Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік көзқарасы



Жоспар

I.Негізгі бөлім.
1. Ш.Уәлихановтың өмір жолы
2. Ш.Уәлихановтың әлеуметтің көзқарасы
3 Шоқан және Манас жыры
4 Ш.Уәлихановтың реформа туралы ой пікірі

Пайдаланылған әдебиеттер.
1 Ш.Уәлихановтың өмір жолы

Шоқан Уәлиханов (1835-1865 ж екі халықтың – орыс және халықтарының –достығы мен араласуының нәтижесінде ағартушы болып қалыптасады. Ол сұлтандар әулетінен шыққан. Оның арғы атасы Абылай алғашқылардың бірі боп орыс бодандығын қабылдады. Әкесі Шыңғыс Омбы әскери училищесін бітірген, орыс полковнигі әскери дәрежесін алған адам. Ш.Уәлиханов туған жері қазіргі Көкшетау жерінде Бурабай курортының ауданына карайды.
12 жасында оны Омбы қаласындағы Сібір кадет корпусына оқуға берген.Ылғи орыс балаларының ішінде Шоқан жалғыз қазақ баласы болды. Кадет корпусында оқу мерзімі 8 жыл, бірақ Уәлихановты өзге ұлттың баласы ретінде 7жыл ғана оқытады, 8 курста әскери оқу өтілетін, ал оған бөтен ұлт болғандықтан, әскери істі үйренуге рұқсат етілмеді.
Қабілетті шәкірт оқу біткеннен соң казіргі Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аудандары мен Батыс Сібір өлкесін, басқаратын генералдың адьютанты болып жұмыс істей бастайды.
Шоқаның семьясында семья мүшелері бірнеше тілдерді білетін. Дәстүр бойынша, сұлтан балалары (ақсүйектер) бірнеше шығыс тілдерін білуге тиіс болатын. “Жеті жұрттың тілін білу” деп осындайды айтатын. Және Сібір кадет корпусында көптеген тілдер оқытылатын :орыс, қазақ, француз, неміс, татар, монғол, араб, парсы, және т.б

Шоқанның саясаттары
Шоқан жас кезінің өзінде-ақ ғылыми мақсатпен тек казіргі Қазақстан территориясына ғана емес, Қырғыз еліне де Қытайдағы Кульджа қаласында да саяхат жасады. Саяхат кезінде ол көптеген халық өндерін, ертек-аңыздарын жинап, алды. Бірінші болып болып қырғыздың “ Манас” эпосын жазып алып, оны ішінара орыс тіліне аударады. 1857ж 22 жасында Шоқан қырғыз даласында (ол кезде Ресейде қазақтарды “қырғыздар” деп
1 Ш.Уәлихановтың өмір жолы

Шоқан Уәлиханов (1835-1865 ж екі халықтың – орыс және халықтарының –достығы мен араласуының нәтижесінде ағартушы болып қалыптасады. Ол сұлтандар әулетінен шыққан. Оның арғы атасы Абылай алғашқылардың бірі боп орыс бодандығын қабылдады. Әкесі Шыңғыс Омбы әскери училищесін бітірген, орыс полковнигі әскери дәрежесін алған адам. Ш.Уәлиханов туған жері қазіргі Көкшетау жерінде Бурабай курортының ауданына карайды.
12 жасында оны Омбы қаласындағы Сібір кадет корпусына оқуға берген.Ылғи орыс балаларының ішінде Шоқан жалғыз қазақ баласы болды. Кадет корпусында оқу мерзімі 8 жыл, бірақ Уәлихановты өзге ұлттың баласы ретінде 7жыл ғана оқытады, 8 курста әскери оқу өтілетін, ал оған бөтен ұлт болғандықтан, әскери істі үйренуге рұқсат етілмеді.
Қабілетті шәкірт оқу біткеннен соң казіргі Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аудандары мен Батыс Сібір өлкесін, басқаратын генералдың адьютанты болып жұмыс істей бастайды.
Шоқаның семьясында семья мүшелері бірнеше тілдерді білетін. Дәстүр бойынша, сұлтан балалары (ақсүйектер) бірнеше шығыс тілдерін білуге тиіс болатын. “Жеті жұрттың тілін білу” деп осындайды айтатын. Және Сібір кадет корпусында көптеген тілдер оқытылатын :орыс, қазақ, француз, неміс, татар, монғол, араб, парсы, және т.б

Шоқанның саясаттары
Шоқан жас кезінің өзінде-ақ ғылыми мақсатпен тек казіргі Қазақстан территориясына ғана емес, Қырғыз еліне де Қытайдағы Кульджа қаласында да саяхат жасады. Саяхат кезінде ол көптеген халық өндерін, ертек-аңыздарын жинап, алды. Бірінші болып болып қырғыздың “ Манас” эпосын жазып алып, оны ішінара орыс тіліне аударады. 1857ж 22 жасында Шоқан қырғыз даласында (ол кезде Ресейде қазақтарды “қырғыздар” деп

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Ш.Уәлихановтың әлеуметтік көзқарасы

Жоспар
I.Негізгі бөлім.
1. Ш.Уәлихановтың өмір жолы
2. Ш.Уәлихановтың әлеуметтің көзқарасы
3 Шоқан және Манас жыры
4 Ш.Уәлихановтың реформа туралы ой пікірі

Пайдаланылған әдебиеттер.

1 Ш.Уәлихановтың өмір жолы

Шоқан Уәлиханов (1835-1865 ж екі халықтың – орыс және халықтарының
–достығы мен араласуының нәтижесінде ағартушы болып қалыптасады. Ол
сұлтандар әулетінен шыққан. Оның арғы атасы Абылай алғашқылардың бірі
боп орыс бодандығын қабылдады. Әкесі Шыңғыс Омбы әскери училищесін
бітірген, орыс полковнигі әскери дәрежесін алған адам. Ш.Уәлиханов
туған жері қазіргі Көкшетау жерінде Бурабай курортының ауданына
карайды.
12 жасында оны Омбы қаласындағы Сібір кадет корпусына оқуға
берген.Ылғи орыс балаларының ішінде Шоқан жалғыз қазақ баласы болды.
Кадет корпусында оқу мерзімі 8 жыл, бірақ Уәлихановты өзге ұлттың
баласы ретінде 7жыл ғана оқытады, 8 курста әскери оқу өтілетін, ал
оған бөтен ұлт болғандықтан, әскери істі үйренуге рұқсат етілмеді.
Қабілетті шәкірт оқу біткеннен соң казіргі Қазақстанның
Солтүстік-Шығыс аудандары мен Батыс Сібір өлкесін, басқаратын
генералдың адьютанты болып жұмыс істей бастайды.
Шоқаның семьясында семья мүшелері бірнеше тілдерді білетін.
Дәстүр бойынша, сұлтан балалары (ақсүйектер) бірнеше шығыс тілдерін
білуге тиіс болатын. “Жеті жұрттың тілін білу” деп осындайды
айтатын. Және Сібір кадет корпусында көптеген тілдер оқытылатын
:орыс, қазақ, француз, неміс, татар, монғол, араб, парсы, және т.б

Шоқанның саясаттары
Шоқан жас кезінің өзінде-ақ ғылыми мақсатпен тек казіргі Қазақстан
территориясына ғана емес, Қырғыз еліне де Қытайдағы Кульджа
қаласында да саяхат жасады. Саяхат кезінде ол көптеген халық өндерін,
ертек-аңыздарын жинап, алды. Бірінші болып болып қырғыздың “ Манас”
эпосын жазып алып, оны ішінара орыс тіліне аударады. 1857ж 22 жасында
Шоқан қырғыз даласында (ол кезде Ресейде қазақтарды “қырғыздар” деп
атайтын) географиялық, этнографиялық және тарихи материалдарын жинап
және зерттегені үшін орыс Географиялық қоғамның толық мүшесі боп
сайланады.
Әсіресе, Қытайдағы Қашқарияға көпес ретінде барған құпия
сапары Шоқанның атағын шығарып даңққа бөледі. Ол елге европалықтарды
жібермейтін. Мұнда ол өмірін қауіпке тігіп жарты жыл тұрды. Соның
нәтижесінде ол “Алты шахар немесе Қытай провинциясының Нан-лу (Кіші
Бұхар) қаласының жағдайы ” атты өте құнды еңбек жазды . Қытайдан
оралған сапарында есеп беру үшін Петербургке барады, сонда Азия
департаментіне қажетті, құнды маман ретінде қызметке қалдырылады.
Алайда Петербургкте өкпе ауруына шалдығуына байланысты тұрақтай
алмай , бір жарым жылдан кейін емделуге ауылына келеді. 1865ж, ол
30 жасына толмай дүние салады.

2 Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік көзқарасы
Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік ғылыми көзқарастары, оның
демакратиялық, гуманистік ой-пікірлері Петербургкте және Сібір Кадет
корпусында оқып жүргенде, сонымен бірге сол кезденгі орыстың ұлы
демакратиялық өкілдерінің шығармаларын оқып, олардың кейбіреулерімен
жақындасып, кездесіп, араласып жүргенде қалыптасады. Ол қазақты орыс
мәдениетіне жақындату, орыс ғылымына үйрету идеясын жақтаған адам.
Оның аққан жұлдыздай қысқа өмірі ғылым үшін өте құнды жылдар
болған еді.
Терең білімді, ғылымға берілген Шоқан өз қызметін халық
тағдырымен байланыстыра қараған. Сондықтан ол тек ғалым ғана емес,
қоғам қайреткері де болады.Осы тұрғыдан келгенде Шоқанның қоғамдық
көзқарастарына талдау жасау қызғылықты болып табылады.
Бұл мәселені тарихшылар, әдебиетшілер, соның ішінде Ә.Х. Марғұлан,
С. Мұқанов сияқты белгілі авторлар біраз зерттеген. Жеке мақалалар мен
монографиялар да бар.
Әрине, бұл еңбектердің бәрінде олар Шоқанның қоғамдық
көзқарастарының көп қыры бір ғана көзқарас тұрғысырар қарады деп
үстірт ұғуға болмайды. Ғылымның мақсаты – объективтік ақиқатқа ұмтылу. Ол
ақиқатқа жету үшін, сансыз ізденістерді, талпыныстарды қажет етеді.
Міне, осы орайда Шоқан көзқарастарына қатысты бірнеше пікірлер
айтылып жүр. Бұл негізінен Шоқанның орыстың революцияшыл
демократтарының идеясын қанша дәрежеде қабылдағаны және халқы үшін
қандай істер істегені туралы байламдар. Академик С. Зимановтың
монографиясында 1965 ж Уәлихановтың саяси көзқарастары жайлы
пікірлер үш топқа бөлініп қарастырылады. Шоқанды бағалау үшін ұш
ұдай пікірге бөліну мәселенің күрделілігін көрсетеді.
Бірақ, ғалымдардың бәрі негізгі мәселеде бір ауыздан, атап
айтқанда, Шоқанның орыстың ұлы революцияшыл демократтарының
шығармаларымен етене таныс болып, оларды іштей жақтағанын, өз халқын
сүйгенін, оны шамасы келгенше қорғауға, орыс мәдениетін үйретуге
тырысқанын мойындайды.
Ш. Уәлихановтың қоғамдық - әлеуметтік және саяси мәселелерді сөз
ететін “ Записка о судебной реформе”, “ Очерки Джунгарии”, “ О
мусульманстве в степи”, “ Следы шаманства у киргизов”, “ Тенгри”
сияқты еңбектерінде және достарына жазған хаттарында біз оның
көзқарастары көп жағдайда озық идеяларымен ұштасып, үндесіп
жатқанын байқай аламыз. Ескерте кететін бір жайт , Ш.Уәлиханов
өзінің саяси көзқарасын жан-жақты, жүйелі көрсететін үлкен еңбектер
жазбаған. Бірақ , бұл оның халықтың болашағы үшін күрекен, орыс өнер-
білімін үндеген алдыңғы қатарлы адам болғандығын анықтауға кедергі
келтіре алмайды.
Айталық, Сібір казактарына арналған сот реформасы туралы
мақаласында жазбаларында ол ресми үкіметке коптеген талаптар қояды.

Бұл талаптар негізінен өмірін жақсартуға,оның сот мәселесі жөнінде
дербестігін сақтай отырып, орыстармен араласуға мүмкіндік алуға
бағытталған.
Патша үкіметі Сібірдегі қазақтардың билігін заң жүзінде
өзінің колына алуды мақсат етті. Осы қитұрқы саясатқа тікелей
қатысты болған 1860-шы жылдары жүргізіле бастаған сол реформадан Ш.
Уәлиханов жақсы хабардар еді. Халықтың әдет-ғұрпын, дәстүрін жақсы
білетін ол реформаны дайындаған обылыстық басқарманы халық тағдырына
немқұрайдылығы үшін сынға алады,халыққа тиімді өзгерістерді талап
етеді. Атап айтқанда,біріншіден, Ш.Уәлиханов өз халқының өзіндік
ерекшелігін ескеру реформа дайындау барысында ерекше маңызды фактор
екендігін айтады.Ш. Уәлиханов осы сот реформасы жайындағы хатында
қазақ даласында жүргізілуге тиісті реформасы жайындағы хатында қазақ
даласында жүргізілуге тиісті реформа халықтың мүдесіне, оның
материалдық мұқтажына сай келуі, әрі сол қоғамның ұлттық мінез-
құлқына сәкестендірілуі қажеттігін терең талдап, қорытты.
Ал, бұл жағдайдан тыс жасалған өзгерістенрдің бәрі де зиянды,
жағымсыз құбылыс,деп түсінді. Ш. Уәлиханов Қоғамның дамуына не залал,
не пайда екені жайындағы ұғымдар әр дәуірде әр түрлі болған , ал
халыққа ең маңыздысы, оның мұқтажын өтейтін нақты іс-шаралар. Реформа
- ол эканомикалық және әлеуметтік реформа. Ал, саяси реформа
эканомикалықістерді іске асыратын құрал ретінде көрінеді-олар
материалдық әл-ауқатын жақсартуға бағытталып отырады. Прогесс
дегеніміздің өзі осы, деп тұжырымдайды.
Адам- әрқашан да өз ортасының презенті. Ендеше Ш. Уәлихановқа
берер бағамыз нақты тарихи жағдайларға байланысты болмақ.
Ш. Уәлиханов 1864-ші жазған еңбегінде реформаны іске асыру
барысында халықтың ерекшелігін ескеруі жайлы пікірін тереңдете
түсіп, реформалардың сәтті болуы халықтың тұрмыс- салты мен әдет-
ғұрпын, заңдарын жан-жақты зерттеуге байланысты екенін айтады.
Міне, осыдан кейін: “ В наше время нет общественного
вопроса, каторый был бы так важен, как вопрос о народных будущность
народа, вних заключается его быт или небыть. Реформы бывают толька
тогда удачны, когда они правиьны т.е тогда когда они основаны на
тек неизбежных законах, прогесса при которых только и возможно
здоровое развитие общественного организации ”деген шешімге келді. Бұл
жерде ерекше бөліп айтар мәселе - Шоқанның прогресс ұғымға халықты
ағарту, отандастарының саяси-экономикалық жағдайын жаңарту
дегенмағыналарды сығызады.
Пікірімізге дәлел ретінде Шоқанның осы тектес басқада
ойларын келтіре алатын едік. Мысалы, “ Жоңғария очеректерінде” Құлжада
көне заман ескерткіштерінің қиратылып жатқанын байланысты күйінші,
орыстың, Еуропаның мәдениетін жақсы білуі Шоқанның прогресс үшін
күресін белгілі мөлшерде сипаттай алады.
Шоқанның прогресшілдігі халықты мәдениеттен, алдыңғы қатарлы ұлттық
ғылымын бөліп тастауға қарсы бағытталған.
Талаптардың қазақ қоғамында орын алып отырғанына Ш. Уәлиханов
деректер бойынша, қырғыз-қайсақтар екі түрлі нәсілден таралған.Бірі-
күн нұрынан жаралған асыл текті ақ сүйектер де, екіншісі- құдая
тобасы жоқ, басы жұмыр пендеден туған құл-құтандар, деп аталатын
қара халық.
Бұл ойларды А.И. Майковқа, Ф.М. Достоевскийге жазған (1862-
жылғы) хаттарында айтқан. Ш. Уәлиханов әдет- ғұрыпты өте жақсы
білген, билердің сотындағы кейбір жайттар бітімгершілік \мировой\
сотқа қарағанда, әділдікке әлдеқайда жақын деп көрсетті. Мысалы, би
болу үшін халық арасында әділдік, шешендік жағынан танылған адам
болуы керектігі, бидің билігі ұнамаған адамның екінші бидің
төрелігіне жүгінуге құқы барлығын және тағы басқа фактілерге сүйене
отырып, Шоқан осы кезеңде билер сотын сақтау керек, деген тұжырымға
келеді.
Қазақ даласында құрметті би атағы халық тарапынан қандай да
сайлау жолымен немесе халықты билеп отырған өкіметтің бекітуімен
емес, тек сот рәсімін терең білетін, оған қоса шешендік өнерді
меңгерген қазаққа қана берілген. Би атану үшін би атанғысы келген
адам халық алдында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің
білімділігін, шешендігін танытатын болған . Мұндай адамдардың есімі
халықтың арасында тез таралып, танылады. Үкім шығару мәселесінде би
мен соттың функциясы бір болғанымен, араларында жер мен көктей
айырмашылық бар. Бидің балалары заңнан тәлімі болғандықтан, әке орына
мұрагер болып қалады.
Сол сияқты
Бидің санына шек қойылмайтын болса, әрбір окургте мировой
судья бірнешеу болады.
Биді ресми түрде ешкім сайламайды да, ресмей түрде ешкім
бекітпейді де, Еуропадағы ақындар, ғалымдар, адвокаттар сияқты билердің
маңызы беделге негізделген. Ал, мировой судьяның сайлауында арнаулы
тәртіп, парық бар.
Халық қалағанда ғана би билік жүргізе алады, оның беделі
жойылғанда билік құруына құқы болмайды.
Би қазынадан да, халықтан да ешқандай пұл болмайды, бірақ,
биден биақы алады, ал мировой судьяға земствоның алым-салығанын белгілі
мөлшерде қаражат бөлінеді.
Билердің мәжілісі мезгілсіз, кездейсоқ оқиғалар мен
ахуалдардың себебі бойынша шақырылады.
Әрине, билердің қанаушы тап мүдесін көздейтіні, халықты езуге
мүделлі болғаны талас тудырмайтын жайт. Бірақ, Шоқанды өз заманы
тұрғысынан алсақ, ол мәселе дұрыс шешілген деген ойға келеміз.
Шынында да халыққа бала кезінен таныс, беделі бар билер сотын сақтап
қалуда белгілі тәртіп бар. Шоқан бітімгершілік соттың әділетсіздікке
баратынын, оның басқалай былықтарын да жақсы білген. Отаршыл Ресейдің
отаршыл сотынан әділет күту өте қиын болғандықтан, Шоқанның билер
сотын сақтап қалуға ұмтылуы көңілге қонады.

Шоқанды “атаның ұлы емес, адамның ұлы ”болуға тырысқан
деп айта аламыз. Шоқан шығармаларынан халқына деген шексіз
жанашырлығын, сүіспеншілігін байқаймыз. Патша үкіметінің қазақтарға
кемістушілік саясатты қолданып отырғанына ол үзілді- кесілді қарсы
шықты. Халқының сауатсыз болғанын жасырмай айтқан Шоқан оның
қабілетті, өркениетті қабылдай алатын ел екенін де дәлелдеді.
Қоғам мен оның даму даму жолдары Ш. Уәлихановтың
еңбектерінде көрініс тапқан. Прогресшіл идеяларды таратушылар болған
хх ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының шоқ жұлдызы осы Шоқаннан
бастау алады. Сол кезеңнің ойшылдары мен қоғам қайраткерлерінің
айрықша белгілері олардың Ресейдің ғылыми орталықтарында алған
зайырлы білімдерімен қоса өз халқына терең берілгендігінде. Ш.
Уәлиханов- ағартудың филасофиялың принциптерін әлеуметтік қатынасттар
саласына жүйелі таратқан ойшылдардың бірі. Бұл оған әлеуметтік
дамудың бір қатар проблемаларының өзіндік, аса айрықша шешімдерін
беруге, өзінің әлеуметтану тұжырымдамасын жасауына мүмкіндік береді.
Ш. Уәлихановтың әлеуметтану тұжырымдамасы адамзат табиғаттың
бір бөлшегі болып табылатындығын, жалпы объективті сырты әлем
сияқты заңдылықтармен дамитынын түсінуге құрылған. Бұл тұрғыдан
алғанда табиғат пен қоғам арасында принципті айырмашылық жоқ және
болмақ та емес. Өсімдіктер әлемінің қолайлы жағдайды талап ететіні
сияқты қоғам өзінің кедергісіз дамуы үшін қолайлы жағдайды талап
етеді. Алайда ғалым табиғат заңдары мен қоғам арасындағы
айырмашылықты ажыратып көрсетеді. Табиғаттың дамуы физиклық заңдарға
негізделсе, қоғамда олар әлеуметтік заңдардың күшімен, яғни
қоғамдық өмірдің әр түрлі жақтарымен, тайпалық оргонизм өмірінің
шарттарымен толығады.
Ш. Уәлиханов Орта Азияның дәстүрлі қауымдастықтарының
тұрғысын, эканомикалық құрылымын, мәдени нормативтерін зерттейді.
Қоғамдық даму туралы сөз ете отырып, ол “табиғи-тарихи”
дамуға аяқ тірейді, адам мен адам қоғамын табиғат дамуының нәтижесі
ретінде қарастырады, тарихтан тыс жалпыға ортақ этникалық нормалар
мен мұраттарды теріске шығаралды. Адамдардың түсінігі мен
көзқарастары тікелей тайпалық оргонизм шарттарымен және қоршаған
орта мен стихияның басқада да шарттарымен анықталады. Ағарту
идеяларын таратушы Ш. Уәлиханов әлеуметтік құндылықтар мәселелеріне
олардың әлеуметтік маңыздылығы мен тарихи ақталуы тұрғысынан қарайды.

Ш. Уәлиханов өзінің “Қазақтар турулы жазбалар” (“ Записки
о киргизах ”) атты еңбегінде қазақтардың тыныс тіршілігінің жан-жақты
қырларын тәпіштеп зерттейді. Этникалық атауынан бастап соттық-үкім
нормалары мен құндылықтарына дейін. Қырғыздардың генеологиялық тамырын
ғалым алғаш рет құрылымдық тәртіпен сипаттайды, мәртебелдік-рөлдік
позицияларын ашып береді .“ Генелогиялық естеліктеліктер бойынша
қырғыз-қайсақтар әр түрлі екі бастамаға жатады: ақсүйектер-күн
нұрынан жаралған тектілер және қаралар –ешқандай артық тылсым
қасиеті жоқ қарапайым күл-құтандар” Уәлиханов стратификасиялық
құрылымның анықтамасына “ каста”
Ұғымын қолданады.“Халық сословилерге бөлінген сияқты екі кастаға
бөлінеді: манаптар мен қара бұқаралар”. Билік пен бағыну қатынастары
ежелгі орда негізін салушының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Уәлиханов - ұлы ағартушы
Шоқан Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарасы
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы, этнограф, демократ
Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
Ш. Уәлиханов- қазақ қоғамының саяси- әлеуметтік өзгерістеріне, саяси ойдың дамуына ықпал еткен ғалым
Ш.Уәлихановтың ағартушылық қызметі
Ш. Уәлихановтың Шығыс Түркістан халықтары туралы тарихи көзқарасы
Шоқанның саясат тұрғасандағы ой – пікірлері
Шоқанның суретшілік өнері
Қазақ ағартушыларының философиясы
Пәндер