Қызметті сипаттайтын бәсекелік факторлар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазіргі жаһанданған нарықтық заманда қонақүй қызметі индустриясын дамыту елдің туризм саласының, аумақтық инфрақұрылымының дамуына, жұмыспен қамту, қызмет көрсету деңгейін жоғарғы деңгейге көтеру, халықаралық стандарттарға сай болуға және т. б мүмкіндіктер мен бәсекелік артықшылықтардың пайда болуы мен жетілуіне әкеледі. Сондықтан бұл бизнес саласы экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан мемлекет үшін өте маңызды болып табылады. Қазақстандағы қонақ үйлердің, соның ішінде 4* жұлдызды қонақ үйлердің бәсекелік факторларын зерттеу, талдау арқылы олардың даму мүмкіндіктерін анықтау, жетлдіру жолдарын ұсыну дипломдық жұмыстың күрделілігін анық көрсетеді.

Зерттеу пәні еліміздің қонақ үй индустриясында қызмет ететін 4* жұлдызды қонақ үйлердің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілетттілігін зерттеу мен талдау болып табылады.

Зерттеу обьектісі 4* жұлдызды қонақ үйлер және Шымкент қаласындағы Megapolis Hotel Shymkent қонақ үйі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Megapolis Hotel Shymkent қонақ үйінің бәсекелік ортасын маркетингтік зерттеу арқылы жиналған мәліметтерді талдау және осы талдау негізінде бәсекелік басымдылыққа жеткізетін стратегия құру, жетілдіру жолдарын ұсыну.

Дипломдық жұмыстың міндеттері келесідей болып табылады:

  • ҚР қонақ үйлерінің бәсекелік позицияларын талдау;
  • бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесін ұсыну;
  • ҚР 4* жұлдызды қонақ үйлерінің бәсекелік факторларына салыстырмалы талдау жасау;
  • Мегаполис Хотел Шымкент қонақ үйіне қысқаша сипаттама;
  • Мегаполис Хотел Шымкент қонақ үйінің сыртқы, ішкі ортасын және бәсекелік артықшылықтарын талдау.
  • Мегаполис Хотел Шымкент қонақ үйінің қызметіне SWOT талдау жасау;
  • Мегаполис Хотел Шымкент қонақ үйінің сапалық және маркетингтік параметрлер бойынша талдау жасау.
  • Мегаполис Хотел Шымкент қонақ үйінің тұтыну бағасы бойынша талдау жасау
  • Megapolis Hotel Shymkent қонақ үйінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету ұсыныстарын жасау

Дипломдық жұмыстың ғылыми нәтижелері:

  • ҚР 4* жұлдызды қонақ үйлерінің бәсекелік факторлары бойынша негізгі мәселелері анықталды;
  • Мегаполис Хотел Шымкент қонақ үйінің негізгі бәсекелестері анықталды және күшті жақтары мен әлсіз тұстары айқындалып, оны шешудің стратегиясы ұсынылды;
  • Megapolis Hotel Shymkent қонақ үйінің бәсекелік факторлар бойынша негізгі мәселелері анықталды;
  • талдау нәтижелері бойынша кәсіпорынның бәсекелестік ортасындағы мәселелерді шешу жолдары мен ұсыныстары жасалды.

Дипломдық жұмыс құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Жалпы жұмыс 41 беттік компьютерлік терім мәтінін құрай отырып, 24 кестені, 18 суретті және 1 қосымшаны қамтиды.

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕСТЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОНАҚҮЙЛЕРДІҢ БӘСЕКЕЛІК АРТЫҚШЫЛЫҚҚА ЖЕТУІН ТАЛДАУ

1. 1 Қонақ үй қызметінің халықаралық нарығындағы ҚР қонақ үйлерінің бәсекелік позицияларын талдау

Еліміздегі қoнақ үй индустриясы жыл сайын саны жағынан да, халықаралық деңгейдегі қонақүйлер желілерінің қалыптасуына байланысты бәсекелестік бағытта да дамуда. Әлемдегі дағдарыстық жағдайға қарамастан, біздің елімізде жоспарланып отырған ЭКСПО - 2017, Универсиада және т. б экономикалық-әлеуметтік маңыздылығы жоғары жобалар елімізге туристтердің жаппай келуін, қонақүй инфрақұрылымының дамытуға қажеттілікті, осы сала мамандарын оқыту мен біліктілігін арттыруға деген жоғары сұранысты қалыптастырып отыр. Сондықтан мемлекетіміз де қонақүй бизнесі саласын дамыту мақсатында оның құқықтық, экoнoмикалық, элеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін анықтайтын заңнамалық құжаттарды дайындады. Олардың қатарына келесілер жатады:

"ҚР-ның туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" ҚР-ның Президенті Жарлығының жобасы туралы ҚР Үкіметінің 2013 ж 28 ақпандағы № 192 қаулысы.
  • ҚР-ның Заңдары: « ҚР-ындағы туристік қызмет туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы», «Жылжымайтын мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы», «Халықтың көші-қоны туралы» және т. б.
  • Туризм облысындағы мамандарды дайында мен қайта дайындау, біліктілігін арттыру бойынша жалпы талаптар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қыркүйекте бекітілген жарғысы [1] .

Аталған бағдарламаларда еліміздегі қонақүй бизнесі индустриясын жетілдірудің алдағы жылдардағы нақты тұжырымдамалық қадамдары жасалған. Енді осы бағдарламалар аясында қонақүй бизнесі дамуының сандық көрсеткіштеріне тоқталып өтетін болсақ, олар төмендегідей (1-сурет) :

Сурет - 1. Қазақстандағы тұтынушыларды орналастырумен айналысатын объектілер саны [2]

Жоғарыдағы суреттен көріп отырғанымыздай, соңғы үш жылдағы еліміздегі тұтынушыларды орналастырумен айналысатын объектілер, яғни қонақүйлер саны жыл сайын өсуде. Соның ішінде 2013 жылдан 2014 жылға дейінгі сандық көрсеткіштің бірден 368-ге ұлғаюы қонақүй бизнесі саласындағы бәсекелестік ортаның кеңейгенін айқын көрсетеді. Бірақ қонақүйлердің ел аймағында таралуы әртүрлі. Оны төмендегі суреттен айқын көре аламыз (2 - сурет) .

1b571adbc0c53ae9d3d2bdad30bce570-small

Сурет - 2. Қонақүйлердің аумақтар бойынша орналасуы және осы аумақтардағы жоспарланып отырған жобалар (2016 жылға дейін) [2]

Жоғарыдағы суреттен байқап отырғанымыздай, қонақүйлердің басым бөлігі Алматы, Астана, Атырау, Көкшетау, Ақтау және Шымкент қалаларында орналасқан. Бұл аумақтың туристік тартымдылығына, экономикалық әлеуетінің жоғары болуына, демографиялық ерекшелігіне, қаржы орталығының болуына және т. б көптеген факторларға байланысты. Сонымен қатар, қонақүйлер санының жалпы үлесіндегі халықаралық желі қонақүйлерінің саны 14 ғана. Бұл қазақстандық туристік нарықта халықаралық қонақ үй брендтерінің қатысу деңгейінің төмен екенін байқатады. Барлық халықаралық қонақ үй компаниялары төрт бизнес-дестинацияларда: Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында орналасқан.

Қазіргі кезеңде қoнақ үй бизнесінің дамуы oлардың категoрияларға бөлінуі сипатталады, бұл көрсетілетін қызмет сапасының, персонал біліктілігінің, қонақүй инфрақұрылымының болуымен, қосымша қызметтер ассортиментінің, нөмірлер саны көптігінің жоғарылығымен және т. б факторлармен айқындалады. Енді еліміздегі қонақүйлердің санаттар бойынша, яғни жұлдыздар бойынша сандық көрсеткішіне тоқталамыз (3 - сурет) .

Сурет - 3. Қазақстандағы қонақ үйлердің санаттары (жұлдыздық) бойынша сандық көрсеткіші [2]

Жоғарыдағы суреттен көріп отырғанымыздай, Қазақстанда санаты жоқ және төмен санатты қонақ үйлер қонақ үй бизнесі нарығының басым бөлігін алып отыр. Мұндай санаттағы қонақ үйлер қызмет көрсету сапасының, персонал біліктілігінің төмендігін, қызметтің белгіленген стандарттарға сай келмейтіндігіне байланысты осы санатқа жатқызылады.

