Антикалық философия



ЖОСПАР

Антикалық философия 2
1. Антикалық философияның өзiндiгiмен ерекшiлiктерi
2. Антикалық философияның Сократқа дейiнгi мектептер мен бағыттары
3. Антикалық философияның классикалық кезеңi
4. Эллиндiк .Рим кезiндегi философия

Эллиндiк.Рим кезiндегi философия 9
Қорытынды 13
Қолданылған әдебиеттер 14
1. Антикалық философияның өзiндiгiмен ерекшiлiктерi
2. Антикалық философияның Сократқа дейiнгi мектептер мен бағыттары
3. Антикалық философияның классикалық кезеңi
4. Эллиндiк –Рим кезiндегi философия

“Antiquus” латын сөзiнен аударғанда “ежелгi” деген мағана бередi. Антикалық философия ежелгi Қытай, Үндi философиясы емес, тек ежелгi Рим және Грек философиясын айтады. Антикалық философия б.з.д. VII ғ соңынды VI ғ басында пайда болып б.з.д. V ғ өмiр сүрдi, құл иленушiлiк қоғамдағы спецификалық жағдайда философиялық дәстүр пайда болды.
Ежелгi гректер философияны данышпандық ойлармен байланыстырды. Элем қайнар көзiмен негiзгi туралы бiлiмдi данышпандық деп атады, осы сәйкес өткен кездi, қазiргi және келешектiң мәнiн аңғару мәселесi қойылды. Бүкiл ғарыштың табиғаттың мәнiн түсiнуге ұмтылу ежелгi грек философиясына тән болды. Бұл әрекеттi мифология атқарды. Бұл жағдайларда мифология сенiмге сүйенген, табиғаттың дiнi болды. Сондықтан мифология мен философияның арасында маңызды айырмашылық көрiнедi: миф барлық тiршiлiктiң қалай туғанын әңгiмеледi, ал философия: “Ол неден пайда болды?”- деп сұрады. Өмiр әлемiнде ұлы құдайлар арасындағы қатынас, ықпал жасау салаларын өзара бөлу арқылы тәртiпке келтiрiлген.
Антикалық философия төмендегi кезеңдерге бөлiнедi:
1. Көне грек философиясы б.з.д. VI- V ғ бас кезі. Бұл кезеңдегi негiзгi мектептер: Милет мектебi (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен); Пифагор және пифагоршылар; Эллеаттар (Парменид, Зенон); атомшылар (Левкипп, Демокрит). Мектептерден тыс тұрған философтар: Гераклид, Эмпедокл және Анаксагор.
Ерте кездегi гректердiң философиямен шұғылдануының негiзгi тақырыбы ғарыш, физика. Алғашқы грек философтарын физиктер, ал философияны натурфилософия деп атады. Осы кезеңде әлемнiң бастамасы мәселесi қалыптасты. Элеаттардың философиясы бiрте-бiрте натурфилософиялық мотивтерден айырыла бастады. Ендi болмыс, оның құрлысы ойлаудың басты тақырыбы болып қалды. Ертедегi антикалық философияның орталық мәселесi онтология болды, алғашқы ғылыми (мифологиялық емес) дүниеге көзқарастың жиынтығы жасалды.
2. Классикалық кезең. (Б.з.д. V ғ.). Осы кезеңнiң негiзгi мектебi софистер (Горгий, Гиппий, Протогор және б.). Алдымен бұларға қосылған, кейiн оларды сынаға Сократ, Платон және оның мектеп академиясы, Аристотель және лицей мектебi. Классикалық кезеңгi тақырыбы – адам мәнi, оны танудың ерекшiлiгi, философиялық бiлiмнiң синтезi, әмбебабтық философияны құру. Атап айтқанда осы кезде таза идеялық, теориялық философия қалыптасты және оның бiлiм түрiнiң басқаларына қарағанда алғашқылығы болды. Теориялық философия принципiнiң негiзiнде
Философия», Алматы, Рауан, 1991 жыл
2. Ғабдильдин Ж.М. Избраные сочинения в 5 томах. Алматы, 2001
3. Әбішев Қ. Философия. Ақыл кітабі 2001
4. Быховский Б.Э. Фейербах.М., 1967
5. Гайденко П.П. Парадоксы свободы в учении Фихте. М., 1990
6. Гулыга А.В. Гегель. М., 1970
7. Гулыга А.В. Шеллнг.М.,1995
8. «Философия», Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов, Алматы, 2002 жыл

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Антикалық философия 2
Эллиндiк-Рим кезiндегi философия 9
Қорытынды 13
Қолданылған әдебиеттер 14

Антикалық философия

1. Антикалық философияның өзiндiгiмен ерекшiлiктерi
2. Антикалық философияның Сократқа дейiнгi мектептер мен бағыттары
3. Антикалық философияның классикалық кезеңi
4. Эллиндiк –Рим кезiндегi философия

“Antiquus” латын сөзiнен аударғанда “ежелгi” деген мағана бередi.
Антикалық философия ежелгi Қытай, Үндi философиясы емес, тек ежелгi Рим
және Грек философиясын айтады. Антикалық философия б.з.д. VII ғ соңынды VI
ғ басында пайда болып б.з.д. V ғ өмiр сүрдi, құл иленушiлiк қоғамдағы
спецификалық жағдайда философиялық дәстүр пайда болды.
Ежелгi гректер философияны данышпандық ойлармен байланыстырды. Элем
қайнар көзiмен негiзгi туралы бiлiмдi данышпандық деп атады, осы сәйкес
өткен кездi, қазiргi және келешектiң мәнiн аңғару мәселесi қойылды. Бүкiл
ғарыштың табиғаттың мәнiн түсiнуге ұмтылу ежелгi грек философиясына тән
болды. Бұл әрекеттi мифология атқарды. Бұл жағдайларда мифология сенiмге
сүйенген, табиғаттың дiнi болды. Сондықтан мифология мен философияның
арасында маңызды айырмашылық көрiнедi: миф барлық тiршiлiктiң қалай туғанын
әңгiмеледi, ал философия: “Ол неден пайда болды?”- деп сұрады. Өмiр
әлемiнде ұлы құдайлар арасындағы қатынас, ықпал жасау салаларын өзара бөлу
арқылы тәртiпке келтiрiлген.
Антикалық философия төмендегi кезеңдерге бөлiнедi:
1. Көне грек философиясы б.з.д. VI- V ғ бас кезі. Бұл кезеңдегi негiзгi
мектептер: Милет мектебi (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен); Пифагор және
пифагоршылар; Эллеаттар (Парменид, Зенон); атомшылар (Левкипп, Демокрит).
Мектептерден тыс тұрған философтар: Гераклид, Эмпедокл және Анаксагор.
Ерте кездегi гректердiң философиямен шұғылдануының негiзгi тақырыбы
ғарыш, физика. Алғашқы грек философтарын физиктер, ал философияны
натурфилософия деп атады. Осы кезеңде әлемнiң бастамасы мәселесi
қалыптасты. Элеаттардың философиясы бiрте-бiрте натурфилософиялық
мотивтерден айырыла бастады. Ендi болмыс, оның құрлысы ойлаудың басты
тақырыбы болып қалды. Ертедегi антикалық философияның орталық мәселесi
онтология болды, алғашқы ғылыми (мифологиялық емес) дүниеге көзқарастың
жиынтығы жасалды.
2. Классикалық кезең. (Б.з.д. V ғ.). Осы кезеңнiң негiзгi мектебi софистер
(Горгий, Гиппий, Протогор және б.). Алдымен бұларға қосылған, кейiн
оларды сынаға Сократ, Платон және оның мектеп академиясы, Аристотель және
лицей мектебi. Классикалық кезеңгi тақырыбы – адам мәнi, оны танудың
ерекшiлiгi, философиялық бiлiмнiң синтезi, әмбебабтық философияны құру.
Атап айтқанда осы кезде таза идеялық, теориялық философия қалыптасты және
оның бiлiм түрiнiң басқаларына қарағанда алғашқылығы болды. Теориялық
философия принципiнiң негiзiнде құрылған классикалық кезеңiнiң негiзгi
проблемалары: онтология, антропология, гносеология.
3. Эллиндiк кез (б.з.д. IV – б.з. V ғ). Бұл кезеңнiң негiзгi мектебi:
Эпикур және Эпикуршiлер (Лукреций Кар), Стоиктар (Зенон, Луций Анней
Сенека, Марк Аврелий); скептиктер (Пиррон, Секст Эмпирик); кинизм
(Антисфен, Диоген Синопский); неоплатонизм (Плотин, Прокл, Янвлих). Бұл
кездiң негiзгi тақырыбы – ырық, бостандық, мораль және сүйiспеншiлiк,
бақыт және өмiрдiң мәнi, ғарыштың құрылымы, адам және әлемнiң мистикалық
әрекеттестiк өзара қатынасы болды. Эллинизмнiң негiзiнде аксиология мен
праксиология мәселелерiн қарастырды.
Көне грек философиясының атақты философы – Фалес. Фалестiң пiкiрiнше
барлық тiршiлiктiң негiзi – су. Ол буға айналады, бу ауаны құрайды, қарама-
қарсы бағытта оларда өзгерiс жер, тiптi тастада осының нәтижесi әртүрлi, әр
алуан әлемнiң сапалық жағдайының мәңi және байланысының айрмашылығы осыдан
алғашқы орынға шығады.
Фалес құдайды жоққа шығарады, бiрақ әлемдi түсiндiру де және ұғынуда
құдайға жүгiнедi. Оны сол кездегi ең батыл, таң қалдыратын тiрлiк иесi
дедi.
Фалес: тiршiлiк мәннiң ең ежелгiсi – Құдай, өйткенi ол тумаған.
Бәрiнен де әдемi - әлем, өйткенi оны құдай жасаған. Бәрiнен де данышпан
уақыт, өйткенi ол бәрiн ашады, оның сұрақтарға жауабы: дүниедегi қиын не? –
Өзiңдi тану. Ең оңайы не?- Басқа бiреуге кеңес беру. Бақытсыздыққа қай
уақыт ыңғайлы? – Жауыңа сенен де қиын болғанда.
Анаксимандр: алуан туралы табиғаттың негiзiнде әлде бiр белгiсiз және
шексiз материя жатады деп ойлады, оны апейрон деп атады. Мiне осы соңғы
түсiнiк дүниенiң материалдық субстанциясы туралы тереңiрек қарағанын
көрсетедi.
Анаксимен – материалист философ. Оның iлiмiнше барлық нәрсе бастапқы
материядан – ауадан пайда болады және қайтадан соған айналады. Ауа
қозғалыста шексiз мәңгiлiк зат.
Ертедегi грек материалистерiнiң өзiне тән өзгешiлiгi мен ең маңызды
табысы анайы диалектике болды. Оны Гераклид дамытты. Эфестен шыққан
Гераклид (б.з.д. 540-460 жж) шындық дүниенiң өзгерiп отыратын жайында аса
ұлы пiкiр айтты: Дүние дегенiң – аққан су. Оның ойынша табиғаттың түп
негiзi – от. Ол ардайым өзгередi, әрi қозғалады. Және ол қарама-қарсылықтың
бiрлiгiмен күресе заңын ұсынды. Бұл заң диалектикның негiзгi заңы, суық
жылыға, жылы – суыққа айналады, дымқыл зат құрғайды, құрғақ нәрсе –
дымқылданады. Бұлар осы қарама-қарсы күрестердiң нәтижесi. Барлық әлем әр
уақытт ұдайы қозғалыста және өзгерiсте болады. Бiр өзенге екi рет түсе
алмайсың, екiншi қайтара түскенде онда жаңарған су болады. Қоршаған ортаның
салыстырмалығын (относильдiгiн) мойындаған. Теңiз суы адам үшiн кiр, балық
үшiн – таза. Адам әр жағдайда әр түрлi жақсы да, жаман да амал жасайды.
Табиғаттағы осындай қарама-қарсы және мәңгi болып тұратын байланысты
ол жалпыға бiрдей логос заңдылығы деп атады. Демек, логос - әлемдiк
ақыл-ой. Қоршаған ортаны сезiм арқылы (материалистiк) тану дұрыс деп
есептедi. Соғыс әрекетi барлық жұртқа ортақ екен, ал дұрыстық жол таластың
күрес арқылы және қажеттiлiк жағдайында болатынын бiлу керек,- дедi
Гераклит.
Пифагор (б.з.д.584-500 ж) ежелгi грек философы және математигi.
Бiрiншi бастама – тiршiлiктiң негiзгi саны деп есептеген. Барлық қоршаған
шындықты, барлық болып жатқандарды таңбалап санға теңедi. Санның арқасында
өлшеуге және тануға да болады,- дейдi. Бiрлiк барлық өте ұқсастықтың
бөлiгi. Протокатегорияларды бөлiп көрсету арқылы әлемнiң бiрлiгiнiң
диалектикасын (тақ пен жұп, жарық пен қараңғы, тура мен қисық, оң мен сол
және әйел мен еркектi) көрсеттi. Ол иррационалдық сандар туралы ғылымның
негiзiн қалап, математиканың дамуына елеулi үлес қосты.
Элеаттар – Элей философия мектебiнiң өкiлдерi б.з.д. VI – V ғғ –
ежелгi грек полисiндегi Элейде, қазiргi Италия территориясында өмiр сүрдi.
Өкiлдерi: Парменид, Зенон Элейский, Мелисс Самосский.
Парменид – бiрiншi болып болмыс түсiнiгiн еңгiздi. Онық пiкрiнше
дүниеде тек бiр ғана болмыс бар. Болмыс бар, болымсыз – жоқ. Болымсызды
тану, немесе ол туралы пiкiр айту мүмкiн емес. Сондықтан барлығыда болмыс
пен тығыз және үздiксiз толтырылған. Сезiмдiк қабылдау нағыз бiлiмдi
бермейдi, тек мүмкiншiлiк бередi. Ал тек философиялық ой ақылға салу арқылы
ақиқатқа жетуге болады. Элеаттардың көзқарасынша тану мәселелерi, сезiмдiк
таным (докса – пiкiрi) жiне идеалистiк жоғарғы рухани таным деп қатал
түрде бөледі. Бұл монизмдi жақтаушылар – көпшiлiк құбылысты бiрлiк
бастамадан шығарады. Барлық материалдық тiршiлiктiң көрнiсi идея деп,
идеализмнiң алғашқы қабаршысы болды. Элейден шыққан ойшылардың жаңалығының
сипаты мынада: космологияны онтологияға (болмыс теориясына) өзгерту,
өзiндiк философиялық категорияларды ойлап табу (болмыс, болымсыздық,
ойлау) диалектикалық тәсiлдi еңгiзу мен пайдалану арқылы философияда
дәлелдеудiң қажеттiлiгi мен, оның тәсiлдерiн қолдануды (абсурдқа әкелу
принципi) мойындау. Зеноның дәйектерi өзiндiк заңдылықтың күш-қуатын
бекiтетiн тәжiрибе деретерiне күмән келтiретiн логос позициясын күшетуге
бағытталған. Егер Парменид философиялық тезистердi дәлелдесе, Зенонды
Аристотель диалектиканың атасы деп атады (қарсыластың пiкiрiн терiске
шығаратын диалогты жүргiзуге байланысты). Зенон әдiсi – жағымсыз жағдайды
дәлелдеу. Парменидың “Қайшылық заңына” ол “Үшiншiнi жоққа шығару” заңын
қосты. Зенонның “Ахилес”, “Дихотомия”, “Жебе”, “Стадион” және басқа
апориялары философия ұрпақтары мен көпшiлiк үшiн алынбас қамал болды.
Зенонның “Ахилл және Тасбақа” апориясы (апория – түсiнiксiз қайшылық).
Алғашқы шарт. Ахилл мен Тасбақа бiр-бiрiнен А аралығындағы қашықтағы
жолы бойында тұр. Олар бiр кезде бiр бағытқа қарай жылжыды. (Ахилл барлық
күшiн салып жүгiрдi, ал тасбақа болса, бауырлап жылжиды).
Тезис: Ахилл ешқашанда Тасбақаны қуып жете алмайды.
Дәлелдеу: Тасбақаны қуып жету үшiн Ахилл ең алдымен оны қозғалыс
басталардағы бөлiп тұрған А аралықты жүгiрiп өту керек. Осы жақта уақытта
тасбақа да А аралығында өтедi. Демек, ендi Ахилл тасбақаны қуып жету үшiн
тағыда А аралығын жүгiрiп өту керек және т.т. Себебi,кеңiстiк жол
шексiздiкке дейiн бөлiнедi, онда Ахилл мен Тасбақа арасында азда болса
аралық қалып отырады, оны Ахилл жүгiрiп өтуi керек.
Қорытынды: Ахилл ешқашан да Тасбақаны қуып жете алмайды. Сөйтiп,
кеңiстiкте шексiз бөлiнетiн немесе бөлiнбейтiн интервалдардың
(аралықтардың) өмiр сүруi мүмкiндiк болса, онды қозғалыстың болмайтындығы
туралы қорытынды жалауға болады.
Зенон бойынша кеңiстiк өзiнiң құрлымы бойынша шексiз (континуальдық),
немесе оның бiр шекке (дискреттiк) дейiн бөлiнетiн және одан ары ұсаққа
бөленбейтiн интервалдары бар. Егер кейде кеңiстiк белгiлi бiр шекке дейiн
бөлiнетiн болса, онда жебе туралы апория қолданылады.
Ұшып бара жатқан жебе t уақыт сәтiнде кеңiтiкте белгiлi интервалда
орын алады: 3тен 8ге дейiн.
Қозғалыс – бұл кеңiстiктегi орын ауыстыру, демек, жебе жылжиды, олай
болса келесi сәтiнде уақыт t΄́, ол басқа кеңiстiктiң интервалында
орналасады:
4-тен 9-ға дейiн әрбiр кеңiстiктен интервал бөлiнбейдi: жебе онда
толық орналасады, немесе орналаспайды, жарым-жартылай орналасуы мүмкiн
емес. Демек, жебе интервалың бiр бөлiгiн 8-9, өтуi мүмкiн емес, бұл
интервал бөлiнбейдi. Онда уақыт t кезiнде жебе қозғалыссыз 3-8 интервалда,
ал уақыт t΄ кезiнде қозғалыссыз 4-9 интервалда болады.
Қорытынды: Ешқандай қозғалыс жоқ, тек кеңiстiктiң әртүрлi интервалында
қозғалыссыз орналау бар.
Ежелгi Греция философиясындағы материалистiк бағыт кейiнгi кезеңде
Демокриттiң (б.з.д. 460-370 жылдар шамасы) философиясынан неғұрлым
айқынырақ көрiнедi. Демокриттiң көзқарастары бойынша, нақты дүниенiң,
негiзгi кеңiстiк бiр бөлiгiн толырып тұратын атомдар. Әртүрлi жолдармен
қосыла отырып табиғаттың бөлiнбейтiн және мәңгi өмiр сүретiн ең кiшi
бөлшектерi. Олар сана жағынан емес, сан, түрi формасы, рет тәтiбi, немесе
орналасуы және көлемi жағынан бiр-бiрiнен өзгеше келедi. Атомдарының
түрiнiң формасының орналасу ретiне және көлемiне қарай денелер белгiлi бiр
сапаға, қасиетке ие болады, жылы не суық, ауыр не жеңiл, қатты не жұмсақ
болып келедi. Атомдар мәңгi қозғалып тұрады, бiр-бiрiмен соқтығысып бiрiмен-
бiрi шағысып жатады.
Бәрi де үнемi өзгеру үстiнде болады, бәрi де заңды түрде және қажетiне
қарай өтедi. Демокрит табиғат пен қоғам құбылыстарын детерминизм (барлық
заттар мен құбылыстардың заңды, себептi-шартты байланысы туралы iлiм)
принципi негiзiн дәлелдейдi.
Философиялық материалистiк идеяларды Эпикур жалғастырды. Демокриттiң
өзгермейтiн, бөлiнбейтiн атомдар мен олар өмiр сүретiн кеңестiк бар дегенiн
мойындап, Эпикур одан өзгеше: атомдар “төмен қарай құлаған” кезде өзiнiң
алғашқы тура қозғалыс бағытынан ауытқиды деп ойлайды. Ол атомдардың қисық
бағытты қозғалысы, одна кездейсоқ жаңа заттар мен денелер пайда болады
деген болжам айтты.
Таным туралы iлiмiнде Эпикур сенсуалистiк көзқараста болды. Ол
сенсуалистiк iлiмге, сондай-ақ дейектi атеизмге сүйене отырып, өзiнiң
этикасын жасады. Бұл этика бойынша адамның мiнез-құлқы жөнiндегi ережелерге
оның өмiрден ләззат алуға деген табиғи шабыттары негiз болуға тиiс. өмiрдiң
бұл ләззатының мәнi рухтың тәуелсiздiгi мен тыныштығында, өлiм қорқынышы
мен құдайдың күшiн жеңу осының шарты.
Сократ (б.з.д. 469-339 жж) туралы Аристотель мен Платонның айтуы
бойынша бiлемiз. Сократ әлем құрлымын, заттардың (физикалық) табиғатын
танып бiлуге болмайды, тек өзiмiздi ғана бiлуiмiз мүмкiн дейдi. Мұны
“өзiңдi танып бiл” формуласы түрiнде өрнектедi. Бiлiм - дегенiмiз ой, жалпы
туралы ұғым. Ұғым анықтау арқылы айқындалады да, индукция атында
жалпыланады.
Сократтың басты мақсаты – жастарды өз философиясы арқылы тәртiптi өмiр
сүруге баулу. Көбiнесе пiкiр таласы және өз айтыстары мен шұғылданған.
“Менiң бiлетiнiм – еш нәрсе бiлмейтiнiм” – дейдi ол.
Сократ этика саласында өнегелiктi ақиқат, даналық пен теңестiрдi. Тек
ақылды адам ғана өнегелi, себебi ол iзгiлiктiң, жақсы мен жаманның не
екенiн бiледi. Әсiресе Сократ үш iзгiлiктi бағалайды: бұл сабырлық, сабырлы
адам құмарлықты қалай басуды бiледi; бұл батылдық, батыл адам қиындықты
қалай жеңудi бiледi; бұл әдiлеттiлiк, әдiл адам адамдық пен құдайлық
заңдарды қалай ұстауды бiледi. Сократтың ойынша даналық тек қана “мейiрбан
адамдарға” ғана тән.
Платон (б.з.д. 428-347 жж). Объективтiк идеализмнiң негiзiн қалаушы,
әрi Сократтың шәкiртi. Объективтiк идеализм жүйесiн дамытты, объективтiк
идеализм бойынша болмыстың мазмұнын, идеялар, рухани мәндер жасайды. Олар
мәңгiлiк нәрселер “сезiмдiк заттар” дүниесi дегенiмiз идеялар көмескi
идеялары болып табылады. Заттар мәңгi өмiр сүрмейдi, сағым сияқты жоғалып
кетедi. Олар тек мәңгi өмiр сүретiн және өзгермейтiн ұғымдардың көлеңкесi
ғана.
Платон өзiнiң көптеген iзашарлары секiлдi болмыс пен болмыс еместiң
мәселесiн шешуге ұмтылады. Оның мынандай: болмыс – бұл идеялар (эйдостар),
ал болмыс емес – материя. Болмыс – эйдос: идеалдық санадағы объект, таза
мән, материалдық заттарға қатынасты төрт қызмет атқарады: олар заттарға
себеп, үлгi, түсiнiк және мақсат болады.
Платон бiздiң кәдiмгi түсiнiгiмiзге қарамай, неге болмысты идея деп,
ал болмыс еместi материя деп санайды? Материалдық заттар бүлiнуi мен
жойылуы мүмкiн, ал идеяға (эйдос) ешуақытта зақым келмейдi. Материалдық
заттар кейде iрi немесе кiшкене, жаман немесе жақсы болуы мүмкiн, ал
идеялар болса керiнше азаймайды және көбеймейдi, жақсармайды және
нашарланбайды, өзiнiң толық жағдайында өмiр сүредi. Идея мәңгi, тұрақты,
өзгермейтiн бiрлiкте және т.б. Бұл Парменидтiң болмысқа берген сипаттарына
сәйкес, олар - әлемнiң бiр негiзгi абсолюты.
Платон диалектiк ретiнде ешқандай абсолют, қарама-қарсылықсыз толық
болмайтынын бiледi. Сондықтан болмыс болмыс емеспен толтырылуы керек, яғни
әлемдегi құбылмалық, өлiм, жалғыздық және ерiксiздiк пен толықтырылады.
Бұл материалдық әлем. Осылайша “идея әлемi” және “заттар әлемi” қарама-
қарсы өзiнiң сипаттамасы бойынша олар: болмыс – идея әлемi, мәңгiлiк,
тыныштық, өлместiк, ақылмен ұғыну, әрқашан өзiне тепетең және бөлiнбейтiн
болса, ал қалыптасу заттар әлемi, уақытша, қозғалыста, ажалды, сезiммен
қабылдау әрқашан басқа және бөлiнетiн болады.
Идеялар Платон үшiн адамның ақыл-ойын түсiну емес, ол ақиқатты өмiр
сүру түрi. Идея – дүниеге келген үлгi емес, заттардың мәңгiлiк шетi, ол
оның сезiмдiк көрiнiстерiнiң сан алуындығын қамтиды.
Платонның идеялар әлемi – бұл сатылы түрде ұйымдастырылған жүйе. Оның
ең жоғарғы шынында Игiлiктiң абсолюттiк идеясы орналасқан.
Идеялар мен заттардың өзара байланыс сипаты туралы мәселенi шеше
келiп, Платон қарым-қатынастың үш түрi: елiктеу, қатыстылық және қатысу
туралы айтады.
Платонның “Тимей” диалогында ғарыш теарисы дамиды. Ғарышты Демиурт
жасайды. Физикалық әлем немесе сезiммен қабылданатын ғарыш әлемi мынандай
кесте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сократ философиясы
Антикалық философияның қалыптасуы мен өзіндік сипаты
Орта ғасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Тарихи - философиялық таным табиғаты
Антикалық дүниетанымдық ой
Сократ пен Платонның этикалық ілімдері
Қайта өрлеу дәуірінің ерекшелігі
Қайта өрлеу философиясы
Жалғыз философия
Антикалық философия тарихы
Пәндер