Бейнелеу өнерінің тарихы
Мазмұны
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1.Бейнелеу өнерінің
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.2 Ересектер тобында құрастыру оқыту әдістемесін өткізудің мақсат
міндеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..9
2.3 Ересектер тобында құрастыруды оқыту
әдістері ... ... ... ... ... ...13
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...28
ІV.Пайдаланылған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Кіріспе
Елімізде Қазан революциясына дейін Алматы, Орынбор, Астана, Пртропавл,
Семейде жетім балаларға арналған үйлер ашылды. 1917 жылы мамырда Алматы
қаласында мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің тұңғыш негізін қалаған
балабақшасы ашылып, 100-ге жуық балалар барды.1919 жылы Торғай
губерниясында 37 балабақша ашылып, 1000 баланы қамтыды.Сол кездегі қазақ
әйелдерінің өндіріс орындарына жұмысқа шығуы, мектепке дейінгі балаларды
тәрбиелейтін балабақшалардың ашылуына сұраныс жоғарылай түсті. 1920 жылы
елімізде 115 балабақша ашылып, оған 600-ге жуық бала тартылды. Қазақ
тілінде мамандар дайындалмауына байланысты қазақ балаларына арналған
топтар ашылмады. Дегенмен, Республикамызда мектепке дейінгі балаларды
балабақшаға тарту, ел арасында мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу туралы
түрлі бағытта жұмыстар жүргізілді. Осы жылы Қостанай, Орынбор, Семей т.б.
губернияларында мектепке дейінгі бөлім ашылып, желтоқсан айында “Балалар
апталығы” өткізіліп, оның мақсаты көпшілік арасында насихат жүргізу. Халық
ағарту бөлімдерінң қызметкерлері ауылдарды аралап,. Халық арасында белсенді
үгітшілер мен насихатшылады даярлады. Баспасөз беттернде мектепке дейінгі
балаларды тәрбиелеу жөніндегі мақалар жарияланды. Мектепке дейінгі тәрбие
жұмысының мақсаты мен міндеттерін, балабақшалар, оның құрылымын, оның бала
тәрбиесіндегі орнын, озық тәжірибелер мен әдістемелік еңбектерді сол
кездегі “Әйел теңдігі” журналында арнайы айдармен жарияланып отырды.
Журналдың мектепке дейінгі тәрбие бөлімін басқарған, тұғғыш мектепке
дейінгі тәрбие теориясынның негізін салған Н.Құлжанованың ”Мектептен
бұрынғы тәрбие”, “Ана мен бала” еңбектері сүбелі болып саналды. Елімізде
М.Жұмабаевтың “ Педагогика”, Н.Құлжанованың “Мектептен бұрынғы тәрбие”,
“Ана мен бала” атты еңбектерінде мектепке дейінгі тәрбие мәселелері
көтеріліп, ғылыми-пдагогикалық , әдістемелік тұрғыдан ашып берген.1917
жылдан кейін де қазақ әйелдері баланың денсаулығына медициналық көмек
көрсету туралы білімдерінің жоқтығына байланысты бала өлімі де көп болған.
Осыған орай 1922 жылы “Ана мен баланы қорғау ғылыми-зерттеу институты”
ұйымдастырылды. Осы салада 1959-1980 жылдар аралығында институтта
басшылдық жасаған А.Бейсенованың 1965 жылы “Ана болу және балалық шақ”,
1968 жылы “ Ана мен баланың денсаулығын сақтау” еңбектері жарық көрді.
1922 жылыОрынборда және 1924 жылы Қызылорда қаласында әйелдер курстары
ашылыып, екі жылда 80 тәрбиеші даярланды.
1926-1929 жылдары халықшаруашылығынң өркендеуіне байланысты
балабақшалар, титік балабақшалар, мерзімді балалар үйлері ашылып, “мектепке
дейінгі киіз үй”, “көшпелі киіз үй”, “ қызыл отау” атты мектепке дейінгі
ұйымдардың жаңа формалары ашылып, алыс малшылар ауылында, қырман басында
жұмыс істеді. 1927 жылы Қаз АССР Халық ағарту комиссариатының шешімі
бойынша өткізілген мектепке дейінгі тәрбие
3
туралы конференцияда балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысын жоспарлау,
тәрбие әдістері, мектепке дейінгі ұйымдас сауат ашу, мектеппен байланысы,
жүргізілген жұмысты есепке алу бойынша өзекті мәселелер қарастарылды. Осы
жылдары “Мектепке дейінгі саяхат” деп аталатын мектепке дейінгі ұйымдарды
салу құрлысы жүргізіліп көпшілік қатысты. 1929 жылы 85 балабақшаболды.
1933 жылы республи бойынша балабақша мамандарын дайындайтын 8 айлық
курстар жүргізіліп, ресейдің белгілі мамандары лекция оқыды.
Алматыда, Оралда, Семейде педтехникумдардың жанынан мектепке дейінгі
бөлімдер ашылды.
1938 жылы РСФСР Халық ағарту комиссариаты шығарған балабақшаның уставы
және ”Балабақшаның тәрбиешісіне жетекші құрал”, “Колхоз балалар алаңдарының
жұмысына басшылық” аударма түрінде пайдаланылды.
1964 жылы 2-7 жасқа дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу туралы
тұңғыш бағдарлама жарық көрді. 1955 жылы Г.П.Охотская ” Қазақстандағы
мектепке дейінгі тәрбие очеркі” деген тақырыпта кандидаттық диссертация
қорғаса, 1961 жылы В.И.Андросова “Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың
поэзиялық шығармаларға қызығушылығын арттыру”, 1969 жылы Б.Баймұратова “
Сәбилердің сөздік қорымен сөз игеру ерекшеліктері”, 1970 жылы Л.И.Давиденко
”Қазақстанның селолық балабақшалары”, Р.М.Жұмағожина”Соғыс жылдарында
Қазақстанда балалар мекемелерінің дамуы” дессертациялық жұмыстар жазды.
1980-2000 жылдар аралығында Қ.М.Меңдаяқова, М.Т.Тұрыскелдина,
М.С.Сәтімбекова, Г.Ж.Меңлібекова, Р.К.Аралбаева, А.К.Меңжанова,
Ф.Жұмабекова, Ә.С.Әмірова, С.Н.Жиенбаева, Т.Иманбеков, С.Ғ Бәтібаева,
Г.Метербаева, Ғ.З.Таубаева және т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мектепке
дейінгі ұйымға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар дайындады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі және мектеп
жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы" халықаралық адам құқығы туралы
нормаларға сәйкес жазылған.
1996 жылы алғашқы ұлттық Балбөбек бағдарламасының жобасы дайындалып,
2006 жылы өңделіп қайта баспадан шығарылды.
1999 жылы Елбасының жарлығымен Балаларды міндетті мектепалды дайындау
тұжырымдамасы қабылданды. Оның негізінде Мектепалды дайындау (Семей),
балабақшада және отбасында баланы мектепалды дайындау (2000)
бағдарламалары әзірленді. Кейін Қайнар, Қарлығаш Жеке тұлға атты
балама бағдарламалар іске қосылып, эксперименттен өткізілді.
2004 жылы алғашқы мектепке дейінгі білім беру стандарты дайындалды.
2008 жылы мектепке дейінгі білім беруге тұлға бағдарлы, құзыреттілік тұғыры
негізінде жалпыға міндетті білім беру стандарты дайындалды. Оның негізінде
Алғашқы қадам, Зерек бала, Біз мектепке барамыз атты бағдарламалар
дайындалды. Елбасының ұсынысымен 2010 жылы балаларды
4
мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014
жылдарға арналған Балапан бағдарламасын жарияландыМектепке дейінгі тәрбие
мен оқытудың мақсаты осы жас кезеңінде тұлғаның қалыптасуы үшін қажетті
алғашқы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады.Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты:1.балаға өмір бойы қажетті жеке
қасиеттерін қалыптастыру үшін негіз болып табылатын жалпы адамзаттық
құндылықтарды баулуға;2.халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға,әдебиет
пен өнерге,фольклор мен еліміздің мәдени мұрасына негізделген білім беру
мазмұнын іске асыруға;3.ерекеше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті
білім беру үшін жағдайлар жасауға;4. мекетепке дейнігі тәрбие және оқытумен
қамтылған және қамтылмаған балаларды дамыту мәселелерінде ата-аналардың
біліктілігін арттыру, оларды психологиялық-педогогткалық консультациялық
қолдаумен қамтамасыз етуге бағытталған. Мектепке дейнігі тәрбие мен
оқытудың мазмұны әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымтастыру арқылы кірістіру
жолдарымен іске асырылатын: денсаулық, коммуникация,таным,
шығармашылық, әлеуметтік орта бес білім беру саласына негізделген.Сонын
ішінде: Шығармашылық білім беру саласы.
Мақсаты: баланың шығармашылық ойлау мәдениетінің негізі ретінде оның
сезімдік-эмоциялық саласы мен қиялын дамыту.
Шығармашылқ білім беру саласы сурет салу; мүсіндеу,жапсыру және өнер
туындыларын қабылдау мен түсінуді дамытуды,қоршаған ортаға эстетикалық
қатынасты қалыптастыруды; өнер түрлері туралы қарапайым түсініктерді
қалыптастыруды; музыканы, отандық композиторлардың шығармаларын,ұлттық
музыкалық аспаптарды, көркем әдебиетті, фольклорды қабылдауды; көркем
шығармалардың кейіпкерлердің жанашырлықты ынталарндыруды; балалардың
өзіндік шығармашылық қызметін іске асыруын қамтиды.
Шығармашылық білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызыметі:
1.сурет салу;2.мүсіндеу;3.аппликация;4.музы ка;[1]
5
Бейнелеу өнерінің қысқаша тарихы
Қола ғасыры мен темір ғасыры адамзат дамуындағы асқаралы баспалдақтар
болды. Ұлы өзендер-Нілдің,Евфрат пен Тигрдің, Инттің, Хуанкенің
аңғарларында біздің заманымыздан бұрынғы 3-4 мың жылдықтың өзінде алғашқы
мемлекеттер пайда болды.
Олардың минералдары мен қабырғалары жаңа өнер жаңа сәулетінің
ескерткіштеріне айналды.Рулық құрылыс 2 сатыға бөлінді: аналық ру-
матриархат және әкелік ру-патриархат.
Архиологтар белгілі дәуірлердегі еңбек құралдары дайындалған негізгі
материалдардың өзгеріп отыруына сәйкес алғашқы қауымдық құрылыс тарихын
бірнеше сатыларға бөледі: тас, қола және темір дәуірлері.
Тас дәуірі полеолит (ерте тас ғасыры) және неолит( жаңа тас ғасыры)
болып бөлінеді.
Полиолит төменгі (ертеректегі) және жоғарғы (кейініректегі) болып
бөленеді. Полиолит пен Неолиттің арасындағы кезеңді энолит деп атайды.
80 мың жыл шамасында табиғат жағдайы түбірінен өзгерді. Жердің жедел
салқындауының нәтижесінде мұз дәуірі басталды: мұз Скандинавиядан
оңтүстікке қарай Вернус-орша-вышний Волочок қалаларына созылды. Осындай
қатал табиғат жағдайында адамдар өмір сүрді(олармен бірге мамон,
бұғылар,бизондар өмір сүрді.
Полиолит дәуірі мұз дәуірінің соңында аяқталды. Оны б.з.б 14-12 мың
жылдықтан 6-5 мың жылдыққа созылған мизиолит (орта тас ғасыры)
алмастырды. Мұз дәуірінің аяғында ірі жануарлардың үйірі көп болған жоқ.
Аң аулаушылар толық тамақтарын тауып ала алмағандықтан, терімшілікке
көшті, балық аулау кең тарай бастады. Аң аулау шаруашылығы дағдарысқа
ұшырады. Жануарларды қолға үйрете бастады: бірінші итті, сосн ұсақ және ірі
малдарды үйретті.
Мизиолит кезеңінде біздің елеміздің оңтүстігінде қарудың жаңа түрі
жасалады. Жүзі шақпақ тасты, жебе мен садақты ойлап тапты.
Жоғарғы полиолит пен мизиолит кезеңіде өмір сүрген аналақ ру неолит
дәуірінде өзінің жоғарғы дамуына жетті. Неолит шаруашылығы иемдеу
формасынан өндіру формасына бірте-бірте көше бастады. Бұл кезеңде тас
құралдарын жасау техникасы одан әрі жетілдірілді. Адамдар тас
балталарды, түрлі сүйек құралдарды кең пайдалана бастады. Неолит үшін
бұрғұлап тесілген және қырнап өндірілген сапты құралдардың қолданылуы,
тоқу станогының пайда болуы, балшықтан ыдыс жасай білуі, ағашты алуан
түрлі етіп өңдеу, қайық жасау, ау тоқу тән болды.
Егіншіліктегі табыс отаршылдыққа әкелді. Үйлердің түрлері пайда
болды,керамика кең етек алды. Қола ғасырдың бастамасы болып саналатын
энолит (мыс-тас ғасыры) кең басталды. Энолит адамдардың сыртқы бейнесінде
қазіргі адамдардан айырмашылығы болмады.
Қола ғасыры мен темір ғасыры
Адамзат дамуындағы жаңа баспалдақтар қола және темір ғасырында
қаланды. Металл өндіру әдістері жетілдірілді, өнер жаңа формаларға
6
ие болды.Ұлы өзендер бойында жоғарыда айтылғандай, алғашқы құл иеленуші
мемлекеттер пайда болды.
Еуропа сәулетінің алғашқы құрылыстар діни сипаттаға алғашқы монумент
мегалиттік деп аталатын алып тастардан салынған ғимараттар болды. Рулық
құрылыс кезінде алғашқы қауым өнері өзінің шығармалық ұлы күшінің жаңа
қырларын дүниеге әкелді. [2]
Скифтер
Скиф өнерінің гүлденуі б.з.б VII-VI ғасырларға жатады. Ол кезде скифиа
мемлеттер құлиеленушілік құрлысы енді ғана бастала бастаған, ал рулық
негізі жойыла қойған жоқ еді. Көшпелі скифтер киіз үйлерде тұрды. Жылқы
еті мен қымыз олардың негізгі тамағы болды. Үйір-үйір жылқы мен ірі қара
табындары скифтердің негізгі байлығы еді. Бірақ мал шаруашылығын олар
аң шаруашылығы мен қатар жүргізді. Аң олардың қиялында (құбылыс) құбыжық
болып, яғни жұмбақ та құдіретті күштің бейнесі болып елестеді.
А.С.Пушкин: Ғасыр алаңдамай алға жылжи бере алады..., бірақ поэзия
орнанда қалды. Оның бір ғана мақсаты бар...,Көне астрономияның,
физиканың, медицинаның ұлы өкілдерінің ұғымдары, еңбектері, ашқан
жаңалықтары ескеріп, күн сайын өзгеріп, алмасып жатқанда, хас ақындардың
туындылары тап-таза, мәңгі жас қалпында қала берді,-деп айтқан екен.
Француз жазушысы Вектор Гюго осы ойды былай білдірген: Ғылым өзін-өзі
сызғылай отырып, толасыз ілгері жылжи береді. Поэзия-қанат серпіні. Өнер
шоқтығы өмірге мәңгілік келеді.
Өнер шоқтығы сөзі, әрине,поэзияға ғана емес, өнер саласының қай-
қайсысына да болса қатысты. Осы ойды нақты мысалдармен дәлелдеп
көрейік.[3]
Дүние жүзіндегі ең ірі, көркем мұражайлардың бірі Санкт-Петербург
Эрмиттажының бірнеше залы Алтайдағы Пазырық қорғандарында сақталған
ертедегі сібірлік көшпелі малшылар мәдениетінің ескерткіштеріне
арналған.1940 жылы қыркүйекте Францияның оңтүстік-батысындағы монтиньяк
қалашығының жақын маңнан біздің дәуірімізге дейін көптеген мың жылдар
бұрын өмір сүрген адамдардың үңгірі табылды. Үңгір қабырғаларындағы
түрлі аңдардың керемет шеберлікпен салынған суреттері бейнелеу өнерінің
сол кездеде жақсы дамығандығының айқын дәлелі. Бұл алғашқы қауым бейнелеу
өнерінің Сикст капеласы аттанған Ласко үңгірі еді. Үңгірдің бейнелеу
өнері осы уақытқа дейін біздерді таңғалдыратын бейнелеу өнерін жасаған
адамдардың талпыныстары мен шығармашылық еркінділігін толық білдірді.
Солтүстік Испанияда тамаша бейнелеу өнерімен даңқы шыққан Альтамир
үңгірі ашылғанда, тіпті ондағы суреттерден кейін салынғанын дәлелдеу арқылы
адамзат тегінің ежелгілігін теріске шығарамыз деп армандаған адамдардың
ойы іске аспады.Палеолит термині (гректің палатос- көне, литос-тас
деген сөзерінен) көне тас ғасырын білдіреді. Ласко үңгірінің бейнелеу
өнері, негізінен біздің дәуіріміздің басындағы
7
XVIII ғасырда жатса керек. Ласко үңгірінің қабырғалары сарғыш балшықпен,
күйемен, ақ балшықпен салынып, қарамен жиектелген жүздеген сары, қызылқ
қоңыр кескіндерменб безендірілге: ол кескіндер-кісі таңғараларлық сәндік
кенере құрайтын бұгы бастары, өз тұрқымен бірдей дерлік етіп салынған
текелер , жылқылар,бизондар, мүйізтұмсықтар. Дегенмен,Ласко үңгірінен
әлдененің күрделі сюжеті бар көпшілік көрінісін бейнелеу талабын сиректе
болса ұшыратамыз. Найзамен жараланып, ішек-қарны ақтарылған бизон жатыр.
Оның алдында шалқасынан құлаған адам. Шеткеріректе мүйіз тұмсық тұр, адам
жеңген бәлкім, сол болар. Жартастағы осы бір тұрмыстық суреттің дәл
мазмұнын анықтау қиын.
Баланың салған суретіндей, адам домбарланып, олақ бейнеленген. Бірақ
бірде-бір бала қансыраған бизоннаң трагедиялық бейнесін дәл осылай бере
алмаған болар еді.
Қазіргі Францияның оңтүстік батысы, қазіргі Испанияның солтүстігі-
жоғарғы полиолит дәуірінің жартастағы бейнелеу өнерімен әйгілі үңгірлері
табылған жерлер осылар. Төменгі олардағы каповия үңгірінен 1959 жылы
полиолит өнерінің тамаша ескерткіштері: түп түгел ашық қызыл етіп салынған
жеті маманттың, екі мүйізтұмсықтың және үш жылқының кескіндері табылды.
Ласко үңгірі бейнелеу өнерімен таңданарлық стиль ортақтығы, бір-бірімен
ешқандай араласа алмаған, бір-бірімен ештене алмаса алмаған алғашқы қауым
суретшілер шығармасында жан тебірентерлік үндестік жатыр.
Кейіңгі полиолитті бөлетін дәуірлер олжа табылған орындардың атымен
аталады: Ориньяк(б.з.б 40-30 мың жыл)
Солютре(б.з.б 35-25 мың жыл)
Мадлен(б.з.б 25-12 мың жыл)
Соңғысында өнер ең жоғарғы гүлдену сатысына жетті. Ориньяк дәуірінің
өзінде-ақ біз адам тұрған үңгір қабырғаларынан саусақтарын кең жайып, оның
бояумен айналдыра жүргізіп, шеңбермен қоршаған қолдардың таңбалаларын
кездестіреміз. Бұл не? Алғашқы қауым адамы осылайша өз өзін таста
қалдыру, өзін мәңгі әрі көрнекті етіп көрсету, өзін өмір сүргенін
бейнелеп, орнықтыру тілегін білдіргісі келмейді ме екен? Ол кезде әйел
ұжымының бүкіл өмірін басқарған және туыстық әйел жағынан айқындалған
матриархаттың, анатегінің үстем кезі еді. Полиолит әйелдерінің 150 ден
астам мүсіні әрі елден, ал оның едәуір бөлігі бұрынғы кеңес жерлерінен
табылды. Олардың басын көпшілігінің әлпеті шала-шарпы, көрінер-көрінбес
ғана бейнеленген, оның есесіне дененің жек мүшелері өте нақты әрі
үлкейтіліп көрсетілген. Алғашқы қауым суретшісі мұнда жас әйел денесінің
сымбатында, сұлулығында, нәзіктігінде емес, сызықтарымен көлемінінің қатан
геометриялығы арқылы салмақты күшін көрсеткісі келді.
Орыс Эрмитажында мамонттың азу тісінен жасалған осындай мүсіндер
қойылған, олар жасалғанына шамамен 40-30 мың жыл өткен. Олардың бірі,
өзінің пластикалық әсерлігі, жеке мүшелерінің ішкі ұстамдылығы жығынан
ерекшеленеді. Ол табылған жердің атымен Костенков немесе Воронеж
8
Венерасы деп аталған, ал басқалары Мальтадан табылған.
Ал маманттың азу тісінен жасалған, Ангарадағы Буреть жұртынан табылған
мүсіннің орны ерекше. Ежелгі қауым сәулетшісі бейнені заманының нақты
шындығымен байланыстыруды ойлап, шағын кескінге бас кейім кейгізген.
Ласко, Алтамер және басқада көптеген үңгірлерде табылған өнер шоқтықтары
осылайша туған.
Полиолит мұздақтарының шегінеуінен кейін мезиолит орта тас ғасыры
(шамамен б.з.б 12-8 мың жыл), одан кейін жаңа тас немесе неолит ғасыры
–өңделген тас ғасыры келеді. Ерте тас ғасыры өрнегінің ғаламат сарыны
біртіндеп тұншыға береді, өйткені ол жастық пафосы, айналадағы дүниені
алуан түрлі аңдар патшалығын бейнелеу арқылы игерудің алғашқы талпынысы
болды. Алғашқы қауымдық құрылыс енді аталық тектің матриархаттан үстем
болуымен дамып, нығая берді. Әрбір мыңдаған жылдар мен ғасырлар бойы
жетіле келе еңбек өнімділігін тегістеу, аралау және бұрғылау еңбек
құралдарының сапасын жақсартты. Және ең басты күн көрістің негізгі көздері
қарапайым теміршілікпен аңшылық бірте-бірте егіншілікпен және мал
өсірумен аламаса бастады. Жаңа тас ғасырында адамдар саз балшықты
күйдіріп, оны су өткізбейтін қатты затқа айналдыруды үйренді. Керамиканың
пайда болуы- неолит дәуірінің негңзгң белгілерінің бірі, оның кейде
керамика ғасыры деп атайды. Бұл бейнелеу өнері ескерткіштері мен сол
замандағы иероглифтер (жартасқа қашап, сызып немесе тырнап салынған
суреттер) жер-жерге өте көп тараған. Олардың топтаған орындары бүкіл
Африкада, стиль жөнінен онымен тектестері Испанияның шығысында кездеседі.
Моұндай ескерткіштер Өзбекстанда, Әзірбайжанда, Онега көлігінде, Ақ теңізде
және Сібірде бар.
Сөзіміздің дәлелі ретінде мына туындыларды атай аламыз: ағашта жабайы
ара балын жинап жатқан әйелдің бейнесі (Арана, Шығыс Испания). Алжир
аумағының Сахарамен Феццанның шекарасындағы Тассили- Аджер деген таулы
жерде жалаң жартастағы суреттер.
Неолитке тән өнердің Африкалық тайпалардың арасында әліде сақталғаны
көп нәрсені аңғартады. Мысалы, Оңтүстік Африкада ол бұл жерлерге
еуропалықтар келгенге дейін өмір сүрді. Бушмендердің жартастағы тамаша
бейнелеу өнері стильі жөнінен неолитке жатады. Бушмендерді Оңтүстік
Африканың жергілікті тұрғындары- бурлар мен ағылшындар жойып жіберді.[4]
Ересектер тобында құрастыру оқыту әдістемесін өткізудің мақсат
міндеттері.
Құрылыс материалдарынан, канструктор бөлшектерінен құрастыру. Құрастыру
бөлшектерінің негізгі бөліктерін және оған тән бқөлшектерін анықтай білуге
үйрету.
Дағдыларын қалыптастыру;
1. Болашақта жасалатын құрылысты талдай білу, оларды орындау реттілігін
белгілеу және оның негізінде нысан жасау:
2. Шамасы бойынша әртүрлі құрылыстардың нұсқаларын жасай
9
білу:
Ұжымды құрылыстар салу:
Әр түрлі үйлестіру арқылы сіріңке қораптарынан заттар құрастыру.
Үлкен емес жазықтықта үлкен етіп біріктіру, кірпіштердің қырлы
бөренелердің араларын бір-біріне жиі қойып құрылысты берік ету, биіктігі
күрделі құрылысты бөлу сияқты құрастырудың жаңа әдістерін үйрету.
Қағаздан құрастыру. Қағазды арасынан төртке бөліп бүктеуге түрлі
бағытта тегістеп бүктей білуге үйрету. 14 бірдей бөлікке қиғаштай бөлінген
(бұрыштарының дәл қосу) ұсақ заттарды дайындауды шпршы қағазын бүктеу
біліктерін қалыптастыру.
Табиғи қалдық материалдан құрастыру. Табиғи және қалдық материалдың
түрлерімен таныстыру. Табиғи материалдан ұсақ заттар дайындай білуге
үйрету.
Құрылыс материалдарынан, канструктор бөлшектерінен құрастыру.
1.берілген тақырып бойынша, сөзбен сипаттар, сурет, фотосурет бойынша
құрылыс салуға үйрету:
2.өз құрылысын талдай білуді бекіту және талдау негізінде құрылымдық
шешілімдер табу,оларды құру кезеңдерін жоспарлау.
Қағаздан құрастыру. Қағаз цлиндрлерден, оларды қосу әдісімен
жануаолардың, адамдардың пішіндерін жасай білуге үйрету. Пішіндердің
күрделі жүйелерімен қалыптарын бере білуді, оларды күрделі емес
композицияға біріктіруді қалыптастыру.
Ұжымдық мазмұнды құрастыруға қозғау салу. Шығармашылық ойлауды және
қиялдауды дамыту. Қағаздан құрастару әдістерін қолданып, жазық материалды
көлемді формаға өзгерте білуді бекіту. Дайын пішілген кескіндкрмен құмыс
жасау, күрделі емес сызба сызу, қайшымен нұсқаны тілік етіп кесумен ойып
ала білуді қалыптастыру.
Табиғи қалдық материалдардан құрастыру. Табиғи матириалды мақсатты
пайдала білуді бекіту. Табиғи және қалдық материалдармен жұмыс кезінде өз
қызметін жоспарлау дағдыларын жетілдіру: дербестік шығармашылық, қиятын,
ұсақ заттар жасауды көрнекіліктерді қолдану арқылы және ойдан шығару,
өзінің көз алдына елестету арқылы жасай білуді дамыту.
Құрастыру термині-әртүрлі заттарды,бөліктерді белгілі бір жағдайға
келтіріп құрау деген мағынаны білдіреді.Балалардың құрастыру жұмыстары
құрылыс материалдарынан әртүрлі құрылыстар салу,конструктурлармен,лего
құрастырғыштармен құрау,табиғи заттар;құн,саздан құрылыс жасаумен айналысу
болып табылады.Құрастыру іс-әрекеті-бұл өзінің қызметіне сәйкес бұрыннан
ойластырылған,белгілі бір нақты өнім алуға бағытталған әрекет
түрі.Құрастыруды үйрену арқылы балалардың ойлауы дамиды,іс-әрекетін
жоспарлай білуге дағдыланады.Белгілі бір құрылысты немесе заттарды
құрастыра отырып,олардың қандай жүйеде,қалай болуы қажеттігін күні бұрын
ойластырады. Құрастыру арқылы геометриялық денелерді құрылыс заттарының
көлемі, сапасы, пішіні және кеңістікте орналасу қатынастарын
10
тануға қабілеттері артады. Мысалы: төрт қырлы бөрене, пластина, кірпіш,
лего құрастырғытар тетіктері, т.б. құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру кезінде
тәрбиеші адамдарды жан-жануарларды өмсімдіктерді көлік түрлерін т.б
бейнелейтін әр түрлі ұсақ ойыншықтардыда пайдаланады. Мұндай ойыншықтар
баланы ойлануға, іскелікке,белсенділікке,іс-әрекетті ң шығармашылық сипат
алуна мүмкіндік туғызады. Құрастыру іс-әрекетті бұл істің өз тәсілдерін
құрастыруды тұрғызумен тексеруде өз тәсілдерін талап етеді. Құрастыру
нәрсені көріп, оның атқаратын қызметін түсіне білуді дамытады, құрастыратын
заттың түрлі бөлшектерінің қасиеттері жөнінде едәуір толығырақ түсінік
алуға мүмкіндік береді. Бір нәрсені құрастырғанда бала өз тәжіриебесі
арқылы кейбір бөлшектер кез келген күйде ал басқалары тек белгілі бір
қалыпта ғана орнықты болатындығына, бөлшектерді түрліше ұштастырғанда
орнықтылықтың да түрліше болатынына көзі жетеді. Құрастыру процесінде бала
бөлшектердің белгілі бір формасымен салмағына белгілі құрастыру қасиеттері
сәйкес келетінін біледі.
Құрастыру іс-әрекетінің төмендегідей типтерін ажыратуға болады:
1)үлгі бойынша құрастыру;
2)шарттар бойынша құрастыру;
3)ойлау арқылы құрастыру;
Құрастыру
Мақсаты: қағаздан, құрастыру бөлшектерінен, құрылыс және табиғи
материалдардан әртүрлі заттарды құрастыру дағдыларын қалыптастыру арқылы
мектепке дейінгі ересек балалардың логикалық ойлауын дамыту.
Міндеттері:
1. Құрылыс материалдарынан, конструктор бөліктерінен, табиғи және қалдық
материалдардан құрастыруға үйрету.
2. Өзі жоспарлаған құрылыстың құрастыру кезеңдерін жоспарлап,
құрастырушылық шешім қабылдай білу іскерлігін дамыту.
3. Қажетті бөлшекті таңдап алу, оларды тиісті орнына дұрыс қою, бір
бөлшекті екінші бөлшекпен ауыстыру шеберліктерін қалыптастыру.
4. Желіммен, қайшымен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
5. Құрастырған затын безендіруге үйрету арқылы ұқыптылыққа, әдемілікке
баулу.
6. Шығармашылық қиялы мен көркемдік талғамын дамыту.
Мазмұны:
Құрылыс материалдары мен конструктор бөлшектерінен құрастыру
Әр түрлі пішіні мен көлемі бойынша пластинаның, қырлы бөрененің,
цилиндрдің (ұзын, қысқа, жалпақ, жіңішке, шаршы және үшбұрыш) жаңа
бөлшектерімен, олардың ерекшеліктерімен таныстыру.
Құрылыс жиынтығының элементтерін атау, олардың міндеттері мен құрастыру
қасиеттері бойынша бір бөлігін басқа бөліктермен ауыстыру іскерліктеріне
үйрету.
Конструктордың бөлшектеріне тән және негізгі бөліктерін атауға, оларға
талдау жасауға, оның құрастыру нысанының реттілігін сақтауға үйрету.
Үлкен емес жазықтықты үлкен етіп біріктіру, кірпіштердің, қырлы
бөренелердің араларын бірін-біріне жиі қойып құрылысты берік ету, биіктігі
қиын құрылысты бөлу сияқты құрастырудың жаңа әдістерін меңгерту.
Құрастырудың жаңа әдістерін меңгерте отырып, үлкен емес жазықтықты үлкен
бір майда бөліктерді біріктіріп үлкен және берік етіп жасау шеберлігін
қалыптастыру.
Ұйымшылдықпен жұмыс істеу, құрылыстарын ортақ оймен біріктіру,
құрбыларымен жұмысты бөліп алып орындау іскерліктерін бекіту.
Ойдан шығарып, шығармашылық ынта білдіру, ауызша суреттеу, берілген
тақырып бойынша, талапқа байланысты, сурет, фотосурет бойынша құрылыс
салуға үйрету.
Қағаздан құрастыру
Қағазды ортасынан, төртке бөліп бүктеу, түрлі бағытта, тегістеп бүктеу
іскерліктеріне үйрету.
16 бірдей бөлікке қиғаштай бөлінген (бұрыштарының басын дәл қосу) ұсақ-
түйектерді дайындауда шаршы қағазын бүктеу іскерліктерін қалыптастыру.
Қағазды қатпарлап бүктеуге және симметриялық пішіндерді кесуге, қағаздан
құрастыру әдістерін (конусты жартылай айналдырып бұрау, тіктөрбұрышты
цилиндрге, шаршыны кубке өзгерту, шырмау) қолданып көлемді формадағы жазық
материалды өзгерту іскерліктерін бекіту.
Ұжымдық сюжеттік құрастыру сезімдерін ояту.
Дайын пішілген кескіндермен жұмыс жасау, күрделі емес сызба сызу,
қайшымен нұсқаны тілік етіп кесу мен ойып алу іскерліктерін қалыптастыру.
Шығармашылық ойлау мен қиялын дамыту.
Табиғи және қалдық материалдардан құрастыру
Табиғи және қалдық материалдардың түрлерімен және пенопласт, поролон,
сым темір, пластиканың қасиеттерімен таныстыру.
Ұсақ-түйек заттар мен сіріңкенің қораптарынан әртүрлі үйлестіру жолдары
арқылы құрастыру іскерліктерін қалыптастыру.
Түрлі ұсақ-түйектер дайындауда табиғи материалдарды орынды қолдану
іскерліктерін қалыптастыру.
Желімнің, сіріңкенің, ермексаздың көмегімен жеке бөлшектерді жалғау
дағдыларын қалыптастыру.
Шығармашылық қиялын, ұсақ-түйек заттар жасауды көрнекіліктерді қолдану
арқылы және ойдан шығару, өзінің көз алдына елестету арқылы жасау
іскерлігін дамыту.
Жыл соңында құрастыру бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру
нәтижесінде балалар:
- құрылыс материалдарының негізгі бөлшектерін: кірпіш, қырлы бөрене,
цилиндр, кубик, пластинаны атауды және ажыратуды;
- заттардың қарапайым құрастыру бөлшектерінің санын анықтауды және
олардың өзара орналасуын;
- құрылысты талдауды, сындарлы шешім табуды;
- дайын бөлшектерден шарты бойынша, өз ойы бойынша құрастыруды;
- құрдастарымен тілектестік қарым-қатынас құру, ұйымшылдықпен жұмыс
істей білуді;
- қағаздан құрастыру амалдары мен тәсілдерін қолдана отырып, жазықтық
қағаз пішіндерді көлемді пішіндерге өзгерте білуді;
- үлгілерді, трафареттерді және жұмыс жасауда дайын пішілген
кескіндерді дұрыс қолдануды;
- құрал-жабдықтарды – қайшыларды, желімді дұрыс пайдалану: мақсаты
бойынша қолдану, оларды дұрыс ұстауды және олармен әрекет етуді;
- табиғи және қалдық материалдардан құрастыруды, желімнің, сіріңкенің,
ермексаздың көмегімен жеке бөлшектерді жалғау дағдыларына ие болуды;
- еңбек мәдениеті ережелерін, жұмыс орны тәртібін сақтауды;
- ұсынылған затты қарастыру, өзіндік ерекшелігін көру, сондай басқа да
бөлек ерекшелігі бар: мөлшері, түсі, пішіні, материалы, құрылымы бойынша
заттармен салыстыруды;
- өзіндік ойы бойынша түрлі материалдардан құрылыс жасауды;
- нәтижеге жету үшін түрлі құралдарды (схема, модельдер, суреттер,
үлгілер және т.б.) қолдануды;
- функционалды мақсатына қарай (мереке, қойылым үшін, интерьерді әшекейлеу
үшін, ойын үшін және т.б.) түрлі қолдан жасалған заттарды жасауға қатысуды
білуі тиіс.[6]
Ересектер тобында құрастыру оқыту жоспарын құру.
Технологиялық карта
Тобы: Ересектер Ертөстік тобы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Такырыбы:Жүк машинасы
Оқу қызметінің мақсаты: Құрылыс материалдарымен таныстыру және жүк
машинасын құрастыру, құрылыс материалдарын пайдалануға жаттықтыру. Ойлау
қабылетін дамыту арқылы сүт таситын машина құрастыруға білуге үйрету.
Білімділігі: Құрылыс материалдары мен жүк машинасын құрастыра білуге үйрету
Дамытушылық:Құрастыра ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz