Экономикалық цикл түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Экономикалық цикл түрлері
Орындаған: Әукенов Ә.Д.
Жоспар
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

Экономикалық цикл түсінігі
Қоғам біркелкі түрде экономикалық өсуге, жұмыссыздықты толық жоюға және баға деңгейінің тұрақтылығына ұмтылады.
Экономикалық (іскерлік) цикл деп өндірістің, инфляцияның және жұмыспен қамтылу деңгейінің өзгеруін айтамыз. Циклдік өзгерістердің себептері төмендегідей: автономды инвестициялардың азаюы, мультипликатор әсерінің әлсіреуі, ақша жиыны көлемінің өзгеруі, негізгі қорлардың жаңаруы, т.б.
Макроэкономика ғылымында экономиканың циклдігі туралы тұрақты теория жоқ деп айтуға болады, бірақ әр түрлі көзқарастар бар, дегенмен көптеген экономистер өндіріс көлемі мен жұмысбастылық деңгейі жиынтық шығындарды анықтайды деп есептейді.
Жалпы айтқанда, экономикалық (іскерлік) цикл - бірнеше жылдар ішіндегі экономикалық активтілік деңгейлерінің бірінен кейін бірі келіп тұратын өсулер мен құлдырауларының өзгеруі. Кейбір экономикалық циклдер ұзақтылығымен және қарқындылығымен бір-бірінен ерекшелінеді. Бірақ олардың барлығы әрқалай аталатын бірдей фазалар арқылы өтеді:
1. Шың.
2. Құлдырау.
3. Депрессия немесе тоқыраудың ең төменгі нүктесі.
4. Көтерілу.
Циклдар бірдей фазалардан өтсе де, олар өздерінің ұзақтылығы және белсенділігімен ерекшелінеді. Сондықтан экономистер экономикалық циклдердің орнына экономикалық тербелістер дегенді қолдануды дұрыс көреді, өйткені циклдар тұрақты түрде өтеді.
Экономикалық цикл - бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Фазаның бірінші (бастапқы) циклы- өндіріс құлдырауының дағдарысы. Дағдарыс құбылысының болуы сұраным төлем қабілеттілігімен салыстырғанда тауарды артық өндірумен түсіндіріледі.
Дағдарыс кезеңінде өткерілмеген өнім саны тез ұлғайып жұмысшылар босатылады, жұмыссыздық ұлғайып, несие- ақша кәсіпорындар құлдырап,жойыла бастайды. Экономикалық циклдың келесі фазасы депрессия (depressia - латын сөзі, төмендеу, тереңдеу дегенді білдіреді.). Бұл фазада өндірістің құлдырауы тоқталады. Жайлап болса да запастағы тауарлар өткеріледі және еркін ақша капиталы пайда болады.
Келесі фаза - тірілу, бұған тән нәрсе өндірісті ұлғайту, демек пайда бар деген сөз. Ол кезегінде өндірістің дамуынын ынталандырады. Циклдың кезекті фазасы- өрлеумен алмасады.
Өрлеу өнім өндірудің қарқындылығымен сипатталады және ол дағдарыс алдындағы деңгейден жоғары, жұмыссыздық тартылады, қарыз капиталы ұсынымы ұлғаяды және банк пайызының (%) нормасы төмендейді.
Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнше теориялық көзқарастар бар.

Экономикалық циклдың теориялық көзқарастары
Ағылшын экономисі Дж.Кейнстің ойынша, цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері (шекті тиімділік) пайыз мөлшеріне дейін төмендесе, онда ол мынаған алып келеді - кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады.
Қазіргі Дж.Кейнстің ізбасарлары - неокейнстіктер - мәселен американ экономисі - Пол Самуэльсон былай дейді: нарықтық экономиканың циклдық сипаты ұлттық табыстағы тұтыну үлесінің төмендеуімен және акселератор жеделдету іс-әрекетімен түсіндіріледі. Олар күрделі қаржы тербелісінің амплитудасына және оның уақыт бойынша үлестірілуіне оң немесе теріс әсер етіп, өндірістің өсуінен оның қысқаруына бетбұрыс жасайды.
Американ экономиксі Милтон Фридмен басқарған монетаристік мектеп өкілдері неокейстіктерден айырмашылығы - олар нарықтық экономиканың циклдық дамуының басты себептерін ақша факторынан іздейді. Ақша сұранымы арасындағы алшақтық және тұрлаусыз ақша ұсынымы нарықтық экономика тұрақсыздығының себебі болып табылады.
Монетаристік мектептің негізін қалаушы Милтон Фридменнің ойынша, дағдарыстар мемлекеттің ақша саясатын нашар жүргізуінен туындайды. Сондықтан мемлекеттің араласуы ақша массасын шектеу мен тұрақтандыруға бағытталуы қажет. Осы ойларын Милтон Фридмен өзінің АҚШ-ның монетарлық саясаты еңбегінде баяндаған. Бұл жұмыс 1963-ші жылы шыққан болатын.
Нарықтық экономиканың циклдық дамуын жою жолдары немесе жұмсартуды жоғарыдағы аталған әртүрлі мектеп өкілдерінің ойлары мынаған әкеледі: мемлекет антициклдық бағдарламаларға қатысуы немесе экономиканы тікелей реттеуі қажет.
Мәселен, Ф.Энгельстің пайымдауынша, нарықтық анархияны өндірісті қоғамдық - жоспарлы реттеу арқылы жоюды алға тартады. Дж.Кейнстің пайымдауынша, стихиялы нарықтық экономика олқылықтарын мемлекеттің араласуы арқылы жоюға болатындығын айтады. Мемлекет өндірісінің құлдырауын жеке күрделі қаржыландыруды өзі ынталандыруы болдырмауы үшін қажет.

Экономикалық цикл түрлері
Негізінде экономикалық циклдар 4-ке бөлінеді:
Қысқа мерзімді Китчин циклы (тән период -- 2 -- 3 жыл);
Орта мерзімді Жюгляр циклы (тән период -- 6 -- 13 жыл);
Кузнецтың циклы (тән период -- 15 -- 20 жыл);
Кондратьевтың ұзын толқындары (тән период -- 50 -- 60 жыл).
Джозеф Китчин 1920 жылы қысқа мерзімді циклды ашты. Джозефтың өзі қысқа мерзімді цикл әлемдік алтын қорының ауытқуынан пайда болады деп түсіндірді, алайда қазіргі уақытқа бұл жауап толық қанағаттандырмайды. Қазіргі экономикалық теория бұндай циклдар генерациясының механизмін ақпарат қозғалысы уақытының кешігуімен түсіндіреді, олар коммерциялық фирмалардың шешімдер қабылдауына әсер етеді.
Конъюнктураны жақсарту үшін фирмалар жоғары қуаттылықпен әсер етеді, нарық тауармен толады, біраз уақыттан кейін қоймаларда тауарлардың тым асуы байқалады, одан кейін қуаттылықты кеміту шешімі қабылданады, бірақ ақпарат анықталған уақытпен кешігіп келеді. Одан басқа бұл ақпаратты тексеруге, қабылдау мен бекітуге уақыт кетеді. Тағы қуаттылықтың өндірісін кеміту мен қоймалардағы тауарларды азайту арасындағы уақыттың ауытқуы байқалады.
Жюгляр орта мерзімді циклы француз экономисі Клеман Жюглярдың атымен аталған, ол бұл циклдарды біріншілердің ішінде сипаттаған. Китчин циклдарынан айырмашылығы - өндірістік қуаттылықтың ауытқуы деңгейінде ғана емес, инвестиция көлемі мен негізгі капиталдың тербелісі көрсетіледі. Нәтижесінде, Китченнің анықтамасына қоса инвестициялық шешімдерге уақыттың кешігуі мен арнайы өндірістік қуаттылықтың орнауы кіреді. Қосымша тоқтау сұраныстың құлдырауы мен өндірістік қуаттылықты ликвидациялаумен де құрылады. Бұндай жағдайда Китчин циклынан гөрі мерзімнің ұзақтылығы көрінеді. Циклдық экономикалық дағдарыстар Жюгляр циклының бір фазасына талқылауына келеді.
Жюгляр циклында 4 фазалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық дағдарыстар жайлы
Жұмыссыздық мәселесі және түрлері
Макроэкономикалық тұрақсыздық, экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция туралы ақпарат
Экономикалық өсу және экономикалық цикл
Ұлттық шаруашылықтың циклдік өсу қарқыны
Өндірістік бағыттар
Экономикалық цикл: түсінігі, түрлері, фазалары, себептері, факторлары
Экономикалық дағдарыс теориялары және оның негізін қалаушылар
Экономиканың циклдық дамуының механизмі
Бос оператор
Пәндер