Қазақстанның басты қалдық көлдері - Каспий мен Арал теңіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   


Тақырыбы: Қазақстанның көлдері

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ КӨЛДЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТИПТЕРІНЕ
СИПАТТАМА 4-5
II.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТЕКТОНИКАЛЫҚ КӨЛДЕРІНІҢ ФИЗИКО-
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 6-8
2.1 Зайсан көлі 6
2.2 Марқакөл көлі 6-7
2.3 Бурабай көлі 8
ІІІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕЛИКТІ КӨЛДЕРІНІҢ ФИЗИКО- ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
9-23
3.1 Каспий теңізі 9-
10
3.2 Арал теңізі 10-16

3.3 Балқаш көлі 16-19
3.4 Алакөл-Сасықкөл көлдер жүйесі 20-23
ІҮ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰЗДЫҚ КӨЛДЕРІНІҢ ФИЗИКО- ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
24-25
4.1. Үлкен Алматы көлі 24

4.2. Қайыңды көлі 24-25
Қорытынды 26

ҚОЛДАНЫЛҒАН Әдебиеттер тізімі 27

КІРІСПЕ

Су ресурстары – халықтың басты байлығы болып саналады. Себебі су
ресурстарысыз ешқандай тіршілік, шаруашылық әрекеттері жүзеге асырылмайды.
Елде су ресурстары неғұрлым көп болса, мемлекеттің экономикасына соғұрлым
табыстар әкеледі.
Қазақстанның жер бедерінің әртүрлі болуына байланысты ішкі сулары да
әркелкі болып табылады. Еліміздің шөл және шөлейт зоналарында көлдер мен
өзен тораптары аз, ал дала мен орманды дала зонасында едәуір мол.
Республика аумағында ішкі суларды бірнеше түрге бөледі: өзендер, көлдер,
жер асты сулары, мұздықтар, бөгендер мен каналдар. Бұлардың әрқайсысының
маңыздылығы жоғары болып саналады.
Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясы өзендер мен көлдерге аса бай
болып табылады. Осы курстық жұмыста Қазақстанның көлдері қарастырылып,
оларға жан-жақты сипаттама берілген. Республика көлдерінің негізгі
типтеріне тоқталып, олардың пайда болу себептері мен таралған аудандары
қарастырылып, сипаттама берілді. Сонымен қатар аталынып өткен көлдердің
жеке типтеріне жататын көлдерді физико-географиялық тұрғыдан зерттеп,
олардың қазіргі экологиялық жағдайы қарастырылып отыр.
I. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ КӨЛДЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТИПТЕРІНЕ
СИПАТТАМА
Қазақстан Республикасының кең байтақ аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан
астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты
көлдердің басым бөлігі Қазақстанның солтүстік бөлігінде орналасқан. Олардың
ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі
көлдерден басқа, көбі (94%) көлемі бір шаршы километрден шағын көлдер.
Көлдердің барлығы дерлік тұйық көлдер болып табылады. Олардың деңгейі жыл
мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады. Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба
тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 шаршы
шақырымнан асатын 22 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының
60%-ын құрайды.
Қазақстан көлдерінің географиялық таралуында біршама өзгешеліктер бар.
Оның бірінші ерекшелігі көлдер Қазақстанның табиғат зоналарында біркелкі
таралмаған. әсіресе республиканың солтүстік бөлігінде көлдер өте көп.
Мысалшы солтүстікте орманды дала және дала зоналарында 25287 көл бар, ал
шөлейт және шөл зоналарында 20000 жуық көлдер кездеседі.
Қазақстан көлдерінің тағы бір ерекшелігі жастарының әртүрлі болуы.
Көлдер әр кезеңде пайда болған. Орманды дала, дала зоналарының көлдері
біртіндеп шөгінді жыныстарға толып, оларда өсімдіктер қаптап өсуде. Шөлейт,
шөл зоналарының көлдері тұз тез байланатын көлдерге айналады. Мұнан әрі ол
көлдер сорға айналады. Сөйтіп, олардың көпшілігі жойылудың әртүрлі
дәрежесіне жеткен. Қазақстанның биік таулы аймақтарының көлдері шығу тегіне
қарай жас көлдерге жатады, олардың өздері де біркелкі таралмаған.
Қазақстан көлдері қазаншұңқырлардың пайда болуына қарай бірнеше
типтерге бөлінеді.
Тектоникалық көлдер. Төмен түскен ойыстар мен жарықтарда көл
қазаншұңқырлары суға толып, көлдер пайда болады. Осындай көлдер
Қазақстанның оңтүстік-шығыс таулары мен Сарыарқада көбірек таралған.
Тектоникалық көлдерге Зайсан, Марқакөл, Қарасор, Теңіз-Қорғалжың тобы,
Көкшетау тобы жатады, бұрынғы тектоникалық бөген Есік көлі және т.с.с.
көлдер су айдындары осы топ құрамына кіреді.
Реликті (қалдық) көлдерертеде пайда болған жазықтарда, оның ішінде
Каспий маңы ойпатына тән болып табылады. Сонымен қатар Тұран ойпатының
Торғай қолатындағы, Балқаш-Алакөл ойысындағы кейбір көлдер қалдық көлдерге
жатады. Қазақстанның басты қалдық көлдері – Каспий мен Арал теңіздері.
Мұздық көлдер типі. Биік тауларда ежелгі мұз басқан аудандарда
кездеседі. Оларға мореналық көлдер жатады. Іле Алатауындағы Үлкен Алматы
өзенінің бастауы Үлкен Алматы көлі, Жетісу Алатауының солтүстік
беткейіндегі Лепсі өзені бастау алатын Жасыл көл және т.б. мұздық көлдері
жатады.
Кар көлдері. Биік тауларда қар сызығы маңында аяздық үгілу нәтижесінде
пайда болған шұңғымаларда таралған. Кар ойыстарының пішіні көбінесе
дөңгелек болып келеді. Олар суға толғанда Кар көлдері пайда болады. Мұндай
көлдер еліміздің территориясында өте көп, бірақ олардың көлемі өте шағын
болып табылады.
Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі салдарынан пайда болған
көлдер. Оларды дала табақшалары деп те атайды. Түбі тегіс ойыстар суға
толып, шағын көлдерге айналады. Қазақстанның солтүстігінде, Батыс Сібір
жазығында мұндай көлдер көбінен таралған.
Ескі арна көлдері. Қазақстан өзендерінің ирелеңдеп ағуының нәтижесінде
негізгі арнадан бөлініп қалған көлдер, өзен жайылмаларында орналасады.

II. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТЕКТОНИКАЛЫҚ КӨЛДЕРІНІҢ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Зайсан көлі
Зайсан көлі Оңтүстік Алтай мен Тарбағатай жоталары арасындағы ойыста
жатқан тущы көл. Ұзындығы 100 км-дей, ені 30 км-дей, ауданы 1800 шаршы км,
жағасы көп жерінде жайпақ. Көлде балықтардың 23 түрі бар, оның 17-сі
кәсіптік балықтар. Зайсан ағынды көліне Қара ертіс, Көкпекті, Жарма және
тағы басқаларып құйылып – Ертіс өзені ғана ағып шығады. Бұхтарлы ТЭС
құрумен байланысты көлдің су кеңістігі 5,5 мың кл. ұлғайды. Көлде
балықтардың бекіре, ақ балық, таймен, шортан, аққайран, сазан т.б.балықтар
ауланады.
Көл жағасында бірнеше балықшылар ауылы орналасқан Туғыл кентінде балық
аулайтын, аулаған балықты өңдейтін кәсіпорындар жұмыс істейді. Ауданның
өсімдіктер әлемі түрлі-түстілігімен және сан алуандылығымен ерекшеленеді.
Ауданның оңтүстік бөлігіндегі өсімдіктер аласа көгалды, өзен-бастау
жағалаулары құрақты далалы        Ну қамыстардың арасында жабайы қабанды,
көптеген елікті, сонымен қатар, 1944 жылы әкелінген ондатраларды көруге
болады.  

2.2 Марқакөл көлі
Марқа деп қыста туған қозыны айтады. Ерте заманда Марқакөл көлінің
орнында үлкен аңғар болған деседі. Шөптің неше түрі өсіп, жап-жасыл боп
жайқалып тұрады екен. Ал аңғардың орта тұсында мөлдір бұлақ болыпты. Бірде
жергілікті бір қойшы сол бұлақтың басында қой жайып жүреді. Қой ішінде жүні
қап-қара әдемі бір марқа бар екен. Бастаудан су ішуге келген әлгі марқа
кенет бұлақтың суына күмп беріп түсіп кетіпті. Мұны қойшының баласынан
басқа ешкім байқамай қалады. Баланың марқаны құтқармақ болған әрекетінен
түк шықпайды. Су қайта тереңге қарай тарта түскендей болады. Бала әкесіне
жүгіреді: Әке, марқа суға кетті, батып бара жатыр. Екеулеп жүріп қозыны
әрең сүйреп шығарады. Сол-ақ екен су бүкіл аңғарға жайыла бастайды. Қайнар
бұлақ лықылдай ағыл-тегіл су басып, оның деңгейі тау баурайларына қарай
бірте-бірте көтеріле береді. Сөйтіп көп ұзамай көл пайда болады.

Марқакөл көлінің картасы
Марқакөл көлін осы аймақтың інжу-маржаны деп атауға болады.
Сарқырамада орналасқан ол оңтүстігінде Күшім тауымен, солтүстігінде Азутау
тауымен шектеледі. Көлдің ұзындығы 38км, ені 19 км және тереңдігі 27м. Оған
27 өзен құяды, тек Қалжыр өзені ғана көлден ағып шығады. Марқакөл суы
мұнтаздай таза және жұмсақ болғанымен балыққа бай. Марқакөл көлі
Қазақстандағы осы балық түрлерінің отаны деуге әбден болады. Жартасты
тауларда негізінен жапырақты және шыршалы ағаштар өседі. Көркем жартасты
таулардың көп бөлігі май қарағай орманына толы. Биік таулардың баурайы
медициналық дәрулік қасиеті бар шөпке бай (алтын және марал түбірі,
бергиния, т.б.). Марқакөл көлінде балықтың негізгі төрт түрі кездеседі.
Солардың бірі-майқан немесе қаяз балық. Көлемі 46-70см келетін бытырап
жүріп тіршілік ететін балық, хариус өте бағалы ,еті дәмді тұщы су балығы.
Фаунасы түрлі және мол. Ағаштар арасынан қоңыр аюларды, бұғыларды,
түлкілерді, жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек
кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлектерді, сұрғылт шағалаларды және
басқаларын көруге болады.

2.3 Бурабай көлі
Бурабай – Көкшетау қыратындағы тұйық көл. Ақмола облысының Шучье
ауданында, Көкше тауының шығыс баурайында, теңіз деңгейінен 320,6 м
биіктікте орналасқан. Ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км, орташа тереңдігі 4,5 м,
ең терең жері 7 м, жағалауының ұзындығы 13,6 км, су жиналатын алабы 164
км2. Тектоникалық ойыста жатқан көл дөңгелек пішінді, табаны тегіс,
солтүстікке қарай еңістеу келген. Солтүстік, батыс және оңтүстік
жағалаулары граниттен түзілген, шығысы – құмдауытты. Бурабайдың суы жұмсақ
және мөлдір, түбіне дейін айқын көрінеді. Жақын жатқан көлдерден (Үлкен
және Кіші Шабақты, Шортанды, Қотыркөл, Жөкей, т.б.) аласа жоталармен
бөлінген. Көлдің солтүстік-батыс бөлігінде жартасты-жарқабақты келген
кішігірім Жұмбақтас аралы орналасқан. Оның шоқтығы айдын бетінен 20 м
көтерілген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалауларын айнала қоршаған әр
түрлі пішіндегі жартастар мен жарқабақтар, көлге сұғына енген әсем мүйістер
(Қызылтас, т.б.), сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше
көрік береді. Төңірегінде Бурабай курорты, Оқжетпес және Голубой залив
демалыс үйлері орналасқан. Көл суында алабұға, шабақ, сазан, шортан, табан
балық бар. Бурабай табиғатының ерекше сұлулығы көптеген әдебиет және
көркемсурет шығармаларына арқау болған.

ІІІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕЛИКТІ КӨЛДЕРІНІҢ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Каспий теңізі
Каспий теңізі — әлемдегі ең үлкен көл деп есептеліп теңіз атағына ие.
Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл.
Каспий аумағы — 371 000 km², ең терең орны — 1025 m. Теңіз кескіні S әрпіне
тәріздес. Каспий теңізі - Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан
алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су
айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды.Ауданы 376 000 км2. Меридиан
бағытында 1200 км-ге созылған,орташа ені 300 км.Жағалау сызығының ұзындығы
7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км,қалғаны Ресей,
Әзербайжан , Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит
деңгейінен 28 м төменде жатыр. Ентерең жері 1025 м, орташа тереңдігі 180 м.
Ірі шығанақтары: Маңғыстау,Қазақ,Қара-бүғазкөл,т.б. 50-ге тарта аралдар
бар. Ірі түбектері Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен.
Құрлықтық қайранда орналасқан солт. бөлігі тайыз (10 — 20 м). Орта
тұсындағы ойпанда тереңдігі 788 м. Оңтүстік бөлігі терең ойпаң (1025 м).
Судың беткі қабаты жаз айларында солтүстігінде 24-26°С, оңтүстігінде 27 -
28°С-қа дейін жылынады. Қыста солтүстігінің тайыз бөлігі қатады,
оңтүстігінде судың температурасы 10°С-қа жуық болады. Каспий теңізіне 130-
дай өзен құяды. Ағын су көлемінің 80%-ін Еділ, 5%-ке жуығын Жайык өзендері
берсе, Терек, Сулак, Самур өзендері 5%-тен астам, Кура өзені 6%-тін береді.
Иран жағалауындағы өзен мен Кавказдың кіші өзендері 4%-ке жуығын береді.
Жалпы жер беті суының теңізге келіп құятын ең көп жөне ең аз жылдық
айырмасы жүз жыл ішінде 260 км3-ді құрады. Теңіз суы бетіне шақканда өзен
ағынының мұндай өзгеруі К. т. деңгейін 67 см-ге өзгертеді. Басқаша айтқанда
Каспий теңізінің деңгейінің жыларалық өзгеруі құбылысында өзен ағыны ғана
жарты метрді құрайды. Теңізге келіп түсетін атмосфералық жауын-шашын
мөлшері тым аз. Ол теңіз деңгейін 1 см-ге ғана көтереді. Каспий теңізінде
Қарабұғазкөл шығанағының маңызы зор. Әсіресе, оның суының деңгейі мен
тұздылығын сақтауға ыкдал етеді. Теңізден келген әрбір км3 су шығанаққа 13
— 15 млн. т әр түрлі минералды тұздар алып келеді. Қарабұғазкөл теңіздің
буландырғышы рөлін атқарады. Каспий теңізінің тұздылығы Еділ мен Жайық
өзендері сағасына жайдын маңында 0,1 — 0,3%о, оңтүстік -шығыс-та 13%о-ге
дейін көтеріледі. Теңізде желдің, өзен суының және жағалау сызығының
әсерінен циклондық айналма ағыс пайда болады. Каспий теңізінің түбектері:
Ағрахан; Абшерон — Каспийдің батыс жағында, Әзірбайжанда орналасқан;
Бозашы; Маңғыстау түбегі — Каспийдің шығысында, Қазақстанда орналасқан; Төп-
Қараған.

Каспий теңізінің ғарыштан түсірілген суреті және Маңғыстау түбегінің
көрінісі
3.2 Арал теңізі
Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған.
20-шы ғасырда ауданы жағынан — 68 мың км² — әлемде төртінші орында болған
болатын, бірақ 1960-шы жылдардан бастап теңіздің суы азайып келді.

Арал теңізінің тарихы. Арал теңізі, Кайназой дәуірінің орта шетінде,
яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын, Арал Каспий теңізіне қосылып жатқан.
Өйткені, теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80
метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың,
киттің омыртқа сүйектері тасқа айнала бастаған күйінде табылды. Бұл
теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ, Арал
маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. 19 ғасырдың орта кезіндегі Арал-
Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің
геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін,
оның кейінгі Альпілік қатпарлықта жер қыртысының көтерілуіне байланысты
ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі
жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де
кездеседі. Ендеше қазіргі кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған
осы су айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді
деуге болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа
мәліметтерді салыстыру арқылы Арал теңізі бассейнімен оның жағалауының даму
эволюциясын, сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес.
Мысалы, ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған.
Өйткені, сол IХ-X ғасырлардағы араб ғалымдары – Ибн-Хордадбех, Ибн-Рустен,
Масуди, Истахри келтірген мәліметтері аса құнды. Демек, бұл еңбектерден сол
кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға болады.
Ибн-Хордадабех Китаби-ал-масалик Вал-мамлик \саяхаттар мен мемлекеттер
кітабы\ атты еңбегінде Амударияны Жейхун, Арал теңізін Күрдер көлі деп
атайды. Ал, Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары
неғұрлым нақты, оның мліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах,
яғни бір фарсах-6 шақырым. Теңіздің басты жағалауындағы Жоталары Сиякух
\қара таулар\ деп аталады. Ал оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман
өскен. Демек аталмыш Сиякух – үстіртің тік жарлы құздары болуы мүмкін.
Өйткені оның бастыс жағалауы қазір де биік келеді, кейбір нүктелердің
биіктігі – 190 метрге жетеді. Сол сияқты Араб географы Истахри Арал теңізін
Хорезм көлі деп аталған және Сырдария жөнінде мәліметтер келтірген.
Истахри былай дейді: Бұл көлдің айналасы 100 фарсах. Суы тұзды, көлге
Жейхун, Илаш \Сырдария\ және басқа өзендер құяды. Сондай-ақ Х ғасырда өмір
сүрген белгісіз автордың парсы тілінде жазған Худуд-ал Алам \шығыстан
батысқа дейінгі әлем облыстары\ атты қол жазбасында да Арал теңізінің
сипаттамасы берілген. Мұнда теңіздің көлемі 300 фарсахқа тең келетіні және
жағалауларының құмды екені жазылған. Сондай-ақ жоғарыдағы Арал теңізі
жөнінде мәлімет қалдырушылар негізінен теңізді арнайы зерттеген адамдар
емес, жолшыбай көргенін жазған саяхатшылар, жалпы дүниежүзілік әдебиетке
қатысты шағын дерек жинаған шолушылар. Сондықтан бұл кезде Арал теңізі
жайлы нақты ғылыми зерттеулер болған жоқ деуге болады. Дегенмен, бұл
кезеңдегі табиғат жағдайларының кейбір ерекшеліктерінің көрсетілуі қазіргі
осы өлкенің табиғатының өзгеруі сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Негізгі
Арал теңізі жайлы нақты деректі мәліметтердің жиналуы яғни, арнайы
зерттеулердің басталуы \17-19 ғғ.\ ғасырлардың еншісіне тиеді. 1740-1741
жылдары Сырдария мен Арал маңын зерттеуге алғашқылардың бірі болып, Иван
Мурауин қатысып, тұңғыш рет Арал теңізінің шығыс жағалауларын өте дәлдікпен
арнайы түсірілім жасау нәтижесінде карта жазған. Жалпы, Арал теңізі жайлы
соңғы толық зерттеулер 1946-1950 жылдарға жатады. Демек, ол мәліметтер
бойынша теңіз көлемі 66 мың шаршы шақырым, ең ұзын бөлігі 424 шақырым, ал
ендігі бөлігі 292 шақырым, орташа тереңдігі 16,1 метр, ең терең жері 68
метр болды. Ал, содан нақты бүгінгі қалған теңізде шамамен 15-20 мың шаршы
шақырымға жуық қана су айдындары бар көрінеді. Демек, теңіздің осындай
құрғауына орай өңірде алғаш рет 2001 жылы Арал теңізінің табаны қала орны
болған деген болжам, бұл күндері нақты шындыққа айнала бастады. Өйткені
бұрын Арал теңізі өз деңгейін сақтап тұрған жылдары сол жағасынан көне
заманға тән ою-өрнектер, адам сүйектері, ұшырасқан кездері болғаны жөнінде
кезінде теңізде жүзетін кейбір қарт кеме капитандарының талай өз аузынан
естіген кездеріміз де болды. Бірақ та, ол кезде теңіз астында қала барын
кім білсін. Ал енді теңіз тартылып, жағасы әр деңгейде ашыла бастағанда
қазір де бұл жағдай жиі көріне бастады. Өйткені қазіргі археолог
ғалымдардың деректері бойынша кепкен теңіз табанынан табылған әлгі мешіттің
ою өрнектері сол 12-15 ғасырлардың еншісіне жатқызады. Сондай-ақ бұған
дәлел ретінде Арал тарихынан белгілі сол 1592 жылдарға дейін қазіргі
табылған қала орны яғни, Барсакелмес аралының батыс беті құрлықпен
бірігіп жатқан көрінеді. Кейін теңіз суының көтерілуіне байланысты
құрлықтан бөлініп қалған. Сондай-ақ жоғарыда сөз болғандай сол ертедегі
араб ғалымдарының деректері бойынша да теңіз көлемі сол әрқили көлемде
өзгеріп отырған. Мысалы, 80,100 және 300 фарсах мөлшерінде. Егер де бір
фарсах 6 шақырым болса, сонда кезінде теңіздің ең үлкен дген көлемі не бәрі
300 х 6 = 1800 шақырым ғана. Бұл – теңіздің сол 1950 жылғы көлемімен
салыстырғанда төмен екенін көрсетеді. Міне осыған орай бір сөэбен айтқанда
Барсакелмес аралы сол 1592 жылға дейін құрлықпен жалғасып жатыр деген сөз
шындыққа жақын.

Арал теңізінің экологиялық ахуалы. Арал теңізі – Қазақстанның інжу-
маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа
ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км², тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы –
10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен
қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз
жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары
1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз
етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы,
10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960
жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін
жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4,
Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың
саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай
суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында
Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік
факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта
өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара). Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа
да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану
жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990
жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге
дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың
тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы
шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге
өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа
ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте
жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал
апатына себеп болған факторларға: - жергілікті жердің тарихи-табиғи
ерекшеліктерін ескермеу; - ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын
есепке алмау; - суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша
көбейтіп жіберу; - жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және
сіды үнемді пайдаланбау; - табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген
қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны
экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген
қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған
қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда.
Оның фаунасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан көлдеріне жалпы сипаттама
Қазақстанның көлдері мазмұны
Қазақстан көлдері жәнеТеңіз көлдері
Қазақстанның су қоймалары
Көлдер және бөгендер
Тектоникалық көлдер
Қазақстанның су қоймалары. Қазақстанның көлдеріне жалпы сипаттама
Су жүйелері және оның ластану көздері
Әлемдік мұхит туралы ақпарат
Азияның көлдеріне физикалық – географиялық сипаттама
Пәндер