Кіші мектеп жасындағы балаларға тәрбие беру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 тарау. Кіші мектеп жасындағы балаларға тәрбие беру
1.1. Кіші мектеп жасындағы балаларға эстетикалық тәрбие беру
арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Құзыретті тұлға қалыптастыруда оқушылардың
оқу.ойлау қабілеттерін жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3. Кіші мектеп жасындағы балаларға ақпараттық технологияны
қолдану арқылы тілдерін дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2 тарау. Кіші мектеп жасындағы балалардың
сөйлеу қабілеттерін дамыту
2.1. Оқушылардың байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту ... ... ... ... ... ... .15
2.2.Кіші мектеп жасындағы балаларға арналған қазақ тілі пәніндегі
тіл дамыту жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Елімізді мекендеген өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігі баршамызға белгілі. Бұл іс біріншіден, әлеуметтік сұранысқа негізделген мемлекеттік қажеттілікті нысана еткен жағдайда, екіншіден, бүгінгі оқыту жүйесіндегі қазақ тілінен берілетін білім нәтиже берген жағдайда ғана алға басады.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту мынадай жағдайларды басшылыққа алғанда ғана мүмкін болады: тілді терең меңгеріп, тілдік қатынаста қолдану дағдыларына ие болуы тек осы мақсатқа лайықталып, құрылған арнаулы оқыту технологиясы арқылы ғана жүзеге асады; оқушылардың өзін-өзі басқару, өзін-өзі жетілдіру, өзінің ақыл-ой қызметінің мүмкіндіктерін ізденімдік-зерттеу және өз бетімен танып-білу барысында толық дерлектей іске қосу, алған біліміне рефлексикалық тұрғыдан сыни баға бере алу, өзін-өзі тексеру дағдыларына ие болғанда мүмкін болады.
Шығармашылық – ойлау қабілетінің ең жорғарғы қасиеті. Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді. Тіл дамыту жұмыстары жан-жақты болса, ойының дәлдігі, тілінің көркемдігі артады. Тақырыпты меңгеруге өз күшіне сену қасиеті қалыптасады.
Мектеп қабырғасында оқушылар жақсы да, жаман да оқиды. Адам бойындағы дарындылықты табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектенуге баулу. Ол үшін мұғалімге жақын аямай еңбек ету қажет. Орта буынды шығармашылық мүмкіндігі зор, шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналасуға икемді жас деуге толық болады. Осы арада оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – оларды психологиялық дайындықтан өткізу, яғни балалық шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырып, «сенің қолыңнан бәрі келеді екен ғой», «өзің де бәрін біліп, үйреніп аласың» деп олардың кішкентай жетістіктерін мадақтап, көтермелеп отырамын. Алдындағы жетістіктеріне құптаушылық көрсетіп, сезім күйін бақылап, қамқорлық жасаймын. Оқушының қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беріп, алдыға проблема қойып оны шешуге ықпал жасап отырамын. Сабақ беру үрдісінде оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор. Жазба жұмыстары олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасын, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу және одан қорытынды жасау қасиеттері байқалып тұруы қажет деп ойлаймын.
Алайда, оқу әдістемелік жүйенің базасын түбегейлі жаңартудың бағыттарын жаңа мазмұнның теориялық негіздерін анықтап тұжырымдаған құжаттар бар. Олар: Қазақстан Респуликасының Білім Министрлігі құптап бекіткен Қазақстан Республикасы мектептің және осы мектептегі білім мазмұнының тұжырымдамалары ұсынылып отырған «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасын» үздіксіз білім беру жүйесіндегі бастауыш буында осы стратегияны нақтылы жүзеге асырудың тактикалық шешімдерінің бірі деп түсінсе орынды.
Жеке тұлғаның қалыптасып, ой өрісінің дамуында, белсенділігінің артып, қоршаған ортаны танып білуінде және алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана білуінде негізгі орын алып, оқушыларды шығармашылыққа жетелейтін іс-әрекеттердің бірі оқушылардың сабақ барысында және сабақтан тыс кездерде орындайтын өзіндік жұмыстар.
«Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары» /Жалпы бастауыш білім/ Алматы. 2002
2. «Ана тілін оқыту әдістемесі» Атамұра 1998.
3. «Оқытудың негізгі формасы - сабақ» Б.Иманбекова, К.Әбдрейімова, Қ.Мазаржанова. Алматы. 2003.
4. «Жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық жүйесі» /Монография/ Е.Жұматаева.
5. «Тіл туралы толғам» Астана. 2007.
6. ҚР Жалпыға міндетті білім берудің Мемлекеттік стандарттары; Жоба, /12 жылдық білім беру, 2006ж/.
7. Бастауыш мектептегі дамыта оқыту технологиясы /Әдістемелік нұсқаулық, 1999 ж /.
8. Эльконин-Давыдов «Дамыта оқыту технологиясы» /Педагогикалық шығармалар, 1998 ж/.
9. Оқу үрдісіндегі дамыта оқытудың мәселелері, Психологиялық ғылым және білім беру №1/2003 ж /
10. ҚР Білім және ғылым министрлігі, ОБД, АҚББ нормативті құжаттары; ҚР заңдары мен құқықтық-нормативті актілер
11. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы
12. Карманова Н.А. Формирование вторичной языковой личности в условиях использования новых информационных технологий в преподавании инностранных языков /АКД. – Москва, 2005. – 28 б.
13. Кубаева И. Казахский язык /Просто о невероятно сложном/ Алматы: Маркет, 2005. 104 б.
14. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі /Астана: Атамұра, 2006. – 240 б.
15. Қасымова Р.Т. Тезаурусно-ориентированная технология формирования русской лексической компетенции учащихся начальных классов в школах с казахским языком обучения / АДД. – А, 2005. – 52 б.
16. Қунанбаева С. Современное инноязычное образование: Методология и теории /Алматы, 2005. – 352 б.
17. Қараев Ж. Оқытудың педагогикалық технологиясы
18. Қазақ тілі бағдарламасы. 5 – сынып. (Халықаралық стандарттарға сәйкес жасалған) /УМИ. – Алматы, 2006. – 11 б.
19. Оразахынова Н. Сатылай комплексті талдау
20. Орыс мектептерінде қазақ тілін еуростандарт негізінде оқытудың тиімділігі /Академик Ш.Ш. Сарыбаев және қазақ тіл білімі мәселелері. – Алматы, 2005. – 677-681 б.
21. Педагогический эксперимент//Открытая школа.–Алматы, 2005.- №2. –50
22. Педагогический эксперимент//Открытая школа. –Алматы, 2005.- №3. –49

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мамзұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 тарау. Кіші мектеп жасындағы балаларға тәрбие беру
1.1. Кіші мектеп жасындағы балаларға эстетикалық тәрбие беру
арқылы сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Құзыретті тұлға қалыптастыруда оқушылардың
оқу-ойлау қабілеттерін
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...6
1.3. Кіші мектеп жасындағы балаларға ақпараттық технологияны
қолдану арқылы тілдерін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.10
2 тарау. Кіші мектеп жасындағы балалардың
сөйлеу қабілеттерін дамыту
2.1. Оқушылардың байланыстырып сөйлеу қабілетін
дамыту ... ... ... ... ... ... .15
2.2.Кіші мектеп жасындағы балаларға арналған қазақ тілі пәніндегі
тіл дамыту
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..27

Кіріспе
Елімізді мекендеген өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі
бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігі баршамызға белгілі. Бұл іс
біріншіден, әлеуметтік сұранысқа негізделген мемлекеттік қажеттілікті
нысана еткен жағдайда, екіншіден, бүгінгі оқыту жүйесіндегі қазақ тілінен
берілетін білім нәтиже берген жағдайда ғана алға басады.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін
қалыптастыру және дамыту мынадай жағдайларды басшылыққа алғанда ғана мүмкін
болады: тілді терең меңгеріп, тілдік қатынаста қолдану дағдыларына ие болуы
тек осы мақсатқа лайықталып, құрылған арнаулы оқыту технологиясы арқылы
ғана жүзеге асады; оқушылардың өзін-өзі басқару, өзін-өзі жетілдіру, өзінің
ақыл-ой қызметінің мүмкіндіктерін ізденімдік-зерттеу және өз бетімен танып-
білу барысында толық дерлектей іске қосу, алған біліміне рефлексикалық
тұрғыдан сыни баға бере алу, өзін-өзі тексеру дағдыларына ие болғанда
мүмкін болады.
Шығармашылық – ойлау қабілетінің ең жорғарғы қасиеті. Шығармашылық
арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы
өзгереді. Тіл дамыту жұмыстары жан-жақты болса, ойының дәлдігі, тілінің
көркемдігі артады. Тақырыпты меңгеруге өз күшіне сену қасиеті қалыптасады.
Мектеп қабырғасында оқушылар жақсы да, жаман да оқиды. Адам бойындағы
дарындылықты табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектенуге
баулу. Ол үшін мұғалімге жақын аямай еңбек ету қажет. Орта буынды
шығармашылық мүмкіндігі зор, шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналасуға
икемді жас деуге толық болады. Осы арада оқушыларды шығармашылыққа баулу
үшін тағы бір қажеттілік – оларды психологиялық дайындықтан өткізу, яғни
балалық шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырып, сенің қолыңнан бәрі
келеді екен ғой, өзің де бәрін біліп, үйреніп аласың деп олардың
кішкентай жетістіктерін мадақтап, көтермелеп отырамын. Алдындағы
жетістіктеріне құптаушылық көрсетіп, сезім күйін бақылап, қамқорлық
жасаймын. Оқушының қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беріп, алдыға
проблема қойып оны шешуге ықпал жасап отырамын. Сабақ беру үрдісінде
оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор. Жазба жұмыстары
олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі.
Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасын, эстетикалық және
адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу
және одан қорытынды жасау қасиеттері байқалып тұруы қажет деп ойлаймын.
Алайда, оқу әдістемелік жүйенің базасын түбегейлі жаңартудың
бағыттарын жаңа мазмұнның теориялық негіздерін анықтап тұжырымдаған
құжаттар бар. Олар: Қазақстан Респуликасының Білім Министрлігі құптап
бекіткен Қазақстан Республикасы мектептің және осы мектептегі білім
мазмұнының тұжырымдамалары ұсынылып отырған Жалпы білім беретін мектептің
бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасын үздіксіз білім беру
жүйесіндегі бастауыш буында осы стратегияны нақтылы жүзеге асырудың
тактикалық шешімдерінің бірі деп түсінсе орынды.
Жеке тұлғаның қалыптасып, ой өрісінің дамуында, белсенділігінің артып,
қоршаған ортаны танып білуінде және алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана
білуінде негізгі орын алып, оқушыларды шығармашылыққа жетелейтін іс-
әрекеттердің бірі оқушылардың сабақ барысында және сабақтан тыс кездерде
орындайтын өзіндік жұмыстар.
1 тарау. Кіші мектеп жасындағы балаларға тәрбие беру
1.1. Кіші мектеп жасындағы балаларға эстетикалық тәрбие беру арқылы сөйлеу
мәдениетін қалыптастыру

Кіші мектеп жас кезеңі (6-10 жас аралығы) ең алдымен жүйелі оқу
әрекетін дамытудың барынша маңызды кезеңі болып табылатындығын атап өту
қажет. Бұл жас кезеңінде балалардың бойында оқу біліктері
қалыптастырылады, сол себепті де оқу іс-әрекеті кіші мектеп жасындағы
балалар үшін жетекші іс-әрекеттердің бірі болып табылады.
Балалардың әстетикаға әсерленуі туған табиғатты бейнелейтін көркем
сипаттама мен көріністерді жақсы тұсінуге негіз салады. Мектеп оқушыларына
эстетикалық тәрбие беруде мұғалімдердің алдыға қойылатын кұрделі міндетті,
ол - окушылардың көрген - білген заттарының, көркем нәрселерінің сырын
дұрыс аша отырып, сезімдерін оятумен бірге ойлау, қиялдау сияқты қасиетінің
дамуыша да жол ашу. Яғни адамнаң дұниені әстетикалық мақсатымен де тығыз
байланысты.
Осы орайда аса көрнекті совет педагогы А.С. Макаренко: "...
балаларымыз - еліміздің келешегі, баланы дұрыс тәрбиелеу біздің қуанышымыз,
ал нашар тәрбиелеу - біздің көз жасымыз және ар алдындағы айыбымыз", -
деген . Сондықтан да тәрбие жұмысы бүкіл педагогикалық ұжымныщ қызметі
болып саналады. А.С. Макаренко өзінің тәрбиеленушілерінен кербездік,
сәнқойлық, тазалықты ғана емес, әдемілікті, жүріс — тұрыс, сөйлеу әсемдігін
талап ете білді. Сондықтан да олар өте ақ жарқын, сыпайы болып өсті.
Бастауыш сынып оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесінде
табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс - әрекетінің әдемілігін бағалай
білуді тұсінеді. Олар әдемі жазуға, мәнерлеп оқуға және айтуға үйренеді. Ал
бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға, қиялыш дамытуға
игі әсер етеді.
Ана тілі сабақтарында оқушылардыл тілін дамыта отырып, мұғалім суретке
қарап әңгіме құрауды, әсер алған уақиғаларды айтып беруді, қиялында жаңа
белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып,
олардың рухани күші дамиды.
Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын
қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар
үшін өнегелік - әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік
сезімдерден ортақ әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді, және
топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез — құлықтық тәрбиені күшейту
үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге ұлкен мән берілген.
Педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп окушыларын тәрбиелеу және
дамыту проблемаларымен шұғылданған В.А.Сухомлинский табиғаттың мектеп
оқушыларын қалыптастыруда алатын ролін өз практикасында ерекше қолданған.
Ол " Балаға жүрек жылуы" атты кітабының " Табиғат кітабының үш жүз беті"
деп аталатын бөлімінде балалардың эстетикалық сезімІн тәрбиелеуде
табиғаттың мүмкіншіліктерінде өз тәжірибесінде ерекше орын берді.
В.А.Сухамлинский сабақты балалармен көбінесе табиғат аясында өткізетін.
Табиғатты әсемдікке тәрбиелеудің құралы ретінде
пайдаланып, қоршаған дүниенің қасиеті мен сұлулығын таныта білді. Ол
туралы " Бапа сұлулықты сезініп, оған қуанатын болсын, оған бейнеленген
образдар оның жүрегімен зердесінде мәңгі сақталып қалатын болсын. Әсемдік -
адамгершіліктің, ізгі сезімдердің, шын жұректі қарым - қатынастың жаны мен
тәні", - деп жазды.
1.2. Құзыретті тұлға қалыптастыруда оқушылардың оқу-ойлау қабілеттерін
жетілдіру

Оқу жас ұрпақтың бойына ес, зейін, қиял, логикалық ойлау және тағы
сол сияқты қасиеттерді тәрбиелейді, оқу-ойлау қабілеттерін жетілдіреді,
жеке бастың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
Оқытудың міндеті жас ұрпақтың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып,
оны өмірге баулу, өндірістегі еңбекке дайындау, қоғамға пайда келтіретіндей
практикалық іс-әрекетке үйрету, сондай-ақ оның жан-жақты дамыған жеке бас
тұлғасын дамыту болып табылады.
Міндетті деңгей - нақты меңгеруге тиісті және нәтижеге жетуге
бағытталған материал.
Мүмкін деңгей - оқушылардың ой-өрісінің кеңеюін, шығармашылық
қызметті ұйымдастыру арқылы әр баланың қабілетінің дамуын қарастырады. Бұл
деңгейге әр оқушы жеке дара қол жеткізетін болады.
Бастауыш мектептегі тың өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін
зерделей отырып, жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере оқыту, тұлғаның
өзіндік ерекшеліктерін ескеру арқылы оның жан-жақты дамуын қамтамасыз
ететін жаңа педагогикалық технологияларды оқу, жүзеге асырудың нәтижесінде
көрініп отыр. Жаңа педагогикалық технологияларды қолданып оқытуды бастауыш
білім беруді дамыту мен жетілдірудің негізгі құралы ретінде қарастыру
керек.Әр баланың кейінгі және болашақтағы білімі бастауыш буындағы білімнің
сапалылығына тікелей байланысты. Кіші мектеп жасындағы оқушының негізгі
ерекшелігі –білімді қызығушылықпен алуы. Ол үшін оқу үрдісін әр оқушының
жеке бас ерекшелігін ескере отырып, бала талпынатындай және қызығатындай
етіп ұйымдастыру керек. Білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін, оқыту
әдістері мен құралдарын іріктеу, оқу үрдісін құру – мұғалім құзырындағы іс.
Көптеген мұғалімдер оқу үрдісінде дамыта оқытуды (Д. Выготский,
В.Давыдов,Л.Занков негізін қалаған) кеңінен пайдалануда. Оқыту дамытудың
алдында болатындығы, яғни құзыретті тұлға қалыптастыруда, баланы дамытуға
жетелейтіні даусыз. Мұғалімдер жеке тұлғаның дамуына көп мән беруі және
осыған сәйкес оқу үрдісін құруды ойластыруы қажет. Сонымен қатар
Ш.А.Амонашвилидің ізгілендіру педагогикасы, В.Ф.Шаталовтың тірек
сигналдарын, Ж.А.Қараевтың саралап-даралап оқыту, М.Жанпейісованың
модульдік оқыту технологияларын, Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау
технологияларын кеңінен пайдаланудамыз.
Қоғамдық қатынастардың жақандану жағдайында, құзыретті тұлға
қалыптастыруда, жеке тұлғаға жаңаша талаптар қойылуда, адамдық потенциалдың
мәні жоғарылауда. Белсенділік, жүйелілік, өз бетінше білім алуға бейімділік
басқа жеке тұлғалық сапалармен қатар қазіргі жеке тұлғаның ерекше
қасиеттері болып табылады. Мектептегі үздіксіз білім беру жүйесіндегі
негізгі базалық звено ретінде, оқушының тек табиғи қабілеттерін ашуға ғана
игі әсерін тигізіп қоймайды, сонымен қатар жеке тұлғаның негізгі салаларын
әр түрлі әрекеттерге бейімделуін қарастырады.
Ол әлеуметтік тұрғыдан неғұрлым жоғары көтерілген сайын, оның жеке
тұлға ретінде құндылығы өсе түседі. Жеке тұлғаның негізгі белгісі-
белсенді, белгілі бір мақсатты көздеген әрекеті. Бұл әрекет қоғамды және
жеке тұлғаны өзгертуге және жақсартуға бағытталады. Тұлғаның жеке бас
ерекшеліктерін теориялық талдау мұғалім үшін маңызды. Мұғалім әрекетінің әр
түрін оқушыны дамытудың мүмкіндіктері мен сол мүмкіндіктерді жеке тұлғаның
оқу-ойлау қабілеттерін қалыптастыруды жүзеге асыру үрдісінде дамиды.
Қазіргі философтар жеке тұлғаны жеке қабілеттері мен әлеуметтік
негізін, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасында емес, оны өзгерте білуінде
деп есептейді.Философтардың бұл ілімі педагогика ғылымы үшін өте маңызды,
себебі педагогикалық үрдіс барысында адамның тек білім, білік қабілеттері
қалыптасып қана қоймайды, сонымен қатар тұлғаның әлеуметтік дамуы жүзеге
асады.
Жеке тұлға үнемі даму үстінде болу үшін әрекет шығармашылықпен
байланыста болу қажет. Оқу әрекетінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы
мүмкіншіліктері белгілі педагог-психолог ғалымдардың (Ш.А.Амонашвили,
В.В.Давыдов, М.Мұқанов, Т.С.Сабыров) ұдайы назарында болды.
Мұғалімдер оқу әрекетін оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескере
отырып, оқу-ойлау қабілеттерін жетілдіру табиғатын терең білуі тиіс. Оқу
әрекетінің өзіндік ерекшеліктері бар.Оқу әрекетін қалыптастыру барысында
тұлғалық қасиеттер - мақсаттылық, ұйымшылдық, жауапкершілік, табандылық т.б
қалыптасады.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан -2030 бағдарламасында
Білім беру жүйесінің басты міндеті-тұлғаның ұлттық және жалпы азаматтық,
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы
және кәсіптік тұрғыда жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау- деп көрсетті.
Бұл мақсатқа жету үшін біздің оқу үрдісіміз алдына жаңа маңызды талаптар
қояды. Жеткіншек ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуы бүгінгі күнде аса
зор үміт күттірер жол болып отыр. Білім жүйесін жетілдіру және сапалы
деңгейге көтеруді алға тартып отыр. Өз жауапкершілігін сезіне алатын,
өздігінен әрекет етуге және қабілетті қайшылықтарды ашуға мейлінше
жетілген, оны түрлі өзгерістерге дамытуға қабілетті,шығармашыл, барлық
істі сауатты шеше білетін тұлғаны тәрбиелеу- мақсаттың бірі болып отыр.
1.3. Кіші мектеп жасындағы балаларға ақпараттық технологияны қолдану арқылы
тілдерін дамыту

Тіл дамыту – қазіргі мектептегі оқу - тәрбие ісіндегі басты
проблема. Өйткені оқушының дұрыс сөйлеу біліміне көңіл бөліп отыр.
Сондықтан, мұғалім тіл сабақтарына тіл дамыту , байланыстырып сөйлеуге
айрықша көңіл бөліп, тілдік материалдары дұрыс таңдай білу, (сөздің,
сөйлемнің үлгілерін бөлу) оны дұрыс бере алу, тілдің теориясы мен сөйлеу
практикасының бір – бірінен қарым – қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы
іске асырылады.Оқушылардың тілін дамыту жұмысы – ол баланың жалпы ойын
дамытуға бағытталады. Яғни, оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың
ойлау қабілетімен байланыстыра, сондай – ақ ойлау мен сөйлеу процесінің
бірлігінде ұйымдастырылады. Тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі
мақсаты – оқушының ауызша, жазбаша ойын грамматикалық және статистикалық
жағынан дұрыс бере білуге үйрету.
Бастауыш мектептерде оқыту барысында тіл дамытуда ойын элементтері
үнемі қолданылғанымен, оқыту әрекеттері алғашқы орында тұрады.
Кіші мектеп жасындағы балаларды компьютерді қолдана отырып
оқытудан байқағаным оқыту мен ойынның, оқу материалы мен ойыншықтың,
ойыншық пен оқыту ойынының арасын ажырату қиын-ақ. Алдыңғы қатарлы
педагогикалық әлеумет материалдың маңыздылығы мен ғылымилығын жоғалтпай,
оқуды қызықты етуге болатынын жоққа шығармайды, сондай-ақ оқыту мен ойын
толық үйлесімді мәселе болып қалыптасты. Оқыту барысында компьютерлік
техниканы қолдану бастауыш сынып оқушыларын қызықтырады, өйткені олар оны
бейне ойын ретінде қабылдап, бірақ өз қателіктерін тез түсінеді, себебі
компьютерлік оқыту ойындары ойын элементтерінен тұрмайды, олар әдетте
білімді қайталауға және тексеруге бағытталған. Баланың назарын аударатын
нақты бағдарлама емес, ойыншықтың өзі де айтарлықтай қызығушылық
тудырмайды, тек компьютер – таңғажайып зат және бала оны басқарудан үлкен
әсер алады, және нәтижесінде ғана ақпараттануға қызығушылығы пайда болуы
мүмкін.
Компьютер – оқыту машинасы дегеннен әлдеқайда күрделірек ұғым, ол –
онымен бірге бірлесіп ойлауға болатын зат, ол балаға ойлауға көмектеседі
және оған ойнауға мүмкіндік береді. Ойын мен оқу – біртұтас зерделі үрдіс
және бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасауда ойын атмосферасын құру өте
маңызды.
Ақпаратты оқытудың алғашқы кезеңін бастауыш мектеп десек, онда
бастауыш сыныптардың болашақ педагогтарын дайындаудың іргелі бағытын
нығайту керек деп ойлаймын.
Жасы кіші балаларды оқытуда компьютерлік технологияны қолдануда
әдістемелік мәселелерді қарастырудан алдын, ескеретін маңызды нәрсе оқыту
барысында баланың қабілеті қалай дамып жатқанын байқау.
Компьютерлік технология әдістемесінің негізгі ерекшеліктеріне
тоқталсам:
Оқытудың компьютерлік құралдарын интер белсенді деп атайды, олар
мұғалім мен оқушының іс-қимылына жауап беру қабілетіне ие болады, олармен
диалог құру - компьютерлік оқыту әдістемесінің басты ерекшелігі болып
табылады. Мұғалімнің қызметіне компьютер төмендегілерді ұсынады:
- оқу ақпаратының көзі (мұғалім мен кітапты жартылай немесе толық
алмастырушы).
Электрондық оқулықпен жұмыс:
- көрнекі құрал (жаңа сапалы деңгейде, мультимедиа мен
телекоммуникация мүмкіндіктерін енгізе отырып);
Қазіргі заманғы ЭЕМ-ның дисплей экраны әртүрлі объектілерді,
процестерді, графиктерді және т.б. бейнелей алатындай бай графикалык
мүмкіндікке ие.
2. Оқу-әдістемелік материалды жеке отырып, қайтадан қарауға, оқып
үйренуге, қайталауға мүмкіндік беру.
Тақырыптар бойынша өзінің білімін бақылау (бағалар автоматты түрде
қойылып отырады).
Сабақтарды түрлі формада өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар алу. Осы
міндеттердің барлығына толық жауап бере алатын ЭО білім беру жүйесін
акпараттандырудың бір жолы болып табылады.
Әдеби шығарманың экранда кинофильм түрінде көрсетілуі секілді ЭО да
жаңа жанрлардың біріне жатады. Алайда, ғалымдардың пікірінше, ЭО (тіпті ең
жаксы дегені де) кітаптың орнын баса алмайды. ЭО оқырманның кітапқа деген
кызығушылығын арттыруға ықпал ететін құрал ретінде саналады.
ЭО жеке адамның шығармашылык ізденісін жүзеге асыруға мүмкіндіктер
береді. Мен өзімнің сабағымда қатысымдық бағытты пайдаланамын.
Ол дайын сөйлемдерді жаттатқызу, тілдік материалды саналы түрде
меңгермей, көбінесе ойланбастан қайталауға негізделгенмен, оның бірте-бірте
оқыту мазмұны, әдіс-тәсілдері өзгеріп, толығып отырды.
Қатысымдық әдістің сипаты:
✓ Тіл үйренуші клиент ретінде, ал оқытушы кеңесші ретінде
болады;
✓ Балалардың тілін дамыту үшін мәтінді таспаға жазып, қайта
тыңдап, негізгі таспамен салыстыра отырып, айтылым дағдысын
қалыптастырамын;
✓ Белсенді өзара әрекет жаттығуларын қолданамын..
✓ Компьютерде ертегі кейіпкерлерін көрсету арқылы олардың есте
сақтауын жетілдіремін.
Ұлттық ойындарды компьютерде пайдалану арқылы олардың есте сақтауын,
тілін дамытуға тырысамын.
Слайд– сабақ арқылы жұмбақ, сөзжұмбақ шешкізу де тіл дамытуда өте
тиімді.
Мысалы жұмыртқаның, бағдаршамның, көлеңкенің суретін көрсетіп соған
байланысты қандай жұмбақ білетінін сұраймын. омпьютердегі суреттер арқылы
сөйлем құрастырғызамын.
Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды
жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау,
теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене
отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар
мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа,
саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай
оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.
Бастауыш мектеп оқушыларының білім сапасын тексеру жүйесіне арналған
компьютерлік педагогикалық құралдарды пайдалану, бақылау, өзін өзі бақылау,
жаттығу, бақылау нәтижелері бойынша түзету, тіркеу, жинау, сақтау,
зерттеліп отырған объектілер туралы ақпараттарды өңдеу және түрлі формада
көрсетілген ақпараттардың жеткілікті үлкен көлемін беруді іс жүзіне асыруға
мүмкіндік береді.
Бастауыш мектептерде оқыту нәтижелерін бақылауды автоматтандырудың
компьютерлік бағдарламаларын әзірлеу кезінде мыналарды ескерген жөн:
1. Бағдарламаны қолдану өзара байланысатын төрт кезеңнен тұрады:
деректерден тест сұрақтарын құру; бланкілерді басып шығару; жеке және
топтық тестілеудің нәтижелерін тексеру және бағалау; нәтижелерді графиктер,
кестелер, сызбалар түрінде жазып, оны талдау.
2. Пайдаланушыға тексеру мақсатына сай тапсырмаларды енгізу үшін
тақырып таңдауды ұсыну.
3. Дайындығы жоқ пайдаланушының жұмыс мүмкіндігін қарастыру.
4. Тексеру файлын санкцияланбаған тексеруден қорғау.
5. Түзетулерді, тапсырмаларды өзгертуді, деректерді толтыруды енгізу
үшін мәселелердің базалық жүйесіне оңайлатылған мүмкіндік қарастыру.
ЭЕМ пайдаланумен бірге оқу жұмыстарын ұйымдастыру мен тиісті
компьютерлік бағдарлама қамтамасыз етуді әзірлеу процесі кезінде бастауыш
мектеп оқушыларының келесі негізгі ерекшеліктерін ескеру қажет:
✓ жалпы ой қабілетін, тілдік қорларын дамыту , сонымен қатар
арнайы ерекшеліктерін дамыту деңгейі;
✓ жалпы және өзіндік жұмыстарға қабілеттіліктері арқылы
көрінетін оқушылардың оқу біліктіліктерін игеру деңгейі;
✓ тану қызығушылығы (жалпы оқу мотивациясы негізінде);
✓ Компьютерленген оқытудың бұл ерекшеліктерін есепке алу
дараланған және жекеленген оқытудың қажетті шарты болып
табылады. Заманалы ЭЕМ мүмкіндіктері бастауыш мектептер үшін осы
ерекшеліктерді компьютерлік диалог немесе педагогтан алған
ақпарат негізінде ескеретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге
мүмкіндік береді.
2 тарау. Кіші мектеп жасындағы балалардың
сөйлеу қабілеттерін дамыту
2.1. Оқушылардың байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту

Білім беру жүйесінде қазақ тілін оқытудың мақсаты – ана тілінің
қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, қарым-
қатынастық біліктілігі дамыған, өз халқының, ана тілінің тарихын жетік
білетін, ұлттық асыл қасиеттерді меңгерген дара тұлға даярлауға мүмкіндік
туғызу.
Бұл мақсатты орындау үшін тілді меңгертуде екі үлкен бағыт бойынша
бірқатар міндеттер белгіленген.
Танымдық бағыт бойынша:
-оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;
-тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру;
-қазақ тілінің ұзақ ғасырлық тарихы бар тіл екендігін таныту;
-оқушының тілдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру,
-оқушылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамытудағы отбасы тәрбиесінің рөлінің мәні
Кіші мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясы
Дидактикалық ойындар-кiшi мектеп жасындағы оқушылардың бiлiмдерiн арттыру құралы
Мектеп жасындағы балалардың ойлауын дамытуда дидактикалық ойындарды қолдану әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызы мен міндеті
Бастауыш мектепте бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру
Көру қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім берудегі ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде педагогикалық технологияны қолдану негізінде танымдық белсенділігін дамыту
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие
Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу іс-әрекетіне бейімділігі мен әлеуметтік статусын қабылдауының психологиялық ерекшеліктері
Пәндер