1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай террор мен саяси репрессия зардаптары
Қазақстан білім және ғылым министрілігі
Коммерциалық емес акционерлік қоғам
Алматы энергетика және байланыс университеті
№2 СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Жаңа замандағы Қазақстан тарихы
Тақырыбы: 1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай террор мен саяси репрессия зардаптары
Мамандығы: Ғарыш техникасы және технологиялары
Орындаған: Ақылбеков Дінмұхамед
Тобы: КТТк-18-1
Қабылдады: Берлибаев Б. Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры
_______________ ______________ ___ _____2018ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы 2018
Кез-келген өркениетті кемелденген мемлекет өз тарихын қастерлейді, оны ұрпақтардың санасына енгізуге жағдай жасайды. Өйткені тарих халықтың мыңжылдап жинаған тәжірибесі, асыл қазынасы. Сондықтан Қазақстанның ұлттық бірегейлі және біртұтас болуы үшін оның жаңаbrталапқа сай тарихы да болуы шарт. Кеңестік тоталитарлық қоғам тұсындағы ұлт мүддесінің аяқ асты болған тұстарын ақиқатты тұрғыда зерттеп, парасатпен зерделеу тарихшылардың басты парызы. Себебі, тарих тағылымы жарқын болашақтың негізі. Ұрпақ арасындағы білім мен біліктілікке негізделген тарихи сабақтастықты жалғастыру, дамыту арқылы ұлттың рухы биіктей түседі. Тарих дегеніміздің өзі бір ұрпақтың жасаған құндылығының екінші ұрпаққа ауысуы. Кеңестік қоғам тұсындағы қазақ тарихының қайғысы мол, қасіреті ауыр парақтары жеткілікті. Қазақ елінің заңғар ойшылы Әбіш Кекілбаев айтқандай "Адам да қоғам да ешқашан өз тағдырын өзі енжар қарап көрген емес", сондай-ақ халық та өз тағдырына өзі ешуақытта немқұрайлы қарай алмаған. Небір ғасырлар өтсе де соның тұла бойында болған тұлғалар мен тарихи құбылыстардың ел санасында мәңгілік сақталуының сыры да осында жатса керек. Солардың бірі бұрынғы Кеңес елінде болған қуғын-сүргін қасіреті. Бұл жайлы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: "...20-шы жылдары басталған "Қызыл қудалау науқаны", 30-шы, 40-шы жылдары, содан кейін 50-ші жылдардың басында күллі елімізге сел болып жайылып, қанды көбік шашты. Марқабаттылықты желеу етіп, ұлы мұраттарды уағыздаған болып көлсіреген қара ниет жүгенсіздік миллиондаған адамдардың жанын қиды, көз жасын төккізіп, қасірет шеккізді" - деп көрсетті. Басы 1920-шы жылдарда қалыптасқан елдегі репрессиялық саясаттың күшті жазалаушы механизмі қалыптасып, 1930 жылдар бойына "халық жауларымен" үзіліссіз күресте жетілдіріліп отырды. Әсіресе бұл механизм 1937-1938 жылдары үлкен террор кезінде қарқынды жұмыс атқарды. Олардың басынушылық әрекеттері, сот істерін жаппай өңдеп, оларды "жоспарлы" түрде соттауға дейін жеткізуі репрессияның жаппай етек алуына түрткі болды. Егер де 1930 жылдың ортасында саяси репрессия орталықтағы және жергілікті жердегі сталиндік жетекшілікке қарсы белгілі және айқын әлеуетті тобына жүргізілсе, 1937 жылдары террор тоталдық сипат алды. Бастауын 1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың басында алып қарқынды қалыптаса бастаған Кеңес елінің өз халқына қарсы жүргізген бұл саясаты 1937 жылы берік әрі күшті заңдық күшке ие болды. Үкімет қаулылары мен партия директивалары КСРО-ның ОГПУ (Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма)ІІХК (Ішкі Істер Халық Комиссариаты) тікелей бұйрықтарымен бекітіліп отырды. Бұл құжаттар өзінің өте қатаң жазалау шараларымен, шексіз жасандылығымен,кінәләу, кінәсіздерді негізсіз айыптауларымен, контрреволюциялық қылмыстарға қатысты баптардың нақты еместігімен ерекшеленді. Қазақстандықтардың саяси қуғын-сүргінге ұшырау себептерін зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы зор. Себебі аталмыш тақырыпты жан-жақты зерделеу арқылы кеңес мемлекетінің зорлық-зомбылық шараларының мәні ашылып, өткен тарихымызды жаңаша талдауға көмегін тигізетіні анық. Кеңес үкіметі өз халқын қуғын-сүргінге ұшырату саясатын мақсатты түрде жүргізді. Кеңестік тоталитарлық қоғам билік тармақтарын бір-бірімен сабақтастыра байланыстырып, сот билігін саясаттың құралына, партияның қолшоқпарына айналдырды. Сол арқылы репрессиялық шаралар жүргізілді. Қазақтың ойшыл зиялылары қазақ қоғамындағы дәстүрлі сот билігінің отаршылдық саясат салдарынан, түбегейлі өзгеруіне қарсылық білдіргенімен, мемлекеттік деңгейде жүргізілген саяси қуғын-сүргін шараларына қарсы тұра алмады. Сот билігі өзіндік мәртебесінен айрылған тұста өрескел заңсыздықтар етек алып, адам құқықтары аяққа басылды. Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің мұрағаттарындағы құжаттарға қол жеткізу қиындығы, жасалынған қылмыстың ауқымды, әрі қатерлігінде болса керек... Сондықтан да тарихты бұрмалаудың Кеңестік үлгісінің ақиқаты толық ашылмауда. Нағыз шындықты айтқан адамды жау санау Кеңес өкіметінде дәстүрге айналған құбылыс болды. Мысалы, 1920-1930 жылдардағы қазақ қоғамының дәстүрлі әрі табиғи дамуына жат саяси-экономикалық науқандардың қазақ қоғамына үйлесімсіздігін айтқан қазақ зиялылары жаппай қудаланды. 1954 жылы ел басшылығы үшін жасалған айрықша баяндамаға сүйенсек, революцияға қарсы қызмет дегенді білдіретін РСФСР қылмысты істер кодексінің 58-ші бабы бойынша Кеңес одағында сотталғандардың жалпы саны 3 миллион 770 мыңнан астам екен. Содан 642980 адам атылған. Тарихшылардың есебі бойынша 1927 жыл мен 1953 жылдар арасында 40 миллион адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Ал Қазақ елі бойынша бұл сан 103 мыңды құрайды. Соның 25 мыңы атылған. Адамды шыққан әлеуметтік тегіне қарап соттау үрдіске айналып, нәтижесінде тегі үшін ұялатын ұрпақ тәрбиеленді. Осылайша теңсіздікке жол ашылды. Адам құқығын таптаудың классикалық үлгілерімен әлемге танымал болған кеңес қоғамының жаңаша зерттелетін тұстары жеткілікті. Жоғарыда айтып өткеніміздей, тарих ғылымында Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдерін, соның ішінде 1937-1938 жылдардағы репрессиялау шараларын қайта қарау маңызды болып табылады. Кең ауқымды репрессиялау шаралары тоталитарлық жүйенің билігін күшейтуге арналған өз халқына қарсы жүргізген саясаты болды. Сондықтан да репрессия ауқымы мен жүргізілу шараларын зерттеу тарихты жаңаша зерттеудің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Мұндай мәселені зерттеу қазіргі жаңаша тарих ғылымын қалыптастыруда Қазақстандағы репрессия шаралары тарихына сын көзбен қарауға және мәселеге сәйкес тарих сабақтарын алуға көмектеседі. Осындай саяси репрессия көрінісіндегі асыра сілтеушіліктер мен тоталитаризм салдарларын, репрессияның жүргізілу себептері, механизмі, ауқымы, жүргізілу әдіс-тәсілдері мен формаларын білмей жатып толық қарастыру мүмкін емес. Әсіресе оның Қазақстандағы жүргізілу тәсілдерін оқып-білу тарихымыздың жаңа беттерін ашып, көптеген бұған дейін беймәлім болып келген көптеген сұрақтарға жауап береді. Әсіресе осы кезеңде қазақтың "қаймақтары" қырылғанын, барлық экономикалық, әлеуметтік сәтсіздіктердің ауыртпалығын қарапайым халық өз мойнымен көтергендігін білеміз. Сондықтан да бұл тақырып тарихымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1937-1938 жылғы репрессиялау шаралары тақырыбы жаңа көзқараспен зерттелді дегенмен сталиндік қуғын-сүргін саясатының арнайы зерттейтін қыр-сыры көп. Тақырыптың тарихнамасы. Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы мен дамуы туралы зерттеулер КСРО-дағы тоталитарлық тәртіптің орнау процесімен қатар жүрді. Коммунистік идеология үстемдік құрған кезінде 1937-1938 жылдардағы репрессиялау шаралары зерттелінбеді. Яғни, саяси қуғын-сүргінді тарихи тұрғыда зерттеу және оған объективті ғылыми баға беру қолға алынбады. Осыған байланысты ең әуелі батыс зерттеушілерінің еңбектерінде қаралды. Осы тұста шетелдік зерттеушілердің тоталитарлық тәртіптің біздің елге тигізген зардаптарын терең қарастырмайтынын ескеру шарт. 1917-21 жылдардағы большевиктік репрессия, "қызыл террор" тарихы публицистер мен эмигрант тарихшылар еңбектерінде көлемді қозғалды. Сондай-ақ ВЧК-ның жариялаған ақпараттары тоталитаризмнің қалыптасу деңгейін ашуға жәрдемдесетін еді. Алайда, азамат соғысы аяқталған соң ВЧК-ның есептері жарияланбады. Философиялық сөздікте "тоталитаризм" термині зорлық пен зомбылық, қоқан-лоққыға негізделетін саяси үстемдік жүйесі ретінде анықталады. КСРО-да тоталитарлық тәртіп 1920 жылдардың басында қалыптаса бастады. 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін тоталитаризмнің орнағандығын дәлелдеді. Халыққа қарсы бағытталған саяси қуғын-сүргін арқылы мемлекет қоғам өмірінің барлық саласын толықтай бақылады. Р.Конквест өзінің "Большой террор" деген еңбегінде КСРО-дағы тоталитарлық тәртіпті зерттеп, репрессияның көлемі туралы пікір таластардың бастамасын жасады. Р.Конквестің пікірінше, Кеңестік тарихшылар дәлелдерге, фактілерге қолы жетпегендіктен ақиқатты жаза алмады. Сондықтан да шетелдік зерттеуші ғана КСРО-дағы репрессия жөніндегі шындықты көрсете алатын еді. КСРО-да КОКП-ның ХХ съезіне дейін репрессия тарихы зерттелінбегенімәлім. Ал ХХ съезден кейін түрме мен еңбекпен түзету лагерьлерінде болғандар естеліктер, әңгімелер шығара бастады. Алайда сталиндік саясат біржақты сынға ие болды. Сталиндік саяси қуғын-сүргін туралы еңбектер Л.И.Брежневтің басқару тұсында кенеттен азайған. КСРО-ның қуғын-сүргін тақырыбы туралы диссиденттер ғана жазған. Олар өз шығармаларын шет елдерде бастырған. 1980 жылдардың ортасындағы қайта құру бағытына байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында сталинизмнің мәні туралы көптеген мақалалар жарық көрді. Осыған орай 1988-1991 жылдары Кеңестік тарихшылардың сталиндік қуғын-сүргін мен Кеңестік үлгідегі тоталитарлық тәртіпті терең зерттелуіне жол ашылды. Осы кезеңде жаппай қуғын-сүргін көлемі, заңсыздықтар туралы құнды фактілерге толы монографиялар және мақалалар жинағы көп жарияланды. 1990 жылы 29 мамырда КОКП ОК саяси бюросы комиссиясының отырысында 1920-1930 жж. "Ұлтшыл-уклоншылдықпен" күрес деген сылтаумен партия, кеңес қызметкерлері мен ұлттық зиялылардың репрессияға жазықсыз ұшырап, "жасанды" істердің әдейі ұйымдастырылғандығы айтылды. КСРО-ның ыдырауытоталитаризмнің әртүрлі деңгейде зерттеуге жол ашты. Қоғамдағы демократиялық дамуға байланысты зерттеушілердің "құпия" қорларына қолы жетіп, көптеген жаңа еңбектер жарық көрді. Горбачев тұсында Сталиннің қылмысын әшкерелеген еңбектер көп жарияланса, ал одан кейінгі жылдарда Сталинге дейінгі кезеңдегі репрессия тарихы да жазылды.Осы тарихқа үңілсек, 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін ауқымы өте кең екендігін мәселен, Гитлердің қуғын-сүргін саясаты тұсында 2000 немістер тұтқындалып, ал КСРО-да 1935 жылдың қаңтары мен 1941 жылдың шілдесі аралығында 19 млн. 840 мың адам репрессияға ұшырап, оның 7 млн-ы ату жазасына кесілгенін көруге болады. Сталиндік басқару кезінде КСРО көлемінде авторитаризм, догматизм, бюрократизм, конформизм қалыптасты. "Советская деревня глазами ВЧК-ОГПУ-НКВД" деп аталатын құжаттар мен материалдар жиынтығында аталған органдардың экономикалық науқандар тұсында шаруалардың саяси көңіл-күйін бақылап отырғандығы айтылады.1990 жылдары сталиндік лагерьлердің тарихына арналған еңбектер саны өсті. Осы мәселе бойынша О.В.Хлевнюк және де өзге авторлар көптеген еңбектер жазды. ГПУ-ОГПУ-НКВД жазалаушы органдар зерттелгенде ғана, сол кезеңдегі репрессиялық аппарат жүйесін анықтауға болады. Сондай-ақ, мәскеулік Наумов та зерттеген. Қазақстан тарихнамасында 1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында 1917 ж. мен 1950 ж. басына дейінгі кезеңдегі республикадағы саяси қуғын-сүргін тарихы ақырындап жазыла бастады. Диссертациялық тақырыптарды талдау барысында Қазақстанда 1935-1985 жылдар аралығында бірде бір тақырып бұл кезеңге арналмаған. Мұрағаттағы дерек көздеріне зерттеушілердің қол жеткізуі сталиндік кезеңнің ақиқатын танып-білуге, яғни сапалы зерттеулердің жариялануына әкелді. Қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың басынан кешірген оқиғаларын жазған естеліктері мерзімді басылымдарда шыға бастады. Мәселенің Қазақстан тарихнамасында зерттелу деңгейіне келсек, әдебиеттерде тек тәуелсіздік алғаннан кейін жазыла бастады. Соңғы жылдары тарихнамадағы "ақтаңдақтарды" зерттеу өмірге келген көптеген еңбектер және құжаттар жинақтарының негіздерінде кеңінен дәлелденді деп ойлаймыз. Кезінде тоталитарлық жүйе құпияда ұстап келген мұрағат құжаттарының жарыққа шыға бастауы, тарихтың бұрмаланған тарихи шындықты қалпына келтіруге көптеп көмектесіп, зерттеудің шынайы тарих жасауларына мүмкіндік туғызып отыр. Оның үстіне осы кезеңдегі құжаттарды ғылыми айналымға шығарудың жас ұрпақты отаншылдықтың рухта тәрбиелеудің маңызын атап көрсетпеске болмайды. 1998 жылы кәсіби журнал "Отан тарихы - Отечественная история" жарық көрді. Соның ең елеулі оқиғаларының бірі - Азалы кітап - Книга скорби екінші басылыммен Жамбыл, Талдықорған, Алматы облыстары бойынша шықты. Кейіннен Қазақстанның қалған облыстары бойынша да шықты. Кітапқа атылғандардың тізімі әліпби ретімен енгізілді. "Азалы кітабына" енгізілген әрбір адамның қысқаша өмірбаяндық дерегі: туған жері мен ұлты, кәсібі, жұмыс орны мен сол кездегі қызметі, тұтқындалған күні, ең жоғарғы жазаға үкім шығарған органның аты, үкім шығарылған және атылған күндері, ақтау жөнінде шешім қабылдаған органның аты мен құжаттың датасы көрсетілген. 1998 жылы Қазақстан парламенті Жоғарғы палатасының бірінші отырысы болып, онда саяси репрессияның ары қарайғы зерттелу болашағы туралы мәселе қаралды. М.Қ.Қозыбаев соңғы жылдары репрессияның проблемасы, болмысы мен Қазақстандағы тоталитаризмнің орнығуы туралы зерттеді. "Сталиндік тәжіибелер" атты тақырыпта Қазақстандағы КСРО халықтарының депортациялануы туралы мәселермен Ж.Б.Абылхожин, С.Алдажұманов, М.Ж.Хасанаев айналысты. Алаш партиясының көшбасшылары мен қатардағы мүшелері қызметіне қарсы жүргізілген репрессия туралы ғылыми талдауды К.Н.Нүрпейісов, М.Қ.Қойгелдиев, Т.О.Омарбеков жасады. Т.О.Омарбеков өз монографиясында ұжымдастыру кезеңіндегі жүргізілген 1929-31 жылдары репрессия саясатының әлі ашылмаған құнды материалдарынан келтірген. Сондай-ақ, "Қазақстан тарихының өзекті мәселелері" атты көмекші құралында 1937-1938 жылдардаығ оқиғаға арнайы тоқталған. Репрессияның құқықтық мәселерімен Әділет қоғамының жетекшісінің орынбасары Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі М.Т.Баймаханов айналысып жүр. Онда саяси репрессия кезеңіндегі адам құқықтарының бұзылуы туралы нормативтік база - жазалау органдарының ОГПУІІХК бұйрықтары мен биліктегілерді адам өміріне сәйкес келмейтін, заңға қайшы соттық және соттан тыс әрекеттерін әшкерелеп айтқан. Ю.И.Романовтың "1920-1953 жылға дейін репрессияға ұшырағандардың әлеуметтік демографиялық құрамы" атты мақаласы бар. 1993 жылы 14 сәуірде қабылданған Қазақтан Республикасы заңында "жаппай репрессияға ұшырағандарды ақтау және тарихи есімдерін қайта қалыптастыру" заңы қабылданған. Ең алғашқы есептеу бойынша репрессияға ұшыраған адамдардың саны 103 мың болса, соның 92 мыңы ақталды. 25 мыңы үштіктің бұйрығымен атылды. Қазіргі кезеңде олардың саны 118 мыңға жетіп отыр. Әділет қоғамы мен Азалы кітаптың көрсетуі бойынша олардың 45 мыңы жоғарғы қатал жазамен жазаланған. Соның тек 2200 ғана Алматы облысы бойынша жоғарғы дәрежедегі жазаға ұшыраған. Әкімшіл-әміршіл саясат қазақты алға жетелеген зиялылар көзін жоюды көздеді. Бұрын айтылуға, жариялануға тыйым салынған Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма, Ішкі Істер Халық Комиссариаты мұрағат құжаттарын тергеу орындарының материалдарының деректік маңызы зор. Қазақстан егемендік алуының 10 жылдығы кеңестік отарлау саясатынан құтылып, көк байрағын желбіретіп, қазақ халқының басынан өткен тарихи даму кезеңіндегі елеулі оқиғалары мен фактілерге тарихымызды соңғы деректерді жіктеп, жаңаша бағыт беру қажеттіліктерін туғызды. 30-ыншы жылдардағы Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма құжаттарынан осы жылдардағы орын алған жаппай жазалау науқандарында көзі ашық ел ортасына беделді ұлт-азаттық қозғалысында немесе кеңестік жүйеде жетекше болған көптеген қайраткерлердің "ұлтшылдар", "исламшылдар", "түрікшілдер" ретінде айыпталғанын көреміз. Осы жөнінде Т.О.Омарбеков, Махат Данагүл, Алтынбекова Панза сияқты бірқатар тарихшылардың еңбектері бар. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің "Жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау туралы" заң қабылдауы, аталмыш тақырып төңірегіндегі зерттеулердің көбеюіне жол ашты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 1997 жыл "жалпыұлттық келісім мен саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу жылы" болып аталынды.Саяси қуғын-сүргінге жазықсыз ұшыраған тұлғалардың жас ұрпақтың мәңгілік есте сақтау үшін 31 мамыр саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу күні деп белгіленді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев сөзімен айтсақ: "Сталиндік жүйеде сөйлеуге қорыққан сияқты, өткен тарихтың өзекті мәселерін аттап өтіп тарихты гүлдендіремін деушілер төл тарихымызды ұмыттыруға апарады, бірақ ұмыту - ол қанды режимнің миллиондаған құрбандарын естен шығару деген сөз". Сонымен қатар жаңа заман талабына сай Қазақстандағы саяси қуғын-сүргінді зерттеу тақырыбына байланысты көптеген диссертациялар жазылды.Г.А.Жұмасұлтановтың "Политические репрессии в Казахстане в условиях тоталитарного режима(20-е-начало 50-х годов)" деген еңбегінде КСРО да тоталитарлық тәртіптің орнауы, ұжымдастыру, астық дайындау науқандары барысындағы саяси қуғын-сүргін қозғалған. Т.Рысқұлов, Ә.Ермеков және өзге де зиялылардың қуғындалу тарихына тоқталған. Сондай-ақ, ГУЛАГ-ты репрессияны ұйымдастырушы әдіс ретінде көрсетіп, Ақмола еңбекпен түзеу лагеріне жеке бір тарау арнаған. Д.Ш.Орынбаева өзінің "Политические репрессий в Казахстане в 1937-1938 годы: сравнительно-исторический анализ проблемы" деген диссертациялық еңбегінде "үлкен террор" жылдарындағы саяси қуғын-сүргінді толықтай зерттеген. Сонымен қатар Г.И.Молдаханованың "Деятельность ОГПУ в Казахстане" ,Саржанованың "Сот-тергеу, әкімшілік органдары кеңестік зорлық-зомбылық шараларын жүзеге асырушы: тарихы және сабақтары(1925-1932 жылдар)" ,С.Д.Ділмановтың "Исправительно-трудовые лагеря на территории Казахстана(30-е-50-е годы ХХ века)" атты диссертациялық ізденістерінен бағыт алдым. Соңғы кездерде осы тақырып төңірегінде республикалық және облыстық деңгейдегі мерзімдік басылым беттерінде көптеген мақалалар жарияланды. Ж.Богданова, В.Осипова, Н.Грибанова, Елғондиева, Боқтазаровтың мақалалары жарық көрді. Сонымен мәселенің тарихнамасына жасалған қорытындыда жаппай қазақ халқының 1937-1938 жылдары жазықсыз жазалау шаралары жалпы зерттелген, ал жекеленген мәселелер бойынша жеткілікті зерттеулерді әлі де қажет етеді. Тақырыптың деректік негізі. Саяси қуғын-сүргін туралы деректерге Лениндік декреттер, соттың бұйрық, нұсқаулары, ал сонымен қатар жазалаушы органдар өкілдерінің баяндамалары мен мақалалары тоталитарлық жүйе тұсындағы жеке адамдар жазған естеліктер негізгі деректерге жатады. В.И.Лениннің өзі революциялық заңдылықты қамтамасыз етудің әдістерін белгілеп берген еді. Ал репрессиялық шаралардың қолданылуын пролетариат диктатурасын, еңбекшілерді қорғау мақсатында жасалған," -деп дәлелдеген-ді. Яғни ол "Мы ничего "частного" не признаем, для нас все в области хозяйства есть публично - правовое, а не частное" - деп тоталитарлық қоғамның орнауына жол ашты. Сонымен қатар ол "жаңа сот қанаушыларға, ескі билікті қалпына келтіруге ұмтылушыларға қарсы күресу үшін керек", деп кеңестік қоғамдағы сот жүйесінің міндеттерін белгілеп берді. Саяси қуғын-сүргін шаралары партия нұсқаулары арқылы бір ізбен жүргізілгендіктен, Қазақстан Республикасының Президенттік мұрағатының (141-қор, 708-қор, 719-қор, 718-қор) құжаттары да қарастырылды. Бізге Кеңес еліндегі "билеуші және бағыттаушы" күш партия болғандығы белгілі. Алайда, 1930 жылдардың ортасында жазалаушы орган дар негізінен орталықта ғана болды. Сондықтан Қазақстан сол кезеңде БК(б)П ОК және КСРО Ішкі Істер Халық Комиссариаты директиваларын атқарушы ғана болды. Осыған сәйкес республика мұрағаттарында репрессия ауқымын толықтай көрсететін партия органдарының аналитикалық немесе жалпылама статистикалық қорлары жоқ. Бірақ негізгі тақырыпқа қатысты құжаттар Қазақстан Республикасының Президенттік мұрағаты қызметкерлері құрастырған "Политические репрессии в Казахстане 1937-1938гг. Сборник документов" атты 1998 жылғы шыққан кітапта жинақталған. Мұнда 119 құжат берілген. Соның 6-уы қазақ тілінде берілген. Бұл кітапты құрастырушылар көпшіліктің қолы жете бермейтін құжаттарды жинақтаған. Әдістемелік негізі. Жаңа методологиялық өзгерістерді негізге ала отырып, жүйелілік, объективтілік, тарихи-салыстырмалылық секілді ғылыми таным принциптерін негізге алдық. Сондай-ақ, осы тақырып төңірегіндегі соңғы уақытта қалыптасқан жаңа ғылыми бағыттарды, тұжырымдар мен ой-пікірлерді мүмкіндігінше нақты басшылыққа алынып, зерттеу барысында талдау жинақтау, қорыту әдістерін қолданылды. Диплом жұмысын жазудағы мақсатым ғылыми айналымда жүрген деректік материалдар мен зерттеулерді пайдалана отырып, көрсетілген кезеңдегі, яғни 1937-1938 жылдардағы орталықта жүргізілген саяси репрессия тарихын зерделей отырып, оның Қазақстандағы жүргізілу ерекшеліктері мен көрінісін, зардаптарының мән-мағынасын тереңірек ашып көрсету болып табылады. Бұл мақсаттарымды іске асыру үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым: - Саяси қуғын-сүргіннің Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне тигізген зардаптарын, құқық қорғау органдарының жазықсыз жазалау саясатын жүзеге асару барысындағы қызметін көрсету; - атақты отандық тарихшылардың ғылыми еңбектері мен зерттеулері қарастыру және меңгеру; - Орталық пен Қазақстандағы жаппай репрессиялау шараларын салыстыра, ерекшеліктерін көрсету; - репрессия ауқымы мен саясаттың Қазақстанда жүргізілу әдіс-тәсілдерін талдау; - жаппай репрессиялау зардаптарын әр түрлі салада қарастыру. Хронологиялық шеңбері. Диплом жұмысы 1937-1938 жылдарды қамтиды. Дәл осы жылдары кеңестік тарихтың кезеңінде 1920 жылы бастау алған қуғын-сүргін науқаны өз шыңына жетіп, ауқымы бұрын-соңды болмаған дәрежеге жетті. Құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Репрессияның саяси идеологиялық қайнар көздері мен жүргізілу себептері Репрессияның идеологиялық негіздері мен жүргізілу механизмдерінің қалыптасуы 1937-1938 жылғы жаппай саяси репрессия өзінің жүргізілу кезеңінде мемлекеттегі тоталитарлық-авторитарлық билік жүйесіне сәйкес келді. Тоталитарлық жүйе ол тек идеология мен этакратиядан ғана емес, жаңа қоғамды құру процесстері мен алғышарттар нәтижесінен пайда болды. Оның КСРО сияқты алып мемлекеттегі үлгісі биліктегілердің саяси репрессия шараларын өз халқына қарсы қаруы ретінде ұстап, қоғамдық өмірдің барлық саласына: экономика саласына, қоғамның әлеуметтік құрылымына, саяси институттарына толық бақылау жүргізіп отыру түрінде болды және ол заңды қарама-қайшылыққа әкелді. Осы қарама-қайшылықтарды басып-жаншу мен тұншықтыру саяси қуғындау шараларымен жүзеге асты. Сондықтан пролетариат диктатурасы атанған сталиндік режимнің өз халқына қарсы жүргізген "үлкен терроры" әрине кездейсоқ жаңылыс құбылыс емес-тін. Ол бүкіл империя көлемінде орнаған саяси билік жүйесінің табиғи болмысынан туындап жатты. Репрессиялау саясатының негізі сонау 1920 жылдары қаланса, ол мемлекеттегі биліктегілердің жеке саясаттарының негізінде өзгере келіп, 1937-1938 жылдары өз шыңына жетті. Репрессия шараларының жүргізілу әдіс-тәсілдерінің сипатына байланысты КСРО-да, оның жекеленген аймақтарында жүргізілуінің өз ішкі логикасы мен реті болды деп айта аламыз. 30-жылдардың екінші жартысында, дүние жүзілік соғыстың қара бұлты қаптап келе жатқан тұста әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі өзінің бойындағы ең бір жексұрындық қасиеттерін көрсете бастады. Соның салдарынан Кеңес қоғамы аса ауыр да, зардапты қиындықтарға кездесті. Одан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Жергілікті партия, кеңес, комсомол, кәсіподақ ұйымдары, шаруашылық орындары үлкен соққыға душар болды. Жеке адамды дәріптеу жағдайында жергілікті кадрларды қудалау етек алды. Қаралап, жала жауып арыз бергендерді қолпаштау, жаппай сезіктену, шет ел пайдасына шпиондық жасап жүр деп орынсыз айып тағу, басқа жүгенсіздіктер мен жөнсіздіктер тыюсыз етек алды. Партия, кеңес қызметкерлері, оқыған зиялылар орынсыз қудалуға, құрбандыққа ұшырады. Сөйтіп, қасіретті қуғындаудың екінші кезеңі 1937 жылы басталды. Қазіргі таңда бүкіл Кеңес елін, соның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz