География пәнінде өлкетану жұмыстары негізінде оқушылардың азаматтылықтарын қалыптастыру мүмкіндігі


Диплом жұмысы
Тақырыбы: «Адамгершілік құндылықты қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының орны»
Кіріспе . . . 3
- Адамгершілік тәрбиені қалыптастырудағы проблемалардың ғылыми тұрғыдан теориялық негіздері. 6
1. 1 Ұлттық тәрбиенің адамгершілік құндылықты қалыптастырудағы тәрбиелік мәні . . . 8
- Оқушылардың азаматтылығын қалыптастыру үшін жүргізілетін ойлардың дамып, қалыптасуы . . . 14
2. 1 Әдеп сақтау - адамгершіліктің белгісі . . . 17
2. 2 География, экология сабақтарында адамгершілік құндылықты қалыптастырудағы өлкетану жұмыстарының мүмкіндіктері . . . 17
2. 3 География пәнінде өлкетану жұмыстары негізінде оқушылардың азаматтылықтарын қалыптастыру мүмкіндігі . . . 22
2. 4 Оқушылардың дүниетаным әрекеттерін география пәнінде қалыптастыру үшін жүргізілген педагогикалық эксперимент жұмыстарына талдау . . . 31
2. 5 Мектепте өлкетану жұмыстары арқылы оқушылардың азаматтық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға жобаланған ұсыныстар . . . 45
Қорытынды . . . 57
Қолданылған әдебиеттер . . . 58
Қосымшалар . . . 60
Кіріспе
Соңғы кезде Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін жергілікті жердегі жағдайлар түбегейлі өзгере бастады. Өнеркәсіп және экономика салаларының өзгеруі қоғамның мәдениетті дамуына байлансты, осы жағдайда тәрбиелік жұмыстар басты рөл атқарады. Осындағы концептуальды пікірлер мектеп ұжымдарына үлкен сыныптағы оқушылардың азаматтық тәрбиесін жоғары деңгейде, шығармашылық бейімдіктерін қалыптастыру жолдарын қолдану мемлекеттік және қоғамдық бағдарламаларда көрсетілген.
Жоғарыдағы талапты орындау мектеп жүйесінде сыныпта және сыныптан тыс жұмыстарда мектеп географиядан өлкетану бөлімдеріне қатысты. География ғылымы, басқа ғылымдарға қарағанда табиғат және қоғаммен тығыз байланысты. Тек осы ғылым жүйесі оқушылардың әлемдік деңгейде ойлау қасиеттерін, азаматтық менталитеттерін өз жерімен мақтана алатын қасиеттерін қалыптастыра алады. Осы мақсаттарды орындау үшін басты орын өлкетануға беріледі, бұл зерттеу жолдарды, азаматтық өзіндік жоғары деңгейдегі қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Осы берілген бітіру жүмысында біз «сана» деген ұғымға педагогикалық энциклопедиядағы «сана - сезімі» деген ұғымға талдау жасалынды. «Сана - сезім»- адамның қоғамдағы өзін- өзі мүше ретінде өзіндік қоршаған әлеммен де, басқа қоғам мүшелерімен де қарым - қатынасы, ойлау, сезіну және тұлға ретінде сезіну қасиеті. Тарихи қалыптасу кезінде адамдардың қоғамдық - еңбек іскерліктері арқылы, әрбір адамда заттарды тани алатын қоршаған әлемдегі құбылыстарды, өзін - өзі тани алатынжағдайлар негізінде дамыды [1] .
Тақырыптың мағынасына байлансты «Адамгершілік» деген ұғымқолданылды « Адамгершілік»- көп мағыналы ұғым:
- Қоғамдағы саясатқа өте жоғары ақыл - оймен қатыса білу.
- Саясат бағытында өзін толық құқығы бар дұрыс психологиямен азамат ретінде сезіне алу.
- Адамзат ретінде бейімділігі бар кез - келген уақытта өзін қоғам мүшесі ретінде сезіне алатын жағдайда болу қажет.
- Саяси қоғамдағы биік деңгейдегі басы бос құқығы бар азамат ретінде сезіну [2] .
Белгілі педагог - ғалым В. В. Сухомлинскийдің пікірінше, өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру жолында мұғалім оқушылардың азаматтық, патриоттық, табиғатты әлем деңгейіндегі түсініп алуларына жағдай жасай алады [3] .
Оқушылардың өз өлкесіне деген көзқарастары төмендеп кеткендіктен, оқушылардың гармониялық даму қасиеттерін, әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, әрдеңгейдегі интеллектік адамдар ретінде қалыптастыру қажет. Сондықтан география пәнін де оқушылардын кәсіби деңгейлерін алған білімдерімен, дағдыларын жетілдіре отырып дамыту қажет. Оқушылардың дүниетанымдық азаматтық кері көзқарастарының тууына әртүрлі фактілер әсер етеді: ұлттық, шовинистік; мен- мендік т. б. Жастардың көпшілік бөлігі өздерінің жасаған істеріне есеп бермейді. Сондықтан ұлттың сана - сезімнің оянуына байланысты елге, жерге, отанға деген сүйіспеншілік, халықтық руғани байланысты байыту қажет.
Философ Е. А. Блажковтың, М. Н. Кейзеровтың еңбектерінде адамның ең төменгі жеке басының мәдениетілігінің төмен болуы олардың өмірдегі саяси жағдайға, ұғымдардың, білімділіктің, қоғамдық тәжрибенің өте аз болуынан дейді. Осындай қорытындыларға психологтардың айтқан пікірлері дәлел болады. «Жасөспірім жастағы балаларға тәртіп» өнеге ұғымдарын қайталап отыру көбірек рөл атқарады. Мораль туралы кері пікір әсіресе тәртіптің дұрыс бағытта болмауында. Көбінесе жаңа объектілерге дұрыс көзқарас қоршаған ортаны қорғау, тәжрибелік және адамның танымдық іскерлігі көп әсер етеді деп жазады Л. Б. Ительсон.
Оқу процесінде оқушыларды дұрыс басқара алу, процестерді құбылыстарды толығырақ түсіндірген жағдайда, коғам өміріндегі проблемалар, қоғамға дұрыс баға бере отырылған жағдайда іске асады.
Біздің Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет, қоғамның ертеңгі болашағы саналық саясат атмосфераның саяси - қоғамның түгелдей аймақтарда тұрақты болуы алдымызда тұрған мақсат.
Мектептерде мақсатпен бағытталынған оқушылардың азаматтық
негіздерін қалыптастыру жұмыстары өте төмен деңгейде жүргізіледі.
Мұғалімдер оқушылардың мораль- саяси білім жүйелерінің деңгейі, проблемалары, даму олардың өз беттерімен білім деңгейлерін көрсету, өзін - өзі тәрбиелеу дұрыс бағытта жүргізілмейді. Мектеп окушыларының оқу танымдық, саяси - коғамдық және әртүрлі іскерліктері мектеп қабырғасында әлеуметтік белсенділікті арттыру жолдары дұрыс қарастырылмағандықтан.
Қорытынды. Ғылыми - әдістемелік әдебиеттерге талдау жасай отырып: мектептегі тәжрибелік жұмыстар қазіргі жағдайда оқушылардың азаматтық тәрбие негізін қалыптастыру туралы жағдайлардың тууының байланыстылығы; а) жоғарғы, жалпы білім беретін оқу орындарының, болашак ұрпактың саяси тәрбиелілігі; барлык қоғам өміріндегі өзгерістер; экономикалык, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік, ұлттык және ұлтаралык байланыстар; б) оқушылар оқудан, мұғалімдерден оқу таным, саяси қоғамдык және басқа түрлері. Оқушылардың саяси азаматтық тәрбиелігін қалыптастыру мектептегі педагогтік процесстерді қалыптастыруға көмек береді.
Сонымен оқушылардың азаматтық деңгейінің қалыптасуына, дамуына педагог қауымдары оқушылардың ішкі дүние сырын, олардың қызығушылыктарын, оқу ісінде және сабақтан тыс мектеп жүйелерінде қалыптастыру қажет.
Бітіру жұмысының көкейтестілігі география ғылымдары, оның ішінде өлкетану бағытын оку процесінде жеделдете түсу болып көрінеді.
Теориялық және практикалық жұмыстардағы проблемалар мектеп жұмыстарында азаматтық тәрбиені қалыптастыру әлі де өте аз зерттелген. Себебі әдістемелік шығарылымдар оқушылардың азаматтык тәрбиесін қалыптастыру үшін қолдануға жеткіліксіз.
Біздің жұмысымыздағы зерттеудің басты мақсаттары өлкетану жұмысын оқушылардың азаматтығын қалыптастыру жолындағы орынды даму жолдарын дәлелдеу.
Бітіру жұмысының міндеттері:
1) Психологиялық - педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде көтерілген проблемалардың жағдайын оқып - біліу;
2) Өлкетану жұмыстары туралы айтылған алдыңғы қатарлы педагогтардың ұйымдастыра білу жолдарымен тансу;
3) Осы проблема туралы тәжірибе - эксперимент жүргізу;
4) Мектеп жұмыстарына қолданылатын әдістемелік нұсқаулар ұсыну зерттеу әдістері:
Ғалымдардың география мамандарының, әдіскерлердің еңбектеріне теоретикалық талдау; оқушылардың азаматтық тәрбиесін қалыптастыруда еңбек етіп жүрген алдыңғы қатарлы педагогтардың тәжірибелеріне талдау; бақылау әдістері: анкета өткізу; педагогтік эксперимент.
Зерттеу объектісі : бір жыл ішінде Серебрянка қаласындағы № 1 орта мектеп 9 сынып оқушылар арасында эксперимент ретінде жүргізілді. Констатациялық эксприментте 65 оқушы, қалыптастырылған экспериментке 42 оқушы қатысты.
Қорытынды ретінде оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқаулар жасалынды.
Жұмыстың жаңашылдығы: оқушылардың өлкетану және пәнге қарым - қатынастарының, білімдерінің деңгейі анықталды. Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және оларды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар жасалынды.
Зерттеудің нысанасы. Оқушылардың мектепте өлкетану жұмысы арқылы адамгершілік тәрбиесі төмендегі жағдайларды есте сақтай отырып оны жоғарылатуға талпынстар жасалынғанда мүмкін:
1) Мектеп жүйесінде тәрбие жұмыстарын дұрыс бағытпен оқушылардың жеке басының ерекшелігіне, сапасына жағдай жасалынғанда;
2) Адашгершілік тәрбие қалыптастыруда гуманитарлық пәндер соның ішінде мектеп өлкетану жұмысының әдістері дұрыс алынған жағдайларда.
1. Адамгершілік тәрбиені қалыптастырудағы проблемалардың ғылыми тұрғыдан теориялық негіздер
XVII- ғасырда оқымысты педагог Ян Амос Коменский өзінің « Ұлы дидакитика » деген кітабында географияны өз өлкеңнің негізінде оқыту деген пікірді айтады. Мектеп курсының негізінде өлкетану мәселесі адамзатқа өте жақын, түсінікті. Сондықтан мектеп программасының бағдарламасын жасауда, мектепке жақын жерден бастау керек екендігін дәлелдеді.
Белгілі әдіскер ғалымдар И. С. Матрусов және А. В. Даринский география ғылымының даму тарихын мектеп жүйесінен қарастыра отырып, оның өлкеден басталатындығын қорытындылады. А. В. Даринский XVIII ғасырдағы оқушылар тәрбиесі туралы еңбек жазған. Н. Н. Новикова «Балаларды кітап бойынша дайындамай, олардың түсініктері туралы естіп білгендері туралы тәрбиелеу керек » деп жазды.
Н. В. Гоголь «География туралы балалардың ойлауы» деген кітабында география пәнін кітап бойынша түсіндіруге болмайды деп айтады. Елдің ұлы педагог ғалымы К. Д. Ушинский географияны оқыту оқушылардың «айналаға деген» көзқарасын қалыптастыру қажет деп тұжырымдайды.
Д. Д. Семенов мектептегі өлкетанудың негізін қалаушы және мектептегі
география курсының пионері: «педагогикалық шындық әр уақытта жақынан -алысқа; жеңілден - ауырға; таныстан - бөтенге; деген қағидаларды орындағанда дұрыс болады» деген тұжырымды ұсынады.
ХХ ғасырдың 60 жылдарында география пәнінде өлкетану принциптерін жүзеге асыру жолдары шиленісте болды. Т. Г. Герасимова және В. А. Коринская «өлкетану» ұғымы ең алғаш 1914 жылы Д. Ланьков деген ғалым педагог ұсынған деп мәлімдейді. 1915 жылы Мәскеу қаласында бірінші бүкілресейлік съезде география мұғалімдері географтардың лексиконына мектеп өлкетану деген ұғымды кіргізді. Бірақта мектеп бағдарламасында мектеп өлкетану жұмысына уақыт бөлінген жоқ. Мектеп мұғалімдері өздерінің жағдайлары келгенше оқушыларды туған өлкемен таныстыра білді.
ХVIII ғасырдағы ағартушылар, оқушылар жақын аймақпен таныса отырып, өздерінің танымдық, тәрбиелі міндеттерін шеш біледі деді. Өлкетанудағы тәрбиелік мақсатты А. В. Даринский және А. З. Сафиулин қоршаған орта әлеміне оқушылардың эмоционалдық қарым - қатынастарын дамыту үшін қажет екендігін түсіндіре білді. Үйткені таң қалу процесі балалар мінез - құлқында жеке тұлғаның көзқарасын, олардың белсенділігін арттыруға көп үлес қосады. Таң қалу ойлау жүйелікті, адамның ішкі дүниесін толықтырады, егерде эмоция дұрыс болған кезде және интелектуалдық, практикалық білгірліктер бір - бірімен байланысып жатқан кезде, үнемі жебеп отырады.
В. Н. Линни мектеп өлкетану жұмысының арасындағы ең бастысы деп оқушылардың шығармашылық іскерліктерін атайды. Оны өлкетану материалын жинаудағы әдіс - тәсілдер, жаңашыл жағдайлар қалыптастырады. Олар байқау, кадағалау және іздену сипаттамасын қалыптастырады.
Өлкетанудың патриоттық тәрбиені қалыптастыруға эстетикалық бағыттардың әсерлері туралы дәлелденген. Эстетикалык тәрбиені жоғарғы деңгейде туған өлке табиғаты туралы мәліметтерді оқушыларға терең түсіндірген кезде іске асады.
Мұғалім түған өлке табиғатына, өз еліне махабатты, сүйіспеншілікті терең мақтаныш ете алатындай жағдай туғызуға жұмыс жасау керек. Туған өлке патриоттық сезімді қалыптастыруға жағдайлы орта. Осы келтірілген тәрбие түрлері өлкетану жүйесінде тек табиғатты жеке тұлға ретінде қабылдай алу деңгейіне байланысты іске асады. Мысалы: қабырғаға ілулі тұрған өзеннің суретінен оқушылар өзендердің жазғытұрымғы уақытта су арнасынан калай асатындары туралы мәліметтер алып қызығушылықтарын арттыра алады. Сонымен тәрбиелік мақсат - ол әлемге эмоционалды деңгейде тәрбиелеу шығармашылық іскерлік, эстетикалық патриоттық сезім, олармен қатар іздене зерттеуші дағдыларды да қалыптастырады. Дүниетанымдағы ең бірінші қадам қоршаған әлемді құбылыстарға сезіммен қабылдау. Белгілі әдіскер ғалымдар Т. П. Герасимова, В. А. Коринская және И. С. Матрусов сезімдік қабылдау қасиетті абстрактілі ойлау жүйесімен байланстыру қажет дейді. Өлкетануды ұйымдастыру түрлері мен әдістрін тәрбие мақсатымен, оқу бағдарламасында окуға қойылатын талапқа байланысты, өткен тарихи, табиғи, әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысты.
Азаматтық тәрбие проблемаларын көптеген жұмыстар жазылған: Азаматтық - жеке тұғалықтың бүтіндей негізі.
А. С. Макаренко, Т. И. Мальковская, Ф. Б. Горельчак, В. М. Обухов, И. А. Верба, О. С. Богданова, А. И. Гавриков, Л. В. Кузнецова, А. М. Сидоркин, Л. М. Симанина.
Педагогикалық ғылымдарының докторы Л. В. Кузнецованың «Азаматтылык» - жеке тұлғаның сана сезімінің ең биік даму баспалдағы, ол өте көп нәрседен -үйіңді қоршаған ортаны сүю, көп жағдайда өмір туралы ойыңда көрінеді, адамзат бақытында [1] .
Адамзатты тәрбиелеу қоғамның ең басты мақсаттары. Мемлекет, біздің қоғам қазіргі «азаматтарды» қандай, қай деңгейде көре алады.
Қазақстан Республикасының конституциясында азаматтылық тарихи мәдениеттіліктің ұрпакқа жетуі табиғатты қорғау, табиғи байлықтарға өте ұқыпты қараған жағдайда.
Л. В. Кузнецованың пікірінше - азаматтылықты тәрбиелеу - ол мемлекеттің алдында тұрған мақсатты шешу үшін өсіп келе жатқан жеткіншіктерді келесі алдыға қойған міндеттерге мемлекеттің экономикасына, жер, ел иесі ретінде, ұйымдастыруы, табиғатты қорғаушы жәнеде саналы, белсенді қоғамның мүшесі ретінде көмегін тигізе алатын етіп тәрбиелеуі [1] .
В. А. Сухомлинский - Азаматтылықтың негізінде өте кіршіксіз таза ойлау, жүйелеу, сараптау деңгейін қалыптастыру үшін жеке тұлғаға өте ұқыппен қарау қажет [2] . Азаматтық тәрбиелілікті, азаматтык сана - сезімді бірінен - кейін бірі арқылы өсіп келе жатқан адамға дүниені түсіне алатындай тәрбиелеу керек.
Балалармен жұмыс жасағанда ең ауыр, жауапты мезгілдері - олардың
өте жас кезінде істелінетін жұмыстар. Окушылар осы жылдарында өте терең
қуатта болады. Тәртіп - адамның және жануарлардың қоршаған ортамен карым- қатынасы. Адамның тәртібі, жеке тұлға ретінде сана сезімінің билеп алып көрсетуінде, ең бірінші әлеуметтік ортамен қарым - қатынасы. Әр адам қоршаған ортаға ерекше әсер етуімен ерекшелінеді. Тәртіп жеке өзіне тән формаларының шығу кездерінде байқалады. Адамның қоғамдық өмірінде тәртіп түрлері «Тәрбиелілігі» арқылы жетіледі. Адам өзінің тәрбиесін нақты ережелерге принциптеріне сүйене отыра бір нәрсеге ұмтылу, ісі, үлесі аркылы көрсете алады. Қоғамда кездесетін намыс шегі, адамның тәртібіне кейде сай келеді. Білім намысы және тәрбие намысы адамның дамуындағы өте жоғары деңгейдегі дүниені қабылдай алатын жұмыс істей алатын қасиеттерімен белгілі. Дүниетанымдық процесстердің қалыптасу жағдайлары жүріп жатыр.
Дүниетаным - білімнің терең және өте жоғары деңгейдегі ізі [3] . Окушыны қоршаған әлемді терең және толығырақ түсініп білу үшін өзінің карым - қатынасын, және өзінің сендіру қадамдарын жасайды. Сол қадамдарында қате болмау үшін көп ізденіс қажет.
Мектеп өлкетану жұмысы өте жоғары деңгейде жүреді, егерде оқытушы қоршаған ортаның әсерлерінің оқушы балаларға тигізетін әсерлері болған жағдайда. Ержеткен жастарында олардың өз еріктерінде болу қажеттіліктері өте жоғары болады. Окушылардың тәрбиесіндегі ерекшеліктердің негізгілері олар өз еріктерінде бола алатын өмір жолдарына қадам жасаулары.
- Ұлттық тәрбиенің адамгершілік құндылықты қалыптастырудағы тәрбиелік мәні.
Мектептегі өлкетану жұмыстарының басталуы және дамулары 20 жылдарда қоғамдык өлкетану және педагогика ғылымдарының дамушыларымен бірге дамыды. В. В. Луначарскийдің айтқан пікірі бойынша қоғамдық өлкетану дүние жүзінде әлі де дамымаған кезде, біздің елде бүкілхалықтық ғылыми зерттеу ретінде басталды дейді.
Н. К. Крупская (1927ж. ) ІІІ - ші бүкілресейлік өлкетану конференцияда сөйлеген сөзінде: өлкетану жұмысы жоғары деңгейге көтеріле алады, егерде өз өлкеңнің ерекшеліктерін, білім деңгейіңнің шегін дамыту, оқушылардың қызығу, өте көп білу даму қасиеттеріне, еңбек тәрбиесін және кәсіби жағдайларға көңіл аударылған жағдайларда дейді [4] .
Ұлы ғұлама ғалымдар А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, Ф. Н. Петров, А. П. Пинкевич, А. С. Макаренко, К. Д. Ушинский, А. Е. Ставровский, Н. Н. Баранский, А. С. Берг, А. В. Даринский, К. П. Ивлев, И. В. Иванов, В. Н. Коцюба, Е. Н. Мешечко, Б. В. Муханов, Н. В. Надежкина, К. Ф. Строев, Л. З. Сайфуллин т. б. оқушылардың «азаматтылық» тәрбиелілігін калыптастыру жолында көптеген принципті өлкетану жұмыстарына көңілдерін аударды.
К. Д. Ушинский тек қана пәнді жүйелі түрде, білім деңгейіне дамыта отырып, пәннің ерекшеліктерін түсіне өзіне бағындыра алған жағдайларда ғана іске асыра алады дейді [5] .
К. Д. Ушинский география пәні қоршаған ортамен байланыстыра отырып оқу кажеттілік екендігін дәлелдеді. Өлкені жиі жүйелі оқи отырып, табиғат арасындағы байланыстылыққа, қортынды, жалпылама шолу, өзара карым -қатынас, бір - біріне тәуелсіздігін әр жердің ерекшеліктермен байланыстырған жағдайда іске асады дейді. Мектеп өлкетану жұмысын жандандыруға үлес қосқандар профессор А. С. Барков, әдіскерлер А. Ф. Родин, Н. П. Кузин, А. Е. Ставровскийлер [6], [7] .
А. Е. Ставровский оқушылардың тәрбиесін ғылыми, тәжрибелік тұрғыдан, оларды өлке туралы ғылыми біліммен, оларға қарым - қатынастары, сүйіспеншіліктерін арттыру жолдарын мұғалім шығармашылығындағы ғылыми әдістемелікке байланысты деген пікірлерінің дұрыс принципті ережелерін ұсынды [6] . Өлкетану білімнің принципті негіздерін, өлке туралы үгіт насихат жұмыстарының негізгілері болып саналады. Олардың ішіндегі ең негізгілері: ғылыми; өмірмен байланыстылығы; жүйелілік және ыңғайлы орналасулары; жан - жақтылық; және жоспарлылық; жалпылама және тарихтық.
Ғылымилық теориялық негізделген, құбылыстарды камтитын, қоршаған ортадағы процесстер. Өлкетанудағы жоспарлық әр адамның шығармашылық процесіндегі өмірмен байланыстылығы: өлкенің табиғи ортамен байланыстылығы, шаруашылық және өлкедегі мәдени құрылыстардағы тәжірибелік мақсаттар болып есептелінеді.
Өлкетанудағы жалпылық: халықтардың өте үлкен деңгейде қатыса білулері, өз өлкең туралы дұрыс үгіт - насихатты, жан - жақты етіп жеткізе және қатыса білу.
Жалпылама қатысу - халықтардың шығармашылық белсенділікпен, өлкенің байлығын зерттеуге, байлықтарды көбейте алуларына жағдай жасау болып табылады.
Өз өлкеңді оқыту үшін әртүрлі әдіс - тәсілдер қолданылады: әдебиет; қартографиялық; статистикалық; далалық зерттеу әдістері; және бакылау.
Әдебиеттік әдіспен оқып білу:
Аймақ туралы жазылған әдебиеттерден мәліметтерді жинастыру. Өлкетануға арналған ақпараттарға: оқулықтан және оқу әдістемеліктер; статистикалық анықтамалар; архивтегі документтер, газет және журналдар т. б.
Картографиялық зерттеу әдістері табиғи, шаруашылық, тарихи және археологиялық объекттілерді зерттеу. Барлық өлкетану зерттеулері зертелуші аймақтың картасын және карта - схемаларын жасауға жұмсалады. Карталар зерттеу нәтижелерін көрсетуге негіз болып есептеледі.
Далалық зерттелу әдістемелер және бақылау экскурсиялар; далаға бару; экспедициялар кезінде жүргізіледі. Тұрғылықты зерттелу - табиғи территориялық аймақтардың өсу деңгейлерін, құрылымдарын, және табиғат ерекшеліктерін зерттеуге көмек береді. Статистикалық зерттеу әдістері, өлкетануда шаруашылықтарды, халықтарды, өз өлкеңнің экономикалық байланыстарын басқа аймақпен, шетелмен қарым - қатынастарын көрсету үшін қажет.
Сонымен Өлкетану жұмысын ұйымдастырудың төрт түрі көрсетілді:
- мемлекеттік;
- қоғамдық;
- мектептік,
- мектептен тыс.
Ең көп таралған формалардың ішіндегі мемлекеттік өлкетану: өлкетану
мұражайы және кітапханалар. Өлкені оқып білуге өлкетану туралы экскурсия ұйымдастыру, кітаптармен танысу, плакаттар, көрмелер ұйымдастыру, ел арасына лекциялар оку үшін материалдардың жиналатын жері мұражайдың рөлі өте үлкен.
Мемлекеттік өлкетану формаларына жергілікті жердегі ғылыми - зерттеу мекемелері, ұйымдар (гидрометеостанциялар, абсерваториялар, мұрағаттар жатады) .
Қоғамдық өлкетануда негізгі рөл жергілікті жердің халықтарының арасындағы мәліметтер: өлкетануды ұнататын, табиғатты қорғау жөніндегі аңшылар және балық аулаушылар қоғамның рөлі күшті.
Мектептегі өлкетану жұмыстарында негізгі рөл мұғалімге жүктелінеді. Біріншіден мектеп өлкетану жұмысының сипаты мектептің оку - тәрбие жұмысымен анықталынады. Екіншіден мектеп өлкетану жұмысын тәрбие жұмысы, оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып мектеп мұғалімі атқарады. Үшіншіден мектеп өлкетану жұмыстары оқу материалдарын тереңірек түсінуге, қажетті еңбектің ұйымдастыру түрлеріне жатады.
«Мектептегі өлкетану » - оқушылардың жүйелі түрде оқу, оқудан тыс уақыттарда туған өлкесін танып білуі. Өлкенің өткен тарихы, қазіргі кездегі жағдайларын, табиғатын, өндірістерін, ауыл шаруашылығы туралы мәліметтерді ала отырып оқушылардың туған Өлкесі туралы пікірлері қалыптасады. Сонымен өз өлкесін танытып білгізу мақсатында барлық мамандар қатысулар керек: География, тарих, биология, әдебиет және т. б.
Өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру жолындағы жетістіктер негізінен оқушылардың жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру мақсатымен шешіледі.
Мұғалімнің өлке туралы білім деңгейі төмен болса, онда оқушыларға білім бере алмайды. Қай мұғалім өз өлкесін жақсы біліп, табиғатына сүйіспеншілкпен қараса оқушыларға жоғары деңгейде білім бере алады.
Мектеп өлкетану жұмысында негізгі екі формасы қалыптасқан.
1) Бағдарламалы ( оқу) өлкетану, мазмұны оқу бағдарламасымен анықталынады. Ол мектептегі барлық ұжымға, оқушыларға міндет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz