Ахмет Байтұрсынов



Мазмұны
1. Омірбаяны.
2. Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері.
3. Қазақ әліпбиінің негізін қалаушы.
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Ахмет Байтұрсынов (18.01 1873 ж., Қостанай обл., Жангелді ауд., Сарытүбек мекені, - 1938) – ақын, әдеббиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. 1882- 84 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895 - 1909 ж. Ақтобе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс- қазақ училищерінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1909 ж. патша үкіметінің саясатына қарсы наразылық білдергіні үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды. 1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 ж. жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт - азаттық қозғалыс күшейеді. 1918 - 19 ж. Алашорда қатарында болады. 1919 ж. 24- маусымда Қазақ өлкесін басқаратын Әскери революциясы қазақттің мүшелігіне тағайындалады. 1922-25 ж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғыл. әдеби комиссиянның төрағасы, Халық ағарту комиссары. 1925-29 ж. Қазақстан Халық ағарту институтында және ҚазПИ де оқытушы болды.

А. Байтұрсыновтың еңбектері

Байтұрсынов шығармашылық жұмысын өлен жазудан бастаған. Онда ол еңбеқші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады.
Ақынның алғашқы өлендері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт Петербургте жарық көрде. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой санасын оятуға бар жігер қайратын, білімін жұмсайды.
Байтұрсыновтың екінші кітабы «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады.
Байтұрсыновтың қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі « Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынов ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеум., қоғамдық, мән маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетик. әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай ақ мұнда жазба
Ұлттың ұлы ұстазы. «Ұлы тұлғалар» сериясы. – Алматы: Комплекс, 2001.- 305 б
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994.
Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Астана, 2003.
Ісімақова А. Ахмет Байтұрсынұлы – қоғам қайраткері, ақын, қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының реформаторы // Ахмет Байтұрсынұлы. Бес томдық шығармалар жинағы. I-том. А., 2003.
Кәкішев Т. Санадағы жаралар. – Алматы: Қазақстан, 1992.-264 б.
Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Зерттеу. – Астана: Күлтегін, 2002 – 528 б.
Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы: Жалын, 1991.- 464 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
1. Омірбаяны.
2. Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері.
3. Қазақ әліпбиінің негізін қалаушы.
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер

Өмірбаяны

Ахмет Байтұрсынов (18.01 1873 ж., Қостанай обл., Жангелді ауд., Сарытүбек
мекені, - 1938) – ақын, әдеббиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист,
педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. 1882- 84 ж. Орынбордағы мұғалімдер
мектебін бітірген. 1895 - 1909 ж. Ақтобе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі
мектептер мен орыс- қазақ училищерінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1909 ж.
патша үкіметінің саясатына қарсы наразылық білдергіні үшін Семей түрмесіне
жабылып, 1910 ж. жер аударылды. 1913 ж. Орынборда Қазақ газетін
ұйымдастырып, 1917 ж. жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша
үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт - азаттық қозғалыс күшейеді. 1918 - 19 ж.
Алашорда қатарында болады. 1919 ж. 24- маусымда Қазақ өлкесін басқаратын
Әскери революциясы қазақттің мүшелігіне тағайындалады. 1922-25 ж. Қазақстан
Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғыл. әдеби комиссиянның төрағасы, Халық
ағарту комиссары. 1925-29 ж. Қазақстан Халық ағарту институтында және ҚазПИ
де оқытушы болды.

А. Байтұрсыновтың еңбектері

Байтұрсынов шығармашылық жұмысын өлен жазудан бастаған. Онда ол еңбеқші
халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты
оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті
көтеруге, еңбек етуге шақырады.
Ақынның алғашқы өлендері Қырық мысал атты аударма жинағында 1909 ж.
Санкт Петербургте жарық көрде. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан
қараңғы елге жар салып, олардың ой санасын оятуға бар жігер қайратын,
білімін жұмсайды.
Байтұрсыновтың екінші кітабы Маса (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде
ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты
кемшіліктерді сынады.
Байтұрсыновтың қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі
тұңғыш көлемді еңбегі Әдебиет танытқыш (1926). Мұнда көркем сөз
өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер,
ұғымдар жайлы жан жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде
Байтұрсынов ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеум., қоғамдық, мән
маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетик. әсемдік әуенін талдауға көбірек
көңіл бөлген. Сондай ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой
түйіндер айтылған. Кітаптын бірінші бөлімі Сөз өнерінің ғылымы деп
аталады. Екінші бөлімі Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі деп аталады.
Байтұрсынов тілші ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешееліктері,
араб әліпбинің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы
мақалалар жазды. Ол қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш
жұмсады. Осы мақсатта Оқу құралы (1912), Тіл құралы (1914),
ересектердің сауатын ашуға арнап Әліпби (1924), Жаңа әліпби (1926) атты
оқулықтар мен ғыл.еңбектер ұсынды.
Байтұрсынов қазақ тіл білімін 20-ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның
ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазауының реформаторы
болды. Байтұрсынов қалдырған бай мұраның тағы бір саласы көркем аударма.
Ол орыс классиктерінің шығармаларын ұазақ тіліне аударып, көркем қазынаның
бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын
қазақ тіліне аударып, Қырық мысал деген атпен жеке жинақ қылып бастырды.
И.И.Хемницердін Атпен есек, А.Пушкиннің Балықшы мен балық, Алтын
әтеш, Ат, Данышпан Аликтің ажалы шығармаларын, орыстың белгілі лирик
ақыны С.Я.Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.
Өнер алды – қызыл тіл деп мақалдап өткен қазақ ақындары, жазушылары осы
күнге дейін қазақ поэзиясында биік орын алады. Солардың бірі Ахмет
Байтұрсынұлы. Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ
халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында
өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз достарының алды бола білген
Ахмет өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетін сөздерімен өлең арқылы
ой-сезімін білдірген. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да
аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін
тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың
мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен.
Халықты ағарту баладан, мектептен бастау алады. Ең алғаш қазақ тілінде
әліппе кітабын жинақтаған Ахмет еді. Қазақ балалары көзі ашық, сауатты
азамат болып шығуға септігін тигізген. Қазақ тіліндегі әліп-би осы
сөздердің бәріне дәлел. Тек қана кітап жазумен тоқтамаған Ахмет, орыстың
белгілі жазушыларының белгілі жазушыларының белгілі еңбектерін ана
тілімізге аударып, өзінің халыққа, шамшырақ екенін дәлелдеп өткен. Халықтың
білімді болуына, сауатын ашуға көп көмек көрсеткен. Бұрынғы қарапайым қара
сөздерді жаңғыртып, халық санасына қалыптастыру басты мақсаттарының бірі.
Көкейіндегі түйілген ойды ана тіліндегі асыл, ұтқыр сөздермен жеткізе
білген. Өлеңдеріндегі сөздердің өзі адам көңіліне талпыныс, алға қарай жол
бастап, көш артында қалып қоймауға себепші болған. Қазақ тілін болашақ
ұрпақтарға дамыта түскен қалпында, басқа тілдерден биігірек ұстап,
тазалығын сақтауға демеу болды. Қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танудағы
қызметі қазіргі мектептерде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар
жазумен ұласады. Ахмет қалыптастырған әдеби-теориялық терминдер осы күнге
дейін өмірін жалғастыруда. Бұның бәрін әдебиетші Ахметтің қымбат, алтын,
гауһардай асыл сөздері мен тәлім- тәрбиеге толы, адамдық қасиеттерді
сипаттап жазған өлеңдері бәрі- бәрі болашақ ұрпаққа келешегіне керек,
нұсқау болатын түзу жол емес пе?! Қазақ тілін әсем сөздермен әшекейлей
білген Ахмет өз еңбектерімен басқа да елдерге танымал бола білді. Өзі де
басқа халық ақындары мен жазушыларының жақсы деген өлеңдері мен мысалдарын
өз ана тілімізге аударып кетті. Артына өшпес із қалдырды.
Ахмет қазақ әліпбиінің атасы, түркі тілтану ғылымының ағартушысы.
Ахметтің мұрағаты жаңа уақыт, жаңа заманға, халқына қызмет етуде. Ахметтің
ілімдері - әлі зерттелетін үлкен ғылым. Ахмет Байтұрсыновтың ұлтым деп
соққан жүрегі, үлгі-өнегесі - қазіргі жаңа заманға өте керек.

Қазақ әліпбиінің негізін қалаушы

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларын ел қатарына қосылып, білім алуына 1896
жылдары көңіл бөле бастады. 1905 жылдары Ресей Кіндік үкіметіне жазылған
петициядан, редакторы болып Қазақ газетін шығарып, оның бетінде мәселелер
көтеруінен, қазақ балаларын ана тілінде сауаттандырып, әрі ана тілінде
оқыту үшін жүргізген күресінен, ең соңғысы сол ана тілінде оқытатын
оқулықтар жазуынан, халық ағарту кадрларын дайындап, жас қазақ
интелегенциясы өкілдерін баулуынан танылады.
Ахммет Байтұрсынұлын үстіміздегі ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы
қазақ қауымы көшінің рухани басшысы етіп танытқан – оның қазақ халқын
іргелі жұрт қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстанған
бір қаруы - ағартушылық идеясы болды.
Оқу-ағарту идеясы – Ахмет Байтұрсынұлының әлеуметтік қызметінің арқауы,
азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тіреуі. Бұл
плдтформаны мықтап ұстауға итермелеген- оның туған халқының тағдырын
ойлаған қам- қарекеті.ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы жатқан отар ел
болатын.Халқы үшін сол кезде бебеу қаққан ойшылдардың көзімен көріп,
сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы көгі қараңғы, көңілі ұйқылы,
еспесі жоқ қайығы қалтылдақ, малы талауда, жаны қамауда болған қайран ел,
қайран жұрт еді. Қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, азаматтық мәдениетке
жеткізетін, амал- әрекеттің бастысы түгел қазақты сауатты етіп, көзін
ашу, наландық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен
қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан
қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты.
Халықты ағарту мектептен, баладан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ
балаларының әйтеуір көзі ашылып, сауатты болуын, ғана емес, тек ана тілінде
сауаттануын, содан соң барып өзге ұлт мәдениетіне, тіліне қол созуды
принципті талап етті. 1913 жылдың өзінде ол Қазақ газеті мінбесін
пайдаланып, қазақ қоғамына оқу- білімнің қажеттігін халықтың экономикалық
тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәллдейді. Ахмет бұдан 80 жылдай бұрын
байқап- түйгендері, айтқан пікірлері дәл бүгінгі күні айтылып жатқан
мәселелерімізбен үндес келеді. Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын
сатады, сол шикізатынан жасалған өнімді екі- үш есе қымбат түрде сатып
алады. Бұл надандықтан келген кемшілік деп жазды Қазақ газетінде.
Надандық деп отырғаны - халқының білім- ғылымнан қалыс келе жатқандығы.
Қалыс қалуға үлкен себеп - қазақ жерінде мектептер аз, сол аз мектептердің
өзінде мұғалімдер жетіспейді, ұлт кадрларын даярлайтын орындар жоқ дейді.
Демек, қазақ халқы қараңғы дегенде, кінә халықта емес, сол қараңғылықтан
ққтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында екендігін алты миллион қазаққа алты
ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн бе! деп бейнелі түрдегі тілмен
білдіреді.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910
жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға
кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп
ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан,
туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына
икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады,
арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды-
жіңішкелі үндестік зааңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды.
Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі қазақ жазуы деп, өзгелер Байтұрсынов
жазуы деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды
үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі
интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып,
сауатын ашуды, ол әрекетті Әліппе құралдарын жазудан бастауды мақсат
етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаха-
наларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі Оқу құралы деген
атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі
кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым Әліп-бидің жаңа түрін жазды.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-
танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін
оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты Тіл – құрал атты үш
бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды.
Тіл-құрал тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана
тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының,
іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп,
танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының Оқу құралы мен Тіл
құралдарының орны айрықша.
Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір
зор еңбегі - ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі
грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы
күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу,
шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген
сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі.
Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа
тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар
екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.
Ахмет Байтұрсынұлының 1928 жылы Қызылордада жарық көрген екі бөлімнен
тұратын екі кітапты Тіл жұмсар деген еңбегі белгілі.
Ол методика саласында 1910 жылдардан бастап 1927-1928 жылдарға дейін
бірнеше материалдар жинаған. Жазу таңбаларын үйрету амалдарын түсіндіретін
Баяншы атты кітапшасы 1912 жылы жарық көрген. Жалпы сауат аштыру
әдістерінің жөн-жобасын Әліп-би астары атты методикалық еңбегінде тағы
көрсетеді. 1927-1928 жылдары Жаңа мектеп журналында қазақ тілі
методикасына арналған бірнеше мақала жариялайды.
Қазақ тілін ана тілімізде тұңғыш зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы өзінің
алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды:ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын
(графикасын) жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі
Байтұрсынов жазуы дүниеге келген, екінші-сол жазумен сауат аштыруды
ойлаған, бұл үшін Оқу құралы атты әліппе оқулығын жазған, одан соң қазақ
тілінің граматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру мақсатын қойған, бұл
үшін Тіл құралды жазған.
Ахметтің қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ
тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен
сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені,
дыбыс жүйесін (фонетика), сөз жүйесін (морфология), сөйлем жүйесін
(синтаксис) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған
болатын. Ахметтің Октябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп
еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі секілді орында оның еңбегі мол...
Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған,
қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам
– Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес. Бұны
пролетариат та бағалайды-, деп жазды Сәбит Мұқанов, 1929 жылы 5 мамырда
Ахмет Байтұрсыновтың өз қолымен жасап берген газет және журналдарда
жарияланғаннан басқа ғылыми, ғылыми-методикалық, еңбектердің тізімі деген
құжат ҚазПУ архивінде сақталған.
Ғалым бұрын айтқан пікірін тағы келтіріп, үдетіп беру машығынан
таймайды. Ахмет Байтұрсыновтың азамат, қайраткер ретінде қалыптасуына зор
ықпал еткен ХХ ғасырдың о жақ, бұ жағындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынов - әдіскер ғалым
Ахмет Байтұрсыновтың мұраларының ғылыми-педагогикалық негіздері
Ахмет Байтұрсыновтың поэзиясы
Алаштың ұлы-Ахмет
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ – ТІЛШІ
Қазақ газетінің редакторы
Кеңес өкіметіне қарсы саяси күштері
Қазақ тіл ғылымының атасы
Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі
Пәндер