Студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

Колледж жағдайында студенттердің зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастыру

Нормативтік сілтемелер

  1. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 14 желтоқсан, 2012ж. http://www. akorda. kz
  2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Орталық Қазақстан, 27 желтоқсан, 2003 ж. - Б. 3-5.
  3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы// Орталық Қазақстан, 1 ақпан, 2010. - 7 б.
  4. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Орталық Қазақстан, 27 желтоқсан, 2003. - 4 б.
  5. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Алматы, 2010. 6 б.
  6. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы http://www. kau. kz
  7. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-бабы 25 - тармақшасы http://adilet. zan. kz
  8. ҚР Еңбек кодексі 15 мамыр 2007ж http://adilet. zan. kz
  9. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар http://www. akorda. kz

Қысқартулар

СҒЗЖ - студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары

ЖОО - жоғары оқу орны

ТҚК - техникалық қызмет көрсету

ОЖ - оқу жоспары

ТОЖ - типтік оқу жоспары


Мазмұны

Кіріспе
11
Кіріспе:
  1. Студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
11: 12
Кіріспе:
  1. Зерттеу туралы ұғым
11: 12
Кіріспе: 1. 2 Құзыреттілік, оның түрлері
11: 19
Кіріспе: 1. 3Студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру жолодары
11: 24
Кіріспе:
  1. Студенттердің зерттеушілік құзыреттілгін қалыптастырудың әдістемесі
11: 30
Кіріспе:
  1. Техникалық колледждердің оқу-әдістемесін ұйымдастыру бағыттары
11: 30
Кіріспе:
  1. Оқу жоспарына сипаттама
11: 32
Кіріспе:
  1. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
11: 33
Кіріспе:
  1. «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету» пәні бойынша сабақ дайындамалары
11: 35
Кіріспе:
  1. «Ғылыми-зерттеу әдістерін қолдану арқылы студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру» бойынш стенд жасау жолдары мен технологиясы
11: 51
Кіріспе:
  1. Оқу-тәрбие процесінде қолданылатын көрнекілік құралдар
11: 51
Кіріспе:
  1. «Ғылыми-зерттеу әдістерін қолдану арқылы студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру» стенд әзірлеу
11: 57
Кіріспе:
  1. Еңбек қорғау
11: 62
Кіріспе:
  1. Қауіпті және зиянды факторларды саралау
11: 62
Кіріспе:
  1. Шаң тозаңның шығу жолдары және онымен күресу
11: 66
Кіріспе:
  1. Шаң тозаңды есептеу
11: 68
Кіріспе:
  1. Өрт қауіпсіздігі
11: 72
Кіріспе: Қорытынды
11: 75
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
11: 76

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», - деп атап көрсетті. Сондықтан білім берудің мазмұнын жетілдіре отырып, үздіксіз білім беру арқылы оларды кәсіби тұрғыдан жан-жақты жетілдіру мәселесі бүгінде күн тәртібіне қойылып отырғанын көріп отырмыз. Бүгінгі күні «құзыреттілік» ұғымы оқыту үдерісінде білімді қолданудың негізгі нәтижесі ретінде қарастырылуда [1] .

«Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасында» қазіргі заманғы жоғары білімнің мақсаты мен басты стратегиялық бағдары айтылған, онда білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген [2] .

Студенттердің құзыреттілік деңгейін көтеру мәселелері Н. Хомский, Р. Уайт, Дж. Равен, Н. В. Кузьмина, А. К. Маркова, Т. А. Гудкова, Л. Н. Паламарчук, М. Жадрина, Т. А. Степанов, К. Г. Митрофанов, В. Шепель, И. А. Зимняя, Б. Кенжебеков, Г. Ниязова, К. М. Арапова, Б. Т. Барсай және т. б. еңбектерінде жан-жақты талқыланған.

Құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік туралы Б. Т. Кенжебеков, Г. Ж. Меңлибекова, А. Дорофеев, А. Б. Ежова, А. В. Райцев, Б. Б. Кенджаева, М. Ж. Жадрина, Г. Қасымова, Р. Даулетова және т. б. еңбектерінде қарастырады.

Студенттердің кәсіби құзыреттілігі олардың болашақ маман ретінде кәсіби даярлығының құрамдас бөлігі болатындығын Б. А. Оспанова, Б. Д. Сыдыков, И. Б. Сихимбаев, Б. Т. Кенжебеков, С. Т. Жарбулова, Б. А. Тойлыбаев, Ш. Таубаева және т. б. кәсіби білім берудің теориясы мен әдістемесі бойынша еңбектерінде қарастырған.

Жоғары оқу орнында студенттің болашақ кәсіби маман ретінде қалыптасуын зерттеуге деген қызығушылық үздіксіз арта түсуде, бұл мәселе студенттердің зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастыру барысында жүзеге асады. Студенттің өз мүмкіндігін шамалау мен нақты кәсіби жарамдылығының арасындағы қайшылық және зерттеушілік құзыреттілікті меңгеру үдерісі мен нәтижесінің практикада қолданылуының тұрақсыздығынан туындайтын қайшылықтар дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Колледж жағдайында студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру» деп таңдауымызға негіз болды

Дипломдық жұмыстың мақсаты: студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және жүзеге асыру.

Дипломдық жұмыстың нысаны: колледждің оқу процесі.

Дипломдық жұмыс пәні: студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру мазмұны мен мәні.

Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы: егер, колледж жағдайында студенттердің зертеушілік құзыреттіліктерін қалыптастырудың түрлерін, оны ұйымдастыру жолдарын саралап, педагогикалық үдерісте студенттердің белсенділігін арттыратын тиімді әдістер іріктеліп орынды қолданылса, онда студенттердің зерттеушілік құзыреттіліктері қалыптасады.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  1. студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздерін ашу;
  2. зерттеу ұғымын талдау;
  3. құзыреттілік және оның түрлерін талдау;
  4. студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру жолдарын айқындау;
  5. студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін талдау;
  6. техникалық колледждердің оқу процесіндегі әдістемесін ұйымдастыру бағыттарына талдау жасау;
  7. автокөлікті жөндеу пәнінің күнтізбелік-тақырыптық жоспары негізінде сабақ дайындамаларын жасау.

Дипломдық жұмыстың теориялық маңыздылығы:

  • «зерттеу» мен «құзыреттілік» ұғымдарына контент - талдау жасалды;
  • талдау негізінде құзыреттілік ұғымына анықтама берілді;
  • студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру жолдары анықталды;
  • сабақ дайындамалары жасалды;
  • «Ғылыми-зерттеу әдістерін қолдану арқылы студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбы бойынша стенд әзірленді.

Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелері мен қорытындылары, осы мәселе бойынша келешекте жүргізілетін ғылыми ізденістерге негіз болады; ұсынылып отырған сабақ дайындамалары мен стендті жоғары оқу орындары мен колледждерде студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруда пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыс кіріспе бөлімінен, төрт тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 Студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1 Зерттеу туралы ұғым

Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», - деп атап көрсетті [1] .

Қазіргі замандағы білім берудің негізгі мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, оңтайлы кәсіби маман дайындау.

Зерттеу әдістері - обьективті шындықты көріп, танып білу. Педагогика дамуындағы негізгі фактор оның үнемі толықтырылып отырылуында және зерттеу әдістерінің нақтылығында. Педагогика ғылымының жаңа тәсілдермен толықтырылуы басқа ғылымдармен тығыз байланысының арқасында. Зерттеу жұмыстарының педагогикамен байланысы үнемі, жоғары қарқынмен дамуда. XVIII ғасырдан бастап педагогика ғылымының мазмұны практикалық бақылау нәтижесінде теориялық тұжырымдармен толықты. Сол уақыттағы педагогикалық практиканың маңызды тұлғалары: Г. Песталоцци, А. Дистервег, К. Д. Ушинский, А. Н. Толстой, П. П. Бионский, А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий және т. б. Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық тәжірибелер XIX ғасырдан бастап зерттеле бастады. XXғ басында-ақ педагогикалық эксперимент термині өзінің нақты мәнін алды және кең таралды. Эксперименттік педагогиканың атақты тұлғалары немістің және американың ғалымдары: В. Лай және Э. Мейман, С. Холл, Э. Торндайх болды [3] .

Ғылыми аппарат бірнеше компоненттерден тұрады. Кіріспе зерттеудің маңыздылығын, мақсатын, міндеттерін, көлемін көрсетеді.

Зерттеудің маңыздылығы бірнеше факторлармен анықталады:

  • зерттелетін мәселеге байланысты теориялық ұғымдарды толықтыру үшін керектігі;
  • сол мәселе жайында жаңалықтардың керектігі;
  • зерттеудегі жаңа әдістемелер керектігі;
  • зерттелетін мәселенің іс жүзінде керектігі.

Зерттеудің құрылымына тоқтала кететін болсақ:

Зерттеу нысаны - мәселелік жағдаят туғызатын белгілі бір процесс немесе құбылыс.

Зерттеу пәні зерттелетін объектінің шекарасына кіреді. Ол объектінің қасиеті.

Зерттеудің мақсаты - зерттеу кезінде пайда болуға тиіс нәтиже.

Кейбір жиі қойылатын мақсаттар:

  • кейбір тексерілмеген, әрі белгісіз анық зерттелмеген құбылыстарды анықтап сипаттама беру;
  • құбылыстардың арасындағы байланысты анықтау;
  • құбылыстың жаңа табиғатын ашу;
  • жалпы заңдылықты қорытындылап анықтау;
  • құбылыстардың жүйесін құру;
  • әдістемені белгілеу;
  • әдістемені бейімдеу.

Гипотеза (болжам айту) - құбылыстың байланысты немесе себептері негізінде қорытынды жасалынады, бірақ бұл қорытындыларды толық дәлелді деп есептеуге келмейді.

Зерттеудің міндеті - болжанған гипотезаға байланысты мақсатқа жету үшін керекті жолдармен, іс - әрекеттерді таңдап, белгілеу. Зерттеудің мақсатына жету үшін оны бірнеше мақсаттарға бөліп жұмысты соны орындауға бейімдеу.

Төменде зерттеу бойынша сұрақтарды қарастырайық. Педагог К. Д. Ушинскийдің берген анықтамасы: «Зерттеу дегеніміз - жаңа бір өнім, нәтижеге қол жеткізу мақсатындағы ізденіс, танымдық іс-әрекет » .

Баланың ізденушілік қасиеті кішкентайынан бастап көріне бастайды, себебі бала бойындағы ізденушілік баланың дамуының қалыпты жағдайы. Зерттеу - ізденіс іс-әрекеттері кезінде өзіне көптеген жаңалықтар ашып, білімді дайын күйінде емес, өзі іздене отырып білімін толықтырады. Зерттеуге бірнеше талаптар қойылады (сурет 1. 1) .

Сурет 1. 1 - Зерттеуге қойылатын талаптар

Зерттеу - іздену жұмыстарында дәлелдеулердің орны ерекше болып келеді. Студенттерді зерттеу - ізденушілік жұмыстарға үйрету үшін, оларды әртүрлі психологиялық сауалнамалар арқылы зерттеп алу қажет. Студенттердің танымдық және тұлғалық даму қабілеттерін анықтау, болашақтағы жұмыстарды ұйымдастыруға бағыт - бағдар береді [4] .

Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным өзін-өзі жоюшы нәтижеге алып келеді («биржаның заңдарын білу осы заңдардың өзін жоюға әкеліп соғады» - деп жазды кибернетиканың негізін салушы Н. Винер) ; 2) егер жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік таным әдіснамасы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие жекелеген фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі. Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тән ерекшелігі осында.

Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда.

Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді.

Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:

  • бақылау - объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;
  • суреттеу - объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
  • өлшеу - объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;
  • тәжірибе жасау - құбылыс қайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.

Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады:

  • қалыптастыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактілі-математикалық модельдер құру;
  • аксиомаландыру - дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;
  • гипотетикалық - дедуктивтік әдіс - нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау [5] .

Зерттеу әдістерінің жіктемесі аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын лог икалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т. б. біріктіреді. Интерғылыми әдістерге - экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т. б. жатады. Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар.

Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:

  • талдау - жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т. б) бөлу;
  • синтез - заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;
  • абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;
  • жалпылау - объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;
  • индукция - жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;
  • дедукция - жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;
  • аналогия - объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға мүмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т. б
  • жіктеме - зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллография, т. б. ғылымдардың түрлі бөлімдері) .

Зерттеу процесі барысында төмендегідей интерғылыми әдістер қолданылады:

  • экстрополяция - ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы;
  • интерполяция - құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу;
  • модельдеу - шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу - түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме - дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу;
  • ретроспекция - объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу;
  • эксперттік бағалау - эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары.

Жоғарыда айтылып өткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара түрде зерттеудің негізіділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады.

Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, әдістемелер, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды. Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура - белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы. Тәсіл - күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы. Әдістеме - бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер. Методология - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы. Жүйе - күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы [6] .

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарымен (СҒЗЖ) айналысуын барлық оқу кезеңінде үздіксіз қамтамасыз ету өте маңызды міндеттердің бірі болып есептеледі. Мұнда негізгі зерттеу жұмысының қиындығы студенттердің оқу үрдісінде зерттеу қиындықтарын біртіндеп жоғарылатып отыру. Мысалы, студент бірінші және екінші курстарда бүтін және негізгі жұмыстардың жиынтығы мен жалпы ғылыми дайындық жасаудағы жаңашылдықпен, ғылыми жұмысты орындау қабілеті мен қарапайымдылығымен, өз қабілеті мен ғылыми жұмысты орындалуға негізделуі тиіс. Мұнда рефераттық жұмыстармен лабораториялық жұмыстар шеңберінде орындалатын ғылыми зерттеу жұмыстары. Ал үшінші курста жалпы техникалық және арнайы дайындықтар, көлемі үлкен емес өзіндік ғылыми жұмыстардың орындалуы және шығармашылық негіздегі тапсырмалар, жаңашыл ғылыми зерттеулерді негіздеу, зерттеу әдістерін тереңдету, техникалық құрал - жабдықтар негізінде ғылыми зерттеулер жасау және нәтижесін шығару. Бұл деңгейде міндетті түрде оқу орнының ішінде өткізілетін конференциялар, ғылыми жұмыстар негізінде өткізілетін жарыстар, ғылыми-зерттеу жұмыстарының тапсырмалары мен түрлерінің қиындауы, ауқымының кеңейуі секілді жұмыстармен қамтамасыз етілуі тиіс. Мұнда жұмыс айқындала түседі. Мазмұнды шығармашылық сипат алады. Жоғарғы курстарда білімді, дағдыны ары қарай қалыптастыру, жетілдіру, бекіту, шығармашылық ойлауды дамыту және нақты міндеттерді шешуге, өз бетінше шешім қабылдауға, жүзеге асыруға үйрену, алынған білімді тәрбиеде пайдалану, жеке тапсырмалар бойынша студенттердің өз бетінше ғылыми зерттеу жұмысы үдерісінде жүргізіледі. Сондықтан олар барлық деңгейдегі конференцияларға, байқауларға қатысу, колледж қызметкерлерінің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, диплом жұмыстарының байқауына қатысуы керек.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы міндетті есеп берумен, конференция, үйірме отырысында баяндаумен, курстық жұмыс және т. б жазумен аяқталады.

Студенттердің сабақтан тыс уақытта табысты орындалған және оқу бағдарламасының талаптарына жауап беретін ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және шығармашылық-орындаушылық жұмыстары сәйкес келетін курстық, лабораториялық жұмыстар, дипломдық жобалармен басқа да тапсырмалардың орнына есептелуі мүмкін.

Оқу орындарындағы білім берудің зерттеушілік ұстанымы студенттерді ғылым саласында қолданылатын зерттеудің негізгі әдістерімен таныстыруға, зерттеу әдістемесінің тиімді элементтерін меңгеруге және құбылыстар мен үдерістерді зерттеу арқылы өз бетінше жаңа білімдерді игеруге мүмкіндік береді. Зерттеушілік принципті қолдану студенттердің танымдық қабілеттерін дамытады, білім алушылардың белсенділігін және өзбеттілігін арттыруға, танымдық қызметтің әдіс-тәсілдерін игеруге, қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді. Ғылыми-зерттеу әлеуеті бар ғылым адамының, ғылыми ұжым мүшесінің қалыптасу үдерісінің бастапқы кезеңі - оқу орнына дейінгі және кәсіптік оқу орны кешендерінде жүзеге асырылады. Білім беру саласындағы алға қойылған мақсаттардың бірі - білім беру интеллектуалдық белсенділігін арттыру, сол арқылы білім беру жүйесінің дамуын жетілдіру.

Оқу үрдісін ұйымдастыру ғылымның қазіргі жетістіктерін, мәдениет, экономика, ғылым, техника мен технология салаларындағы өзгерістерді көрсететін білім берудің барлық қырларының жүйелі жаңаруын ескере отырып жүргізілуі керек. Бұл салада нақты нәтижелер алу үшін автордың жасына сәйкес түзетілген тәжірибеден өткізілген технологиялар, өзіндік ғылыми жұмыстар мен мақалаларына енгізілген теориялық және практикалық жағына ерекше назар аудару керек.

Мамандықтар бойынша жоспар жасау қоғамдық ғылымдар, жалпы ғылыми, технологиялық мамандық пәндері кафедраларымен бірге жүргізіледі. Жұмысты алдын-ала білімге, дағдыға, іскерлікке маманның сапасына нақты талаптар қоятын бітіруші кафедра бақылайды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары саласында:

  • мемлекетіміздің және біздің аймақтың ерекшелігіне байланысты гуманитарлық, әлеуметтік, экономикалық, техникалық бағыттарын зерттеп, мәдениет және өнер саласында өзекті мәселелерін шешуде ғылыми-зерттеуді ұйымдастыру; мәдениет керектілігн қамтамасыз ететін кәсіби мектепті қалыптастырып, дамыту және аймақтың ерекшелігіне байланысты әр аспектілі ғылыми жүйелерді тәжірибеде іске асыру;
  • өзіндік, сонымен қатар, белгілі бір жетістікті шығармашылық жұмыстар, ғылыми-зерттеулерді оқу-тәрбие үрдісіне кірістіру;
  • студенттердің ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарын дамыту: көрмелер, концерттер, шебер кластар ұйымдастыру;
  • оқу орындары арасында ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарынан тәжірибе алмасу.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология мамандығындағы студенттердің кешенді далалық оқу тәжірибесін ұйымдастыру әдістемесі
Кіші жастағы оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамыту бойынша жұмыстарды жалпылау
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік құзыреттілігін lesson study әдістемесі арқылы дамыту механизмі
Құзыреттілік теориясы
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері (ЖОО филолог мамандықтары үшін)
Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастыру
Мұғалімнің міндеті зерттеу іскерліктерін зерттеу бойынша қызметті ұйымдастыру
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі оның кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz