Мемлекет формациясының типологиясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мемлекет формациясының типологиясы
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1. МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТАҒАЙЫНДАЛУЫ, СИПАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ 4-27
ҚЫЗМЕТІНІҢ МАЗМҰНЫ
1.1 Мемлекеттің түсінігі және оны алғашқы қауымдық 4-13
құрылыстағы әлеуметтік биліктен ажырататын белгілері
1.2 Мемлекеттің пайда болуын қарастыратын негізгі теорияларға 14-17
сипаттама
1.3 Мемлекеттің мәні мен типологиясының өзара байланысы 18-27
ҚОРЫТЫНДЫ 28-29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30

КІРІСПЕ

Мемлекеттің пайда болуына байланысты басқа да көптеген тарихи деректер
бар. Дүниеде мемлекеттің калыптасуы мен дамуын түсіндіретін көптеген
теориялар бар және қазір де кездеседі. Мемлекеттің пайда болуы заман
заманға, ғасыр ғасырға, қоғам өркендеген сайын дамып келеді. Сонымен бірге
әртүрлі және бір ғана әлеуметтік ортаның мемлекеттің дамуы мен қалыптасу
үрдісі туралы өз пайымдаулары бар. Сол себепті мемлекет формациясының
типологиясын зерттеу қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып
табылады.
Мемлекеттің пайда болуына байланысты басқа да көптеген тарихи деректер
бар. Дүниеде мемлекеттің калыптасуы мен дамуын түсіндіретін көптеген
теориялар бар және қазір де кездеседі. Мемлекеттің пайда болуы заман
заманға, ғасыр ғасырға, қоғам өркендеген сайын дамып келеді. Сонымен бірге
әртүрлі және бір ғана әлеуметтік ортаның мемлекеттің дамуы мен қалыптасу
үрдісі туралы өз пайымдаулары бар.
Бүгінгі танда  мемлекет дегеніміз — егемендікке ие, құқықтың
негізінде, арнайы аппараттың көмегімен елді басқаруды іске асыратын,
зандандырылған мәжбүрлеу мен күштеу қолдану кұқығы бар, қоғамдағы саяси
биліктің ұйымдастырылуының ерекше түр-пішіні деп айтуға болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мемлекеттің  тағылымдарын қысқаша қорыта
отырып, мемлекеттің формациясының типологиясын жете талдау, түсінігін
қалыптастыру, қызметтері мен міндеттерінің басты бағыттарын айқындау болып
табылады.
Курстық жұмыста мемлекеттің мемлекет және құқық теориясында алатын
орнын анықтаумен басталады. Себебі, қандай да болмасын құбылыстың мән-
мағынасын ашу үшін, оның тарихи бастауларына жүгінген орынды. Одан әрі
мемлекеттің қазіргі ғылыми ортада танылған түсінігін анықтау және соған
сәйкес белгілерін және мәнін ашу әрекеті жасалады.

  
1.1 Мемлекеттің түсінігі және оны алғашқы қауымдық құрылыстағы әлеуметтік
биліктен ажырататын белгілері

"Мемлекет - бұл әлеуметтік өкілдерден тұратын таптар одағы, жалпы
адамзаттық қағидалармен негізделген өзіне сәйкес рухани билік - бұл ой
Тихомиров А.А. өзінің жеке ойымен мемлекетті түсіндіреді [1], осыған ұқсас
Шершиневичте Г.Ф. "Мемлекет бір орталыққа біріккен адамдар билігі мен
территория иесімен сипатталған" . Сонымен, мемлекетті аппарат билігі сияқты
немесе мемлекеттік үйымдасқан қоғам сияқты қарастырын, айтуға болады.
Мемлекетті зерттей отырып, оны қоғамнан алшақтатуға болмайды. Мемлекет
қоғамсыз өмір сүрмейді. Көп жағдайда мемлекет әлеуметтік позициядан халық
сияқты міндетті белгілерден тұратынына көзіміз жетеді."Материалдық негізден
алсақ мемлекет белгіленген ұйымдық тәртіптен тұратын органикалық жүйе,
мұнда көпшілік билік пен билеупіі органдар, құқық пен құқықтық тәртіп, әдет
- ғұрып пен рухани байлықтар, нормалар т.б. осылардың барлығы адамдарды бір
орталыққа біріктіретін, олардың   өмір   сүруін   қолдайтын,   іс-
әрекеттерін   бақылайтын   және қорғайтын қоғамдық байлық".
Мемлекетке  берілген өзге анықтама аталмыш философиялық жүйеде
мемлекет түсінігі қандай орын алатындығын көрсетумен ғана шектеледі.
Мәселен, Гегель мемлекетке: "нақты бостандық болмысы " ретінде анықтама
береді. Ең сонында, мемлекет анықтамасын, мемлекеттің еңбегін түрақты
сіңіретін, ал екіншісі басқаның еңбегін қанайтын адамдардың топтарына
бөлінуі кезінде мемлекет пайда болған. Барлық маңызды негізгі деген
мәселелері өздігінен шешілетіндей, аталмыш анықтамадан шығара отырып,
логикалық қорытындылардың қажеті қатары ретінде мемлекет туралы бүкіл ілім
тұрақты бола алатындай етіп дәл беруге, кисындауға ұмтылушылық жиі
кездеседі. Шын мәнісінде, мемлекеттің мақсаты мен шығу тегі немесе оның
басқа да табиғаты әлі күнге дейін даулы мәселелер болып саналады.
Мемлекеттік билік қоғамдық биліктің бірден-бір жалғыз үлгісі емес. Мемлекет
барлық қоғамдық одақтардың ішіндегі басымдығы бойынша билік етуші болып
саналады [2].
Мемлекет  пен құқықтың шығуы туралы түрлі  теориялар осы құбылыстардын
пайда болуын түрліше түсіндіреді. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда
болып, қоғам екі тапқа - қанаушы және қаналушы таптарға бөлінген соң,
олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі
тап нәтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық
биліктің орнына жаңа саяси құрылым - мемлекет пайда болды. Мемлекет аталған
қайшылықтарды шешу үшін емес, кедей тапты байлардың еркіне көндіріп, оны
қанауға, езуге жадай туғызу үшін құрылған. Сондықтан қандай да мемлекет
болсын тек қанауды мақсат тұтып, бай, үстем таптың игілігіне көздеп,
мүддесін корғайды. Социалистік мемлекет те таптық мемлекет. Бірақ ол саны
жағынан қоғамның басым көпшілігін құрайтын еңбекші таптың мүддесін
корғайды. Мемлекеттілік рулық-тайпалық кұрылымның орнына келеді. Бұл даусыз
ақиқат болса, оның қалыптасу  барысының ерекшеліктері әлі күнге дейін толық
зерттеліп бітпеген және ортақ келісімге келмеген өзекті мәселелердің бірі
болып отырғандығы белгілі. Дегенмен де, осы күрделі мәселенің барынша кең
таралған көрінісін қарастырып көрейік. Алғашқы қауымдық ұжымдық өндірістік
қатынастар уақыт өте келе өзгеріп, бұзыла бастайды. Қоғам өмірі күрделене
берген кезеңде ондағы еңбек түрі де көбейіп, түрлене береді. Ірі еңбек
бөліністері, яғни мал шаруашылығының бөлініп шығуы, колөнердің егіншіліктен
ажырауы, сауда-саттықпен айналысатын адамдар тобының қалыптасуы, сондай-ақ
еңбек құралдарын жетілдіру мен тәжірибе жинақтау еңбек өнімділігінің
артуына әкелді. Бір рудың бір ғана шаруашылық түрімен басьм түрде айналысуы
және кұралдардың жетілдірілуі еңбек өнімділігін арттырады. Нәтижесінде
артық өнім пайда болады. Рулық қауымда барлық жиналған өнім ру мүшелерінің
ортақ меншігі болса, енді еңбек өнімділігінің артуына байланысты пайда
болған артық өнім жеке адамдардың, жеке отбасының меншігіне айнала
бастайды. Ақырында ру қауымының ортақ меншігінің орнына жеке адамдардың
меншігі пайда болып, меншіктің ерекше түрі - жеке меншік қалыптасады. Осы
кезеңнен бастап қоғамда маңызды қызмет түрімен айналысатын, бірақ
материалдық өндіріске тікелей қатыспайтын адамдар тобын ұстап тұруға
мүмкіндік пайда болады. Қоғамдық еңбек бөлінісі коғамдық өмірді
ұйымдастырудың мазмұны мен нысанын өзгертеді. Рулық-тайпалық құрылым
күрделене түседі, әлеуметтік қызмет бөлінісі дамиды. Бір кезде қауымның
өмір сүруіне кажетті әрекеттің барлық түрімен айналысқан адамдар ендігі
жерде әрекеттің бір ғана түрімен айналыса бастайды. Осындай маманданудың
нәтижесінде материалдық құндылықтарды жасауға қатыспайтын адамдардың
арнаулы тобы пайда болады. Олар әскери, соттық, полицейлік қызмет
атқарумен, яғни мемлекеттік билікке тән қызметтердің түрімен айналыса
бастады. Рулық - тайпалық құрылымдардың теңдік жағдайынан алыстап кетуіне
күшейе түскен билікті бір қолға шоғырландыру үрдісі де әсерін тигізді. Бір
жағында қолында құралдар, өндірілген бұйымдар шоғырланған байлар, екінші
жағында кедейлер тобы пайда болады. Соның нәтижесінде рулық қауым өзіне тән
белгілерінен айырылып, оның орнына жеке меншікке негізделген, ерекше екі
үлкен топтан тұратын коғам қалыптасты. Сонымен, жоғарыдағы айтылғандарды
ескере отырып мемлекеттің пайда болуының экономикалық себептерін қысқаша
былай көрсетуге болады [5]:
- ірі  еңбек бөліністерінің болуы;
- еңбек  өнімділігінің артуы;
- артық  өнімнің пайда болуы;
- жеке  меншіктің пайда болуы.
Мемлекеттің пайда болуының әлеуметтік себептеріне  келсек, жеке
меншіктің ру ақсақалдары, көсемдерінің колына шоғырлануы, тең дәрежеде
еңбек еткен руластарының наразылығын туғызады. Енді меншік иелері
-байлардың басқа ру мүшелерімен - кедейлермен мәселелерді бірлесіп, тең
негізде шешуден бас тартуы көтерілістерге әкеліп соғады. Ру ақсақалдары,
көсемдері өздерінің экономикалық және саяси үстемдіктерін сақтап калу үшін
жаңа жүйе кұруға мәжбүр болады. Мүдде кайшылықтарын бір негізде шешуге
арнаулы аппарат қажет болады және құрылады. Ол мемлекет еді.
Мемлекет дегеніміз - қоғамдағы  аса маңызды таптық қатынастарды және
өзге де жалпы адамзаттық мәселелерді шешуді және орындауды қамтамасыз
ететін, тарихи қалыптасқан қоғамды ұйымдастыратын бірден-бір жан-жақты
әмбебап саяси ұйьм [9]. Мемлекетті алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік
өкіметтен ажырататын мынадай негізгі белгілері бар:
- Қоғамнан  ажыратылатын ерекше көпшілік (жария) 
биліктің болуы. Жария билік  алғашқы қауымдық қоғамда да  танылған,
бірақ оның ерекшелігі  ол қоғамнан ажыратылмаған еді, 
оны жүзеге асыруға қоғамның  барлық мүшелері қатысатын. Ал, кез келген
мемлекетте шынайы билік мемлекеттік аппаратпен жүзеге асырылады. Ол
адамдардың басқарумен айналысатын ерекше тобынан құралады және қоғамның
белгілі бір бөлігінің ғана мүддесін көздейді. Мемлекеттік биліктің ерекше
белгісі - оның жалпылық және әмбебаптық сипатында.
- Тұрғындардың  аумақтық ұйымдастырылуы. Мүшелері  руға,
тайпаға тән болу сипатына  қарай бөлінетін алғашқы қауымдық 
қоғамға қарағанда, мемлекеттілік   тұрғындар белгілі бір аумақта 
өмір сүру белгісіне байланысты  бөлінеді. Бұл салықтарды алу қажеттілігіне
және басқаруды дұрыс жолға қою шарттарына жауап береді. Себебі, рулық
қауымның ыдырауы халықтардың өзара араласуына және көш-қонға әсер еткен
еді. Мемлекеттік билік тек мемлекет аумағында өмір сүріп жатқан тұрғындарға
ғана тарайды.
- Тұрғындардан  салықтарды жинау. Салықтар мемлекет пен
қалыптастырылып, мәжбүрлі түрде алынады. Мемлекеттің осындай кірістері
әскерді, мемлекеттік аппаратты, құқық қорғау органдарын және әлеуметтік
салаларды, мемлекеттің өзге де қажеттіліктерін өтеуді қаржыландыруға
кетеді.
- Мемлекетте арнаулы мәжбүр ету аппараты болады. Тек қана мемлекет
прокуратура, сот, ішкі істер органдары, қауіпсіздік органдары тәріздес
органдар мен материалдық қосымшаларды (әскер, түрмелер және тағы басқа)
кұра алады. Олар мемлекеттік шешімдерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді,
қажетті жағдайларда мемлекеттік мәжбүр ету құралдарын пайдаланады.
- Жалпыға міндетті нормативтік актілердің болуы. Мемлекет өз елінің
барлық тұрғындарына арналған заңдар және басқа да нормативтік актілер
қабылдайды.
- Мемлекеттің келесі негізгі ерекшелігі - егеменділігінің болуына
байланысты. Мемлекет егемендігі - мемлекеттік биліктің саяси-құқықтық
ерекшелігі, оның ішкі басқа биліктен және шет мемлекеттерден тәуелсіз өз
мақсаттарын шешуге құқығы және еріктілігі.
"Мемлекет  бұл тәуелсіз адамдардың қоғамдық одағы. Өзара келісілген
тәртібі мен мемлекет органымен бекітілген құкығы бар. Мемлекеттің негізгі
атқаратын бағыттары олардың барлық бірдей қызметтері туралы аныктау және
олардың негізгі орны мен қызметін қоғам өмірімен саяси жүйеде орналастыру.
Мемлекет  пен құқық сарапшыларының арасында қазіргі кезде және
алдыңғы уақыттарда да мемлекеттің пайда болуы туралы ортақ көзқарастары
болмаған. Осы сұрақты карастырсақ, мысалы, әйгілі тарихи жағдайларға сүйене
отырып ежелгі Грецияда, Египетте, Римде және басқа да елдерде алғашқы
мемлекеттік - кұкықтық жүйе, кұлиеленушілік жүйе болды [3].
Мемлекеттің пайда болуына байланысты басқа да көптеген тарихи деректер
бар. Дүниеде мемлекеттің калыптасуы мен дамуын түсіндіретін көптеген
теориялар бар және қазір де кездеседі. Мемлекеттің пайда болуы заман
заманға, ғасыр ғасырға, қоғам өркендеген сайын дамып келеді. Сонымен бірге
әртүрлі және бір ғана әлеуметтік ортаның мемлекеттің дамуы мен қалыптасу
үрдісі туралы өз пайымдаулары бар.
Адамдардың қарым-қатынас жасауының алуан түрлі формаларының ішінде 
бірінші  кезекті маңыз,  даусыз жағдайда мемлекет үшін  карым-қатынасқа
берілуі тиіс. Ол адам өмірінің барлық жақтарын қамтыды, өйткені антикалық
әлемде адам айрықша түрде мемлекеттің азаматы болып саналады. Қандай
жағдайда болсын адамзат тарихы басты түрде мемлекеттің қызметімен жасалады.
Сондықтан да, қандай бір құбылысты зерттей отырып, жұртшылықтың мемлекеттің
қызметі мен ұйымдарының формалары туралы сұрақтармен тұрақты түрде бетпе-
бет келуіне тура келеді. Біз осыған дейін ұзак уақыт айтып келгендей,
мемлекет, саясат туралы ілім, жұртшылық, қоғам таралуы барлық ілімді
козғады. Осындай жағдайларда мемлекеттің жалпыға бірдей танылған анықтамасы
көп уақыт бұрын-ақ жасалуға тиіс болатын. Оның үстіне біз әдебиеттерден
мемлекет анықтамасының көп алуан түрлілігін кездестіреміз. Бұл мынадай
жағдайлармен түсіндіріледі: көпшілік жағдайларда мемлекет анықтамасына
мүлде оған жатпайтын міндеттерді танытады. Мәселен, ең алдымен, бірі
мемлекетке анықтама бере отырып, олардың пікірі бойынша мемлекет қандай
болуға тиіс екенін атап көрсетеді, яғни мемлекет туралы анықтаманы ол
туралы айтылған пікірлер мен пайымдауларға айналдырады [4].
Мемлекеттің пайда болуына байланысты басқа да көптеген тарихи деректер
бар. Дүниеде мемлекеттің калыптасуы мен дамуын түсіндіретін көптеген
теориялар бар және қазір де кездеседі. Мемлекеттің пайда болуы заман
заманға, ғасыр ғасырға, қоғам өркендеген сайын дамып келеді. Сонымен бірге
әртүрлі және бір ғана әлеуметтік ортаның мемлекеттің дамуы мен қалыптасу
үрдісі туралы өз пайымдаулары бар.
Мемлекетке  берілген өзге анықтама аталмыш философиялық жүйеде
мемлекет түсінігі қандай орын алатындығын көрсетумен ғана шектеледі.
Мәселен, Гегель мемлекетке: "нақты бостандық болмысы " ретінде анықтама
береді. Ең сонында, мемлекет анықтамасын, мемлекеттің еңбегін түрақты
сіңіретін, ал екіншісі басқаның еңбегін қанайтын адамдардың топтарына
бөлінуі кезінде мемлекет пайда болған. Барлық маңызды негізгі деген
мәселелері өздігінен шешілетіндей, аталмыш анықтамадан шығара отырып,
логикалық қорытындылардың қажеті қатары ретінде мемлекет туралы бүкіл ілім
тұрақты бола алатындай етіп дәл беруге, кисындауға ұмтылушылық жиі
кездеседі. Шын мәнісінде, мемлекеттің мақсаты мен шығу тегі немесе оның
басқа да табиғаты әлі күнге дейін даулы мәселелер болып саналады.
Мемлекеттік билік қоғамдық биліктің бірден-бір жалғыз үлгісі емес. Мемлекет
барлық қоғамдық одақтардың ішіндегі басымдығы бойынша билік етуші болып
саналады.
"Мемлекет - бұл әлеуметтік өкілдерден тұратын таптар одағы, жалпы
адамзаттық қағидалармен негізделген өзіне сәйкес рухани билік - бұл ой
Тихомиров А.А. өзінің жеке ойымен мемлекетті түсіндіреді [10], осыған ұқсас
Шершиневичте Г.Ф. "Мемлекет бір орталыққа біріккен адамдар билігі мен
территория иесімен сипатталған" . Сонымен, мемлекетті аппарат билігі сияқты
немесе мемлекеттік үйымдасқан қоғам сияқты қарастырын, айтуға болады.
Мемлекетті зерттей отырып, оны қоғамнан алшақтатуға болмайды. Мемлекет
қоғамсыз өмір сүрмейді. Көп жағдайда мемлекет әлеуметтік позициядан халық
сияқты міндетті белгілерден тұратынына көзіміз жетеді."Материалдық негізден
алсақ мемлекет белгіленген ұйымдық тәртіптен тұратын органикалық жүйе,
мұнда көпшілік билік пен билеупіі органдар, құқық пен құқықтық тәртіп, әдет
- ғұрып пен рухани байлықтар, нормалар т.б. осылардың барлығы адамдарды бір
орталыққа біріктіретін, олардың   өмір   сүруін   қолдайтын,   іс-
әрекеттерін   бақылайтын   және қорғайтын қоғамдық байлық".
Мемлекеттің мәнін түсіну мемлекет және құқық 
теориясының негізгі міндеттерінің  бірі болып табылады. Мемлекеттің  мәні -
бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті.
Мемлекеттің мәнін түсініктің кең және тар мағынасында анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттің әлеуметтік  мәнін  биліктік-саяси ұйымдасқан
қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдардың бірлестігі ретінде
анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тастығы сәйкес мемлекеттік-
құқықтық институттар мен катынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік
құрылымдар негізі қалыптасады. Тар  мағынада  мемлекеттің  әлеуметтік 
табиғатын   қоғамның бөлектенген, жекелеген класстар мен әлеуметтік
топтардың қоғамның да мүддесін білдіруші эрі қорғаушы басқару аппарат
бүқаралық биліктің әртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анықтайды. Жоғарыда
аталғандардың негізінде, мемлекеттің мәнін қарастыруда екі аспектіні
ескерудің маңызы зор [6]:
- формальды - кез-келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымдасқан
екендігі;
- мазмұнды  - осы  ұйымның  кімнің  мүдделеріне  қызмет ететіндігі.
Мемлекеттің мәнін анықтауда келесі бағыттарды атап өтуге болады:
- Таптық, бұған сәйкес мемлекетті экономикалық үстем құрушы топтың
саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады.
- Жалпы әлеуметтік, бұған сәйкес мемлекетті әртүрлі таптар мен
әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру үшін жағдай жасалатын саяси биліктің
ұйымы ретінде анықтауға болады. Сонымен, мемлекеттін мәні саяси билік
аппаратының көмегімен қоғамның тұтастығын және қалыпты қызмет етуін
қамтамасыз етуден көрінеді.
Мемлекеттің мәнін түсіну мемлекет және құқық 
теориясының негізгі міндеттерінің  бірі болып табылады. Мемлекеттің  мәні -
бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті.
Мемлекеттің мәнін түсініктің кең және тар мағынасында анықтауға болады.
Бұл кезде коғамдағы әйелдің беделі төмендеп, ол тек ғана үй
шарауашылығында қызметші ғана ретінде рөл атқарады. Енді қауымның бірігіп
еңбек етуінің қажеттілігі жойылды. Осының нәтижесінде рулық қауымдық
қатынастар ыдырап, патриархалды семья пайда болды. Еңбектің бөлінуі
еркектің экономикалық жағдайының рөлін арттыра түсті, семьядағы шаруашылық
қызметінің беделі жоғарылады, жеке меншіктің иесі болды. Ал мұның өзі, —
деп атап көрсетті Ф.Энгельс, - ежелгі ру құрылысында жік салды: жеке семья
руға қатер туғыза, қарсы тұратын күшке айналды.. Бұрын соғыста қолға
түскен жауынгерлерді өлтіріп тастап отырған болса, енді оларды құлдыққа
айналдырып, жұмысқа күштеп салып, олардың қосымша өндірген азығын пайдалану
қолайлы болды. Міне, осылай қоғам құлдар және құлиеленуші таптарына
бөлінді. Соның нәтижесінде әлеуметтік, таптық қақтығыстар пайда болды.
Бұрын алғашқы қауымдық кұрылысты басқаруға  ғана бейімделген
ақсақалдар мен көсемдердің және қауымның кеңесі енді тапқа бөлінген қоғамды
басқаруға ешқандай мүмкіндігі болмайды. Құлдарды бағындырып жұмыс істету
үшін басқа мекеме қажет болды. Ол мемлекет еді.
Осылай  алғашқы қауымдық құрылыс даму барысында  бір-біріне қарсы
болған таптарды қалыптастырып, олардың мүдделері таптық сипатқа ие болды.
Таптар пайда болған қоғамда мемлекет пайда болады. В.И.Ленин таптардың
анықтамасын былай деп түсіндіреді. Таптар деп адамдардың үлкен топтары,
қоғамдық өндірістің тарихи белгілі бір системасында олардың алатын орнына
қарай, өндіріс құрал-жабдықтарына олардың (көбінесе заңмен бекітіліп
қалыптасқан қатынасына қарай, еңбекті коғамдық жолмен ұйымдастырудағы
олардың рөліне қарай, ал олай болса, қоғамдык байлықтан олардың алып
отырған үлесінің мүшелеріне және ол үлесті алу әдістеріне қарай айрылатын
топтары аталады. Таптар дегеніміз - адамдардың мынандай топтары: қоғамдық
шаруашылықтары белгілі бір укладына олардың алатын орындарына айырмашылық
болуының нәтижесінде олардың бір тобы екіншісінің еңбегін иемденіп кете
алады [6].
Көптеген  ғасырлар бойы адамдар тек табиғаттың даяр өнімдерін жинап,
қорек етіп өмір сүргендіктен еңбек өнімділігі төмен болған.
Алғашқы қауымдық қоғам экономикасы өзара байланысты екі бағытта дамыды:
еңбек құралдарын жетілдіру және еңбекті ұйымдастыру тәсілдері мен әдістерін
жетілдіру. Осылардың барлығы біртіндеп еңбек өнімділігінің артуына әкелді.
Алғашқы қауымдық құрылыстың әлеуметтік негізі - ру, яғни туыстық
байланыстардың дәнекер болуына және шаруашылықты бірлесіп жүргізуіне
негізделген адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі болды. Бұл қоғамда
қауымдық билік өмір сүрген. Ру өміріне қатысты аса маңызды мәселелердің
барлығы ересек ру мүшелері қатысатын рудың жалпы жиналысында қаралып, әділ
шешімін тауып отырған. Жедел басқаруды жүзеге асыру үшін ру жиналысында
көсемді сайлаған. Көсем ру қамын ойлайтьн, басқару қабілеті бар, рудың аса
құрметті мүшесі болуы керек болды. Бұл лауазымның сайланбалы ғана емес
ауыстырмалы болуы да көсемге ешқандай артықшылықтар берілмегендігін
білдіреді. Ол басқалардан өзінің беделділігімен, ақылдылығымен және әдет-
ғұрыптарды білетіндігімен ғана ерекшеленген. Дамудың бертін кезеңдерінде
бірнеше ру экономикалық, әскери немесе дипломатиялық мәселелерді шешу үшін
бірігіп, бір тайпаны құраған. Тайпа өз руларының атынан өкілдік ететін
ақсақалдар кеңесімен басқарылған. Осы кеңес ауыстырмалы лауазымды тайпа
көсемін сайлаған. Бұлардың билігі әлеуметтік биліктің негізін құраған.
Еңбек құралдарының нашар дамуы, еңбек өнімділігінің төменгі дәрежесі
бірлесіп өмір сүру, өндіріс құралдарына ортақ меншік, жиналған өнімді
теңдік негізінде бөлу қажеттігі туындатты. Бұл билік табиғаты мен алғашқы
қауымдық қоғам нормаларына мәнді әсер етеді.
Алғашқы қауымдық құрылыстың ұзақ, үздіксіз дамуы  үрдісінде, оның
сапалық тұрғыдан қайта жаңару үшін бірте-бірте алғышарттар жасала басталды.
Еңбек құралдарының жетілдірілуі мүмкіндіктеріне қарай адамдар барған сайын
жаңа өндірістік дағдыларға ие бола бастады, еңбек құралдары артты, қоршаған
әлем туралы жаңа білімдер қалыптасты. Жабайы жануарларды қолға үйрету және
мал шаруашылығының пайда болуы, сонымен байланысты малшылардың шығуы, ет,
сүт, тері, жүн өндіру маңызды дәуір болды. Байлық жинауға алғашқы
мүмкіндіктер жасалды. Жаңа жетілдірілген еңбек кұралдары, металл соқалар,
жерді жыртып өңдеу арқылы, егіншілікке көшудің себептері болды. Осылардың
барлығы өндірістегі мамандануға әкелді. Егер бұрын еңбек бөлінісі табиғи
сипатты білдірсе: еркек, әйелдер, қарт адамдар, балалар әртүрлі еңбек
түрлерімен айналысса (өздерінің жас мөлшері мен мүмкіндіктеріне сәйкес),
өндірісті мамандандыру қоғамдық еңбек бөлінісіне алып келді [12].
Әр  халықтың нақтылы тарихи тұрмыс жағдайы  қоғамдық
өмірдің рулық жүйесінің  ыдырау процесіне және мемлекеттің 
пайда болуы мен оны басқаруға  әсер етпей қоймады. Мұндай жағдайлар 
тіпті көршілес және этникалық жағынан жақын халықтардың арасында әркелкі
болғандықтан да қаралатын үрдістердің нысанының, қарқынының және соның
салдарының бірдей болуы туралы әңгіме етудің өзі артық. Шартты түрде
мемлекеттің пайда болуының батыстық және шығыстық моделі деп бөлуге болады.
Бұл екі моделдің бір-бірінен елеулі айырмашылығы бар. Ф.Энгельстің
"Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы" деген еңбегінде,
сондай-ақ көлемді монографиялық және оқу әдебиеттерінде толық жазылған,
оның бірнеше варианты бар, олардың әрқайсысының осы үрдіске шешуші ықпал
ететін түрлі факторлар басым [8]. Отбасыларындағы өндіріс құралдарының
арқасында қосымша өнім жинақталады немесе басы артық мүліктер жинақталады.
Отбасылық жеке меншік рулардың ұжымдық меншігін ығыстыра бастады.
Экономиканың  дамуы, жеке меншіктің пайда болуы, өз
кезегінде отбасылық қатынастарда төңкеріс жасады. Өйткені,
мал шаруашылығында, егіншілікте, қолөнер өндірісінде, саудада ер
адамдар еңбек етті, және олар қоғамдық өндіріске үстемдік етуші жағдайға ие
болды,олар әйелдердің еңбегін екінші кезекке ығыстырып шығарды. Ер адамдар
жеке меншікке ие бола отырып, оларды мұрагерлік бойынша балаларына беруге
ұмтылды. Топтық некелесу жұптық некелесуге орын берді, отбасы пайда болды.
Туған анасы мен туған әкесі деген ұғым санаға енді. Дегенмен, жұптық неке
толық еркін болды, "ажырасу" еш жақ үшін тұрақсыз әкелді. Одан өзге, жұптық
неке кезінде қайтыс болған ерлі-зайыптының бірінің мүлкіне ру иелік етті.
Сондықтан, одан ары қарайғы уақытта жұптық неке патриархалдық отбасымен
алмасады, ендігі жерде ері немесе әкесі билік етеді, әйелдер үшін некесіз
байланыстарға тиым салады, мүлікке әкеліп туыс тарапынан билік етеді.
Өйікені, адам өмір сүруін ұстап тұруға қажетті өнімдерден гөрі көп өнім
өндіретін дәрежеге жетті, осы өзіндік "басы артық өнімді" сіңіру мүмкіндігі
пайда болды, бұл оның еңбегінің қосымша өнімі болып саналды. Тайпалар
арасындағы тоқтаусыз соғыста қолға түскен тұтқындарды ендігі жерде
өлтірмейтін болды, оларды құлдарға айналдыру арқылы, езгіге салып қойды
[15]. Мәселен, адамдарды бірінші рет - еріктілер мен құлдарға, қанаушылар
мен қаналушылар топтарына бөлінуі болды. Басқалай айтсақ, топтық қоғам
пайда болды. Жинақталған мүлік біркелкі бөлінбеді. Негізінен ол ру басылары
мен атақты адамдардың, әскери басылардың колында шоғырланды. Және олжанның
көп бөлігін тайпалар арасындағы соғыстарда солар басып алып, құлдарды солар
әкелді. Еркін адамдар арасындағы теңсіздік осылай пайда болды, уақыт өте
келе байлар мен кедейлер таптарына бөлінді. Күшейе түскен мүліктік
теңсіздік кедей тайпаластарын қанауға, тіпті байлар оларды өгізге салуына,
карыз етіп, құлдыққа салудың пайда болуына әкелді. Дегенмен, рулық тайпалық
ұйымдарда өмір сүрген билік пен басқарудың қоғамдық сипаты бірден жоғалып
кеткен жоқ. Ф.Энгельс "әскери демократия" деп атаған бұл ұйым рулық
құрылыстың қоғамдық билігінен өсіп шықты және ежелгі халық билігін
жүргізудің ерекше және тарихи соңғы үлгісі болып саналады. Халық санының
өсуімен, ру тайпаларының ірі тайпа одақтарына бірігуі негізінде халық болып
бірте-бірте қалыптасады және "әскери демократия" органдары жүйесі бірте-
бірте қалыптасады, тайпа одақтарының әскери көсемдері (король, князь)
шығады, көсемдер кеңесі, халық жиналысы жұмыс жасайды. Байлықтардың
жинақталуы соғысты пайдалы іс жасады. Ендігі уақытта соғыстар тұтқын
құлдарды тонау және басып алу мақсатында жүргізілді. Соғыс, - деп жазды
Ф.Энгельс - бұрын аумақты ұлғайту үшін жасалса, ендігі уақытты тонау үшін
ғана жүргізіледі, тұрақты кәсіпшілікке айналады. Үздіксіз соғыстардың
күшеюі кезінде соғыс көсемдерінің рөлі күшейді. Әрбір әскери көсемнің
төңірегінде әскерилердің тұрақты топтары қалыптасты - бұл олардың жасақтары
болатын. Көсемдер оларды әскери қазына және құлдардың еңбектері есебінен
ұстады. Әскери көсем осы жасақтарымен өз тайпалар одағының аумағын
күнделікті қорғады, сонымен бірге, көршілеріне шабуыл жасап, ер адамдарды
құлдыққа әкеліп салды, бірақ та халықтың негізгі бөлігі өз шаруаларымен
айналысты - мал бақты, егін салды және қолөнермен айналысты. Әскери көсем
іс жүзінде тайпада, одақта басты тұлға болды, ол рулық старшиндардың тайпа
кеңейіп екінші кезекке ысырды. Халық жиналысы әскери ер адамдардың
жиналысына айналды. Әскери көсем бұрынғысынша аталмыш тайпа одағының бүкіл
халқы болып емес, халық жасақтары, яғни әскерлер сайлайды.
Бірте-бірте  әскер көсем сайлау заңды актіге айналады немесе өзінің
әскери жасақтарына  сүйене отырып, өзінің, сол сияқты өзінің мұрагерлерінің
қайта сайлауын қамтамасыз етеді. Әскери көсемдер мұрагерлікпен берілетін
монархтарға айналады және олардың билігі (өкіметі) моральдық  беделге емес,
жасақтардың әскери отрядтарына сүйенеді. Соған байланысты, -деп атап өтеді
Ф.Энгельс "мұрагерлікпен берілетін королдік биліктің және мұрагер
ақсүйектердің негіздері қаланады".
Таптық  қоғамның қалыптасу үрдісі үшін "әскери демократия" соған тән
болып табылады, ол әртүрлі халықтардың тарихында өзінің ерекшелігіне ие
болды, бірақ та ол барлық елдерде көптеген жүз жылдарда қалыптасты.
Дегенмен, таптық қоғамның қалыптасуының аяқталуымен, қандық туыстық
байланыстарға негізделген қоғамдық билік ұйымдары, тіпті  әскери
демократия" үлгісінің өзінде, антогонистік таптар қарама қайшылықтары
алдында қорғансыз болып қалды. Қанаушылар таптарының мүдделерінің, сондай-
ақ олардың жеке мүдделерін қорғай алатындай, қанауға қарсы шыққандардың
басым көпшілігінің басып жаншып тастайтындай мекеме қажет болды. Мемлекет
осындай мекеме болды.Осылайша қоғамның таптарға бөлініп, екіге жарылуымен
алғашқы қауымдық құрылыстың қоғамдық билігі рулық -тайпалық ұғымға ұласып,
ол қоғамның барлық мүшелерінің ортақ ерлік -жігерін білдірді және ол
экономикалық тұрғыдан үстемдік етуші канаушылар табының қолында шоғырланған
мемлекеттік билікпен алмасады Өндіргіш күштерді дамыту және одан еңбегінің
өнімділігін артыру, ақыр сонында мемлекеттің пайда болуына, алғашкы
қауымдық құрылыстың ыдырауына, қоғамның антогонистік таптарға бөлуіне және
мемлекеттің пайда болуына әкелгенін атап көрсетті. Таптар пайда болған
кезде-деп жазды В.И.Ленин-барлық жерде, әрқашанда және бірге осы бөліністің
өсуімен және нығаюымен, ерекше институт - мемлекет пайда болды [13]. Бұдан
көзделетіндей, "мемлекет" - объекті түрде бітімге келе алмайтын таптық
қайшылықтардың бітімге келмеушілігінің көрінісі және өнімі болып саналады.
Мемлекет пайда болғанға дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің негізгі
белгілеріне мыналарды жатқызуымызға болады:
    - әлеуметтік билік тек ру шеңберінде 
таралып, оның еркін білдіреді  және қандас туыстыққа негізделеді;
    - ол тікелей қоғамдық болып,  алғашқы қауымдық демократия, өзін-
өзі  басқару бастамасында кұрылады;
    - алғашқы қауымдық қоғамның барлық маңызды мәселелерін шешу
кезінде билік органдары ретінде ру жиналыстары, көсемдер және әскери
басшылар танылады.
Ешқандай  қоғамдастық өз ішіндегі мүшелеріне қатысты тәртіп
ережелерінсіз өмір сүре алмайды. Сондықтан да осындай  тәртіп ережелерін
бекітетін, өндірістік қатынастарды, отбасылық, туыстық және т.б. қоғамдық
байланыстарды реттейтін әлеуметтік нормалар жүйесі қалыптасады. Әлеуметтік
нормалар дегеніміз - адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық
қатынастарды реттейтін, әлеуметтік-экономикалық негізде айқындалған, сана-
сезім еркімен қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі. Әлеуметтік
билік пен мемлекет пайда болғанға дейінгі кезең нормаларының ерекшеліктері
олардың шын мәнінде рулардың, тайпалардың әлеуметтік - экономикалық
бірлігін көрсетіп кана қоймай, оларды қамтамасыз өте отырып адамдар өміріне
тікелей араласатындығында. Мемлекет пайда болғанға дейінгі кезеңде өмір
сүрген нормалардың өздеріне тән мынандай белгілері болған:
    - алғашқы қауымдық қоғамдағы қатынаст ар - әдет-ғұрыптармен, яғни
тарихи қалыптасқан, бір ұрпақтан екінші ұрпакқа беріліп, дәстүрге айналған
әрекет тәртібі нормаларымен реттеліп отырған;
    - жазбаша түрде бекітілмесе де, адамдар әрекеті мен санасында 
өмір сүрген;
    - негізінен дәстүрге айналу күшімен, сондай-ақ сендіру және
мәжбүрлеу (рудан аластау) шараларымен қамтамасыз етіліп отырған;
    - барлық ру және тайпа мүшелерінің  мүдделерін білдірген.
Cонымен, бұл бөлімнен біз мемлекеттің ғылыми тұрғыдағы анықтамасын
талқылап, оның алғашқы қауымдық құрылымынан ажырататын басты ерекшеліктерін
анықтадық. Жалпы мемлекеттің қалыптасу ерекшеліктері мен оған тән белгілер
қоғамның тарихи кезеңдер бойынша даму сатыларымен тұспа-тұс келеді, әсіресе
экономикалық-саяси жүйенің қалыптасуы, отбасылық құндылықтарға деген
көзқарастардың өзгеруін атап өтуге болады.
1.2 Мемлекеттің пайда болуын қарастыратын негізгі теорияларға сипаттама

Мемлекеттің пайда болуын оқып-білу үрдісі тек қана танымдылық және
ғылыми тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге саяси тұрғыдан қарастырылады. Ол
мемлекеттің әлеуметтік жағын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен
бірге, мемлекеттің гүлденуі мен дамуының себептері мен жағдайларын
сараптауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ішкі дамуымен тығыз байланыстағы
құбылыс болғандықтан, ондағы заң, философия және саясаттану ғылымдарының
өмір сүру барысында әр түрлі теориялар пайда болған. Сонда да болса
мемлекет пен құқық табиғатын, олардың пайда болу себептері мен бастаулары
туралы тартыстар әлі де болса жалғасын табуда. Осы сұрақтар төңірегінде
адамдар ерте кезден бастап ойлана бастаған. Осындай теориялардың көптігін
олардың ізін салушылардың өмір сүрген тарихи жағдайларының ерекшелігімен
және өздерінің ұстанған идеологиялық және философиялық бағыттарының әр
түрлілігімен түсіндіруге болады.
Мемлекет  деген күрделі саяси ұйым. Мемлекет пайда болғаннан кейін ол
туралы көптеген тұжырымдамалар мен теориялар қалыптасты. Олардың барлығы
бір-біріне мүлдем ұқсамайды және мемлекетті әртүрлі плюралистік мағынада
түсіндіреді. Ойшылдардың әр ғасырда ұсынған идеялары негізінде таптық
мүдделер мен теория пайда болған қоғамның тарихи жағдайларына, заман
талабына байланысты қалыптасқан.
Енді мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша
тоқталып өтейік.
Теологиялық теория ежелгі замандарда пайда болған. Ежелгі Египет пен
Вавилонияда мемлекеттің пайда болуының басты идеалары қалыптаса бастаған.
Бұл уақыттағы теологиялық теорияның ең мықты және нақты позициялары
феодализмнің орнығу және даму кезеңін қамтиды. Бұл теория мемлекеттің пайда
болуын жаратушының әмірімен болатын құбылыс деп түсіндіреді. Бұл теорияны
ғылыми түрде уағыздаған Ф.Аквинский, Ж.Маритен, Жозеф де Местр, Дабен,
О.Бисмарк. Қазіргі заманда да кейбір мемлекеттер осындай қағидаларға
негізделіп құрылып, қызмет атқарады. Бұл қағидаларға сүйене отырып діни
теориктер мемлекет пен құқық құбылыстарын діни рәсімдерге байланыстыра
түсіндіреді.
Патриархалдық теория. (Платон, Аристотель, Р.Фильмер, Н.Михайловский,
Шоқан Уәлиханов, Борнганк, Вольтман). Бұл теорияның мәні бойынша мемлекет
отбасының өсіп-дамуынан ұлғайтып біртіндеп мемлекетке айналады, ал
монархтың билігі әке билігінің жалғасы болып табылады. Мысалы,
Аристотельдің түсінігі бойынша мемлекет бірнеше отбасы қыстақтарынан
құралады және мемлекеттегі басқару отбасы билігінің жалғасы болып табылды.
Негізінде мұндай тұжырым ғылымның жетістіктеріне сәйкес келмейді. Тарихта
дәлелденгендей отбасы жеке меншікті одан әрі қарай нығайту үшін мемлекетпен
бірге пайда болып, алғашқы қауымдық құрылысты ыдыратуына ықпалын тигізеді.
Патроманальдық теория (латынның - мұрагерлікке қалған жер, меншік
деген түсінігін береді). Швейцарлық К.Галлердің түсінігі бойынша мемлекет
меншік иесінің  жерге  иелену құқынан  пайда болады. Жерге ие болған меншік
иесінің билігі сол аумақта өмір сүрген адамдардың бәріне жүреді. Халық
жерді 
меншік иесінен мердігерлікке ғана алады. К.Галлер XIX  ғасырда Еуропаның
кейбір мемлекеттеріндегі  феодалдардың жерге деген меншігінің саяси
билікпен ұласқандығын алға тартады.
Күштеу (зорлау) теориясы - XIX ғ. қалыптасқан пікір. Өкілдері:
Л.Гумплович, К.Каутский, Е..Дюринг т.б. мазмұны: күшті рулар, тайпалар
өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күшпен, зорлық озбырлық жасап
өзіне бағындарып, бакылауды жақсарту үшін мемлекет құрады – деп
түсіндіреді. Озбырлық теориясына баға бере келіп, озбырлық, мәжбүрлеу
мемлекеттің пайда болуы үрдістеріне қатысқанымен, аталған теорияда олардың
абсолюттендіріліп, шектен тыс өсіңкіреп кеткендігін айта кету керек. Ал
бұл, шындыққа жанаспайды.
       Шарт теориясының негізін қалаушылыр Б.Спиноза, Д. Локк, Т.
Гоббс, Г. Гроций, Ж.Ж. Руссо, Д. Дидро, Ш.Л. Монтескье, П.А. Гольбах, А.
Радищев. Бұл теория ХҮІІ-ХVIII ғасырларда феодалдық мемлекеттік-құқықтык
институттар мен жүйеге қарсы күрес кезеңінде қалыптасып дами келе көптеген
елдерде кеңінен тарады. Теорияның тұжырымы бойынша адамдар ерте кезде
қақтығыстар мен шиеленістерден көздерін ашпаған. Оларды болдырмай, өздерін
сақтап қалу мақсатында саналы, әділетті түрде басқару үшін адамдар бір-
бірімен шарт жасап, билікті өздері қалаған адамдарына берген. Келісім
шарттық теория мемлекет пен құқықтың шығуын, пайда болуын адамдар
арасындағы келісім - шартпен байланыстырады.
    Психологиялық теория - XIX ғасырда дамыған, оны уағыздағандар:
Фрезер, Г.Тард, Р. Пампериен, Л.Петражицкий, З.Фрейд, М.Ковалевский,
Н.Коркунов. Аталмыш теорияны жақтаушылар мемлекет пен жалпы билік жүргізуді
адамдардың ерекше психикалық қабілеттерімен байланыстарып карайды. Олардың
пікірінше, билік жүргізетін адам ерекше сыйқырлы күшпен психикалық
энергияға ие. Алғашқы адамдар ру көсемдері мен бақсыларға сенімдік
білдіріп, табынған болса, мемлекеттік билік тұлғалары алдында да адамдар
өздерінің бағыныш қылығын танытады, бағынуға құлшыныс білдіреді.
Бағындыру,бағындырушының ерекше психикалық қабілеттеріне байланысты.
Мемлекеттік билік осы жолмен қалыптасады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық және заң аналогиясы
Құқықтың заңды типологиясы және әлеуметтік нормалар
ҚҰҚЫҚТЫҢ ЗАҢДЫ ТИПОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ТУРАЛЫ
Мемлекет туралы қалыптасқан теориялар
Құқықтың пайда болуы
Мемлекеттің пайда болуына байланысты көптеген басқа тарихи деректер
Ерік
Жапырақ морфологиясы
Қарағанды көмір бассейнінің тарихы
Тарихқа өркениеттік көзқарас
Пәндер