Антик философиясы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ2

Антик философиясы3

Анаксагор6

Демокрит пікірі7

Идея8

Эпикур пікірі8

ҚОРЫТЫНДЫ10

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР11

КІРІСПЕ

Философияның пайда болуы, оның дамуы белгілі логикаға сүйенеді. Мәселен, антик философиясы екі негізден туындайды: бірі - мифология, екіншісі - жаңа туындап келе жатқан ғылым. Орта ғасырда философия дінмен тығыз байланысты болды. ХV-ХVІ ғасырлардағы қайта өрлеу дәуірінде эстетикалық ой-пікірлердің әсері арқылы дамыды. Философия өзінің зерттейтін объектісін ерекше қарастырады. Мәселен, математик бірлік санын неше түрлі сарапқа салып, философтар болмасы солай сараптап, талдайтын болды. Ол ертедегі грек философиясы (б. з. б. VI ғ. ) бұған дейінгі дағдыланған мифологиялық дүниетанымға қанағаттанбағандықтан басталды. Оған себеп болған, сана-сезімнің оянуына әкелген: экономикалық жағдайлар, теңіз саудасы арқылы гректердің басқа елдерге барып, олардан көп нәрсе көріп, үйренуі, өз елі шекарасының ұлғаюы, т. б. Осыдан келіп жаңа өмір тұрғысы, жаңа қоғамдық сана қажет болды. Содан бастап арнайы ұстаздық ететін философтар шықты, сондай-ақ, оның пікірін қабылдап, одан дәріс алатын Платон академиясы, Аристотель лицейі, Эпикур бауы (мектебі) деген оқу орындары болды, соған сәйкес жаңа ұғымдар қалыптасты. Сократта ешқандай мектеп болған жоқ, бірақ оның төңірегіне де шәкірттер жиналды. Солардың бірі Платон, ал Платон шәкірттерінің бірі Аристотель болса, ол - атақты Александр Македонскийдің ұстазы. Байқап отырғанымыздай, бәрі бір заманда өмір сүрген. Тек Сократ ойын қағазға түсірмеген. Әркіммен сөйлесіп, сұқбаттасып жүріп, философияны дамытқан. Ертедегі грек ұстаздары былай жаса, былай бол демейді. Олар өздерінің ойын, пікірін, болжамдары мен топшылауларын айтқан. Шәкірттері олардан ой өрнегін құруды үйренген, қорытындыны әркім өзінше шығарған. Философия солай дамып отырды.

Антик философиясы

Б. з. б. VІІ-VІ ғ. аралығында Кіші Азияның Батыс жағалауында орналасқан (Иониядағы) гректің қаламемлекеттері, одан соң Түстік Италиядағы грек қалаларында, сондай-ақ, Сицилия жағалауындағы қалаларда, ақыр-соңында Грекияның өз ішіндегі Афины қаласында дүниеге келді. Римде философия б. з. б. ІІ-І ғасырларда қалыптасты. Бұл кезең ертедегі грек елі мен Римде құлдық қоғамның шарықтау кезі еді. Мәдениет дамыды, гректер арасынан поэзия, драматургия, мүсіндеме, философия, басқа да мәдениеттің көрнекті өкілдері Гомер, Эсхил, Аристофан, Софокл Геродот, Ксенофонт, Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель, т. б. дүниеге келді. Бұл - белгілі дәрежеде қалыптасқан философияның тұрпайы болса да, алғашқы кезеңіне жатады. Грек философиясы бірнеше белгілі уәкілдерін дүниеге әкелді. Оның бастамасы Милет клласынан шықты. Фалес (VII ғ. аяғы - VI ғ. бірінші жартысы) сауда адамы болған. Ол кезінде Вавилон, Египет елдерін талай аралаған. Оның даңқы б. з. б. 585 жылы Грекияда Күн тұтылатынын болжағаны үшін барлық жерге таралды. Сол үшін Египет абыздарынан ол оракул (көреген) деген атақ алған. Фалестің пікірінше, әлемде барлық заттар судан пайда болған. Бәрі содан туындаған. Тіпті Жердің өзі де су бетінде қалқып жүрген жалпақ дөңгелек. Фалестің айтуы бойынша, дүние - жанды құбылыс. Оның дәлелін магниттің тарту күшінен көрген. Фалестің бірнеше даналық ойлары тарихқа енген. Мәселен, - дүниеде ең жүйрік не? - деген сұрауға:

  • Ой, ол бәрінен жүйрік, - деп жауап қайтарған.
  • Дүниеде ең ақылды не? - деген сүрауға:
  • Уакыт? - деп жауап айтқан, - өйткені ол бәрініңсырын ашады.
  • Бәрінен күшті не? - деген сұрауға:
  • Қажеттілік, - деген, - ол бәріне әмірші.
  • Ең қиын не? - деген сауалға:
  • Өзіңці-өзің тану, - депті.
  • Ең жеңіл не? - дегенге:
  • Басқаларға кеңес айту, - деген көрінеді.

Дәл осыған ұқсас сауал-жауапты қазақ мысалдарынан жиі кездестіруге болады. Анаксимандр (б. з. б. 610-547 ж. ) пікірінше, дүние негізі - су немесе басқа бір зат емес, белгісіз, байыпталмайтын бастама - апейрон. Дүние пайда болып, жойылып жатады. Мәңгі, өзгермейтін жойылмайтын - апейрон. Анаксимандр әлемнің түрлері көп болатынын болжамдады. Ол Эллада да ең алғаш әлем картасын сызды, глобус жасап, күн сағатын ойлап шығарды. Оны жерге қаққан қазықтан түскен көлеңке арқылы шамалады. Анаксимандрдың апейрон туралы пікірі материяны философиялық тұрғыдан қазіргі пайымдауға жақын келеді. Анаксимен (585-525) дүниенің негізі ауа деп есептейді. Ауаның қоюлануы мен сұйықталуынан су, жер, тас, от пайда болады деп топшылады Анаксимен. Бірде көлеңкелі бақ арасында серуендеп жүргенде шәкірті: "Анаксимен, айтыңызшы, неге күдіктене бересіз. Сіз ұзақ өмір сүрдіңіз, тәжірибелі данасыз", - депті.

Сонда Анаксимен асасымен бірі кіші, бірі үлкен екі дөңгелек сызып, кішісінің іші - сенің білгенің, үлкеннің іші - менің білгенім, ал дөңгелектердің сырты - бізге беймәлім, депті. Гераклит (535-475 ж. шамасы) . Ол Эфес қаласынан шықты. Оның пікірі бойынша, дүниеде өзгермейтін, қозғалмайтын еш нәрсе жоқ. Бәрі ағыста, бәрі өзгерісте. "Мына космос барлық тіршілікке бірдей, опы ешбір Құдай, ешбір адам жасаған жоқ, мәңгі тірі, ретімен жанып, ретімен өшетін от, ол солай болып қала бермек". Гераклиттің ойынша, "дүниедегі барлық құбылыс жанды оттан жаралған, олай болса жан да оттан тұрады, бірақ ол өте құрғақ. Әлемді билейтін күш - "Логос". Тіпті Күн де одан шығып кетпек емес. Қозғалыс мәңгі. Әрбір зат өзінің қарама-қарсысына айналады, мәселен, суық - жылыға, жылы - суыққа, ылғал - құрғакқа, құрғақ ылғалға айналады. Бір суға екі рет малтуға болмайды. Теңіз суы әрі таза, өрі лас. Олай болса, қарама-қарсылық - "бәрінің атасы, бәрінің патшасы" - депті. Ал диалектика туған жерде оған керісінше ұғым да дүниеге келеді. Ондай ұғым өкілдерінің бірі - Парменид (УІ-У ғ. шамасы) . Оның ойынша: "Дүние - от пен жерден, яғни заттан тұрған шар. Онда бос кеңістік жоқ. Олай болса, еш нәрсе жоқтан пайда болмайды, әрі жойылмайды". Ол философияға "болмыс" ұғымын ендірді. Болмысты, Парменидтің пікірінше, көзбен көруге, сезім мүшелері арқылы сезуге болмайды. Оны тек оймен тану мүмкін. Парменидтің қанатты сөзі: "Болмыс бар, бейболмыс жоқ". Парменидтің шәкірті болған Зенон (490-430 ж. ) бірнеше ғажап ойлар айтты, солардың бірі - оның апориясы. Мәселен, тасбақаны Ахилл қуып жете алмайды. Садақтың оғы ешқашан нысанаға жетпейді дегені. Ол, әрине, өмірде олай емес екенін біледі. Бірақ теория жөнінде бұл қозғалысты дәлелдей алмаған. Өйткені, Ахиллдың жүретін жолын, садақ оғының нысанаға дейінгі аралығын Зенон алдымен теңдей етіп екіге бөледі, бөлінген бөлікті тағы да екіге бөледі. Ахилл да, садақ оғы да әр уақытта сол бөлінген нүктелерде болуы тиіс. Ал бөліну шексіз болған-дықтан, оның шегіне ешқашан жету мүмкін емес. Сондықтан Зенон теория жүзінде Ахилл тасбақаны қуып жете алмайды, ал садак оғы (жебесі) нысанаға жетпейді деді. Бірақ Зенон қозғалыс пен жүру қашанда өзгеріс пен тыныштықтың диалектикалық бірлігі екенін білмеді. Ол дүниенің шексіз екенін мойындай келіл, бірлік пен көптің диалектикасын былай топшылайды: "Бірлік көп емес, ол бөлінбейді. Егер бірлік бөлінетін болса, ол - бірлік емес, көптік", - дейді. Эмпедокл (490-430 ж. шамасы) . Әрине, диалектика бар жерде антидиалектика, метафизика да бар, идеализм бар жерде материализм бар. Эмпедокл - ертедегі гректердің ішінен шыққан материалист. Дүниенің түрлі құбылыстарын ол төрт бастамадан шығарады. Олар: от, ауа, су және жер. Түрлі заттар осы бастамалардың қосылуынан пайда болып, ыдырауынан жойылады. Бұлардан басқа тағы зат емес екі рухани бастама бар: сүйіспеншілік пен қастандық. Эмпедоклдың айтқан екі болжамы таң қалдырады. Бірі - Күннің тұтылуы, Жер мен Күннің арасына Айдың тура келіп, қабаттасуы. Екіншісі ™- сәуленің әлемде тарауы үшін уақыттың керектігі. Олай болса, сәуленің таралу жылдамдығы болатыны.

Анаксагор

Анаксагор (500-428 ж. ) Күн - материалдық дене, құдай емес, жұлдыздар - қыздырылған тас дейді. Сол үшін оны діндарлар күнәһар деп айыптаған. Ертедегі гректер арасынан софистер де шықты. Солардың бірі - Протагор (480-410 ж. ), Горгий (483-375 ж. ), т. б. Олар шындықты дәлелдеп, нақтылап білудің орнына мәселені құр қызыл сөзбен алмастырмақ болды. Мәселен, Горгий былай дейді: 1) дүниеде еш нәрсе жоқ; 2) егер ол бар болса, оны тану мүмкін емес; 3) егер оны тану мүмкін болса, оны пайымдау, түсіндіру мүмкін емес. Сөйтіп, Горгийдің пікірінше, мәселе бір нәрсені танып білуде емес, өйткені, ол біздің қолымыздан келмейді. Оның орнына икемді ойлау қажет, бәрі соған байланысты, дейді. Әрине, диалектика - икемді ойлау әдісі. Икемді ойлаудың екі түрі бар: объективтік және субъективтік ойлау. Осылардың біріншісі диалектикаға, екіншісі софистикаға жатады. Софистер формальдық логика заңдарын әдейі бұрмалайды. Мәселен, кейбір адамдар суда малтығыш. Барлық ғалымдар - адамдар. Олай болса, барлық ғалымдар - суда малтығыш. Олардың мақсаты - мәселенің аяғына жету емес, керісінше, қызыл сөзбен мәселенің бетін шындықтан аударып, өмірден алшақтату. Сократ (469-399) - гректер арасынан шыққан объективтік идеализмнің негізін салушы. Ол Афиньадағы демократиялық құлдық құрылыстың ыдырау кезеңіне сай келді. Сократ үстемдік құрған құл иеленушілердің адамгершілікке жатпайтын сорақылықтарын, олардың сиынған құдайларын сынады. Өйткені, бұл кезде Афиныдағы бұрын орнағаы демократиялық тәртіп бұзылып, үстемдік құрғандар демократияны аяққа басқан, талай заңсыздық, опасыздық әрекет жасап, қылмысқа батқан кезең болатын. Белгілі моральдық принциптерді ұстаған Сократ бұл сұмдықтарды аямай әшкерелеп, жастарды адамгершілік тұрғысынан жаңаша тәрбиеледі. Әрине, бұл үстем таптарға қауіпті болды. Сондықтан үстем тап өкілдері Сократты өлім жазасына бұйырады. Ол үкімді орындап, Сократ өз қолымен бір тостаған у ішіп өледі. Сократқа тағылған айып: а) Афины құдайларына сенбестік тудырған; б) жастардың Афины демократиясына сеніміне іріткі салған. Сократтың басты максаты - жастарды ез философиясы арқылы тәртіпті өмір сүруге баулу. Уақытының көбін ол пікір таласына, сөз айтысына жұмсаған. "Менің білетінім - еш нәрсе білмейтінім", дейді Сократ. Сондықтан, ол "Өзінді езін. біліп ал" "деген талап қойды. Сократ өте жұпыны тұрған, байлығы болмаған. Бір киімді қысы-жазы үстінен тастамаған, жалаңаяқ жүрген. "Адамның беделі онын байлығы мен танымалдығында емес", дүниеде онсыз өмір сүруге болатын қанша зат бар. Масқаралық өмірден, ерлікпен өлген артық - деген даналық сөздері бар. "Мен өмір сүру үшін ішіп-жеймін, ал енді біреулер ішіп-жеу үшін өмір сүреді", - деген канатты сөз қалдырған. Сократтың идеализмі - әлемді билеуші Құдай деп уағыз-дауы. Сократтың айтқандарын қағазға түсірген - оның шәкірттері, оның ішінде Платон болды.

Демокрит пікірі

Демокрит (460-360) ертедегі гректерден шыққан тек материалист қана емес, сонымен бірге ол атомистік теорияның негізін салушы. Лепкиппен бірге ол әдем "атом" және "бос қуыстан" тұрады дейді. Олар "атом көзге көрінбейді, қүлаққа естілмейді, түссіз, бірақ нақты өмір сүреді" деп уағыздады. "Атомдар бірінен-бірі түрі, қатарластығы және орны. жағынан ажыратылады, ерекшеленеді. Тіпті өмір мен өлім де осылардың қосылуы мен ыдырауына байланысты. От та атомдардан тұрады. Атомдар бос қуыс арқылы мәңгі қозғалыста. Зат солардан құралады". Атомдарды сезінуді "видики" деп атады. Демокриттің пікірінше, бір кезде адамдар хайуандарша өмір сүрген.

"Соларды адам қалпына келтірген қажеттілік" деп түсіндірді Демокрит. Платон (428-347) - объективтік идеализмнің көрнекті өкілі, Сократтың шәкірті. Ол Афины демократиясын қатты сынға алды. Платонның еңбектері: "Мемлекет", "Театет", "Федон", т. б. Сезімнен тұратын шындықты Платон нақты шындық емес, ол тек өмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Таным дүниені білу емес, еске түсіру деп уағыздады. Идея деген ұғымды алғаш философияға енгізген де - сол. Табиғатта идея тек түр ретінде өмір сүреді. Заттар өз қасиет сипатын сол түрге сәйкестенуі арқылы иемденеді.

Идея

Идея - ол біріншіден мәңгі, ол тумайды да, өлмейді де, өспейді де, кемімейді де; екіншіден, ол біртектес, әр түрлілік тек заттарға тән, олар өнеді, өшеді, - дейді Платон. Сөйтіп, ол идеяны алға тартады. Шәкірттерін оқыту үшін Академия ашты. Мемлекетті философтар басқармайынша адам баласы зұлымдықтан арылмайды, дейді. Платон жастарды философиямен айналысуға шақырды. Философ болу үшін таңдана білу керек, - дейді ол. Философ дегеніміз - шындықты сүю, - дейді Платон. Аристотель (384-322 ж. ) . Ол - Платонның шәкірті, атақты Александр Македонскийдің ұстазы. Александр Македонский патша тағына отырғанан кейін өзінің ұстазы және досы Аристотельге ескерткіш орнатып, былай деп жазыпты: "Бұл ескерткішті Никомаха ұлы, данышпан, құдіретті Аристотельге қойған - Александр". Аристотель де объективтік идеалист, бірақ ол материализм мен идеализм арасында солқылдақтық, енжарлық жасады. Дегенмен Аристотель өмірден идеалист болып өтті. Негізгі еңбектері: "Жан туралы", "Физика", "Категориялар", "Метафизика", т. б. Кезінде ол өзінің ұстазы Платонды өмірден идеяны жоғары қойғаны, нақты өмір оның көлеңкесі дегені үшін қатты сынға алды. Бірақ, Аристотель түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге берген. Мәселен, кірпіш - түр, ал сол кірпіштің негізі болып, қалыпқа құйылған материал (батпақ) - материя, яғни мазмұн деп қарады. Ол формальды логиканың негізін салып, оның үш заңын ашты. Формальдық логиканың Аристотель ашқан: 1) дәлме-дәлдік; 2) қайшылық; 3) үшіншіні жоққа шығару заңдарына қоса, Лейбниц Г. В. (1646-1716) төртінші жеткілікті негіз заңын ашты. Геродоттың хабарлауы бойынша, гректерге логиканы (қисынды сөйлеуді) үйреткен скиф Анахарсис көрінеді. Бұл әбден мүмкін. Тарихта бір халықтан бір халық үйреніп отырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі
Антик философиясының кезеңдері
Антик философиясы туралы
Антик философиясы туралы ақпарат
Антикалық дәуірдің философиялық ізденістеріндегі ғылыми білімнің жүйеленуі
Ежелгі Грекия дүниетанымының жаңа формасы
Антик философиясының дамуы
ХХ ҒАСЫР ФИЛОСОФИЯСЫ. Жаңа заман философиясы
Философиялық ой дамуының бастапқы кезеңі
Мәдениеттану. Ежелгі грекия мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz