Маркетингтік коммуникациядағы жарнама


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Маркетингтік коммуникациядағы жарнамалық қызметтің мазмұны

Орындаған: Әукенов Ә. Д.

Жоспар

  1. Маркетингтік коммуникациядағы жарнама
  2. Маркетингтік коммуникациядағы жарнамалық қызметтің мазмұны
  3. Қорытынды
  4. Қолданылған әдебиеттер

I. Маркетингтік коммуникациядағы жарнама

Жарнама-бұл мақсаты жарнамалау объектісіне байланысты қажетті ақпаратты беру арқылы назар аударту және қызығушылықты құру немесе қолдау бойынша маркетингтік коммуникацияның бір бағыты.

Оның бірнеше қызметтері бар:

  • Тауар мен брендтер туралы мәліметтерді беру;
  • Бренд имиджін құру;
  • Адамдарды сендіру, яғни потенциалды клиенттерді тауарды сатып алуға нандыру;
  • Әрекет жасауға стимул даярлау, тауарға деген сұранысты стимулдау;
  • Еске түсіруді қамтамасыз ету;
  • Өткен сатып алу тәжірибесін нығайту.

Жарнама қызметінің мазмұны, яғни оның маңыздылығын, қазіргі замандағы рөлін талдау үшін біз бірнеше бөлімдерге тоқталып өтеміз.

II. Маркетингтік коммуникациядағы жарнамалық қызметтің мазмұны

Жарнамалық қызмет-кең мағыналы термин, ол тауар мен қызметті жылжытудың қызметін клиенттерге ұсынатын барлық тәсілдер мен процестердің жиынтығы. Басқаша айтқанда, жарнамалық қызмет-бұл жарнамалық жолдау, слоган, брендтерді әзірлеу, жарнамалық компанияларды құру және одан басқа жарнамалық тасымалдаушыларды орналастыру мен жарнамалық ақпараттарды таратуды арнайы компанияларға қызмет жасау түрі.

Жарнамалық ақпаратты тарату мен оның тиімділігі жарнама компаниясының бюджеті мен мамандардың дәрежесіне байланысты болады.

Біздің уақытта қандай да болсын кәсіпорынның табысты ісін жақсы маркетингтік ұйымдастырылу мен өндірістің өнімін қажетті жарнамалық жылжытусыз елестету қиын. Жарнама рөлі қазіргі заманғы сауданың негізгі моменті болып саналады. Егер бұл элемент сызылып тасталса, онда өндірісте тоқырау басталады, ал кәсіпкерлердің ескі өнімнің маркасын жетілдіру мен жаңа тауарды құруға ынтасы жоғалады. Бизнес әлемінде бәсекелестік бәсеңсейді, ал бұл тауардың ассортименті мен сапасына әсер етеді.

Жарнама қызметінің қарсылары мен жақтаушылар көзқарасы

Жақтаушылар ойы:

  1. Интеграцияланған маркетингтік коммуникацияның бөлігі ретінде жарнама кәсіпорынның тиімділігін арттырады:
  • Мақсаты масштаб кеңдігінде үнемдеуге жетудегі шығындар бойынша лидерлік стратегиясын қолдануда жарнама маркетингтік комплекстің бөлшегі ретінде жаппай тұтынуға әкелуі мүмкін, ал бұл жаппай өндірістің талабы болып табылады. Жаппай өндірістің ұзақ және үздіксіз циклы өнім бірлігінің құнын төмендетеді, ол тұтыну бағасының одан төмен мөлшерін береді. Осылайша, жарнама баға деңгейін төмендететін қажетті фактор бола алады.
  • Дифференциация стратегиясын қолданғанда маркетингтік коммуникацияның комплексі бизнестің табыстылығы мен үздіксіздігін бере алатындай анықталған өткізу секторында бағдар арқылы кері байланысқа қол жеткізуге болады.
  1. Интеграцияланған маркетингтік коммуникацияның бөлігі ретінде заманауи технологияның дамуына, технологиялық прогреске себепкер болады, жарнамалайтын тауарларға экономика саласында жоғары сұранысты құрайды. Яғни экономикалық өсуге, кәсіпкерліктің белсенділігі мен өмір сүру деңгейінің жоғарылануына әсер етеді.

Қарсылар ойы

  1. Этикалық және заңгерлік көзқарастар бойынша:
  • Жарнама тауар мен қызметті тұтынушыға қыстырмалайды (навязывание), яғни оған бұл игіліктер қажетті емес.
  • Жарнама құндылық жүйесін қыстырмалайды, ол тауардың пайдалылығының бағалауына керек.
  • Көптік жағдайда жарнаманы көру күту тұрғысында және ерікті болмайды (жарнама көруден бас тартуға болмайды, телевизиялық немесе т. б. бағдарламаларды тамашалауда жарнамадан бас тарту мүмкін емес) .
  • Алдыңғы тезистер бойынша жарнама еркіндікті жасырын түрде озбырлайды.
  • Кейбір жағдайларда жарнама тиімділігі адамдардың түйсігін (инстинкт) активті түрде қанау арқылы қол жеткізіледі, яғни назарды басқару мен жарнамаланатын объектіге позитивті ассоциациялар құру үшін қажет.
  • Адамның санасы мен бейсанасына теріс әсер тигізеді. Бұндай пікірдің жақтаушылары адамның жарнамадан кейінгі мінез-құлықтың глобалды өзгеруінің дәлелдерін көтермелейді.
  • Сергей Кара-Мурза публицисті өзінің «Санамен бұрмалау» («Манипуляция сознанием») кітабында қазіргі жарнамаларды қоғамды жасырын басқарудың бірінші қадамы деп талқылайды.
  1. Экономикалық көзқарас бойынша:
  • Шығындарды арттырады (жарнамаға кеткен шығындар да тауар бағасына кіреді), ол тұтыну бағасын арттырады.

Бұл графикте біз өндіріс көлемі (Q) мен орташа шығындардың (AC) арақатынасы көрсетілген. Яғни Q1 мен AC1-жарнамасыз өндіріс, ал Q2 мен AC2-жарнама қолданғаннан кейінгі өндіріс көрсеткіштері.

C:\Users\Amir\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\image075.jpg

  • Нарықтың монополизациялануына себеп болады. Шағын өндірушілер жарнамаға ірі компаниялар секілді қаражат бөле алмайды. Жиі мынадай көзқарас туындайды: корпорациялардың жарнамалық әрекеттері жеке өткізімді арттыруға емес, басқа кәсіпкерлікке «жарнамалық барьер» құру үшін қолданылады.
  • Жарнама тауарға сұранысты көбейтеді, осыған орай баға да көтеріледі. Мысалға автомобильдер бағасының түсу жағдайы мен есептеуіш техниканың (жарнамаланған, жарнамамен қыстырмаланған) топ-жаңалық статусын жоғалтуын келтіруге болады.
  • Жарнаманың тұрақты күшеюі жылжытудың антагонистік тәсілінің-жеке сату қолданысының азаюына әкеледі.

Бұл екі әртүрлі көзқарастарды талдағанда, екі жақ та өмір сүруге лайық деп айтуға болады, себебі әр ой логикалық дұрыс және дәлелденген. Бұл тізімдерге кірмеген тезистер: жұмысбастылық-жұмыссыздық, қоғам дамуы-қирауы және т. б. Олар тым шеттетілген түсініктер, сондықтан жарнама оларға әртүрлі әсер етуі мүмкін.

Жарнама ықпалы

Жарнамалық роликтер күнделікті өмірге орнықты кірді. Олардың ықпалы әр уақытта пайдалы емес, жиі түрде мазалайды, сондықтан қандай да болсын ақпаратты қабылдағанда өз бойында адекватты серпілісті (реакция) тәрбиелеу қажет. Жарнама тиімділігінің басты феномені-психикаға жасырын түрде әсер ету. Жалпы аналитиктер адамдардың жабысқақтық лозунгтарға негативті қарайтынын белгілейді, алайда бір уақытта кең жарнамаланған тауарларға деген сұраныстың жоғары болуы көрінеді.

Негізгі механизмдері:

  1. Жұқтыру-кездейсоқ бейнелі плакатқа, кезекте тұрған адамдардың қуана пікір айтуларына көз тастағанда жоспарланбаған өнімді иемдену;
  2. Сендіру-тауар немесе қызметтің ең жағымды жақтарына назар аударуға негізделген қағида.

Тәжірибелі мәтін құрушылар адамның дені сау, бақытты болуға ұмтылуын қолданады, яғни жарнамаланатын өнім арқылы ғана соған жетуге болатынына сендіреді. Шеберлі айла-шарғының (манипуляция) нәтижесі-адамның санасына анықталған стереотип енгізіледі, ол арқылы келесі рет тауарды өткізу ауырсындармай өтеді. Уақыттың біраз бөлігін, көріністік сипатты алатын және назар аудартатын жаппай психологиялық ықпал ету тәсілі жарнамалық шоуға айналады.

Жарнама индустриясының болашағы

AKQA компаниясының қызметкері Рей Инамото біз ойлайтын жарнама қазіргі уақытта жарнама емес деп ойлайды. Ол бізге жаңа жарнама эрасына кірудегі 4 қағиданы ұсынады. Бұл заман 365 күнде байланыста, заттар емес, адамдар тарихтың ортасында болатындай, бизнес саласындағы жаңа өнертабыстардың басты рөлде ойнайтындай мүмкіндік береді.

Рей Инамото ойынша, креативті идея өнімнің идеясымен бірге бола алмайды, яғни өнімнің идеясын креативті қылып жасау мүмкін емес. Оны түсіндіру үшін біз нарықтағы ірі компаниялардың жетістігі мен жеңілістерін мысалға қоюға болады. “Kodak” банкроттылықты жариялады, ал параллель уақытта “Facebook” “Instagram” компаниясын сатып алды. “Airbnb” “Hilton Hotels”-тен гөрі әйгілі. “Nike+Kinect” қазір «шың жаттықтырушымен спортпен айналысумен бірдей және одан арзанырақ» болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернет жарнамасының түрлері
Туризмдегі жарнама
Дипломалды есеп беру жұмысы - «MIT Travel Group» ЖШС
Жарнама агенттігі
Толық циклді жарнама агенттіктеріне спаттама, мінездеме беру, олардың қызметтерін айқындау
Ұйымдағы коммуникациялық байланыстарды талдау және олардың болашағы
Туристік салада маркетингтік және жарнама қызметін ұйымдастыру
Туристік кәсіпорынның дамуына жарнаманың әсері
Туристік кәсіпорындарда жарнама қызметінің жетілдіру жолдары
Әлеуметтік медиа ұйымды жылжыту құралы ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz