Емшектегі бала


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Нәресте мен сәбидің сезім мүшелері мен қимыл-қозғалыс әрекеттерінің дамуы

Топ:112

Орындаған :Нағашбек Гулфайруз

Тексерген: Абилова Зару Тасболатовна

Алматы -2019

Жоспар

І Кіріспе 3 бет

ІІ Негізгі бөлім 4 бет

  1. Нәресте- бір жасқа дейінгі сәби4 бет
  2. Емшектегі бала5бет
  3. Сезім мүшелері мен қимыл қозғалыстарының дамуы6 бет

Пайдаланған әдебиеттер

І Кіріспе

Жаңа туған бала. (туған сәттен бір екі айға дейін) . Бала теген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мәнез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделуі біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, және т. б. жатады. Олардың бәрі блаланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жұлын және ми қабығы асты нерв клеткаларының тармақтануы жоқ дерлік, өткізгішжолдар сақтағыш митлин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жойылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткекн мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігінен емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудің, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады.

Жаңа туған кездегі мыдың қалыпты жетілуінің қажетті шарты-анализатордың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе, оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының ерекшелігі сол, оның соматикалық қимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. Алғашқы екі айда барлық анализаторлардан шартты рефлекстер жасалады.

ІІ Негізгі бөлім

1. Нәресте - бір жасқа дейінгі сәби.

Нәресте - бір жасқа дейінгі сәби. Нәрестенің алғашқы бір жылы дүниеге келу кезеңіне (алғашқы 4 апта) және емшектегі кезеңге (1 жас толғанға дейін) бөлінеді. Нәрестені анасының организмінен тыс өмір сүруге бейімдеу үшін оның организмінің көптеген органдары мен жүйелерінің қызметін өзгертуге тура келеді. Мерзімінде туған сәбидің салмағы 3, 0 - 3, 7 кг, бойының ұзындығы 50 - 52 см, басының шеңбері 34 - 35 см, кеуде шеңбері 34 - 36 см болады. Жас Нәрестенің терісі үлбіреген жұмсақ келеді де дұрыс күтілмеген жағдайда тері қатпарлары базданып іріңдей бастайды. Сүйектерінде тұз аз болғандықтан, майысқақ келеді. Сәбидің күтімі дұрыс болмаса (мысалы, Нәрестені жастыққа отырғызса, аяғына ерте тұрғызса), сүйектері тез қисаяды. Бас сүйегі онша жетілмей туады, оның қосылған жігі жұмсақ, былқылдап тұрады, оны еңбегі (ол 9 - 14 айда қатаяды) деп атайды. Басында шашы (2 см-дей), тырнақтары қатты болады. Қасы, кірпігі көп білінбейді. Сәбилердің өкпесі мен тыныс алу органы, бұлшық еттері онша жетілмегендіктен, ересек адамдарға қарағанда ауаны көп қажет етеді. Нәрестенің жүйке жүйелері нашар жетіледі. Олар тәуліктің көп уақытын ұйқымен өткізеді, тек тоңғанда, жаялығы су болғанда не іші кепсе ғана оянады. Дені сау бала 6 - 8 айлығында тіс жарады. Бұл кезде сәбилерде іштен туа біткен рефлекстер (сору, жұту, жан-жағына қарау, ұстау, т. б. ) дамиды. Олар дәмді жақсы айырғанымен, иіс сезу, көру, есту қабілеттері өте төмен болады. Бірақ қатты жарыққа не айқайға сәбилер мазасызданып, жылап жауап қайтарады. Олардың организмі анасынан алған иммунитеттің нәтижесінде кейбір жұқпалы ауруларды қабылдамайды. [1] Алғашқы балалық шақ. (Нәресте-бал бөбек) - Өмірге жаңа келген нәресте күн санап өсіп отырады. Мәселен, оның өсуі туған кезіндегісімен салыстырғанда бір жыл ішінде 25 процент өседі. Нәрестенің сүйегі бірте-бірте қатайып, бірақ ол әлде де жұмсақ шеміршек тәрізді майысқақ келеді. Өйткені оның сүйегінде бор мен тұз қышқылы жеткіліксіздеу болады. Организмнің үздіксіз өсіп, дамуы - өзара тығыз байланысты болатын процесс. Балалардың жас ерекшелігіне байланысты түрлі мүшелер мен жүйелердің даму қарқыны бірдей болмайды. Мәселен, адамның сүйек, буын жүйелерінің дамуы жиырма жасқа таман, көз бен есіту қызметінің дамуы жеті он жас шамасында аяқталады. Нәрестенің жүйке жүйесінің даму қарқыны да айтарлықтай болады. Алғашқыда жаңа туған нәрестеде кейбір шартсыз рефлекстер боолады да(тамақ, қозғалыс, бағдар т. б. ) кейін олар көбейе түседі. Шартты рефлекстер екі-үш жетіден кейін пайда бола бастайды. Екінші айда баланың барлық анализаторында шартты рефлекстер жасалуға мүмкіншілік туады. Мәселен, екі айлық бала жай суды тәтті судан, ал үш айлық бала тәттіні тұздан, сондай-ақ кейбір нәрсенің иісін ажырата алады. Төрт айлық бала айналасына көз тоқтатады, үйдегі адамдарды бөтен кісілерден ажырата бастайды. Бес айда көзбен қолдың координациясы қиюласады да, бала төңірегіндегі нәрсенің бәріне ұмтылады, оны аузына апарады. Алты-жеті айлық балада үлкендерге еліктеу бастаудың элементтері(алақаның бір-біріне соғу, ырықты қозғалыстар жасау т. б. ) ересектер айтқан сөздерге ұқсас дыбыстар шығаруы байқалады. Шартты рефлекстердің анализаторларда пайда бола бастауымен нәрестелік кезең аяқталады. Бірінші жарты жылдықта ми қабығында тежелудің барлық түрлері көрінеді. Бұл жағдайдың тәрбие процесі үшін ерекше маңызы бар екендігі белгілі. Жарты жастан былай қарай балада <<Бұл не?>> рефлекстері қауырт дамиды. Қол сипай-сезу анализаторының қызметін атқаруға көшеді. Мұның өзі нәрселерді ұстай білу, отыру, еңбектеуге, айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Олар үлкендердің сұрауларына жауап қайтаруға тырысады.

2. Емшектегі бала

Емшектегі бала - анасының сүтін еметін сәби. Бұл кезеңде баланыңденсаулығының, ақыл-ойы мен организмінің өсу негізі қаланады. Дені сау бала өсіріп, оны дұрыс тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін бала организмінің осы кезеңдегі кейбір ерекшеліктерін жете білу керек.

Өсу кезеңдері 1. Нәрестенің бір жылы алғашқы дүниеге келу кезеңі (алғашқы төрт апта)
2. Емшектегі кезеңі (бір жас толғанға дейін)

Нәрестені анасының организмінен тыс өмір сүруге көндіктіру үшін оның организмінің көптеген органдары мен жүйелерінің функцияларын өзгертуге тура келеді. Емшектегі баланың органдары мен клеткаларының анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері, иммунитет қабылдау мүмкіншіліктерінің жеткіліксіздігі әр түрлі ауруларға шалдығуын күшейтіп, олардың ұлғаюына себепші болады.

Емшектегі баланың дене салмағы Емшектегі баланың дене салмағының артып, бойының өсуі оның жалпы дамуына тән қасиет.
  • Баланың туған кездегі салмағы:мерзімінде туған (39-40 аптадан кейін туған) ер баланың салмағы 3500±450 грамм; қыз баланың салмағы 3300±460 грамм; бойлары 47-56 cм аралығында болады (кейде 50-51 cм) .
  • Салмақ қосу барысы:алғашқы айда сәбидің дене салмағы 700-800 грамға дейін өседі де, кейін біршама баяулайды; бірінші жарты жылдықтың әр айында 600 грамнан; екіншісінде - 500 грамнан.
  • Баланың салмағы 5-6 айлығында 2 есе, ал бір жасқа толар шағында 3 есе өсіп, 10-11килограмға жетеді.
  • Ірі болып туған балаларға қарағанда жеңіл салмақпен туған балалар айына салмақты көбірек қосады.
  • Бойларының өсу барысы:емшектегі баланың бойы да айтарлықтай өседі, бір жасқа толарда баланың бойы орта есеппен 25 см өседі; нәрестенің бойы алғашқы 4 айда шапшаң өседі де, айына 3 cм қосып отырады, бұдан кейін бойының өсу қарқыны біртіндеп баяулайды:4 айлығынан 6 айлығына дейін айына 2-2, 5 cм; 7 айлығынан 9 айлығы аралығында айына 2 cм; 10 айлығынан 12 айлығы аралығында айына 1, 5 cм.

3 . Сезім мүшелері мен қимыл қозғалысының дамуы

Дене күтімі Емшектегі баланың әсіресе жаңа туған нәрестенің терісі үлбіреген жұмсақ келеді де, ол тез жарақаттанады. Сондықтан дұрыс күтілмеген жағдайда тері қатпарлары базданып іріңдей бастайды.
  • Сүйек тканьдерінде тұз аз болғандықтан, олар шеміршек тәрізді майысқақ болып келеді де, сәбидің күтімі дұрыс болмаса (мысалы, егер баланы жастыққа отырғызса, аяғына ерте тұрғызса), тез қисаяды.
  • Сәбидің бас сүйегі онша жетілмей туады, бас сүйектің қосылған жігі жұмсақ, былқылдап тұрады. Оны еңбегі деп атайды. Ол балаға 9-14 ай толғанда қатады.
  • Емшектегі баланың басы үлкен болады:жаңа туған нәрестенің басының шеңбері 34-36 cм; бір жастағы баланың басы 45-46 cм.
  • Қолы мен аяғының ұзындығы бірдей, ал бойының ұзындығына қарағанда аяғы біршама қысқа келеді.
Дене температурасы

Ересектердің температурасына қарағанда емшектегі нәрестенің температурасы 0, 3-0, 4°С жоғары болады. Олар сыртқы температураның өзгерісін тез сезінеді, тіпті оның әсерімен сәбидің денесінің температурасы да өзгеруі мүмкін.

Тыныс алуы
  • Емшектегі баланың өкпесі мен тыныс алу бұлшық еттері онша жетілмегендіктен, олар ауаны ересектерге қарағанда екі есе көп қажет етеді, өйткені олардың тыныс алысы жиі, біркелкі емес.
  • Бала бір жасқа толарда өкпесі мен тыныс алу бұлшық еттері жетіледі, тыныс алысы сиреп, тереңнен тыныстайтын болады.
Жүрек тамырлары
  • Жаңа туған нәрестенің жүрек тамырларының жүйесіне күш көп түседі.
  • Баланың тамыр соғуы жиі өзгеріп отырады (мысалы, бала қатты жылаған кезде минутына 160-200 рет cоғатын болады) .
  • Нәрестенің өсуіне қарай оның күре тамырының қысымы арта түседі:3 айлығына дейін оның мөлшері орта есеппен сынап бағанасымен 75/50 мм; 9-10 айлығында-90/65 мм-ге жетеді.
Тісінің шығуы
  • Тіс жару барысы:дені сау бала 6-8 айлығында тіс жарады (төменгі екі тісі) ; 8-10 айлығы аралығында үстіңгі 4 тісі; бір жасқа толғанда тағы да төменгі 2 тісі, сөйтіп1 жасқа толған балада 8 тіс болады.
  • Тіс шығу кезінде асқазанның бұзылғаны(іш өту, тәбеіті қашу, аузынан сілекей ағу), қызыну, мазасыздану, ыстығы көтерілу, ұйқысы қашу сияқты процестер байқалады. Бірақ мұндайда ем қолданудың қажеті жоқ.
  • Баланың организмі кешеуілдеп, жәй өскенде, әсіресе мешел баланың тістері кеш шығады.
Нәресте организмінің өмірге бейімделу ерекшеліктері]
  • Ішек құрылысы органдарының жүйке жүйелерінің толық жетілмегендіктен, сәбидің дүниеге келген алғашқы айларында асты дұрыс қорыта алмауы: құсуы, іші кебуі, кекіруі, дәретке жиі отыруы т. б. мүмкін.
  • Кейде бала емшек емгенде өңешіне ауа кетсе шашалады, кекіреді, құсады.
  • Бала емшекті жиі емсе, оның денсаулығының жақсы болғаны.
  • Кез келген аурудың алғашқы белгісі - сәбидің бей-жәйлікке түсуі немесе емшектен бас тартуы.
  • Емшектегі бала алғашқы апталарда дәретке тәулігіне 4-5 рет, ал жыл аяғында 1-2 рет отырады. Нәресте туғаннан кейін алғашқы 3 күн ішінде кіші дәретке онша көп отырмайды (тәулігіне 4-5 рет), бірақ алғашқы аптаның аяғында, 2-аптаның ортасында тәулігіне 20-25-ке дейін кіші дәретке отырады да, жасқа толарда ол 15-16 ретке дейін азаяды.
  • Нәрестенің жүйке жүйелері толық жетілмей, жұтыну, есінеу т. б. шартсыз рефлекстерімен туады ауруға, ыстық, суыққа реакция) .
  • Сәби жарықты жақсы сезінеді, бірақ естуі нашар болады.
  • Емшектегі бала тез қалжырайды, сондықтан ол тәулігіне 17-18 сағаттан кем ұйықтамауы керек.
  • Сәбидің организмі анасынан алған иммунитеттің арқасында кейбір инфекциялықауруларды қабылдамайды.
  • Сонымен бірге баланың организмінде ірің тудыратын көптеген микробтарға қарсы тұратын қорғаныс күштері жеткіліксіз болады, сондықтан емшектегі бала мұқият күтуді қажет етеді.
Қимыл-қозғалысы мен психикасының дамуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бір жасқа дейінгі баланы табиғи тамақтандыру
Баланың дене тәрбиесі
Баланы шынықтыру
Балалардың тамақтануы
Мұрын қуысындағы бөгде заттар
Балаларды тамақтандыру туралы қысқаша түсінік
Бала емізу
Неонатальді сарғыштану
Жастық кезең
Балаларды тамақтандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz