Ешкілерді азықтандыру және күтіп бағу


Ешкілерді азықтандыру және күтіп бағу
Ешкі шаруашылығында малды күтіп-бағуда, қой шаруашылығына да тән, төмендегідей жүйелер қолданылады:
-жаылымда бағу;
-жайылымда-қолда бағу;
-қолда бағу;
-қолда жайылымда-бағу;
Бұл күтіп бағу жүйелерін қолдану және олардың ұзақтығы малдың тұқымы мен аймақтың табиғи - ауа райлық ерекшелігінен туындайды.
Жүнді тұқымды ешкілер ылғалды ауа райына өте сезімтал келеді, сондықтан олардың бұл ерекшелігін күтіп-бағу жүйесін ұйымдастыруда міндетті түрде есепке алыну керек. АҚШ - та ангор тұқымды ешкілермен жүргізілген тәжірибеде ауа райлық камерада олардың ағзасына қатты әсерлі жағдай (стресс) суық (0-5 С суық) пен жоғары ылғалды ауамен жасалынған. Малдардыкамерада 12 сағат бойы ұстағанда төлдердің барлығы қырылған (алғашқы мал 4 сағаттан кейін), аналық ешкі тобы бойынша - 60% шығынға (алғашқы мал 12 сағаттан кейін) ұшыраған. Ешкілердің өлуі қан қерамындағы глюкоза концентрациясының 47-ден 22 мг/% - ке, дене температурасының 34С -қа дейін төмендеу әсерінен қалыптасқан энергияның жетіспеушілігінен болған.
Түбітті тұқымды ешкілер жүнді, әсіресе, сүтті ешкілерден морфологиялық құрамында түбіттің үлесі, тұқымына байлансысты, 40-80% деңгейінде ауытқитын қалың жүн жабындысымен ерекшеленеді. Бұл түбіттердің негізінен тек жазғы -күзгі және қысқы кезеңде өсуі ешкілердің қыстың суығы мен жаздың ыстығына жақсы бейімделуіне оң әсер береді. Орынбор және придон тұқымды ешкілердің өсіру аймақтарында ауа температурасы қысқы кезеңд 35-38С аязға жетеді, жазда 38-40С ыстыққа көтеріледі, ал Таулы -Алтай тұқымы өсірілетін аймақта кейде 55С аязға дейін барады.
Ешкілерде жайылымда бағу жүйесінен бір жерде қолда бағуға көшіру ақырындап, 7 -10 күн маңайында жүргізіледі. Малар шөппен алғашқы күндері тек жайылымға шығар алдынды (0, 3-0, 5 кг әр басқа) ал кейінірек -жайлымнан келгесін де азықтандырылып, әр күн сайын бұл азықтың иөлшерін көбейтіп отырады.
Сүт өндіруге бағытталған ешкілерді күтіп - бағуында қолданатын қораның ішіндегі ауаның температурасы мен ылғалдылығы, тиісінше, 8-15С жылы және 85%, ал бөлінетін жер көлемі 1 бас бойдақ ешкіге - 2 м 2 , аналық ешкіге, лағын
Ешкілерді азықтандыру. Ешкілер азық түрін онша таңдамайды, басқа малдармен салыстырғанда олар қоректік заттарды, әсіресе, клетчатканы жақсы қорытады. Негізінен, ауа райының бір қалыпты жағдайында ешкілердің қоректік заттарды қорыту үрдісі басқа мал түрлеріне қарағанда айырмашылығы аз.
Сонда да, әлемнің әр жерінде жүргізілген 20 зерттеудің 12-сінде, ешкі малы азықтың мынадавй қоректік заттарын басқа мал түрлеріне қаоағанда жақсы қорытатныны анықталған:
- Пакистанда өгіздереге қарағанда - құрғақ заты 25% - ға;
-Индияда қойларға қарағанда - целлюлозаны (клетчатканы) 16, 9 - ға, бұзауға қарағанда - құрғақ заты -16, 9, целлюлозаны 29, 1ға;
-Канадада қой мен бұзауларға қарағанда - целлюлозаны, тиісінше, 24, 0 - ға және 29, 1 - ға;
Индияда өткізілген тағы да бір тәжірибеде ешкілер қойға қарағанда азықтың органикалық заттарны 1, 1 - ға, шикі протеинді - 2, 3 -ға, шикі клетчаткасын 2, 6 - ға артық, ал оның майын 2, 1 - ға төмен қорытқаны анықталған.
Ешкілер жайылым малы болғандықтан олар ұзақ уақыт бойы тар қорада күтіп-баққанға нашар бейімделген. Сондықтан оларды әрі-бері жүруіне мүмкіншілігі болатындай кеңдеу жыл қорада немесе ашық қорада азықтандырған жөн. Суық аязды күндері ешкілердің жылынып жақсы күйіс қайтаруы үшін оларды азықтандыру мерзімінің арасында жылы қораға кіргізу керектігі нұсқалады. Әсіресе суықтанудан буаз ешкілерді сақтау керек.
КСРО құрамындағы мемлекеттердің белгілі ғалымдарының бірлесіп шығарған "Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру әдістемесінің анықтамалығынды" жүнді және түбітті ешкілерге бірдей деңгейдегі азықтандыру нормасы нұсқалады, ал сүтті ешкілер бойвнша бұл басылымда ешбір дерек көрсетілмеген.
Жүнді және түбітті тұқым ешкілерінің аналықтарын азықтандыру нормасы.
Аналықтарды норма бойынша азықтандыруға, әсіресе олардыңбуаздық кезеңінің екінші жартысындағы жағдайында, аса көп көңіл бөлу керектігі нұсқалады. Бұл кезеңде құрсақтағы төлдің өте қарқынды өсіп-дамуына байланысты аналыққа қажетті қөректік заттардың деңгейі орлардың буаздығының бірнеше жартысына қарағанда 0, 30-0, 40 а. ө. және 20-40 г қортылытын протинге ұлғайтылыды. Аналықтар буаздылық жағдайының екінші жартысында жеткіліксіз мөлшерде немесе кейбір қөректік заттармен толық қамтамасыз етілмей азықтандырылған жағдайда лақтарды әлсіз, тірілей салмағы төмен болып туылады, ал өздерінің қоңдылығы мен төлді қабылдау енелік түйгісі нашарлайды.
Аналықтардың азықтың қөректік заттардына ең жоғарғы мұқтаждығы лақтарын емізу кезеңіне келеді, ал олардың сұранысы рацион құрамындағы ірі азықтың(пішен, сабан) үлесін төмендету арқылы жем мен шырынды азықтардың деңгейін ұлғайту арқылы қанағантандырылады.
Аналықтарға лақ емізу мерзімінде берілетін рационның үлгісі 16 кестеде көрсетілген.
Қазақстанда советтік жүнді тұқымды ешкілерін өсіретін негізгі аймақ -Шығыс -Қазақстан облысының Семей өңірі. Осы аймақтың жағдайында бұл тұқымды ешкілер азықтың қоректік заттар мен энергиясындағы қажет деген мұқтаждығын мамыр айынан қазан айына дейін жайылым шөбінен алады. Қара күз бен ерте көктемгі жайылымда ешкілер азықтың энергиясындағы қажеттілігін тек 67, 1-73, 5% қорытылатын протеиндегі-68-90, 4%-ға қамтамыз етілелуіне байланысты, оларға осы затардың жетіспейтін деңгейін жемді қосымша беру арқылы толықтыру нұсқаланады-1 басқа 200-300 г. Мұнымен қатар, энергия мен протеиндік қорек деңейін нұсқалатын нормадан 15-20% көтерудің тиімді екені анықталған.
Сүтті бағыттағы ешкі тұқымдарының аналықтарын азықтандыру нормасы.
Сүт өндіруге мамандырылған тұқым ешкілерінің қоректік заттардағы мұқтаждық деңгейі олардың тірідей салмағы мен тәуліктік орташа сүттілігі бойынша анықталады.
Сауылу маусымында сүтті ешкілерге суды керек кезінде ішетін мүмкіншілік жасап, рационына міндетті түрде сүт мөлшерін ұлғайтатын азық түрлерін жеткілікті мөлшерде кіргізу керек.
Еуропалық сүтті тұқымды ешкілерді азықтандырудың нәтижелері бойынша бұл өнім бағытындағы ешкі малы 100 кг-дық тірілей салмаққа шаққанда күніне азықтың 5-8 кг құрғақ затын жейтіндігі анықталған. Бұл ірі қара және қой малының азықты жеу деңгейі жасына да байланысты. Мысалы, 2 жастағы ешкілер 1 жастағы төлден 50%-ға, 3 жасар ешкі 2 жасар ешкіден 10%-ға көп жейді.
Сауылатын ешкілердің азық энергиясындағы тәуліктік мұқтаждығы, өнімділігіне байланысты:1кг азықтың құрғақ салмағына шаққандағы макро және микроэлементтердің нормасы:натрий -2г, магний -2г, күкірт - 1, 5г, мыс - 10мг, кобальт - 0, 1 мг, мырыш-0, 75 мг, марганец-50мг, йод -0, 2мг, селен
- 0, 1 мг.
Ешкілерді азықтандыруда құрғақ заттардың мөлшері бойынша ең жоғары деңгейі 30%, қышқылдығы РН - 4 шамасындағы сүрлемді қолдану ұсынылады. Сүрлемді, әсіресе жүгеріден салынғанды, листериоз ауруына болдырмау үшін құрамында А, Д 3 , Е, В 1 , В 2 , В 6 , В 12 витаминдері бар минералды - витаминді қоспаны қосып азытандыру нұсқалады.
Тәуліктік сүттілігі 1, 5 -2, 5 кг мөлшеріндегі ешкілерге төмендегідегідей рацион ұсынылады, кг:
-бір жерде қолда бағу кезеңінде - 2кг беде пішені, 2 кг қызылша, 0, 4кг сұлы, 2кг шалғын пішені, 3 кг азықтық капуста ;
-жайылымда бағу кезеңінде -өріс оты (аңыздықта) , 3кг көк шөп, 1, 2 кг жоңышқа пішені.
Сүтті ешкілерді жоғары деңгейде азықтандыруда әр түрлі азықты пайдаланудың үлгісі ретінде, 50-ші жылдары сүт өнімділігі жағынан алда болған Майка атты ешкінің рационын кедтіруге болады: 0, 6 кг сұлы, 0, 8 кг арпа, 0, 4 ұрпақ (кебек), 0, 6 кг арпа жармасы, 0, 5 кг- кепкен нан, 2, 5кг - шырынды азық.
Жүнді және түбітті тұқым ешкілерінің төлдерін азықтандыру нормасы
Туылған лақтарда А витаминінің қоры болмайды немесе өте төмен деңгейде болады. Олар өмірінің алғашқы күнінен бастап осы витаминді және т. б. қажетті заттарды енесінің уызынан алады. Жаңа туылған лақтардың, басқа малдың төлі сияқты, міндетті түрде уызды жеткілікті деңгейде емуінің маңызыдылығы осыдан туындайды. Уыз кезеңінде (3-5 күнде ) лақтардың бауырына А витамині жеткілікті мөлшерде жиналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz