Қазақстан Республикасындағы халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайы


Қазақстан Республикасының демографиялық даму аспектілері
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасындағы халықтың әлеуметтік-экономикалық
жағдайы 6
- Қазақстанның дамуына әсер етуші экономико-географиялық
факторларды зерттеудің теориялық проблемалары 6
- Қазақстандағы демографиялық және экономикалық аспектілерді
зерттеудің теориялық проблемалары 11
1. 3 Халықтың ұдайы өсуінің әлеуметтік бағдарламалары 18
2 Қазақстан Республикасындағы халық санағы 28
2. 1 Қазақстан Республикасындағы халық санағын өткізудің тарихи
аспектілері 28
2. 2 Тәуелсіз Қазақстандағы халық санағын өткізудің ерекшеліктері 32
3 Қазақстан халқының демографиялық проблемалары 37
3. 1 Халықтың ұдайы өсу және орналасу географиясы (халықтың саны,
табиғи өсімі және орналасу тығыздығы) 37
3. 2 Халықтың миграциясы 50
3. 3 Қазақстан халқының жыныстық-жас құрылымы, ұлттық құрамы 55
Қорытынды 65
Қолданылған әдебиеттер тізімі 68
КІРІСПЕ
Кез келген мемлекеттің ең негізгі байлығы - оның халқы болып табылады. Сондықтан елдің демографиялық жағдайын бақылау, зерттеу, жақсарту проблемалары ешқашан мемлекет назарынан тыс қалмай, керісінше, елдегі демографиялық жағдайдың қазіргі таңдағы ахуалын ескере отырып, оның жақсаруына арналған іс-шараларды үздіксіз жүргізу керек. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының демографиялық көрсеткіштері ТМД елдерімен салыстырғанда жоғары деңгейде екендігі сөзсіз. Елімізде демократиялық көзқарас қалыптасқан. Яғни, Қазақстанның әрбір азаматы өз ойын, ұсынысын еркін жеткізе алады және мемлекет тарапынан оған ешқандай шектеу қойылмайды. Еліміздің президенті Н. Ә Назарбаевтың дұрыс саясаты нәтижесінде Қазақстанның демографиялық жағдайы жылдан жылға өсіп келеді. Жүздеген ұлттар мен ұлыстардың тоғыстан аймағы - Қазақстан Республикасы бүгінде өзінің әлеуметтік саладағы жеткен жетістіктері мен халыққа көрсетіліп жатқан қызметтердің жоғары деңгейімен мақтана алады. Өзінің халқына дәл біздің еліміз сияқты қолдау көрсетіп, мемлекет тарапынан жеңілдіктер жасалынып, азаматтардың игілігі үшін көптеген игі іс-шаралар жүргізіп, халықты өз қамқорлығына алып отырған мемлекеттер әлем бойынша саусақпен санарлықтай ғана. Сол себепті, Қазақстан Республикасындағы демографиялық даму аспектілерін кешенді түрде жан-жақты зерттеу қазіргі таңдағы ең басты проблема болып саналады.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі - Қазақстан Республикасы президенті «Қазақстан - 2030» атты стратегиялық жоспарында мемлекеттің даму деңгейінің негізгі көрсеткіші - елдегі халықтың демографиялық жағдайы екендігін ерекше атап өтті. Қазақстан Республикасының қазіргі таңда көздеген негізгі мақсаты елдегі халық санын арттыру болып табылады. Сондықтан Қазақстандағы демографиялық жағдайды зерттеу, халық өсімін көбейтудің жаңа жолдарын айқындау, халықтың әлеуетін арттыру сияқты проблемалар әрқашан өзектілігі жоғары болып табылады.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы халықтың демографиялық ахуалы мен демографиялық даму аспектілерін кешенді түрде зерттеу, Қазақстан Республикасы аумағындағы қазіргі демографиялық процестердің негізгі ерекшеліктері мен демографиялық проблемаларды анықтау және оларды шешу жолдарын қарастыру болып табылады. Ғылыми зерттеу жұмысының алдыға қойылған мақсаттарына сәйкес зерттеу барысындағы негізгі міндеттер де айшықталды.
Ғылыми зерттудегі негізгі міндеттер:
- Тарихи кезеңдерде Қазақстан Республикасы территориясында ұйымдастырылған халық санақтарының маңызы мен ерекшеліктерін анықтау; Қазақстан халқы ұдайы өсуінің қазіргі кездегі типінің қалыптасуы тұрғысындағы теориялық сұрақтарды зерттеу; Халықтың туу, өлімі және табиғи өсімі процестерін зерттеу; Еліміздегі халықтың этникалық құрамы мен елдегі этникалық ұдайы өсу ерекшеліктерін саралау; Қазақстан аумағындағы негізгі миграциялық үрдістердің динамикасын сипаттап, оның халықтың ұдайы өсуімен байланысын анықтау; Мемлекеттегі азаматтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен оларға әсер ететін факторларды анықтау; Халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы үшін жасалынуы тиіс іс-шараларды қарастыру; Қазақстан Республикасы аумағындағы негізгі демографиялық проблемаларды сипаттау.
Әдістемелік негіздері - диплом жұмысының негізіне халықтар географиясын және мемлекеттегі демографиялық процесстерді зерттеумен айналысқан ғалымдар В. П. Максаковский, Н. Н. Баранскийдің және қазақстандық А. Ғали, М. Тәтімов сияқты ғалымдардың теориялық зерттеулері мен еңбектері жатады. Зерттеулер барысында статистикалық, аналитикалық, географиялық зерттеу әдістері қолданылды. Статистикалық материалдарды жинақтау Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің Бас Басқармасы арқылы жүзеге асырылды.
Ғылыми жұмыстың жаңашылдығы - бұл диплом жұмысында біз тарихи-географиялық аспектіде Қазақстан аумағында өткен үш халық санағының материалдарын жинадық және соның негізінде елдегі демографиялық процесстерге анализ жасадық. Қазақстан Республикасында өткен халық санақтарының ерекшеліктері айқындалып, олардың маңыздылығы сараланды. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін жүргізіліп жатқан бағдарламаларды анализдеп, олардың деңгейін жоғарылатып, дамыту жолдары ұсынылды.
Ғылыми жұмыстың практикалық қолданылуы - бұл ғылыми жұмысты орта мектептердің мұғалімдері, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының оқытушылары «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық географиясы» пәнінде «Қазақстан Республикасының халқы», «экономикалық-әлеуметтік жағдайы» тақырыптарын өткенде көмекші құрал ретінде, анықтамалық, статистикалық жинақ ретінде пайдалана алады.
Диплом жұмысының көлемі 70 бет, ол кіріспе, 3 негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бітіру жұмысының құрамында барлығы 7 кесте, 15 сурет ұсынылды. Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, Қазақстанның дамуындағы экономико-географиялық факторлар мен демографиялық және экономикалық аспектілерді зерттеудің теориялық проблемалары қарастырылған. Елдегі демографиялық жағдайдың дамуы және оның ілгерілеп, жақсаруы көп жағдайда халықтың тұрмыс-тіршілігіне, табыс көздері мен білімділігіне, денсаулығына байланысты болып келеді. Ал, осы аталғандар негізінен республиканың экономикалық жағдайы мен экономикалық дамуына, экономикалық күштілігіне сәйкес өзгереді. Елдің экономикасы неғұрлым тұрақты болса, елдегі демографиялық жағдай да соғұрлым жақсарып, тұрақтанады. Сол себепті мен диплом жұмысында Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы мен оның даму ерекшеліктерін қарастырдым. Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы халық санағын өткізудің тарихи аспектілері, тәуелсіз Қазақстандағы халық санағын өткізудің ерекшеліктері сипатталды. Жұмыстың үшінші бөлімінде Қазақстан халқының демографиялық проблемалары қарастырылып, олардың өзектілігі мен шешу жолдары ұсынылды.
Диплом жұмысының негізгі ақпараттық базасына 1999 және 2009 жылдары Қазақстан аумағында жүргізілген «Халық санағының» материалдары, статистикалық жинақтардан алынған статистикалық материалдар, монографиялар мен периодикалық баспа құжаттары кіреді. «Халықтың өмір сүру деңгейі» статистикалық жинағында кестелік және графиктік материалдар бар, олар еліміздегі халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттайды. Қазақстан халқының демографиялық жағдайы (халық саны, жыныстық-жастық құрылымы, ұлттық құрамы, т. с. с. ), халықтың ауылдық және қалалық жерлерде орналасу ерекшеліктері, халықтың тууы, өлімі және табиғи өсімі, жанұялардың көлемі, миграция түрлері және мигранттардың ұлттық құрамы туралы статистикалық материалдар ұсынылған. Республикадағы халықтың ұдайы өсу географиясы мен халықтың ұдайы өсуіне арналған әлеуметтік бағдарламалар сипатталған. Қазақстандықтардың туу және өлім динамикасындағы негізгі ерекшеліктер мен оларға әсер етуші факторлар, себептер анықталып, сипаттама берілді. Диплом жұмысындағы кестелерде Қазақстан халқының аймақтар бойынша туу коэфициенттері, халық санының көрсеткіштері туралы ақпараттар ұсынылған.
Демографиялық проблема - қазіргі заманғы ең жаһандық сипатқа ие болған проблемалардың бірі. Қазақстандағы және жалпы әлемдегі ғалымдар әлеуметтік-демографиялық құрылымды анализдеп, зерттеу - тиімді демографиялық саясат бағыттарын дайындауға зор мүмкіндіктер туғызады және қоғамдағы әртүрлі топтарға қолдау жасауға ықпал етеді деген нақты тұжырымдарды алға тартып отыр. Менің ойымша бұл өте дұрыс тұжырым, себебі дұрыс бағытталған демографиялық саясаты жоқ ешбір мемлекет қарқынды дамып, өркендей алмайды және әлемдік нарықта да ондай елдердің маңыздылығы жойылады. Сол себепті диплом жұмысында осы аталған проблемалар толығымен сипатталып, оларды шешу және алдын алу туралы іс-шаралар қарастырылды.
Диплом жұмысындағы зерттеулердің қорытындылары 2010 жылы сәуір айында өткен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттерінің ғылыми-іс-тәжіребелік конференциясында оқылып, соның негізінде ғылыми мақала жарияланды.
Диплом жұмысының авторы ғылыми зерттеу жұмысы барысында жан-жақты көмек көрсетіп, ғылыми бағыт-бағдар бергені үшін диплом жұмысының жетекшісі г. ғ. к., доцент Бейсембаева Роза Сейдахметқызына және география құжырасының оқытушыларына зор алғыс білдіреді.
1 Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
1. 1 Қазақстанның дамуына әсер етуші экономико-географиялық
факторларды зерттеудің теориялық проблемалары
Орталық Азия аймағында ұзақ ғасырлар бойы геосаяси кеңістікте көптеген елдер өз мүдделерін көздеген болатын. Қазақстан Республикасы - Еуразия құрылығының қақ ортасында орналасқан ішкі континентальді мемлекет. Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде пайда болған мемлекеттің қалыптасуы Орталық Азия аймағындағы саяси климаттық жағдайдың қалыптасуына ықпалын тигізді. Еліміздің физико-географиялық орналасуының ел экономикасына, сыртқы саясатына және жалпы елдегі болып жатқан процестерге әсері жоғары болып табылады. Қазақстан республикасы әлем бойынша өсу қарқыны бар елдердің «серіппелі» тобына кіреді.
Бүгінде әлемнің дуалы ауыз сарапшылары, тіпті экономикадан аздаған хабары бар жалпы жұртшылық Қазақстанның әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысына қарсы қабылдаған іс-шараларына ерекше жоғары баға беруде. Шын мәнінде жаһанды тұралатқан дағдарыстан Қазақстан басқа елдермен салыстырғанда, ешбір күйзеліссіз шыққанын уақыттың өзі дәлелдеп берді. Мемлекет басшысының көрегендікпен дер кезінде қабылдаған бірлескен іс-қимыл бағдарламасының арқасында еліміз дағдарыс қиындықтарын жеңіп қана қоймай, экономикалық салалардың барлығында дерлік тұрақтылық пен өсімге қол жеткізді. Бүкіләлемдік банктің саралауы бойынша, Қазақстан орта деңгейлі табысы бар елдердің тобына кіреді. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында орнықты экономикалық өсуі қамтамасыз етіліп, соның негізінде жеке бастамашылық пен кәсіпкерлік қанат жайып, сыртқы сауда мен инвестиция тартылымы белсенділікке ие болды. Елбасымыз атап өткендей еліміз алдына қойған мақсаттарды, игі жобаларды толығымен жүзеге асырып, жаңа он жылдыққа нық қадам жасады. Қазақстан өз экономикасының өтпелі кезеңін табысты аяқтап, жаңа сапалы қадам - әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге ниет білдіріп отыр [1] .
БҰҰ-ның 2009 жылы өткізген «Кедергілерден өту: адамзат мобильділігі және дамуы» баяндамасында адамзаттың даму индексі туралы мәліметтер қарастырылған, бұл көрсеткіш мемлекет дамуының басты көрсеткіші ретінде аталынды. БҰҰ Адамзат потенциалының даму индексін пәкістандық экономист Махбуб уль-Хак жасаған, соның негізінде БҰҰ 1990 жылдан бастап жыл сайын осы индекстің әлем елдеріндегі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасын анықтап отырады. Аталмыш индекс елдегі халықтың өмір сүру ұзақтығы, сауаттылық деңгейі, нақты табысы тұрғысынан мемлекеттің жыл сайынғы жетістіктерін өлшейді. Сол өлшемдердің негізінде БҰҰ сарапшылары жыл сайын мемлекеттердің даму индекстерінің деңгейін есептеп, мемлекеттердегі индекстің өзгеру динамикасын анализдейді және осы көрсеткіш бойынша көшбасшыларды анықтап отырады (сурет 1) .
. 0, 950 және жоғары
. 0, 900-0, 949
. 0, 850-0, 899
. 0, 800-0, 849
. 0, 750-0, 799
. 0, 700-0, 749
. 0, 650-0, 699
. 0, 600-0, 649
. 0, 550-0, 599
. 0, 500-0, 549
. 0, 450-0, 499
. 0, 400-0, 449
. 0, 350-0, 399
. 0, 350-тен төмен
. мәлімет жоқ
Сурет 1. БҰҰ-ға мүше елдердің адамзат потенциалы дамуы индексінің
әлемдік картасы (2009 жылдың қорытындысы бойынша)
Суретке сәйкес, адамзаттың даму индексі көрсеткіші бойынша БҰҰ ішіндегі ең жоғары көрсеткіш 2009 жылы Норвегия мемлекетіне тиесілі, мұндағы халықтың өмір сүру ұзақтығы көрсеткіші әлем бойынша жоғары көрсеткішке жатады - 80, 5 жас, ал ІЖӨ жылына жан басына шаққанда - 72, 305 АҚШ долларына тең. Қазақстан Республикасы бұл көрсеткіш бойынша барлығы 182 елдің ішінде 82-ші орынға ие. Бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған мемлекет үшін бұл жақсы көрсеткіш деуге болады. Сонымен қатар, өткен жылдың қорытындылары бойынша басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда Адамзаттың даму индексі жылдан жылға тек оң дәрежеге арту үстінде, бұл еліміздің келер жылдары да бірер сатыға жоғарылайтынын білдіреді [2] .
Қазақстан Республикасының макроэкономикалық дамуында 2009 жылы да түбегейлі бетбұрыс болды. Қазақстан Республикасы 2009 жылдың қорытындысы бойынша БҰҰ-ға мүше елдердің ішінде ІЖӨ жан басына шаққандағы көлемі бойынша 74-ші орынға ие. ТМД елдері арасында Қазақстан жан басына шаққандағы ІЖӨ көрсеткішінен Ресей мен Белорусь Республикасынан (сәйкесінше 10845 және 7918 АҚШ долл) кейінгі үшінші орынға ие (7857 АҚШ долл) . Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің 2009 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның аймақтары бойынша адамзат даму индексінің жоғарғы көрсеткіші: Астана (0, 899), Алматы (0, 86) қалаларында және Ақтөбе облысында (0, 82), ал ең төменгі көрсеткіші: Солтүстік Қазақстан (0, 78), Алматы (0, 78) және Ақмола (0, 79) облыстарында тіркелген. «Еуразиялық қайта құру және даму банкі» Қазақстандағы ІЖӨ 2011 жылы 5, 3%-дық деңгейде өседі деген болжамдар жасап отыр, ал биылғы жылы оның көлемі бұрынғыдай 3, 5%-дық өсім деңгейінде ғана болады деген тұжырымдар жасалынды. Қазақстан экономикасы жыл сайын 9-10% қарқынмен өсіп келеді. 2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы жоспарланған мерзімнен екі жыл бұрын республика ІЖӨ-нің көлемі 2 еселенді, мемлекетіміз әлеуметтік міндеттемелерді тиімді орындады. Өткен онжылдық бойынша жалпы елдің ІЖӨ 5 есеге артты (22 млрд. АҚШ долларынан 100 млрд. долларға дейін) . 2009 жылғы 3-тоқсаннан бастап экономикалық өсудің кейбір қалпына келуі байқалады, ол 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында нақты ІЖӨ-нің айтарлықтай төмендеуін өтеді. 2009 жылдың алдын ала қорытындылары бойынша нақты ІЖӨ 1, 1%-ға ұлғайды [3] .
2009 жылы экономиканың өсу қарқынының 2007-2008 жылдардағыға қарағанда төмен болуына қарамастан мемлекеттік қолдау шаралары экономика субъектілерінің оң күтулерін қалпына келтіруге және экономикалық ахуалды тұрақтандыруға зор мүмкіндік туғызды. Қазақстанның экономикасындағы инфляциялық әлеует 2009 жылы ең төменгі деңгейде болып, оның төмендеуі байқалды. 2009 жылдың қорытындылары бойынша инфляцияның көлемі 6, 2% деңгейінде (2008 жылы желтоқсанда - 9, 5%-ды құрады) қалыптасты. 2009 жылы экономиканың артуы 1, 1%, өнеркәсіпте 1, 7% болды [4] .
Қазақстанда 2008 жылдың басында әр қазақстандыққа шаққанда жылдық орташа ішкі жалпы өнім 7 мың АҚШ доллары көлеміне жетті. Мұндай көрсеткішке посткеңестік аймақта жете қойған ешқандай мемлекет жоқ. Тіпті даму қарқыны бәсеңдемей отырған алып Қытайдың өзінде жан басына шаққандағы жылдық ішкі жалпы өнім мөлшері 2 мың долларға зорға жетті. Ресейде бұл көрсеткіш 3, 7 мың доллармен шектелуде. Бізбен деңгейлес мөлшерде тұрған тек Балтық жағалауы елдері. Соңғы 6-7 жылда қарқынды дамығанымыз соншалықты, ішкі жалпы өнімнің өсімі әр жыл сайын орта есеппен 10%-дан жоғары болуын қамтамасыз ете алдық. 2007 жылғы қорытынды бойынша, әрине, жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімнің өсімі ел тұрғындарының тұрмысында сезінерліктей оң өзгерістер әкелуде. Мәселен, әлем елдерінде жан басына шаққандағы жылдық ішкі жалпы өнім мөлшері қанша болса, жұмысшы-қызметкерлердің орташа жалақы мөлшері сол көлемде. Айталық, АҚШ-та жан басына шаққандағы орташа ішкі жалпы өнім 59 мың долларды құрайды. Дәл осыған сәйкес мұндағы орташа жылдық жалақы мөлшері де дәл сол көлемде. Бұл Жапонияда да, Норвегияда да солай. Демек, біздің елде орташа жалақы мөлшері 7 мың доллар көлемінде болуға тиіс. Бұл - «айлық жалақы 70 мың теңге болуы керек» деген сөз. Ал мәліметтер жинаушы, еліміздің статистика агенттігінің ресми дерек көздерінде қазақстандықтардың орташа жалақысы 2007 жылы 55 мың теңгені құрады делінген. Олай болса, қазақстандықтар ішкі жалпы өнімге сәйкес алуға тиісті жалақыдан айына 15 мың теңгені кем алып отыр. Ал мемлекет ұтылып тұрған жоқ. Бұл 15 мың теңге ұлттық қордағы қазынаны молайтып жатыр. Турасына келсек, ол - қазақстандықтардың қалтасына түсуге тиісті ақша. Неге бұл ақшаны отандастарымыз ала алмай жүр? Міне, осы мәселені Елбасымыз өзінің жолдауында атап көрсеткен. Өйткені бізде макроэкономика өсіп барады да, микроэкономикаға көңіл бөлінбей келеді. Өсім, негізінен, банк секторы мен табиғи шикізаттар өндірісі арқылы қамтамасыз етілді. Бұл - жалпы мемлекеттік өсімді қомақты көрсеткенімен, жекелердің өсіміне қатысы аз тұс. Жекелер тек шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы арқылы ғана жағдайын жақсарта алады. Нарықтық қоғамда өмір сүріп жатқан барлық мемлекетте ішкі жалпы өнімнің 70-80%-ы елдегі кәсіпкерліктің 70-80%-ын құрайтын шағын және орта топтағылардан алынады. Бізде бұлай болмай тұр. Елбасымыз Ұлттық қорларда 40 миллиард долларға жуық қаржы жиналғанын, солай бола тұрса да шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына қолдаудан гөрі кедергі басымдығын атап көрсетті. Егер таяудағы жылдарда Үкімет шағын және орта кәсіпкерлікті қолдап дамыта отырып натуралды өнім молшылығын жасай алса, қазақстандықтар жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім мөлшеріне сай жалақы ала алады. Олай жасай алмаса, бұрынғы күйімізде қала береміз. Меніңше, Елбасымыз өзінің айтқанын орындататын бұрынғы дәстүріне қарай енді Үкіметке талапты күшейтеді. Сол бойынша қазақстандықтардың дамуы сандық емес, сапалық мәнге ие болады.
Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда. Қазақстандағы Ұлттық Қордың жалпы халықтық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50 млрд. доллардан асып түсіп, соңғы 10 жылда 25 еседен астам жоғарылады. Мемлекет басшысы Ұлттық қордан ешқандай заемдар, басқаша қосымша трансферттер бюджетке бағытталмайтынын жеткізді. Осы мәселелерді ескере отырып, 2020 жылға қарай Ұлттық қордың активтілігі 90 миллиард АҚШ долларына дейін өсуі тиіс. Бұл ішкі жалпы өнімнің 30%-ынан кем емес көрсеткішіне тең болады деп жоспарлануда. Кез-келген мемлекет бәсекеге қабілетті болу үшін ондағы халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейі жоғары дәрежеде болуы шарт. Сол себепті де елдің экономикалық жағдайы неғұрлым дамыған сайын, мемлекеттегі азаматтардың да ахуалы соғұрлым жоғарылай береді. Қазақстанның алдына қойып отырған негізгі мақсаты да осы болып табылады [4] .
Қазақстан Республикасы әлемдегі инвестиция үшін аса тартымды 20 мемлекеттің қатарында. Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 70 миллиардтан астам АҚШ долларына жетті. Өз кезегінде қазақстандық бизнес те шет елдерге белсенді инвестиция салуда (26 млрд. АҚШ доллары) . Қазақстандағы Ұлттық қор қаржысын қоса есептегенде, елдің халықаралық активтері 40 миллиард АҚШ долларынан асады. Қазақстан Республикасында бизнесті дамыту үшін барынша жайлы жағдай жасалған. Ал, бұның өзі ең алдымен елдегі халықтың игілігі үшін жасалынған іс-шаралар. Тәуелсіздікті сан ғасырлар бойы аңсап келген қазақстандықтардың бүгінгі таңда жағдайлары жақсарып, халықтың ұдайы өсімінде де оң нәтижелер көріне бастады. Ол ең алдымен ел экономикасының дамуымен тығыз байланысты екендігін атап өтпеу мүмкін емес. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы - жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосып отырған мемлекет болып табылады. Қазақстанның ұлан-байтақ даласында табиғи қазба байлықтары да сан алуан. Олар Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайын шешуші факторлардың бірі болып табылады. Еліміз әлемде мұнай қоры бойынша - 7-ші орынды, газ қоры бойынша - 6-ші орынды, уран қоры бойынша - 2-ші орынды иеленеді. 2017 жылы Қазақстан әлемдегі ірі мұнай және газ өндірушілер мен экспортқа шығарушыларының ондығына кіруді жоспарлап отыр. Сонымен бірге, Қазақстанда тау-кен саласы, түсті және қара металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, шағын және орта бизнес және басқа да көптеген салалар серпінді дамуда. Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруге әзірлік үстінде және іс жүзінде заңнамалық базаны ДСҰ-ның талаптарына сәйкестендірді [5] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz