Қоғамның саяси саласындағы жастар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

№3 СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТТАР

Тақырып: Қоғамның саяси саласындаңы жастар
Мамандығы: Ғарыштық техника және технологиясы
Тобы: КТТк-18-1
Орындаған: Ақылбеков Д.Ж.
Тексерген: Берлібаев Б.Т. Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры

___________ ___________ _____ _____________2018ж
(бағасы) (қолы)

Алматы 2018

Кіріспе

Қазіргі таңда жастардың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділікке деген құлшынысын ояту мен қалыптастыру бойынша кеңінен шаралар қабылданылып жатыр. Бұл құбылыстың қос өлшемі бар: ғаламдық және ұлттық.
Ғаламдық деңгейде жастарға бағытталған арнайы саясат жүргізу тәжірибесі халықаралық қауымдастық тарапынан 1950-60 жылдардан бастау алатынын атап өткен жөн. Мәселен ілгеріде, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1995 жылдың 14 желтоқсан айында Жастарға қатысты іс-әрекет жасаудың дүниежізілік бағдарламасы қабылданады. Сонымен бірге, БҰҰ-ның 2000 жылдың 20 қаңтарындағы қарарына сәйкес, Жастар саясаты мен жастар бағдарламалары жөнінде Лиссабон мәлімдемесі қабылданған болатын. Аталған халықаралық құжаттардың барлығы жастардың қоғамдық өмірдің алуан салаларында ролін күшейтуге бағытталған еді.
Ұлттық деңгейде мемлекеттік жастар саясатының жүйелі заңнамалық тұғырын қалыптастыру, жастар саясатының институттарын жетілдіру және осы саладағы министрліктердің салааралық үйлестірілуін қамтамасыз ету шаралары қолға алынған болатын. Осыған байланысты, жастардың қоғамдық-саяси процестерге толыққанды қатысуы, әлбетте, мемлекет пен қоғамның дамуы үшін, жалпы алғанда, маңызды болады.
Сонымен қатар, жастардың құрылымы жағынан халықтың күрделі әлеуметтік-демографиялық тобын құрайтынына жіті назар аудару қажет. Осы тұғыдан алғанда, жастар әртүрлі мүдделері мен қажеттіліктері бар алуан әлеуметтік топтардың жиынтығы.
Алайда қоғамдық-саяси үдерістердің даму бағыты әрқашанда барлық әлеуметтік топтардың, соның ішінде, жастардың мүдделеріне сай келе бермейді. Ол саяси процестердің күрделі әрі динамикалық сипатта болуымен түсіндіріледі.
Сондықтан мемлекеттің тұрлаулы дамуы мен мүмкін соқпақтарды болдырмауды қамтамасыз ету үшін жастардың қоғамдық-саяси процестердегі іс-әрекетін реттеу керек. Осылайша, жастардың саяси өмірдегі маңызы мен ролін арттыру қажеттігі туралы мәселенің осы мазмұнда қойылуын, біздің ойымызша, дұрыс емес.
Осы орайда, жастардың бірізді әрі ептеп қоғамдық-саяси салаға тартылуы орасан зор маңызды деп есептейміз. Өйткені, жастардың саясатқа араласуы белгілі бір дәрежедегі жастардың алдын-ала шыңдалуын талап етеді. Өз кезегінде, жастарды қоғамдық-саяси өмірге дайындау мемлекеттің жастар саясатына байланысты болып тұр.
Қазір мемлекеттік жастар саясаты қоғамның стратегиялық әлеуеттерін дамытудың бірден бір басымдығы ретінде қарастырылады. Сол арқылы жастардың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуына қажетті жағдай жасалынады.
Мемлекеттік жастар саясатының жай-күйі нормативтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық шаралардың қолдануынан туындаған үрдістердің дамуымен сипатталғанын атап өту қажет.
Осыған орай, мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыру кезінде бұл саланың дамуының белгілі бір үрдістері айқындалған. Жалпы алғанда, бұл процесс қос бағытта дамыды: құзырлы мемлекеттік органдардың қалыптасуы және жастармен төте жұмыс жасайтын мекемелер мен жастар ұйымдары.
Мемлекеттік деңгейде жастар саясатын Білім және Ғылым Министрлігінің құрамына кіретін Жастар саясаты департаменті жүзеге асырады.
Өңірлерде кейбір Ішкі саясат департаменттерінде жастар саясаты бірыңғай бөлімдері қызмет жасайды, алайда кейбір облыстарда жастар саясатын іске асыру функциялары бірнеше бөлімдерге үлестірілген.
Жастар саясаты саласындағы маңызды мәселелер бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңесі әзірлейді.
Сонымен бірге, облыстық әкімдіктер жанынан жастар жобаларын қаржыландырудың әртүрлі институттары, соның ішінде, жастар саясатын дамыту қорлары, жастар бағдарламары мен бастамалары орталықтары құрылған.
Есесіне, өңірлерде жастарға негізінен кеңес беруге арналаған әлеуметтік қызметтер қалыптастыру жұмысы қолға алына бастады. Жоғарғы оқу орындарында жастар істері жөніндегі комитеттер қызмет жасайды.
Жастар саясатын жүзеге асыруда Қазақстан жастарының конгресі маңызды орын алады. Себебі, ол көптеген жастар мен балаларға арналған ұйымдарды біріктіріп, олардың жұмысын үйлестіреді.
Студенттер мен жастардың жұмысшы жасақтарын қоғамға маңызды жұмыстарға тарту дәстүрін қайта жаңғырту дұрыс шешім болды. Сол арқылы мемлекет пен қоғам жастарды жұмыспен қамту мен еңбекқорлыққа баулу сияқты бірқатар өзекті мәселелерді шешуге септігін тигізді.
Аталмыш институттар жастармен тікелей жұмыс жасайтын болғандықтан, олардың тиімділігі, жалпы, мемлекеттік жастар саясатының нәтижелерін анықтайды.
Осылайша, жастар саясатының даму тенденцияларын, жалпы алғанда, оң деп бағалауға болады. Жастар саясатының нормативтік-құқықтық базасы толығымен дерлік қалыптасты. Оның институционалдық қамтамасыз етілуі күннен-күнге жетілдіріліп жатыр. Жастардың қоғамдық-саяси рөлі ауқымды реформалар кезінде күшейюі барлық халыққа тән. Себебі, жастардың жаңа жағдайға бейімделуі немесе жаңашылдыққа ұмтылысы жоғары деңгейде болғандықтан қоғамдағы өзгерістерден шет қала алмайды. Жалпы қоғамның дамуы, болшағына деген сенімді көзқарастың қалыптасуы сол қоғамдағы жастар және жастардың әлеуметтік-мәдени ұғымдық болмысымен тікелей байланысты. Осы орайда шығыс елдері аға ұрпақтың тәжірибесіне сүйенсе, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропалық елдер жастарға көп үміт артады [1]. Сондықтан жастардың санасындағы құндылық ұғымын дұрыс қалыптастыру елдің болашағын айқындайтын факторлардың қатарына жатады. Адамзат өркениетінің бүгіні мен болашағы көп жағдайда жастардың әлеуметтік белсенділігіне қатысты екені даусыз. Сондықтан жастардың жетілуінің сапалық деңгейі де, жастарға деген жаңа көзқарастың қалыптасуы да үш бірдей фактордың - жастар белсенділігінің қалыптасуының әлеуметтік-мәдени алғышарттары мен жастар саясаты, оның мәдени бетбұрыстарының жиынтығынан және қазіргі кездегі жастардың белсенділігінің әлеуметтік-мәдени болмысына тәуелді болуымен байланыстырылады. Жастар белсенділігі қоғамдық жүйенің дәрежесіне, елдегі саяси-әлеуметтік реформаларға, демократиялық бетбұрыстарға, мәдени құндылықтарға, ұлттық дәстүрге тәуелді, яғни жастар белсенділігінің әр кезде мәдени құндылықтық негіздерін анықтап отырудың заңдылыққа айналуымен байланыстырылады. Сонымен бірге, жастар белсенділігі қоғам мен билік арасындағы алшақтыққа тосқауыл қоймақ ниеттен, құбылмалы әлеуметтік-мәдени ортада өз құқығын қорғамақ шешімнен, жаңа қауымдастықта өз орны мен рөлін қалыптастырмақ талпыныстан туындайды. Осындай сыртқы және ішкі әлеуметтік-мәдени бағдарға байланысты жастар туралы түсінікте, жастар белсенділігінің қалыптасуы мен ол туралы көзқарастардың әрқалай қабылдауы және таралуы табиғи құбылыс. Жастардың әлеуметтік-құндылықтық бағдарына ықпал ететін көптеген факторлар бар. Атап айтар болсақ, олардың қызығушылықтары, қалыптасатын ортасы, діни түсініктері, халықтың салт-дәстүрі, мемлекеттің ұстанымы т.б. - жас ұрпақтың мәдени бағдарына әрқалай ықпал етуде. Қазіргі нарықтық жағдайда құндылық туралы түсініктер мен бағыттар өзара үйлесе бермейді де, сол алшақтық белгілі бір деңгейде жастар арасында құлдырауға тап болғандығы да шындық. Мұның басты себебі ретінде, жастардың өркениеттілік, мәдениеттілік тұрғысынан өзіндік үлгісінің ауытқушылығы деуге болады. Сонымен бірге, төл мәдениетіміз бен құндылықтарымыздың негізін құрайтын салалардың әлсіреуі, ұлттығымызға жат әрекеттердің кеңінен таралуына түрткі болуда. Сонымен қатар, еліміздегі ұлтаралық, дінаралық, конфессияаралық тұрақтылық пен төзімділікті сақтап қалу да барынша маңызды мәселелердің қатарына жатады.

Жастар қоғам дамуының негізі ретінде
Жастардың құқықтық және рухани құндылықтары жастарды өз халқының рухани мәдениетіне бағыттауы, мемлекетіміздің тарихи өткеніне баулуы, қоғамдағы келісім мен бейбітшілікті нығайту жас ұрпақтың отаны үшін мақтан сезімін қалыптастыруы тиіс. Патриотизм, адамгершілік, шеберлік, жауапкершілік сияқты жеке қасиеттерді иеленуге ұмтылуды ең бірінші міндетке айналдыру қажет.Жастардың алған бағытының дұрыстығы немесе бұрыстығы жөнінде аға буын өкілдері дұрыс бағдар беріп отырған дұрыс деп санаймыз. Ел ішінде жүріп жатқан үлкен өзгерістер халықтың барлық бөлігінің, оның ішінде алғашқы кезекте жастардың белсенді болуын қажет етеді. Бұл орайда, мемлекеттің ішкі саясаты реттеп отырушы фактор болғаны жөн.Әлеуметтік саясатты құраушы бөлшектердің өзара қатынасын, маңызы мен мінезін түсінбейінше, философиялық тұрғыдан оның қайшылықтарын сараптамайынша, қоғамда орын алып жатқан жаңару мен қоғамдық құбылыстарды толық игеру мүмкін болмайды. Осыған орай жастардың бейімделуі, әлеуметтік қорғалуы, еңбек, шығармашылық және мәдени белсенділігі мемлекет саясаты шеңберінде жүргізіліп отырған істерге бағытталуы тиіс. Ұлттың тағдырын өз мойнына алған мемлекет, жастарға қатысты өз алдына нақты міндеттер қойып отыр.Жастардың әлеуметтенуі қазіргі қоғамда болып жатқан процестерден тыс жүре алмайды. Бұл процесті бір арнаға түсіру үшін жаңа мемлекеттік жастар саясатын тереңірек жетілдіру қажет. Бұл қоғамның реформалануы тұсында жас ұрпақтың нарықтық қатынасқа ерте бейімделуіне әсер етеді. Олай болса қоғамдағы жастар мәселесі оның мемлекетінің мәселелерінен бөліп қарау мүмкін емес. Сондықтан мемлекеттің қызметінің басты бағыттарының әрі басым бағыттарының бірегейі жастар саясаты болып отырғаны Қазақстан Президентінің әр жылғы халыққа Жолдауынан көрініс табуда.Мемлекеттік жастар саясаты елдің әлеуметтік-мәени дамуының негізі болып табылады. Жастар саясаты өз кезегінде кез-келген елдің басты басымдығы. Өйткені жастар саясатының өзі жастардың қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени-рухани мәртебесін сақтау әрі қорғау шаралары жүйесі, осы тұрғыдағы мемлекеттік және қоғамдық органдардың қызметі болып табылады. Сондықтан еліміздің жастарын ұлтжандылыққа, адамгершілікке, білімділікке, өркениеттілікке тәрбиелеу біздің ең басты құндылықтарымыздың бірі болмақ.Осыған орай жастар арасындағы қызығушылықтар мен бейімділікке дұрыс бағдар ұсыну, оның еліміз үшін тиімділігін көрсету, жастарды ұлтжанды әрі білімді етіп тәрбиелеу қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі болмақ. Жастардың білімді әрі тәрбиелі болуы олардың бойында қалыптасқан рухани, ұлттық әрі ізгілікті қасиеттерінің дәрежесіне қарай жүзеге асады.Қазақ халқы қашаннан бала тәрбиесіне, жас ұрпақтың дұрыс қалыптасуына ерекше мән берген халық. Сондықтан баланы бастан тәрбиелеу керек деген даналық сөз қалдырған. Жастарды, ел болашағы ретінде жасынан қайратты, қайырымды, ақылды, адал, әділ, өнерлі етіп өсіру мәселесі қай кезде де айрықша мәселе болған.Қоғамның қалыптасуы мен мемлекеттің өркениеттілігін арттыру үшін ондағы адамдардың, әсіресе өскелең ұрпақтың рухани тұрғыдан жетілген болуына баса назар аударылады. Олай болса, біздің еліміздің болашағы болатын жастардың белсенділігі қандай бағытта дамуы керектігі өзекті мәселелердің бірі екені дауысыз.Қоғам табиғи, әлеуметтік және мәдени жақтарынан өзін жас ұрпақ арқылы қалыптастырды. Жастар белгілі бір жүйеде мемлекеттің болашағын құрайды, сондықтан да оның көңіл күйі, тәртібі мен хал-ахуалы қоғамдағы жалпы саяси және әлеуметтік-психологиялық жағдайдың өлшеуші барометрі ретінде танылады. Патриотизм, адамгершілік, шеберлік, жауапкершілік сияқты жеке қасиеттерді иеленуге ұмтылу жас қазақстандықтар үшін алға қойылуда. Сонымен, жастар саясатының ресурсын, мәдениеті мен ғылыми білімін, ұрпақтың саны мен сапасын, оның өмірінің деңгейін анықтайтын бағдарлар, екіншіден, еліміздің қауіпсіздігі мен ұлттық үйлестігін сақтау және дамытуға кедергі болатын теріс салдарды шектеу - әрбір мемлекет үшін маңызды мәселе. Ел Президенті Н. Назарбаев үш негізгі міндеттерге - қазақ халқын дамытуға, қазақ мемлекетін нығайтуға, халықтың ынтымақтасуына ерекше назар аударды. Содан тәуелсіздік алған елімізде ұлттық сана-сезім оянды, ұлттық идея ортақ нысанға айналды. Саяси еркіндік рухани жаңаруға мүмкіндік қосымша ашты. Елімізде этносаралық қатынастар жағымды құндылықтарға сүйеніп, өзінің тарихи татулығын сақтап қалды. Қазақстан Республикасы қоғамдағы дамудың инновациялық түрі қоғамдық және жеке тұлғалық сананы реттеуге лайықты әлеуметтік-экономикалық ортаны қалыптастырудың шынайы бағдарын айқындауда. Халықтың даму заңдылықтары елдің өміріндегі, оның экономикалық, саяси, экологиялық және т.б аясындағы көлемді өзгерістерді анығырақ бейнелейді.
Қазақстан Республикасының жастар саясаты мына қағидаларға сүйенеді:
Конституцияда және халықаралық келісімдерде бекітілген адамның негізгі құқығы мен еркіндігін сақтау;
Нәсілі, тілі, діні, жынысы, этникалық және әлеуметтік шығу тегіне және мүліктік жағына қарап жіктеуге жол бермеу;
Жеке адам мен мемлекеттің мүддесін үйлестіру, биліктің барлық саласының, қоғамдық ұйымдар мен топтардың ықпалын топтастыру;
Халықаралық талапты орындау, көші-қон процесін реттеу барысында әлеуметтік, экономикалық, саяси тұрақтылық пен этносаралық, дінаралық келісімді қамтамасыз етуде ұлттық мүдденің басымдылығын ескеру.Дүниеге көзқарас және өмірлік құндылықтарды қабылдау бойынша әртүрлі жас ерекшелігі бар жастар бір-бірінен өзгеше болады, тіпті ол жас ерекешеліктерінің арасы айтарлықтай көп емес топтар арасында да байқалады. Мәселен, қазіргі 25 жастан жоғарғы жастағы жастар мен мектеп қабырғасындағы жастардың дүниегекөзқарасы, отан туралы сенімі, құндылықтарды дәріптеуі сияқты ерекшеліктерге пікірі әртүрлі болып еледі. Мұның басты себебі, қазіргі өркениеттілік түсінігі мен құндылықтардың жаһандық қатынастарға байланысты өзгеруінде деуге болады. Жастар өз кезеңінде ең танымал әрі қызығушылығын тудырған, өз ортасы тарапынан қабылданған түсініктерге еліктеп, сол қасиеттерді өз бойына сіңіруге тырысады.Базалық құндылықтардың басым болуы - заңды құбылыс. Өзі негізінде олар белгілі дәрежеде әлеуметтік және беделді кажеттілктердің негізін калыптастыру факторлары болып танылады. Жастардың базалық құндылыктар маңыздылығына жасалған талдау (қажеттіліктер негізіде жасалған) жастардың әлеуметтік санасында жалпы адамзаттық құндылықтар басым екенін анықтады: денсаулық, материалдык камсыздандырмау, ұрпақтық тәуелділік және өзiнe деген сенімділік. Соңғы кұндылық бағдар осы өтпелі кезеңдегі жастар үшін маңызды негізгі сипаттамалардың 6ipi болып табылады. Өз отбасы мен ата-ана отбасы кұндылықтары арасындағы көрсеткіштер (соңғысы басым) жас ұрпақтың шағын әлеуметтік тәжірибесімен, жас ұрпактың жас ерекшелік сипаттарымен, сонымен 6ipre дәстүрлі жалпы ұрпақтьң кұндылықтың - жақын адамына қамқорлық жасау - басымдылығымен түсіндіріледі. Жастар жеткілікті дәрежеде ата-анасы алдында жауапты екенін біледі, бұл жастардың рухани-құқықтық саласында айтарлықтай болашағы барлығын керсетеді. Бұл потенциалдың іске асырылу дәрежесін өмір көрсетер.Материалдық камсыздандырылу бағдары белгілі дәрежеде жастардың өмірлік жоспарларын іске асыруды көздейді. Аталған таңдау объективті түрде шартталған. Бүгінгі таңда қамсыздандырылу деңгейіне айтарлықтай дәрежеде кәсіби деңгей, алынған мамандықтың орны мен беделдігі, әлеуметтік факторлардың барлық кешені және тағы да басқалар тәуелді болып келеді.Жастар санасындағы аталған құндылықтың ерекше өзектіленуі жастардың базалық құндылықтарында олардың қазіргі кездегі және болашақтагы материалдық жағдайы өздеріне байланысты екендігі туралы пікір бар екенін айғақтайды. Аталған құндылықтың өзгеру бағыты тұтынушылық бағытталумен сипатталады. Ұлттық мәдени дәстүр мен құндылықтарды сақтау және оны әрі қарай дамыту жауапкершілігі дәл сол жастарға жүктеледі. Жастардың мәдени болмысын және оның сапалық деңгейін анықтаудың өзі Қазақстанның қоғамдық-мемлекеттік даму дәрежесін, ұлттық менталитеттің мықтылығын, сондай-ақ мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайды. Егер тарихқа үңілетін болсақ, жастардың мәдени бітімінің ерекше феномен ретінде қалыптасқандығын аңғаруға болады. Осы орайда біз үшін қызықты мәселе, ол - жастардың мәдени тұрғыдағы өзін-өзі іске асыру және рухани мәдени құндылықтарды бойына сіңіру мәселесі. Әлеуметтік жобаларды жемісті іске асыру және дағдарыстан шығу, қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығын сақтау үшін халықтың мәдени дамуының маңыздылығы жастардың мәдени құндылықтық ұстанымдары, бағдарлары және мәдени идеалдары мәселесінің өзектілігін арттыра түседі. Модернизациялау үдерісі, қоғамдық өмірге коммуникативтік ойлау әдәсінің діттеп енуі адамның мәдени тұрғыда өзін-өзі анықтау мәселесін өткрі қоюда. Осыған байланысты да жастардың рухани мәдениетін қалыптастыру тұрғысындағы тәрбие жұмысы күрделенуде. Бұдан мәдениет философиясы және мәдени антропология үшін әлеуметтік қатынастың әрі оның мәдени формасындағы адами мазмұнды анықтаудың өзектілігі арта түседі. Жастардың мәдени құндылықтық жүйе арқылы тек жекелеген адамның материалдық және рухани қажеттілігін ғана байқап қоймаймыз, сонымен бірге қоғамның нақты жағдайын да анықтай аламыз.Сондықтан жастардың материалдық және рухани тұрғыдан кемел болуы біздің болашағымыздың беки түсуіне ықпал етеді. Жастардың рухани тұрғыдан қалыптасуында әлеуметтік-мәдени құндылықтардың орны бөлек. Қандай салада болмасын болашақ ұрпақтың кемелденуінің негізін сол елдің дәстүрі мен құндылықтары қалыптастыратын болса, оның еліне, жұртына адал болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, елі үшін ерінбей еңбектенуіне негіз болады.Әлеуметтік қажеттіктер құндылықтарының таңдаулысы көп жағдайда базалық құндылықтар таңдауымен байланысты. Жастардың әлеуметтік құндылықтары, сол білім алу басымдылығымен, болашаққа деген сеніммен, жақсы достар ортасымен және ортадағы беделмен анықталады.Адам баласын барлық жан-дүниесімен, тәни құрылысымен, ақыл-ойымен біртұтас болмыс деп қарастыру керек. Адамның бойында ар-ұждан, ұялу, сүйіспеншілік сияқты сезімдермен қатар, осы сезімдерге итермелейтін құмарлық, әуестік, ынта сияқты сезімдер де бар. Сол сезімдерді салмақтап белгілі бір шешімге келетін адамның - ақылы. Бұл жағдайда ақыл адамның сезімдерінің арасында қазылық қызмет атқарады. Бірақ бұл қазы кейде сезімнің жетегінде кетуі де мүмкін. Сондықтан адам баласы осы сезімдер мен ақылдың және ұжданның арасында әруақыт арпалыста болады деп пайым жасауға болады.Осы орайда қабілеттілік пен жеке қасиеттердің даму, қалыптасу үрдісі кезінде іштей өзін-өзі іске асыру жүреді, өмірлік мақсаттар қалыптасып, әлеуметтік маңызы бар мақсаттарға жетудің негізгі жолы ретінде қаралатын өзін-өзі сырттай іске асыру болашағы құрылды. Қазақ халқының ежелден қалыптасқан, түп тамыры тереңнен тартылған төлтума мәдениеті бар, ол мәдениеттің өзіндік даму жолы, талай ғасырлар бойғы өз тарихы бар.Ежелден қалыптасқан рухани қазынамызды, дала өркениеті мен қазіргі әлемдік өркениеттің үндесе, үйлесімді дамуын ғылыми негіздерге бағыттай отырып қарастыру заманның талабынан туындайды. Ел ішіндегі осындай шаралардың көрінісі, жастардың патриоттық сезімін оятып, тарихи сананың қалыптасып келе жатқанына куә боламыз. Тарихшылардың айтуы бойынша, жалпы тарихи сана, қоғамдық саналардың бір түрі әрі тарихи процестердің рухани жағы нақты іс-әрекеттерден туындайтын категория болып табылады. Ал қазір, рухани тұрғыдан толыққанды азаматтарды қалыптастырудағы елеулі шаралардың бірі, өткенді жаңғыртатын отандық тарихтың, ұлттық-рұхани құндылықтардың әртүрлі деңгейдегі оқу орындарында оқытыла бастауы болып отыр.Жас кезде қалыптасқан идеялар мен құндылықтар уақыт өткен сайын өзгеріп отырады, дегенмен олар әлеуметтік маңызы бар тұлғаның дүниетанымдық негізін құрайды. Сол себептен де жаңа заңда жастарды әлеуметтік бейімдеу мен рухани және имандылық жағынан дамыту мәселелеріне баса көңіл бөлінген.Адамның адамгершілігінің, этикасының, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуындажауапкершіліктің мәні өте зор. Сонымен қатар, адамның жан дүниесі өзінің мойнындағы жауапкершілікті бағалап, түсіне алатындай дәрежеде кемел болуы да шарт. Бұл ол адамның дүниеге көзқарасымен, діни танымымен және алған тәрбиесімен ұштасып жататын мәселе. Сол себептен жоғарыда аталған қасиеттерді жастардың бойына дарыту, қоғамдағы құндылық түсінігін қалыптастыруда ерекше мәнге ие болады.Бұл жағдайдың қалыптасуына жоғары білім, ғылым және мәдениет үнемі ықпал етіп отырған. Жастар өзіне тиімді және болашағы бар, игілікті өмір сүруді қамтамасыз ете алатын білім мазмұны мен формалардан, өзіндік қажеттіліктерін қалыптастырады. Ал қоғам өзінің қызмет ету мен өміршеңдігі мәселелерін шешуге арнайы маман кадрларын дайындауды ойластыруға міндетті. Адам не үшін өмір сүреді? Өзін жүзеге асыру үшін. Нәтижесінде пенде - ұрпақ, тұлға, мұра, ұлт-руханият қалдырады. Соңғысынан - бірегей, төлтума мәдениеттер жиынтығынан әлемдік, жалпыадамзаттық рухани қазына құралады.Өз азаматына дұрыс дүниетанымдық бағдар беретін руханият қалыптастыруына сол қоғамның өмірінің ұзақтығы тікелей байланысты. Адамдағы адамилықты сақтап, дамытатын руханият ыдырағанда қоғамнан жұрнақ қалмайды.Азаматтық және патриоттық құндылықтар жүйесін тәрбиелеу процессінде, әрине, тек қазақтың ұлттық саяси мәдениетінен туындайтын тағылымдар жеткіліксіз болып саналатындығы белгілі. Оның негізгі факторлары отбасы мәдениеті, тіл мәдениеті, ұрпақ тәрбиелеу мәдениеті ұлттық мәдениет құндыдылықтарында ерекше орын алады. Белгілі бір ұлттың мәдениеті - ұлттық ерекшеліктерімен, менталитетімен дараланады. Егерде мәдениеті пен менталитетті өзгелердікімен араластырған жағдайда ұлттық ерекшеліктерімізге нұқсан келеді деуге болады. Бұл қазіргі кездегі жастардың әртүрлі мәдениеттер мен наным-сенімдерге еліктеушілігінің артып отырғандығынан. Жастардың санасында ұлтжандылық түсінікті арттыру, ұлттық мәдениет пен құндылықтарымызды ең жоғарғы деңгейде дәріптеу арқылы жүзеге асады.
Жастардың қоғамдық саяси потенциалының болмысы мен мазмұнын қазіргі кездегі зерттеушілердің көпшілігі өз қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес саяси өмірге араласу қабілеттіліктерінің жиынтығы деп қарастырады. Қызығушылық әдетте қоғамның қажеттіліктерімен сәйкес болады. Бұл кездегі потенциал құрылымын құндылықтық бағдар, бейімділік, мақсатын таңдау мен оған жету құралдарын бағалау, мотивациялық бағдар жиынтығы деп қарайды. Әрбір жаңа буынның потенциалын көрсету кезінде сол кездегі нақты тарихи жағдайларда нақты қоғамның әлеуметтік және мәдени қажеттіліктерімен байланыстырып қарау қажет.Біз қарастырып отырған кезең әлеуметтік-мәдени үрдістердің жылдам өтуімен сипатталады.Жастар арасындағы түрлі қарама-қайшылықтардың болуы тәртіптен, бағалаудан, әрекет бағыттарынан, құндылық бағдарларынан көрінетін трансформациялы үрдістерден екенін дәлелдейді. Жастар жеткілікті дәрежеде ата-анасы алдында жауапты екенін біледі, бұл жастардың рухани-құқықтық саласында айтарлықтай болашағы барлығын керсетеді. Бұл потенциалдың іске асырылу дәрежесін өмір дәлелдеп отырады. Тәрбие жауапкершілігі - адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Бұл бөгде біреуден талап етпей тұрып-ақ, алдымен сол адамның өзінде болу қасиет. Бұдан адамның Алла мен халықтан бұрын өз арының алдындағы жауапкершілігі зор екендігі көрінеді. Сондықтан адам өзінің барлық жауапкершілігін жадында ұстауы керек. Ал, барлық жауапкершілікті жадында сақтаған адамның өзі бейқам өмір сүре алмайды. Өйткені ол, сол өмірдің өзін дамытуға, оның алға басуына тікелей жауапты болып табылады.Алайда жауапкершілік бостандық негізіне сүйенеді. Бұл әрбір іс-әрекеттің ешбір негізіне сүйенбей-ақ, адамның өз азаматтық түсінігінен шығатынын көрсетеді. Жауапкершілік өзінің қожайынымен оның іс-әрекетті жасауына дейін де, жасау кезінде де және атқарылғанынан кейін де үнемі бірге болады. Бұл адамның іс-әрекетті жасау немесе жасамау еркі өзінде тәуелсіз тұлға екендігін көрсетеді. Жас ұрпақ өз кезегінде, қоғамның басым бір бөлігі, өзегі, өкілі болғандықтан, біз оны қоғамнан тыс қарастыра алмаймыз. Сонымен қатар қазіргі жастар деп бағалап отырған буын, болашақ қоғамның қайраткерлері және басшылары әрі өкілдері екендігі даусыз. Тарих бойынша қоғамда көпжылдық жоспарды жүзеге асыруға талпынған топтар мен ұйымдар алдымен қоғамдағы жастарды басты назарға алатындығы да осыдан болса керек.Мемлекеттік жастар саясаты елдің әлеуметтік-мәдени дамуының негізі болып табылады. Жастар саясаты өз кезегінде кез-келген елдің басты басымдығы. Сондықтан еліміздің жастарын ұлтжандылыққа, адамгершілікке, білімділікке, өркениеттілікке тәрбиелеу біздің ең басты құндылықтарымыздың бірі болмақ.Барлық елдердің саясатында жастардың қолдауына ие бола білу аскпектісі аса мыңызды болып табылады. Бұл заңдылық әрбір елдің идеологиясына, оның ішінде жаңадан құрылып жатқан елдің де идеологиясына негіз болады. Бұған дәлел ретінде өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ-та жүргізілген Франклин Рузвельттің жастар бағдарламасын алсақ болады. Жас американдықтардың ұжымдық-патриоттық санасын ту етіп көтеріп, ұтымды жоспарланған қоғамдық жұмыстар жүйесімен елді қысылтаяң шақтан алып шықты. Жапон билеушілері де осы тектес жобаны пайдаланған болатын. Дәстүрлі жапон құндылықтары мен жапон ұлтының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жастар жаңа ақпараттық өркениетті қалыптастыруға жұмылдырылды.Жастар саясатын қалыптастырудың рухани факторлары бос уақытты дұрыс ұйымдастырумен байланысты. Жастар саясатының негізгі бағыттарының бipi жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарының негізінде жастарға тәрбие беру саласындағы мәселелері шешу болып табылады. Жастар саясатының мақсаты өciп келе жатқан ұрпақтың рухани даму саласындағы жастардың еркін тұлғасын іске асыру болуға тиіс.Жастар философияда, мәдениеттануда, әлеуметтануда, саясаттануда және басқа ғылымдарда жиі қолданатын ұғым. Алайда бұл әлеуметтік категорияның анықталу ауқымы өте күртелі екендігі ғалымдар ортасында мойындалады. Жалпы жастар ұғымы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар саясаты
Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты
ҚР мемлекеттік жастар саясаты және оның нормативтік негіздері
ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қамтамасыз етудегі әлеуметтік жұмыс
Жастардың саяси білімін арттыру
ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ КРАУДСОРСИНГ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Қазақстан Республикасының жастар саясаты
Қазақстанда жастар саясатын іске асыру саласына тартылған жастардың үлесі
Бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудағы жастар саясаты басым бағыттарының баспасөзде берілу ерекшеліктері
Пәндер