Мемлекеттің пайда болуын қарастыратын негізгі теориялар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Мемлекет түсінігі және негізгі белгілері»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1. МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ОБЪЕКТИВТІК

ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

1. 1 Алғашқы қауымның рулық-тайпалық ұйымнан біртіндеп

мемлекетке ауысуы

1. 2 Мемлекеттің пайда болуын қарастыратын негізгі теориялар

2. МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТАҒАЙЫНДАЛУЫ, СИПАТЫ

ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАЗМҰНЫ

2. 1 Мемлекеттің түсінігі және оны алғашқы қауымдық құрылыстағы

әлеуметтік биліктен ажырататын белгілері

2. 2 Мемлекеттің мәні мен типологиясының өзара байланысы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

3-4

5-16

5-8

9-16

17-30

17-21

22-30

31

32

КІРІСПЕ

Мемлекеттің пайда болуын, түсінігін зерттеу тек қана танымдылық және ғылыми тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге саяси тұрғыдан да қарастырылады. Ол мемлекеттің әлеуметтік жағын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге мемлекеттің гүлденуі мен дамуының себептері мен жағдайларын сараптауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезге дейін және нақты уақыттарда да мемлекет пен құқықты зерттеушілердің арасында мемлекеттің пайда болуы туралы ортақ көзқарастары болмаған. Осы сұрақты қарастырсақ, мысалы, әйгілі тарихи жағдайларға сүйене отырып ежелгі Грецияда, Египетте, Римде және басқа да елдерде алғашқы мемлекеттік - кұкықтық жүйе, құлиеленушілік жүйе болғандығын білеміз.

Мемлекеттің пайда болуына байланысты басқа да көптеген тарихи деректер бар. Дүниеде мемлекеттің калыптасуы мен дамуын түсіндіретін көптеген теориялар бар және қазір де кездеседі. Мемлекеттің пайда болуы заман заманға, ғасыр ғасырға, қоғам өркендеген сайын дамып келеді. Сонымен бірге әртүрлі және бір ғана әлеуметтік ортаның мемлекеттің дамуы мен қалыптасу үрдісі туралы өз пайымдаулары бар.

Адамдардың қарым-қатынас жасауының алуан түрлі формаларының ішінде бірінші кезекті маңыз, даусыз жағдайда мемлекет үшін қарым -қатынасқа берілуі тиіс. Ол адам өмірінің барлық жақтарын қамтыды, өйткені антикалық әлемде адам айрықша түрде мемлекеттің азаматы болып саналады. Қандай жағдайда болсын адамзат тарихы басты түрде мемлекеттің қызметімен жасалады. Сондықтан да, қандай бір құбылысты зерттей отырып, жұртшылықтың мемлекеттің қызметі мен ұйымдарының формалары туралы сұрақтармен тұрақты түрде бетпе-бет келуіне тура келеді. Біз осыған дейін ұзақ уақыт айтып келгендей, мемлекет, саясат туралы ілім, жұртшылық, қоғам таралуы барлық ілімді қозғады. Осындай жағдайларда мемлекеттің жалпыға бірдей танылған анықтамасы көп уақыт бұрын-ақ жасалуға тиіс болатын. Оның үстіне біз әдебиеттерден мемлекет анықтамасының көп алуан түрлілігін кездестіреміз. Бұл мынадай жағдайлармен түсіндіріледі: көпшілік жағдайларда мемлекет анықтамасына мүлде оған жатпайтын міндеттерді танытады. Мәселен, ең алдымен, бірі мемлекетке анықтама бере отырып, олардың пікірі бойынша мемлекет қандай болуға тиіс екенін атап көрсетеді, яғни мемлекет туралы анықтаманы ол туралы айтылған пікірлер мен пайымдауларға айналдырады. Мемлекетке берілген өзге анықтама аталмыш философиялық жүйеде мемлекет түсінігі қандай орын алатындығын көрсетумен ғана шектеледі. Мәселен, Гегель мемлекетке: "нақты бостандық болмысы " ретінде анықтама береді. Ең сонында, мемлекет анықтамасын, мемлекеттің еңбегін тұрақты сіңіретін, ал екіншісі басқаның еңбегін қанайтын адамдардың топтарына бөлінуі кезінде мемлекет пайда болған. Барлық маңызды негізгі деген мәселелері өздігінен шешілетіндей, аталмыш анықтамадан шығара отырып, логикалық қорытындылардың қажетті қатары ретінде мемлекет туралы бүкіл ілім тұрақты бола алатындай етіп дәл беруге, қисындауға ұмтылушылық жиі кездеседі. Шын мәнісінде, мемлекеттің мақсаты мен шығу тегі немесе оның басқа да табиғаты әлі күнге дейін даулы мәселелер болып саналады.

Мемлекеттің пайда болуын зерттеу мемлекеттің әлеуметтік табиғатын, олардың ерекшеліктері мен белгілерін анықтауға, олардың пайда болу және даму себептерін зерттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттің негізгі қызмет бағыттарын, қоғамның саяси жүйесіндегі алатын орны мен ролін анықтауға жағдай жасайды. Қазіргі уақытта әрекет етіп жатқан мемлекеттер мен құқықтық жүйелердің мәні мен ерекшеліктерін терең және жан-жақты түсіну үшін осы мемлекеттер мен мемлекеттік кұрылымдардың пайда болу және даму жолдарын зерттеуіміз керек. Курстық зерттеу жұмысымның тақырыбының таңдалу ерекшелігі де осыған байланысты түсіндіріледі.

1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

1. 1 Алғашқы қауымның рулық-тайпалық ұйымнан біртіндеп
мемлекетке ауысуы

Адамзаттың даму сатысының ең алғашқы кұрылымы алғашқы қауымдық кұрылыс болып саналады. Дүние жүзіндегі барлық халықтар осы сатыны бастарынан кешірді. Жалпы адамның пайда болуы туралы ғылымда осы күнге дейін екі пікір қалыптасқан. Біріншісі - креационизм, екіншісі эволюция теориясы. Креационизм (латын тілінен аударғанда - жасау) бүкіл әлемнің барлығын, соның ішінде адамды да аяқталған күйінде құдайдың жаратуымен түсіндіреді. Құран, Библия сияқты касиетті кітаптар осы теорияны уағыздайды. Мысалы, қасиетті Құран-кәрім былай дейді: «Ол: «Бол» деген күні бола кетті. Оның сөзі шын» (әнғам сүресі, 73-аят) . «Көктер мен жердің кілттері Оның иелігінде . . . жер бүтіндей Оның уысында» (зүмәр сүресі, 63, 67 аяттар) [1] .

Эволюция теориясы жалпы әлемнің жердің пайда болуын Үлкен Жарылыс теориясымен түсіндіреді. Эволюционистердің пайымдауы бойынша әлемдік кеңістікте осыдан 9-18 миллиард жыл бұрын тығыз массалы, температурасы триллион градус болған әлемдік дүниедегі материяның үлкен Жарылысы болған. Соның нәтижесінде ұзақ уакыт аралығында шашыраған атомдар мен молекулалар планеталар мен жерді қалыптастырды. Келе-келе дамудың барысында молекулалар бір-бірімен қосылып, қарапайым өмірдің пайда болуына себепші болды. Миллион жылдар өте олар күрделі өмірдің формаларын қалыптастырды. Бірақ, жарылыс жасап, басқа күрделі зат немесе өмір пайда болады дегенге сену қиын. Осыған байланысты жер бетінде адамдардың пайда болуы туралы мәліметтер де бір-біріне қарама-қайшы келеді. Көптеген тарихи әдебиеттерде адамзаттың тарихы осыдан 2, 6 миллион жыл бұрын бастағаны тілге тиек етіледі [2] .

Алғашқы қауымдық құрылыстың даму эволюциясының өзіне тән ерекшеліктері бар. Алғашқы қауымдық құрылыстың экономикалық негізін барлық ру мүшелерінің өндірістік құрал-жабдыққа коғамдық меншігі құрады. Өнім жинайтын егістіктер, балық, аң аулайтын жерлердің бәрі ру мүшелерінің еркін пайдаланатын меншіктерінде болды. Сонымен қатар өндіргіш күштердің әлсіз, дамымаған жағдайларына байланысты алғашқы адамдар жеке адам болып өмір сүре алмады. Табиғи апаттар, жыртқыштарға жем болу қаупі олардың бастарын біріктіріп, тамақ тауып жеуге мәжбүр етті. Коллективтік түрде өндірілген өнімдер бәріне ортақ болды және теорияда бұл көрініс өзара - реципроктлы деп аталынды.

Екінші ерекшелігі - редистрибуция - жиналған барлық өнімдердің ру, қоғам мүшелері арасында тепе-тең болып бөлінуі. Осылай коллективтік түрде өнімді пайдалану олардың ынтымақтастығын арттырып, бір-біріне деген қамқорлықтарын күшейтті. Ешкімнің үстемдігі болмағандықтан қауымның мүшелері барлық иеленетін құрал-жабдықтарды теңдік дәрежесінде пайдаланған. «Бұл - коллективтік өндірістің алғашкы тұрпаты, әлбетте, өндіріс құрал-жабдықтарын қоғамдастырудың емес, жеке кісінің әлсіздігінің нәтижесі болды».

Алғашқы қауымдық құрылыс рулық-тайпалық катынастарды топтастырумен қатар бұл шеңбердің талаптарына сай келмейтін көзқараспен әрекеттерді әдепсіз, қауіпті деп жариялады. Бір сөзбен айтқанда коғамдық сана-сезімімен өмір сүріп күнелтті. «Тайпа, - деп жазды Ф. Энгельс, - басқа тайпадан келген шет адам жөнінде де, өзі жөнінде де адамның ең барып тұрған шегі болып қала берді: тайпа, ру және олардын мекемелері қасиетті және қол сұғуға болмайтын нәрсе болды, табиғаттың өзі орнатқандай жоғарғы өкімет болды, әрбір адам өз сезімдері, ақыл-ойы мен істейтін істер жағынан оған сөзсіз бағынышты күйде қала берді. Сол заманның адамдары бізге қаншама айбарлы болып көрінсе де, олардың бір-бірінен ешбір айырмасы жоқ еді, олар Маркс айтқандай, алғашқы қауым тұтастығынан кіндігі әлі ажыраспағанды»[4] .

Мұндай пікірді соңғы кездерде дүние жүзі ғалымдарының зерттеулері де растап отыр. Алғашқы адамдар орман-тоғайларда топ-топ болып өмір сүрген. Алғашында олар өсімдіктердің жемістерімен және тамырларымен көректенген, ал келе-келе аңшылық кәсібін меңгеруді үйренген. Соның нәтижесінде алғашқы адамдардың еңбек құралдары да жетіле түскен, ал соңынан садақты ойлап тапқан. Қауымдық құрылыстың ең алғашқы ұясы - ру болып саналады. Ру дегеніміз - қандас топтардан құралған және қоғамдық меншікті бір болып пайдаланылатын, әйел жағынан тұқым жалғасатын коллектив (матриархат) . Себебі «тайпа ішінде шектеусіз жыныс қатынастары үстем болған алғашқы қалып болды, сондықтан әрбір әйел әрбір еркектің еркінде болып, сондай-ақ әрбір еркек әрбір әйелдің еркінде болды». Мұндай жағдайда баланың шешесі белгілі де, әкесі белгісіз болып қала береді. Ары қарай Ф. Энгельс «тұқымның таралуы шеше жағынан ғана анықтала алады . . . »-деп атап көрсетті. Бірнеше қандас рулар тайпа құрады. Ру басында қауым жиналысында сайланған көсемдер мен ақсақалдар билік жүргізді. Егер олар ру мүшелерінің сенімдерін ақтамаған болса, жиналыста ру мүшелері, қайта, кері шақыруға хақылары бар болады. Қауымдық биліктің және қауымдық жалпы пікірдің рөлі орасан зор беделге ие болған еді. Қоғамда моральдық билік үстемдік етті. Себебі қауымды басқаруға негізінде күшті, ақылы жетілген көсемдер сайланды. Мәні жағынан алып қарағанда алғашқы қауымдық құрылыстағы билік потестарлық (билік, өкімет) болып қалыптасты. Бұл билік қоғамды бедел арқылы басқарумен қатар күш колдану әрекеттерін де тиімді пайдаланып отырған, (мысалы, рудан қуу, кажет болса жеп қою) . Потестарлық биліктің мемлекеттік биліктен айырмашылығы күш қолдану бүкіл ру атынан жүргізіледі.

Мемлекеттің түпкі мәні қандай болса оның ұғымының, белгілерінің, нысандарынын, механизмінің, атқаратын қызметтерінің мазмұны да сондай болады. Демек, осы тұрғыдан қарағанда мемлекетті оқып-білуді оның мәнін ашып көрсетуден бастау дұрыс әдіс. Мемлекеттін мәні дегеніміз - оның табиғатын, мазмұнын, қызмет ету мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі және сыртқы жақтары мен қасиеттерінін жиынтығы. Мемлекеттің мәнін ашып көрсетудің екі жолы қалыптасқан: таптық (маркстік-лениндік) және жалпы әлеуметтік. Маркстік-лениндік ағым «мемлекеттің мәні жиынтығы қоғамның экономикалық негізін кұрайтын өндірістік қатынастардың сипатымен анықталады»-дейді. Өңдірістік қатынастардың сипаты осы қатынастарға тікелей араласатын таптардың алатын орны мен атқаратын рөлдерінен байкалады. Сөйтіп, марксизм-ленинизм мемлекеттің әлеуметтік құбылыс ретіндегі мәнін аша отырып, таптық қоғамда оның үстем етүші таптың мүддесін қорғайтынын көрсетеді. Сонымен, марксизм «мемлекет - коғам бір-біріне қарама-қайшы таптарға бөлінген кезенде пайда болады»-деп түсіндіреді. Адамзат қоғамындағы алғашқы таптық мемлекет ол құл иеленүшілердің үстемдігіне негізделген құл иеленүші мемлекет болды. Бұл мемлекеттің мәні қоғамның алғаш рет таптарға - құл иеленүшілер мен құлдарға бөлінгенін көрсетті. Осы тұрғыдан қарағанда мемлекет дегеніміз - бір таптың екінші тапқа өзінің үстемдігін жүргізудің құралы. Мемлекеттің әлеуметтік мәнін жақтаушылар «мемлекет адамзат қоғамына ортак, әмбебап, жалпы ұйым болғандықтан ол халыктың барлық топтарының мүддесін, ешкімге артықшылық кемшілік жасамай бірдей қорғау керек»-деген пікір айтады.

Мемлекеттің қалыптасу жолдарына: шығыстық, батыстық , аралас сипаттағы даму жатады. Шығыстық қалыптасу жолы қоғамдық меншікті қорғаумен, ірі құрылыстардың болуымен тығыз байланысты.
Мысалы: ірі су каналдарын жүргізу, су арналар жүйесін құру, құрғақшылықпен күресу. Батыстық қалыптасу жолы бойынша мемлекет жеке-меншіктің шапшаң дамуымен, қоғамның тапқа бөлінуімен тығыз байланысты. Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ұйымдық құрылымды объективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты [17] .

Мемлекеттің пайда болуына байланысты басқа да көптеген тарихи деректер бар. Дүниеде мемлекеттің калыптасуы мен дамуын түсіндіретін көптеген теориялар бар және қазір де кездеседі. Мемлекеттің пайда болуы заман заманға, ғасыр ғасырға, қоғам өркендеген сайын дамып келеді. Сонымен бірге әртүрлі және бір ғана әлеуметтік ортаның мемлекеттің дамуы мен қалыптасу үрдісі туралы өз пайымдаулары бар.

Мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен - теологиялық теория ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеологтары Августин (554-450) және Фома Аквинский (1225-1274жж) болып табылады. Оның негізгі мынадай постулаттар бар, мемлекеттің айнымайтындығы және қасиеттілігі, барлық билік құдайшылық бастаушылардан шықты, оны ешкім де шайқалта алмайды. Осы теорияға сәйкес барлық мемлекеттердің басшылары өздерінің биліктерін құдайдың ерік-жігерін орындаушылар ретінде жүзеге асырады.

Патриархалық теория бойынша мемлекет отбасының өсіп -өркендеуінен пайда болады деп түсіндіріледі. Оның өкілдеріне ежелгі грек философы Аристотель б. д. д. 384-322 жж сонымен бірге орыс социологы Михайловский (1842-1904жж) жатады. Мемлекеттілік құрылысының орнына келеді. Алғашқы қауымдық теңдік пен шешенің қоғамдық формасы өз-өңірін ескереді де қашан әлеуметтік қабаттарда бөліне бастайды. Ұжымдық өндірістік қатынастар қалыптан тыс шығады. Оның еңбек бөлінісі келеді, тайпалық құрылым қиындай түседі. Бұдан келіп әлеуметтік құрылымдарды бөлу дами бастады. Яғни еркектердің орны артып, мемлекет сияқты отбасының да басшысы біреу ғана болды және ол ер адам болды

Психологиялық теория - XIX ғ. бұл теорияны уағыздаған: Ч. Тард, Л. И. Петражицкий. Коғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі - бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы. Коғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.

Күштеу теориясы - XIX ғ. қалыптасқан пікір. Өкілдері: Л. Гум-плович, К. Каутский, Е. . Дюринг т. б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық озбырлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады - деп түсіндіреді.

Материалистік теория - мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсатты қорғауы [15] .

Табиғаттың эволюциялық дамуы барысында осыдан 10-15 мың жыл бұрын жер бетінде климат күрт өзгерістерге ұшырайды адамның тамақ тауып жеуін, өмір сүруін қиындықтарға ұшыратады. Соның нәтижесінде олар миграция арқылы қолайлы аумақтарға қоныс аударуға мәжбүр болды. Бұл процесс жердің климаты, мегафаунасына байланысты адамдарды арнайы шаруашылықпен айналысуға мәжбүрледі. Ендігі уақытта жерді өндеумен қатар мал өсіру қалыптасты. Осылай адамзат тарихында еңбектің бөлінуі басталды. Соның нәтижесінде өндірістік экономика қалыптасып, дами келе, қосымша өнімнің пайда болуына себепші болды. Қолөнер, өндеу мен мал өсіруден бөлінеді. Осылай мамандандырылған адамдар тобы арасында айырбас әрекеттері кең етек жая бастайды. Өндірістен пайда болған қосымша өнім біртіндеп жеке отбасы мен көсемдердің қолында шоғырланады. Қауым сайлаған ақсақалдар мен көсемдердің орнына енді жаңа, бұрын болмаған байлар мен күштілердің билігі үстем болды.


1. 2 Мемлекеттің пайда болуын қарастыратын негізгі теориялар

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Мемлекет деген күрделі саяси ұйым. Мемлекет пайда болғаннан кейін ол туралы көптеген тұжырымдамалар мен теориялар қалыптасты. Олардың барлығы бір-біріне мүлдем ұқсамайды және мемлекетті әртүрлі плюралистік мағынада түсіндіреді. Ойшылдардың әр ғасырда ұсынған идеялары негізінде таптық мүдделер мен теория пайда болған қоғамның тарихи жағдайларына, заман талабына байланысты қалыптасқан.

Мемлекет пен құқықтың шығуы туралы түрлі теориялар осы құбылыстардын пайда болуын түрліше түсіндіреді. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі тапқа - қанаушы және қаналушы таптарға бөлінген соң, олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі тап нәтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым - мемлекет пайда болды. Мемлекет аталған қайшылықтарды шешу үшін емес, кедей тапты байлардың еркіне көндіріп, оны басым көпшілігін құрайтын еңбекші таптың мүддесін корғайды. Енді мемлекеттің қанауға, езуге жадай туғызу үшін құрылған. Сондықтан қандай да мемлекет болсын тек қанауды мақсат тұтып, бай, үстем таптың игілігіне көздеп, мүддесін корғайды. Социалистік мемлекет те таптық мемлекет. Бірақ ол саны жағынан қоғамның пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.

«Мемлекет» ұғымы жалпы көпшілікке жақсы белгілі. Мемлекет алғашқы, қауымдық қоғамда құрылған жоқ. Саяси ғылым мемлекеттің пайда болуын адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік топтар мен таптардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің орнығуымен байланыстырады [13] . Экономика саласындағы үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету және басқа таптардың қарсылығын болдырмау қажеттілігінен мемлекет пайда болды деген пікір саяси ғылымдардағы негізгі көзқарас. Мемлекет құл иеленуші дәуірде де қазіргідей дәрежеге жетті. Бірақ тарихи ұзақ мерзім бойы “мемлекет” деген түсінік “қоғам”, “ел” деген түсініктен ажыратылған жоқ. «Мемлекет» деген атауды рулық, тайпалық қауымнан ажырату, яғни, алғашқы «қауымдық емес» деген ұғымды белгілеу үшін пайдаланды. Мысалы, патшалық, қаған, хандық, князьдік, халифат, Алтын орда, Ақ орда, Ноғай ордасы, Сібір ордасы деген сөздер екі түсініктің орнына (біріншісі мемлекет, екіншісі қоғам) пайдалана берілді. Алайда, мемлекеттің пайда болуы әртүрлі әлеуметтік пікірлердің қалыптасуына негіз болды. Саяси өмірдің дамуына байланысты қоғамда мемлекеттің ролі күшейе түсті. Ойшылдар, ғалымдар мемлекетке - “ел”, “қоғам” түсінігі тұрғысынан емес, “өкімет”, билік тұрғысынан қарайтын болды.

Сөйтіп, нәтижесінде мемлекет пен өкімет туралы ойлар, қағидалар бірте-біртебіздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырларда теориялық деңгейге жетті.

Мемлекет пен қоғам мәселелері адамзат өмірінде әрбір тарихи кезеңге сай өзгерістерге ұшырап отыратыны және оларды адамзаттың шама-шарқынша сәтті түрде шешуге ұдайы ықыластық танытатыны белгілі. Егер өткеніміздіойша шолар болсақ, адамзат тарихы мемлекет жөнінде сан түрлі саяси ойтізбегі мен даналыққа толы екендігін байқаймыз. Солардың ішіндегі ең мәндісі де, өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатыны да ғұлама ойшыл Конфуцийдің идеялары. Бұл ойшылды негізінен мемлекетті басқару мәселелері көп толғандырғанын атап өткен жөн. Конфуцийдің осынау күрделі мемлекет мәселелерін қатаң тәртіп пен бір тәрбиелік ұстанымдардың көмегімен жүзеге асырмақ ниеті және оған қоса шектен шыққан қызулыққа берілмей, көбіне-көп “тепе-теңдік” пен “орталық” принциптерді ұстанғаны белгілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің пайда болуына байланысты көптеген басқа тарихи деректер
Мемлекет формациясының типологиясы
Әлемдік саяси ойдың даму тарихы
Мемлекеттің әлеуметтік тағайындалуы, сипаты және оның қызметінің мазмұны
Қазақстан Республикасының мемлекеттілігіміздің қалыптасуының себептері, жалпы міндеттері, құрылымы, функциялары, механизмдері
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам жайлы
Теологиялық парадигма
Технократиялық мемлекет теориясы
Макроэкономикалық саясат және құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz