Зейінді дамыту мен тәрбиелеудегі мұғалімнің рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Зейінді дамыту мен тәрбиелеудегі мұғалімнің рөлі

Қазақстан Республикасы « Білім туралы » Заңының 8-бабында « Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу » деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: « Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім ». Ендеше өсіп келе жатқан өскелең ұрпағымыздың жан-жақты, терең білімді болып шығуы үшін әр мұғалімге артылар жүк аз еместігі айқын байқалынады. Білімді болудың басты шарты - ол әр оқушының оқу іс-әрекетінде аса зейінді болуы десек болады.

Зейін сөзінің этимологиясына үңілетін болсақ, әдебиеттерді саралау, талдау барысында былайша түсініктемелерге қол жеткізе алдық. Мысалы: латынша - ұмтылыс, жету, немісше ( aytmerksamkeit ) - байқағыштық, поляктарша ( umago ) - ерекше қатынас, сыйластық, өзбекше - беделге бағыну, қытайша - ойдың бағыттылығы, ойды жинақтау, еврейліктерше - жүрек қалауы, орысша ( внятие, внимать, внимание ) - тыңдау, есту, естігенді зердеге тоқу, ерік-жігермен ойымызға бағыттау, жұмысқа пайдалану, қазақша ( зейіл, зерде, зейін ) - назар аудару.

Зейін мәселесімен шетел және бұрынғы одақтас ғалым-зерттеушілер өте көп зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өз қортынды ойлары мен тұжырымдарын кейінгі ұрпақтарға қажетті мол мағлұмат ретінде қалдырғандарын да айтуымызға болады. Бұл мәселе өзіміздің қазақстандық ғалымдарымызды да бей-жай қалдырмай келе жатқандығына куә бола аламыз. Профессор Ж. Ы. Намазбаеваның жетекшілігімен зейін психологиясын зерттеумен айналысып жатқан ғалымдар: С. В. Тихомирова, И. В. Андреев, О. С. Саңғылбаев, Г. К. Жұмажанова т. б. Бұл ғалымдар еңбектерінен адам өмірінде зейіннің алатын орнының, олардың әрбір жасаған іс-әрекетінің жемісті де, мағыналы, нәтижелі болып шығу жолында ерекше қасиет екендігін ұғына алдық.

Адам баласының өмірдегі іс-әрекеті, бір-бірімен жасайтын қарым-қатынасы, талабы, ынта-ықыласы, мақсат-мүддесі зейіні мен зердесіне байланысты екені даусыз. Біздің данагөй ата-бабаларымыз мұны бұрыннан біліп, ұл-қызын зейінді де зерделі етіп тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлген, зейін мен зердені шыңдауға, адамның есте сақтау қабілетін арттыруға тамаша тәсілдер де ойлап тапқан. Әйгілі педагог К. Д. Ушинский адамның психикалық іс-әрекетінде зейіннің алатын орнын ерекше атап көрсетіп, « зейін адам санасы арқылы қортылатын және одан өтетін барлық ойды аңғартатын адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады » - деген болатын. Оның бұл пікірі оқу-тәрбие ісінде күні бүгінге дейін өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келеді.

Оқушының сабақты түсіне алмауы, есінде дұрыс сақтамауы, қате жіберуі, адамның үйренген бір кәсібін меңгере алмай орашолақтық жасауы тәрізді іс-қылық, оған жөнді зейін қоймауынан. Осыған орай оқу іс-әрекетінде баланың белсенділігіне қарай зейін - ырықты, ырықсыз, үйреншікті деп аталатын үш түрге бөлінеді.

Ырықты зейін ерікті немесе белсенді зейін деп те аталады. Сананың әрекеттің белгілі шарттарымен байланысты болып, бір объектіге бағытталуын ырықты зейін дейміз. Ырықты зейіннің психологиялық мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен байланысты. Ал ырықсыз зейін нәрсеге бағытталған сананы шоғырландыру үшін ерік күшінің қажет еместігін білдіреді. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда бұлардың әрқайсысының өзіндік орны, мәні, мағынасы бар. Үйреншікті зейін - зейіннің ерекше түрі. Бұл зейіннің түрі ырықты зейіннен кейін жасалады және ол қызығу негізінде қалыптасады. Әрекет кезінде үйреншікті зейіннің пайда болуы - әркімнің өзіндік ерекшеліктері мен еңбектену әрекеттерінің жемісі. Кейбір адамдар ауыр деген жұмыстың өзін қиналмай-ақ, ойнап-күліп жүріп тындыра береді. Зейіннің осы аталған үш түрі бір-бірімен тығыз байланыста. Оқу жұмысында үйреншікті зейіннің маңызы зор. Ол құбылыстар мен заттардың, мазмұндық материалдардың санада тез бейнеленуін, сөйтіп, қабылдау үрдісінің тез, оңай болуын қамтамасыз етеді.

Үйреншікті зейін көпшілік жағдайда оқушының өз зейінін өзі басқаруынан көрінеді. Бұл көбінесе жоғарғы сынып оқушыларына және ересек адамдарға тән. Ұстаздар оқу-тәрбие істерінде оқушы зейінін сабаққа бағдарлаумен ғана шектеліп қана қоймай, олардың өз зейінін басқара алатындай ерік сапаларын қалыптастыруға аса көңіл бөлуі қажет.

Оқу үрдісінде мұғалім оқушыны таңдандыратын қызықты, әдемі, көрнекі заттарды пайдалана отырып, оның ырықсыз зейініне сүйене отырып, сол зейінді тұрақтандыруға, біртіндеп ырықты зейіннің қалыптасуына күш салуы керек. Бұл ретте оқу материалының нақтылығы, мазмұндылығы, тартымдылығы, эмоциялық сезімге қанықтылығы болуы қажет., сол берілетін материалды бала санасына неғұрлым қонымды боларлықтай сіңіруге тырысқанда өз нәтижесін берері анық. Дегенмен, мектепте оқу іс-әрекеті әрдайым қызықты бола бермейді. Бала үшін қызық емес, тіпті оларды жалықтыратын, бірақ білуге тиіс қажет материалдар да болады.

Сондықтан да оқу іс-әрекеті барысында оқушының ырықты зейінін де қалыптасытырып, дамыту қажет. Бұл үшін сыныпта оқушының даму аясына сай мақсатты, тартымды оқу іс-әрекеті ұйымдастырылуы керек. Оқу іс-әрекеті түрлендіріліп, бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Іс-әрекеттің жаңа түрі оқушының ырықты зейінін оятып, тұрақтандырады. Алғашқы оқу жұмысына үйретуде белгілі бір оқып-үйреніп отырған пәнге баланың зейінін ерекше шоғырландыру, ол үшін баладан сабаққа дайындалуды талап ету, бала зейінін ұзақ уақыт сақтай білуге, тұрақтандыруға үйрету оңай еместігі айқын.

Зейін көпшілік психикалық процестер сияқты өзіндік даму кезеңдерінен тұрады. Баланың өмірінің алғашқы айларында зейіннің ырықсыз түрі байқалады. Бала тек сыртқы тітіркендірулерге ғана қарайды. Әсіресе жағдайлардың жылдам ауысуында байқалады, мысалы; қараңғы бөлмеден жарыққа, күтпеген жағдайдағы қатты дауыс, температураның ауысуында ғана болады.

Баланың үш айлығынан бастап сыртқы обьекттерге қызығушылығы арта бастайды. Баланың 5-7 айлығында қандайда бір обьекті ұзақ бақылай алуға, оны ұстап, аузына апаруға қабілетті. Әсіресе ашық түсті және жылтыр заттарға деген қызығушылығы ерекше. Осыған қарап отырып біз баланың ырықсыз зейіні даму үстінде екенін айта аламыз.

Ырықты зейіннің алғашқы нышандары әдетте 1 жастың аяқ жағында немесе екінші жастың бас жағында байқала бастайды. Осы арқылы баланың ырықты зейіннің қалыптасуы немесе пайда болуы қабылдау процесімен байланысты екендігін айтуға болады. Баланы қоршаған адамдар оған тек өзіне ұнағанды ғана емес сонымен қатар не істеу қажет екендігін үйрете бастайды. Н. Ф. Добрыниның ойынша балаларды тәрбиелеуде оған талап етілетін әрекетердің мазмұнына көңіл бөлген жөн.

Ырықты зейіннің дамуы үшін ойын маңызды орында. Ойын арқылы бала өз іс-әрекетін жоспарлайды және өз әрекетін ойынның шартына қарай бағыттайды.

Mектеп жасындағы балалардың зейінінің еркешелігі оларда ырықты зейіні тұрақсыз келеді. Бала сыртқы әсері етуші тітіркендіргіштерге көп көңіл бөледі. Оның зейіні тым эмоционалды-ол әлі өзінің сезімін жөнді игере алмайды. Осыған қарамастан ырықсыз зейін өте тұрақты, ұзақ, шоғырланған. Ақырындап жаттығулар арқылы дамытуға болады.

Мектептегі оқу-тәрбие істерінің барлығы да балалардың ырықты зейінін қалыптастырып, дамытып отыруды қажет етеді. Бұл үшін бастауыш сыныптарда оқу әрекеті балалардың жас ерекшеліктеріне, олардың шамаларына қарай қызықты, аса тартымды ұйымдастырылуы шарт. Ынта-талпынысының нәтижелі болуы баланың өзіне деген сенімін арттырады. Сабақты оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлендіре жүргізіп, әртүрлі әрекет жасатып, ырықсыз зейінін ырықты зейінге аударып отыруы керек. Сабақтың өту барысында кез-келген артық сөз, тынышсыздық баланың белсенді жұмыс істеп отырған көңілін бөледі. Ырықты зейінді дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты - баланың көңіл күйі. Сабақ үстінде шаршап-шалдығып отырған немесе ырық беріп отырған баланың зейіні тұрақсыз болады, соған сәйкес ырықты зейіннің сапасы нашарлайды. Ырықты зейінді күшейту үшін мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті, әсіресе көңіл-күйлерінің, психикалық денсаулығының қалыпты болуы қажет.

Академик А. А. Ухтомский ( 1875-1942 ) ғылым тұрғысынан зейінге тереңірек түсінік берді. Бізді қоршап тұрған дүниеден сезім мүшелері арқылы миға әр түрлі тітіркендіргіштер әсер етеді, осының нәтижесінде мида топ жұлдыздарға ұқсас қозу алаптары пайда болады. Бұл қозулардың арасында өзара « талас » басталады, соның нәтижесінде жеңіп шыққан қозу алабы жеңілгендерге үстемдік жасайды. Ол жеңілгендердің күшін өзіне тартып алады да, қуаттана түседі. Осындай басым дәрежеге жетіп, үстемдік алған қозу алабын ғалым А. А. Ухтомский доминант деп атады.

Доминант - латын сөзі, « dominans - үстемдік » деген мағынаны береді. Доминант орталығы өзін тек кішігірім импульстердің есебінен қуаттандырып қоймайды, ол сонымен қатар өзіне кедергі жасап тұрған өзге ми орталықтарын тежеп тастайды. Зейіннің не екенін түсінуде осы айтылғандардың едәуір маңызы бар. Көптеген жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне қарағанда мектептегі бірқатар оқушылар 45 минуттың 20-25 минутында ғана сабаққа зейін салып, қалған уақытын әр нәрсеге алаңдаумен өткізетіндігі байқалынған. Оқу-тәрбие ісі неғұрлым еңбекпен байланысып отырса, балалар да соғұрлым сабаққа зейіндірек болады, ал баланың сабақ үлгеріміне зейіннің әсері орасан зор екеніне күмән жоқ.

Ухтомский сабақ беру мәселесіне жоғары мән берген. Бұл ретте ғалым-оқытушы « Әр оқытушының мақсаты - оқушылармен үздіксіз байланыс жасап, олардың доминантына ие болу. Бұл мақсат тек оқыту әдісін түрлендіріп, қызғылықты мысалдар мен фактілер келтіріп, эксперименттер жүргізіп, көрнекі құралдарды сәтті пайдалана білудің нәтижесінде ғана іске асады » - деген.

Зейін өзін жеке психикалық үдеріс ретінде сипаттайтын қасиеттер қатарынан тұрады. Зейіннің негізгі қасиеттеріне тұрақтылық, шоғырлануы, бөлінушілігі, аударылуы және көлемі жатады.

Зейін тұрақтылығы - белгілі уақытта бір жаңа объектке шоғырлану қабілеті. Физиологиялық тұрғыдан алғанда, зейіннің тұрақтылығын мидағы жүйке жасушалары бір тобының ұзақ мерзім бойы қозуы деуге болады. Жүйке жасушаларының ұзақ уақыт бойы қозу жағдайында болуы оның күштілігін байқатады. Мұндай зейін тұрақтылығынан адамның жоғары жүйке қызметінің жалпы типтік ерекшеліктері байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейін туралы жалпы түсінік
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқытудың жаңа технологиялары
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамытудағы отбасы тәрбиесінің рөлінің мәні
Оқушылардың сабақта алаңдаушылық зейінін болдырмау жолдары
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқытудың жаңа технологияларын ендіру
Мектеп оқушыларының ойын әрекетінің табыстылығын бағалаудың объективті критерийлері
Оқушылардың зейін қасиеттерін дамыту үрдісінің динамикасын психологиялық теорияларды арттыру жолдарын қарастыру
Талантты және дарынды бала
Болашақ педагог-психологтерді инновациялық іс әрекетке даярлау
ОҚУШЫЛАРДЫ ІС-ӘРЕКЕТ БАРЫСЫНДА ЗЕЙІН ТӘРБИЕСІНЕ БАУЛУ ЖОЛДАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz