялық параметрлері тұрғысынан: қолдану деңгейі, негізгі дамыту факторы, меңгеру тұжырымы, жеке тұлғаның құрылымына бағдарлау, мазмұн сипаты, басқару типі, ұйымдастыру формалары, балаға ықпал ету тәсілдері, әдістердің басымдылығы, жетілдіру бағыттары, оқушылар категориялары бойынша нақтылап көрсетеді [13] .

Зерттеушілердің айтуынша, шетелде 70% студенттер білім алудың қашықтан оқыту түрін таңдайды. АҚШ - та 200 - ден астам университет және мыңдаған колледждерде электрондық оқыту дамыған, ал электрондық курстардың саны жыл сайын шамамен 30 - 40%- ға ұлғаю үстінде.

Дүниежүзі бойынша 100 миллионнан артық адам электронды түрде білім алады.

АҚШ -тың компанияларының қызметкерлеріне сауалнама жүргізу барысында электрондық оқыту туралы келесі нәтиже алынған:

- 87% - жұмыс уақыттарында оқығанды қалайды;

- 52% - арнайы компьютер сыныбында емес, өз жұмыс орындарында оқуды қалайды;

- 84% - оқуды қайтадан электрондық форма түрінде үйренгісі келеді;

- 38% - электрондық оқу формасымен салыстырғанда дәстүрлі түрдегі форманы қалайды [14] .

Біздің еліміз ақпараттық технологиялардың дамуы тұрғысынан дамыған мемлекеттерден артта қалғаны белгілі. Электронды білім берудің күн өткен сайын кеңейіп келе жатқан мүмкіндіктерін пайдалану бойынша да артта қалушылықты жедел басып өтуіміз керек. Бұл заман талабы және еліміздің әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің қажетті шарты.

Ол үшін әлемдік тәжірибелермен мұқият танысып, оны отандық білім жүйесіне лайықтау қажет.

Қазақстан Республикасы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену жолында. ХХІ ғасыр - білім мен ғылымның ғасыры. Біздің қоғамымыз белгілі ғылым және білім саласында талантты мамандарға және еліміздің жаңа белестерге көтерілуіне білімді азаматтар қажет екенін жақсы түсінеміз. Сол білімді азаматтарды тәрбиелеу - педагог мамандардың бірден-бір міндеті. Олармен жұмыста белгілі нәтижеге қол жеткізу-бүгінгі күннің алдындағы маңызды да өзекті мәселе болып қала бермек. Сондықтан студенттерге жоғары деңгейлі білім беруде педагог:

-ұйымдастырушылық;

-ақпараттық-коммуникативтік;

-педагогикалық-психологиялық;

- оқу процесін жаңаша жоспарлай білу сынды шеберлік критерийлерін ескеруі қажет [15] .

Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр:

- білім сапасын арттыру;

- әлемдік білім беру кеңістігіне ену;

- орта білімді ақпараттандыру;

- интернет жүйесін пайдалану;

- электрондық оқулықтар;

- қашықтықтан басқару.

Компьютерлік технологияны пайдалану мұғалімге оқушының оқу пәніне деген танымдық қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жаңа ақпараттық технология өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Олар төмендегідей:

- жобаның презентациясын жасау мен ұйымдастыру;

- ғылыми- көпшілік журналының сайтына кіру;

- әлемнің кез-келген еліндегі оқушылар мен еркін араласу;

- интернет- олимпиада мен шығармашылық байқауларға қатысу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бос уақыттың рекреациялық сауықтыру технологиясы
Шетел тілін оқытудағы жоба технологияларының әдістері
Жаңаша оқыту технологиялары
Жаңа ақпараттық технологияны оқу процесінде қолдану
Мектептің басқа пәндерінің арасында әдебиеттің орны қандай екенін анықтасақ
Қазіргі сабақтың педагогикалық ресурстары
Қазіргі заман оқыту технологияларының теория-әдіснамалық негіздері
Экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың ерекшеліктері
Дизайн технологиялары арқылы болашақ мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz