Мемлекеттік несиенің нысандары мен әдістері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ
1. Мемлекеттік несиенің мәні, функциялары, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Мемлекеттік несиенің нысандары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Мемлекеттік қарыз және оны реттеудің әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗЫН ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасының ішкі қарыз көлемін талдау ... ... ... ... ... ... ... 1 4
2.2 Қазақстан Республикасындағы сыртқы қарыз көлемін талдау ... ... ... ... ...16
3 ҚАЗАҚСТАН РЕПСУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІҢ МАҢЫЗЫ
3.1 Мемлекеттiк неисенiң маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 29
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
КІРІСПЕ
Мемлекеттік қаржы экономиканы реттеуге, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін, қорғаныс және мемлекеттік басқару мұқтаждарын қанағаттандыруға, мемлекеттік қарызды өтеуге арналған мемлекеттік ақша қорларын құру мен пайдалануға байланысты құндық бөлу үдерісінде туындайтын қатынас. Оның ажырамас бір бөлігі, мемлекеттік несие және қарыз. Мемлекеттік несие объективті тұрғыда экономикаға қажет, өйткені ол жалпы қоғамның даму қажеттіліктеріне негізделеді.
Ал қазіргі заманда бюджеттік дефицит мәселесі мен мемлекеттік қарыздарының өсе беруіне тап болмайтын бірде - бір мемлекет жоқ. Барлық әлем қарызға өмір сүруде. Келешек ұрпақтар өмірге келмей жатып, әлеуетті қарызгер болады. Ішкі салымдарды жүзеге асыру, мемлекеттік бюджеттің дефицитін жабу, әлеуметтік - экономикалық өзгертулер еңгізу және сыртқы қарыздар бойынша қарыздық міндеттемелерді орындау үшін елдердің көбінде өз ресурстары жеткіліксіз. Біреуі көбіне қарызгерден гөрі кредитор болса, екіншісі керісінше. Бірақ бұл елдердің барлығында дерлік қарыздық экономикалық жүйе қалыптасқан. Сондай-ақ ұлттық шарашылықтардың сырттан келетін көмекке деген сұранысы қаржы нарықтарының либерализациясы мен глобализациясы жағдайында одан әрі күшейе бермек.
Мемлекет аясында қолданылып жүрген, жүзеге асырылып келген мемлекеттік несие мен мемлекеттік қарыз бір-бірімен қатар жүріп келеді. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі қарастыратын мемлекеттік несие мен мемлекеттік қарыздың атқаратын қызметтері мен экономикаға тигізіп жатқан әсерлері жайында көптеген жайлар атқарылып жатыр.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Мемлекеттік қаржыда мемлекеттік несие маңызды рөл атқарады. Оның көмегімен мемлекеттегі арт жақта қалған салаларға көмек ретінде және экономиканы тұрақтандыру ретінде қарастыруға болады. Мемлекеттік қаржының мемлекеттік несие буыны сан алуан атқарымдылық мақсатына орай мемлекет қоғамда болып жатқан экономикалық және әлеуметтік үдерістерге түрліше ықпал етеді, салалық және аумақтық мәселелердің қолайлы шешімі болып табылады. Мемлекеттік несиенің атқарып жатқан қызметтерінің ең бастысы - экономиканың көтерілуін, сонымен қатар экономиканың тиімділігі мен жан - жақтылығын қамтамасыз етіп келеді. Мемлекеттік несие Қазақстан Республикасының алдағы уақытта өркендеуі мен дамуына игі ықпал жасайды. Қазіргі таңда өз қалпын сақтап, халық пен заңды тұлғаларға қызметін аяусыз көрсете орып, жеке заңды тұлғалардан несие алуын қамтамасыз ете алады.
Мемлекеттік несие ақша қаражаттарын қайта бөлу қызметін орындайды. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектлердің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл қызметте мемлекеттік несие жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектлер арасында орналастырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттік бағалы қағаздардың басқада түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық бондарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жеткізуге болады.
Ал қарызға келетін болсақ, ірі мемлекеттік қарыздарды тек кедей, дамушы елдер ғана емес, сондай-ақ АҚШ, Канада, Жапония сияқты дамыған мемлекеттер де иемденеді. Сонымен қатар, мемлекеттік қарыздардың өсуі бір жағдайда экономиканың мемлекеттік реттеуін жүргізумен байланысты болса, кей кезде ел экономикасын реттейтін шараларды жүргізудің керектігін білдіреді. Қазіргі нарықтық шаруашылықтардың әртүрлі модельдердің барлығына тән - ол, нарықтық механизмнің мемлекеттік реттеумен толықтырылатын аралас экономика. Осындай жағдайда мемлекеттік қызметті қаржыландыру көздері жөніндегі мәселе маңыздана түседі. Мұндай қаржы көздеріне салықтармен қатар, мемлекеттік қарыздар да жатады. Қазіргі уақытта мемлекеттік қарызды басқару - еліміздің макроэкономикалық тұрақтылығының маңызды факторы. Бұл қарыздық мәселені шешуден Қазақстанның бюджетінің қызмет көрсетуі, оның валюталық резервтерінің жағдайы, яғни ұлттық валютаның тұрақтылығы, пайыздық қойылымының деңгейі, инвестициялық климат, отандық қаржы нарығының барлық сегменттерінің жұмысы анықталады. Осы көрсетілген себептер бұл мәселенің өзектілігін айқындайды.
Қзақстанның ұлттық экономикасының дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік - экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік қаржы саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін тұрақты жетілдіру керек. 1990-шы жылдардың басында Қазақстан экономикасын қайта құру әлеуметтік - экономикалық реформаларды қаржыландыруға және ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге өз қаржы қорының тапшылығымен сипатталады. Бұл несие капиталының сыртқы және ішкі нарығында мемлекеттік қарыз алу қажеттігін туғызды. Қаржы нарықтарынан қаражатты қарызға алу әлеуметтік - экономикалық даму мұқтаждары мен мемлекеттің өз қаржы қоры тапшылығының арасындағы қайшылықты жоюға мүмкіндік берді. Несиелер мен қарыздар алу арқылы қосымша мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың жағымсыз салдары ақша шығару тәжіребиесін қолданудан гөрі азырақ болды. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, қарызға алу саясатын ойластырылған түрде қолдану және мемлекеттік сектордың қарызын басқару мен жеке сектордың сыртқы қарызын реттеу саласында мемлекеттің әлеуетін нығайту үшін уақытында қажетті шаралар қолдану елдің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекеттік несиенің мәні мен қызметтерінің экономикалық түсінігін қалыптастыру, оның мемлекеттік қаржыдағы орнын айқындау, мемлекеттік несиеге экономикалық тұрғыдан сипаттама беру, оның несиелік қатынастағы орнын көрсету болып табылады.
Курстық жұмысқа қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
- мемлекеттік несиенің мәнін, функцияларын және түрлерін қарастыру;
- мемлекеттік несие нысандары мен әдістерін қарастыру;
-мемлекеттік қарыз және оны реттеу әдістері;
- Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарыздарына талдау жасау;
- Қазақстан Республикасында мемлекеттік экономикасын дамытудағы мемлекеттік несиенің маңызы туралы.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.
1 МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ
1.1 Мемлекеттік несиенің мәні, функциялары, түрлері
Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына заңды және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттары несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға шоғырландыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік несие болып табылады.
Мемлекеттік несие - жалпы мемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және несие қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, заңды және жеке тұлғалар несиегерлер (кредиторлар) немесе қарызгер болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастар саласында мемлекет қарызгердің де, қарыз алушының да, несиегердің де рөлінде көрінеді.
Мемлекеттік несиенің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мезгілдігінде және ақылығында. Алайда бұл қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды. Несие қоры ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындар мен ұйымдарды иесиелендіру жөне оның тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады; несиелерді жеке адамдар да ала алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді банктік несиелендіру несие қорын өнімді пайдалану болып табылады.
Мемлекеттік несиенің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік несие жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы қатынастарына кіреді:
- мемлекеттік несие жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі қажеттіліктерді - өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді де қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттік қаржы ресурстары ретінде қаралады;
- алынған және берілген несиелер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар "антиципацияландырылған салықтар", яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады. [1]
Қаржының бөлгіштік функциясы шеңберінде мемлекеттік несие ақша қаражаттарын (оларды кейін қайтару шартында) қайта бөлудің қосалқы функциясын орындайды. Бұл халықтың, кәсіпорындар мен ұйымдардың уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік несие жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Бұл функция іс-әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің ауқымын арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.
Мемлекеттік несиенің екінші қосалқы функциясы - реттеу функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталының нарығында қаржыгер бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады.
Сөйтіп, мемлекет бұл нарықтағы бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады ("ығыстыру әсері"). Бұл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол ақшаның және қолма-қолсыз ақшаның) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссияның зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.
Сөйтіп, егер несиенің қайта бөлгіштік функциясының көмегімен мемлекет қаржы ресурстарын тікелей белгілі бір салаларға (немесе қажетті өндірістің дамуына) бағыттайтын болса, реттеуші функция арқылы мемлекеттік несие жөніндегі қатынастарға қатыспайтын шаруашылық қатынастарының субъектілеріне қосымша жанама ықпал етуге жетеді.
Мемлекеттік несиенің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және оларды мемлекеттің кезек күттірмейтін қажеттіліктерін қаржыландыруға бағыттауға саяды.
Мемлекеттік несие түрлері бойынша ішкі, сыртқы (халықаралық), шартты болып ажыратылады.
Ішкі несиеде мемлекеттік несие қатынастары жан-жақты тұрғыда: қарызгер кезінде де, несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.
Халықаралық несиеде қатынастарға бір жағынан, үкімет биліктің жергілікгі органдары, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Несие беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал несие алушы ел реципиент-ел деп аталады.
Шартты мемлекеттік несие отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық карызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді. [2]
Сонымен, мемлекеттік несие - жалпы мемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және несие қатынастарының жиынтығы, оның ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мезгілдігінде және ақылығында. Мемлекеттік несиенің екі негізгі функциясы бар, бөлгіштік функциясы және реттеу функциясы. Мемлекеттік несие түрлері бойынша ішкі, сыртқы (халықаралық), шартты болып ажыратылады. Мемлекеттік несиенің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және оларды мемлекеттің кезек күттірмейтін қажеттерін қаржыландыруға бағыттауға саяды. Мемлекеттік несиенің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс.
1.2 Мемлекеттік несиенің нысандары мен әдістері
Мемлекеттік несиенің негізгі нысаны несие қатынастары болып көрінетін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарызгер ретінде болады.
Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады.
Өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары);
Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады.
Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және мәжбүрлеме қарыздар.
Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей, ақша нысанында шығарылады, бірақ қажет болғанда заттай нысаны да болады. Мысалы, 1922-1923 жж. КСРО-да заттай қарыздар (екі нан және бір қант қарыздары) шығарылды. Оларды шығару сол кездегі ақшаның тез құнсыздануымен айқындалды. Осындай мақсатпен алтын қарыздар да (яғни алтын түрінде есептелген қарыздар) шығарылды. Заттай қарыздарды өтеу не зат түрінде, не қарызды өтеу мезетін деп қанттың немесе нанның нарықтық бағасы бойынша ақшамен жүргізілді. Бұл қарыздарды өтеу жыл бойы жүргізілді.
Эмитентке қарай қарыздар үкіметтіқ қарыздарына және биліктің жергілікті органдарының қарыздарына (муниципалдық қарыздарға) ажыратылады.
Табыстылық түрлері бойынша қарыздар пайыздық (карыз иелері жыл сайын тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алады); ұтыс немесе лотореялық (табыс облигациялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін. Аталған мемлекеттік қарыздардан басқа олардың тарихында (бұрынғы КСРО бойынша) шаруа қарыздары (1924, 1925, 1927 жж.), үш индустрияландыру қарызы белгілі. Сондай-ақ әскери қарыздар, 1946-1950 жж. халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту қарыздары (5 қарыз) белгілі.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланылатын несие қорын қалыптастыруға мемлекеттік банктердегі халықтық салымдары бойынша қалдықтардың бір бөлігін айналысқа қосу да мемлекеттік несиенің нысаны болып табылады. [3]
Мемлекеттік несиенің келесі нысаны - елдің орталық эмиссия банкінің қаражаттарын тарту. Мемлекет айналыстағы ақша массасының инфляциялық құнсыздануымен қосарланатын бұл нысанға мемлекеттік несиенің әр түрлі келеңсіз себептерден - дағдарысты жағдаяттардан, мемлекеттік бағалы қағаздарға сенімнің жоғалуынан, төтенше жағдайлардан туатын басқа нысандарын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда иек артады.
КСРО-ның тәжірибесінде мемлекеттік несиенің нысаны ретінде бюджет тапшылығын жабу үшін жалпы мемлекеттік несие қорынан қарыз алу нысанының кең таралғаны белгілі. Қаржыландырудың мұндай әдісі дүниежүзілік тәжірибеде басқарудың тоталитарлық режімі орын алған мемлекеттерге тән. Ол инфляциялық процестерді жоймайды, керісінше, оларды күшейтуі мүмкін. Сондықтан Қазақстан Республикасының үкіметі 1998 жылдан бастап жалпы мемлекеттік несие қорының қаражаттарынан тікелей қарыз алуды тоқтатты.
Экономиканы тиімді реформалау міндеттерін сонымен қатар шетелдік инвестицияларды кеңінен қатыстырмайынша да шешу мүмкін емес.Бұл орайда сыртқы несиелер мен қарыздарды тікелей шетелдік инвестициялармен шатастырмау керек. Несие пен қарыздардың бәрі инвестицияларға жата бермейді. Әсіресе, 1993-1994 жылдардағы несиелер мен қарыздар инвестицияға кірмегенін айтқан жөн. Олар бюджет тапшылығын жабу үшін, басқа да зәруліктерді қамтамасыз ету үшін жұмсалды.
"Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қарыз алудың мынандай түрлерін атауға болады: мемлекеттік қарыз алу және мемлекет кепілдендірген қарыз алу.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қарыз алуды оның үкіметі, Ұлттық банкі және жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады. Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында, Ұлттық банктің қарыз алуы төлем балансын қолдау және Ұлттық банктің алтын-валюта активтерін толықтыру мақсатында, сондай-ақ елдегі жүргізіліп отырған ақша-несие саясатымен айқындалатын басқа да мақсаттарында жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға байланысты жергілікті бюджеттің тапшылығын жабу мақсатында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары болады:
1. қарызгерге қатысы бойынша:
- Қазақстан Республикасы үкіметінің қарыздары;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары;
- Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып бөлінеді.
2. несие капиталының нарығы бойынша:
- сыртқы мемлекеттік қарыздар;
- ішкі мемлекеттік қарыздар болып бөлінеді.
3. қарыз алу нысаны бойынша:
- мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы;
- қарыз туралы шарттар (келісімдер) жасау болып бөлінеді.
4. қолданылу мерзімі бойынша мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар:
- айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді;
- айналыс мерзімі 1 жылдан 10 жылға дейін, орта мерзімді;
- айналыс мерзімі 10 жылдан астам, ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Қарыз туралы келіссөздер жүргізу, шарттарға (келісімдерге) қол қою тәртібін, оның атынан эмиссияланатын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа түсіру, өтеу және оларға қызмет керсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Мемлекеттік несиенің әдістері әр түрлі және баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда - бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың шарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістері, іс-қимылдың мерзімі, орналастыру амалдары (облигацияларды, бондарды еркін сатып алу және сату; жазылу; мәжбүрлеме орналастыру), өтеу амалы (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп (сатып) алу; мерзімсіз қарыздарда -- пайыздық кірісті дүркіндік төлеу).
Қарыздардағы әдістерге сондай-ақ мемлекеттің борышын басқару әдістері де жатады (ары қарай қараңыз: жаңғырту (конверсия), нығайту (консолидация), сәйкестендіру (унификация), қайта қаржыландыру). [2]
Мемлекеттік несиенің нысандары кезінде -- мемлекеттік банктердің депозит ресурстарының қалдықтарын пайдалану кезінде мұндай қолданудың шарттары әдістер болып табылады: мемлекеттік қаржы ресурстары ретінде тартылатын ресурстардың үлесі, қайтару мерзімі, табыстылық нормасы. Елдің орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту шарттары -- әдістері ұқсас болады; бұл әдістер мұндай қарыз алудың инфляциялық ықпалын азайтуы тиіс. Мемлекеттік несиелер нысанындағы әдістер банк несиенің әдістеріне ұқсас болып келеді.
Сонымен, мемлекеттік несиенің негізгі нысаны несие қатынастары болып көрінетін мемлекеттік қарыздар; эмитентке қарай қарыздар үкіметтік қарыздарына және биліктің жергілікті органдарының қарыздарына ажыратылады. Мемлекеттік несиенің әдістері әр түрлі және баяндалған нысандарға сай келеді. Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей, ақша нысанында шығарылады, бірақ қажет болғанда заттай нысаны да болады.
1.3 Мемлекеттік қарыз және оны реттеудің әдістері
Мемлекеттік қарыз - бұл алынған және белгілі бір күнге өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы. Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналасу нарығына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш мемлекеттік ішкі және сыртқы борыш болып бөлінеді.
Сонымен қатар мемлекеттік қарыздың капиталдық және ағымдық түрлері бар.
Капиталдық мемлекеттік қарызға мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борыштық міндеттемелерінің барлық сомасы (бұл міндеттемелер бойынша пайыздарды қоса есептегенде) жатады.
Ағымдық қарыз - бұл төлеу мерзімі жеткен мемлекеттің барлық мінедеттемелерінің жиынтығы. Қазақстан Республикасында мемлекеттік борыш өз кезегінде тікелей Үкіметтің, Ұлттық банктің және Үкіметтің кепілдігі уәдесін алған кәсіпорындардың борышы болып бөлінеді.
Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады. Экономикалық жағынан дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың біріктірілген факторлары болып табылады. Мемлекеттік сыртқы борыш - шетелдік несиегерлер турасында белгілі бір күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің сомасы.
Дүниежүзілік тәжірибеде мемлекеттік мөлшерді салыстырмалы сипаттау үшін арнайы көрсеткіш - борышқа қызмет көрсетудің коэффициенті пайдаланылады. Ол борыштық төлемдердің елдің валюталық түсімдеріне қатысы ретінде есептеп шығарылды. Мұндай қатыстың қауіпсіз денгейі 18 пайыз болып саналады.
Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады. Экономикалық жағынан дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың біріктірілген факторлары болып табылады. [4]
Мемлекеттік ішкі борыштың басқа нысандарына мыналар жатады:
- бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алынған несиелер бойынша Ұлттық банкке берешек;
- облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарумен ресімделген халықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған қағаздар бойынша борыш. Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышын есепке алу үшін Ұлттық банк пен жергілікті атқарушы органдар келісілген тәртіппен Қаржы министрлігіне өз қарыздарының талаптары, алынуы, оларға қызмет көрсетілуі және өтелуі туралы ақпарат тапсырып отырады.
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті мемлекеттік құрылымдар үшін қарыз алудың лимиттері белгіленген:
1. үкіметтік борыштың лимиті;
2. ұлттық банктің сыртқы борышының лимиті;
3. жергілікті атқарушы орган борышының лимиті.
Бұл лимиттер тиісінше республикалық бюджетте, Ұлттық банкте, жергілікті бюджетте жоспарланатын, алынған және өтелмеген қарыздардың тіркелген сомалары болып табылады, бұл сомалар берілген күнге тиісті құрылымның нақты борышынаң аспау тиіс. Мәселе, Ұлттық банктің сыртқы борышының лимиті оның таза алтын-валюта активтерінің 50 пайыз деңгейінде белгіленеді.
Мемлекеттік қарызды басқару - мемлекеттің өзі және оның кепілдігімен алынған борышқа қызмет көрсету, оны жоспарлы өтеу, жаңа қарыздарды тарту мен жүзеге асырудың шарттарын жасау жөніндегі мемлекет шараларының жиынтығы; мемлекеттің оған уәкілетті органдары арқылы ұтымды және тиімді қарыз алуды қамтамасыз ету және мемлекеттік несиеге қызмет көрсетуін оңтайландыру жөніндегі қызметі; басқару келешекте макроэкономикалық қиыншылықтардан және төлем балансының проблемаларынан аман болу мақсатында жүзеге асырылады. Бұл орайда борыш мониторингі - борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процестерін қадағалап, бақылап отыру жөніндегі уәкілетті органдардың қызметінде мемлекеттік борыштын мониторингі жүргізіледі. Мемлекеттік қарызды басқарудың келесідей әдістері бар:
- қайта қаржыландыру;
- конверсия (мерзімді ұзарту);
- консолидация (жаңғырту);
- сәйкестендіру (унификация);
- облигацияларды кемімелі ара салмақ бойынша айырбастау;
- қарыздарды өтеудің мерзімін ұзарту;
- мемлекеттік борышты төлеуден бас тарту.
Мемлекеттік қарызға қызмет көрсету деп қарыз алудың шарттарынаң туындайтын сыйақы, комиссиялық және өзге төлемдердің жиынтық төлемақыларын айтады.
Қарызды өтеу - қарызгердің қарыздың алынған сомасын несиегерлермен шарттармен белгіленген тәрттіппен қайтаруы, белгіленген тәртіппен борышты құрайтын басқа міндеттемелерді орындауы.
Қайта қаржыландыру мемлекеттік берешекті жаңа қарыз шығару есебінен өтеуді білдіреді. Сонымен бірге, бұрын шығарылған қарыздардың орнына бірдей құндық ара салмақпен бағамдық айырмашылықты есепке алмай жаңа қарыздың облигациялары беріледі.
Жаңғырту деп бұрын шығарылған қарыздардың шарттарын табыстылығы бойынша аз жағынан да, көп жағынан да өзгертуді айтады. Бірінші жағдайда үкімет борыш бойынша елеулі шығыстар кезінде, екіншісінде инфляцияның болуы кезінде немесе қарыз облигацияларын сатып алудағы халықтың мүдделігін күшейту мақсатымен істейді.
Мерзімді ұзарту мерзімі бойынша қарыздың бастапқы шарттарын оларды ұзарту немесе қысқартумен байланысты өзгерту болып табылады.Сәйкестендіру бірнеше қарыздарды бір қарызға біріктіруді білдіреді, бұл мемлекеттік борышты басқаруды оңайлатады.Облигацияларды кемімелі ара салмақ бойынша айырбастау ұлттық ақша бірлігінің дефляциясы жағдайында және мемлекетке қарыздар бойынша тым қымбат ақшамен есептесу тиімсіз кезде жүргізіледі.
Қарыздарды өтеудің мерзімін ұзарту мемлекеттің едәуір берешегі кезінде, сондай-ақ олармен байланысты болатын қаржы қиыншылықтары кезінде қолданылады, үкімет қарыздарды өтеудің және олар бойынша төлем ақының мерзімдерін кейінге қалдыра тұру туралы мәлімдейді.
Мемлекеттік борышты төлеуден бас тарту (күшін жою) елде саяси режим ауысымы және жаңа үкіметтің бұрынғы міндеттемелерді олардың заңсыздығы себепті орындауды мойындамауы кезінде болады. Бас тарту мемлекет банкроттығының салдарынан болуы мүмкін. [2]
Мемлекеттік қарызды басқарудың аталып өткен әдістері бір уақытта да қолданылуы мүмкін. Ұлттық экономиканың дамуы шетелдік несиелерсіз, инвестицияларсыз мүмкін емес. Бірақ шетелдік капиталды және валюталық ресурстарды тарту оларды тиімді пайдалануды қажет етеді. Сыртқы қарыздардың көбеюі кері экономикалық салдарға әкеледі. Мұның өзі экспорт пен импорттың арақатынасына, ұлттық валютаның курсының өзгеруіне отандық экономиканың дамуының тежелуіне әкеледі.
Мемлекеттік қарыз бен оның негізгі әдістерін қорытындылай келе, мемлекеттік борыш - бұл алынған және белгілі бір күнге өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Мемлекеттік қарызды есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процестерін қадағалап, бақылап отыру жөніндегі уәкілетті органдардың қызметінде мемлекеттік қарыздар мониторингі жүргізіледі. Мониторингті уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізеді.

2.1 Қазақстан Республикасындағы ішкі қарыз көлемін талдау
Ішкі мемлекеттік борыш - Үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы орғандардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі.[5]
Соңғы жылдар ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышының деңгейі асып кетуі елдің дамуына қауіп төндіретін шектен шықпайды. Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша Қазақстан Республикасы шекті борыш деңгейі бар бір тұрғынына орташа кіріс деңгейі бар елдер тобына жатады. 2014 жылдың басындағы жағдай бойынша орташа алғанда Қазақстанның мемлекеттік ішкі борыш көлемі 22 915 888 мың АҚШ долларды құраған, бір тұрғынына шаққанда 1,3 мың АҚШ доллары мемлекеттік борышы тура келеді. Мемлекет кепілдік берген ішкі борыштың көлемі 526 895 мың АҚШ долларға, ал мемлекет кепілгерліктері бойынша ішкі борышы 262 006 мың АҚШ долларға тең.
2014 жылдың қорытындысы бойынша үкіметтік борыш деңгейі және оған қызмет көрсету мен өтеу жөніндегі ағындар рұқсат етілетін және қауіпсіз шектерде. ЖІӨ-ге шаққанда Үкіметтің борышы 11,9 %-ды құрады.
Инфляция мен пайыздық ставкалардың ағымдағы деңгейінде бюджетке борыштық жүктеме, борышты өтеу мен оған қызмет көрсетуге арналған шығыстардың бюджет кірістеріне шаққанда ара қатынасы қолайлы деңгейде болып отыр, ол 2013 жылы 8,9% деңгейінде, ал 2014 жылы 11,9 % -ға дейін өсті. Сондай-ақ борыштың өсуін ұстап тұратын шектеуіштердің бірі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленетін борыш лимиттері және мемлекеттік кепілдіктер мен кепілгерліктер беру лимиттері болып табылады. [6]
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштарды басқару үшін еліміздің борыштық саясаты ең алдымен бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін қолайлы шарттарда үкіметтік қарыз алуды жүзеге асыруға, сондай-ақ борыштық құралдардың ішкі нарығын дамытуға жәрдемдесуге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz