Нобель сыйлығын алған тұңғыш қазақ баласы


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Қазақстанның білім және ғылым жүйесінің қазіргі таңдағы даму бағыттары»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
- ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХЫ 5Ерте кездегі білім беру 6Кеңес дәуіріндегі білім беру жүйесі 8Егеменді Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі 10
2 ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 12
2. 1 Білім беру жүйесіндегі құзыретті орган 12
2. 2 Қазақстан Республикасындағы білім жүйесінің жай-күйі 12
2. 2. 1 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 13
2. 2. 2 Жалпы орта білім беру мектептері 14
2. 2. 3 Орта білім беру жүйесін қаржыландыру 15
2. 2. 4 Техникалық және кәсіптік білім беру 16
2. 2. 5 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім 17
2. 3 Шығыс Қазақстандағы білім беру жүйесі 19
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНІҢ
БОЛАШАҒЫ 23
3. 1 Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа
мүмкіндіктері - ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауы 23
3. 2 Еркін елдің ертені - кемел білім мен ғылымда 23
3. 3 Білім сапасы мен оның стандарттарға сай келуі біздің мақсатымыз 29
3. 4 Болон процесі 33
3. 5 Оқу үрдісінің үш тілде жүргізу 34
3. 6 Сабақ берудің инновациялық әдіс-тәсілдері 35
3. 7 Қашықтықтан оқыту 44
4 ЖАҺАНДАНУ- ҚАЗІРГІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ
ЖЕТЕКШІ ТЕНДЕНЦИЯ 47
4. 1 Жаһандану және білім беру саласы 47
4. 2 Қазіргі географияның негізгі зерттеу әдістері 51
4. 3 Қазіргі дүние және геоақпараттық технология 55
4. 4 Қазіргі дүниедегі ғаламдық проблемалар 57
4. 5 Ғаламдық өзгерістер және география 62
4. 6 Қазақстандағы ғылыми-техникалық саясатты дамытудағы жаңа
бағыттар (нанотехнология, биотехнология және ғарыш салалары) 65
5 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІ 69
5. 1 Білім берудің 12 жылдық моделіне көшу (Білім бағдарламасы) 69
5. 2 12 жылдық білім жүйесі - Қазақстанда 71
5. 3 2009/10 оқу жылында облыстың мектептеріне 12 жылдық білім беруді
енгізу бойынша эксперимент жағдайы туралы 73
5. 4 12 жылдық білім жүйесін енгізгенде кездесетін мәселелер 74
6 ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ 77
6. 1 Ғылым ақиқатты білу әдісі 77
6. 2 Ғылыми теория туралы түсінік 79
6. 3 Нобель халықаралық сыйлығы 80
6. 4 Нобель сыйлығын алған тұңғыш қазақ баласы 81
ҚОРЫТЫНДЫ 85
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 86
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан білім және ғылым жүйесімен танысып, деңгейіне сараптама жасау.
Дипломдық жұмыстың міндеті: Қазақстан Республикасындағы білім және ғылым жүйесінің тарихын саралай отырып, бүгінгі күнмен салыстыра, болашақ жағдайын болжау.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: XXI ғасырда кез келген мемлекеттің дамуында ғылым мен техниканың алатын орны ерекше. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс. Өйткені, еліміздің экономикалық әлеуеті мен қоғамдағы саяси тұрақтылық, демократияның дамуы оған мүмкіндік беріп отыр. ХХІ ғасыр білімнің, ақпараттың жаңа технологияның өрістеу ғасыры. Білімнің, ғылымның бәсекеге қабілетілігі бұл күнде көптеген мемлекеттер үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Озық ғылыми-техникалық инфрақұрылымсыз және кәсіби шеберлігі жоғары білімді кадрларсыз, жаһандану талаптарына сәйкес даму мүмкін емес. Осы мақсатта отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет - білім мен ғылымды халықаралық деңгейге көтеру.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы: Зерттеудің ой-тұжырымдары мен қорытындылары жоғарғы оқу орындарында тақырыпқа сәйкес арнайы курс оқығанда, саяси ғылыми-технологиялық даму бойынша дәрістер өткізуге, ғылыми-техникалық саясатты дамыту туралы ғылыми ізденістерді жетілдіруде негіз бола алады. Сонымен қатар, ғылыми еңбектің басты қағидаларын мемлекеттік құрылымдар жүйесі, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер, ғылыми зерттеу институттары, ғылыми-техникалық орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар және т. б. саясат субъектілері іс жүзінде өз қажеттеріне жарата алады.
Диплом жұмысының көлемі 89 бет, ол кіріспе, 6 негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бітіру жұмысының құрамында барлығы 4 кесте, 10 сурет ұсынылды.
- ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХЫ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникация желілерге шығу » деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатнасқа өту қажеттігі туындайды. Қазақстан Республикасының алдында тұрған әлеументтік - экономикалық міндеттердің аса күрделігіне қарамастан, оның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының сипаты, халықтың рухани, адамгершілік көзқарасы жастар арасындағы тәржбиеге байланысты.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Елбасының «Жаңа әлемегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында :» Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандартты деңгей бойынша сапалы білім беру қызметі қол жеткізуіміз керек» десе осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында «Ақпаратты технологиялар мен ақпараттытаратудың жаңа технологияларымен бағытталған мамандандырылған білім беру бағытын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай-ақ он жетінші бағыттың үшінші тармақшасында “ Он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқыту теледидарын құру қажет» деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педогогикалық технологияларға негізделуін және жаңа ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу үрдісінде жаңа ақпарттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр [1] .
Әр жеке тұлғаның болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары. «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім», - деп ұлы жазушымыз М. Ауезов айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. Мектептегі білім - барша әлем тыныс тіршілігінің алғашқы іргетасы. Тәуелсіз еліміз қанатын кеңге жайып, ел экономикасы өркендеген бүгінгі таңда мемлекетіміздің алдында тұрған мәселенің бірі - білімді де іскер, ғылымға қабілеті бар, заман талабына сай буын қалыптастыру. Бүгінгідей әлемдегі қауымдастықтан тәуелсіздіктің тұлғасы биіктеп, ғылыми - техникалық прагресс ғарыштап дамыған тұста біздің еліміз үшін сапалы білім, саналы тәрбиемен қатар, жан - жақтылық, ғылымның бір саласынан хабардар болудың маңызы зор.
Ұлы ағартушымыз Ы. Алтынсарин « Маған жақсы мұғалім бәріненде қымбат, өйткені ол мектептің жүрегі», - деп бекер айтпаса керек. Біздің Қазақстан Республикасы жеке тәуелсіз, егеменді іргелі мемлекет болып, өркенлеп, жан-жақты дамып алға басуына байланысты оқу білімге қойылатын талаптың өзгеше болуы заңды. «Өзгеше» деп, бүкіл осы уақытқа дейін берілген білім нәтижесін жоққа шығаруға болмайды. Әр заманнан білімді, мәдениеті жоғары дамыған атақты ғалымдар шыққан. Оқушыларымыздың білімге деген қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін қалыптастырар еді, сондықтан қазіргі ұстаз өз мамандығының шебері ғана емес, бүкіл инновациялық идеаларды саналы, мәдениетті, оқушы қауымға түсінікті жеткізудің шебері болуы керек. Қазіргі кезде біздің білім саламызға инновациялық өзгерістер үздіксіз енгізілуде. Білімге қойылатын талаптардың да нығайып келе жатқаны бәрімізді қуантады. Елбасымыз білім саласына көп көңіл бөліп, оқимын деген жастарға даңғарадай жол ашып отыр. АҚШ алдыңғы қатарлы дамыған мемлекет дейміз. Себебі: олар білім саласына баяғыдан ден қойған. Мысалы: 1976-1985жж білімге деген қаражатың бөлінуін үш есе артыра отырып, дарынды деп табылған баланың білімін ары қарай шыңдай түскен. 1976 жылы 350 мың дарынды бала білімін қөтерсе, 1985 жылы 1 миллион балабілім сынасқан. Сонымен қатар АҚШ «мерит» деп аталатын ұйым құрып оған жыл сайын ең үздік, дарынды деген 600 мың бала алынып, жеке дайындалған. Бұл балалар инновациялық технолгияландырылған білім берудің жүйесін пайдалана отырып, оларды бір белестен асырып отырған. Жыл сайын осындай жәрежеге 600 мың оқушы дайындап, белестен асырылып отырса, қалай АҚШ дамымасқа [2] .
Қазіргі уақытта әр мемлекетің алдында, ғылым - білім саласында, өзінің ұлттық, өзіне тән, білімді адамның яғни, шығармашылық тұлғаның моделін сомдап шығару мәселесі тұр.
- Ерте кездегі білім беру
Қазақстанда ғылыми ой-пікірдің тууы ежелгі замандардан бастау алады. Археологиялық зерттеулер мен жазба деректер бізге Жетісуда, Орталық және Шығыс Қазақстанда 6-11 ғасырларда-ақ болған ежелгі қалалар мен қоныстар мәдениеті туралы деректер береді. Бүл мәдениеттің иелері өз көркемөнерін, қолөнерін жэне жазуын жасаған жергілікті түркі тайпалары: оғыздар, қарлұқтар, қимақтар, қыпшақтар еді [3] .
Орта Азия мен Қазақстанның 8 -11 ғасырларда араб халифатына кіруіне
байланысты өлкеде ислам діні таралып, мәдени өмірде араб мәдениетінің ықпалы күшейе түсті. Араб тілі халифат аумағында үстем тілге айналды. Алайда жергілікті мәдениет пен тіл сақталып қалды [3] .
Араб мәдениетін жасауға және дамытуға халифаттың бір кездегі арабтар жаулап алған елдерінен шыққан көптеген талантты ғалымдары барынша белсене қатысты. Орта ғасырлардағы қалалар өздерінің базарларымен және қолөнершілерімен ғана емес, сонымен бірге ақындарымен, ғалымдарымен, суретшілерімен, бай кітапханаларымен, оқу орындарымен де дүние жүзіне мәлім болды.
Қалалардың арасында Үндістан мен Қытайдан Еуропаға қатынайтын "Жібек жолы" деп аталатын сауда керуен жолының географиялық және экономикалық жағынан аса маңызды Отырар (Фараб) қ ерекше көзге түсті. Фараб кітапханасы қолжазба кітап қорының байлығы жағынан Египеттегі Александрия кітапханасынан кейінгі аса ірі кітап қоймасы болды. Фарабта ұлы ғалым Әбу Наср әл-Фараби дүниеге келді. Ол аса зор ғылыми мұра - жүзден астам ірі еңбектер қалдырды [4] .
Орта Азия мен Қазақстан қалаларынан Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Абдаллаһ әл-Хорезми, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Жафар ат-Туси, Рудаки және басқа көптеген ғалымдар шықты. Ертіс жағалауында қимақтар арасынан географ әрі тарихшы Жанах ибн Хақан Қимақи шықты.
10 - 11 ғасырларда қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген Қарахан әулеті мемлекетінде тамаша ақын әрі ойшыл Жүсіп Баласағұни өз шығармаларын жазды. Оның "Құтадғу білік" кітабы дүние жүзінің көптеген елдеріне танылды. Шығыстың озық ойшылдарының ғылым мен мәдениетке қосқан баға жетпес үлесін сол кездің өзінде-ақ Еуропа да мойындаған болатын.
Мұны 10-12 ғасырларда Шығыс ғалымдары мен ақындары шығармаларының Францияда, Италияда, Испанияда және Еуропаның басқа да елдерінде аударылып кеңінен таралғандығы да дәлелдейді. Олардың арасында Ибн Синаның Авиценна) "Медицина каноны", әл-Хорезмидің "Алгебрасы мен теңдеуі", Ибн Рушдтің (1126 -98), т. б. еңбектері. Орта Азия мен Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің 9 - 1 1 ғасырлардағы дамуы туралы айта келіп, орыс шығыстанушысы Н. И. Конрад ғылыми тәжірибеге "Шығыс дәуірі" деген терминді енгізді [4] .
Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдың ерте дәуірінде - ақ (VII- VIII ғ. ғ) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі.
Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т. б қалаларында көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Ауылдық жерлерде мектепте молдалар (татар, башқүрт, т. б. ) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналған. Балалар қыс, күз айларында оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылданған, жыл аяғында емтихан тапсыру мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік тапсыру тәртібі сақталмаған. Медреселер мұсылмандық рәсімдерін таратушы оқу орны ғана болып қоймай, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарған.
1. 2 Кеңес дәуіріндегі білім беру жүйесі
Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін жергілікті басқару бөлімдерінде шенеуніктер мен аудармашылар даярлайтын орыс-қазақ және орыс-түзем мектептерін ашу қажет болды. Осы мақсатпен Омск қаласында Азиат училищесі (1789) ашылып, оған қазақ балалары да қабылданды.
1841 жылы Жэңгір хан Бөкей Ордасында қазақ балалары үшін мектеп- пансионат ашты. 1825 жылы Орынбор қаласындағы татар мектебінің негізінде Неплюев кадет училищесі (1844 жылы - кадет корпусы), 1846 жылы Сібір әскери училищесі базасында - Омск кадет корпусы ашылды. Бұл оқу орындарын Шоқан Уәлиханов, Садық Бабажанов, Халиолла Өскенбаев және т. б. оқыды [5] .
1850 жылы Орынбор шекара комиссиясы жанынан қазақ балалары үшін 7 жылды мектеп ашылды. Осы оқу орнының түлегі, педагог Ы. Алтынсаринің басшылыгымен 1864 жылы Торғай қаласында тұңғыш қазақ мектеп-интернаты ашылды. Ол «Қазақ хрестоматиясын» (1879) «Қазақтарға орыс тілін оқытудың бастауыш оқу құралын» (1880) жазды. Ы. Алтынсарин тек мәтіндерді жаттауға ғана негізделген діни оқытуға қарсы болды. Ол ашқан қазақ-орыс мектептерінде ежелгі ғылымдармен қатар дін тарихы да оқытылды. «Мұсымандық тұтқасы» оқулығында ол адамгершілік, тектілік тәрбиесінің діни принциптерін оқушыларға түсіндірді [5] .
1879-89 жылдары Ы. Алтынсарин Торғай облысындағы халық ағарту училищесінің инспекторы бола түра Іле, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде 2 сыныптық орыс-қазақ мектебін ашты, 1888 жылы Орск қаласында - мұғалімдер даярлайтын оқу орнын ашты. Қазақ тілімен қатар орыс тілінде оқуды қолдай отырып, Ы. Алтынсарин патшалық үкімет жүргізіп отырған казақтарды орыстандыру саясатына қарсы шықты [6] .
Ы. Алтынсариннің жастарды кәсіптік оқыту туралы ой-пікірлері мен ұсыныстары кең қолдау тапты. 1886 жылы Торғайда - қолөнер, 1889 жылы Қостанайда - ауылшаруашылық училищелері ашылды. 1890 жылы Қарабұлақта, 1893 жылы Қостанайда, 1896 жылы Ақтөбеде кыздар училищесі ашылды. бұл оқу орындарында қолөнер және ауылшаруашылық шеберханалар болды. 1883- 1920 жылдары 300-ге жуық ұл мен қыз мұғалімдер семинариясын бітірі шықты [3] .
19 ғасырдың 2-ші жартысында қазақ мектебі қандай болу керек деген көкейкесті мәселе тұрды. Қарама-қарсы пікірдегі екі топ пайда болды: біріншісі Н. И. Ильинскийдің басшылығымен қазақтарды өз мәдениетінен алшақтатып, оларды орыстандыру саясатын қолдады. Екінші топтағы Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин және Абай Құнанбаев және т. б. сынды демократ- ағартушылар алдыңғы қатарлы прогрессивті мәдениетті игеру арқылы өз халқын дамыған елдер деңгейіне дейін көтеруді армандады. Абай жастарды «Өмірдің кілті - білімде, өнерде» деп шақырды.
А. Байтұрсұнов қазақ балаларын қазақ тілінде оқытуға аса көңіл бөлген. 1905 жылы 26 маусымда оның жетекшілігімен бір топ интеллигенция Қарқаралы қазақтарының атынан «Қазақ даласындағы білім тура жолға қойылуы керек, ол үшін сауаттылыққа ауыл мектептеріндегі балалар өз ана тілінде оқытылулары қажет» деген талаппен Ресей үкіметіне петиция жолдады. А. Байтұрсұнов алғаш рет қазақ әліпбиін жазып шығарды [5] .
1920 жылы қазан айында ҚазАКСР Халық ағарту комисариаты құрылды,
халық комисары болып А. Байтұрсұнов тағайындалды. 1921 жылы білім беру жұмыскерлерінің Бүкілқазақстандық конференциясы өтті. Конференцияда бірыңғай мектеп жүйесін құру, техникалық-кәсіптік білім, саяси тәрбие, оқу- тәрбие жұмыстары және т. б. мәселелер қарастырылды.
1922-23 жылдары ұлттық мектептерді кітаптармен, бағдарламалармен қамтамасыз ету шаралары бекітілді; қазақ тілінде 14 оқулық шығарылды . («Физика», «Грамматика», «Алгебра», «Школьная гигиена» и др. ) . 1920-30 жылдары республика мектептерінің материалдық базасын нығайту мақсатында мемлекет айтарлықтай көлемде қаражат бөлді. 367 мектеп салынды, 361-не күрделі жөндеу өткізілді. Бастауыш мектептер саны 333-тен (1926 ж. ) 1864-ке (1930 ж. ) дейін артса, оқушылар саны 215, 1 мыңнан 320, 1 мыңға дейін (олардың ішінде - 124, 9 мыңы қазақтар) өсті. Бастауыш мектепте қазақ- қыздары 11 % құрады [6] .
1928 жылы Қазақ Орталық Атқару Комитетінің 3-ші сессиясында қазақ қыздарын оқумен қамту туралы арнайы қаулы қабылданды. Бұл жылдары қазақ орта мектептерінің саны көп болған жоқ. Мысалға, 1927-28 жылдары республикада 2 ғана мектеп болды Орынборда және Кызылордада. Оқушылардың көп бөлігі 7 жылдықты бітіргеннен кейін техникум және Фабрикалық-зауыттық мектепке оқуға түсіп жатты.
1929 жылы республика араб әліпбиінен латын әліпбиіне ауысты. 1937 жылы қазақ бастауыш мектептері 537-ден 1190-ға дейін артса, орта мектеп - 11- ден 48-ге дейін, толық емес орта мектеп - 143-тен 237-ге дейін өсті.
1940-41 жылдары жалпы білім беру мектептерінде 1 млн. 145 мың 993 оқушы оқыды. Олардың ішінде 441 мыңы қазақ баласы, бұл 1925 жылмен салыстырғанда 6 есеге өскен. Оқушылар арасында қазақ қыздарының саны 20 мыңға артты. Жалпы алғанда білім беру сапасы айтарлықтай жақсарды.
1945-60 жылдары Орталық Қазақстанда тың жерлерді игерумен және совхоздардың құрылуымен, Ресей, Украина, Белорусия және Молдованың мыңдаған отбасыларының қоныс аударуымен байланысты мектеп және оқушылар саны күрт өсті. 1960 жылы 1063 жалпы білім беру мектебі ашылды. Қазақстанда жаңа оқулықтар шығаруда республиканың белгілі ғалымдары Е. Бекмаханов, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, И. Кеңесбаев, А. Ысқақов, Т. Қордабаев, А. Маманов, М. Балақаев, Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин жэне т. б. ат салысты [7] .
Осы жылдары білім саласында бірқатар жаңа мәселелер орын алды: 700- ден астам қазақ мектебі жабылып, аралас қазақ-орыс немесе орыс мектептеріне ауыстырылды. 600 мыңнан астам Қазақ баласы орыс тілінде оқытылатын мектептерде білім алды. 1, 5 мыңнан астам аралас қазақ-орыс мектебі ашылды. Осыған орай Қазақстан үкіметі орыс тілін 1-ші сыныптан бастап оқыту туралы қаулы қабылдады.
1960-70 жылдары білім алу мазмұнына маңызды өзгерістер енгізілді. 1962-63 жылдары 7 жылдық мектептен 8 жылдыққа ауысу аяқталды. Орыс тілін оқытуға аса назар аударылды: арнайы орта және жоғары оқу орындарында оку тек орыс тілінде жүргізілді.
1980-90 жылдары жалпыға бірдей білім беру саласына реформа жүргізілді. 6 жастан оқыту жүйесі енгізілді.
1. 3 Егеменді Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі
Еліміз егемендік алғаннан кейін білім негіздерін демократиялық, интерграциялық принциптерге орайлас әр баланың жеке-дара ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып, тәрбиелеу талап етілді. Осы жайттар ұлт мектептерінің жаңа бағдарламаларынан елеулі орын алды. Арнаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды.
Ауыл мектептеріне, мемлекеттік стандарттарға сәйкес бағдарламалардың жаңаруына, олардың 2001-2002 жылдары толық ауысуын қамтамасыз ететін мәселелерге аса назар аударылды. Негізгі жалпы білім беру мектептерінің оқу жүйесі 11 жылдық. Тегін білім берумен қоса ақылы мектептер де ұйымдастырылды [8] .
1991 жылы жаңа үлгідегі мектептер мен арнайы орта оқу орындары ашылды: лицей, гимназия, техникалық-кәсіптік мектептер, колледждер. 1995 жылы Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, онда жалпыға міндетті тегін орта білім алу жарияланған болатын. 2003 жылы Қазақстанда 8160 мемлекеттік жалпы білім беру мектебі жұмыс істеді, олардың ішінде қалалық - 2016 және ауылдық - 6144. Оқу жүргізілген мектеп оқушыларының саны қазақ тілінде - 1млн. 683 мың 700 адам, орыс тілінде-1 млн-1 млн. 300 мың 200 адам, өзбек тілінде -87 мың 300 адам, ұйғыр тілінде- 21 мың 500 адам. «Дарын» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 8 облыста дарынды балалар үшін интернат-мектептер және арнайы мектебі бар «Дарын» республикалық ғылыми - тәжірибелік орталығы құрылды. 1996 жылдың аяғында шетелдік отандастарымыздың қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарлама құрылды. Мұнда тарихи отанына оралған оралмандардың оқыту және қайта оқыту кіреді [9] .
1997 жылы республика мектептерін компьютерлік сыныптармен қамтамасыз ету мақсатында Орта білім беру жүйесін информатизациялау мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Қазақстан білім беруді дамыту индексінде әлемнің 129 елі ішінен 1-ші орынды иеленді («Теңсіздікті жою: басқарудағы маңызды рөл» жаппай білім беру мониторингі жөніндегі 2009 жылғы ЮНЕСКО-ның жетінші Дүниежүзілік баяндамасының деректері бойынша) ;
Біріккен Ұлттар Ұйымының «Кедергіден өту: адами шапшаңдық пен даму» баяндамасының мәліметтері бойынша 2009 жылы Қазақстан адами даму индексі бойынша 82-ші орынды иелене отырып, алғаш рет адам әлеуетінің дамуы жоғары деңгейлі елдердің қатарына енді;
2009 жылы Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумы халықаралық үкіметтік емес ұйымы жүргізген Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингісінде 67-ші орынды иеленді;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz