Қазіргі климат Жердің қалыпты климатынан суығырақ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Антропогендік кезеңдегі климат өзгерістерінің алғышарттары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ТАРИХИ УАҚЫТТАҒЫ КЛИМАТТЫҢ АУЫТҚУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1.Қазіргі жылынудың
үрдісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..
1.2. Озон қабатының
таусылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .
1.3. Адамның климатқа
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .11
2 КЛИМАТТЫҢ АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ ҒАЛАМДЫҚ ЖЫЛЫНУЫ
2.1. Жылыну кезеңіндегі қар жамылғысының климаттық
рөлі ... ... ... ... ... ...18
2.2. Мәңгі тоң қабатының климаттық жылынуға ықпалы
... ... ... ... ... ... ... ... 21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 24
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта негізінен жылынудың пайда болуының түсіндірмелі 2
нұсқасы бар. Бірі қазіргі климат пен табиғи ортаның өзгерісі мәселелері
антропогендік факторлар әсерінен актуальды, оның ішінде Жер атмосферасында
басқа да парникті газдар мен көмірқышқыл концентраттарының өсуі болып
табылады. Екіншісі – жаратылыстық, яғни табиғи.
Осыған орай курс жұмысымyың мақсат, міндеттері төмендегідей:
Антропогенді кезеңдегі климат өзгерістерінің алғышарттарын анықтау.
Жылыну кезеңіндегі қар жамылғысының климаттық рөлі, Мәңгі тоң қабатының
климаттық жылынуға ықпалы тақырыпшаларды қамти отырып, ғаламдық жылынудың
алғы шарттары болатынын дәлелдеу. Осының негізінде Оңтүстік Алтай маңындағы
климаттық өзгерістерінің тенденциясына сипаттама беру.
Курстық жұмыстың мақсаты: бюджеттік есеп қаржысының іс- әрекеті
кезінде өзара тығыз байланысты екі процесс; қаржы ресурстарын жұмылдыру,
яғни кірістер және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне
пайдалану, яғни шығыстар ұғымын жан-жақты ашып, талдау.
Курстық жұмыстың міндеті: Климат өзгерістерінің алғышарттарын анықтай
отырып, Қазақстан, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысындағы климат
элементтерінің өзгерістерінен туындайтын табиғи апаттардың алдын-алудың
болжауын міндет етіп алдым.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Антропогендік кезеңдегі климат
өзгерістерінің 2 нұсқасына өз көзқарастарын білдірген ғалымдардың
тұжырымдамасын ашып көрсету, табиғатты тиімді пайдалану, қорағу мәселелері
жаһандану заманында маңызды болып келеді.
Курстық жұмыстың тапсырмасы:
Қазіргі жылынудың үрдісі
Озон қабатының таусылуы
Адамның климатқа әсері
Жылыну кезеңіндегі қар жамылғысының климаттық рөлі
Мәңгі тоң қабатының климаттық жылынуға ықпалы
1 ТАРИХИ УАҚЫТТАҒЫ КЛИМАТТЫҢ АУЫТҚУЫ
Климат өзгерістері. Климат өзгермей қала алмайды, өйткені уақыт
ішінде оның қалыптасу факторлары өзгереді.
Бұрынғы өткен кездегі Жердің климаты қандай болғандығы туралы
организмдердің қазба қалдықтарын, гидрологиялық процестердің іздерін,
литогенездерді т. б.1 зерттеу үстінде алынған жанама деректер бойынша ғана
пайымдауға болады. Бұл деректерді сөзсіз ақиқат деп айтуға болмайды, бірақ
бұлар неғүрлым көп болса, соғұрлым қорытындының дұрыстығы ықтималдырақ
болады. Өткен кездегі климаттарды қалпына келтірудің ықтималдығы Жердің
қазіргі климаты туралы білімдердің дамуымен, сондай-ақ жанама белгілерді
зерттеудің жаңа әдістерін қолданумен арта түседі2.
Зерттеушілердің арқасында соңғы миллиард жыл ішінде Жер
бетіндегі климат және жоғарғы ендіктер арасында қазіргіден температураның
едәуір аз контрастары арқылы айырымдалады деп жобалауларына негіздер бар.
Мұнда тропиктік ендіктерде температура қазіргіге жақын, ал қоңыржай және
жоғарғы ендіктерде қазіргіден едәуір асып түскен, климаттық
зоналылық қазіргідей нақтылы айырымдалмаған. Бірақ жылы климаттың жалпы
фонында кезінде жоғарғы ендіктерде мұздану дами алатын біршама қысқа
мерзімді (жүздеген мың, мүмкін, миллиондаған жыл) суынулар болған.
Соңғы төрттік — бұдан 600—700 мың жыл бұрын басталган дәуір нақ осы суық
кезеңге жатады. Осы уақыт ішінде мұздану талай рет ұлғайып өсіп, қысқарды,
мұздық дәуір мұздық аралықтарымен алмасты.Соңғы мұздану бұдан 10 мың
жылға жуық бұрын аяқталды. Жоғарғы ендіктердегі мұздану қысқарды, бірақ
жоғалып кетпеді. Қазіргі климат Жердің қалыпты климатынан суығырақ.
Осының негізінде қазіргі дәуір — мұздықтықтық бөлігі деп жобаланады.
Тарихи уақыт ішінде климаттық өзгерістері туралы, әрине, ең жақсысы
аспаптық метеорологиялық байқаулардың дерегі бойынша пайымдау. Бірақ бұлар
200 жылдан сәл асатын уақыттан бері, ал жаппай аспаптар көмегімен бұдан да
аз не бары 100 жылдан бері жүргізіледі. Сондықтан да археологиялық,
фольклорлық, әдеби (әсіресе шежіре) материалдардың маңызы зор. Климат
өзгерістерінің табиғи кепілдіктері — мұздықтардың көлдердің, өзендердің
ауытқулары, ағаштардың өсуі т. б. пайдаланылады.
1 Өткен кездегі климатты зерттеумен палеоклиматология
шұрылданады.
2Мысалы, изотоптық әдіс көне су қоймалары суының
температурасын
.анықтауға мүмкіндік береді. Оттек изотоптары 016, 018 және 014 шөгінді кұ-
ралған судын. температурасына қарай бұзылатын қалдық жыныстардын кұ-
Ірамына әдетте 3000:5:1 пропорцияда еніп отырады.
Жинақталған бұл деректер тарихи уақыт ішінде климаттың күрт
өзгерістері болмады, бірақ орта күй маңындағы баяу ауытқулар үнемі болып
тұрады, мұнда олардың белгілі ритмдері білінеді деп санауға мүмкіндік
береді. Орта есеппен 11 жыл ішінде климат ауытқулары күдік тудырмайды, ал
80—90 жылдық кезеңдер байқатып отыр. Ішкі ғасырлық кезеңдерден басқа
ұзақтығы бірнеше жүз жыл (ғасырдан тыс) кезеңдер белгіленеді.
Солтүстік жарты шар материктерінің ылғалдылық өзгерістері туралы
материалды талдай отырып А. В. Шнитников кезеңділігі 1800 жыл климат
өзгерістері туралы қорытындыға келеді. Әр кезең екі фазаға: қоңыр салқын —
ылғалды климаттың ұзақтылығы азырақ (300—500 жыл) және жылы әрі құрғақ
климаттың ұзақ фазасына (1000 жылдан астам) бөлінеді. Фазалар арасында
ұзақтығы 100—300 жыл өтпелі кезең болжалынған.
XX ғасырда алғашқы үш он жылдықтар ішінде климаттың жылынуы байқалды.
Бұл солтүстік жарты шардың жоғарғы және қоңыржай ендіктерінде (солтүстік
Европада қысқы үш айдың температурасы 2,8°С-қа көтерілуі ерекше) байқалды.
Осы жылынудан туған температураның елеусіз өзгерістері табиғаттың
көптеген құбылыстарынан байқалды, тіпті адамдардың шаруашылық қызметіне
біраз ықпал етіп үлгірді. Жылыну өзендердің біраз ертерек ашылуынан (Батыс
Двина 17 күнге, Нева 3 аптаға т. б.) Альпі, Гренландия, Скандинавия,
Аляска, Памир, Килиманджаро, Антарктида т. б. мұздықтарынын кейбір шегіну
тенденциясынан көрінеді. Мәселен, Памирдегі Федченко мұздығы 1933 жылдан
1957 жылға дейін 280—300 м шегінді, Росса шельфтік мұздығы (Антарктида) 30
жыл ішінде 300 м қысқарды, Канадада егіншілік шегі солтүстікке жылжыды.
Лапландияда тундра мен орман шегі солтүстікке ығысқаны байқалды, Исландияда
бұдан 600 жыл бұрын егін егілген, ал содан кейін мұз басып қалған Жер
мұздан арылды. Арктикада солтүстікте кемелер осыншама қашықта тарихта
ешқашанда болып көрмеген. Шпицбергенде гаваньдар 1900 жылғыдай 3 ай емес,
жылына 7 ай кемелерге қолайлы болды. Суық суды жақсы көрген балықтар
(сельділер) Норвегия жағаларынан солтүстікке жылжыды. Солтүстік жарты
шардың барлық континенттерінде куаңшылық аудандардың біраз ұлғайғаны
байқалды.
40-шы жылдардық басында жылыну қазірде де жалғасып отырған суынумен
алмасты, бірақ бұл әлі әзірге мұның алдындағы жылыну нәтижелерін жоққа
шығарған жоқ. Сондай-ақ бұл процесс солтүстік жарты шарда, әсіресе жоғарғы
ендіктерде көбірек байқалады. Ортаға жылдық температураның не бары 1° С-қа
төмендеуі Англияда вегетациялық кезеңнің екі аптаға қысқаруын тудырды,
Солтүстік Атлантикада судың температурасы төмендеді, Гольфстрим оқтүстікке
қарай біраз жылжыды.
Климат өзгерістерінің себептерін, ең алдымен климат түзетін
факторлардан — Күн радиациясынан және жердің бетінің сипатынан іздестіру
керек, әсіресе әңгіме геологиялық уақыт көлеміндегі климат өзгерістері
жөнінде болса, космостық ықпалдарды жоққа шығаруға болмайды. Мәселен, Жер
галактикалық жыл ішінде (кезең200 млн жыл) өзгеретін қайсыбір космостық
ықпалды бастан өткеріп жатуы мүмкін, егер бұл солай болса, климат та
өзгеруге тиіс. Ауаның интенсивті меридиональдық ауа тасымалын тудыра
алатын толысу түзетін күштердің күшеюі Ай мен Күннің 1800—1900 жылда бір
рет болатын ерекше өзара орналасуы кезінде (бір түзуде және бір
жазықтықта) Жерге ықпалынан деп түсіндіреді.
Жердің бүкіл тарихында Күннің шығарған энергиясының мөлшері өзгерді
ме өзгерсе, нақ қалай өзгерді, ол жағы белгісіз. Алайда оған қарамастан
Жер бетіне түсетін Күн радиациясының мөлшері және оның Жер бетіне таралуы
тұрақты болып қала алмайды. Жер орбитасының эксдентриситеті 92000 жыл
кезеңде ауытқитыны және тиісінше Жер мен Күн аралығы да өзгеретіні мәлім.
40000 жыл кезеңде эклиптикаға қарай Жер осінің еңістігі өзгереді. Бұл
еңістік неғұрлым аз болса, поляр облыстары Күн жылуын соғұрлым аз алады.
Күн жылуының Жер бетіне таралуына прецессия ықпал етеді.
Аталып өткен себептердің ықпалымен Жер беті алатын жылу мөлшеріндегі
өзгерістер түрлі ендіктерде әр түрлі көрінеді. Бұл өзгерістер төменгіге
қарағанда жорарғы ендіктерде үлкен дәрежеде көрінеді. Мысалы, эклиптикада
ось еңісін 1°-қа үлғайтсақ, 80° ендіктің Күн радиациясының жылдық
шамасы 4,02 %-ке артады, ал 0° ендікте не бары 0,35%-ке азаяды. Қүн
активтігінің ауытқуы да климатқа әсер етеді. Күн активтігі күшейе түскенде
ультракүлгін сәуле шығару көбейеді. Бұл тропосфера жылу күйінің
тікелей өзгерістерін тудырмайды, бірақ аралық процестер арқылы климатқа
ықпал етеді. Қүннің ультракүлгін сәулесін ала отырып, атмосфераның жоғарғы
қабаттарындағы оттек молекулалары ыдырайды, Жердің жылу сәулесін жұтатын
озон молекулалары түзіледі. Сонымен Күннің ультракүлгін сәуле шығаруының
көбеюі Жердің бетінде температураның артуына әкеп соғады. Ультракүлгін
сәулелер тропосфераның жоғарғы қабаттарында конденсадия ядроларының — азот
ангидритының гигроскопикалық молекулаларының түзілуіне жол ашады. Су
буының қонденсациясы жылу бөлінуімен қосарланады; су буы Жердің жылулық
сәуле шашуын кідіртеді. Сонымен күннің қысқа толқынды радиациясы
атмосфераның потенциялық энергиясын кинетикалық энергияға айналдырады.
Атмосфера циркуляциясының күшеюі осыған байланысты мұнда меридиональдық
тасымал күшейеді, бұл төменгі ендіктерде температураның біраз төмендеп,
жоғарыда күшеюіне әкеп соғады. Күн активтігі Климаттың өзгеріс себептері
туралы келісілген пікірлер жоқ екендігін атап көрсеткен жөн.
әлсіреген кезде меридиональдық тасымал ендіктік тасымалдың басым
болуымен алмасады, төменгі ендіктерде температура төмендейді, жоғарыларда
артады. Күн активтігі ауытқуының цикл ұзақтығы қазір байқалып
отырғандағыдан едәуір көп болуы және олар үлкен уақыт аралығында климат
ауытқуларын тудыруы мүмкін. Күн активтігі циклдерінің салымы климат
өзгерістерін қиындата түседі.
Жердің бетіне келетін Күн радиациясының мөлшері атмосфера күшіне
байланысты. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша жарылып атқылаулардан кейін
ауаға көтеріліп (бірнеше жыл ішінде), сонан соң баяу шөгетін вулкан
тозандарының маңызы өте зор. Атмосферадағы ұсақ тозаң Жердің ұзын толқынды
сәулесін нашар кідіртіп, Күн сәулелерінің шашырауын елеулі күшейте
түсетіндігі дәлелденген. Осының нәтижесінде Жер альбедосы артып, Жер бетіне
жететін радиацияның мөлшері азаяды. Күн радиациясы 1%-ке өзгергенде Жердің
бетінде орташа температура альбедо тұрақты болса, 1,2—5°-қа өзгереді.
Тозаңды атмосферада Күн сәулесінің жол ұзындығы неғұрлым көп болса,
радиацияның шашырауы соғұрлым көп болады; сондықтан да жоғарғы ендіктерде
Күн радиациясының ысырабы төменгілерден көп, ал қыста жаздағыдан көп
болады. Атмосферада жанартау тозаңы мөлшерінің өзгерісі жалпы оның
қалыпты фонында климаттың суынуын, ал демек мұздануды да түсіндіреді.
Адамның қызметіне байланысты көбейе түсетін атмосферадағы көмір қышқыл
газының болуы климатқа ықпал ететіні сөзсіз.
Төселме беттің климатқа ықпалын қарастыра отырып, материктер мен
мұхиттарда мұздың таралуына көңіл аудармауға болмайды. Мұздардың түзілуі
бір жағынан, климатпен байланысты, екінші жағынан, оның климатқа зор ықпалы
бар. Мұз жамылғысы кеңейе отырып өтетін облыстарда температураның едәуір
төмендеуі болады; бұл өз кезегінде мұздықтардың өсуіне жол ашады. Мұз
жамылғы климатты салқындатады.
Төселме бет сипатының өзгерістері түрлі көлемде болуы мүмкін және
олардың климатқа ықпал дәрежесі бірдей емес. Планетарлық масштабта климатқа
құрлық пен Мұхиттың алып жатқан ауданының өзгерісі, материктер орналасуының
өзгерістері үлкен ықпал тигізуі тиіс. Мәселен, жоғары ендіктердегі құрлық
алаңының артуы Жер үстінде ауа температурасының төмендеуін тудыруға тиіс
әрі керісінше қыста құрлық үстінде қоңыржай және жоғарғы ендіктерде туатын
антициклондар ауаның салқындауын күшейтеді.
Рельеф өзгерістерінің ықпалы да өте үлкен, өйткені таулардың үстінде
атмосфера сирелген, су буы мен тозаң тапшы, мұнда жылу шығыны көп. Жер
бетінде таулар неғұрлым көп, неғұрлым биік болса соғұрлым ауа температурасы
төмен. Қазіргі рельефті толық тегістеп шығу, ауа температурасын 0,7°С-қа
арттырған болар еді. Тау түзілу дәуірінде ауа температурасы төмендеуге
тиіс.
Климат өзгерістеріне қандайда болсын себептердің шынайы ролін анықтау,
олардың ықпал нәтижелерін өзара салмалау салдарынан өте күрделі болып
келеді.
Микроклимат. Осы уақытқа дейін біз планетарлық көлемдегі климаттың
және үлкен кеңістік климаты, яғни макроклимат ерекшеліктерін қарастырып
келдік. Мезоклимат немесе жергілікті климат, орташа кеңістіктердің:
орманның, алқаптың, аңғардың, қаланың климаты ұғымы бар.
Микроклимат ұғымының екі мәні бар: шағын кеңістіктің, мысалы,
ауланың, қырат беткейінің, жыраның т. б. климаты және ауаның жерге таяу
қабатының дәлірек айтданда, ауаның жерге таяу қабаты климатының
ерекшеліктері. Екі мән де біріне-бірі қайшы емес, өйткені тропосфераның
жерге таяу қабатының күйі, тіпті өте шағын кеңістіктерде де елеулі өзгеріп
отырады.
Микроклиматты зерттеудің зор маңызы бар, өйткені атмосфераның бұл
қабатында адамдар өмір сүріп, еңбек етеді. Атмосфераның төселме бетпен
өзара әрекеттесулерінің нәтижелері ең алдымен және бәрінен кеп
тропосфераның нақ осы төменгі қабатында болады екен. Бұл қабатта
метеорологиялық элементтер режимінің әрқашанда орыннан орынға тез ауысатын
кейбір ерекшеліктері болады.
Беттің әр текті сипатының ықпалымен ауаның жерге таяу қабатының түрлі
бөліктерінде метеорологиялық элементтердің сандық мәндерінің өзгерістері,
бүтіндей алғанда осы мекен үшін тән болып келетін, ауа райы режимінің
өзгерістерін туғызбайды. Бірақ бұлар шамалы кеңістікте көрінетін климаттың
жергілікті ерекшеліктерінің тууына жағдай жасайды.
Микроклиматтық жағдайларды анықтайтын беттің күйі, ең алдымен,
қалыңдығы бірнеше ондаған метр жерге таяу қабатта көрінеді. Мұнда ауа мен
топырақ арасындағы жылу алмасу ерекше қызу. Күндіз ауаның жерге таяу қабаты
жоғарыда жатқандағыдан гөрі күштірек қызады, ал түнде күштірек суынады.
Сондықтан да, температураның тәуліктік ауытқулары өте үлкен. Бұл қабатта
жоғарылаған сайын температура күндіз төмендейді, түнде инверсия жиі
байқалған; Ауаның қозғалысы жер бетінде баяулаған. Бұл мұнда су буларының
қорлануына себепші болады. Атмосфераның төменгі қабатының ерекшеліктері
ашық, желсіз ауа райында жақсы білінеді, бұлыңғыр ауа райында және желді
кезде бұлар бірдейленген.
Ауа райының дағдылы жағдайларында беттен 1,5—2 м жоғарыда-ақ ауаның
араласуы болады. Сондықтан да ауаның жерге таяу қабатында температура мен
ылғалды бақылағанда аспаптар осы қабат шектерінде орнатылады.
Жер учаскесін жауып жатқан өсімдіктердің жапырақтарының жалпы ауданынан
шығатын булану ауданы жағынан осы учаскеге тең бос жатқан су бетінің
булануынан асып түседі. Көп булану мен нашар алмасу өсімдіктер арасындағы
ауа ылғалдылығының көптігін түсіндіреді.
Микроклиматқа орманның ықпалы шөп жамылғысының ықпалымен ұқсас, бірақ
масштабы жағынан одан асып түседі. Қалың орман өзіне түскен радиацияның
не бары 2—7 жерге өткізеді. Орман ішінде Күн нұрынық түсу ұзақтығы кү-ніне
5—7 сағатқа дейін қысқарады. Мұнда радиацияның спектрлік құрамы өзгереді.
Орман далаға қарағанда жазда суығырақ ал қыста жылырақ келеді. Жылылық
режимі жыл бойына шамамен бірдей болатын қылқанды орманның ықпалына
қарағанда қыста жапырақты орман температура ауытқуының тәуліктік
амплитудасына аз ықпал етеді. Ашық алқапқа1 қарағанда орманда ауа
ылғалдылығы жоғары болады. Жел тасқыны жолында орманды кездестіріп, оның
үстінен оралып өтеді әрі мұнда орман үстіндегі жел жылдамдығы күшейе түседі
(ток линияларының жақындасу салдары). Ағаш кронасында жел тынады,
ал орманда ол крона астында өте әлсіз. Тынық ашық ауа райында күндіз
төменде орманнан далаға жоғарыда дала жақтан ағаштың бастарына қарай
соғатын жергілікті желді байқауға болады; түнде циркуляция қарама-қарсы.
Ерекше климат (мезоклимат) қалаларда пайда болады. Мұның себебі: қала
үстінде түтін мен шаңның молдығы төселме беттің ерекшеліктері (асфальт,
темір шатырлар), оның шұғыл кедір-бұдырлығы (құрылыс), отын жанғанда және
өмір сүру процесіндегі адам санының көптігіне байланысты бөлінген қосымша
жылу.
Қалада, одан сырт жерден гөрі, ауа температурасы жоғары, бұл бірнеше жүз
метр биіктікке дейін байқалады. Ауаның ылғалдылығы температураның
көтерілуі мен беттен ылғалдың аз булануының салдарынан әдетте төмендейді.
Жел жылдамдығы әдетте қала сыртындағыдан аз, мұнда желдің жылдамдығы
бағытына қалалардың жоба жоспары күшті ықпал етеді. Қала мен оның
төнірегіндегі температуралар айырмашылықты қалаға қарай соғатын желдің
пайда болуына әкеп соғады. Көшелерде көлеңке мен күн жақтың әр түрлі
қызуына байланысты ауа циркуляциясы туады. Қала үстінде тұман мен
бұлттардың пайда болу жағдайлары төңіректеріне қарағанда анағұрлым қолайлы
(өрлеме ағын, конденция ядросының молдығы), әрі жауын-шашын жиі болады.
1.3.Адамдар қызметінің климатқа ықпалы.
Атмосфера күйінде елеулі өзгерістер адам қоғамының қызмётінен тууы
мүмкін. Таяудағы уақытқа дейін оның ықпалы біршама шағын болды да
тропосфераның төменгі қабатында ғана байқалды, яғни микроклиматпен,
сирегірек мезоклиматпен шектелді (мысалы, қуаңшылық аудандарды суару, орман
шабу, құрылыс).
Қазіргі кезде планетарлық масштабта климатты жаңарту маңызына энергия
өндіру ие болып отыр. Бүкіл құрлық үшін орта есеппен бір жыл ішінде
пайдаланылатын энергияның мөлшері 0,02 ккалм2 екені анықталған. Өнеркәсіп
аудандарында, қалаларда бұл едәуір жоғары, жылына жүздеген ккалсм2-ге
дейін жетеді. Күннің бәз баяғыда консервіленген энергиясы (тас көмір,
мұнай, шымтезек т. б.) босаған, энергияның жаңа түрлері пайдаланылуда,
мысалы атом энергиясы. Сөйтіп, бүкіл пайдаланылатын энергия жинақталып
келгенде, Күннің жылуына қосымша атмосфераға келіп түсетін энергияға
айналып отыр.
Өндірістің қазіргі көлемінде пайдаланылатын энергия мөлшері әр 17
жылда екі еселенуге тиіс. Бұл 200 жылдан кейін жыл сайын шығарылатын
энергияның мөлшері құрлықтың радиациялық баланс шамасына жетеді деген сөз,
ал егер энергия пайдалану қарқыны өсетін болса (бұл толық ықтимал), бұл 100
жылдан аз уақытта болады.1 Мұндайдың болмауы мүмкін бірақ құрлық үшін
жылына 1 ккалсм2 дей қосымша жылу өндіру міндетті түрде дерлік орын алатын
болады. Күн радиациясынан келіп түсетін проценттің үлесін ғана құрайтын
жылудың осы мөлшері, мәселен, поляр мұздарының шапкасын қысқарту үшін
жеткілікті болар еді. Бұл жақсы ма? Арктика климаты едәуір жылиды, қоңыржай
ендіктердің климаты аз жылынады, жауын-шашынның қайта бөлінісі пайда
болады. Мұздықтардың ерітінді сулары Мұхит деңгейінің көтерілуін тудырады.
Өзгерістер едәуір болып шығады, бұлардың бәрін болжау да қиынға түседі.
Адамзат үшін бұлардың бәрі бірдей қалаулы да қолайлы бола бермейді. Адамның
қызметімен оларды бағалау және қолайсыз нәтижелердің дер кезінде алдын алу
мақсатымен байланысты климаттың мүмкін боларлық планетарлық өзгерістерін
елеулі зерттеу керек болады. Оны жақсарту мақсатын көздеп климатты өзгерту
мәселелерін зерттеудің маңызы бұдан да кем емес. Екі проблема да өте тығыз
байланысты.
Атмосфера — географиялық қабық компоненті. Климат қатты жер бетін,
Мұхит пен құрлық суларын, өсімдік жамылғысын жануарлар дүниесін т. б., яғни
географиялық қабықтың барлық компоненттерін қоса атмосфераның төселме
бетпен өзара әсерінің нәтижесі. Климатты терең білмейінше географиялық
қабықта болып жатқан процестерді түсінуге болмайды.
Климаттың ғаламдық жылынуы
XX г. 60 ж. соңына қарай жиырма жылдық тыныштықтан кейін бір мезгілде
барлық сынап бағаналарының жоғары көтеріле бастағанын ғалымдар аңғара
бастады. 80 ж. ортасына таман тағы да көтерілді. 90 ж. әлемнің орташа
температурасының жылына бастағанын метереологиялық станциялар байқады.
Әрине, бұл өзінше рекорд еді.
Ғалымдар мен экологтар саясатшыларға қарсы шабуылға шыға бастады.
Нәтижесінде климаттың өзгеруі бойынша мемлекетаралық комиссия жұмыс жасай
бастады. 1995 ж. алғаш рет адамзаттың бейберекет жаққан отындарының
нәтижесі жер шарында температураның жылынуына әкелгенін ресми түрде
мойындалды. Дүрлігу мен алаңдаудың негізгі көздері - автомобиль газдары мен
өндірістік түтіндер, яғни көміртегінің қос тотығы екені анықталды.
Атмосфераға үнемі шығарылған газ бен түтіндер озон тесіктерін тудырып, одан
ультракүлгін сәулелер жылыжай әсерін (парниковый эффект) туындатып отыр.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша жапон ҒЗИ-ның ғаламдық экологияның
проблемаларын зерттеу бойынша топ жетекшісі Сюдзо Ниноко: Ғаламдық
климаттың өзгеруі шындыққа айналып отыр. Жылына климаттық зоналардың
шамамен бір жарым километр экватордан екі полюске қарай жылжуы үлкен
көлемде өзгерістерге ұшыратуы мүмкін - деп тұжырымдайды. Жағдайдың бұлай
дамуы 2030 жылы Токионың климатын тропикалық ауа райына әкелуі мүмкін. Егер
көмір қышқыл газы осы үрдіспен шығарыла беретін болса, онда жапон аралында
жылдың орташа температурасы 70 жылдан соң 2-3°С өседі. Бұл мұхиттағы су
деңгейінің көтеріліп, 4 млн адамды көшірумен аяқталады — дейді жапон
сарапшылары. Температура 33°С ыстықты көрсетсе, 65 жастан асқандардың өлімі
20% артады - деп, ғалымдар қоғамды сақтандырады.
Жерге топан су ғана қауіп төндірмейді. Америка ғалымы Уолленс
Бороекердің пайымдауы бойынша, газдардың көп көлемде шоғырлануы, жақын жүз
жылдықта мұхит ағыстарын өзгертуі мүмкін дейді. Мысалы, Еуропаны жылытатын
Гольфстрим. Сонда Дублинде температура 10°С-қа төмендеп, ирландықтардың
олардан кейін көрші елдердің бұғы шаруашылығымен айналысудан басқа ештеңесі
қалмайды, - дейді эколог.
Құрама штаттар ғаламды бұзуда, - дейді бұрынғы экология министрі Джон
Гоммер (Англия). Ол ғаламшар атмосферасының өндірістік газдармен ластануын
айтып отыр. Яғни, 1 млрд 200 млн тоннаның бесінші бөлігі АҚШ аумағынан
ауаға көтеріледі деген сөз.
Статистика дәлелдегендей, дамымаған елдерде орташа алғанда халықтың жан
басына шақканда жарты тоннадай көміртегінің қос тотығы келеді. Ал, өндірісі
дамыған елдерде бұл көрсеткіштер он есеге дейін жоғары.
1977 жылы БҰҰ-ың қамқорлығымен Киотода өткен әлемдік экологиялық форумда
59 елдің өкілдері алдында АҚШ сын астында қалды. Оның қорытынды
хаттамасында Еуропа елдері 2010 жылы атмосфераның ластануын 8%-ке азайтамыз
деп, АҚШ - 7%-ке және Жапония - 6%-ке міндеттеме алды.
Америка енді көмір мен газды, мұнайды үш есе аз жағады, ол ауаны
ластайтын 550 млн тонна көмір қышқыл газы деген сөз. Республикалық
оппозициядағы конгресмендер болса ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруде,
бұл экономикалық сәтсіздік деп сипат беруде.
Мамандардың айтуынша, бас түтін мұржасымен атмосфераны ластап жатыр
деген атақтан Америка экономикалық қиындықсыз-ақ өтеді. Елдің жылу электр
станциялары 55% тиімділікпен жұмыс істесе, өндірістегі бұл көрсеткіш орташа
34% ғана. Олар соңғы жылдары жел энергиясына көп көңіл бөліп отыр. Қазір
Америкада өндірілетін жел энергиясы өндірістегімен бірдей деуге болады.
Оның үстіне Америка жаңадан орман алқаптарын отырғызбақшы. Берген уәдеге
қарамай Ресейден ауаға шығарылатын зиянды заттардың 160 млн тонна квотасын
сатып алмақшы.
Таза ауа үшін көптеген елдер шығындалғысы жоқ. Форумға қатысқан АҚШ-тың
бұрынғы вице-президенті А. Гор Қытай, Үндістан және дамушы елдердің
басшыларына жеделхат жолдап, оларға да міндеттеме артуларын сұраған еді.
Алдын ала болжамдарға қарағанда 2030 ж. дамушы елдердің Еуропа, Америка
жэне Жапон елдерін бірге алғанда да атмосфераның ластануы артып келеді
екен. 2050 жылга таман көміртегінің қос тотыгы атмосферада екі есеге дейін
шоғырланады, - дейді сарапшылар. Ғаламдық проблемалардың қалыпты жағдайдан
ауытқу нүктесі -климаттың өзгеруінің басталуы деп, олар тұжырымдайды.
Көпшілікке белгілі, Қазақстан Б¥¥-ның Шектеу Конвенциясын қолдап, оған
қол қойды және оны бекітгі. Конвенцияда айтылған мәселелерге Қазақстан шын
пейілмен қарап, тиісті шараларды қолдану үстінде.
Еуразия континентінің 14 бөлігін алып жатқан Қазақстан бірегей
ландшафтты климаттық зоналарға бөлінген. Атап айтсақ, Сібірдің тайгасынан
таулы, далалы шөлге ұласып жатыр. Осындай контрасты зоналар Қазақстанда
болатын процестерді жете назарда ұстауға мүмкіндік береді.
Алынған нәтижелер көңіл алаңдатарлықтай. Республиканың далалы өңірінде
топырақ қабатының бұзылып, шөлге айналуы, фито-, зооценоздың қысқарып,
құрамының өзгеруіне әкелуде. Таулы аймақтағы тозу мен бұзылулар,
мұздақтардың азаюына жалғасып отыр, оның салдарынан өзендер тайызданып,
өсімдіктер жойылып барады. Нәтижесінде 1997 жылы Қазақстанда 200 км2 орман
өртке шалынды.
Қазақстан ғалымдарының ретроспективті талдауы негізінде алынған
мәліметтерге қарағанда, жылдың орташа температурасы 1 °С-ге жақындап
келеді, - деп болжануда. Осы жағдайда жағымсыз процестердің жиіленуі жыл
санап арта түсуде. Сондай-ақ, осы ресурста біз әлемнің басқа жерлеріндегі
су тасқынын, орман өрттерін, тайфундардың күшеюі және т.б. сол сияқты болып
жатқан процестерді қарастырамыз.
Ғылыми-техникалық прогресс, әсіресе, экологиялық зардаптарды ала келуде.
Осынау прогресс атаулы қоршаган ортаның өзгеру зардаптарына әкеліп отыр, -
деген пікір қалыптасуда. Бұл алдымен атмосферада кіші газдар шоғырларының
ұлғаюымен байқалып отыр.
Антарктидада алынған мұз жыныстарының талдануы кіші газдардың, шоғырлану
сипатының тенденциялық өсуін белгілеуге мүмкіндік беріп отыр. Ал, бұл
газдар өткен ғасырдың ортасына таман байқалса, фторлы көмірсутегілер
атмосферада жақын арада пайда болды.
Кіші газдардың жыл сайынғы өсуі: көміртегі диоксиді -0,5%, метан - 0,9%,
азот тотығы - 0,25%, хлор, фторлы көмір-сутегі - 4% болып отыр.
Негізінде кіші газдар, оның ішінде көміртегі диоксиді және азот тотығы
қазба отындарды жаққаннан пайда болатын биото.
Метанның бөлінуі ауыл шаруашылық жұмыстарының (мал шаруашылығы, күріш
өндіру) және табиғи метан сүзгілерінің бұзылу салдарынан (бактериядан)
болатыны белгілі.
Галогенді көмірсутегілер негізінен антропогенді болып келеді. Энергетика
мен атмосфераға шығарылатындар жөнінде түрлі көптеген жобалар мен үлгілер
жасалып, ғаламдық деңгейдегі зардаптарының әсері зерттелуде. Жер бетіндегі
ғаламдық жылынулар жылыжай әсерінен (парниковый эффект) кең тараган
тұжырымдамалардың (концепция) біріне айналуда.
Жылыжай әсері - бұл күн энергиясының біршама жылу бөлігін жер бетінде
ұстап тұру.
Жылыжай әсерінің түсінігін 1863 ж. Тиндалл қалыптастырған еді. 1896 ж.
Аррениус көмір қышқыл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz