ҰЛТ САУЛЫҒЫ
ҰЛТ САУЛЫҒЫ
Дайындаған:
Ғылыми жетекші:
Елбасының 2015 жылғы 20 мамырдағы Ұлт жоспары - бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарының 80- қадамында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізуді тапсырды. Яғни ол да -уақыт талабынан туындап отырған келелі мәселе. Осылайша мемлекеттік бағдарламалар негізінде халық саулығына қатысты нәрселер өзекті болып қала бермек. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу қызмет сапасын көтеріп, әр адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттырары сөзсіз. Бұл алдағы жылдың жүзеге асатын мәселесі десек, жалпы денсаулық саласы туралы қарапайым ел арасында сенімсіздік тудыратын, дүдәмәл пікірлер арагідік болса да айтылып қалып жатады. Дәрігерлерге қара күйе жаға салу, олар жаққа тас ату сияқгы пендауи нәрселер күнде болмаса да анда-санда айтылып, алыпқашпа сөздер желдей есетін сәттер де кездесіп тұрады.
Бұл Жолдау жариялану мезгілі жағынан да, мазмұны жағынан да дәстүрлі жыл сайынғы Жолдаулардан айрықша, қоғамға мүлдем жаңа серпін береді. Жолдаудың басты мақсаты - Қазақстан халқының санасын, дүниетанымын өзгерту арқылы өмірін жақсарту, өмір сапасын күшейту, адамдардың өз өміріне деген жаңаша көзқарас ояту. Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық - алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту. Міндетті медициналық сақтандыру енгізу мәселесін зерттеген жөн. Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі - медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу - аурудың алдын алудың негізі,- делінген Жолдауда. Адамның өмір сүру деңгейін жақсарту - бұл, ең алдымен, медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, саламатты өмір салтын қалыптастыруға байланысты екені белгілі.
Бүгінгі таңда облыста медициналық қызмет көрсету сапасына үлкен көңіл бөлінуде. Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде жоғары технологиялық медициналық көмекке деген қолжетімділік деңгейі күн санап артып отыр. Сондай-ақ, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы халықаралық стандарттарға сай жабдықталуда. Өйткені, медициналық қызмет көрсету саласындағы бәсекелестікті дамыта отырып, дәрігер мен емдеу мекемесін таңдауды халықтың өз құзырына қалдыруды мақсат тұтқан Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі - еліміздің медициналық саласын жетілдіруге жол ашып отыр.
Заманауи озық технологиялармен қаруланған, жоғары өркениет талаптарына сай сапалы қызмет көрсету деңгейін көтеру үшін ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кез келген салаға мемлекеттік деңгейде көңіл бөліп, дамыған елдер қатарында бой озық тұру үшін барлық жағдайларды жасап отыр. Бұл - өмір шындығы. Әсіресе ұлт саулығы саласына ешқандай дағдарысқа қарамастан қаржы бөлгізіп, жаңа ғимараттар мен медициналық орталықтардың заманауи технологиялармен жабдықталып, халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуі үшін мүмкіндіктердің бәрін қарастыруда.
Осы орайда, Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде халыққа көрсетіліп отырған көпсалалы медициналық қызмет туралы барлық аудандар мен шалғай ауылдық елді мекендерде түсіндіру-ақпараттық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.
Сондай-ақ, ауруды ерте сатыда және қауіп-қатер факторларын анықтау үшін қолданылатын, сонымен бірге, емдеу тиімділігін арттыруға және асқынудың дамуының алдын алуға баса назар аударылуда. Соңғы жылда облыстарда ауыл тұрғындарының денсаулығын бақылау мәселесі өте өткір қойылып келеді. Осыған орай, ауыл тұрғындарына жедел медициналық көмек көрсету мақсатында соңғы жылдары санитарлық авиация қызметі де қалпына келтірілді. Бұл көптеген аурулардың дер кезінде жоғары деңгейде дәрігерлік көмек алу мүмкіншілігі аясын кеңейе түсті. Жаңаша сипат алған медицианалық қызмет түрлері соңғы үлгідегі арнайы көліктер мен реанимобильдермен қамтамасыз етілген. Облыстық емдеу мекемелерінің білікті дәрігер-мамандары қажет болған жағдайда аудандық ауруханалармен телемедициналық байланыс арқылы кеңес беру мүмкіндігіне қол жеткізді. Сондай-ақ, бүгінде телемедицина арқылы республикалық ғылыми орталықтармен де байланыс жүйесі едәуір жақсарды.
Елбасының міндетті медициналық сақтандыру туралы айтқан ойлары өте орынды деп есептеймін. Бұл мемлекеттік деңгейде шешілуі тиіс үлкен мәселе. Өкінішке орай, көптеген қазақстандықтар Кеңес одағынан қалған ескі ұстанымнан айырылар емес. Олар медицина түгелімен ақысыз және өз азаматтарының денсаулығы үшін тек қана мемелекет жауап беруі керек деп ойлайды. Бұл - дұрыс емес. Азаматтардың денсаулығын сақтауда үш мәселенің бірлігі болуы қажет. Денсаулық үшін жауапкершілік, алдымен, азаматтың өзіне, екіншіден қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайын жасайтын, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ететін жұмыс берушіге және ақысыз медициналық көмектің нақтылы мөлшеріне кепіл болатын мемелекетке жүктелуі тиіс. Сонда ғана әр адам өз денсаулығының жауапкершілігін сезініп, саламматты өмір салтын ұстануға, табысты әрі мықты болуға ұмтылады. Жалпы, денсаулық - байлығы. Ұлттың дені сау болса, мемлекет те табысты болады.
Әр адам денсаулығы үшін өзі жауапты, дегенмен мемлекет бұл мәселеде қарапайым халыққа көптеген жағдайларды, жақсы мүмкіндіктерді жасап отыр. Ендігі жерде бұл мәселеге мемлекет және жұмыс беруші де белсенді араласпақ. Сақтандыру жарналарын азаматтарға жұмыс беруші мекемелер төлеп отырады, жұмыссыздар мен еңбекке жарамсыз адамдар үшін жарна мемлекеттен аударылады. Сондай-ақ еңбеккер азаматтар өз жалақыларынан мақсатты салымдар аударады. Бұл жүйе халықтың барлық топтары үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді. Медициналық сақтандырудың енгізілуі - денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсетуде нарықтық қатынас тудырады. Яғни, медициналық мекемелердің, олардың қызметкерлерінің, дәрігерлер еңбегінің саны мен сапасын нақты бағалауға мүмкіндік береді. Науқастарды емдеу мекемесі мен дәрігерді біліктілігіне қарай таңдау құқығы пайда болады. Сондықтан медициналық мекемелер арасында, содан кейін дәрігерлер арасында өзара бәсекелестік арта түседі. Дәрігер үшін науқастың дұрыс ем қабылдап, сауығып шығуы бірінші кезектегі мәселе болады. Мекеменің де, дәрігердің де жауапкершілігі артады. Науқаспен қарым-қатынас та өзгеретіні ақиқат. Себебі, әрбір науқас дәрігермен емен-жарқын тілдесуін талап етеді.
Сонымен бірге, Елбасы өз Жолдауында айтқандай, жекеменшік емханалардың әлеуеті арта түседі. Бұл жүйе жекеменшік емханалардың қарқынды жұмыс істеуіне, дамуына үлесін тигізеді.
Денсаулық сақтау саласы келер жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшеді. Ұлт жоспарында көрсетілген тың өзгерістерді сырбойылықтарға толыққанды түсіндіру мақсатында өңірге білікті медицина мамандары келді. Жаңа жүйенің артықшылықтары медицина қызметкерлеріне, жұмыс берушілерге, тұрғындарға насихатталды. Диспансерлік есепте тұратын азаматтарға дәрі-дәрмек автоматтандырылған жүйемен беріліп, тұңғыш рет басқару бағдарламасы жасалмақ. Бұл созылмалы дертке шалдыққандардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін күшейтеді. Ал міндетті профилактикалық тексеруден өткендерге берілетін анықтаманы енді халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады. Ақмарал Әлназарова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: - Әрбір бастаманың нәтижесі жүйелі түсіндірілуіне байланысты болады. Сондықтан сала министрлігі түсіндірме жұмыстарын жүргізетін штаб мүшелерінің дайындығына үлкен мән беріп отыр. Өйткені жаңа жүйенің барлық жұмыс берушілер мен қызметкерлерге, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарға тікелей қатысы бар. Сол себепті әрбір азамат міндетті әлеуметтік сақтандыру жөнінде толық құлағдар болғаны дұрыс.
Ендігі таңда бірсыпыра ауылдан қалаға білім қуып келген жастарымыз дұрыс тамақтанбай, зиянды әдеттерге еліктеп, денсаулықтарына нұқсан келтіріп жататыны белгілі. Осының салдарынан қан аздық, тыныс алу ағзаларының аурулары, жүрек қан тамыр аурулары біршама жасарып барады. Сондай-ақ жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау фактісі белең алуда. Былтырдың өзінде жарық дүниемен 18 жасөспірім қоштасты. Бұл жағдайларда ата-ана тарапынан да кемшіліктер кетуде. Осы тұста ата-ана, ұстаз , қоғам болып жастар тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауымыз керек. Бүгін саналы ұрпақ тәрбиелесең, ертең соның жемісін көресің деген бар. Ел Президенті өз Жолдауларында Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы шымыр сергек болуы шарт. Зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеп, өмір сүру жасын ұзарту міндеті көзделген. Ол үшін жас ұрпақты бала жастан жат қылықтардан бойын алыс ұстап, жеке тұлға болып қалыптасу үшін алдымен өз денсаулығына өзі жауапты екендігін сезіндіріп, ұғындыра білгені абзал деп нақты айтқан. Осы басымдықтар аясында облыстық салауатты өмір салты орталығының жанынан ашылған Мейірім жастар денсаулық орталығы мен Темекіге қарсы бөлме мамандарының бірлесуімен Шапағат, Үміт жастар денсаулық орталықтары көптеген тақырыптарда акция, семинар, тренинг, кездесулер, сайыстар өткізіп тұрады. Өткен жылы жастар арасында осындай 420 іс-шара өткізіліп, 12600 жас қамтылды.
Елбасы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуындағы өзекті мәселелерге байланысты бірқатар нақты міндеттерді белгіледі. Жолдауда еліміздегі саламатты өмір салтының орнығуы жайында жан-жақты айтылды және медицинаның дамуы Қазақстандықтардың орташа өмір сүру деңгейін 80 жасқа дейін арттырадыдеп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz