Қазақстан халқының жыныстық жас құрылымы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстан халқының демографиялық жағдайы.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

I. Қазақстан халқының демографиялық жағдайы . . .

1. 1 Халықтың саны және табиғи өсімі . . .

1. 2 Халықтың көші-қоны . . .

1. 3 Халықтың тығыздығы және орналасу ерекшеліктері . . .

1. 4 Қазақстан халқының жыныстық жас құрылымы . . .

1. 5 Тұрғындардың ұлттық және діни құрамы . . .

II. Қазақстан республикасы халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы . . .

2. 1 Халықтың жұмыспен қамтылуы

2. 2

Қорытынды . . . 37

Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі

I. Қазақстан халқының демографиялық жағдайы

  1. Қазақстан халқының саны және табиғи өсімі

Кез келген мемлекеттің негізгі байлығы - халық болып табылады. Халықтың саны әртүрлі факторларға байланысты өзгеріп отырады:(апатты зардаптар, соғыс, жұқпалы аурулар, көші-қон(адамдардың механикалық қозғалысы), туғандар мен қайтыс болғандардың сандық қатынасы) . Республика дамуының әр кезеңінде халық санының өзгеруіне тигізетін факторлар әртүрлі. Бір кездері халықтың механикалық қозғалысы немесе басқа жағдайда табиғи факторлар басым болды. Кей жылдары 2 фактор теңесе отырып, бір-бірін толықтырды. Ал, бір жылдары 2 фактордың бірлесе әсер етуі байқалады. Олардың ықпалы оң болған жағдайда республика халқының саны өсіп, керісінше болған жағдайда төмендеп отырады. Қазақстан аумағында он рет халық санағы жүргізілді. Оның бірі еліміз егемендік алғаннан кейін 1999 жылы жүргізілді және биылғы 2009 жылы кезектегі халық санағы өтті, ал қалғандары кеңестер одағы тұсында жүргізілген. 1999 жылы өткізілген алғашқы ұлттық халық санағының көрсеткіші қуантарлықтай болған жоқ. 1999-2002 жылдар арасында республиканың халық саны біртіндеп азайды. Оның негізгі себептері: тәуелсіздік алғаннан кейін қуғын сүргінге ұшыраған басқа ұлт өкілдерінің өз Отандарына оралуы, халықтың әлеуметтік жағдайының төмен көрсеткіштері және т. б. Демографиялық жағдайдың көрсеткіші екінші мың жылдықтың басынан қайта жақсара бастады. 2002 жылдан бастап халық саны қайта арта бастады. Содан бері Қазақстанда халық саны жыл сайын 1 пайызға өсіп келеді. 2004 жылы республика халқының саны 123, 0 мың адамға немесе 0, 8 % -ға өсті. Ал, 2005 жылғы өсім 1, 1 пайызды құрады және халық саны 15 млн-нан асса, 2009 жылдың ақпан айындағы мәліметтерге жүгінсек, Қазақстанда қазіргі таңда халықтың саны 15 778 160 адамға тең деп жарияланды.

Халық санының артуы туу және иммиграция көрсеткіштернің артуына, сондай-ақ өлімнің азаюына да байланысты болады. Осыған орай, еліміздегі халық саны артуының 97, 3 %-і табиғи өсімге (119, 6 мың адам) және 2, 7 % -і көші-қон процесінің артуына (3, 4 мың адам) тиесілі болып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстандағы халық саны 2004 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда қалалық мекендерде 116, 4 мың адамға, ауылдық жерлерде 6, 6 мың адамға артып отыр. Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі әлеуметтік және демографиялық статистика департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан халқы 2006 жылдың 11 айында 161 мың 600 адамға өсіп, сол жылдың 1 желтоқсанында 15 миллион 380 мың 900 адамға жеткен. Халықтың 131 мыңнан астамы табиғи өсіммен өссе, 30 мыңы сырттан көшіп келушілердің есебінен өскен деп хабарлаған. 11 айда Қазақстанда 277 мың 49 сәби дүниеге келді. Оның 194 мың 550-і қазақ балалары. Сонымен қатар, қайтыс болғандар 145 мың 466. Халық санының жалпы өсімі 9 облыста және Астана мен Алматы қалаларында байқалды. Халық санының ең жоғары өсімі Оңтүстік Қазақстан облысында (32, 2 мың адам), Алматы облысында (13, 2 мың адам ), Алматы және Астана қаласында (тиісінше (23, 0 мың және 16, 6 мың адам), ал халық санының ең көп азаюы Шығыс Қазақстан (-8, 0 мың адам), Солтүстік Қазақстан (-3, 5 мың), Қостанай (-2, 6 мың) және Ақмола (-1, 8 мың) облыстарында болды. 2005 жылдың 1 қазанына қала тұрғындарының ең көп үлес салмағы Қарағанды (облыс халқының жалпы санының 83, 8%), Маңғыстау (75, 9%) және Павлодар (65, 6%) облыстарында, ал ауыл тұрғындарының ең көп үлес салмағы - Алматы (70, 2%), Солтүстік Қазақстан (65, 9%) және Оңтүстік Қазақстан (59, 9%) облыстарында болды.
2005 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда қалалық елді мекендердегі халық саны 94, 3 мың адамға, ал ауылдық жерде 14, 7 мыңға өсті. Ал, қазіргі кездегі туудың біршама жоғарғы көрсеткіші әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың дұрыстығымен түсіндіріледі. Өлім көрсеткіштері - табиғи апаттар, соғыс нәтижесі ел экономикасының дамуына байланысты. Бір деңгейдегі екі мемлекеттегі өлім көрсеткіштері қарт адамдардың санына қатысты.

Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 1988-1999 жж. 25, 5-тен 14, 2-ге төмендеді, ал өлім бойынша- 1995-1996 жж. 7, 5-тен 9, 8-ге өсті, бұл 15 жылдың ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш. Жаңа ғасырдың басында өлім деңгейі 1000 тұрғынға 10-10, 4 адамнан келсе, ал туу 2004 жылы оның деңгейлік көрсеткіші 1000 тұрғынға 18 адам болып, 1994 жылғы көрсеткішпен теңгерілді.

Жалпы Қазақстан бойынша туу саны өлім санынан 1, 5 есе артық көрсеткішке ие. Республика аумақтарында халықтың табиғи өсуі байқалады. 2005 жылы халықтың табиғи өсу коэффициенті 1000 адамға 8 адамнан келеді.

Қазір республикада орташа отбасы саны төрт адамды құрайды, ал үй шаруашылығындағы “жалғызбастыларды” қосқандағы орташа саны - 3, 6 адам. Қазақстанда қазіргі кезде байқалатын демографиялық процесс - өлімнің біршама төмендеп, туудың жоғарылауынан халықтың табиғи өсімінің артуы.

Қазақстандағы халық саны қарқынды түрде өсіп келеді. Демограф-ғалым Мақаш Тәтімов тұрғындар санының жылдам өсуін халықтың түзелген әлеуметтік-экономикалық жағдайымен және қазақ халқының тарихи демографиялық үрдісімен түсіндіреді. Сондай-ақ Мақаш Тәтімов үлес салмағы басым қазақтармен бірге, Қазақстанда мұсылман, түркі тілдес халықтардың да көбейіп отырғанына мән береді. Соған қоса, президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақстан халқы санын 20 миллионға жеткіземін деген жоспары өз мерзімінде орындала қоймайды, ал, халық саны 2025 жылы ғана 20 млн-ға жетеді деген тұжырым жасады.

Дегенмен, Қазақстанда халық санын өсірудің мүмкіндіктері әлі де толық пайдаланылмай отыр. Осы бағытта 3 нәрсені жақсылап қолға алу керек:

1. Табиғи өсімді көбейту

2. Шетелдердегі қазақтарды Отандарына оралту. Консулдық қызмет департаментi басқармасының соңғы мәлiметi бойынша (2006) әрбiр үшiншi қазақ шет елдерде тұрады, олардың жалпы саны 3, 5 млн. адам. Алыс шет елдерде: Қытайда - 1258500, Моңғолияда - 83000, Ауғанстанда - 28000, Түркияда - 2, Иранда 3450; Балтық жағалауы елдерiнде - 2500, Германияда - 700, Жапонияда - 400, Австралияда - 400. Бельгияда - 28, Сауд Аравиясында - 28, Норвегияда - 20, Кубада - 2 адам тұрады. Барлығы 1397028 адам. Сонымен бiрге, Францияда - 172, Швецияда - 51, Пәкстанда - 36, АҚШ-та - 23; Австрияда -18, Швейцарияда - 4, Данияда - 4 отбасы тұрады. Жақын шет елдерде: Өзбекстанда - 966000, Ресейде - 687800, Түрiкменстанда - 87600, Қырғызстанда - 42600, Украинада -10500, Тәжiкстанда - 1, Әзербайжанда - 4000, Грузияда - 3000, Молдовада - 2000 адам өмір сүруде.

3. Тілі, діні ұқсас, «қазақ боламын» деген халықтардың қазаққа қосылуына жол ашу. Мысалы, Ауғанстан, Өзбекстанда тұратын ертеректе қазақ болған, бірақ кейіннен өзбек болып кеткендер қайтадан «қазақ боламыз» Соларға жол ашуымыз керек.

Диаграмма № 1.

Кесте № 1

2003 - 2008 ж. ж халықтың саны

Жылдар
2003
2004
2005
2006
2007
2008
Жылдар: Қазақстан Республикасы
2003: 14866837
2004: 14951200
2005: 15074767
2006: 15219291
2007: 15396878
2008: 15571506
Жылдар: Ақмола обл
2003: 748167
2004: 748930
2005: 747185
2006: 746652
2007: 748559
2008: 747447
Жылдар: Ақтөбе обл
2003: 668378
2004: 671812
2005: 678607
2006: 686698
2007: 695454
2008: 703660
Жылдар: Алматы обл
2003: 1560267
2004: 1571194
2005: 1589751
2006: 1603758
2007: 1620696
2008: 1643278
Жылдар: Атырау обл
2003: 451928
2004: 457215
2005: 463466
2006: 472384
2007: 480687
2008: 490369
Жылдар: Батыс Қазақстан обл
2003: 602133
2004: 603832
2005: 606534
2006: 609291
2007: 612479
2008: 615310
Жылдар: Жамбыл обл
2003: 980072
2004: 985552
2005: 992089
2006: 1001094
2007: 1009210
2008: 1018845
Жылдар: Қарағанды обл
2003: 1333656
2004: 1330927
2005: 1331702
2006: 1334438
2007: 1339368
2008: 1342081
Жылдар: Қостанай обл
2003: 919558
2004: 913435
2005: 907396
2006: 903178
2007: 900333
2008: 894192
Жылдар: Қызылорда обл
2003: 603804
2004: 607491
2005: 612048
2006: 618249
2007: 625070
2008: 632234
Жылдар: Маңғыстау обл
2003: 338612
2004: 349668
2005: 361754
2006: 374430
2007: 390531
2008: 407403
Жылдар: Оңтүстік Қазақстан обл
2003: 2111893
2004: 2150256
2005: 2193556
2006: 2233568
2007: 2282474
2008: 2331505
Жылдар: Павлодар обл
2003: 748651
2004: 745238
2005: 743826
2006: 742911
2007: 744860
2008: 746454
Жылдар: Солтүстік Қазақстан обл
2003: 682148
2004: 674497
2005: 665936
2006: 663126
2007: 660950
2008: 653921
Жылдар: Шығыс Қазақстан обл
2003: 1465931
2004: 1455412
2005: 1442097
2006: 1431180
2007: 1424513
2008: 1417384
Жылдар: Астана қаласы
2003: 501998
2004: 510533
2005: 529335
2006: 550438
2007: 574448
2008: 602684
Жылдар: Алматы қаласы
2003: 1149641
2004: 1175208
2005: 1209485
2006: 1247896
2007: 1287246
2008: 1324739

Диаграмма № 2.

Кесте - 2

Қазақстан халқының табиғи өсімі

Жылдар
2003
2004
2005
2006
2007
Жылдар: Қазақстан Республикасы
2003: 92669
2004: 120778
2005: 121856
2006: 144546
2007: 163666
Жылдар: Ақмола обл
2003: 480
2004: 1415
2005: 739
2006: 1474
2007: 1731
Жылдар: Ақтөбе обл
2003: 3963
2004: 5613
2005: 6463
2006: 6992
2007: 7747
Жылдар: Алматы обл
2003: 11339
2004: 13231
2005: 12296
2006: 15162
2007: 18394
Жылдар: Атырау обл
2003: 5483
2004: 5901
2005: 6924
2006: 7581
2007: 8040
Жылдар: Батыс Қазақстан
2003: 2179
2004: 3545
2005: 3178
2006: 3630
2007: 3843
Жылдар: Жамбыл обл
2003: 9499
2004: 12209
2005: 12884
2006: 15004
2007: 16655
Жылдар: Қарағанды обл
2003: 1069
2004: 1917
2005: 2403
2006: 3391
2007: 3816
Жылдар: Қостанай обл
2003: -173
2004: 156
2005: -590
2006: -458
2007: -568
Жылдар: Қызылорда обл
2003: 7963
2004: 9611
2005: 9236
2006: 10399
2007: 11652
Жылдар: Маңғыстау обл
2003: 5485
2004: 6741
2005: 7103
2006: 8425
2007: 9362
Жылдар: Оңтүстік Қазақстан обл
2003: 35717
2004: 42942
2005: 41982
2006: 47251
2007: 51944
Жылдар: Павлодар обл
2003: 1085
2004: 1969
2005: 1499
2006: 2060
2007: 2553
Жылдар: Солтүстік Қазақстан обл
2003: -995
2004: -678
2005: -470
2006: -914
2007: -870
Жылдар: Шығыс Қазақстан обл
2003: -356
2004: 999
2005: 583
2006: 2327
2007: 2869

1. 2 Халықтың көші-қоны

Халықтың көші-қоны кез-келген мемлекеттің демографиялық жағдайына әсер ететін бірден-бір фактор болып табылады және оның халық санына тигізетін әсері өте зор. XX ғасырдың 90 жылдарында Қазақстандағы демографиялық жағдайға көші-қон өзіндік үлкен өзгеріс әкелді. 1990 жылдың басында Қазақстанда және бұрынғы кеңес одағының кеңістігінде көші-қондық процесс күшейіп, әртүрлі этникалық топтар өздерінің тарихи Отандарына қайтуға мүмкіндік алды. Соның салдарынан Қазақстандағы халық саны күрт төмендеп, адамдардың табиғи өсім көрсеткіші де экономикалық дағдарысқа байланысты азайды. ТМД елдерінен басқа елдерде көші-қондық кері сальдо, тұрғындардың Германия, Израиль және АҚШ елдеріне, ал оң сальдо - Монғолия, Қытай және Иран елдерінен қоныс аударуы. Эммигранттардың басым көпшілігін (80%-дан астамын) Германия мемлекеті қабылдауда.

Еліміздегі миграциялық жағдай Қазақстан өзінің географиялық орналасуына орай Еуропа мен Орталық Азия мемлекеттерін жалғастырушы геосаяси орталық қызметін атқарады. Егер ел экономикасының ырғақты өсуін, ішкі саясаттағы тұрақтылықты, азаматтық қоғамымыздағы ынтымақ пен түсіністікті, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсарғандығын, осы себептерге байланысты еліміздің жұрт қызығарлықтай дәрежеге жеткендігін ескерсек, біздің елге миграция ағыны тек қана өсе түседі. Қазақстандағы көші-қондық ағым соңғы жылдары бұрынғыдай ТМД елдері бағытында жүргізілуде (77%-дан астамы), соның шамамен 90 %-ы Ресей Федерациясы үлесіне тиесілі. Ал, елімізге көшіп келуші иммигранттар саны жылдан жылға арта түсуде. Бұл халық санының артуына оң әсерін тигізетін фактор болып табылады. Иммигранттар негізінен Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Қарағанды, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласында қоныстанады.

Қазақстанда кез-келген қарқынды дамушы елдердегі сияқты ішкі республикалық көші-қон басым. Жыл сайын 3 мыңға жуық адам ел ішінде, бір жерден екінші жерге көшуде.

Дүниежүзілік банктің баяндамасына сүйенсек, Қазақстан еңбек мигранттарын қабылдаудан әлемде тоғызыншы орында тұрған жетекші мемлекеттердің бірі екен. ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің төрағасы, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургте өткен 2007 жылдың маусымындағы экономикалық саммитте миграцияны ең бірінші кезекте шешілуі тиіс басты мәселелердің бірі ретінде атап көрсетті. Қазақстан Республикасындағы миграциялық саясаттың 2007-2015 жылдарға арналған концепциясы жасалып, онда демографиялық және миграциялық мәселелерді шешудің ұзақ мерзімді қамтитын басым бағыттары мен тетіктері нақтыланған.
Соңғы бес жылда Қазақстанға келуші шетелдіктердің саны бес есеге өсіп, 2006 жылы ол 2 миллион адамды құрады. Ал 2007 жылдың өткен жеті айында ғана республикаға 1 миллион 300 мың шетелдік келді. Бұлардың басым көпшілігі, дәлірек айтқанда, 93 пайызы ТМД мемлекеттерінің азаматтары болса, қалған 7 пайызы алыс шетелден келгендер.

1. 3 Халықтың тығыздығы және орналасу ерекшеліктері

Қазақстан республикасы халқының саны өзінің алып жатқан аумағына сәйкес емес, яғни бізде көптеген себептерге байланысты халық саны төменгі көрсеткішке ие болып отыр. Қазақстан жер аумағы үлкен болғанымен халық сирек қоныстанған елге жатады. Қазақстанда орта есеппен 1 шаршы км-ге 5, 7 адамнан келеді. Республика халқы аумақ бойынша біркелкі орналаспаған. Басым көпшілігі (43, 4 %) Қазақстанның оңтүстігінде шоғырланған, ал солтүстікте - 24 % ғана орналасқан. Ең жоғарғы халық санының тығыздығы Оңтүстік Қазақстанда: 1 шаршы км-ге 9, 1 адамнан келеді. Солтүстік өңірлерде халық тығыздығының көрсеткіші - 6, 4 адамнан, Шығыс Қазақстанда орташа көрсеткіш 5, 1 адамнан, Республика бойынша ең төменгі көрсеткіш батыс облыстарда - 2, 8 адамнан және орталықта - 3, 1 адамнан келеді.

Соңғы кездері республиканың батыс өңірлерінде мұнай-газ кен орындарының белсенді игерілуіне байланысты, жұмысқа қабілетті халықтың ағымы осы аймаққа қалыптасуда. Батыс облыстарда әсіресе жастардың саны көбеюде.

Қала және ауыл халқының қатынасы - мемлекет дамуының негізгі көрсеткіші. 50-80 жылдардағы шикізат индустриясының бағыты Қазақстанды экономикалық тұрғыдан дамытып, халықтың урбандалу деңгейін анықтай түсті. Урбандалу деңгейі, біріншіден, елдің экономикалық дамуына, халықаралық еңбек бөлінісіндегі экономикасының мамандануына, табиғат ресурстарына, экономикалық-географиялық орнына, аймақ көлеміне және халық тығыздығына байланысты.

Қала тұрғындарының ең жоғары көрсеткіші Қарағанды (обл халқының жалпы санының 84, 3 %-ы), Маңғыстау(70, 2 %) және Павлодар(65, 8 %) облыстарында, ал ауыл халқының саны - Алматыда(70, 0 %), Солтүстік Қазақстанда(65, 7 %) және Оңтүстік Қазақстанда (60 %) . Қала халқының саны қазіргі кезде екі астанада да, батыс облыстардағы мұнай өндірілетін аймақтарда қарқынды өсуде, ал ауыл халқының жоғары өсу көрсеткіші Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында.

Республикадағы ірі қалаларға тұрғындары саны 250 мың адамнан асатын қалаларды жатқызамыз. Олар: ел астанасы - Астана қаласы(550мың адам), Шымкент (526 мың адам), Қарағанды(446 мың адам), Тараз (336 мың адам), Павлодар (314 мың адам), Семей(305 мың адам), Өскемен(299 мың адам) және Ақтөбе (292 мың адам) . Қазақстанда жалғыз миллионер қала бар - ол Алматы қаласы. Онда 2006 жылғы дерек бойынша 1248 мың адам тұрады.

Кең аумақты Қазақстан үшін халықтың сирек қоныстануы және туудағы төменгі көрсеткіш бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазақстандағы этнодемографиялық қоныстану ерекшеліктеріне тарихи және географиялық аймақтық-экономикалық ерекшеліктер тән. Атап айтқанда, кейбір аймақтарда халықтың тығыз қоныстануы демографиялық үрдістердің де жоғарғы көрсеткіштерімен қатар сипатталса, өзге аймақтарда сирек қоныстану мен демографиялық төменгі көрсеткіштермен сипатталу байқалады . . . Оның аумағының сәйкес түрде 1 шаршы км-не 5, 4 адамнан келедi. Тұрғындар үшiн табиғат жағдайы неғұрлым қолайлы өңiрлер - Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары (Алматы ққаласын қоса алғанда) . Мұнда республика тұрғындарының 37, 8%-ы орналасқан, тұрғындар тығыздығы 1 шаршы км-ге 16, 9; 6, 9 және 7 адамнан келедi. Салыстырмалы түрде тұрғындары көп келесi аймақтар - Солтүстік Қазақстан аймағы: Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының аумағы. Мұнда ел тұрғындарының 24, 8%-ы орналасқан, тұрғындар тығыздығы 1 шаршы км-ге 5, 2; 7, 4; 5, 7 және 6, 5 адамнан келедi. Шығыс Қазақстанда республика тұрғындарының 10, 2%-ы тұрады, тұрғындар тығыздығы 1 шаршы км-ге 5, 4 адамнан, Орталық Қазақстанда (Қарағанды облысы) республика тұрғындарының 9, 4%-ы орналасқан. 1 шаршы км-ге 3, 3 адамнан келедi. Халық ең аз қоныстанған аудандар батыс аймақтар - Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Оңтүстік Қазақстан аймағындағы Қызылорда облысы. Мұнда бүкiл тұрғындардың 17, 7%-ы орналасқан, 1 шаршы км-ге келетiн орташа тығыздығы, тиiсiнше, 1, 9; 3, 7; 4, 1; 2, 3 және 2, 6 адамнан. 1999 жылғы санақ жүргiзiлген кездегi еліміздің әкiмшілік аумақтары бiрлiгiнде 84 қала, 200 кент, 2036 ауылдық округ, 7684 ауылдық елдi мекен болады. Ресми статистикалық мәлiмет бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елдi мекендерде, 44%-ы ауылдық елдi мекендерде тұрады.

Қала халқының өсуі, Шығыс Қазақстан (қала халқы 3, 2 мың адамға немесе 0, 4 %-ға азайды) облысын қоспағанда, барлық облыстарда байқалды. Қала тұрғындарының ең жоғары өсімі Астана және Алматы қалаларында - тиісінше 3, 1%-ға және 1, 9%, сондай-ақ Маңғыстау (2, 4%), Атырау (2, 1%), және Ақтөбе (1, 3%) облыстарында байқалды. Ауыл тұрғындары санының ең жоғары өсімі Маңғыстау (2, 9%-ға), Оңтүстік Қазақстан (1, 7%-ға), Жамбыл (0, 9%) және Алматы (0, 8%) облыстарында байқалды. Ауылдықтар санының төмендеуі Қарағанды (2%-ға), Павлодар мен Қостанай (1, 6%-ға), Ақмола (1%-ға), Солтүстік Қазақстан (0, 9%-ға) және Шығыс Қазақстан (0, 8%) облыстарында байқалды.
2005 жылдың 1 қазанына республикадағы ауыл халқының ең көп саны Оңтүстік Қазақстан (республикадағы ауыл халқының жалпы санының 20, 6%), Алматы (17, 4%), Шығыс Қазақстан (9%), Жамбыл (8, 5%), Солтүстік Қазақстан (6, 7%) және Қостанай (6, 2%) облыстарында тұрады.
Осы кезеңге дейін елдің бес өңірі тұрғындар саны бойынша «миллиондықтар» қатарына жатты, олардың қатарына Жамбыл облысы да қосылды, бұл облыста ағымдағы жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша халық саны 1 млн. 13 адамды құрады

Қала тұрғындары ең көп облыстар: Қарағанды (қала тұрғындарының үлесi 82, 2%), Маңғыстау (78, 4%), Павлодар (63, 4%), Қызылорда (60, 5%), Атырау (58, 2%), Ақтөбе (56, 2%), Қостанай (54, 2%) . Республиканың ең iрi қалалары:

Алматы (1129356 адам), Қарағанды (43664), салыстырмалы түрде iрiлерi: Шымкент (360078), Тараз (330125), Астана (312965), Өскемен (310950), Павлодар (300503), Семей (269574), Ақтөбе (253088), Қостанай (221429), Петропавл (203533), Орал (195459), Темiртау (170481), Қызылорда (157364), Атырау (142497), Ақтау (143396), Екiбастұз (127197), Көкшетау (123389), Рудный (109515) . Қалған қалалардағы тұрғындар саны 100 мың адамнан кем. Байырғы тұрғындардың үлес салмағы көп облыстар: Қызылорда (94, 2%), Атырау (89%), Маңғыстау (78, 7%), Ақтөбе (70, 7%) облыстары, ең азы - Солт. Қазақстан (29, 6%), Қостанай (30, 9%), Ақмола (37, 5%), Қарағанды (37, 6%) облыстары) .

Әдетте қазақ халқы көбiнесе ауылдық жерлерде тұрады. Соңғы он жылдықта олардың қалаларға көшу қарқыны жоғары болды. 1989 ж. қалада тұратын қазақтардың үлесi 38, 3% болса, 1999 ж. 45, 3%-ға жеттi.

1. 4 Қазақстан халқының жыныстық жас құрылымы

Халықтың жыныстық-жас құрылымы туу және өлімнің негізінде қалыптасып, қазіргі және алдағы уақыттың жұмыс ресурсын анықтауға мүмкіндік береді. Халықтардың жыныстық құрылымы демографиялық және әлеуметтік-экономикалық факторлар негізінде қалыптасады.

Қазақстанда қазіргі кезде халықтың жыныстық құрылымы бойынша әйелдер алдыңғы орында - 51, 87 %.

Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Оның жас айырмашылығы құрылымында 9 жасқа дейiнгi балалар 22, 0%. Ал тұтастай алғанда, 19 жасқа дейiнгi жастар 43, 9%; 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар үлесi 6, 1%. Орташа арифмет. жас - небәрi 25 жас. Яғни қазақ халқының басым бөлiгi жастар мен балалар.

Мұндай ара қатынас көптеген жылдар бойы бірқалыпты тұрақты болып, әйелдердің табиғи өсімі еркектердің табиғи өсімінен 1, 5 есе артты, ол еркектердің өлімінің көптігімен сипатталады.

Еркектердің өлімі 1000 тұрғынға 11, 5-11, 7 адам болса, ал әйелдер арасында 8, 5-8, 6 адамды құрайды. Еркектердің орташа өмір сүру ұзақтығы 62, 2 жас, әйелдерде 73, 6 жас. Еркектердің орта жасы - 29, 7 жас, ал әйелдердікі- 32, 9 жас шамасында.

Ер және әйел адамдар арасындағы шамалы айырмашылық туу көрсеткіші жоғары аймақтарға тән. Ол аймақтарға батыс және оңтүстік облыстарды жатқызуға болады. әйелдер саны салыстырмалы түрде Алматы қаласында, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында жоғары.

Халықтың жас құрылымы жағынан алғанда жас адамдар саны басым. Халықтың 52, 4 %-ы 30 жастан жас, ал 26, 2 %-ын 15 жастағылар қамтиды. Мемлекеттегі еңбекке жарамды жастағы тұрғындарға 16 - 63 жастағы еркектер мен 16-58 жастағы әйелдер жатады. Олардың ел тұрғындарының құрамындағы көрсеткіші - 63, 4 %, ал зейнеткерлер 10, 4 %-ды құрайды.

Қазақстан халқының жас құрылымы динамикасы қарқынды дамуда: жұмысқа қабілетті халықтың сандық көрсеткіші 1989 жылдан қазіргі уақыт аралығында 58, 9 %-дан 64, 2 %-ға көтерілді. Халықтың жұмысқа қабілетті бөлігі мен жас жеткіншектердің үлесі қазіргі қарт адамдардың үлес деңгейінің сақталуына орай өседі.

Алдағы 10-20 жылдың шамасында халықтың қартаю процесі біршама артады, “жоғарыдан” қазіргі 39-49 жастағылар өзінің 60 жасқа келу кезеңінде, “төменнен” қазіргі 0-9 жастағылар репродуктивті жасты(15-49жас) құрайды.

“Қарт” аудандарға солтүстік және шығыс аймақтар жатады. Бұл жерлерде қарт адамдардың 14 %-ы тұрады, ал “жас” аудандар болып - батыс пен оңтүстік саналады. Қазақстан бойынша жас тұрғындар - Маңғыстау облысында, мұнда қарт адамдардың сандық көрсеткіші жалпы тұрғындардың 5, 6 %-ын құрайды.

Қазақстандық диаспора - Орталық Азия елдерінде 1, 7 млн, Ресей Федерациясында 740 мың, Монғолияда 140 мың, Қытайда 1, 5 млн, Туркия және Ауғанстанда 120 мың адам.

1. 5 Тұрғындардың ұлттық және діни құрамы

Қазақстанда барлығы 131 ұлттың өкілдері тұрады. Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Тұрғындарының басым көпшілігі 7 ұлт өкілдерінен: қазақтар, орыстар, украиндер, өзбектер, немістер, ұйғырлар, белорусьтардан тұрады. Олар мемлекет халқының 95 %-ын құрайды. Республикада 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Ең көп ұлт этностарына қазақтар мен орыстар жатады. Дүние жүзі бойынша 2000 этнос болса, соның ішінде қазақтар саны жағынан 70 орынға ие(13, 5 млн адамнан астам) .

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының жергілікті халқы - қазақтардың саны 8 млн 913мың адамды құрайды. Қазақстанда 20ғасырда полиэтникалық қоғам қпалыптасты. 30-жылдардың басынан 50 жылдарға дейін болған қуғын-сүргін, департация, арнайы қоныс аудару, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы эвакуация, тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде көп ұлтты халықтың құрамы пайда болды. Бұл жағдай республика бойынша 20 ғасырдың екінші жартысындағы демографиялық дамудың көрсеткішін анықтады. 2006 жылдың 1-ші желтоқсандағы есеп бойынша, 15 миллион 381 мың адамның 9 миллион 96 мыңы немесе 59 пайызы қазақтар. Сонымен қатар, Ерболат Мұсабек азайып және көбейіп келе жатқан ұлттарды да атап өтті. Оның мәліметтеріне сүйенсек, 11 айда табиғи және миграциялық жағдайларға байланысты орыстар 32 мыңға, украиндер 7700 адамға кеміп кеткен. Ал республикада саны жөнінен 4-ші орында тұрған өзбектер керісінше, 10 мың адамға өсіп, өткен жылғыға қарағанда 2, 3 пайызға артқан. Бұл Қазақстандағы әр түрлі ұлттар арасында әзірше, ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр дейді ол. Сондай-ақ, Ерболат Мұсабек қазақтардың 11 айда 2 пайызға өскендігін де айтты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтың аумақтық бөлінісі
Халықтарды Қазақстанға күштеп қоныс аудару
ТМД елдері халқына сипаттама
Қызылорда облысының халқы
Демографиялық саясат Қазақстанның мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі
Қазақстан Республикасындағы халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайы
Қазақстан халқына этнодемографяилық сипаттама
Ақтөбе облысының демографиялық дамуының қазіргі жағдайы
Қазақстан халқының демографиялық өсу көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының демографиялық саясатының стратегиясын әзірлеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz