Географиялық қабықтың бірлік заңдылығы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Географиялық қабықтың бірлік

және тұтастық заңдылығы

ЖОСПАР

Кіріспе

І. Географиялық қабықтың бірлік және тұтастық заңдылығы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Географиялық қабық - Жер планетасының атмосфераның төменгі қабаты, литосфераның жоғарғы қабаты, жалпы гидросфера мен биосферадан құралған біртұтас және үздіксіз қабығы болып табылады. Жер қабаттарының арасында күрделі байланыстар орнаған, үздіксіз энергия мен зат алмасу жүреді. Географиялық қабық биосферамен территориясы және көлемі бойынша сәйкес келеді. Географиялық қабықтың өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Ең алдымен ол заттардың әртүрлі құрамдылығымен және энергияның түрлерімен ерекшеленеді. Географиялық қабықтағы заттар бір уақытта үш агрегаттық күйде кездесе алады: қатты, сұйық және газ тәріздес.

Географиялық қабық - Жердегі тіршілік пайда болған орталық, ол адамзаттың белсенді іс-әрекетінің аренасы болып табылады. Жалпы алғанда географиялық қабық планетамыздың құрылымы өте күрделі бөлігі, әсіресе қабаттардың бір-бірімен әрекетінде: атмосфера мен литосфера (құрлықтың беті), атмосфера мен гидросфера (Дүниежүзілік мұхиттың беткі қабаттары), гидросфера мен литояфера (мұхит түбі), осы қабаттардан жоғары және төмен қарай географиялық қабықтың құрылымының күрделілігі төмендейді. Географиялық қабық тек вертикальді бағытта ғана күрделі емес, сонымен қатар көлденең бағытта да шамалы күрделі. Ол жеке табиғи кешендерге (ландшафтарға) дифференциацияланады. Әрбір табиғи кешен бір-бірімен байланысқан компоненттерден, яғни құрамдас бөліктерден тұрады. Географиялық қабық дифференциациясы оның түрлі бөліктерінде жылу мен ылғалдың біркелкі болмауына және жер бедерінің әртүрлілігіне байланысты. Ең ірі табиғи кешен - географиялық қабық болып табылады. Табиғи кешендерге құрлықтар мен мұхиттар да жатады.

Географиялық қабық бірнеше заңдылықтардан тұрады. Олардың ішіндегі маңыздыларына: бірлік және тұтастық, дамудың ырғақтылығы, асимметрия, көлденең зоналық және биіктік белдеулік жатады.

Географиялық қабыққа дамудың ырғақтылығы тән, яғни белгілі бір құбылыстардың уақыт бойынша қайталанып келіп отыруы. Табиғатта ұзақтылығы әртүрлі ырғақтар (тәуліктік, ғасырлық және ғасырдан жоғары) кездеседі. Сонымен қатар, географиялық қабықта маңыздылығы жоғары заңдылықтардың бірі ұлы ғалым В. В. Докучаевтың негізінде анықталған зоналылық заңдылығы болып табылады. Бұл заңдылық табиғи кешендердің экватордан полюстерге қарай бағытта заңдылыққа сай өзгеруі. Географиялық қабықтың ең ірі табиғи кешендеріне географиялық белдеулерді жатқызамыз. Биіктік белдеулік деген атқа ие географиялық қабық заңдылығы таулы аудандарда байқалынады. Биіктік белдеулік деп - таудың етегінен бастап шыңына дейінгі көтерілген биіктіктер бойынша табиғи компоненттер мен табиғи кешендердің алмасып отыруын айтады.

Географиялық қабықтағы маңыздылығы жоғары жер бедері, атмосфера және гидросфера, биосфераның барлығын қамтитын тағы бір заңдылыққа географиялық қабықтың бірлік және тұтастығы жатады. Тұтастық - географиялық қабықтың бірлігі, яғни оның компоненттерінің бір-бірімен өте тығыз байланыстылығын сипаттайды. Егер географиялық қабық компоненттері арасында бірлік пен байланыс болмаса жалпы географиялық қабықтың дамуы, болуы мүмкін емес.

І. Географиялық қабықтың бірлік заңдылығы

Географиялық қабық дамиды және даму барысында оның өзіндік заңдылықтары бар. Географиялық қабықтың негізгі заңдылықтарының бірі - тұтастық заңдылығы. Географиялық қабық компоненттердің механикалық жиынтығы емес, керісінше өзіндік ерекшеліктері бар және біртұтас ретінде дамитын сапалы жаңа түзілім. Бір компоненттің өзгеруі оның барлық компоненттерінің өзгерісіне әкеп соғады. Тұтастық барлық табиғи кешендерге тән заңдылық. Ол зат және энергия алмасу арқылы жүзеге асады.

Бірлік және тұтастық - маңызды географиялық заңдылық, оны білу табиғатты тиімді пайдаланудың теориясы мен тәжірибесіне негізделінеді.

Тұтастық заңдылығының негізі географиялық қабықтың құрамындағы бір құраушысының өзгерісі еріксіз қалғандарының да өзгеруіне әкеледі. Бұл өзгерістердің көріну масштабтары әрқилы болып келеді. Олар біркелкі бүкіл географиялық қабықты алып, оның тек кей бөліктерінде көрініс тауып, ал басқа бөліктерінде өте әлсіз болуы мүмкін. Мысалы, Оңтүстік Американың батыс жағалауында Атакама және Анд тауларының батыс беткейлерінің шөлейттенуі 35-40º және 2-3º о. е. аралығындағы суық Перуан ағысыныңың болуымен сипатталады. Жазғы маусымда ағыстың солтүстік шекарасы экваторға дейін жетеді, ал оңтүстік-шығыс пассаттың әлсіреген кезеңі қысқы маусымда Перуан ағысы бәсеңдеп, экватордан Эль-Ниньо жылы ағысы өтеді. Бұл ағыс географиялық қабыққа әсерін тигізбей қоймайды, ол географиялық қабықты құрайтын барлық бөліктерге әсер етеді. Мәселен, Оңтүстік Американың балықшылары осы ағыс болатын кезеңде өз кәсіптерінен пайда таппаса, яғни балық аулауға тиімсіз кезең, ал Солтүстік Америкадағы Калифорния тұрғындарына қатты дауылдар мен нөсерлер төнеді.

Планетаның қалған бөлігі де шетте қалмайды: селдер мен су басулар, орман өрттері, дауылдар мен құйындар Жерге келеді. 1983 және 1996 жылдары бұл өзгерістер аса қауіпті сипатта болды. Ағыстардың өзгеруі негізінде пайда болған су температурасының уақытша өзгерісі географиялық қабықтың барлық компоненттеріне әсерін тигізеді, ал ол өз кезегінде Жердегі адамзаттың тұрмыс-тіршіліге қиындықтар әкеледі.

Географиялық қабыққа адамзат қоғамының шаруашылық іс-әрекеті де өзгерістер әкеледі. Ормандарды кесу, өзен бойында су қоймаларын салу, батпақты аймақтарды құрғату осылардың барлығы жалпы табиғи кешенге ықпалын тигізіп, уақыт өте келе келеңсіз, адамдарға қиындық туғызатын нәтижелерге әкеп соғады.

Географиялық қабықтың тұтастық заңдылығы шаруашылық әрекетінің негізінде қауіп-қатер төнуі мүмкін территорияның географиялық құрылымын алдын ала және өте мұқият зерттеп білудің қажеттілігі туралы ескертеді. Жазықтық аумақтағы өзендерге тосқауыл салу барысында жердің су басуы мен су қоймасының құрылуымен қоса, су басу аймағының шеткі шекараларында өзеннің екі жақ жағалауындағы грунт суларының ығысуы негізінде батпақтану белдемі пайда болады.

Тұтастық - географиялық қабықтың ең маңызды заңдылығы болып табылады, яғни географиялық қабық кешендердің механикалық қосындысы ғана емес, ол арнаулы жекеше сипатқа ие және біртұтас жүйе ретінде дамитын сапалы жаңа құрылым.

Географиялық қабық құраушыларының тұтастығы мен бір-бірімен байланысын төрттік кезеңнің мұз басу тарихын (С. В. Калесник бойынша) анализдеуден байқауға болады. Мұз басу дәуірінде судың ауқымды көлемі мұздықтарда жиналған, ал ол өз кезегінде жалпы Дүниежүзілік мұхиттың төмендеуіне (100-110 метрге) себепші болды. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің төмендеуіне Жер планетасының табиғатының өзгеруіне әсер етті, яғни осыған байланысты мұхит қайраңдарының құрғауы басталды, материктер мен мұхиттар өзгеше сипатқа ие бола бастады, жағалаудағы аралдардың көпшілігі материктерге қосылды және т. б. осы кезеңде континеттік көпірлер пайда болады, олар арқылы түрлер миграциясы жүрді, яғни өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жаңа территорияларға қоныстана бастады. Жер бетіндегі барлық өзен жүйелерінде эрозия базисінің төмендеуіне байланысты тереңдік эрозия пайда бола бастады.

Жылы аралық мұзбасу кезеңдерде материктік мұздар еріп, соның негізінде мұхит сулары көтерілген. Қайраңдарды су басу басталады, материктердің ауданы кеміп, керісінше мұхиттар көлемі жоғарылайды. Осы кезеңде континенттік көпірлерді су басып, жер бетіндегі тіршілік иелерінің миграциясын шектейді, бірақ судағы тіршілік етушілер миграциясын туындатады.

Географиялық қабықтың құрамдас бөліктері: атмосфера, гидросфера, литосфера және биосфераға анализ жасау табиғи компоненттердің бір-бірімен байланысын түсінудің негізін салады.

Географиялық қабыққа әсіресе жоғарғы әсерді адамзаттың іс-әрекеті тигізеді. Компоненттер арасындағы байланыстарды жетік білмегендіктен көптеген ушыққан мәселелерге тап боламыз. Мәселен, Каспий және Арал теңіздерінің қазіргі таңдағы жағдайы аталынып отырған себептерден туындап отыр. Соның негізінде бұл аймақтардағы топырақтар деградацияға ұшыраған және шөлейттену процесі де дамып отыр. әсіресе деңгейі 13 метрге дейін төмендеп кеткен Арал теңізінің жағдайы өте мүшкіл, теңіздің тұздылығы екі есеге дейін артып кеткен, сонымен қоса оған құятын негізгі Сырдария мен Амудария өзендеріндегі су көлемі де мардымсыз. Географиялық қабықтың бірлік және тұтастық заңы шаруашылық әрекетке пайдаланылатын барлық территорияның географиялық құрылымы мен ерекшеліктері алдын ала және өте мұқият зерттелуі қажеттілігін ескертеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері туралы ақпарат
Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері туралы
Еуразияның климаттық белдеулері
Жамбыл облысының геоэкологиялық аудандастыруы
Қазақстан аймағы туралы көне замандағы мәліметтер
Жалпы жер туралы түсінік
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Ландшафт компоненттері арасындағы байланыс
Физика-географиялық аудандастыру
Оқу-әдістемелік кешен “Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz