Сүт нарығы


Тақырыбы: ҚР сүт нарығы
Орындаған: Әукенов Ә. Д.
Жоспар
1. Кіріспе
Сүт нарығы . . . 3
2. Негізгі бөлім
а) Қазақстанның қазіргі кездегі сүт нарығы . . . 3
ә) Қазақстандағы сүт компаниялары . . . 6
3. Қорытынды
Қазақстан сүт нарығының келешегі . . . 8
Сүт нарығы -агроөнеркәсіп кешенінің ең негізгі бір бөлігі болып табылады. Сүт өнеркәсібінің тиімді қалыптасуы халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына және тұтынушылардың сүт өнімімен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді. Сүт өнеркәсібі өнімі-кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі сүт өнімі түріндегі пайдалы нәтижесі. Сүт өнімдері-адам денсаулығына ең қажетті пайдалы заттармен қамтамасыз етілген тамақ өнімдерінің бірі. Сүт-тағамдардың ішіндегі ең құнарлы, әрі таңдаулы түрі. Оның құрамында жүзден астам витаминдер, қант, минералдық тұздар, т. б. түрлі элементтер бар. Мұның бір ерекшелігі-сол элементтердің бәрі адам ағзасы үшін өте пайдалы. Сондықтан да одан түрлі тағамдар, шипалы сусындар жасауға болады, демек, сүттің адамға сіңімділігі, қоректілігі және оның диеталық қасиеттері өте күшті.
Сүт өнеркәсібі-халық шараушылығының маңызды саласы, сондықтан сүт және сүт өнімдерін өндіру тиімділігі халықтың өмірсүру деңгейіне әсер етеді.
Сүт тағамы азық түлік нарығының құрамдас бөлігі ретінде экономикалық жүйе қандай болса да, күнделікті сұранысқа ие және кез келген нарықта тұрақты орын алады. Қазақстан бұрын осы бір аса бағалы тағамдық өнімді өте көп өндіру, көп тұтынуы мен ерекшеленетін.
Сүт-табиғаттың ең құнды өнімі. Адам ағзасы оның құрамындағы қоректік заттардың 98-99% пайдаланады. Сүттің жоғары қоректік қасиеттерін келесі деректерге қарап білуге болады: 1 литр сүт құрамындағы белок мөлшері 15 грамм сиыр еті, немесе тауықтың 5 жұмыртқасы, немесе 1 кг нан құрамындағы ақуызға тең. Сүттің жарты литрі адамның аминқышқылдарына деген тәуліктік қажеттілігін қанағаттандырады, ал сүттің 1 литрі адамның май, кальций, фосфор, рибофлавинге қажеттілігін толық, белокқа қажеттілігін жартылай, ал аскорбин қышқылы, ретинол, тиаминге қажеттілігінің 1/3 бөлігін қамтамасыз етеді.
Өнімнің сапасы мен шығымы тек сүт құрамындағы компоненттер мөлшеріне ғана емес, сонымен бірге физикалық-химиялық, технологиялық қасиеттерге де байланысты, ал олар әр түрлі жағдайлармен анықталады. Сүт өңдеу ерекшелігіне, құрамындағы май, майсызданған, құрғақ сүт қалдығының мөлшеріне үстеме толықтырғыш заттар қосу және ыдыстарға құюына байланысты топтарға бөлінеді. Пастерленген, стерилденген және қорытылған сүт өндіріледі
Өндірістің құрамына май шайқау, қаймағы алынбаған сүт өнімдері, сүт консервілері, құрғақ сүт, ірімшік, балмұздақ, казеин кәсіпорындары жатады
Қазақстанның қазіргі кездегі сүт нарығы
Қазақстанның сүт өндірісі тамақ өндірісінің басты салалары болып табылады. Өңделген сүт пен кілегейдің өндіріс көлемі 2014 жылы 466 302 тоннаны құрайды(2013 жылдан гөрі 10 мың тонна кем) .
Негізінде, 2009 жылмен салыстырғанда, сүт пен кілегей өнімдерінің оң динамикалық өсімі көрінеді-өндіріс көлемі 217%-ға өсті.
Сүт нарығының өзіне тән ерекшелеліктері бар:
- Сүт өндірушілер құрылымының өзгерілуі: сүт өндіретін ауыл шаруашылық кәсіпорындары бөлігінің кемуі, нарықтан өтіп кететін жеке меншік шаруашылық бөлігінің артуы;
- Дәстүрлі тұтыну арқылы сүт пен сүт өнімдерінің нарықтағы сұранысты құрайды;
- Сүт және сүт өнімдері тез бұзылатын тауарларға жатады, сондықтан өтімді тармақталған инфрақұрылымды қосуды жобалайды(тасымалдау, сақтау, сауда) ;
- Қысқы маусымда ұсынысты қанағаттандыру үшін құрғақ сүт пен басқа сүт өнімдерінің қорын ұйымдастыру;
- Сүт өнімдерінің сан алуандығы, қаптамалардың әртүрлілігі мен бағалардың айырмашылығы нарықты мынадай белгілермен сегменттейді: тұтынушылардың шеңбері, өнімнің тұтыну сипаттамалары, сүт өнімдерінің сапасы, стандарттарды өзгерту;
- Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Сүт пен сүт өнімдерінің ұсынысы бірнеше кіріс көздерімен құрылады, бірақ басында өзінің өндірісімен көрінеді.
Қазақстанда сүттің негізгі өндірушілері 4 облыс-Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары жалпы 340 мың тонна өндіріс көлемін өндіреді. Осылайша, осы облыстар сүт өнімдерінің Қазақстандағы жалпы 75%-ын құрайды.
ҚР сүт өнімдерінің импорты мен экспорты
2014 жылы өңделген сүт пен кілегейдің импорты 38, 9-мың тоннаны, экспорты-19, 9 мың тоннаны құрады. Сүт өнімдерінің импортты мен экспортты динамикасы мына диаграммада көрсетілген:
ҚР сүт өнімдері импортының өсуі Кеден Одағының(қазіргі ЕЭҚ) жұмысымен байланыстыруға болады.
2010 жылдан бері сүт өнімдерінің импортын анализдегенде, сүт өнімдерінің импорт көлемінің азаюы көрінеді. Бірақ сүт өнімдерін өндіруге арналған құрғақ сүттің импорты 2 есе өсті.
Баяндалған материал арқылы мемлекетте қандай проблемалар қалғанын айтуға болады:
-қазақ сүт нарығы жалпы экономикалық заңдылықтармен дамиды, алайда оның өзінің өзгешеліктері бар, яғни бұл өнімнің ерекшелігі, табиғи-климаттық жағдай;
-Қазақстанның сүт өнімдерінің сұрыптамалары өзге елдерден гөрі тар(Ұлыбританияда 900-дей) . Көптеген сүт зауыттарында қалдықсыз өндіріс жоқ, сүт шикізатының кешенді қайта өндіруі өтпейді, екінші реттік ресурстар толық қолданылмайды;
-Ақмола облысының барлық аудандары мен Қарағанды облысының 4 ауданы азық-түлік белдеуінде-Астана қаласының бойында орналасқан. Статистикалық мәліметтер бойынша астаналықтар сүт өнімдерінің 60%-ын импорт арқылы тұтынады, оның теріс жағы бар, себебі бұл елдің нарығын баяулатады;
-республикада шағын тауарлы өндіріс үлкен үлес алады(үй шаруашылығы 90%-дан артық үлесті алады) және арнаулы шаруашылық толық дамымағанг;
-жеке шаруашылықтан өндірілген сүт өнімдері сапа параметрлері бойынша талап етулер барлық кезде сәйкес келмейді, әсіресе ветеринарлы-медициналық. Сондықтан қазақстандық сүт жасап шығаратын кәсіпорындар бұндай сүт өнімдерінен көп жағдайда бас тартады, олардың орнына Ресей, Беларусь пен Қырғызстаннан импорттайды.
-ең басты проблема-отандық сапалық құрғақ сүттің жетіспеуі мен басқа елдердегі сүт өндіретін кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік.
Қазақстандағы сүт компаниялары
Қазіргі уақытта Қазақстанда ресми түрде 50-ге тарта сүт компаниялары жұмыс істейді
«Фудмастер» компаниясы
«ФудМастер» компаниясының тарихы- 1995 жылдан бастау алады. Бұған себеп жас кәсіпкерлерді сүт өнімдерінің алуан түрі бар Қазақстанда неліктен йогурт секілді пайдалы әрі нәрлі, сондай-ақ дәмді сүт өнімін неге өндірмеске деген сұрақ толғандырады. Осындай мақсатпен компания Есік қаласындағы сүт зауытын жалға алып, алғашқы боп Қазақстанда Йогуртты жарыққа шығарған. Бүгінгі күнде компанияның 16филиалында ірі 4 зауыты және екі сүт-тауарлы фермасы бар. «ФудМастер» компаниясы Қазақстан нарығында сүт өнімдерінің арасында көшбасшы саналады. Компания отандық өндірушілер арасында ең үлкен өнім тізбегін жарыққа шығарып, халықтың ұсынысы мен талғамын барынша қанағаттандыруға тырысады. Тұтынушылар сұранысы көп ие болған өнімдер:айран, қаймақ, үй сүзбесі, ''Дольчe'' йогурты, ''БИО-С Имун'' қоютылған сүті және т. б. Қазіргі таңда компания зауыты 100-ге жуық атаумен сүт өнімдерін шығарады. Жылсайын компания өнімдерінің түпжиының жаңарта отырып, Қазақстан халқына жаңа, сапалы әрі дәмді өнімдерін ұсынады. 2004 жылдан бастап «ФудМастер» компаниясы әлемде жоғары сапалы сүт өнімдерінің өндіретін, дүниежүзінің 200-ден астам мекемелерін біріктіретін халықаралық Лакталис (Франция) тобына кірген. «ФудМастер» компаниясының негізгі мақсаты-Қазақстандағы сүт өнімдерін тұрақты дамуы мен тұрғындарды табиғи қоспалардан жасалған, әлемдік сапа стандартына сай өнімдермен қамтамасыз ету.
- 1995 жыл-алғашқы Қазақстандық йогурт шығарылған.
- 1997 жыл-алғашқы Қазақстандық ішілетін йогурт шығарылған.
- 1999 жыл-алғаш рет Қазақстанда картон қорабындағы ультрапастерленген сүтті шығарған.
- 2001 жылы- халықаралық беделді TUV Reinland (Германия) сертификат ұйымының сертификатын алып, халықаралық талаптарға сәйкес ISO 9001:2000 стандартты менеджмент жүйесімен жұмыс істеген алғашқы азық-түлік компаниясы.
- 2005 жыл- алғашқы Қазақстандық дәнді сүзбе шығарылған.
Компанияның төрағасы-Аида Сапаргазинова
«Айс-плюс» серіктестігі
«Айс-плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімдерін Ақтөбеде шығарады.
1999 жылы бұрынғы қалалық сүт зауыты базасында ашылған «Айс-плюс» кәсіпорны алғашқыда тек балмұздақ шығарумен ғана айналысты. 2002 жылы қышқыл сүт өнімдерін шығаратын цех ашылып, қосымша «Айран», «Ряженка», «Снежок» секілді түрлі сүт өнімдері сауда сөрелеріне қойыла бастады. 2005 жылдан бастап үшінші цехтың жұмысы жолға қойылды. Қазіргі уақытта «Айс» серіктестігінде сүт өнімдерінің қырыққа жуық түрі шығарылады. Олардың ішінде майлылығы әртүрлі айран, «Ряженка», «Снежок», «Варенец», қаймақ, йогурттар, сүт өнімдері, балмұздақтың түр-түрі бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz