Шөлдің солтүстік және оңтүстік бөліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Ұлы Сахара шөлінің қазіргі
жағдайы

КІРІСПЕ 3-4
I. САХАРА ШӨЛІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ ТАРИХЫ 5-7
II. САХАРА ШӨЛІНІҢ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ 8-23
2.1 Географиялық орналасуы, геологиясы мен пайдалы қазбалары 8-9
2.2 Сахараның жер бедерінің ерекшеліктері
10-11
2.3 Климаты және су ресурстары 12-14
2.4 Топырағы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
15-18
2.5 Шөлдің солтүстік және оңтүстік бөліктері 19-20
2.6 Сахара халқы мен шаруашылығы 21-23
ІІІ. САХАРА ШӨЛІНДЕГІ ШӨЛЕЙТТЕНУ ПРОЦЕСІ 24-26
Қорытынды 27-28

ҚОЛДАНЫЛҒАН Әдебиеттер тізімі 29

КІРІСПЕ

Планетадағы ландшафтардың жалпы экологиялық баллансына әсерін
тигізетін табиғи түзілімдер – шөлдер болып табылады. Планетадағы шөлдердің
үлкен массивтері 15 және 45 градус с.е аралығынла экватордан екі жаққа
қарай жайылған, ал Орталық Азия мен Қазақстанда 50 градус с.е жетеді. Осы
шөлдердің ішіндегі планета бойынша ең үлкен шөл массиві Африка
материгіндегі Сахара шөлі болып табылады.
Сахара шөлі солтүстік Африканың басым бөлігін алып жатыр. Саха́ра
(араб. صحراء‎‎, фр. Sahara) — Африканың солтүстігінде орналасқан әлемдегі ең
ірі шөл. Батыстан шығысқа қарай шамамен 4800 шақырымға және солтүстіктен
оңтүстікке 800-ден 1200 шақырымға дейін созылып жатыр. Жалпы ауданы 8,6 млн
км²-қа тең. Солтүстігі Чад көлінен басталып, батысы Атлант мұхитына
тірелсе, шығысы Ніл өзеніне дейін жетеді. Сахара шөлі батысында Атлант
теңізімен шайылып жатыр, солтүстігінде Атлас тауларымен шекараласады және
Жерорта теңізімен шайылады, ал шығысында Қызыл теңізі жағалауын шайады.
Шөлдің оңтүстік шекарасы аз қозғалатын ерте құмды дюналардан тұрады.
Сахара атауы біздің дәуірімізге дейінгі I-ші ғасырлардан бастап
кездеседі. Ол араб сөзі صَحراء (ṣaḥrā) атауынан шыққан, араб тілінен
аударғанда оның мағынасы жазықтары өсімдіксіз шөлді деген мағынаны
білдіреді. Сахараның кейбір аймақтарының атауларының шығуы көбінесе
берберлік сипатта, мәселен Танесруфт (Алжирдің оңтүстік батысы) немесе
Тенере (Нигердің орталығы).
Сахара шамамен оннан астам мемлекет территориясынан өтеді – Алжира,
Египет, Батыс Сахара, Ливия, Мавритания, Мали, Марокко, Нигер, Судана,
Тунис, Чад. Сахараның ауқымды кеңістігінде адамдар сирек қоныстанған,
оазистер аймағында ғана адамдар көшпелі өмір сүрумен айналысады.
Осындай алып территорияны алып жатқан Ұлы шөлдің физико-географиялық
ерекшеліктері де сан алуан. Мысалы, Сахараны тек бір ғана шөл типіне
жатқызу қиын, бірақ шөлде құмды-тасты тип басым. Шөлдің құрамында бірнеше
аймақтарды бөлуге болады: Тенере, Үлкен Шығыс Эрг, Үлкен Батыс Эрг,
Танезруфт, Хамада-эль-Хамра, Эрг-Игиди, Эрг-Шеш, Аравиялық, Ливиялық,
Нубиялық шөлдер.
Сахара шөлінің географиялық орналасуы, геологиялық құрылымы мен жер
бедері ерекше, оның өзіне ғана тән жануарлар мен өсімдіктер дүниесі бар.
Сонымен қатар шөлдің топырақ, оның халқы мен олардың тұрмыс-тіршілігінде де
өзіндік айырмашылықтар табылады. Сахара шөлінің пайда болуы мен оның тарихи
зерттелуі қазірдің өзінде көптеген сырларға толы. Ғалымдарды Сахара шөлінде
болып жатқан қазіргі заманғы шөлейттену процесі де алаңдатып отыр.
Шөлейттену процесінің пайда болу себептері алуан түрлі болып келеді.
Бүгінгі таңда ғалымдар шөлейттену процесінің пайда болуының 45-тен астам
себептерін айқындады. Олардың ішіндегі ең негізгілеріне: антропогендік
факторлар және табиғи өзгерістер жатады. Сахара шөлінде шөлейттенудің
қарқынды дамуы атлған факторлардың нәтижесі деп айтуға болады. Бұл мәселе
бүкіл Африка халықтарының қасіретіне айналуда. Міне, осы аталған
мәселелердің барлығын курстық жұмыс барысында қарастыратын боламыз.

I. САХАРА ШӨЛІНІҢ ТАРИХЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ

Сахара шөлінің пайда болуы мен зерттелуі жалпы Африка материгінің
зерттелу тарихымен байланысты болып табылады. Африка материгінің зерттелуі
ежелгі дәуірлерде басталған, ежелгі финикиялықтар Африка жағалауларына
б.д.д. 6 ғасырда теңіз жорықтарын жүргізген. Осы кезеңдерді Африка
материгін зерттеудің бастамасы деп атауға болады, бұл уақытта материктің
тек жағалау аймақтары зерттеліп, мәліметтер жазылған.
Африканың зерттелуінің екінші кезеңі – араб жорықтары (7-14 ғасырлар).
Солтүстік африканы жаулап алғаннан кейін арабтар бірнеше рет Ливия мен
Сахара шөлдерін басып өткен, олар Сахарадағы Чад көлін, оның бойымен ағып
өтетін негізгі өзен тораптарымен танысып, өзіндік зерттеулер жүргізген. 9
ғасырларда Ибн Хордадбех сахара шөлі туралы, Египет елі мен оның сауда-
саттығы туралы алғашқы географиялық мәліметтер берген. 12 ғасырдың басында
Идриси әлем картасында солтүстік африканың біраз бөліктерін белгілеген. Ибн
Батуда 1325-49 жылдары солтүстік және шығыс Африканы кесіп өтіп, Египет
мемлекетіне жеткен. Ал, кейіннен 1352-53 жылдары ол батыс сахараға сапар
шегіп, Нигер өзені бойындағы Тимбукта қаласында болды, одан кейін Орталық
Сахара арқылы кейін қайтып, осы алп шөл туралы және ондағы қоныстанған
халықтар, оның табиғаты туралы көптеген құнды мәліметтер қалдырған [2].
Африка материгін зерттеудің үшінші кезеңі — 15-17 ғасырлардағы
саяхаттар. 1417-22 жылдары қытайлық Чжэн Хэ Қызыл теңіз арқылы Сомали
түбегіне жетіп, одан ары Занзибар аралына жеткен. 15-16 ғасырлардағы Африка
материгі соның ішінде Сахара шөлі туралы мәліметтер португалдықтардың
Үндістанға барар теңіз жолын іздеумен байланысты болды. 16 ғасырда
көптеген сапарлар мен жорықтардың нәтижесінде Африка материгінің жалпы
контуры анықталды. Бір ғасырдан кейін материктің ішкі аудандарына сапарлар
көптеп жүргізіле бастады, саяхатшылар көптеген жаңа географиялық
объектілерді ашып, оларды картада бейнеледі. Африка материгінің
зерттелуінің ең маңызды кезеңдерінің бірі осы аталынып өткен кезең болды
[5].
18 ғасырдың соңынан бастап Африка материгінің пайдалы табиғи
қазбаларына иелік ету мақсатында материкті зерттеу қарқындылығы ағылшындар,
француздар мен немістер арасында күшейе түсті. Экспедициялар материктің
ішкі бөлігінде жүргізіле бастады.
М.Парк 1795-97 және 1805-06 жылдары нигер өзенін зерттеді, ал
У.Аудни, Д.Денем және Х.Клаппертон 1822-23 жылдар аралығында Сахараны
солтүстіктен оңтүстікке қарай (Триполи қаласынан Чад көліне дейін) басып
өтіп көптеген зерттеулер жүргізді. Сахара арқылы сапарын француз саяхатшысы
Р.Кайе 1827-28 жылдарда жүзеге асырды. Осы сапарлар сахаранаң географиялық
орналасуын, оның табиғатының ерекшеліктері туралы зор мәліметтер қорының
пайда болуына негіз болды [4].
Сахараға зерттеулерді неміс саяхатшылары да жүргізді. Г.Рольфс 1865-67
ж.ж. еуропалықтардың ішінде ең алғашқы болып Жерорта теңізі жағалауларынан
Лагос қаласына дейін өтті, ал Г.Нахтигаль 1869-74 жылдары Чад көлінің
маңына зерттеулер жүргізді. Ол Орталық Африканың ішкі аудандарын толығымен
зерттеген ең алғашқы саяхатшы болып табылады. өзінің зерттеулерінің
нәтижесінде саяхатшы үш томдық Сахара және Судан деген еңбегін жазды.
Орыстың атақты биологы, дәрігер, саяхатшы А.В.Елисеев те Африкаға талай рет
сапар шеккен. Ол Сахарада, Мароккода, Алжирда және т.б. жерлерде болып
Африка материгі туралы құнды еңбектер қалдырған. Африка материгін зерттеп,
құнды мәліметтер қалдырған саяхатшылар өте көп болған, соның бірі В.В.Юнкер
ол Африканың орталық бөліктерінде, соның ішінде Сахара территориясында
географиялық зерттеу, этнографиялық зерттеулер жүргізген [3].
19 ғасырдың ортасы мен соңына таман Африка материгі туралы ауқымды
географиялық мәліметтер пайда болып, материк территориясы толығымен дерлік
зерттелінді. Көптеген географиялық объектілер ашылып, пайдалы қазбалар
түрлері мен олардың қорлары анықталды.
Қазіргі таңда жер қыртысын зерттеп жүрген ғалымдар "жер бетін топансу
қаптап, ауа райы күрт өзгергенге дейін Сахара ит тұмсығы өтпейтін қалың
орманды, адам өмір сүруіне қолайлы, қоңыржай аймақ болған" деген қорытынды
жасауда. Одан кейін де бұл аймақтар адамзат дамуына айтарлықтай үлес қосты.
Талай ірі қалалар бой көтерді. Алайда соның бәрін уақыт өте құм басты.
Қаншама қалалар, елді мекендер құмға жұтылып кете барды. Ал, қазіргі таңда
ұшы қиыры ұлан ғайыр алып шөлге айналды.
2008 жылы Германия, Канада и АҚШ елдері ғалымдардың халықаралық тобы
Сахараны зерттеу нәтижесінде Сахара климаттың бәсең эволюциясы нәтижесінде
2700 жыл бұрын шөлге айналған деген қорытындыға келді. Мұндай шешімді
ғалымдар Чад көлінің солтүстігінде орналасқан тереңнен көтерілген Йоа
көлінің геологиялық түзілімдерін зерттеу негізінде жариялады [13].
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, 6 мың жыл бұрын Сахарада көптеген ағаш
түрлері өскен және көлдердің саны көп болған. Осыған орай, ғалымдар
Африканың осы бөлігі 5500 жыл бұрын шөлге айналған деген теорияны жоққа
шығарып отыр және шөлейттену процесі мұнда тек бірнеше ғасыр ғана жалғасуда
деп тұжырымдады. Американ ғалымы Cтефан Креплиннің айтуы бойынша 26 метр
терең Йоа көлі қазіргі таңда да жер асты суларымен толуда, ол бұрын
Сахараның ылғалды болған кезеңінде де осылай болған.

II. САХАРА ШӨЛІНІҢ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Географиялық орналасуы, геологиясы мен пайдалы қазбалары
Сахара шөлі Африка платформасының солтүстік-батыс бөлігінде, Сахара
плитасында орналасқан. Плитаның орталық бөлігімен батыстан шығысқа қарай
Орталық сахара көтерілімдер зонасы созылып жатыр, оның беткі бөлігінде
кембрийге дейінгі кристалдық фундамент шығып жатыр: батысындағы Регибат
массиві Ахаггар таулы қыратынан Танезруфт иілімі арқылы бөлініп жатыр. Одан
ары шығысқа қарай Тибести, Эль-Увейнат, Эль-Эглаб массивтері, сонымен қатар
батыс көтерілім Нубия-Аравия қалқаны (Этбай жотасы) созылып жатыр [1].
Көтерілім зонасынан солтүстік және оңтүстікке қарай Солтүстік Сахара
және Оңтүстік Сахара ойысты аймағы орналасқан, олар фанерозой шөгінді
жыныстармен толтырылған. Бор дәуірінің ортасына дейін бұл зоналарда
континентальді тоң жиналған, кейіннен ол теңіздік жыныстармен жабылған.
Олигоцен кезеңінен бастап теңіз қайтып, ежелгі массивтер (әсіресе Ахаггар
мен Тибести) күшті көтерілімді өткерді. Оңтүстік Сахара ойысты зонасында
жазық синеклиза Тауденни, Гао, Мали-Нигер синклизасы және Чад синеклизасы
орналасқан.

Сурет 1 – Сахаралық синеклиза көрінісі [14]
Платформаның тұрақтылығына байланысты палеозой эрасының құрылымдары
горизонтальді күйде және өзгеріссіз қалды. Сахараның көптеген аудандарында
аталған түзілімдер мезозойлық жыныстармен жабылған, олармен көптеген
маңызды су тасығыш горизонттар байланысты. Шөлдің солтүстік бөлігінде бұл
түзілімдер созылмалы құздармен және бассейндермен сипатталады: батыс Египет
оазистерінен Алжир шоттарына дейін. Платформа иілімі шөлдің оңтүстік
бөлігінде кайназойлық көлдермен толтырылған бассейндердің пайда болуына
әкелді (мысалы, мега-көл Чад және Унианга-Серрир көлдер тобы). Сахара
территориясында мұнай мен газдың бай кеніштері орналасқан. Олар Сахаралық
мұнай-газ бассейніні және оған кіретін Хасси-Мессаудты қоса алғанда.
Сонымен қатар, темір (Кедиет Иджил) және мыс (Акжужт) рудалары. Алтын,
вольфрам, уран және сирек кездесетін металдар кен орталықтары кембрийге
дейінгі фундаментпен тығыз байланысты.
Ғалымдар Сахара шөлінің геологиялық тарихын, оның ерекшеліктерін
қазіргі таңға дейін зерттеуде, себебі аумағы сырға толы алып шөлдер
құпиясын әлі ешкім толығымен аша алған жоқ.

2.2 Сахараның жер бедерінің ерекшеліктері
Сахара шөлінің ландшафты әр алуан болып келеді. Оның территриясының
басым бөлігін жазықтық сазды құрылымдар, биіктігі 500 метрден төмен және
жағалау аймақтарда 200 метрге дейін төмендейтін тасты платолар құрайды.
Орталық Сахарада таулы аймақтар биік болып табылады, оларға Тибести (Эми-
Куси жанартауы, 3415 м) және Ахаггар (Тахат тауы, 3003 м) таулы қыраттарын
жатқызамыз. Бұл аймақтарда неоген және антропоген кезеңдеріндегі жанартау
атқылау белсенділік іздері бар зонаға жатқызады және олар ежелгі өзендердің
құрғап қалған арнасы бар кең жазықтарға тілімденген (ені 30 км, ұзындығы
400 км-ге дейін). Таулы қыраттар айналасында биіктігі 1000 м шамасындағы
куэсталық түзілімдер мен Ифорас (до 728 м), Аир (1900 м), Эннеди (до 1310
м), Тадемаит және т.б. сатылық платолар созылған [6].
Шөлдің жазықтық аудандарының маңызды ерекшеліктері шөлдік күю –
темірлі марганецтік қара қабық, ол таулы жыныстарды жауып жатыр. Сахаралық
платолар негізінен желденген жыныстардан тұрады, мысалы Тадемаит алжирлық
платосы.

Сурет 2 – Сахара шөлінің топографиялық картасы
Жазықтар, платолар мен таулардан басқа Сахара аумағында көптеген таяз
ағынсыз сор бассейндерді (себхалар, шоттар, дайялар) және оазистер
кездесетін ойпаттарды бөледі. Шөлде ең төмен орналасқан аймақтарға -
Каттара (-133 м, Сахараның ең төменгі нүктесі), Эль-Файюм, Шотт-Мельгир (-
26 м) және Боделе жатады.
Сахара шөлі аумағының шамамен 25 %-ын немесе 2,2 млн км² ауданды
құмды шөлдер мен дюналар алып жатыр. Құмдардың ірі жиналымдары – Эрг-Игиди,
Эрг-Шеш, Үлкен Батыс Эрг, Кіші Шығыс Эрг, Эрг-Шебби және т.б. Грядтар әлсіз
ксерофитті өсімдіктермен қатайтылған, сонымен қатар домалақ, жұлдыз тәрізді
дюналар мен бархандар кездеседі. Пирамида тәріздес дюналардың биіктігі
150 м-ге дейін жетеді. Солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтардың (Эдейен-
Убари, Эдейен-Мурзук, Тенере, Ливиялық шөл) оңтүстігінде қозғалмалы құмдар
бар. Ал, кей аймақтарда әнші құмдар феномені кездеседі.

2.3 Климаты және су ресурстары

Климаттық көзқарас тұрғысынан Сахара шамамен 5 млн жыл бұрын шөлге
айналған, плиоцен басында одан кейін климаттың ылғалдылығы қысқа және
орташа толқулардан өтті. Қазіргі кездегі аридті климат орта есеппен 10 мың
жыл шамасында жалғасуда. Антропогендік фактор шөл климатының шағылыстыру
қасиетін арттырып, жалпы булану сомасын азайтты. Осыған орай, шөл аумағында
және оның шекарасында 7 мың жыл бойы ірі қара малды жаю жоғарыдағы жағдайды
күшейтті және Сахара климаты соңғы екі мың жылда өзгерген жоқ. Қалыпты
жағдайдан кері кетудің маңызды бөлігі XVI ғасырдан XVII ғасыр аралығында
қалыптасты, ол кезде Еуропада кіші мұздану кезеңі жалғасып жатқан. Осы
кезеңде тропиктік белдеу шекарасында, шөлдің өзінде және оның солтүстік
аймақтарында жауын-шашын көлемі артты. Ал, XIX ғасырда шөлдің климаты
қазіргі жағдайға ұқсас қалпына қайта оралды.
Сахараның басым бөлігінің климатына жыл бойына солтүстік-шығыс
пассаттың әсері күшті. Салыстырмалы ылғалдылық мөлшері 30—50 % шамасында,
ылғалдылықтың жоғары деңгейде жетіспеушілігі мен буланудың (потенциалды
булану 2500—6000 мм) жоғары дәрежесі бүкіл шөл территориясына тән құбылыс
болып табылады, тек шөлдің жіңішке жағалаулық сызықтарында ғана бұл жағдай
салыстырмалы төмен деңгейде. Сахара шөлінде екі негізгі климаттық режим
қалыптасқан: солтүстікте құрғақ субтропиктік және оңтүстікте құрғақ
тропиктік. Солтүстік аудандар температураның үлкен жылдық және тәуліктік
ауытқуларымен, салқын және суық қысымен, ыстық жазымен ерекшеленеді. Жауын-
шашын мөлшерінің жылдық екі максимумы бар. Оңтүстік аудандардың жазы ыстық,
ал қысы жұмсақ және құрғақ болып келеді. Ыстық және құрғақ кезеңнен кейін
жазғы жаңбырлар басталады. Батыстағы жағалаулық салқын климат суық Канар
ағысының әсер етуімен түсіндіріледі [8].
Сахараның шекарасынан тыс жерден басталатын бірнеше өзендер шөлдің
беткі және жерасты суларын толтырады. Ніл өзені ең тұрақты транзиттік су
көзі болып табылады. Оның негізгі салалары – Көгілдір және Ақ Ніл Сахара
шөлінің оңтүстік-шығысында бірігеді және шөлдің шығысынан өзен суын Жерорта
теңізіне жеткізеді. 1964—1968 жылдары Ніл өзенінде Насер атты ірі су қойма
құрылды, келіп түсетін су негізінде Тошка көлі пайда болған, аталған көлдің
территориясын Египет мемлекетінің басшылары болашақта оазиске айналдырмақ.
Сахара шөлінің оңтүстігінде бірнеше өзендер Чад көліне келіп құяды,
одан ары судың біршама көлемі солтүстік-шығысқа қарай ағысын жалғастырады,
ағысы барысында жолындағы жергілікті сутасушы қабаттарды толтырады.
Сахараның оңтүстік-батыс бөлігінде Нигер өзені ағып жатыр, оның ішкі
дельтасында Фагибин, Гару, Ниангай және т.б. көлдер орналасқан.
Шөлдің солтүстік аудандарына суды Антиатлас, Атлас, Орес тауларынан
және Ливия, Тунис, Алжир мен Морокко сияқты жағалаулық үстірттерден бастау
алатын өзендер мен ваадилер әкеледі. Сондай өзендердің ірілері – Дра,
Саура, Зиз өзендері.

Сахара шөлінің ішінде Ахаггардан, Тассилин-Аджерден және Тибестиден
алып ежелгі өзен жүйесі таралады – Игаргар, Тафасасет, Таманрассет сынды
уэдтер. Осы аталған вадилердің кейбіреулері ертеде аймақтың климаты
ылғалдырақ болғанда пайда болса, ал кейбіреулері табиғи құбылыстардың
кенеттен пайда болуымен тығыз байланысты, оның бір мысалы 1922 жылы болған
Алжир қаласы Таманрассетті толығымен жойып жіберген су тасқыны.
Сахараның құмды дюналары жауын-шашын суының біршама мөлшеріп сақтап
тұрады, олардың біршамасы шөлдік беткейлерінде қайнар көз ретінде шығып
жатады. Сахараның шеткі аймақтарында, сонымен қатар таулы орталық бөлігінде
аздап батпақты және минералдылығы жоғары реликті көлдер сақталынып қалған.
Олардың бір мысалы ретінде Йоа көлін атауға болады, ол Унианга-Серрир
көлдер тобына жатады.
Сахара құмдарының түбінде жер асты суларының мол қоры орналасқан,
артезиан суларын қоса алғанда. Ғалымдардың пайымдауынша Сахарада жер асты
суының әлем бойынша ең мол қоры орналасқан. Бұл бассейндер негізінен
континенталді төменгі бор құмдақтарымен негізделген және оазистерді сумен
қамтамасыз етеді [7].
Жер асты суының жоғары мөлшері негізінде Сахараның солтүстік бөлігі
грунт суларына аса бай болып келеді. Ал, оңтүстік бөлігінде суға аса бай
емес, суы бар горизонттар біршама тереңде орналасқан. Сонымен қатар жер
асты суларын ирригациялық мақсатта пайдаланылады.

2.4 Топырағы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
Топырағы. Сахара шөлінің басым бөлігінің топырағы тропиктік шөлдерге
және шөлейттерге (құмды, сортаң, сор) тән топырақ. Органикалық заттар
құрамында өте аз болады, ал топырақ қабаттары аз ерекшеленген. Кейбір
аймақтарда азотты бактериялар кездеседі, бірақ негізінен топырақтар
биологиялық белсенді емес. Шөлдің шеткі бөліктері органикалық заттар
концентрациясына бай, ойыстарда топырақтар тұзданған.
Сахара шөлінің солтүстік-батыс бөлігінде тығыз ақ балшық-гипсті қабат
таралған бірнеше см-ден 1-2 м-ге дейін. Ұсақ дисперсті соның ішінде
диатомды компоненттердің таралуы ағынсыз ойыстар мен иірімдермен шектелген.
Сахара шөлі өсімдіктеріне керекті мөлшерде қарамай және жеңіл құмды
топырақтарда шамадан тыс мал бағу нәтижесінде қазіргі таңда жылжымалы
құмдар оазистерге жетуде. 1974 жылы Алжирде жасыл қабырға атты жоба
басталған, оның негізінде 1500 шақырымға созылған аумаққа эвкалипттер мен
басқа да ағаш түрлері отырғызылған. Бұл құмдардың жылжуын алдын алатын әдіс-
тәсілдердің бір түрі болып табылады.
Суретте Алжир, Иссауан аумағының топырағы көрсетілген, сирек
жаңбырлар кезеңінде дюналар арасындағы ойысты жерлер сумен толтырылады, ал
буланудан кейін оның орнында тұз қалады (суреттегі ақ-көгілдір жерллер).

Өсімдік жамылғысы. Сахараның өсімдігі аз, оазистерде, биіктік
аумақтарда және вадилерде өсетін аздаған өсімдіктер қауымдастығынан,
бұтақтар мен ағаштардан тұрады. Ойысты аймақтарда тұзға өте төзімді
галлофитті өсімдіктер тіршілік етеді. Ал сумен аз қамтылған жазықты жерлер
мен платоларда ыстық пен құрғақшылыққа төзімді шөптер түрлері өседі. Шөлдің
көп бөлігінде (хамадтар, құмдардың біршама жиналған аумағы) өсімдік
жамылғысы мүлде жоқтың қасы. өсімдік жамылғысына күшті әсер еткен барлық
аймақтарда адамзаттың кері іс-әрекеті (мал жаю, пайдалы өсімдіктерді теру,
отын дайындау және т.б.) болып табылады [9].

Сахараның флорасы жауынның біркелкі еместігіне бейімделген. Бұл
өсімдіктердің физиологиялық бейімділігінің жан-жақтылығынан көрініс табады,
яғни өсімдіктердің тіршілік ету ортасын таңдау, туыстық қауымдастықпен
тіршілік ету және ұдайы өсім стратегиясы. Көпжылдық құрғақшылыққа төзімді
өсімдіктердің тамыры енді және терең болып келеді, тамырларының ұзындығы
15—20 метрге дейін жетеді. Шөптесін өсімдіктердің басым бөлігі – эфемерлер,
олар тұқымды жеткілікті ылғалданғаннан кейінгі екі-үш күн шамасында
шығарып, одан кейін оларды 10-15 күн аралығында отырғызу қабілетіне ие.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сахара шөлі
Шөлдер
Сахара шөлінің жоғарыдан көрінісі
Африканың шөлдену аймақтарының проблемалары
Қазақстанның табиғат зонасы
Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері
Гоби шөлінің климаты
Ұлы Виктория шөлі
Шығыста қазан шұңқыр Шығыс Африка тау қыратының жарқабақты шетімен күрт шектеледі, одан
Қазақстанның табиғи зона ерекшеліктері
Пәндер