Майлау жүйесінің құрлысы
Майлау жүйесінің құрлысы
Қызметі мен жүйе схемасы
Майлау жүйесі мотор бөлшектерінің үйкеліс беттеріне май жеткізіп тұру
және майлау қызметін атқарады. Үйкелген беттерге жеткен май үйкеліс күшін
жеңілдетеді, қажалуын тежейді, беттерді салқындатады және бөлшек беттерін
қажалу қалдықтарынан тазартады. Қазіргі моторларда аралас майлау жүйесі
қолданылады, мұнда кейбір бөлшек сығылған май арқылы, кейбірі шашырау, ал
бірі ағып келген май арқылы майланады.
Двигательдің жұмыс істеу кезінде оның қозғалатын бөлшектері өте күрделі
қозғалыстар жасайды. Сол кезде олар әрі қозғалмайтын бөлшектерге жанасып
үйкеліседі, әрі өзара жанасып үйкеліседі. Жоғарыда айтқандай, ондай
үйкелетін беттерді қаншалықты мүқият тегіс етіп өңдегенге қарамастан,
оларда микробедерлер сақталып қалады. Егер сол беттер өзара үйкелетін
болса, сол бедерлер бір-бірімен айқасып, бөлшектердің жылжуына үлкен
кедергі келтіреді.
Сондықтанда сондай құрғақ үйкелісті, сұйықтық үйкеліске айналдыру
қызметін майлау жүйесі іске асырады, яғни бөлшек бедерлерінің ой жерлері
сұйық майға толады да екі қырдың бір-біріне айқасу құбылысын болдырмайды.
Әрі қарай бөлшектердің жылжуы еңді сұйық майдың жылжуына байланысты
болғандықтан, үйкеліс мүлде жеңілдейді.
Үйкеліс беттеріне майлайтын сұйықты жеткізуге байланысты, майлау
жүйесін үш түрге бөлуге болады.
Бірінші үйкеліс беттеріне үлкен қысыммен беріледі де үйкелетін екі
бөлшек тіпті бір-бірімен тек сұйық қабат арқылы жанасады десе де болады.
Екіншісі үйкеліс беттеріне майды қысымсыз ағызып немесе шашып береді.
Бұл кезде үйкелетін екі бөлшек жартылай сұйықпен, жартылай өзара жанасады.
Үшінші түрі үйкеліс беттеріне әрі қысыммен, әрі шашып береді. Мұны
құрама майлау жүйесі деп атайды.
Двигательдердің бөлшектері құрылысы жөнінен және жұмыс істеу
жағдайларына байланысты әртүрлі болатындықтан, оларды майлаудың бір ғана
түрін, яғни тек қысыммен немесе тек шашып беретін тәсілін қолдана алмайды.
Сондықтанда қазіргі двигательдердің барлығыңда құрама майлау жүйесі
қолданылады, яғни кейбір бөлшектер қысыммен, кейбір бөлшектер шашып
майланады.
1.1-суретте осындай құрама майлау жүйесінің принципиалдық схемасы
көрсетілген. Оның жалпы құрылысы мен жұмысы мына төмендегіше болады.
Майлайтын сұйық (көбінесе двигательдік майлар) картер түбіне құйылып
қойылады. Оның деңгейі белгілі бір мөлшерде болуға тиіс және оны арнаулы
көрсеткішпен (16) үнемі бақылап отырады. Енді осы картер түбіндегі май
арнаулы сүзгімен жабдықталған қабылдағыш (6) арқылы май насосымен (7)
сорылып алынады да қысыммен әрі қарай сүзгілерге (1,10) жіберіледі.
Сүзгілер екі түрлі болады: біреуі ірі тазартқыш (10), екіншісі майда
тазартқыш (1). Сондықтанда олардың бүкіл жүйеге қосылу тәсіліне қарай толық
немесе жартылай ағынды сүзгілер деп түрлендіреді. Толық ағынды сүзгілер
жүйедегі насос (7) айдап шығарғын майды тұтас тазалайды, ал жартылай ағынды
сүзгілер түгел емес, бір бөлігін ғана тазалап тұрады. Көбінесе қазіргі
двигательдерде ірі тазалағыштар (10) тұтас ағынды, ал майда сүзгілер (1)
жартылай ағынды болады.
Сүзгіден шыққан таза май бөлшектерді майлауға жіберіледі. Ол үшін
двигатель блогында магистралдық тесік (12) жасалады. Сол магистралдық
тесіктерден майланатын бөлшектерге де тесіктер жасалады. Сонда ондай
бөлшектер қысыммен берілген май арқылы майланады. Көбінесе қысыммен
майланатын бөлшектерге иінді біліктің тірек және шатун мойындары (13),
жұдырықша біліктердің тірек мойындары (14), күйентелердің осьтері (15)
жатады. Одан басқа поршень мен цилиндр, клапандар, жұдырықшалар, поршень
саусақтары сияқты болшектер шашыраған май тамшыларымен майланады.
Иіңді білік және тағы басқа айналатын бөлшектер майды шашып, картер ішінде
ұсақ май тамшыларынан тұман түзеді де, олар барып шашылып майланатын бөлшек
беттеріне қонады.
Осыларға қосымша жүйеге майды суытатын радиатор (3), май қысымын
бақылайтын манометр (11) және температураны көрсететін термометр (2)
қойылған.
Май насосы (7) үшін көбінесе шестернялы насос қойылады. Себебі ол
сенімді жұмыс істейді және аз ғана айналыста жоғарғы қысым жасай алатын
мүмкіндігі бар. Сондықтанда ол тұтас майлау жүйесін двигательдің аз
айналысы кезінде қамтамасыз ете алады. Ал двигательдің айналыс жылдамдығы
көбейген кезде, оның қысымын реттеп отыратын қысым реттегіш клапан (8)
қойылады.
Қайта жіберу клапаны ротордағы май қысымын сақтайды. Егер роторға май
енген кездегі қысым 0,65 МПа-ға дейін артса (қою майда немесе ротор
ластанғанда), онда клапан ашылып, тазартылмаған май мотор картеріне
құйылады.
Кейбір моторларда ңайта жіберу клапаны ашылған кезде май центрифугаға
соқпай, май магистраліне өтеді. Қайта жіберу клапанын реттегіш винтпен 0,65-
0,70 МПа қысымға реттеп келтіреді.
Оның серіппесі насостан шыққан тесікті бітеп тұратын шар тәрізді
клапанды, қысым аз кезінде, жауып итеріп түрады. Ал қысым көбейгенде шар
май қысымының әсерімен серіппені қысады да тесікті ашып, артық май қайтадан
картерге кетеді немесе насостың соратын тесігіне қайта келеді.
Осыдан басқа ірі сүзгімен (10) параллель тура жіберетін клапан (9)
жалғастырылады. Оның қызметі сүзгі өте ластанып, май жүрмей қалған
жағдайда, оның кіре берісіндегі көбейген қысымның әсерімен клапаны ашылады
да, май ағыны тазаланбаған күйінше тура магистралдық тесікке жіберіледі.
Олай болмаған жағдайда двигатель майсыз жұмыс істеп, барлық үйкелетін
бөлшектер істен шығуы мүмкін.
Ірі сүзгі үшін көбінесе металл сымнан жасалған торлар немесе араларында
саңылау қалатын металл пластинкалар қолданылады. Сонда тордан немесе өте
тар саңылаудан май насос қысымымен өткен кезде, оның ішінде ірі механикалық
қоспалар сүзіліп, май тазартылады. Кейде осындай металл сүзгілердің сыртына
қағаз сүзгі бірге қойылады да май тазалануын жақсартады. Мұндай сүзгілерді
белгілі бір мезгілден кейін айырбастап тұрады.
Майда сүзгі есебінде көбінесе реактивті центрифуга пайдаланылады. Оның
жұмыс принципі ортадан тепкіш күшке негізделген. Сол үшін оның айналатын
бөлігі болады. Оны ротор деп атайды. Сол роторда радиусқа перпендикуляр
бағытта екі шашқыш тесік қойылған. Оларды сопло деп атайды. Насостан
қысыммен келген май сол соплолар арқылы қысылып шығады да кері тебетін
реактивті күш тудырады. Осы пайда болған күштер бір-біріне қарама-қарсы
бағытталғандықтан, айналдыру моментін жасап, роторды айналуға мәжбүр етеді.
Ротор айналмалы қозғалысқа келгендіктен, оның ішіндегі майда айналып,
ондағы лас кесектер ауыр болғандықтан ортадан сыртқа қарай көп күшпен
итеріледі де ротордың ішкі қабырғасына жабысып қалады. Ал тазаланған май
қайтадан картерге құйылады. Осылайша біртіндеп майды тазалай береді.
Двигательге техникалық күтім жасалған кезде, роторды бөлшектеп, оның ішкі
қабырғасында жиналған лас тұнбаларды қырып тазартып, қайтадан орнына
бекітеді.
Май суытатын радиаторлар әртүрлі двигательдерде әрқалай жүйеге
жалғасады. 1.1-суретте көрсетілген схемада радиатор жүйеге арнаулы жапқыш
кран (5) арқылы жалғасқан. Ол кранды көбінесе жазда ашып, қыс мезгілінде
жауып ұстайды. Оған қосымша сақтандырғыш клапан (4) жалғасады.
Кейбір двигательдерде осылай радиаторды жүйеге қосып ажырату қызметін
арнаулы клапан атқарады. Жүйедегі май суық кезінде, оның тұтқырлығы көп
болғандығынан қысым артып клапанды ашады да май радиаторға бармай қайтадан
картерге құйылады, ал май қызғандықтан оның тұтқырлығы азаяды да клапан
жабылып, май радиатор арқылы суып барып картерге құйылады.
1,6,10 – сүзгілер; 2-термометр; 3-радиатор; 4,8,9-клапандар; 5-кран; 7-
насос; 11-манометр; 12-магистралды канал; 13-
иінді білік; 14-таратқыш білік;
15-күйенте ось; 16-деңгей өлшегіш; 17-картер тығыны.
Радиатор клапаны салқын майды қайта жіберуге арналған, ол май
радиаторына соқпай, двигательдің май каналына келеді. Қысым айырмашылығы
0,06-0,7 МПа болғанда клапан ашылады. Радиатор клапанын ретке келтіру
жүргізілмейді.
Ағызу клапаны двигательдің май каналында қысым артңан жағдайда
тазартылмаған майдың артығын картерге құю үшін қолданылады. Реттегіш
винттің көмегімен майлау жүйесіндегі май қысымы бірқалыпқа келгенше
клапанды ретке келтіреді. Кейбір двигательдердің май сүзгісіне радиатор
клапанның орнына ауыстырып қосқыш шүмек орнатылған, соның көмегімен май
радиаторын қыс кезінде ажыратып тастайды.
Жүйедегі май қысымы мен температурасын көрсететін құралдар (11,2)
жүргізушінің алдыңдағы қалқанға көрінетін орынға бекітілген. Жұмыс кезінде
оларды үнемі бақылап отыру қажет. Оның үстіне күнделікті картердегі май
деңгейін де тексеріп тұрады.
Май жүйесіндегі қысым двигательдің тозу дәрежесіне қарай қалыпты
мөлшерінен өзгеріп кетуі мүмкін. Ол қысымның өзгеше болуы майланатын
бөлшектердің аралығындағы саңылаулардың көбеюі себепті май кедергісіз тез
өтіп кетеді, сөйтіп май жүйесінің қысымы төмендейді де, оның жүмысына
нүқсан келуі мүмкін. Мұндай жағдайда май қысымын реттейтін клапанның
жұмысын реттеу керек. Ол үшін осы клапанның бекіткіш қақпағын шығарып алады
да, реттеуіш гайканы тиісті жағына бұрайды. Ол гайка шарикті клапанды
итеріп тұратын серіппенің қысу күшін өзгертеді. Егер гайканы кіргізе
бұрасақ, май жүйесіндегі қысым артады, ал керісінше бұрасақ, май қысымы
азаяды. Май қысымын көрсеткіш манометр арқылы бақылайды.
Двигатель жұмысы кезінде майдың тазалығы төмеңдейді де сүзгіштердің
жұмысын нашарлатады. Егер сүзгіштер өте ластанып кетсе, онда олар май
жүйесіне қарай майды өткізбеуі мүмкін. Мұндай жағдайда двигатель
механизмдері құрғақ жұмыс істейді де, апатқа ұшырайды. Осы жағдайды
болдырмау үшін май жүйесіне қайтарғыш клапан қойылады. Бұл клапан сүзгіштер
істен шыққан кезде насостан келген майды тазартпай-ақ бірден май жүйесіне
өткізіп жібереді. Осыған қосымша, двигательдің салқын кезінде май
тұтқырлығы өте жоғары болады да жоғарыда айтылған жағдай қайталануы мүмкін.
Бұл жағдайда да қайта жіберетін клапан іске қосылады.
Қайта жіберетін клапанның жұмысын реттеуге мүқият көңіл бөлген жөн.
Себебі, бүл клапан қалыпты мөлшердегіден ерте ашылатын болса, онда май
жүйесіне тазаланбаған майлар өтіп кетеді де, бүның өзі двигатель
бөлшектерінің тез тозуына әкеп соғады. Ал егер кеш ашылатын болса, онда
майдың қою кезіңдегі немесе сүзгілер өте ластанып кеткенде май жүйесіне
жіберілетін май мөлшері азаяды да, двигатель механизмдерінің тозуын
тездетеді.
Төгетін клапан май жүйесінің магистралдық каналындағы қысымды
тұрақтандыру үшін орнатылады. Оның қызметі де қысым реттеуіш клапанның
қызметіне ұқсас. Бірақ ол насос каналында емес, май жүйесінің каналында
орналасады. Май жүйесіндегі қысым көбейген жағдайда артық майды қайтадан
картерге жібереді.
Двигательдердің майлау жүйесіне жоғарыда көрсетілген тораптармен қоса,
салқындатқыш радиатор қойылады, себебі жұмыс кезінде май темрепатурасы
жоғарылайды да, оның тұтқырлығы азайып кетеді. Май салқындатқыш радиаторды
жұмысқа қосу қызметін арнаулы клапан атқарады. Оны клапан-термостат деп
атайды. Майдың тұтқырлығы жеткілікті шамада болған кезінде жүйедегі май
қысымы осы клапаңды аша алады, ал егер май тұтқырлығы азайса, оңда жүйедегі
қысым азайғандықтан, клапан жабылады. Осы клапан-термостатпен май
салқындатқыш радиатор өзара параллель жалғасқан, сондықтан да клапан
ашылған кезде май радиаторға бармай, қайтадан жүйеге кетеді, ал жабық
кезінде май радиатор арқылы салқындатылып, жүйеге қосылады. Мұндай
клапандар сүзгілер корпусында немесе май насосының радиаторға айдайтын
бөлігінде орналасады.
Жұмыс кезінде май тұратын картерге поршень мен цилиндр аралығындағы
жапсардан жанған газ өтіп, оның ішіңде майға қолайсыз жағдай тудырады.
Сондықтанда ондай газдан картерді тазалап тұратын арнаулы желдеткіш
қондырғы қолданылады. Сол желдеткіш тесік арқылы газ двигательге қайта
сорылады немесе сыртқы қоршаған ортаға шығарылып жіберіледі. Осы газбен
бірге май түйіршектері де кетпес үшін ол тесікке арнаулы сүзгіш қойылады.
Сүзгішті техникалық күтім кезінде жуып, тазалап отырады.
Мотор майы
Үйкелуші беттердің арасына жіберілетін майдың атқаратын қызметі.
Май қолданғанда үйкеліс күшін азайту, демек үйкелуші бөлшектердің тозуы
мен қызып кетуін барынша кеміту мақсаты көзделеді. Мұнымен қоса, үйкеліс
азайса, мотордың механикалық әсер коэффициенті ұлғаяды.
Майлағанда өзара жанаса қозғалатын беттердің арасына май қабаты
жіберіледі, сөйтіп, беттердің арасындағы тікелей үйкелістің орнына май
қабатының өзінің ішкі кедергісін жеңу ғана қалады.
Тәжірибелер, үйкеліс күші үйкелуші беттердің арасындағы май қабатының
қалыңдығына кері пропорционалды екенін көрсетті. Май қабатының қалыңдығын
ұлғайтса, үйкеліс пен май температурасына кететін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz