Дамушы елдердегі азық - түлік мәселесі және оның пайда болу себептері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
2
I. ДАМУШЫ ЕЛДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК–ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ГЕОГРАФИЯСЫ, ХАЛҚЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 3-5
II. ДАМУШЫ ЕЛДЕРДІҢ АЗЫҚ–ТҮЛІКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ 6-
19
1. Дамушы елдердегі азық-түлік мәселесі және оның пайда болу себептері

6-11
2.2 Дамушы елдердегі аштық және жеткіліксіз тамақтану
12-19
III. ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕСІ
20-25
IY. АЗЫҚ–ТҮЛІК МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 26-30
Қорытынды
31
Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі
32-33

КІРІСПЕ

Тамақ ресурстары – адам өмірінің негізі болып табылады. Ертедегі бір
даналықта: Адам өмір сүруі үшін тамақ жейді, ал тамақ жеу үшін өмір
сүрмейді, деп айтылған. Сондықтан адамзаттың дамып, өркендеуіне азық–түлік
өндірісінің әсері өте зор. Тамақ өндіру адамзаттың басқа биологиялық
түрлерден негізгі ерекшелігі болып табылады. Осыдан он мың жыл бұрын Таяу
Шығыс елдерінде ауыл шаруашылығы пайда болды. Сол өңірдің тұрғындары жеуге
болатын өсімдіктерді өсіріп үйренген.Адамзат соңғы жылдары тамақ
өнеркәсібін өте жоғары деңгейде дамыту үстінде, соның негізінде өмір сүру
факторы жоғарылап, адамзаттың саны арту үстінде. Тамақ ресурстарының
көлемін ұлғайту шексіз емес. Тіпті, өнеркәсіп жоғары дамыған қазірдің
өзінде әлемнің жеке елдерінде шамамен бүкіл халықтың 10% аштықтан (әсіресе
Африка елдерінде) және тағы сол мөлшерде адамдар толық емес тамақтанудан
(мысалы, жануар ақуызының жетіспеушілігі) зардап шегуде.
Тамақ ресурстарының жетіспеушілігі кез келген аймақта және елде адам
өміріне әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Тамақ ресурстарының
үздіксіз өсуі адамзаттың өлімін төмендетіп, әлем халқы санының артуына
әкеледі. Осы курстық жұмыста мен дамушы елдердің ерекшеліктерін, ол
елдердегі халықты азық–түлікпен қамтамасыз ету мәселелерін қарастырдым.
Себебі бұл мәселе тек қана дамушы елдерді емес, бүкіл жер шарындағы
адамдарды толғандыру керек. Бұл мәселені шешудің халықаралық маңыздылығы
өте зор деп ойлаймын. Оған осы курстық жұмыспен танысу барысында көздеріңіз
жетеді.

I. ДАМУШЫ ЕЛДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК–ЭКОНОМИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫ, ХАЛҚЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дамушы елдердің көпшілігі жер шарында негізінен үш аймақта
орналасқан: Азия, Африка және Латын Америкасы. Олар тарихи дамуының
өзгешелігі, әлеуметтік-экономикалық және саяси ерекшелігі бар
мемлекеттердің айрықша тобы болып саналады. Бұл елдердің негізгі
ерекшеліктері: халық санының тез өсуі, халықтың жоқшылық көріп, сауатсыз
қалғаны, экономикасының аграрлық-минерал-шикізаттық мамандануы, ішкі
нарықтың тарлығы, өнеркәсіп саласының дамуы нашар, дүниежүзілік нарықтық
жүйеде бағыныштылығы және т.б болып табылады. Жалпы дамушы елдер арасында
әлеуметтік-экономикалық дамуда Латын Америкасы елдері неғұрлым табыстары
жоғары болып келеді. Жалпы жұрт мойындаған кедейлік полюсі Африка
мемлекеттері болып қалып отыр.
Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық мешеуліктерінің бір себебі
олардың дамуының тарихи тұрғыдан кешеуілдеп қалғанында. Сонымен қоса тағы
бір себеп олардың кезінде отар болғандарымен байланысты. Отаршылдық бұл
елдерде тауар-ақша қатынастарының дамуын жеделдетіп, оларда капиталистік
қоғамның материалдық негіздерін қалап, оларды дүниежүзілік экономикалық
қатынастардың ауқымына тартқан болса да, соған қоса қоғамдық ұйымдардың
прогресті формаларының дамуын әлденеше ондаған жылдарға бөгеп тастады,
халықты қаталдықпен тонап, оны дәстүрлі күнкөріс құралдарынан жұрдай қылды.
Пайда біткеннің бәрі ұлттық экономиканы дамытуға жұмсалмай, отаршылдықтың
қалтарларына құйылып жатты. Бұл елдердегі көптеген мәселелер олардың
өткенімен тығыз байланысты болып табылады.
Ал, енді осы мемлекеттердің халқына келетін болсақ, мұнда жер шары
халқының жартысынан астамы орналасқан және бұл үлес жылдан жылға артып
отыр. Даму процесі қарқынды болмай отырған жағдайда мұндай көбеюдің
бірқатар жағымсыз салдары болады:
• Біріншіден, бір асыраушыға қарағандардың саны көбейеді, көпшілік қолды
тауарлар, мектептер мен ауруханалар, жетіспейді, осы себепті бала-
шағасы көп жанұялардың әлеуметтік жағдайы нашарлайды.
• Екіншіден, басы артық еңбек ресурстары көбейеді, осыдан келіп
арылмайтын жұмыссыздық, жұмыс күшінің жете пайдаланылмауы шығады.
• Үшіншіден, азық-түлік проблемасы қиындай түседі.
Дамушы елдердің көпшілігінің урбандалу деңгейі әлі баяу, осы
аймақтарда ауыл халқының саны басым. Осының өзінде қалалардың халқы
өнеркәсіпке қарағанда шапшаң артып келеді. әсіресе, өнеркәсіпті қалалар мен
порттар қаулап өсу үстінде, олар көбейіп бара жатқан халықты тұрғын үймен
де, жұмыс пен де қамтамасыз ете алмайды. әдетте қала халқы өсімінің
жартысынан астамы ауылдық жерлерден келгендер болып отыр.
Дамушы елдер халықтарының әлеуметтік-таптық құрылымына шаруалардың
үлес салмағының жоғары болуы (60% және одан да көп) тән сипат; бұлар заттай
шаруашылықтардың иелерінен, ұсақ тауар өндірушілерден, капиталистік
фермерлерден, кооператор шаруалардан тұрады.
Дамушы елдердің шаруашылығы орасан мол еңбек ресурстары мен табиғи
ресурстардың болуымен ерекшеленеді. Азия, Африка, Латын Америкасы елдеріне
минерал шикізаттың дүниежүзілік қорларының 50% -нан астамы келеді. Алайда,
өндірістік қуаты осынша жоғары бола тұрса да, оларға келесідей сипаттар
тән:
1. өндіргіш күштердің дамуы төмен деңгейде; оның құрылымында ауыл
шаруашылығы мен кен өндіруші өнеркәсіп өте басым, ал өңдеуші өнеркәсіп
көбінесе жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларынан тұрады;
2. бірнеше әлеуметтік –экономикалық уклад қатарласа дамып келеді; бұлар
көбіне әртүрлі қоғамдық –экономикалық формацияларға тән;
3. дүниежүзілік нарықтағы тауар айырбасы - ауыл шаруашылығы шикізаты мен
минерал шикізатты өнеркәсіп бұйымдарына айырбастау.
4. қаржы –қаражаттың барынша тапшылығы.
1-кесте. 90 жылдардың басында дамушы елдердің артта қалуының көлемі
Артта қалу түрлері Халық саны, млн. адам
Мүлде кедей жағдайда өмір сүрушілер 1300-ден астам
Аштықта қалғандар 500- ден астам
1000
Жеткілікті мөлшерде тамақтанбайтындар 1500
Медициналық қызмет көрсетілмейтіндер 500-ден астам
Жарым-жартылай немесе толық жұмыссыздар
Ересектер арасында сауатсыздар 800-ден астам
Мектепке баруға мүмкіндігі жоқ балалар 200-ден астам
Сумен қамтамасыз етуде сенімді көздері жоқтар 2000

Сонымен, дамушы елдер - дүние жүзі елдерінің сан жағынан неғұрлым көп
тобы, бұл топқа географиялық ерекшеліктер тән, бүкіл адамзаттың болашақ
иелігі дамушы елдердегі әлеуметтік–экономикалық прогрестің қарқыны мен
нәтижелеріне тығыз байланысты болып табылады. Осы бөлімде мен қысқаша
дамушы елдердің жалпы ерекшеліктері мен экономикасына, халқына тоқталып
өттім, дамушы елдердегі халықтың азық–түлікпен қамтамасыз етілу мәселесін
келесі бөлімде қарастыратын боламын.
II. ДАМУШЫ ЕЛДЕРДІҢ АЗЫҚ–ТҮЛІКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ
2.1 Дамушы елдердегі азық-түлік мәселесі және оның пайда болу себептері
Планета халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету міндеті ежелден бері
қалыптасқан. Азық-түліктің жетіспеушілік мәселесі адамзат тарихынан бері
келе жатыр. Адам санының артуына байланысты бұл мәселе де шиеленісе түсіп
отыр. Жер бетінде 80 мыңнан астам тамақтануға жарамды өсімдіктер бар.
Бірақ, адамзат солардың 30-ын ғана пайдаланады. Солардың ішіндегі төртеуі –
бидай, күріш, жүгері және картоп, басқаларына қарағанда бізге шаруашылықта
жоғары өнім береді. Дүниежүзілік ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді дамыған
елдерде де, дамушы елдерде де шикізаттың жетіспеушілігі тежейді. Бұл
урбандалу деңгейінің жоғарылауымен, орман массивтерін сақтаумен, су
ресурстарының шектеулігімен байланысты. Азық-түлік тауарларының
жетіспеушілік мәселесі әсіресе, кедей елдерде ушығуда, себебі ондай елдер
азық-түлік өнімдерін импорттауға ауқымды қаржы бөле алмайды. Бұл мәселе
әсіресе дамушы елдерде көрініс табуда (оларға БҰҰ статистикасы бойынша
бұрынғы Кеңес одағы елдері де кіреді). Мысал ретінде Монғолия мемлекетін
алуға болады, онда жан басына шаққандағы азық-түліктен алынатын
энергетикалық құндылық күніне 2000 ккал-дан төмен болып табылады және бұл
көрсеткіш әлі де төмендеу үстінде. Қазіргі таңда дамушы елдердегі халықты
азық-түлікпен қамтамасыз ету әлемдегі ең қиын мәселелердің бірі болып отыр.
Ол осы елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, өнеркәсіп күштерінің
төмендігімен, дамыған елдермен тең құқылы емес сауда-саттықпен, трансұлттық
корпорациялардың іс-әрекетімен және тағы да басқа көптеген факторлармен
байланысты. Дамушы Африка және оңтүстік-шығыс Азия елдерінде соңғы он
жылдықта тамақ өнімдерін өндіру өте төменгі жылдамдықпен артуда, ал халық
саны керісінше қарқынды көтерілуде. Ауыл шаруашылық техникасы мен тұқым
жетіспейтін дамушы елдердегі ауыл шаруашылығы ауа райына өте тәуелді болып
табылады. 400 млн. адамнан астам халқы бар дамушы елдерде тамақтану деңгейі
өте төмен: тамақтану адам ағзасының қалыпты физиологиялық сұраныстарын
қанағаттандыра алмайды.
Ауыл шаруашылығына келетін болсақ, ол ең алдымен сатылатын ауыл
шаруашылық дақылдарын өндіруге әсер етеді. Соңғы кездері бұл өнімдерге
деген сұраныс артып, олардың сатылым бағасы да біршама көтерілген. Көптеген
он жылдықтар бойы өнімдердің әлемдік бағасы кеміп, оның ең төменгі көлемі
2000-2001 жылдары болды, ал сол кезеңнен кейін олардың нарықтағы бағасы
үздіксіз арту үстінде. Бұл дамушы және нашар дамыған елдердің қалада
тұратын кедей халқына көптеген қиындықтар туғызады. Адам санының артуына
орай дамушы елдерде сауда-саттықта өз аумағындағы өнімдердің көлемін
ұлғайту міндеті туындайды. Себебі адам саны артқан сайын азық-түлікке
сұраныс та артады. Егер біз дәнді-дақылдарды өндіру саласын үш типті
елдерде қарастыратын болсақ келесідей тұжырым жасауға болады. Дамыған
елдерде өнімдердің импортынан экспорт көлемі 10%-ға артық болып табылады.
Дамушы елдерде өнімдерді импорттау басымырақ, жалпы алғанда мұндай елдер өз
халқын қамтамасыз ететіндей қуаты бар. Дамуы өте төмен елдерде өнімдердің
импорты экспорт көлемінен 30%-ға артық. Дамушы елдердегі су ресурстарын
басқаруда тежеулерді ескерсек, жоғарыдағы сандар климаттық және
атмосфералық жауын-шашындардың әсерінен өзгеруі мүмкін. Азық-түлік
тауарларының бағасы күн сайын артуда: 2004 жылдан 2007 жыл аралығында
олардың бағасы шамамен 83%-ға артты, бидай — 181%, күріш — 201%-ға
қымбаттады. Бұл жағдайлар тек қаржылық дағдарыстың кесірі емес, сонымен
қатар басқа да бір-бірімен байланысты себептер салдарынан:
• Біріншіден, ХСҰ-ның қарамағында жүргізілетін еркін сауда, бұл жерде
қарсыластық күші жоғары ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізушілер алға
шығады (АҚШ және ЕО ірі аграрлық және азық-түлік концерндері);
• Екіншіден, етті тұтынудың батыстық моделі таралуда. Бұл жүздеген
жылдар бойы халқы ет жемей, көкеніс, күріш, жүгері өнімдерімен ғана
тамақтанған елдерде де болып жатыр. Кейде олардың рационына балық,
мейрам күндері ет өнімдері қосылған. Әйткенмен, Макдоналдстар
қазіргі күннің өзінде Дели, Рио-де-Жанейро немесе Пекинде бар.
Гамбургерлерге ет жасау үшін ірі қара малдарға алып жайылымдар мен жем
керек. Сол себепті ірі қара малды экспорттаушы елдер жайылымға
құнарлы, бұрынғы егістік жерлерді алады. Ал ол жерлер жергілікті
халықтың тамақтану көзі болып табылатын;
• Үшіншіден, климаттың өзгеруіне байланысты өнімдерді өндіру күннен
күнге қиындықтар туғызуда.
• Төртіншіден, әлемдік егістік жерлер қазір күн артып азық-түлік
өнімдерін өсіруге емес, биоотын үшін биомассаны өсіруге жұмсалуда.
Сондықтан азық-түлік өнімдері өсірілетін аумақ қысқару үстінде;
• Бесіншіден, қазір шикізат бағасының артуы қиын жағдай туғызуда,
әсіресе мұнайдың, ол биомассаның құнына әсер етеді және сондықтан
тамақ өнімдерінің бағасы қымбаттау үстінде;
Төмендегі суретте дүниежүзінде ең көп қолданылатын төрт дақылдың 1999-
2007 жылдар аралығындағы құнының өзгеру графигі көрсетілген.
1-сурет. Әлемдік нарықта негізгі төрт ауыл шаруашылық дақылдың бағасының
өзгеруі

1- суретте көрсетілгендей, бидай, күріш, жүгері дақылдарының бағасы
жылдар бойында артып отыр, тек сояның бағасы 2004 жылдан 2006 жыл
аралығында екі есеге дейін төмендеп, тек 2007 жылы бірден жоғарылаған.
Соңғы он жылдықтағы әлемдегі халық санының қарқынды өсуі Жер шары
осындай жылдамдықпен өсіп келе жатқан адамзатты асырай ала ма және
антропогендік қысымды көтере ала ма? Деген сұрақтар туындап отыр. БҰҰ
мамандарының есептеуі бойынша әлемдегі халық саны 2075 жылға қарай 9 млрд.
адам көлемінде тұрақталады деп жарияланған. Демографиялық мәселе халықтың
өсуінде ғана емес, сонымен қатар елдің экономикалық даму қарқыны мен
халықтың жас ерекшелік құрамының өзгеруі сияқты жағымсыз әсерлер де осы
мәселені ушықтырады. Ал, халықтың өсуі негізінде оларды тамақпен қамтамасыз
ету мәселесі туындайды. Дамушы елдерде халық санының артуы елдегі жылдық
ішкі өнімнің өсуінен де жылдам жүреді. Сондықтан да қазір әлемде үнемі
көбейіп отырған халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету – ең маңызды ғаламдық
мәселелердің біріне айналып отыр.
2-суретте 2005 жылғы халық саны және 2025жыл мен 2050 жылдардағы халық
санының өзгеруіне болжам жасалған.

2-сурет. 2005 жылғы әлем халқының саны және 2025, 2050 жылдардағы халық
санына болжам.

Бұл суреттен халықтың басым бөлігі (73%) дамушы елдерде тұратынын
көруге болады және халықтың өсімі де нашар дамыған елдерден күтілуде.
Жоғарыдағы келтірілген болжамдарға қарағанда, осы ғасырдың ортасына дейін
де жағдай осы күйде болмақ, яғни дамушы және нашар дамыған елдердегі халық
саны арта түспек, ал жылдар бойынша салыстырғанда дамыған елдерде халық
санының қарқынды өсімі байқалмайды, тіпті, айтарлықтай өзгерістер де жоқ,
сол бұрынғы көрсеткіштер сияқты болып отыр. Бұл дамушы және дамыған
елдердегі демографиялық саясаттың дұрыс жүргізілмеуінен болып отыр.
Дамушы елдердегі халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесінің
пайда болуының тағы бір себебі – осы мемлекеттерлегі ауыл шаруашылық
өнімдерінің қысқаруы. Өзінің ұлттық ерекшеліктері бар дәстүрлі ауыл
ландшафты кез келген елдің мәдени жетістігі болып табылады. Қазіргі кезде
ауыл халқының санының азаюына байланысты оның жойылып кету қаупі бар. Бұл
әсіресе Батыс Еуропа елдеріне тән мәселе. Бүгінгі таңда жер шарында қайта
өңдеуге келетін барлық жерлер қолданыста. Ал, ауыл шаруашылығына онша
жарамды емес жаңа жерлерді игеру ол жерлерден алынған ауыл шаруашылық
өнімдерінің қымбаттауына әсер етіп және қоршаған ортаға кері әсерін тигізуі
мүмкін ( бұл жерді біркелкі өңдемеген Африка елдерінде болған жағдай). Ауыл
шаруашылық жерлері әлемде өте жай қарқынмен ұлғаюда. БҰҰ-ның ауыл
шаруашылық бөлімінің мәліметтеріне сүйенсек, әлемде ауыл шаруашылығына
тиесілі жерлер соңғы 30 жылда 33,13-тен 35,71%-ға артқан, ал егістік көлемі
10,41-тен 11,03%-ға, яғни оның өзгерісі шамалы. Сонымен қатар, мамандардың
айтуы бойынша қазіргі кезде Ет революциясы деп аталатын процесс те бұл
мәселеге өз әсерін тигізуде. Индустрияландыру мен урбандалу процесі млн-
даған адамдардың рационының жылжуына әкеледі, яғни мал өнімдерін тұтыну
көлемін ұлғайтады. Ет революциясы деп аталатын бұл қозғалыс бүкіл
аграрлық жүйенің өндірістік мамандануын өзгеріске ұшыратты және ауыл
шаруашылығының басым саласы мал шаруашылығы болуына ықпал етеді. Осыдан
өндірістің өнімділігі мен жалпы көлемін арттыру мақсаты туындайды. Себебі,
егін шаруашылығы өнімдерінің артып келе жатқан көлемі адамдардың
тамақтануына емес, жануарлардың жеміне кетеді, нәтижесінде ол әлемдік азық-
түлік мәселесіне кері әсерін тигізеді. Жоғарыда көрсетілген бірнеше
себептердің кесірінен әлемдегі мемлекеттер, соның ішінде дамушы елдердегі
халық азық–түлік мәселесіне душар болып отыр. Осы аталынып отырған,
сипатталған себептермен бұл мәселе шектелмейді, өйткені ол жан–жақты
мәселе, барлық экономика–әлеуметтік факторлармен байланысты болып табылады.
Бірақ, аталған себептер дүние жүзілік деңгейде мойындалып, осы мәселенің ең
басты себептері деп танылып отыр. Сондықтан да мен дәл осы себептерге назар
аударуды жөн көрдім.

2.2 Дамушы елдердегі аштық және жеткіліксіз тамақтану
Адам денсаулығы мықты және белсенді болу үшін азық-түлік өте құнарлы,
сапалы болу керек. Жеткілікті тамақтанбаудан балалар өз потенциалын
толығымен аша алмайды, ал үлкендер өз мүмкіндіктерін арттыруда
қиыншылықтарға тап болады. Жеткілікті, қажетті көлемде тамақтану барлық
адамдарға бұйырмаған. Міне сол әлемдегі адамдардың жеткіліксіз тамақтануы
мен ірі көлемдегі аштыққа негіз болады. Қазіргі таңда планетада 800 миллион
адам аштыққа душар, шамамен 200 миллион бес жасқа дейінгі балалар
жеткіліксіз тамақтанудан, аштықтан зардап шегуде. Ал, маусымдық азық-
түліктің жетіспеуі мен құрғақшылықта бұл көрсеткіш одан да жоғарылайды.
Кейбір деректерде көрсетілгендей, қажетті мөлшерде тамақтанбау жыл сайын
емі бар және инфекция ауруларынан бес жасқа дейінгі 13 млн. баланың өліміне
әсер ететін басты фактор болып табылады екен. Жеткіліксіз тамақтану жаңа
туған нәрестелердің салмағының аз болуы мен өсіп-жетілуіне кері әсер ететін
факторлардың бірі. Ондай балалар ауруға тез шалдығатын, осал болады. Дамушы
елдерде жылына 30 млн. бала дамуы тежелген болып туады, ол ана құрсағында
жатқанда нашар тамақтанудан. Әлемде 3,5млрд-тан астам адам ағзаға темір
жетіспеуінен, 2 млрд. адам йод тапшылығынан, 200 млн. бала А дәруменінің
жетіспеуінен зардап шегуде. Ағзадағы темір тапшылығы адам дамуының
тежелуіне әкеледі, ауруларға қарсы тұру қабілеті төмендейді, ақыл-ой
дамуына кері әсер етеді. Темірдің жетіспеушілігі жүктілікпен байланысты
барлық өлімдердің 20 пайызына себеп болады. Ал, йодтың жетіспеуі мидың
перманентті зақымдануына, ақыл-ой кемістігіне әкеліп соғады. Тіпті осы
элементтердің аз бөлігі ғана жетіспесе, балалардың дамуында тежелулер болуы
мүмкін, олардың оқу үлгерімінің нашарлауы ықтимал.
Статистика бойынша қазір әлемнің әрбір жетінші тұрғыны жеткіліксіз
тамақтануға душар екен. Мамандар әлемнің дамушы елдерінде аштықтан 800
миллион адам зардап шегуде, оның 200 миллионы Африкада тұрады, Үндістанда
халықтың бесінші бөлігі 221 миллион адам жеткіліксіз тамақтануда, 142
миллион қытайлықтар аштық үстінде, ал Латын Америкасында - 53 миллион адам.
Тіпті, әлемдегі ең бай ел АҚШ-та 10 халық аштықтан азап шегуде және тағы
35 миллион адамға азық-түлік қамтамасыз етілмеген. Жылына аштықтан 30
миллион адам өледі, олардың 6 миллионы балалар, басқаша айтқанда әлемде
әрбір 5 секунд сайын бір адам аштық кесірінен өмірден өтеді. Кариб
бассейніндегі кедей ел Гаитиде әлеуметтік жанжалдар, саяси тұрақсыздық,
экологиялық күйреу - сауда-саттық қиындықтарын туғызды, жергілікті халық
өзіне бағасы қымбаттаған азық-түлік өнімдерін сатып ала алмайтын дәрежеге
жетіп отыр. Египетте әлеуметтік жағдай – халықтың жұмыссыздығы нәтижесінде
ушығып отыр, халыққа азық-түлік алу үшін қаражат жетпейді.
Соңғы жылдарда ашаршылық көлемі төмендеген жоқ, керісінше артуда.
Бұл мәселеге 2007–2008 ж.ж. қаржылық дағдарыс әсер етпей қоймады. Оның
нәтижесінде азық-түлік тауарларының бағасы қымбаттады. БҰҰ мәліметтері
бойынша 2007 жылдың маусым айынан бастап әлемдік нарықта сауда–саттық
тауарларының бағасы 55%–ға артқан, ал Азиядағы күріштің бағасы тіптен 3 есе
қымбаттады. Соңғы екі жылда сүттің бағасы 2 есеге артты. БҰҰ–ның әлемдік
нарықтың жағдайы туралы есебінде азық–түлік бағаларының күрт өсуіне
байланысты әлемде шамамен 40 елге жуық азық–түліктің жетіспеу мәселесіне
тап болуы мүмкін деп көрсетілген. Сауда–саттықта бағалардың жоғарылауы
өзінің ауқыиы бойынша ғаламдық мәселеге айналды, – деп жариялайды БҰҰ–ның
бас хатшысы Пан Ги Мун. Ол БҰҰ–ның ауыл шаруашылық ұйымы ауыл шаруашылық
өнімдерін өндіруге көмек ретінде 1,7 млрд. долл. қаржы бөлінетіндігін атап
өткен.
БҰҰ мәліметтері бойынша 2007 жылы дәнді–дақылдар қоры, әсіресе
бидайдың қоры соңғы 25 жылда ең төменгі деңгейге түсті. Мамандардың
сараптауы бойынша 2007–2008 жылдардағы дақылдардың жетіспеушілігі
15 млн. тоннаны құрады. Нәтижесінде бидайдың бағасы артып, әлемдік рекордқа
көтерілді, яғни тоннасына 400 доллар. Комбикормдардың құнындағы астықтың
үлесі 70–80%–ды құрайды. Еттің құнындағы мал азығына кеткен шығындар да сол
көлемде болып табылады. Астық дақылдары сондай–ақ сүт өнімдері мен
жұмыртқаның сатылым құнының көлеміне де әсер етеді.
Халықтың едәуір бөлігі аштық пен тоя тамақ ішпеуден зардап шегетін
аймақ дүние жүзінің картасында ұлан ғайыр аумақты алып жатыр. Ол экватордың
екі жағында да едәуір аумақты қамтып Африканы, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс
Азияны, ішінара Латын Америкасын бойлай қиып өтеді. Аштыққа душар халықтың
басым бөлігі Азия және Тынық мұхит аймағында өмір сүреді. Бұл аймақта
дамушы елдердегі халықтың 70 пайызға жуығы өмір сүреді. Тек қана
Үндістанның өзінде 204 млн. адам аштыққа душар, ал оңтүстік Азияда бұл
көрсеткіш 284 миллионға жуық, ол жалпы аштыққа душар халықтың 1\3-ін
құрайды. Тағы 30 пайызы (240 миллион) оңтүстік-шығыс және шығыс Азияда
тұрады. Африка континентінде ондай халықтың 1\4 бөлігі тұрады, әлемдегі
халқы ең аштыққа душар аймақ. Оның негізгі ошақтары – Орталық, Шығыс және
Оңтүстік Африкада, ондағы елдердің жалпы халқының 44 пайызы аштыққа душар.
Аштықтан құтылу міндетті түрде әр адамды керекті мөлшерде азықпен
қамтамасыз етуден және оны өндіруден басталады. Бірақ азық түлікті белгілі
бір көлемде өндіру аштықтан құтылудың жолы емес. Сол үшін барлық адамдардың
дені сау, белсенділігі жоғары болу үшін сапалы, қауіпсіз тамақ өнімдеріне
әрқайсысының қолы жетімді болуы тиіс.
Жер шарындағы 1,5 млрд. адам ( әлем халқының 20%) бүгінгі күні жан
басына шаққандағы өмір сүру минимумынан төмен жағдайда, ал 1 млрд. адам
кедейшілік пен аштықта өмір сүру үстінде. Мөлшері мен калориялығы жөнінен
жеткілікті тамақтана алмау, әдетте, көптеген дамушы елдерде тамақ
рационының адам үшін маңызды құрамдас бөліктерінің жетіспеушілігімен
қабаттасады; бұл бөліктер ең алдымен мал өнімдеріндегі ақуыздар болып
шығады. Мұның өзі бүркемелі аштық деп аталатын аштықтың бір түріне
әкеледі. Африканың, Үндістанның, Индонезияның кей аудандарында халық
крахмалы мол дәнді-дақылдармен және тамыр жемістерімен тамақтанады, алайда,
ет, сүт көрмейді десе де болады. Тұрғындар (әсіресе балалар) кейде
тойғандарынша тамақ ішкендерімен оның құрамындағы ақуызы мен калориялығы
керекті мөлшерден аз болып шығады.
3-сурет. Қазіргі дүние жүзіндегі ашаршылық пен тамаққа жарымаушылық.

Картада көрсетілгендей әлемдегі азық–түлік тапшылығы дамушы елдерде
қарқынды дамып, халық аштыққа душар күйде. Мұндағы ерекше атап өтетін
Африка континентінің елдері болып отыр.
Дамушы елдерде әдетте қайсыбір тұтынатын дақылдың басым болатыны
белгілі, соған орай тамақ та бір сарынды сипатта болады. Мысалы, Оңтүстік
және Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде тамақтағы күріштің үлесі кейде 75%, ал
Батыс Явадағы (Индонезия) кейбір аудандарда оның көлемі 90% –ға дейін
барады. Мұның адам денсаулығына тигізетін зардаптары мол болып табылады.
Африкадағы саванна аймағындағы тары дақылдары (әсіресе сорго) неғұрлым тән,
мұндағы халық тұтынатын калориялардың шамамен 40% солардан алынады. Тары
дақылдары құрғақшылық жағдайда өсірілетіндіктен, ол тамақ рационының
сенімді тірегі бола алмайды. Африканың орманды аймағына тамыр жемістердің:
ямстың, маниоканың, бататтың басым болуы тән. Латын Америкасындағы көрініс
неғұрлым ала құла. Мысалы, Гватемалада тұрғындар барлық калорияның 70%–ына
дейінін жүгері есебінен алады, Гондураста күнделікті тамақта бананның,
Гаитиде қанттың үлес салмағы өте көп.
Бірыңғай өсімдік тектес тамақ организмнің физиологиялық қажеттеріне
толық сай келмейтіндігін ескергенде, дамушы елдер халқының 70%–ына
жуығының тамағы жұғымдылығы жеткілікті тамақ деуге болады. Нақ осы
күнделікті тамақтың құрамын салыстырғанда индустриялы дамыған елдер мен
дамушы елдердің халықтарының тамақтануындағы айырмашылық айқын көрінеді.
Өсімдік текті калориялардытұтыну жөнінен бұлардың арасындағы онша көп
болмаса, онда мал шаруашылығы өнімдерін тұтынуда дамушы елдердің
көрсеткіші, мысалы, АҚШ–тағыдан 5 есе аз. Үшінші дүние елдерінің экспорттан
түсірген кірісінің бірден–бірге көбірек бөлігін алып кететін тамақ
өнімдерінің импорты арта түсуде: Бангладеште бұл үлес әдетте 77%–ға, ал
егін шықпай қалған жылдары 100%-ға жетеді.
Азық–түлік проблемасының маңызы тұтас алғанда дүние жүзінде
азық–түліктің жетпей отыратындығына емес, әңгіме азық–түлік өндіру
географиясының оны тұтыну географиясымен әсте үйлеспейтіндігінде. АҚШ–та
да, Канада да, Батыс Еуропада да артық азық–түлік көп, алайда дамушы
елдердің оны жеткілікті мөлшерде сатып алатындай қаражаты жоқ.
Сөйтіп азық–түлік проблемасы ресурстық проблема болғаннан гөрі, көбіне
әлеуметтік–экономикалық және саяси проблема болып отыр. Оның түп–тамыры
бұрынғы отарлардың экономикалық және әлеуметтік дамуын күрт тежеген
ғасырлар бойы қанаушылықта, ауылдағы жартылай феодалдық қатынастардың
сақталуында, сондай–ақ қазіргі халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде және
азаттық алған елдердің ауыл шаруашылығының лажсыздан экспортқа
мамандануында.
Бұл елдерде жер үлескілерінің мөлшері онсыз да шағын, ал жанұяның
көптеген мүшелеріне еншілеп бөлгенде одан сайын азайа түседі. Аштықтың өте
жоғары деңгейі соңғы жылдары Сомалиде байқалып отыр. Ал, Бангладеште оның
жасырын түрі кездеседі, оның негізінде адамдардың денсаулығы нашарлап,
ауруларға қарсы тұру ерекшелігінен айырылады Шаруашылықтың орташа көлемі
Индонезияда 1га-дан аз ғана артық, Шри–Ланкада – 1,5 га (салыстыру үшін:
Австралияда 1000 га–дан артық). Әдетте, тыңайтқыш пен техника сатып алуға
қаражат жетпейді; 1 гектарға тыңайтқыш қолдану жөнінен үшінші дүние дамыған
елдерден 40–45 есе қалыңқы. Сондықтан егіннің түсімі мен малдың өнімділігі
төмен; бір шаруа отбасы ауыл шаруашылығынан басқа салада жұмыс істейтін
небәрі екі–үш отбасын ғана асырай алады, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш
он және одан да көп. Кедейшілік жағдайын жұмыссыздық факторы қиындатады.
Жалпы әлемде 1 млрд. адам жұмыссыздық зардабын шегуде, олардың көбі дамушы
елдерде тіркелген. Үшінші әлем елдері дүниежүзілік ұлттық өнімнің 18%-ын
ғана өндіреді, ондағы халықтың басым көпшілігінде дамыған ел стандартына
сәйкес табыс көзі жоқ.
Ауыл шаруашылық саласындағы материалдық-техникалық базаның нашарлығы,
ауа-райына тәуелділігі, жерді қайта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық теңсіздік
Ғаламдану әлемдік экономиканың интернационалдануының ең жоғарғы кезеңі ретінде
Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
Әлеуметтану пәнінен лекциялардың қысқаша мазмұны
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия жайлы мәлімет
Жер Жаһанның демографиялық мәселелері
Әлемдік азық-түлік мәселесінің негізі
Демографиялық саясаттың тарихы
Әлеуметтік – экологиялық проблемалар және өзекті мәселелері
Қоршаған ортаның проблемалары
Пәндер