Дене шынықтыру дамуында жарыстың маңызы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 900 теңге

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I-ТАРАУ МЕКТЕПТЕГІ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ
1.1 Қазіргі кезеңде мектепте спорттық секцияларды құру ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Жалпы жарыс жоспарының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
II-ТАРАУ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖАРЫСТАР ЖӘНЕ ПРЕЗИДЕНТТІК СЫНАМАЛАР
0.1 Түсіндіру, көрсету әдістері, ойын арқылы оқыту әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... 10
0.2 Дене шынықтыру дамуында жарыстың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..12
0.3 Президенттік сынамалардың түрлері мен нормативтері ... ... ... ... ... ... ... ...18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 26

КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі: Мектеп оқушыларының арасында көпшілік спорттық жарыстардың дамуы маңызды болып келеді және спорттың шеберліктің дамуы.
Спорт дене мәдениетінің жүйесіндегі маңызды құралдарының бірі. Сондықтан бұл жұмыстың ролі көкейтесті.
Зерттеу мақсаты: Қазіргі кезеңдегі жарыс жұмыстарының тиімді тәсілдерін анықтау.
Зерттеу міндеттері: мектепте жарыс жұмыстарының оқу-жаттығуларын жоспарлау, ұйымдастыру және есебін жүргізуді анықтау.
Оқушылардың жан - жакты дене дамуын қамтамасыз еті үшін, мектепте спортпен шұғылдануда гимнастикамен және Президенттік сынама нормаларын тапсырумен біріктірілуі керек.
Оқушыларға түсіндіру керек, яғни олар кайратты, дені сау, барлық қиындықтан өте білулері қажет және Отанға адал кызмет етулері ең жауапты іс екенін.
Президенттік сынаққа дайындалу және тапсыру оқу және секциялық мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарына қосылады.
Курстық жұмысымызда мектепте спорттың - көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру, спорттық көпшілік жұмыстарының ұйымдастыру қалыптары, дене мәдениетінің ұжымы, ұжым кеңсі, жоспарлау, есебін жүргізу және оқыту әдістері туралы баяндадық.
Сонымен негізгі көмекші құжаттарын көрсеттік мектеп дене мәдениеті ұжымының жұмыстарының жоспарлауының.
Сыныптан тыс жұмыстарының жөніндегі оқу - спорт және тәрбие жұмысын жүргізудің негізгі формасы дене шынықтыру коллективтеріндегі спорт секциялары болып табылады. Ондай секциялар дене шынықтыру коллективтерінде, заводтарда, оқу орындарында, және басқа ұйымдарда, құрылуы мүмкін. олар еңбекшілдерді спорттык сыныптан тыс жұмыстарын ұдайы айналысып отыруға жұмылдырады. Осылайша квалификациясы жоғары спортшылар даярлаумен қатар еңбекшілердің денсаулығы жақсаруына, олардың жан жақты болып жетілуіне ықпалын тигізеді. Оқушылармен айналысқан еңбек етуге және Отанды қорғауға қажетті дағды алып, күшіне күш қосады, сондай-ақ оларда коммунистік моральдың бағалы сипаттары (жолдастық, өзара көмек, адалдык, коллектившілдік, патриоттық) қалыптасып, қоғамдық саяси өмірге белсене араласа алатын болады. Оқушылар секциялары әдетте өндірістік принцип бойынша құрылады да, бір кәсіпорында, мекемеде жұмыс істейтін, бір оқу орнында оқитын спортшыларды біріктіреді. Бұл спортпен шүғылданатындардың жоғары оқу орындары мен кәсіпорындарының жұртшылығымен тығыз байланыста болуын қамтамасыз етеді де, сөйтіп, спорт жұмыстарын жүргізіп, спортшыларды тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасайды.

I-ТАРАУ МЕКТЕПТЕГІ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ
1.1 Қазіргі кезеңде мектепте спорттық секцияларды құру
Секцияны құрудың алдында үлкен түсінік және ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Ең алдымен физкультурашылар коллективі советінің кәсіподақ ұйымдарының және кәсіпорындар мен оқу орындары басшыларының көмегімен секцияны басқарушыларды материалдық жағынан қамтамасыз етіп, сабақ өткізетін орындарды жабдықтау керек. Содан соң барлық күшті жастарды тарту ісіне жұмсау қажет. Бұл үшін насихат пен үгіттің әр түрлі құралдары пайдаланылады. Олар: әңгімелесу, жастарды жарысқа шақыру, көрсету жарыстарын, спорт кештерін өткізу, көркем безендірілген стенділер, фотовитриналар жасау, плакаттар шығару, хабарландырулар беру, т.е.с. құрылуы мүмкін.
Оқу жаттығу топтарын жаттығушыларын жасын, өсіп - жетілу дәрежесін, жалпы және өсіп - жетілу дәрежесін, жалпы және спорттық-техникалық даярлығын ескере отырып құрады.
Ірі кәсіпорындарда немесе оқу орындарында жаңа бастап жаттығушылар мен разряды бар спортшылар үшін өз алдына бөлек секциялар ұйымдастыру қажет. Бұлай жасағанда оқуға жастарды барынша көп тартуға мүмкіндік туады және сонымен қатар оқу жұмысын методикалық тұрғыдан дұрыс құруға ықпалын тигізеді[137, б. 13].
Жұмысының табысты болуы көп жағдайда дұрыс жоспарлауға байланысты. Сондықтан секциядағы жұмыс бюро мүшелерімен бірлесе отырып перспективалық, жылдық және айлық жоспар бойынша жүргізіледі. Календарьлық жоспарлар мен жекелеген шараларды жүргізу жоспарының едәуір маңызы бар.
Перспективалық жоспар оқушылар секциясының дамуы кәсіпорынның өзінің дамуымен, ондағы еңбекшілердің тұрмыстық және мәдени қасиеттерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің өсуімен байланысты деген есеппен және осылар ескеріле отырып, бірнеше жылға жасалады. Ол жоспарда материалдық базаның залдарды, жазғы алаңдарды салып жақсарту, қымбат тұратын спорт құралдарын сатып алу т.б. жақсартылуы, жаттығушылар санының артуы, активті тәрбиелеп өсіру разряды бар спортшылар санының көбеюі т.б. көзделеді. Жылдық және айлық жоспарлау ағындағы жаспарлау болып табылады. Олар мынадай бөлімдерге бөлінеді. Саяси - тәрбие жұмыстарына лекциялар, баяндамалар, қоғамдық - саяси шаралар, жиналыстар экскурсиялар, мәдени жорықтар, жарысқа ұйымдасып бару, т.с.с. кіреді. Оларға секцияның барлық мүшесі түгел қатысуы тиіс.
Бұл бөлімде топтың санын және оның сандық құрамын анықтау, оқытушылар мен қоғамдық нұсқаушыларды бөлу, сабақ кестесін жасау, топты оқу доқументациясымен және көрнекі құралдармен қамтамасыз ету, сабақтарды өткізу мәселелері бойынша методикалық жағдайлар ұйымдастыру, оқыту, жаттықтыру методикасы, т.б көзделеді.
2
1.2 Жалпы жарыс жоспарының мазмұны
Спорт жұмыстары. Жарыс календарын анықтау, ережелер жасау, төрешілер коллегиясын іріктеп алып, бекіту, құрама команданы бекіту, разрядшылар мен төрешілерді даярлау (мұндағы анықталатындар: мерзімдері, саны т.б.).
Бұқаралық үгіт жұмысы оқушы өмірін көрсету жарыстарын, спорт кештерін ұйымдастыру, лекциялар оқу, қабырға газетін шығару, фотовитрина жасау, секциялардың жұмысы жөнінде хабарлау, жұмыстарға қатысу, сабақ және сабақ өтетін орындарды көркемдеп әшекейлеу, афишалар мен плакаттар дайындар т.с.с.
Медицианалық тексерулерді ұйымдастыру, ол тексерулердің нәтижелері бойынша және дене жаттығуларының адам организміне әсері, гигиена, өзін - өзі бақылап жүру, т.б. жайлы дәрігерлердің әңгіме өткізу.
Қоғамдық кадрлар даярлау. Қоғамдық нұсқаушылар мен әр түрлі категориядағы төрешілерді даярлау жөніндегі шараларды ұйымдастыру. Шаруашылық жұмыстар. Құрал - жабдықтар сатып алу және жөндеу жөніндегі шығындардың сметасын жасау, әрі түрлі шараларды ұйымдастыру және өткізу, спорт базаларын жолдап алу жайлы шарттар жасасу, жазғы алаңдарда сабақ өткізетін орындарды жабдықтау үшін жексенбіліктер ұйымдастыру т.б. оқушылардың секцияларының жұмыс жоспары төменде келтірілген форма бойынша жасалады[79, б. 5].
Жылға арналған жұмыс жоспары

Жұмыстардың мазмұны
Орындалу мерзімі
Орындауға жауапты
Орындалғаны туралы белгілер

Секцияны басқарудағы және қоғамдық актив даярлаудағы оқытушының алатын орны мен міндеттері.
Оқушыларды жаттықтырудың бүкіл процесі спортшыларды тәрбиелеу ісімен өте тығыз байланысты. Спортшысы қай жағынан да тәртіптіліктің, іштей жинақылықтың, жоғары мәдениеттің үлгісі болуы тиіс. Өзінің спорттық шеберлігін ол өндірістегі өнімді еңбегімен, мектептегі, техникумдағы немесе жоғары оқу орнындағы үздік оқуымен ұштастыруы керек. Секцияның ұйымдастырушы және жетекші ретіндегі жаттықтырушының игі міндеті де тап осындай спортшыны даярлау болып табылады.
Оқушы жөніндегі кез келген сабақ жоғары мәдениетті дәрежеде өтіп, спортшыларға эстетикалық тәрбие беруге көмектесіп, олардың сұлулыққа, әсемдікке деген сезімін дамытып, жан дүниесін байыта түсуі тиіс. Осындай мақсатпен сабақтың жарык әрі таза, құралдар жақсылап жиналып, кілем тегіс етіп төселген залда өтуіне ерекше көңіл аударған жөн. Жаттығушылардың сабақка кешікпей, таза, бойынша шағын тігілген спорт формасымен келуіне талап қоюының да маңызы аз емес.
Тәрбиелеу ісінде жаттықтырушының жеке басының үлгісінің ролі өте зор. Тек рухани жағынан кіршіксіз жаттығушыларды спорттық адалдыққа, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке үйрете алады.
Жаттықтырушының еңбегі - педагогикалық, тәрбиелік жұмыс. Ол спортшылардың не нэрсемен әуестенетіндігін, жұмысты қалай істеп, қалай оқитындығын білуі тиіс.
Сондықтан жаттықтырушы семьямен, мектеппен және кәсіпорынмен тығыз байланыста болуы керек. Ол педагогика, психология, спорт физиологиясы жөніндегі білімін толықтырып, арнайы методикалық мамандық алып, сондай-ақ оқыту және жаттықтыру методикасына қазіргі заманғы жетістіктерді пайдалану үшін спорттағы барлық жаңалықтарда біліп отырғаны жөн.
Спортшыны моральдық жағынан тәрбиелеп және оның жігерін тани түсу де көп жағдайда жаттықтырушыға, оның біліміне, беделіне, талап қоя білуіне байланысты. Өзінің күнделікті жұмысында ол педагогикалық амалдарды қолданып отыруы тиіс, олар - сендіру, түсіндіру, көтермелеу, ескерту жасау. Сонымен қатар еліктіретін үлгі ретінде аса көрнекті спортшылардың өмірінен мысалдар келтіріп отырғаны жөн[98,б. 16].
Жаттықтырушы спортшыларды жарыстарда өз бетінше әрекет етуге үйретуінің де маңызы бар. Өйткені жарыс кезінде өз бетінше шұғыл шешімге келуді талап ететін жағдайлар жиі кездеседі. Тәрбие жұмысында сендірудің спортшының көзін жеткізудің ролі аз емес. Егер жаттығу кезінде оқушы шаршадым деген желеумен айқасты, одан әрі жүргізуден бас тартса, ол мұның шын себебі шаршағандық емес, жастықтық, шаршадым деп өзін - өзі игера алмағандық екендігін жаттықтырушы анық білетін болса, ол айқасты ақырына дейін жүргізу керектігіне спортшыны сендіруі тиіс. Оқу жаттығу процесін жоспарлау.
Дене шынықтыру коллективтері секцияларының оқу - педагогикалық процесі сан қырлы әрі ұзақ уақытқа созылады. Өйткені қазіргі спорттық техникалық талаптардың жоғарылығы сондай, спортшының жақсы нәтижелерге жетуі үшін ол осы мақсатта табандылықты әрі жылдар бойы жаттығуы қажет. Мұндай максатты көздейтін бұл процесс бірте - бірте жүруі тиіс.
Ал егер оны жеделдете түсуге тырысатын болса, оның өзі жаттығушылардың денсаулығына, олардың шеберлігінің артуына теріс әсер етеді.
Оқу материалдарын болашақта да, ағымдағы және оперативті міндеттерді де ескере отырып бөлуді көздейтін дұрыс жоспарлау ғана осы міндеттердің толық орындалуына көмектеседі[127, б. 4].

II-ТАРАУ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖАРЫСТАР ЖӘНЕ ПРЕЗИДЕНТТІК СЫНАМАЛАР
2.1 Түсіндіру, көрсету әдістері, ойын арқылы оқыту әдісі
Жаңа жаттығумен немесе әдіспен танысқанда оны орындаудың әдістері мен заңдылықтары жөнінде түсінік алу қажет. Міне, бұл жағдайда түсіндірудің атқаратын қызметі - ол аркылы осы әдісті қолданудың қажеттігімен тиімділігін немесе оны орындау әдістерін дәлелдеу. Оқытушы әдісті аз сөзбен қысқаша түсіндіруі тиіс. Түсіндіру әдісінің маңызы ол арқылы оқушының алдына қойылған міндетті аз - аздан, оны мезі етіп жалықтырып алмай жеткізуге болатындығында. Мысалы, алғаш оқыта бастаған кезде оқытушы тек сол сабақтағы педагогикалық міндетті шешуге қажетті негізгі мәселелерді ғана түсіндіреді де қояды.
Келесі сабақтарда барып қандай да болмасын әдісті орындаудың қосымша немесе тіпті басқа варианттарын түсіндіреді. Сондай-ақ жарыстардың қорытындыларын талдағанда, кемшіліктерді анықтап, түзеу керек болғанда, т.б жағдайларда түсіндіру әдісі қолданылады[97, б. 17].
Көрсету әдістері.
Волейбол әдістерін көрсету үшін спортшыларды пайдаланады. Бұл жағдайда ұстаз қандай да болмасын әдістің қалай орындалатындығын өзі көрсетсе, екінші жағдайда жаттығушының өзі арқылы көрсетіп, оны орындауды денесімен изеуіне мүмкіндік береді. Мұндай көрсету техникалық жағынан дұрыс орындалуы тиіс. Оқушы әдіс туралы толық түсінік алғаннан кейін оны жан-жақты оқып-үйреніп, жетілдіре түсуге кірісуіне болады. Жаттығу арқылы оқыту әдістері волейбол оқыту процесінде жаттығуларды спортшының арнайы физикалық касиеттерін дамытып, оныц қозғалу шеберлігі мен дағдысын жетілдіре түсу мақсатында пайдаланады.
Жаттығуларды таңдап алу, сондай-ақ оларды орындау шарты мен қайталау саны оқушының адында тұрған міндеттеріне байланысты анықталады. Жаңа әдісті игерген кезде педагог оның дұрыс орындалуына мұқият көңіл бөледі.
Кемшіліктерді түзету керек болған жағдайда жаттығулардың мәні ерекше арта түседі. Мұндайда арнайы жаттығулар таңдап алынады. Әдіс бояу және орташа - шапшаңдықпен орындалуы тиіс. Бұл оқытушының бақылап тұруын жеңілдету үшін қажет.
Ойын арқылы оқыту әдісі.
Ойыншылар қандай да болмасын бір қасиеттерін дамыту үшін қатты қимылдап ойнайтын әрі волейбол элементтері бар ойындар пайдаланылады. Мысалы, бір зат (іші толтырылған доп қанат) үшін волейболшыларға ұстап үйренуге күш салуға және қажет кезінде ұстау әдісін өзгертіп отыруға үйретеді. Немесе жүгіріп ойнайтын ойын (регби) психикалық және күш қуатын аз жұмсай жүріп, оқушының техникалық тактикалық әрекеттерін дамытуына ықпалыс тигізеді. Мұндай ойындар сабақтың кіріспе бөлімінде де, негізгі бөлігінің соңғы жағында да шаршаған кезде жылдан қимылдап, күшіне күш қосу үшін орындалуы мүмкін.
Оқыту процесінің құрылымы. Әдістерді оқушы жөніндегі әдебиеттерден оқып үйренуге, оқушы өткен жарыстарды қарап білуге болады. Бұл кезде оқушылар әдіс жөнінде түсінік алады. Сонымен қатар оқушылар өздері үйреніп жатқан әдістерге саналықпен қарау үшін оларды бұның алдындағы сабақтарда үйреніп, жетілдірілген таныс әрекеттермен байланыстырып отыру қажет[45, б. 1].
Оқыту практикасында, әдістерді тұтастай, бөліп - бөліп (элементтері бойынша), араластырып үйрету әдісі қолданылады. Тұтастай қарапайым әдістер мен жаттығулар үйретіледі. Бұлайша үйрету кезінде жаттықтырушы мына жәйттерді ескеруі тиіс: жаттығушыларды әдіспен жақсы таныстыру; сол әдісті үйретуге көмектесетін соған жақын немесе соның элементтері болып табылатын яки еліктейтін жаттығуларды жасату. Мысалы, күртешесінің жағасы мен жеңінен ұстап, арттан шалып лақтыру әдісі үйретілуде делік. Сонда бұл әдісті үйретуге көмектесетін жаттығуларға аяқты алға мықтап созып жүру, солайша жүріп, кейіннен тізерлеп жүруге көшу, аяқты алға мықтап созып жүре келіп, тізерлеп жүріп, кеудесімен құлау, т.б. жатады. Бір әдісте бірнеше үйлесімді қимылдар жасауға тұра келетін жағдайда ол әдіс бөліп - бөліп үйретіледі.
Әдісті араластырып үйрету амалы оқушы айналасатын топ оқушыларға да, жеке оқушыларға да қолданады.
Оқушылардың білімін шеберлігін дағдысын тексеру. Оқу - жаттығу процесінде кемшіліктер мен жаттығушылардың қатесін анықтау үшін практикада ағымдағы тексеру және мерзімді тексеру қолданылады. Ағымдағы тексеру кезінде бақылау жүргізіледі, спортшылармен әңгіме өткізіледі.
Мерзімді тексерудің мақсаты - оқушының білімін, шеберлігін, дағдысын бір жүйеге келтіріп, спортшы оны ұзақ уақыт есінде сақтап қалатындай ету. Ол оқушылардың техникалық даярлығы жөнінде есеп алу, жан жақты дайындық жөнінде норма тапсыру, жарысқа қатысу нәтижелері және емтихан түрінде өткізіледі. Егер оқушының білімі зачет пен емтихан кезінде тексерілетін болса, шеберлігі техникалық әрекеттерді орындағанда, ол дағдысы мен оның жетілу дәрежесі жарыстарда тексеріледі. Әдістер мен жаттығуларды орындау кезінде мезгілімен қателіктерді түзетіп отырса, техниканың дұрыс игеруге ықпал етеді. Мұның әсіресе, жаңа бастап жүрген оқушыларды үйретуде маңызы зор[97, б. 4].

2.2 Дене мәдениеті дамуында жарыстың маңызы
Соңғы жылдары біздің ел тұрғындарының денсаулықтарын нығайтуға үлкен көңіл аударуда. Тұрғындардың дене дайындылықтарына қойылатын талаптар қиындап кетті. Бұл талаптар Президенттік сынамалардан шықты Республика тұрғындарының, 1996 жылы қабылданған қайсы біздің ел тұрғындарының дене тәрбиесінің негіздерін құрады.
Бұл сынамалар - барлық нормативтердің жиынтығы, адамдардың дене дайындылығының жалпы деңгейін анықтайтын оқуға және жұмыс әрекетіне, жастарды әскери іске дайын болуына.
Нормативтерді тапсыру үшін 13 жастық топтар құрылған. Жасөспірімдер 12-13 жастағы I - топка кірді, ол көбінесе 5 сынып оқушыларынан тұрады.
Ал біздер жұмысымызда орта мектеп жасындағы мектеп оқушыларының Президенттік сынама нормативтерін тапсыру ерекшелігін қараймыз, яғни осы 12-13 жастағы 5 сынып оқушыларының Президенттік сынама тапсыру жұмыстарын талдауға тырысамыз.
Жылдың соңында олар сынақтар тапсырады. Нормативтер және тапсыру әдістері осы жұмыста келтірілген. Бірақ басындағы мектеп дайындығы, осы бағытта жүргізілетін, бұл сынамалардың қиындығын көрсетеді және ұқыпты айналысудың қажеттігін. Бұл сынамаларды өткізу әдістері әдістемелік нұсқауда келтірілген Дене дайындылықтың Президенттік сынамалары - Қазақстан Республикасы тұрғындарының денсаулықтарының негізі.
Мектеп оқушыларын сынақтарды тапсыруға дайындау оқыту процесінде өткізілді. Сынақтарды тапсыру оқу жылының аяғында өткізіледі.
Дене тәрбиесі бойынша оқу жоспары Президенттік сынамалардың барлық түрлерін қосу керек оқушыларды дайындау кезінде.
Мысалға, оқу жылында оқытылатын материал төмендегілей бөлуге болады:
Қыркүйек - қазан - жеңіл атлетика, спорттық ойындары. Қараша - жүзу. Желтоқсан (тирде өткізілетін сабақтар) ату. Тақырыпты аяқтап келіп сынақ қабылдау.
Желтоқсан - қаңтар - шаңғы, сынақ қабылдау.
Ақпан - наурыз - жүзу, сынақ қабылдау.
Сәуір - мамыр - жеңіл атлетика, сынақ қабылдау.
Жылдамдықты, күшті және шыдамдылықты тексеру үшін жылдың аяғында өткізіледі, анықталған күні. Мысалы:
топ - 60м жүгіру
топ - бір орыннан ұзындыкқа секіру
топ - кермеге тартылу
топ - доп лақтыру.
Содан кейін жарысу түрлері алмасады. Қатысушылар да орындары мен алмасады. Жарыстар аяқталғаннан кейін осы спорт түрлері бойынша барлық қатысушылар, 1000м (қыздар), 2000м жүгіруге дайындалып сөреге дайындалады[43, б. 7].
Түс қайта әлде келесі күні балалар арасында жарыстар өткізіледі.
Сынақтарды тапсыруға сабаққа үздіксіз қатысушылар, жақсы баға алатындар, дәрігер рұқсат еткендер жіберіледі.
Емдеу топтарына жазылган оқушылар, денсаулығына байланысты нормативтерді тапсырудан босатылады.
Жастар және туризм мен спорт министрлігінің бүйрығында 12 ақпан 1997 жылғы Президенттік сынамалардың көп таралу мақсатында, дене тәрбиесі және спорт құралдарымен тұрғындардың денсаулық жағдайын жақсарту, сондай-ақ спортшылардың шеберлігін жоғарлату спорттар түрі ретінде Президенттік көпсайыстың қысқы және жазғы түрлері бекітілді.
Қысқы Президенттік көп сайыс 12-15 жастағы балалар үшін (орта мектеп жасындағылар).
Қыздар (1,2 топтар):
Пневматикалық винтовкамен ату (3 көру + 5 сынактық).
Денені көтеру шалқалап жатып белге (саны мин)
Шаңғы жарысы 3 км.
Ер балалар (1,2 топтағы):
Пневматикалық винтовкамен ату (3 кору + 5 сынақтык).
Кермеге тартылу (саны)
Шаңғы жарысы 3 км.
Жазғы Президенттік көпсайыс: Қыздар (1,2 топтағы):
60м жүгіру
1000м жүгіру
50м жүгіру.
Певматикалық винтовкадан ату (3 көру + 5 сынақтық).
Бір орында тұрып ұзындыкқа секіру
Доп лақтыру
Ер балалар (1,2 топтағы):
60м жүгіру
2000м жүгіру
50м жүгіру.
Певматикалық винтовкадан ату (3 кору + 5 сынақтык).
Бір орында түрып ұзындыққа секіру
Доп лақтыру
Міне, осы жаттығулар түрлері бойынша дене тәрбиесі мұғалімі дайындау керек.
Кесте ұпайым бойынша разрядтық нормативтері (100 ұпай)
Қыскы Президенттік көпсайыс
(үш сайыс)
Жастық топтар
Спорт шебері
Спорт
шеберлігіне
кандидат
Разрядтар

I
II
III
Жасөспірім

12-15
жас

200
170
150
130
110
90
70
16 жас
және
жоғары
200
170
150
130
100

Қысқы және жазғы Президенттік көпсайыс спорт түрлері бойынша ережелеріне сәйкес өткізіледі.
... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы
Спорттық жарыстарды ұйымдастыру мен жоспарлау
Қазақ күресін үйрету және жетілдіру
Туристік қызмет көрсету жүйесіндегі спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
Жарыс кезіндегі боксшының психологиялық дайындығын шыңдау
Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени-гигиеналық дағдылары
Ұлттық спортты оқыту, үйрету әдістемелері
Дене тәрбие саласы. Дене тәрбиесінің міндеттері мен маңызы
Дене мәдениеті-коғам мәдениетінін бөлігі
Қазақтың ұлттық ойындары туралы мәліметтер
Пәндер