Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Диплом жұмысы

Қазақ диаспорасының географиялық қоныстану ерекшеліктері және олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1 Әлем елдеріндегі қазақ диаспорасының таралу

географиясы 6
1. 1. Қазақ диаспорасының таралу және орналасуының тарихы және

географиялық сипаттамасы 7

1. 2 Қазақ диаспорасының бейімделуі және жұмыс бастылық сферасы 8

2 Әлем елдеріндегі қазақ диаспорасының әлеуметтік -

саяси жағдайы 33

2. 1 Қазақстан Республикасының шет елдердегі отандастарға және

репатрианттарға деген саясаты 33

2. 2 Қазақстан Республикасындағы оралман-репатрианттардың саяси -

экономикалық жай күйі 41

3 Әлем елдеріндегі қазақ диаспорасының қазіргі

жағдайы 43
3. 1 Әлем елдеріндегі қазақтардың жай күйінің салыстырмалы

сипаты 49

3. 2 Диаспоралардың тарихи отандарына деген мәдени әлеуметтік-

экономикалық қарым қатынасы 55

Қорытынды 60

Қолданылған әдебиеттер тізімі 62

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. «Қазақ диаспорасы» құбылысы соңғы уақытта еліміздің әлеуметтік, гуманитарлық, географиялық зерттеулер объектісіне айналуда. Бұл үрдіс көптеген тарихи-географиялық дүниетанымдық мәселелерді нақты ғылыми тұжырымдауға мүмкіндік береді, этникалық ауқымды бағдарларға теориялық сипат жасауға негіз болады.

Қытай, неміс, орыс, корей, жапон және тағы басқа ұлттар диаспораларын зерттеу жұмыстары көп, бірақ қазақ дисапорасы жайында, әсіресе қазақстандық авторлар жазған жұмыстар өте аз. Теория жүзінде көпшілігі ресейлік (Н. Алексеенко, И. Орлянский, А. Асылбеков, Н. Бекмаханова, М. Тәтімов, Н. Масанов, Г. Мендіқұлова, З. Қабылдинов, Ә. Бақтыбаев, В. Козина, А. Галиев, Ж. Ермекбаев, Ғ. Қозғанбаева, А. Айдосов) авторлар зерттеулеріне сүйенеді. Кеңес дәуірінде және қазіргі уақытта да қазақ диаспорасын шет ел ғалымдары зерттегені белгілі. Олар негізінен тарихи орналасуына көбірек көңіл бөлген. Бірақта өкінішке орай көптеген сұрақтар әлі күнге дейін жауабын тапқан жоқ, себебі қазақтардың қоныс ауыстыруы саяси-әлеуметтік және экономикалық зұлматтар кезінде болды немесе күшпен жүргізілді, сол себептен көптеген құжаттар мен жазба көздері жоғалып кеткен.

Қазақ халқы өз жаңа тарихында бірнеше саяси-әлеуметтік нәубетті бастан кешірді. Жоңғар басқыншыларымен күрес, 19 ғасырдағы саяси реформалар, ХХ ғасырдың 20-30 жж. ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін, 40 жылдардағы екінші дүние жүзілік соғысқа қатысу, 50 жылдардағы тың игеруге байланысты қазақстанға славян ұлттарының жаппай көшірілуі қазақтың ұлт ретінде аман қалуына қауіп төндірді. Сол нәубеттің салдары тәуелсіздік алған еліміздің дамуына әлі де белгілі деңгейде әсерін тигізуде. Қазақ ұлты жаһандану үрдісіне төтеп беретін, бәсекеге төзімді ұлт болуы үшін халықтың «сапасымен» қоса санын да арттыру қажет. Соның бірден-бір жолы - шетелдегі қандастарымызды Қазақстанға көшіріп, қоныстандыру.

Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Қазақстан - 2030» жолдауында: «…ұлттық қауіпсіздіктің маңызды басымдылықтардың бірі демографиялық және миграциялық саясат» - деп көрсетіп берді. Бұл жақын және алыс шет елдердегі қазақ диаспорасына тікелей қатысы бар. Бүгінгі күні шет елдердегі қазақ диаспорасын географиялық тұрғыдан зерттеу мәселесі өзекті болып отыр.

Егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайта түсуімен қатар алыс және жақын шет елдердегі қазақ диаспорасына ерекше көңіл бөле бастады. Кезінде қазақ жерінен әр түрлі себептермен көшіп кеткен немесе шекаралардың сан түрлі саясаттарға байланысты өзгеріп, еріксіз басқа елдердің азаматтары болып қалған қандастарымыз тәуелсіз мемлекетімізге орала бастады. Сондықтан оларға «оралман» деген атау да берілді. Басқаша айтқанда, халықаралық деңгейде «репатриант» деп аталатын бұл құбылыс өзінің өзектілігімен күннен күнге маңыздылығын арттыра түсуде. Өйткені қазақ халқының біршама бөлігі (39%) өзінің тарихи Отанының сыртындағы елдерде өмір сүріп жатыр.

Жалпы қазіргі кезеңде жаһандану процестері әлеуметтік-этникалық кеңістіктің барлық салаларын қамтуда. Сондықтан мемелекетіміз жаңарған кезеңде қазақ диаспорасы мәселесіне бетбұрыс жасап, оған тереңірек көңіл бөліп, жан-жақты сараптау, зерттеу тақырыптың өзектілігін құрайды.

Жоғарыда айтылғандардың барлығын қорыта келе бүгінгі таңда әлемнің түрлі елдеріндегі этникалық қазақтардың жағдайын зерттеу аса маңызды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дипломдық жұмыстың теоретикалық-әдістемелік негізі ретінде ірі тарих, география, экономист ғалымдарының еңбектері қолданылды.

Зерттеудің негізгі мақсаты : Қазақстандағы диаспоралық географияны зерттей отыра әлем елдеріндегі қазақ диаспорасының санына және әлеуметтік-экономикалық жағдайларына сипаттама жасау.

Зерттеудің негізгі міндеттері:

- Қазақтардың әлем елдеріне қоныс аударуының себептерін талдау,

тарихи отанына қайту мәселелерін қарастыру;

- ҚР және басқа елдердің аумағындағы қазақтардың бейімделуінің ерекшілігін және қиыншылығын сипаттау;

- Қазақстанда және басқа елдердегі диаспоралық саясаттың географияға бағытталуын айқындау;

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Тандалған жұмыс бойынша материалдарды жинау барысында экономикогеографиялық сипаттағы ғылыми еңбектерді мүлдем кезіктірмедік. Сол себептен, жинақталған және қортыланған материалдарды және Қазақстандағы диаспоралық проблемаларға деген өзіміздің көзқарасымызды, Қазақ диаспорасының пайда болу тарихын географиялық тұрғыдан қарастыру бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы деп есептейміз.

Бітіру жұмысының қорытындылары 2010 жылы сәуір айында өткен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетіндегі студенттердің ғылыми іс-тәжірибелік конференциясында оқылды, бір жарияланған мақала бар.

Бітіру жұмысының көлемі 63 бет, ол кіріспе, 3 бөлімнен және қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, 10 кесте, 14 суреттен тұрады. Бірінші бөлімде әлем елдеріндегі қазақ диаспорасының таралу географиясының сұрақтары мен оларды зерттеу қажеттілігі қарастырылған. Екінші бөлімде әлем елдеріндегі қазақ диаспорасының әлеуметтік - саяси жағдайы, Қазақстан Республикасының шет елдердегі отандастарға және репатрианттарға деген саясаты, Қазақстан Республикасындағы оралман - репатрианттардың саяси - экономикалық жай күйі қарастырылды. Үшінші бөлімде әлем елдеріндегі қазақ диаспорасының қазіргі жағдайы, диаспоралардың тарихи отандарына деген мәдени әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасы қарастырылған.

Бітіру жұмысының авторы өзінің ғылыми жетекшісі г. ғ. к., доцент Бейсембаева Р. С., сонымен қатар, география құжырасының оқытушыларына көрсетілген көмектері үшін үлкен алғысын білдіреді.

1 Әлем елдеріндегі қазақ диаспорасының таралу географиясы

«Диаспора» сөзі - грек тілінен шыққан, «шашырау» деген мағынаны білдіреді. Біртіндеп бұл термин жаңа ортада этникалық аз топ боп өмір сүріп жатқан басқа діни және этникалық топтарға қолданыла бастады. Қазіргі саяси ғылымда «диаспора» ұғымы этникалық саясаттың алты санатының біріне жатады және «көшіп барған, қарсы алған елінде тұратын және әрекет ететін, бірақ шыққан елімен күшті сентименталдық және материалдық байланысы бар этникалық азшылық топты» сипаттайды. Қазақ диаспорасы алысқа, сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Ресейге, Орта Азия мемлекеттеріне, Ауғаныстан мен Иранға, сосын бүкіл дүние жүзіне көшіп-қонған, алдымен уақытша көшкенімен, соңынан тұрақты қалып қойған [1] .

Қазақ диаспорасы өз тарихында саяси және діни себептердің салдарынан күштеген немесе мәжбүрлеген сипаттағы көші-қонды бастан кешірді. Соларға қысқаша сипаттама беріп кетсем: 1960 жылдарға дейін, Батыс Еуропа, Америка және Парсы түбегі елдеріне еңбек көші-қоны дами бастаған кез болған . Бұл жағдай мәжбүрлік көші-қонды ерікті көші-қонға түбегейлі өзгерте қоймады, керісінше көптеген себептерден өзгеше экономикалық себептердің салдары болып табылды. Сонымен қатар, 1960 жылдардың басына дейін қазақтардың әлем елдеріне көші-қоны бұқаралық сипатпен ерекшеленді, ал қазіргі кезеңде реципиент тұратын елдеріне өз отбасыларын шақыру арқылы қоныс ауыстыру тән [1] .

Қазақ диаспораларын зерттей отырып, мыналарды атап өтуге болады: оның өкілдері барша қазақ халқының құрамдас бөлігі болып табылады, біртұтас ата қонысы - Қазақстан, мұсылман дінін ұстанады, түркі тілдес халықтарға жатады, бірақ бұрынғы ішкі және сыртқы саяси оқиғалар салдарынан қазіргі кезде Отанынан тыс, Азия, Батыс Еуропа және Америка елдерінде көбірек тұрады.

Қазіргі кезде әртүрлі ақпарат көздерінің мәліметтері бойынша қазақ диаспорасы өкілдерінің саны 4 млн. -нан 5 млн. -ға дейін жетеді.

Қазақ ирредентасы мен диаспорасы біздің мемлекетіміздің олар тұратын елдермен жүргізетін сыртқы саясатының маңызды компоненттерінің бірі, сол елдермен жасалатын мемлекетаралық қарым-қатынастарға тарихи Отаны - Қазақстан және басқа ұлт арасындағы этникалық аз топ ретіндегі қазақтардың жағдайы ықпал етеді [2] .

Осыған байланысты нақтылай кететін нәрсе, Қазақстанмен шектес жатқан аумақтардағы - Ресейдегі (Астрахань, Орынбор, Қорған, Омбы, Таулы-Алтай Автономиялық облыстары), Өзбекстандағы (Сырдария, Шыршық, Қызылқұм, Мырзашөл аудандары) және Қытайдағы (ШҰАА Алтай, Тарбағатай, Іле, Құлжа, Еренқабырға, Баркөл-Құмыл аудандары) қазақтарды ешқандай да «диаспора» терминімен анықтауға болмайды, өйткені олар өздерінің тарихи аумақтарында тұрып жатыр, сондықтан халықтың осы тобы «ирредента» терминімен анықталады.

Қазақ диаспорасының ерекшеліктері туралы мынаны айтуға болады. Көшпелілер өркениеті генінің арқасында қазақтар әлемнің кез келген еліне сәтті бейімделеді. Сөйте тұра олар барлық уақытта да этникалық аз топ болды және болып қала береді, яғни тұратын елінде нақты саяси салмағы жоқ.

Егер де қазақтарда қандай да бір негізгі құндылық болатын болса, ол ұрпақтық топтар идеологиясы деп тұжырымдайды кейбір шетелдік зерттеушілер. Ең таңқаларлығы, архаикалық идеология диаспорлардың шетелдерде қарқынды урбанизациялануына және тұратын ортасындағы болмай қоймайтын ассимиляциялық контрфакторларына қарамастан өркендеп келеді. Мүмкін бұл зерттеушілердің қазақтар ерекше ұрпақтық топқа жату тұжырымдамасын ұстанып тұрған кезде оқшау субмәдениет ретінде сақталуы мүмкін деген қорытынды жасауы дұрыс та шығар [3] .

1. 1 Әлем елдеріндегі қазақ диаспорасының географиялық таралуы

және орналасуының тарихи - географиялық сипаты

«Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деп қазақ даналығы тектен-текке өсиеттемесе керек. Құғын-сүргін, жаппай репрессия, аштық және соғыс жылдары бала-шағасының шыбын жаны үшін елден жыраққа кетуге мәжбүр болған қазақтың қазіргі ұрпағы әлем елдеріне тарыдай шашылған.

Ұлттық диаспора деп Қазақстаннан тыс жерде өмір сүріп келген халықты айтамыз. Себебі Қазақстаннан тыс жерде тұратын қазақтардың жартысынан астамы, яғни 8, 5 миллионы (2009 жыл бойынша) өзінің ежелгі ата - мекенін бұрынғыдай жайласа, ал қалған 5 миллионы бөтен жерлерді қоныстанған. Қазіргі Қазақстан Республикасының территориясы бүкіл қазақтың ата - мекені тек үштен екісін ғана қамтиды. Демек қазақтың ежелгі ата - мекені 4 миллион шаршы километрге жайылып жатыр. Оның 12 млн. Шаршы шақырымы Ресейде (600 мың шаршы шақырым), Орта Азияда (200 мың шаршы шақырым) және Қытайда (400 мың шақырым) қалып қойды [3] .

Қазақ саны өзінің негізгі орналасқан кең ареалынан сыртқа қалай шығып кеткені туралы қысқаша айтсақ, бұл ағымның басталуы ақтабан шұбырынды кезіндегі күшті жауынгершілік оқиғасымен байланысты болған. Солтүстік шығыстан баса көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан 1723 жылдан бастап шегінуге мәжбүр болған халық, солтүстік-батысқа (Сарыақаның орталығы мен солтүстігі) және оңтүстік-шығысқа қашып, қазіргі Орта Азия жеріне тереңдеп енуге мәжбүр болды. Шапқыншылықтан әбден күйзелген қазақтың ру - тайпалары Ташкент маңындағы құрамалар сияқты қайта құрылып, сол аймақтарда бір жола қалып қойғандар да баршылық. Тамды аймағында, Мырзашөлде және Шаршық бойында қазақтар ежелден - ақ сол жердерде тұрып келген. Жоңғар хандығы жеңіліс тауып, біржола жоқ болғандығына байланысты қазақтар өздерінің ежелден мекендеген шығыстағы жеріне 150 жылдаң соң қайта орала бастады. Бұл көшу 1754 жылдан бастап, әрқилы тарихи оқиғалармен бірнеше рет жалғаса отыра, екі ғасырға дейін созылып, тек 1934 жылы ғана аяқталды.

Қазақ диаспорасының әрі қарай кең етек жаюына жауынгершіліктен кейін отаршылдық саясат та тікелей әсер етті. Алдымен Еділ мен Жайықтың жағасынан, кейін Есіл мен Тобыл бойынан және Ертіс өңірінен зорлықпен жер аударылған көшпелілер Солтүстік - батыстан Оңтүстік - шығысқа қарай біртіндеп көше бастады. Отаршылдық кезең шамамен 1650 жылдан бастап, 1916 жылғы көтеріліске дейін жалғасып келген. Ол тым ұзаққа, шамамен екі - үш ғасырға созылған ұзақ мерзімді процесс болғандықтан қазіргі күнге дейін өзіндік бағасы берілмей келген [1] .

Қазіргі Қытай мен Моңғолияға қарай қазақ жұртының бұрыңғыдай қоныс аударуы азамат соғысы жылдары кенеттен жаңа күшке ие болды. Қарапайым халықты ақтар әскері бір ығыстырса, қызылдар әскері келіп тағы бір ығыстыратын. Бірнеше жылдарға созылған ұлт - азаттық азатық көтеріліс, төңкеріліс және азамат соғысы жылдарында аштықтан қырылғандар мен оққа ұшырығандары (шамамен 900 мың), ата - мекенінен көшкенінен бір жола көшіп кеткендер (шамамен 200 мың) кемшілік, яғни миллионнан асқан.

Үш бірдей 1931-1933 жылдарға созылған қызылқырғыннан барлық шығыны 2 млн. 300 мың адам болған. «Асыра сілтеу» деген бұл қырғынның ресми түрде саяси аты ғана, ал халықтың аты «мешін жылғы апат». Ал енді осы ересен демографиялық апат әлі күнге дейін өзінің «қызыл қырғын» деген атын алған жоқ [1] .

Осындай қиын қыстау жылдары қазақ халқы өзінің тарихи отанынан шет елдерге қашып пана тауып, әлі күнге дейін өмір сүріп жатыр.

1. 2 Қазақ диаспорасының бейімделуі және жұмыс бастылық сферасы

Жаһандану кезеңінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени салалардағы өзгерістерге негізделген этноаралық процестердің қарқыны Әлем қауымдастығы өмірінде айтарлықтай өсті, олар Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Полиэтникалық Қазақстанның өркениетті, демократиялық мемлекет ретінде тәуелсіздігін нығайтудың басты шарттарының бірі халқының рухани жандануы, бірігуі мен бірлесуі болып табылады. Бұл түрлі себептерге байланысты, Қазақстаннан тыс өмір сүріп жатқан этникалық қазақтармен тіршілік әрекетінің барлық салаларында тығыз ынтымақтастықты орнатуды көздейді.

Қазіргі кезде Қазақстаннан шет елдерде 5миллионға жуық қазақ әлемнің 25 елдерінде тұрады. Әлем елдеріндегі таралу географиясын айтарлықтай қазақ диаспорасы көбірек орналасқан негізгі 5 аймақты бөліп көрсеттім. Атап нақтылап айтатын болсақ: Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Орта Азия елдері, Еуропа одағы, Туркия мемлекеттері. Ең бірінші қазақ диаспорасы және ирредентасы ең көп орналасқан Ресей Федерациясына тоқталып өтсем деймін.

Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін 1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасы мен қазақ диаспорасы өкілдері арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталды. Ең алдымен 1996 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен "Қазақ диаспорасын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарлама" құрылды, 1997 жылы 13 желтоқсанда "Көші-қон заңы" қабылданды, Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған Стратегиясы, 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасының территориалды даму стратегиясы бекітілді. Қазақстан Республикасының территориясында этникалық иммигранттарды, еңбек ету үшін келгендерді рационалды қоныстандыру мен жайғастыруда жәрдем көрсету мақсатымен «Нұрлы көш» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Репатрианттардың Мемлекеттік квоталары бекітілді. Қазақ диаспорасы үлкен аралықтардағы жерлерге уақытша көштен басталып, одан кейін ұзақ мерзімді көші-қонға айналған. Олар сыртқы шекарадан, яғни Қазақстаннан Қытайға, Орта Азия елдеріне, Ауғаныстан және Иран, ал одан кейін барлық әлем бойынша таралған [3] .

1731 ж басталған қазақ жүздерінің Ресейге қосылу үдерістерінен кейін қазақтардың Ресей территориясы бойынша көшпенді орын ауыстыруы басталды. Бұл қазақтардың саудада, қалалар құрылысында, әскери қоршаулар тізбегіне қатысумен, жаңа территорияларды басқару саласында жаңа үкіметтік реформаларды жүргізумен түсіндіріледі.

Жалпы Қазақстан мен Ресейдің шекаралық ұзындығы жеті мыңнан астам километрді құрайды, бірақ бізді біріктіретін бұл ғана емес [4] .

Қазақстанда 4 млн-ға жуық орыс тұрады, Ресей Федерациясында әртүрлі бағалау бойынша 650 000 нан 1 500 000 этникалық қазақтар тұрады. Ресейде қазақ отбасыларының тығыз тұрақтылығы келесі аймақтарда байқалады: Еділ маңы федералды аймақ (228016 адам), Оңтүстік аймақ (201095 адам), Астрахан облысы (142633 адам), Орынбор облысы (125568 адам), Сібір федералды аймағы (123914 адам), Мәскеу қаласында 7997 адам, Санкт-Петерборда 2830 адам тұрады [5] .

1897 жылдан бастап жүз жылдан астам уақыт аралығында Ресейде (КСРО) тоғыз халық санағы жүргізілген. Ең соңғысы 2008 жылы өткізілді (1 кесте) .

Кесте 1

Ресейдегі қазақтардың салыстырмалы көрсеткіштері

Жылдар: Жылдар
1978: 1978
1988: 1988
1998: 1998
2008: 2008
Жылдар: Саны
1978: 356646
1988: 477820
1998: 635865
2008: 1315

Кестеден көріп отырғандай, қазақ этносының Ресейдегі саны көші-қон үдерісі басталғаннан бері ұлғаюда. Егер де 1978 жылы Ресейдегі қазақтар саны 356646 болса, он жыл шамасында бұл көрсеткіш 477820 дейін жетті. Ал 1988 жылы 1998 жылмен салыстырғанда 158045 адамға көбейді.

Бұл көрсеткіштер, тарихи оқиғаларға байланысты ұлғайды. Себебі қазақ ұлтының көптеген адамдары ол тарихи оқиғалар салдарынан өз жерлерінен көшіп кетуге мәжбүр болды. Салыстырмалы көрсеткішін төмендегі келтірілген диаграммадан көруге болады (1 сурет) .

2005 жылдың Жалпыресейлік халық санағы нәтижелері бойынша Ресейде қазақ диаспорасын екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа шекаралық аймақтарда тұратын қазақтар кіреді. Берілген топқа негізінен ауыл шаруашылығымен айналысатын қазақтар жатады. Қазақстан Республикасының 14 облысы ішінен Ресей Федерациясымен шекаралас 6 облыс (Қостанай, ШҚО, СҚО, БҚО, Павлодар, Атырау, Ақтөбе) кіреді. Екінші топқа қалада тұратын диаспора өкілдері кіреді. Олардың көбі жоғары білімді және интеллектуалды еңбекпен айналысатындар [5] .

Кеңес одағының ыдырауы ресейлік қазақтарға жаңа саяси және әлеуметтік жағдай туғызып, жаңа мәртебе берді. Одақ тұсында РСФСР-да тұратын қазақтар өздерін диаспора ретінде сезінген жоқ. Себебі КСРО - барлық ұлттардың ортақ отаны болды. Ал әлемдік кеңістікте тәуелсіз Қазақ мемлекетінің пайда болуы басқа республикалардағы қазақтарды диаспораларға айналдырды. Сонымен бірге Қазақстанның дербестікке қол жеткізуі қазақ диаспорасының ұлттық санасын оятып, ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін білуге, бүгіні мен ертеңін тануға ынталандырды. Ресей азаматы бола алғанымен, енді олар тарихи отаны бар, жағдай болғанда Ресейді тастап кетуге дайын этностық топ ретінде қабылданатын болды. Ресейдегі олардың жағдайы енді осы қатынастардың сипатымен өлшенетін болды [1] .

Сурет 1. Ресейдегі қазақтардың салыстырмалы көрсеткіштері

Ресей Федерациясында қазақ диаспорасы Ресей қоғамының әлеуметтік-экономикалық стратификациясында жақсы бейімделген. Олардың өздерінің қоғамдық бірлестіктері және мәдени орталықтары (40 жуық) бар, сонымен қатар бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы достастықты нығайтудың факторы.

«Әлеуметтік саяси зерттеулер институты» 2008 жылы шілде-тамыз айлар аралығында «Отандастардың интеллектуалдық әлеуеті» атты зерттеу жұмысын жүргізді. Осы зерттеу негізінде Ресейдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне, яғни Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы қалаларында тұратындарға, бірқатар сұрақтар қойылды, қатысушылардың жауаптары диаспораның әлеуметтік-экономикалық жағдайына көз жеткізуге мүмкіндік берді.

Ресейде тұратын диаспора өкілдерін Ресей территориясында тұру себептері бойынша екі топқа бөлуге болады: біріншісіне, өмір бойы Ресей территориясында өмір сүріп келгендер (Омбыдағы қазақ диаспорасы), екіншісі, Ресейге білім алу мақсатымен барып, қалып қойғандар (Мәскеу, Санкт-Петербургтегі қазақ диаспорасы) .

Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларындағы диаспора өкілдері Қазақстанның түрлі аумақтарынан көшіп келгендер. Барлық келгендердің өмірлерінің көп бөлігі Ресейде өтті, себебі оқуға келгенде әлі 20-лар шамасында болған, қазіргі кезде жастары келіп қалған аға буынды құрап отыр. Аралас некелерге байланысты қазақ диаспорасы арасында түрлі көзқарастар бар. Сол кездері оқуға барғандардың көп бөлігі жігіттер болып келеді.

Диаспора өкілдерінің өздерін руларымен сәйкестендіру арқылы өздерінің ұлттық сәйкестік белгісін білдіреді.

Ресейдегі қазақ диаспорасының көші-қон тарихына қорытынды жасасақ, Ресейде қазақтардың көші-қон кезеңдерін сауалнама жауаптары бойынша екіге бөліп көрсетеміз, бұл КСРО және Қазақстан егеменді ел болып қалыптаса бастаған кезең. Екі кезеңде де білім алу мақсатында Ресейге кетті. Барған жерлерінде білім алып, сол жердің адамдарымен отбасын құрды. Білім алу үшін көшіп кеткен жерлері Ресейдің ірі қалалары: Мәскеу, Санкт-Петербург болып табылады [5] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктері
Қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлова
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мен ресейдің мәдени саладағы қарым-қатынастары
ҚР мен ТМД елдері қатынастарындағы қазақ диаспорасының мәселелері (ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басы)
АЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ ИНТЕГРАЦИЯСЫ
ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
Қазақстанның Ресей мемлекеті үшін маңыздылығын сараптау жұмысын
ТМД шеңберіндегі қазақ диаспорасының мәселелері мен Қазақстанның көзқарасы (1991-2006жж)
ДИАСПОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДИАСПОРА ҰҒЫМЫ
Қазақстан Республикасының ТМД мемлекетінің дипломатиялық қатынастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz