Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның бүгінгі жай-күйін жəне келешектегі даму бағытын сөз еткенде, өткен тарихын да əрдайым есте ұстап, тарихтан тағылым алған абзал. Бұл орайда əсіресе ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанда орын алған саяси-əлеуметтік фактор ел зиялыларының ұлт мүддесі жолында бірігіп, қазақ тілін бағдарға ала отырып, бірлесе еңбек етуінің жарқын үлгісі болды. Бұл кезең - қазақ қоғамының рухани жағынан серпілген, ұлттық сананың оянған кезеңі болды. Ұлттың қамын ойлаған қазақтың зиялы азаматтары адамзат тарихының көшінен қаға беріс қалып, бейқам жатқан елдіңт ығырықтан шығар жолын іздеп, шарқ ұрды. Одан шығудың бірден-бір негізгіжолы өнер-білімге тартылып, алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылу деп білген зиялылар қалың бұқараның арасында ағартушылық идеясын, ұлттық сананы көтеру идеясын ұстанды. Бұл жолда ұлттық мəдениеттің, əсіресе тілдің алар орны ерекше болатынын терең түсінді.
Соңғы жылдары ғылыми танымда ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ұлттық тіл білімінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың еңбектеріне ерекше көңіл бөліне бастады. Қазақ тіл білімінде жаңадан қалыптаса бастаған когнитивті лингвистика, антропоөзектілік бағыт сияқты жаңа үдерістер ХХ ғасырдың басында ұлттық тіл білімінің көш бастауында тұрған ғалымдардың еңбектерінен басталады. Қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар мен А. Байтұрсынұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Т. Шонанов, Қ. Жұбанов, Қ. Басымұлы сынды ғалым-зерттеушілердің еңбектерінің арасындағы сабақтастық осы кезеңді зерттеуді қажет етіп отыр.
ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстандағы ғылыми білімдер жүйесін арнайы қарастырудың өзіндік себептері бар:
Біріншіден, осы кезеңде қоғамдағы өзгерістерге байланысты білім-ғылым саласы қарқынды дамыды, оқулықтар мен оқу құралдары көптеп жарық көрді, жекелеген ғалымдар қазақ тілінің толық грамматикасын құрастырып, тіл біліміндетеориялардың қалыптасуына түрткі болды. Сол арқылы ұлттық тіл білімінің қалыптасуына жол ашты.
Екіншіден, осы кезеңде қазақ тілін оқыту, грамматикалық тұрғыдан сипаттау мəселесі қоғам тарапынан да қызу талқыға түсті.
Үшіншіден, ХХ ғасырдың 20 - 30-жылдарында ғылыми грамматика мен мектеп грамматикасының аражігі айқын көрініп, қазақ тілінің ерекшеліктерін грамматикалық тұрғыдан сипаттаудың ғылыми негіздері нақтыланды, ғылыми сипаттама мен ана тілін оқыту тəжірибелерінің өзіндік əдіс-тəсілдері айқындалды.
Төртіншіден, осы кезеңде қазақ əдеби тілі стильдік тармақтарға жіктелді, соған байланысты қазақ тілі грамматикалары əдеби тіл нормаларына сəйкес түзілді. Сол себепті осы кездегі грамматикалық сипаттамаларға талдау жасай отырып, ғалымдардың қазақ əдеби тілін қабылдау, түйсіну ерекшеліктерін де байқауға болады.
Бесіншіден, ХХ ғасырдың басында тілді грамматикалық тұрғыдан сипаттаудың бірнеше үлгісі жасалды. Қазақ тіл білімінің тарихында ғылыми парадигманың Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20 - 30-жылдарындағы лингвистикалық теориялар жүйесіне қаншалықты ықпал еткенін айқындауға болады.
Қазақ тілі білімі -- қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы. Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде: а) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең, ә) ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең 19 ғасырдың 2-жартысынан басталады. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысы туралы алғашқы мәліметтер Н.И. Ильминскийдің Материалы к изучению киргиз-казахского наречия деген еңбегінде ұшырасады. Бұл -- қазақ тілінің кейбір ерекшеліктерімен таныстыруға арналған тұңғыш еңбек. Кейін М.А. Терентьевтің Грамматика турецкая‚ персидская‚ киргизская и узбекская (1875), П.М. Мелиоранскийдің Краткая грамматика казах-киргизского языка (1894‚ 1897)‚ В.В.Катаринскийдің Грамматика киргизского языка (1897)‚ т.б. еңбектер жарық көрді. Қазақ тілін таныстыру мақсатын көздегендіктен бұл еңбектерде белгілі бір категориялардың сырын ашу, оның ерекшеліктерін анықтау жағы қарастырылмаған. Олар негізінен қазақ тілінің заңдылықтарын, ерекшеліктерін орыс тілімен салыстырып, сол тілдің негізінде түсіндіруге тырысты. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ тілінің лексикогр. жұмыстары қауырт қолға алынып‚ дами бастады. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде 40-қа жуық сөздік жарық көрді (А.Е. Алекторов, Краткий казахско-русский словарь‚ 1891; Начальное руководство к изучению арабского‚ персидского и татарского языков с наречиями бухарцев‚ башкир‚ киргизов и жителей Туркестана‚ 1869; Т.Бокин Русско-киргизский словарь‚ 1913; Н.И. Ильминский Материалы к изучению киргиз-казахского наречия‚ 1861, т.б.). Орыстардың Ресей империясына қараған халықпен қарым-қатынас жасауына көмектесу мақсатын көздеген бұл сөздіктер қазақтың сөздік құрамын хатқа түсіріп‚ жаңа‚ көне сөздердің мағынасын ашып көрсетті. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңнің өзі а) қуғын-сүргінге дейінгі кезең (1912 -- 29); ә) қуғын-сүргіннен кейінгі кезең (1930 -- 88) болып екіге бөлінеді. Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, дамуы Ахмет Байтұрсынұлының есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған Тіл -- құрал атты еңбектерінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады.
Қазақ жазуының тарихы көне түркi, араб, латын графикасымен, қазiргi қазақ жазуы орыс әлiпбиi графикасымен тығыз байланысы.
Қазақ жазуының тарихы көне түркi, араб, латын графикасымен, қазiргi қазақ жазуы орыс әлiпбиi графикасымен тығыз байланысты екендiгi тақырып барысында жан-жақты қарастырылып, түсiндiрiледi. Негізгі мақсаты - сонау V-VIII ғғ. қолданыған Орхон- Енисей әлiпбиiнен бастап, күнi бүгiнге дейiн қолданылып келе жатқан орыс графикасына негiзделген қазақ әлiпбиiнiң қалыптасу тарихын жете бiлдiру. Сондай-ақ олардың түркi туыстас тiлдерге ортақ көне жазба мұраларын (Орхон-Енисей ескерткiштерi, көне ұйғыр әлiпбиiмен жеткен ескерткiштер) түпнұсқа бойынша оқи алатын, тiлдiк талдау жасап, қазiргi тiлiмiзбен салыстыра зерттей алатын дәрежеге жетуiн көздейдi. Қазақ жазуының тарихы негізгі түркі тілдерінің бірі - қазақ тілі жайында студенттердің бұдан бұрынғы алған білімін кеңейтіп, тереңдетуіне мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл - қазіргі қазақ жазуының пайда болу, қалыптасу тарихы жөніндегі бірден-бір актуальді мәселе.Әрбір адамның өз елі мәдениеті мен әдебиетінен, ата - бабаларының басынан кешкен тарихынан мағлұматы болуы керек. Себебі ел мәдениетінен, тарихынан хабары жоқ адамның жерін, елін сүюі мүмкін емес.Ал жазусыз мәдениет,мәдениетсіз ел болмайды.Әр халық өткені арқылы бүгінін таниды. Сондықтан да Қазақстанның әрбір зиялы азаматы өз елінің өткенінен, тұрмыс-тіршілігінен хабардар, шұғылданған кәсібі, қалдырған мұрасымен таныс болуы керек.. Қазақ жазуының тарихы тақырыбын оқу орындарында оқытудың басты маңызы осыдан келіп шығады. Тақырыпты оқу барысында студенттер қазақ жазуының тарихымен толық таныс болады.Екіншіден, көне ескерткіштер мәтіндерімен, жазу түрлерімен танысады. Үшіншіден, әр кезең әліпбилерін (руна, көне ұйғыр, араб, латын, орыс) үйрену арқылы ескерткіш мәтінде-рімен өздері оқып, таныса алады. Ең бастысы студенттер халқымыздың қандай жазу түрлерін басынан кешкендігін, қазіргі жазуымызға қалай жеткендігімізді біле алады. Сондай-ақ, қазақ жазуына қатысты әр кез зерттеушілерінің пікірлерімен, олардың пікірлеріндегі қайшылықтар, дау-дамайлар жөнінде, яғни тақырыптың зерттелу тарихына да шолу жасалады.
Графикалық лингвистика. Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай жазудың да түрлері келіп шығады. Олар:
1.пиктографиялық жазу;
2.идеографиялық жазу;
3. буын жазуы;
4.әріп не дыбыстық жазу.
Пиктографиялық жазу. Бұл- ең алғашқы жазудың түрі. Бұны сурет (рисуночное) жазуы деп те атайды. Бұл жазудың жеке таңбалары пиктограммалар деп аталады (әрбір жеке сурет) . Себебі олар өздігінен белгілі бір хабарды білдіре алады. Ол сурет жеке сөздерге жіктелмейді, бөлшектенбейді. Оларды әр түрлі тілде сөйлейтін халықтар түсіне алады. Себебі олар тілдік формаларды емес, оның мазмұнын белгілейді. Пиктографиялық жазуға малдың, тоғайдың, адамның, аңның суреттері пайдаланылған. Нені хабарлағысы келсе, соның суретін салған. Суретті-синкретикалық жазу ең алғаш рет неолит дәуірінде пайда болды. Бұл пиктографиялық жазуды аң аулайтын, балық аулайтын халықтар жиі қолданған. Сондықтан бұны полисинкритикалық тілдерде сөйлейтін халықтар- ацтектер әсіресе, америкалық индеецтер т.б. жиі қолданған. Бұл жазу өте жабайы жазу, ол мазмұнды ойды түгел жеткізе алмады. Бұл жазудың үлгілері қазір де қолданылады. Көшеде жүрудің тәртібін аңғаратын әр түрлі белгілер, магазин мен шаштараз жарнамалары т. б.
Идеографиялық жазу. Бұл- пиктографиялық жазудың біртіндеп дамуы барысында пайда болған жазу. Жеке таңбалары идеограммалар деп аталады. Бұл жазу заттың өзін емес, шартты формаларын, таңбаларын белгілеу болып табылады. Ең басты айырмашылық таңбалардың формасында емес, оларды білдіретін мағнасын жеткізеді. Идеографиялық жазудың таңбаларын қытай, көне шумер жазуларынан байқауға болады. Ол бұдан 4 мың жыл бұрын жасалған. Ал осы жазудың екі түрі де (пиктографиялық, идеографиялық) Қазақстан жерінен табылды. Бұның өзі дүние жүзі халықтары қолданған жазу екендігін дәлелдейді.
Буын жазуы. Жазудың барысында буын жазуы пайда болды. Бір таңба бір буынды белгілейді. Буын жазуы 3 түрге бөлінеді: 1-түріне ассиро-вавилон, элам, урарт, сына жазулдары, майя жазуы лига туралы дыбыстық корей жазуы жатады. А.Адты +Сдсыз; Сдсыз+Адты; Сдсыз+Адты+Сдсыз. 2-түріне: крит-мекен буын жазуы, кипр, эфиопия және жапон буын жазулары жатады. Дара дауыстылар, дауыссыздар тіркесін белгілі бір дауыстының қосындысын белгілейді. 3-түріне индия буын жазуы жатады. Ертедегі буын таңбалары А-дауысты, С-дауыссыз б.з.д.3 мың жылдықтың бас кезінде шумер буын жазуы негізінде пайда болған. Мысалы, бір буын і-бес, е- үй,lu-адам, kur-ел т. б. мағыналарды білдіре алған.
Әріп дыбыс жазуы. Бұл буын жазуынан кейін пайда болды. Таза күйінде алдымен консонантты дыбыстық жазу 2 мың жылдықтың екінші жартысында пайда болған да, кейін вокалданған дыбыстық жазу дәуіріміздің 1 мың жылдығының басында пайда болған. Әріп жазуы дүние жүзі мәдениетінің дамуына әсерін тигізді. Бұл ең қолайлы жазу болды. Бұл жазу үшін 20-40-қа дейінгі таңба саны жеткілікті болды ал буын жазуында таңба саны 40- тан 200- ге дейін жеткен. Бұл жазу тілін тез игеруді, сауаттылыққа үйренуді жеңілдетті. Ол сөздерді ғана емес, олардың дыбыстық бөлшектерін дәлме-дәл беруге, грамматикалық морфемаларды белгілеуде қолайлы болады. Әріп жазуының тарауы б.з.д..1 мың жылдықтың алғашқы ғасырларында басталған. Әріптерді қабылдай отырып, кейбір халықтар әріп жазуын алфавиттік құрамын өзіне икемдеген. Әріп жазуы екі түрлі бағытта тарады. Шығыста финикий жазуының негізінде пайда болған арамей жазуынан Азия халықтарының жазу жүйелері жасалып таралған. Зерттелген мәліметтерге қарай түркі тілдері жазуы таңбалы руникалық жазу немесе табылған аймақтарына байланысты Орхон-Енисей жазуы деп аталып келеді. Бұл да әріп жазуына жатады. Орхон-Енисей және түркі жазуы -- қазақ жазуының алғашқы түрі. Сол жазумен жеткен ескерткіштердің түркі туыстас халықтардың ру-тайпа кезінде бір орталыққа бағынған, жазу-сызу мәдениеті ортақ, тіршілік тұрмыс жағдайы ортақ замандағы жазба мұралары, олардың қазақ халқына да тікелей қатысы бар көне мұралар екеніне студент- жастарымыздың көздерін жеткізу керек. Сондықтан руникалық таңбалы жазумен жеткен көне ескерткіштер-Могилян, Күлтегін, Онгин, Селинга, Күлі Чор, Мойын Чор, Талас, т. б. көне түркі ескерткітерінің тілін зерттеудің, тарихи мәліметтері айқындаудың мәні зор. Көне жазудың алғашққы түрлері Қазақстан жерінен де табылғанын пиктография идеография , олардың сыртқы көріністерін жазу мен өнердің бір болғандығын атап өттік. Көне түркі ру-тайпалары руникалық жазудың заңды жалғасы ретін де көне ұйғыр алфавитін қолданды. Бұл жөнінде әр ру- тайпалық топтар бұл жазуды VIII-XIII ғ. ғ. қолданған. Ұйғыр алфавитінің шығуына Манихей алфавитінің соғды орта парсы жазуыграфикасы негіз болды деген көзқарас бар. Ұйғыр жазуы дегенде қазіргі ұйғырлардың жазуы деген ұғым емес, сол кездегі тоғыз оғыз ұйғыр немесе тоғыз тайпалық ұйғыр деген ұғымында түсінген жөн. Манихей алфавиті жазуы - Орта Азия, Шығыс Түркістан аймақтарын мекендеген түркі тайпаларына кең тараған жазу. Сол жазу арқылы соғды, қытай, тибет тілдеріне аударылған. Ұйғыр жазуын XIV-XV ғасырларда атақты Ақсақ Темір, оның қол астындағылар, Алтын- орда хандығы да пайдаланғандығы туралы деректер бар. Бұл жөнінде академик Қ. И. Сатбаев тау-тас қойнауынан тапқан жазбалары арқылы көп мағұлмат берген болатын. Сол сияқты X ғ. Ю. Баласағұнның Құдатғу біліг Құтты, бақытты болу жолындағы білім дастанының ұйғыр вариантымен жетуінің де Алтын Ярух Алтын жарық атты дидактикалық шығармасының да тілдік мән-мағынасы зор. Бұлардың оқылуына, зерттелуіне еңбек сіңірген А. Вамберидін, В. В. Радловтың, В. Томсеннің т. б. есімдермен, еңбектерімен танысудың орны бөлек.
XI ғасырда арабтардың Орта Азия, Қазақстан жеріне келуіне байланысты бұл жерлерді мекендеген халықтар өмір талабына орай араб жазуына көше бастады. Бұл сияқты қоғам тарихыда болып жатқан өзгерістер тілге де өзіндік әсерін тигізбей қоймады, халықтардың жазу мәдениетіне де елеулі өзгеістер енгізді Бұл жазумен жеткен деректер Құдатғу біліг араб жазуымен жеткен ваианты-1069 ж дастаны шамамен XII-XIII ғасырларда көшірілген делініп жүр . Махмут Қашқаридің XI ғасырда жазды деп жүрген Дивани луғати ат-түрік сөздігі түркі тілдеріне қатысты арабша жазылған атақты 3 томдық салыстырмалы- тарихи сөздігі. XII-XIV ғ. ғ. араб графикасымен жазылған түркі халықтарының көне ескерткіштері- Ахмет Юғнакидің Хабат алхақаиқ Ақиқаттар тартуы Қисса ал-анбия Әулие- әнбилер қиссасы. Бұлар тілі жағынан V-VIII, XI. ғ.ғ. жататын ескерткіштердің жалғасы болып есептеледі. Бұл ретте белгілі түркологтар С. Е. Малов, В. В. Радлов, А.Н. Самойлович, А.К. Боровков, А.М. Щербак, т.б. қазақ түркологтары Ә.Қ Құрышжанов, Ғ. Айдаров, А.С. Аманжолов, Қ.. Өміралиев, т.б. зерттеулеріне нақты көңіл аудару қажет.
Түркі туыстас тілдердің көне мұралары біздің заманымызға ескі латын гот жазуымен де жеткен. Олай болса, қазақ халқының мәдени дамуына латын жазуы да белгілі дәрежеде қызмет еткен. Бұл жазумен жеткен ірі ескерткіштердің бірі - Кодекс Куманикус. Ескерткіштің атауы Кумандардың заңы деген ұғымды береді. Кумандар половецтер деп сол кезде түркі халықтары қыпшақтарды атаған.
Зерттеудің нысаны: ХХ ғасыр басындағы қазақ тіл білім мен қазақ жазу тарихы.
Зерттеудің материалдары: ХХ ғасыр басындағы тіл білімін зерттеуші ғалымдардың еңбектері, монографиялар. Қазақ жазуының тарихы туралы жазылған монографиялар, оқулықтар, мақалалар мен авторефераттар.
Зерттеудің мақсаты: ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ тіл білімі туралы мәлімет бере отырып, оның дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбегін көрсету; қазақ жазуының тарихына шолу жасау.
Зерттеудің міндеттері: ХХ ғасыр басындағы тіл біліміне шолу жасау; ерекшеліктерін сипаттау; сол дәуірдегі қазақ тіл білімінің дамуына талдау жасау; ғалымдардың еңбегі мен қосқан үлесі туралы баяндау; қазақ жазуының қалыптасуы мен дамуы кезеңдеріне сипаттама; бүгінгі жағдайы мен латын графикасына көшу проблемаларын көрсету.
Зерттеуге ұсынылатын тұжырымдар:
1.Осы кезеңде қоғамдағы өзгерістерге байланысты білім-ғылым саласы қарқынды дамыды, оқулықтар мен оқу құралдары көптеп жарық көрді, жекелеген ғалымдар қазақ тілінің толық грамматикасын құрастырып, тіл біліміндетеориялардың қалыптасуына түрткі болды. Сол арқылы ұлттық тіл білімінің қалыптасуына жол ашты.
2.Осы кезеңде қазақ тілін оқыту, грамматикалық тұрғыдан сипаттау мəселесі қоғам тарапынан да қызу талқыға түсті.
3.ХХ ғасырдың 20 - 30-жылдарында ғылыми грамматика мен мектеп грамматикасының аражігі айқын көрініп, қазақ тілінің ерекшеліктерін грамматикалық тұрғыдан сипаттаудың ғылыми негіздері нақтыланды, ғылыми сипаттама мен ана тілін оқыту тəжірибелерінің өзіндік əдіс-тəсілдері айқындалды.
4.Осы кезеңде қазақ əдеби тілі стильдік тармақтарға жіктелді, соған байланысты қазақ тілі грамматикалары əдеби тіл нормаларына сəйкес түзілді. Сол себепті осы кездегі грамматикалық сипаттамаларға талдау жасай отырып, ғалымдардың қазақ əдеби тілін қабылдау, түйсіну ерекшеліктерін де байқауға болады.
5.ХХ ғасырдың басында тілді грамматикалық тұрғыдан сипаттаудың бірнеше үлгісі жасалды. Қазақ тіл білімінің тарихында ғылыми парадигманың Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20 - 30-жылдарындағы лингвистикалық теориялар жүйесіне қаншалықты ықпал еткенін айқындауға болады.
6.Латын графикасы қазақ жазуының жаңа белесі.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы мен зерттеудің практикалық маңызы. Диплом жұмысында ХХ ғасырдағы қазақ тіл білімнің дамуына талдама жасалып отыр. ХХ ғасырдағы қазақ тіл білімінің бағыттары мен салалары, оны зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне сипаттама берілді. Сонымен қатар қазақ жазуының тарихы, кезеңдері, жазу тарихына үлес қосқан ғалымдардың еңбектері талданды. Ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, қазіргі латын графикасына көшудегі проблемалар мен шешу жолдарына болжам жасалды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: Дипломдық жұмыстың әдіснамалық-теориялық негізі ретінде Н.И. Ильминский, М.А. Терентьев, П.М. Мелиоранский, В.В. Катаринский, Н.Созонтов, Г.В. Архангельский, В.В. Радлов, Н.Н. Пантусов, В.В. Григорьев, В.В. Бартольд, С.Е. Малов. Н. Лаптев, Е.А. Алекторов, қазақ халқының ағартушы-ғалымдары А. Диваев, М.Н. Бектемиров, Қ. Кемеңгеров, А. Байтұрсынұлы, Тоқаш Бокин, Е. Букин, Н.С. Жетпісбаев, Ж. Көшербаев, М.А. Машанов т.б. ғалымдардың тіл біліміне қатысты зерттеулері басшылыққа алынды.
Зерттеудің талқылануы: Жазу тарихы жҽне қазақ жазуының мәселелеріЛингвистикалық жұма магистранттардың халықаралық онлайн семинарының жинағы. - Ақтөбе, 2018.
Диплом жобасының әдістері: түсіндіру, талдау, сипаттау.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі тараулардың әрқайсысы екі, үш тараушаға бөлінген.

1 ХХ ғ. басындағы қазақ тіл білімі туралы жалпы мәлімет

1.1 Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары
Қазақ тілі - сан ғасырдан бері ата бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол - халықтың алтыннан қымбат кені. Тіл - адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімінің, идеясының, дүниетанымының көрінісі. Тіл - халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениеттің даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу - қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі - тілі. Тілдің қасиетін түйсіну - ұрпаққа парыз. Әрбір ұлт тілі өзінше ұлы, өз нақышымен қымбат.
Қазақ тілі - ең бай әрі дамыған тіл. Әлемдегі санаулы әдеби тілдердің бірі. Қазақ тілінің кешегі мәйекті қалпын, терең философиялық тұжырымды екі ауыз сөзге сыйғыза білген, мірдің оғындай өткір қалпын терең меңгеру, меңгерту парыз. Әрі бұл меңгеру мен меңгерту - ғылыми бағытта парасаттылықпен дұрыс жолға қойылса орынды. Кез келген тілдің сипаты мен өзіндік тарихы бар, оларды бірінен-бірі артық не кем деуге ғылыми негіз жоқ. Мәселе сол тіл иеленетін әлеуметтік құндылыққа, ұлттық мәдениеттің басымдылығына, мемлекет жүзеге асыратын тілдік саясатқа, ақыр аяғы отбасына келіп тіреледі. Тілдің әлеуметтік құндылығын асыру не кеміту қоғамның өз қолында. Қазіргі таңда ана тіліміз ғылыми ойдың, ғұламалықтың тіліне айналуда. Барлық ғылым салалары бойынша терминдер жасалу үстінде. Бұл жолы ауырлау болса да, жасампаздардың жасап жатқан жақсы жолы. Шешен сөйлей білу - қазақ халқының маңдайына жазылған бағы. Ал оның түп мақсаты - тыңдаушысын иландыру, сендіру. Шешен сөйлеу тек бай тілге ғана тән қасиет болу керек. Қазақ халқының шешендігі - тілінің байлығы. Бұл байлық бір күнде жинала салған дүние емес. Онда заманалар ізі, ғасырлар демі жатыр. Тіл мен ой тарихи тұрғыдан бірдей пайда болды дегенге құлақ қойсақ, онда қазақ тілінің терең тарихи даму жолы көз алдымызға келуі керек. Туған елдің болашағы саналатын жас ұрпақты ұлттық дәстүрі мен салт-санасының негізінде тәрбиелеп, туған топырақта тамырлаған алтын тарихтың бесігінде тербетіп, қазақтың бай мәдениетінде жүздіру - баға жетпес өлшеусіз рухани қызмет. Ұрпақ тәрбиесінің маңызына қазақ баласы зер салып, оған ерекше мән берген.
Тал бесіктен басталған тәрбиенің сыры мен сипаты да сан салалы. Ана әлдиімен басталатын ұлы істі ата ақылы тереңдетсе, мектеп табалдырығын аттаған сәбиге ұстаздың да берер ұлағаты мол. ХІХ ғасырға дейінгі қазақ даласында ағарту ісінің белгілі жүйесі болғаны туралы дерек жоқ. Әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірдің кейіндеп қалуы, көшпелі тұрмыс тауқыметі, оқытудың көпшілікке арналған түрінің дамуына жағдай туғыза алмады. Қазақстанда алғашқы мектептердің ашыла бастауы орыс үкіметінің ықпалымен болғаны да жасырын емес еді. ХҮІІІ ғасырдың аяғында, яғни 1786 жылы Омбы қаласында ең алғаш рет тілмаштар даярлайтын мектеп ашылды. Бұл мектептің ашылуының өзіндік ішкі қажеттіліктері болғаны да белгілі. Мұның өзі, түптеп келгенде, сол кезеңдегі орыс үкіметінің жүргізген саяси бағыттарымен байланыстырылады. 1789 жылы дәл осындай тілмаштар мектебі Орынборда ашылады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап қазақ бай-манаптарының, ауқатты адамдарының балалары Кадет корпустарына қабылдана бастайды. Ал 1867 жылы Түркістан өлкесі құрылғаннан кейін орыс үкіметі мен жергілікті өкімет орындары да ұлт мектептерінің ашылуына көңіл бөле бастайды. 1870 жылы 26 наурыз айында орыстың оқу Министрлігі Ресейдегі орыс емес халықтарды оқыту жөнінде қарар қабылдайды. Осы қарар негізінде қазақ арасында көптеген оқу орындары дүниеге келеді. Заң жолының ырқымен ашылған мектептерді жалпы басқарылуы мен бағыты жағынан үшке бөліп қарауға болар еді.
1. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі. Бұл мектептер, негізінен, орыс тілінде дәріс беріп, жалпы білім негіздерін үйретумен айналысты, тілмаштық іс жүйесін үйретті. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ақмола мен Семей өңірінде мектеп-интернаттар ашылды. Кейін көп ұзамай олар ауыл шаруашылығы училищелері болып қайта құрылды. Осындай мектептер кейін Орал мен Торғай аймақтарында, одан кейін Жетісу, Сырдария облыстарында ашылады. Жер-жерде екі кластық орыс-қазақ училищелері ашылды. Ресми мәліметтерге қарағанда 1911 жылы Қазақстанда 350 орыс-қазақ училищесі жұмыс істейді де, онда барлығы 6756 қазақ баласы оқиды. Орыс-қазақ мектептерінде бірінші жылы ана тілі, орыс тілі, арифметика, ән-күй, дін сабағы жүрген. Ал екінші жылы тарих, география, жаратылыстану пәндері оқытылған. ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары оқу жүйесінде К.Д. Ушинскийдің, Л.Н. Толстойдың, Н.Ф. Бунаковтың, В.И. Водовозовтың, И.Д. Тихомировтың, А.Я. Гердттың, Ы. Алтынсарин және И.Я. Яковлевтің оқулықтары кеңінен пайдаланылды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында А.В. Васильевтің Букварь для киргиз - Қырғыздар үшін әліппе, А.Е. Алекторовтың Русскокиргизская азбука - Орыс-қырғыз әліппесі, Киргизская хрестоматия, К мудрости ступенька, С.Н. Граменицкийдің Книга для чтения т.б. оқу құралдары пайдаланылды.
2. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер. Мұндай мектептердің де өзіндік ролі мен орны, маңызы ерекше болды. Халықтың қолдауының арқасында бұл оқыту жүйесі ауыл-ауылда кеңінен тараған. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының үлкен тобының қалыптасуының негізі осы мектеп үлгісі десек қателеспеген болар едік. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің қазіргі аяулы тұлғалары, мәдениет корифейлерінің әуелгі ұстазы осы ауыл молда-мұғалімдері болған. Әптиектен бастап оқытып, олардың мұсылманша сауатын ашуына ықпал жасады. Ауыл молдаларының негізгі білім тірегі - Құран Кәрім болғаны аян. Жалпы адамзаттық дамуда ерекше маңызға ие болған ұлы Құран Кәрімнің негізгі аяттары мен сүрелерінің мән-мағынасының түсінігін ел ішінде таратудың, оның халық өміріндегі маңызын айтудың, түсіндірудің жеңіл іс еместігін атап айту қажет. Қай заманда болса да адам баласы өмірдің мәнін түсінуге, оның жұмбақ кілтін іздеуге, тануға талап қылған. Өмірдің мәнін іздеуде біреулер философияға ден қойса, енді біреулердің бағы өнерде жанған. Өмірдің өз болмысының күрделі ғажайыптары мен жұмбақ әлемін алдына жайып салмаса да, дала баласының ойына ойлану нұрын сеуіп, Алланың бірлігі мен барлығы туралы ұлы тұжырымдарды салуы, Құранның түсінігін пайымдатуы, ауыл молдасының ағартушылық еңбегі де атап өтуге тұрарлық екенін дәлелдей түседі. Дала заңының өз ұстанымдары болды, өз дүниетанымдық ерекшеліктерін ислам діні ұстанған парыздармен ұштастыра білді. Осындай екі түрлі дүниетанымның сабақтаса, ұштаса, бірлесе қимыл-бағдар жасауына ауыл молдаларының қосқан үлесі мол.
3. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер. Мұндай мектептерде білім салалары толық оқытылып, халықтың дәстүрі мен салты негізінде білікті кәсіби мамандар сабақ берді. Жәңгір мектебі, Айғаным медресесі, Мамания мектебі және Ы.Алтынсарин ашқан мектептерде тарих, жағрапия, есеп, қазақ тілі, ескіше оқу, дін сабағы сияқты іргелі, негізгі пәндерден дәрістер берілгені белгілі. Бөкей ордасының атақты ханы Жәңгірдің бастамасымен 1841 жылы қазақ жерінде тұңғыш зиялы мектеп ашылады. Басқа да мектептер сияқты мұнда да жергілікті халыққа білім нәрін берумен саналы түрде айналыса бастайды. Ғылымның негізгі салаларынан дәрістер оқытылады. Оқытушылар әр жерден шақырылып, таңдап алынады. Дарынды деп танылған мектеп бітірушілер өз білімдерін Ташкент пен Бұхара қалаларында жалғастыруға мүмкіндік алады. Қазақ даласындағы рухани ойдың оянуына өз үлесін қосып, далаға өркениеттің дүбірін жеткізуге себепші болған мектеп-ұяның бірі - Мамания мектебі. Жетісудың текті руларының бірінен шыққан атақты Маман бай өз қаржысына мектеп ашып, ел балаларына тегін білім беру деңгейіне көтерілген. Оқу орны 1899 жылы Қарағашта ашылып, негізін қалаушы Маман байдың есімімен аталады. Зерттеушілер Мамания мектебінде сол кездің алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлерінен құрылған оқытушылар сабақ бергенін жазады. Мәселен, Ғ.Мұсабаев, М.Малдыбаевтар осы мектепте дәріс береді.
Атақты ғалым М. Тынышбаев пен Петербург университетінің түлегі Б. Сырттанов мектеппен іскерлік қарым-қатынаста болған. Мектептің салыну жобасы, оқу бағдарламасы, ішкі ережелері Уфадағы Ғалия медресесі үлгісінде құрылған. Сабақтар ана тілінде жүрген. Математика, физика, география, табиғаттану, тарих, ана тілі, араб және орыс тілдері, қүран оқытылады. Мектеп түлектеріне тек негізгі пәндерден білім беріліп қана қоймай, мәдениет пен өнер түрлерінен де сабақтар өткізіледі. Қазақ ақыны Ілияс Жансүгіров өз білімінің бастауын осы мектептен алады. Осындағы театрлық қойылымдарға қатысады. Өз заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог-жазушы, қазақ балалары үшін дүниетанымдық ғылымдар негізін оқытатын алғашқы білім ордасын ашушылардың бірегейі - Ыбырай Алтынсарин екені белгілі жайт. Қазақ елін қараңғылықтан алып шығып, көкірек көзін ашқан, халық рухының қамқоршысы болған Ыбырай Алтынсарин еңбегінің жалпы қазақ мәдениетінде алатын орны ерекше. Ал педагогика тарихы мен оқыту жүйесінің шежіресінде бұл есім алтын әріптермен жазылады. Жастарға өмірлік оқудың есігін ашып, өнер-білімнің алғашқы бастаушысы бола білген Ыбырай Алтынсаринның алғашқы қадамы 1861 жылы Торғай даласына келіп, мектеп ашудан басталады. Жергілікті орындардағы жадағай әкімшіліктің қарсылығына ұшыраған алғашқы бастама сәтсіздеу басталады. Бірақ Ыбырай ел ішінде жүріп мектептің пайдасы мен болашағын түсіндіре жүріп, өз үйінде 4-5 баланы оқытып, жаңа мектеп ісінің әуелгі кірпішін қалайды, негізін салады. Алғашқы мектеп Торғайда 1964 жылы ашылады. Онда он төрт қазақ баласы оқуға келеді. Мектеп бағдарламалары уездік училищелердің оқу жоспары және оқу бағдарламаларымен жұмыс істеуге тиіс болды. 1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұның өзі ұстаз-ақынның барлық қайтар-жігерімен қызмет істеуіне мол мүмкіндік береді. 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде - Торғайда, Ырғызда, Троицкіде, Ақтөбеде жаңа мектептер өз оқушыларын қабылдайды. 1883 жылы Торғай қаласының өзінде қолөнер мектебі жұмысын бастайды. Бұл мектеп қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болады. 1886 жылы Ы. Алтынсаринның тікелей қатысуымен Орынборда қазақ мұғалімдер мектебі ашылды. Ол орыс-қазақ мектептеріне мұғалімдер даярлаудың нағыз орталығына айналды. Ыбырай Алтынсаринның негізгі прогресшіл оқытушылық көзқарасының қалыптасуына, К.Д. Ушинскийдің педагогикалық идеялары көп әсер еткені туралы зерттеушілер талай рет жазған еді. Оның ұйымдастырған орыс-қазақ мектептерінің типі қазақ халқының әлеуметтік тұрмыс жағдайына сәйкестендіріледі. Сондықтан да мұндай мектептер ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанның көпшілік аймақтарында ашылды. Бірақ сол кездегі патша өкіметінің саясаты мектептің кең тынысты жұмыс істеп, халық ағарту ісімен айналысуына толық мүмкіндік бере қоймайды. Қазақ даласында ашылған мектептерде Ыбырай Алтынсарин қаламынан 1879 жылы шыққан Қазақ хрестоматиясының маңызы мен ролі ерекше болды. Еңбектің алғысөзінде ұлы ұстаз былай деп жазады: Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың мектепте тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім. Ел өмірімен жете таныс, қазақ өмірінің күнделікті тіршілік тұрқын жақсы білетін Ыбырай үшін кез келген тәрбиелік мәні бар нәрсе қалтарыста қалмады. Сондықтан да ол былай деп жазады: Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшылық тұрмыстың артықшылығына, мысалы құрғақ жылы бөлмелерде тұруға үйретудің өзі қазақ даласында тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білем. Арқаның Қарқаралы өлкесіндегі Құнанбай қажы мешітінде үлкен медресе жұмыс істегені белгілі. Онда сабақ берген ұстаздардың көпшілігі Уфадағы Ғалия медресесінің түлектері болған. Өз кезінің нәзирагөй ақындарының бірі, қазақтың мақал-мәтелдерін алғашқылардың бірі болып жинап бастырушы Кашафуддин Шахмарданұлы осы медреседе ұзақ жылдар бойы дәріс берген. Қазақ тілінде көптеген кітаптар шығарған. Қазақ балаларына арнап Ыбырай Алтынсарин жазған Кел, балалар, оқылық өлеңін өзінше толғап, ұзақ өлең шығарады. Халықты өнер-білімге, ислам дініне насихаттауда көп еңбек сіңіреді. 1897-1898 жылдары Кашафуддин Шахмарданұлы 20-дан астам кітап бастырып шығарып, халық арасына таратады. Махулат, Манзурат, Әдепті бала, Ахуал сияқты жинақтарының халық арасында ағартушылық идеяны жүзеге асырудағы маңызы ерекше болады. Ғасыр басындағы қазақ халқының оқуға, білімге деген сұранысына сәйкес көптеген оқулықтар орыс тілінен аударылып та басылып жатты. Орыс тіліндегі әдебиеттердің үлгісімен қазақ халқының өз арасынан педагогикалық жинақтар, оқулықтар жарық көрді. Айталық, 1907 жылы Қазан қаласында А. Жандыбаевтың Жас ғұмырым, А. Мәметұлының Әбрият, К.Ғ. Сырғалинның Өнеге атты шығармалары қазақ тілінде шыққан тұңғыш оқу құралдарының үлгісі саналады. Зерттеушілердің пікірінше, осындай еңбектердің ішінде қазақ тілінде шыққан тұңғыш оқу құралы ретіндегі Әбрияттың ролі мен маңызы ерекше. 30 беттен тұратын шағын еңбекте сабақ оқытудың жолдары көрсетіледі. К. Сырғалиннің Өнегесінде ата-анаға көзқарас, ауыл-аймақ, көрші-қолаңмен қарым-қатынас жасаудың реті туралы айтылып, тәрбиенің педагогикалық, дидактикалық қырлары қамтылады. Мұғалімнің ролі, әліппені оқудың, оқытудың жайы туралы, төте оқудың мазмұны сияқты әлеуметтік-педагогикалық пікірлер келтіріледі. Қ. Сырғалинның Қазақ балаларына жәрдем деген оқулығы 1913 жылы Қазан қаласынан басылып шығады. Бұл оқулықтың маңызы балаларға әріптерді талдап көрсетіп, әріптердің жазылуы мен мағынасына толық түсінік береді. Әріптерді бір-бірлеп оқығанда, сөздің басында, аяғында жазылғанда қандай мағына беретіндігін анықтайды. Оқытудың дидактикалық талаптарына сәйкес, сөз мағынасын оқушыға жақсы түсіндіріп беруге назар аударады. Оқулықтың негізгі принципі - балаларға таныс заттарды көрсете отырып, ол заттың таныс емес қасиеттерін айту, көрнекілік әдісі арқылы бірте-бірте табиғатта бар нақтылы заттарды таныту. М. Қашимовтың Әдеп, Ақыл кітабы атты оқулықтары да қазақ балаларын сауаттандыру ісінде елеулі рөл атқарды. Осылайша ұлы далада оқу-ағарту ісі баяулап болса да дамып келе жатты. Ресми мәліметтерге қарағанда 1916 жылы қазақ училищелерінің саны 600-ге жетті, онда барлығы 19 мың бала оқыды. Алдыңғы қатарлы мұғалімдер қатарында Спандияр Көбеев, ағартушы Ахмет және Әбуғали Балғынбаевтар, С. Меңдешов, Е. Бабин, А. Құдайбергенов т.б. халық ағарту ісіне өз үлестерін қосты. Орыс-қазақ мектептерінің саны аз болса да, қазақ халқының мәдениеті мен оқу-ағарту ісінің дамуында айтарлықтай үлкен үлесі болғанын айту парыз. Мұндай мектептерде болашақ дәрігерлер мен оқытушылар, жазушылар мен ақындар, жалпы қазақ қоғамының алғашқы зиялы азаматтары білім алып, тәрбиеленіп жетілді. 1914-1915 оқу жылында жалпы білім беретін 2006 мектеп болды, онда барлығы 105,1 мың оқушы оқып, білім алды. Қазақстанда оқу-ағарту ісінің шындап дамуы, алға басуы кеңес өкіметі кезеңінде басталғаны анық. Қалай десек те, Қазан революциясы Ұлы Далаға ұлы дүбір, толағай табыстар әкелгенін айту парыз. Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінде РСФСР халық комиссарлар кеңесі мен халық ағарту комиссариаты жаңа мектеп құру жөнінде бірнеше құжаттар қабылдайды. Соның ішінде аз ұлттардың тілінде мектеп ашу жөнінде арнаулы қаулы қабылданады. 1918 жылы 21 қаңтарда Шіркеуді мемлекеттен, мектепті шіркеуден бөлу жөніндегі декрет қабылданады. Ал осы жылдың 16 қазанында Бірыңғай еңбек мектебі туралы ереже шығады. Бұл құжаттардың сол кезеңдегі оқу-ағарту орындарын құру және оның бағыттарын белгілеудегі маңызы мен ролі ерекше болған. 1919 жылғы 26 желтоқсанда РСФСР халқының сауатсыздығын жою туралы декрет шығады. Бұдан соң елде түгелдей сауатсыздықты жою күресі басталып кетеді де, жер-жерде Қызыл отау, Қызыл бұрыштар құру ісі басталады. Қазақстанда бұл жағдай 1921 жылы Сауатсыздықты жою жөніндегі арнаулы төтенше комиссия құрылғаннан кейін жүзеге аса бастайды. қызу да қарқынды жүргізілген жаппай сауаттандыру ісінің нәтижесі ресми түрдегі мәліметтерде былайша сараланады. 1930 жылғы мағлұматтар бойынша ерлердің 95,2%-і, әйелдердің 66,3%, хат таныған [1]. Алғашқы кездегі мектептің жалпы сипаты екі сатыдан тұрды. Бірінші сатыдағы мектептер бір жылдық, екі жылдық, үш жылдық және төрт жылдық болып бөлінді. Екінші сатыдағы мектептер жеті жылдықтан жоғары болды. 1920-1921 оқу жылдарында мектепте барлығы 144 мың бала оқыды. 1931-1940 жылдары Қазақстанда мектепте білім беру ісі ерекше қарқынмен жүргізіледі. 1930 жылы Жаппай міндетті бастауыш білім беру, 1931 жылы Бастауыш және орта білім туралы қаулылар шығады. Бұл қаулылар мектеп санының өсуіне, ондағы оқу сапасының жоғарылауына ерекше ықпал етеді. Енді екі-үш жылдық мектептер төрт жылдық бастауыш мектеп болып қайта құрылады. Егер 1930 жылы мектеп жасындағы балалардың тек 22% ғана мектепке барып сауаттарын ашса, 1937 жылы олардың 96% мектеп табалдырығын аттайды. Заман ағымында күрделі де қасіреті мол оқиғалар болып жатты, дегенмен мектепте қазақ жастарын оқыту ісі осылайша ілгері қадам басты. Кеңес мектептеріндегі оқыту ісінде жүргізілген саяси бағыт пен көзқарас туралы әңгіме өзінше бөлек тақырып. Қалай болғанда да, мектептің саны мен сапасының өсіп-өркендегені тарихи факты. Аталған кезеңде мектеп үйлерін салу мен оның материалдық базасын жақсартуға да көп көңіл бөлінеді. 1933 жыл мен 1939 жылдар арасында 280 мың орындық 2614 мектеп үйі мемлекеттің қаржысының есебінен салынады. Мектептегі оқулар негізінен ана тілінде жүргізіледі. 30-жылдары мектептегі барлық пәндер бойынша оқу бағдарламалары бекітіледі. Көптеген оқулықтар жазылып, жарық көреді. Орыс тілінің пән ретінде оқытылуына ерекше мән беріледі.
Қазақ тіл білімінің негізін салушылар төңірегінде ғалымдар арасында түрлі пікірлер бар. Бір топ ғалымдар - П.М. Мелиоранский десе, біреулері - Н.И. Ильминскийді, көпшілік ғалымдар - А. Байтұрсыновты атаса, енді бір ғалымдар - негізін салған бір адам болмауы да мүмкін екендігін алға тартады. Бұл күрделі де қиын сұраққа жауап беру үшін қазақ тіл білімінің қалыптасуындағы бастау алар көзіне, арналарына баруымыз қажет. Дереккөздерге сүйенсек, қазақ тіл білімі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қолға алына бастайды. Осы ғасыр түркі тілін зерттеудің алтын ғасыры деген атауға ие болып тарихта қалғанын қазақ тіл білімін зерттеуші-ғалымдар: А.Н. Кононов, Н.А. Баскаков, І. Кеңесбаев С. Аманжолов, Р.Ғ. Сыздықова т.б. еңбектерінде айтылады. Орыс жəне Батыс Еуропа ғалымдары түркі тілдерін тарихи, ғылыми тұрғыдан зерттеуді осы кезеңде нақты қолға алады. Патшалық Ресей қол астындағы шығыс халықтарын орыстандыру арқылы өз үстемдігін жүргізбекші болып, оларды ортақ бір тілде сөйлету жолында миссионерлік саясатты жүзеге асыруға бар күш-жігерін салады. Осы əрекет орыс түркітанушылары арқылы жүзеге асырылады. Оларға үлкен міндеттер жүктеледі, өз еңбектерінде түрік грамматикасын үндіеуропа, оның ішінде орыс грамматикасымен байланыстыра зерттеу басты нысанға алынады. Патша үкіметінің тапсырмасымен орыс ғалымдарының келе бастауының нəтижесінде көптеген еңбектер орысшаға аударылып, жарық көре бастайды. Орыс оқымыстылары қазақтарға орысша үйретіп, олармен араласа бастайды. Барлық түркі тілдері сол кезеңде отандық ғалымдардың ғылыми-зерттеу нысанына айналады. Түркі тілін, соның ішінде қазақ тілін зерттеуде атақты орыс ғалымдары - Н.И. Ильминский, М.А. Терентьев, П.М. Мелиоранский, В.В. Катаринский, Н.Созонтов, Г.В. Архангельский, В.В. Радлов, Н.Н. Пантусов, В.В. Григорьев, В.В. Бартольд, С.Е. Малов. Н. Лаптев, Е.А. Алекторов, қазақ халқының ағартушы-ғалымдары А. Диваев, М.Н. Бектемиров, Қ. Кемеңгеров, А. Байтұрсынұлы, Тоқаш Бокин, Е. Букин, Н.С. Жетпісбаев, Ж. Көшербаев, М.А. Машанов т.б. ғалымдары зор үлес қосады. Аталған ғалымдар қазақ тіл білімінің лексикалық, грамматикалық жəне фонетикалық құрылымын зерттеумен айналысады. Қазақ тілі туралы алғашқы зерттеу - неміс ғалымы Г.Ю. Клапроттың 1823 жылы жариялаған Қазақ тілі жайында деген француз тіліндегі мақаласы [2]. Шығыстанушы ғалым бұл мақаланы Парижде Азия журналында жариялаған. Мақаланың алғашқы бөлімінде қазақ тілі жайлы жалпы шолу жасалса, екінші бөлімінде французша-қазақша сөздік беріліп, сол арқылы қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктері, оның монғол тілінен айырмашылығы, түркі тілдерімен туыстығы салыстырылады. Содан бері қазақ тілі жөніндегі зерттеулер 1888-1902 жылдары қазақ зиялыларының мақалаларында үзбей жарияланып, мерзімді баспасөз беттерінде сөз етіледі. Мысалы, Р. Дүйсенбаевтың, қазақ тілі туралы газет бетіне тұңғыш мақала жазған Бөкен Адықовтың, Дінмұхамет Сұлтанғазиннің Біздің қазақ туралы 5-6 ауыз деген мақалалары негізінен, қазақ тілінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Т.ҚОРДАБАЕВ және ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ МӘСЕЛЕСІ
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңдегі ғалымдардың қазақ тілі морфологиясына қатысты ұстанымдары
Ежелгі дәуір тіл білімі
Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны және пәні. Дәрістер кешені
Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
Қазақ жазу тарихы
Тіл білімі және оның зерттеу нысаны
Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі
Тілдің құрылымы
Пәндер