Сонымен қатар, диаграммадан байқағанымыздай 3* жұлдызды қонақ үйлер санының өзге санаттағылармен салыстырмалы түрде басым екені анықталып отыр. Одан кейін 4* және 5* жұлдызды қонақ үйлердің болуы халықаралық қонақ үй желілері санымен сипатталады, яғни «Intercontinental», «Rixos», «Rahat Palace» «Анкара», «Хаятт», «Премьер-Медеу», Park Inn Астана, Best Western Atakent Park Hotel, The Ritz-Carlton, Canvas hotel Шымкент, т. б. Бұдан бөлек, 4* және 5* жұлдызды қонақ үйлердің қатарында отандық «Дoстық», Қазақстан, Атырау, Қайнар, Вояж, т. б қонақүйлер де бар. Олардың арасындағы бәсекелестік жыл сайын артып келеді. Сондықтан осы санаттағы қонақ үйлер үшін бәсекелік артықшылықтарын күшейту маңызды болып табылады. Қонақ үй бизнесі үшін бәсекелік артықшылықтар ретінде қонақ үйдің қаржылық жағдайы, қызмет көрсету процесін ұйымдастыру деңгейі, маркетингті ұйымдастыру мен басқару деңгейі, өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету, орналасуы, персонал біліктілігі, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын атап өтуге болады. Қазақстандағы қонақ үй бизнесінде қызмет ететін қонақ үйлердің халықаралық нарық стандарттарына сәйкестігін, жалпы қызметін бағалау мақсатында 4* жұлдызды қонақ үйлердің бәсекелік позицияларына талдау жасайтын боламыз. Еліміздегі 4* жұлдызды қонақ үйлер ретінде отандық және халықаралық желідегі Алматы, Астана, Атырау қалаларының қонақ үйлері талдауға алынды. Талдау критерийлері ретінде қонақ үйді сипаттайтын факторлар; қызметті сипаттайтын факторлар; қызмет көрсетуді сипаттайтын факторлар; маркетингті сипаттайтын факторлар алынды. Бәсекелік факторлар бойынша үш 4* жұлдызды қонақ үйге талдау төмендегі кестеде көрсетілген (1 - кесте) .

Бәсекелік факторлар бойынша Қазақстандағы 4* жұлдызды қонақ үйлерге салыстырмалы талдау

кесте - 1

Бәсекелік факторлар
Қонақүйлер (4 жұлдызды)
Best Western Plus Атакент Парк қонақ үйі
«Атырау» қонақ үйі
King Hotel Astana қонақ үйі
Бәсекелік факторлар: Бөлмелер саны
Қонақүйлер (4 жұлдызды): 196
94
289
Бәсекелік факторлар: Орналасуы (орталыққа жақындығы)
Қонақүйлер (4 жұлдызды): Алматы қаласының орталығында, Атакент көрмелер кешені, қалаың іскерлік және қаржы аймағында орналасқан. Халықаралық әуежайдан қонақ үйге дейінгі уақыт 30 минут.
Атырау қаласының орталығында, Жайық өзені жанында, халықаралық компания кеңселері, қалалық мұражай мен театрға жақын, әуежай мен теміржол вокзалынан 4-6 шақырымда орналасқан.

Астана қаласының орталығында, іскерлік және қаржы аймағында, ойын-сауық кешендеріне жақын жерде орналасқан.

Әуежайдан қонақ үйге дейінгі уақыт 20 минут.

Бәсекелік факторлар: Инфрақұрылымы
Қонақүйлер (4 жұлдызды):

- замануи 9 конференц-зал.

- замануи конгресс холл (1200 адамдық)

- Мейрамхана

- Express Bar

- Golden Bar

- тегін парковка

- «Le Bistro» (24 сағ) мейрамхана қызметі

- Лобби Лаунж бары

- замануи жабдықталған конференц-зал

- «King Hotel Astana» мейманханасы

- Royal SPA орталығы

- Бизнес Орталық

Бәсекелік факторлар: Қызмет көрсету сапасы
Қонақүйлер (4 жұлдызды): Әрбір нөмір электронды кілт, климат бақылау жүйесі, кабельді теледидар, тегін интернет желісімен, сейфпен, телефонмен, кофе мен шәй дайындау қондырғымен жабдықталған.

Әрбір нөмір сейф, фен, мини-бар, халат, жоғары жылдамдықтағы интернет, спутниктік телевидение,

телефонмен, ауа салқындатқыштарымен жабдықталған.

Нөмірде қала аралық халықаралық байланысқа шығатын телефон, кабелді ТВ, ауа баптағыш, шағын бар, шай мен кофе дайындау құралдары, үтік, шайнек бар. Жуыну бөлмесінде гидромассаж, эксклюзивтік монша мүліктері, шаш кептіретін құрал, телефон бар.
Бәсекелік факторлар: Нөмір бағасы
Қонақүйлер (4 жұлдызды): 22000 тг басталады
18000 тг басталады
19000 тг басталады
Бәсекелік факторлар: Қосымша қызмет
Қонақүйлер (4 жұлдызды):

- кір жуу орны

- тегін таңғы ас

желісіз ғаламтор, компьютер, принтер мен сканер бар

- кір жуу қызметі

- компьютерді жалға алу

- интернет, факс, ксерокөшірме, сканер)

Жоғарыда келтірілген кестеде бәсекелік факторлардың негізгі түрлері ғана алынды. 4* жұлдызды үш қонақ үйде тиімді орналасқанын, яғни қаланың орталығында, аңғаруға болады. Ал, нөмірлік қор санына келер болсақ, King Hotel Astana қонақ үйінің нөмірлер саны салыстырмалы түрде жоғары, ал Best Western Plus Атакент Парк қонақ үйінде 196 нөмір болса, Атырау қонақ үйінің нөмірлер саны 2-3 есе аз екендігін байқаймыз.

4* жұлдызды қонақ үйлерді талдау барысында халықаралық нарық талаптары, яғни Ресей Федерациясының 4* жұлдызды қонақ үйлерге қоятын талаптары салыстырымға алынды. Өйткені мұндағы қонақ үй стандарттары еуропалық және азиялық қонақ үй стандарттарын ескеріп, талаптар қояды [3] .

Инфрақұрылымдық ерекшелігіне келер болсақ, көрсетілген талаптарға сай әрбір 4* жұлдызды қонақ үйде жеке сейфтар, бассейн, бизнес орталық, спорттық орталық немесе тренажерлық зал болуы міндетті. Ал, біздің аталған үш қонақ үйде де спорттық орталық немесе тренажерлік залдың және бассейннің жоқтығы анықталды. Сонымен қатар, толықтай стандартқа сай бизнес орталықтың тек King Hotel Astana қонақ үйінде бар екендігі, ал қалған екі қонақ үйдің заманауи конференц залмен шектелгені анықталды.

Бағалық көрсеткішке келер болсақ, үш қонақ үйдің ең төменгі бастама бағасы шамалас, үлкен айырмашылық байқалмайды. Best Western Plus Атакент Парк қонақ үйі ғана 3000 тг баға айырмасын көрсетіп отыр.

Аталған үш қонақ үйдің персоналдары, олардың біліктілігі, дайындалуы туралы ақпараттың берілмеуі қонақ үйлердің қызмет көрсету сапасына сенімсіздік тудыртады.

Сонымен қатар, Қазақстандық туристік бірлестігінң мәліметі бойынша соңғы 4 жылда елімізде 560 қонақ үй жабылған. Мұндағы басты мәселе нөмірлердің төмен комфорттылық деңгейі, технологиялық артта қалушылық, персоналдың біліксіздігі және ұсынылатын қызметтер ассортиментінің аздығымен сипатталады.

Салыстырмалы талдау мен екінші ретті ақпараттарды зерттей талдай отырып, еліміздегі қонақ үйлердің негізгі мәселелері ретінде келесілер анықталды:

  • қонақ үй бизнесі нарығындағы санаты жоқ және санаты төмен қонақ

үйлердің үлесі 80%-ды құрауы еліміздегі халықаралық стандарттарға сай, сапалы қызмет көрсететін 3*, 4*, 5* қонақ үйлер қызметінің жетілмегенін, қызу бәсекелік ортаның толықтай қалыптаспағанын көрсетті;

  • 3*, 4*, 5* жұлдызды қонақ үйлердің басым бөлігінің негізгі төрт облыс (қалада) орналасуы, яғни Алматы (Алматы облысы), Астана (Ақмола облысы), Атырау, Ақтау (Маңғыстау облысы) және Шымкент (Оңтүстік Қазақстан) қонақ үй индустриясының біркелкі дамымағанын анық байқатады;
  • Қазақстанның үш 4* жұлдызды қонақ үйін салыстырмалы талдау барысында, Ресейлік 4* жұлдызды қонақ үйлерге қойылатын талаптар бойынша салыстыруда, олардың инфрақұрылымдық, қосымша қызметтер сай келмейтіндігі анықталды;

1. 2 Қонақүй шаруашылығы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесі

Қонақ үйдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру ұйымды басқару қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады және онсыз бизнестің ұзақ мерзімді толық дамуы болмайды. Сондықтан қазіргі нарықтық экономика шартында қонақ үй шаруашылығында қызмет ететін кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттіліктерін арттырудың негізгі жолдарының бірі халықаралық тәжірибені қолдану болып табылады. Халықаралық тәжірибелерді қарастыру келесідей төрт бәсекелік факторды негізге ала отырып жүзеге асатын болады (5 - сурет) .

C:\Users\Гость\Desktop\Image 1.png

Сурет - 5. Қонақ үй шаруашылығы кәсіпорындары бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторлары [4]

Жоғарыдағы суретте көрсетілген негізгі бәсекелік факторлар бойынша шетелдік тәжірибелерді талдайтын боламыз. Ең алдымен қонақ үйді сипаттайтын факторлар негізінде бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибелерін қарастырамыз.

Қонақ үйді сипаттайтын бәсекелік факторларды жетілдірудің халықаралық тәжірибесі

Кесте - 2

Қонақ үйді сипаттайтын бәсекелік факторлар
Жетілдірудің шетелдік тәжірибесі
Қонақ үйді сипаттайтын бәсекелік факторлар: Орналасқан жер
Жетілдірудің шетелдік тәжірибесі:
  1. демографиялық тұрғыдан жоғары аймақта салу;
  2. экономикалық тұрғыдан қаржылық әлеуеті жо, ары аймақта салу;
  3. аэропорт, теміржол вокзалына жақын салу;
  4. сауда орталықтары, аймақтың туристік орталықтарына жақын орналастыруды шетелдік көптеген қонақ үйлер ең басты назарға алады.
Қонақ үйді сипаттайтын бәсекелік факторлар: Басқаруды ұйымдастыру
Жетілдірудің шетелдік тәжірибесі:
  1. басқаруды ұйымдастырудың Батыс Еуропалық нұсқасы - ''ұйымдастыр-сат-басқар'' жүйесі. Мұнда қонақ үй жаңа қожайынға бұрынғы иелерінің басқару құқығымен сатылады және қонақ үй қажетті инвестициялар алады;
  2. "Марриотт" корпорациясы келесі сызбаны сәтті қолдануда: "несие аламыз - қонақ үй саламыз - инвесторға қонақ үйді сатамыз - қонақ үйді басқарудың ұзақ мерзімді келісімшартына отырамыз";
  3. Батыс Еуропалық қонақ үйлерді басқарудың стандартты құрылымы: general director немесе administrator; әкімші; accounter (экономист) ; менеджерлер; орындаушылар; VIP-тұтынушылар бойынша менеджер; ұлттық мәдениет бойынша маман және т. б
  4. Заманауи қонақ үйдің стратегиялық менеджменті бизнес тұтынушылардың (қонақтардың жалпы санының 60%) мүдделері мен сұрауларын бағдарға алады.
Қонақ үйді сипаттайтын бәсекелік факторлар: Кадрлық әлеует
Жетілдірудің шетелдік тәжірибесі:

1) Еуропалық қонақ үйлердің кадрларды қызметке алудағы негізгі талаптары: тәжірибесі; кәсіби білімі; ұсыныстары; үш тіл білу; алғашқы дәрігерлік көмек көрсету; оңтайлы қарым-қатынас орнату

2) Кадрлық әлеуетті көтеру шаралары:

  • оқыту бағдарламалараынан өткізу;
  • қонақ үй күні, қонақ үй президентінің туған күні материалдық сыйақылар мен бонустар беру;
Қонақ үйді сипаттайтын бәсекелік факторлар: Имидж
Жетілдірудің шетелдік тәжірибесі:

Қонақ үй имиджін жетілдірудің 9 ережесі:

  • Интернеттегі пікірлер мониторингін жүргізу;
  • Ішкі имиджді қалыптастыру;
  • Қонақ үй тарапынан белсенділік таныту;
  • Қанағаттанған қонақтарды пікір жазуға үгіттеу;
  • Өзіндік инерьер қалыптастыру;
  • Қонақтар пікірлерін қолдану;
  • Жарнама мен PR-дың түрлерін тиімді қолдану;
  • Фирмалық стильді қалыптастыру;
  • Блогтар, форумдар мен әлеуметтік желілердегі пікір таластарға

қатысу

Қонақ үйді сипаттайтын бәсекелік факторлар: *автордың өздерімен дереккөз бойынша жасалынған [5]

Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, қонақ үйді сипаттайтын бәсекелік факторлар бойынша халықаралық қонақ үйлерде қолданылатын тәжірибелер келтірілген. Мұндағы басқаруды ұйымдастыру, орналасқан жер, кадрлық әлеует, имидж сынды маңызды басты факторларды ескере отырып қонақ үй бизнесін құру және оны дамыту қонақ үйлердің көптеген шығындардан арылуына, пайдаға кенелуіне әкеледі.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, бәсекелік факторлардың тағы бір негізгі бөлігі қызмет, яғни оның бағасы, нөмірлік қорының құрылымы мен қызметтің қауіпсіздігі болып табылады. Енді қонақ үй шаруашылығының қызметті сипаттайтын бәсекелік факторларды жетілдірудің халықаралық тәжірибесіне тоқталатын боламыз.

Қызметті сипаттайтын бәсекелік факторларды жетілдірудің халықаралық тәжірибесі

Кесте - 3

Қызметті сипаттайтын бәсекелік факторлар
Жетілдірудің шетелдік тәжірибесі
Қызметті сипаттайтын бәсекелік факторлар: Қызмет бағасы
Жетілдірудің шетелдік тәжірибесі:
  • Тұрақты баға деңгейін ұстап тұру
  • Маусымдық жеңілдіктер жасап тұру
  • Тұрақты клиенттертерге белгілі-бір көлемдегі жеңілдіктер жасау
Қызметті сипаттайтын бәсекелік факторлар: Нөмірлік қор құрылымы
Жетілдірудің шетелдік тәжірибесі:
  • Люкс-аппартмент нөмірлерінің болуы
  • Инвалидтерге арналған нөмірлердің болуы
  • Жас жұбайларға арналған нөмірлердің болуы
  • Ұзын бойлыларға арналған нөмірлердің болуы
Қызметті сипаттайтын бәсекелік факторлар: Қызметтің қауіпсіздігі
Жетілдірудің шетелдік тәжірибесі:
  • Патрульдік мекеменің болуы;
  • 200 нөімрлік қонақ үйлерде 5 қауіпсіздікті қадағалаушының болуы;
  • Заманауи техникалардың қолданылуы (камералар)
Қызметті сипаттайтын бәсекелік факторлар: *автордың өздерімен дереккөз бойынша жасалынған [6]

3 - кестеден байқағанымыздай, қызмет бағасы арқылы тұтынушылардың келуін арттырудың тәжірибесі ретінде маусымдық жеңілдіктер жасау, тұрақты баға деңгейін ұстап тұру, әр түрлі деңгейге арналған (gold/silver/bronze) карталарын шығару, АВС классификациясы бойынша тұрақты клиенттерді анықтап, оларға жеңілдіктер жасау және т. б жолдар ұсынылды.

Қонақ үй бизнесінің ең басты бәсекелік факторы - қызмет көрсету. Тұтынушының қанағаттанушылығы да қызмет көрсету процесі, яғни персоналдың біліктілігі, этикеті мен мәдениеті, халықаралық деңгейдегі стандарттарға сай қызмет көрсетуіне тікелей тәуелді болып келеді. Енді қонақ үй шаруашылығының қызмет көрсетуді сипаттайтын бәсекелік факторларды жетілдірудің халықаралық тәжірибесін қарастыратын боламыз.

Қызмет көрсетуді сипаттайтын бәсекелік факторларды жетілдірудің халықаралық тәжірибесі

Кесте - 4

Қызмет көрсетуді сипаттайтын бәсекелік факторлар
Жетілдірудің шетелдік тәжірибесі
Қызмет көрсетуді сипаттайтын бәсекелік факторлар: Қызмет көрсетудің этикасы мен мәдениеті
Жетілдірудің шетелдік тәжірибесі:
  • Клиенттермен қарым-қатынас этикетті дамыту
  • Іскерлік этикетті дамыту
  • Телефондық этикетті дамыту
Қызмет көрсетуді сипаттайтын бәсекелік факторлар: Броньдауды ұйымдастыру
Жетілдірудің шетелдік тәжірибесі:
  • Онлайн бронь жасау технологиларын қолдану
Қызмет көрсетуді сипаттайтын бәсекелік факторлар: Клиенттермен есеп айырысуды ұйымдастыру
Жетілдірудің шетелдік тәжірибесі:
  • Онлайн сайт арқылы төлем жасаудың болуы
  • Әр түрлі банктік/кредиттік карталарды қабылдай алуы
  • Электронды терминалдың немесе импортердің болуы
  • Ақшалай және электронды төлемнің болуы
Қызмет көрсетуді сипаттайтын бәсекелік факторлар: Стандарттарды ұстану
Жетілдірудің шетелдік тәжірибесі:
  • қoнақ үйлердің бәсекелестік стратегиялық артықшылықтармен қамтамасыз ету мақсатында сапа аудитін өткізу;
  • сапаны жақсарту мақсатында қoлданылатын шараларды тұрақты бақылап (маркетингілік жoспар) мониторинг жасап отыру;
Қызмет көрсетуді сипаттайтын бәсекелік факторлар: *автордың өздерімен дереккөз бойынша жасалынған [7, 9]

3 - кестеден көріп отырғанымыздай, қызмет көрсетуді сипаттайтын факторларды бәсекелік артықшылық ретінде жетілдірудің шетелдік тәжірибесінің бірнеше түрлері келтірілген. Стандарттарды ұстануға байланысты 4* жұлдызды қонақ үйлердің Азия, Еуропалық стандарттарына сай болу, өз қызмет көрсетуін жыл сайынғы өзгерістерге орай жетлідіріп отыру, персоналды шетелдік қонақ үй бизнесі мамандарын дайындау, қайта дайындау орындарында оқыту және байқауларға қатыстыру және т. б халықаралық аренаға шығу жолдарын қарастыру қонақ үй үшін тұтынушы мен бәсекелестер алдындағы беделін, имиджін арттырып, сапа тұрғысынан жоғары сенімділікке ие болуға әкеледі.

Қонақ үй бизнесін ХХІ ғасырда маркетингтік жылжыту құралдарынсыз жетілдіру мүмкін емес. Сондықтан, қонақ үй шаруашылығының маркетингті сипаттайтын бәсекелік факторларды жетілдірудің халықаралық тәжірибесін қарастыратын боламыз.

Маркетингті сипаттайтын бәсекелік факторларды жетілдірудің халықаралық тәжірибесі

Кесте - 5

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері
Ауыл шаруашылық салалардың ел экономикасындағы маңыздылығы
Нарықтық экономика жүйесіндегі кәсіпорын
Кредиттік оқу жүйесі
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестігін арттыру механизмі
Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Нарық жағдайында өнімнің сапасын басқару
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру
«Алатау» ЖШС өнімінің бәсеке қабілеттілігіне баға беру
Коммерциялық банктегі сервистің дамуының теоретикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz